Сабақ мақсаты: а оқушылардың мұнайды өңдеу,оның өнімдері туралы түсініктерін тереңдету, крекинг,риформинг ұғымдарын түсіндіру



Дата03.12.2017
өлшемі34.95 Kb.
түріСабақ

Сабақ тақырыбы: Мұнайдың құрамы,өңдеу әдістері және өнімдері.
Сабақ мақсаты:а)оқушылардың мұнайды өңдеу,оның өнімдері туралы түсініктерін тереңдету, крекинг,риформинг ұғымдарын түсіндіру;
а)проблемалық сұраулар беру,миға шабуыл әдістері арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін,өз ойын айта отырып,сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
б)экологиялық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже: оқушылар мұнай өнімдері,мұнайды өңдеу әдістері,крекинг процестерін ажырата біледі және Қазақстандағы мұнай өндірісі туралы мәліметтер жинақтайды.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Eкі шындық бір жалған», «Сиқырлы кемпірқосақ»әдісімен постер қорғау,жоғары деңгейдегі сұрақтар,миға шабуыл, пікіралмасу. СТО,оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері,оқыту үшін бағалау,ОЖЕ сәйкес оқыту,АКТ,дарынды және талантты оқуш.оқыту.
Ресурстар:флипчарт,түрлі-түсті қағаздар,желі мәліметтері,оқулық,кері байланыс парақтары.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу,түгелдеу.Оқушыларды мамандықтар бойынша топқа бөлу(өнер,білім,денсаулық саласы) Мұғаліммен сәлемдеседі,топқа бөлінеді.
2.Өткен сабаққа кері байланыс жасау.
«Екі шындық,бір жалған» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау.Оқушылар үй тапсырмасын еске түсіреді,сұрақтарға жауап береді.Айтылған сұрақтың дұрыс,бұрыстығын айтады.
І топ.
1.Мұнайға серік газдар 3 фракцияға бөлінеді.
2.Құрғақ газ-метан мен этан қоспасы.
3.Метанды қыздырғанда мұнай түзіледі.
ІІ топ.
1.Табиғи газда 80-95% метан бар.
2.Пропанның құрамында қос байланыс бар.
3.Газды бензин өте ұшқыш және тез қайнайды.
ІІІ топ.
1.Мұнайға серік газдар ауаның құрамында болады.
2.Табиғи газ екі фракцияға бөлінеді.
3.Диен көмірсутектерде үш байланыс болады.
3.Жаңа тақырып мазмұнымен таныстыру. Тақырыбы: : Мұнайдың құрамы,өңдеу әдістері және өнімдері.Миға шабуыл әдісі бойынша оқушыларға сұраулар қоя отырып,жаңа тақырыпқа шолу жасау(слайдтар арқылы).
4.«Сиқырлы кемпірқосақ» әдісімен постер қорғау.
Жаңа тақырыпты үш топқа бөлу арқылы тақырыптағы тірек-сөздерді жаза отырып,кемпірқосақтың жолақтарын құрайды.
І-топ.
Мұнайдың құрамы,физикалық қасиеттері,мұнайды өндіру және тасымалдау. Мұнайды өңдеу тәсілдері.
ІІ-топ.
Мұнай өнімдерін крекингілеу,термиялық және катализдік крекинг,риформинг.
ІІІ-топ.
Мұнай өнімдерін тазарту,мұнай өнімдері және қолданылуы.Бензиннің детонацияға төзімділігі.
Оқушылар жаңа сабақты оқулық бойынша талдайды.Бұл әдіс бойынша әр топқа тақырыптар бөлініп беріледі.Кемпірқосақтың жолақтарына тақырып бойынша кілтті сөздер жазылады.Әр топ өз бөліктерін қорғай отырып, кемпірқосақ құрайды.
5.Жаңа сабақты бекітуге жоғары деңгейдегі сұрақтар беріледі.
1.Қазақстанда қазіргі кезде мұнай мен газды тасымалдайтын
қандай ірі мұнай құбырлары бар?
2.Мұнай мен газ кен орындарында барлау,өндіру,өңдеу,тасымалдау
жұмыстарын атқару үшін батыс елдерінің инвестициялары көптеп 
тартылуда.Неге?
3.Қазақстан Үкіметімен арада қол қойылған келісімге сәйкес
табиғи ортаға зиянды әсер етуді барынша азайту үшін қандай 
бағдарлама құрылған?
Оқушылар желі мәліметтеріне сүйене отырып,өз пікірлерін және жауаптарын айтады.
1.Каспий мұнай құбыры консорциумы(КТК), «Батыс Қазақстан-
-Баку-Джейхан», «Қазақстан-Түрікменстан-Иран», «Кеңқияқ-Құмкөл-Қытай» мұнай құбырлары.
2.Қазақстан мұнайы мен газы толық зерттеліп табылған,
бірақ өндірілмеген ірі қорының болуы-дүние жүзінің назарын барған сайын аударуда.
3.Қазақстан Үкіметімен арада қол қойылған келісімге сәйкес,
табиғи ортаға зиянды әсер етуді барынша азайту үшін ОКИОК компаниясының «қалдықсыз жұмыс істеу» деп аталатын бағдарлама құрылған.
6.Бағалау. Бағалау парағы арқылы өздерін бағалайды
7.Кері байланыс. 1. Мен сабаққа қатыстым............................белсенді,немқұрайлы
2. Өзіме көңілім ...........................толды,толмады
3. Мен үшін сабақ .......................қызықты,қызықсыз
4. Сабақта мен..................................шаршадым,дем алдым
5. Маған сабақ......................түсінікті,түсініксіз
6. Маған ұнаған нәрсе....................................................
7. Ұнамағаны................................................................ Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.
Үйге тапсырма:Мұнайды айдау,өнімдері.

БҚО.Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылы

Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта

білім беретін мектеп-бөбекжай кешенінің

І деңгейлі, жоғары санатты химия пәнінің

мұғалімі Мухамжарова Манчук Жусупкалиевна


Каталог: uploads -> doc -> 0984
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0984 -> Сабақ тақырыбы Бұқаралық ақпарат құралдары Оқу мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет