Сабақ көрнекілігі: суреттер, Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Түсіндіру, талдау. Сабақтың барысы



Дата08.07.2017
өлшемі42.91 Kb.
#29061
түріСабақ
Күні:____________________2016ж

Жасы:____________


Тақырыбы: Түймедақ және оның емдік қасиеті.

Мақсаты

Білімділік мақсаты: Балаларға түймедақ гүлі туралы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: Жан-жақты ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Экологиялық  сауаттылыққа  тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: суреттер,

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндіру, талдау.

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру  кезеңі

1. Оқу-құралдарынтүгелдеу, реттеу.

2. Олардың көңіл - күйіне, денсаулығына баса назар аудару.
Жаңа сабақ:

Түймедақ гүлі – көпшіліктің ең сүйікті гүлдерінің бірі. Тіпті гүл өсіруге енді ғана бетбұрыс жасаған гүлпаздың өзі көгалдандыруды түймедақтан бастары анық. Жаз мезгілінің жаршысы болып есептелетін түймедақ еліміздің барлық аймағында өседі.

 http://el.kz/media/images/tiny_images/f49ab4cd33831598df8c6f24d7e0d585.jpg

Түймедақ (Matricаria) – ортасында сары дағы бар ақ түсті гүл. Өсімдіктің табиғатта 200-ге жуық түрі белгілі. Түймедақтың сары түсі де бар, дегенмен, ақ күлтелі түрі көп таралған. Түймедақтың табиғи түрі дәрілік қасиетімен жоғары бағаланады. Дегенмен, көбісі түймедақтың пайдасын біліп, шипалық мақсатта қолданбайтыны өкінішті.

Түймедақ гүлі көгалдандыруда кеңінен қолданылатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 30-60 см аралығында болады. Гүлінің диаметрі 9 см-ге дейін жетеді. Дүние жүзіне таралған. Бақшаға еккен түймедақ жаз бойы молынан гүлдеп, ерекше көңіл күй сыйлайды.

Өсімдіктің сұрыпталған түрлерінің гүлі ірі болып келеді. Бойы аласа, гүлпарлы түрлері де бар. Сұрыпталған түрлерінің гүлдеу мерзімі ұзағырақ болады. Сұрыпына қарай маусымнан шілде айының соңына дейін гүлдейді.

Алғашқы гүлдері сола бастаған кезде гүлсидамын қырқып тастаса, жаздың соңына қарай қайтара гүлдейді. Әрине, гүлі алғашқыдан сиректеу болады.

Түймедақ гүлін флористикада композиция жасауда пайдаланады. Өсімдікті көгалдандыруда гүлзарға жеке немесе топтап отырғызады.

Түймедақ гүлі топырақ талғамайды, дегенмен де молынан гүлдеуі үшін топырағы құнарлы болғаны дұрыс. Арам шөбін жұлып, түбін қопсытып тұру керек. Күнді жақсы көреді, бірақ алакөлеңкеде ұзағырақ гүлдейді. Сәуір айынан бастап, жауынды күнді ескермегенде, күн ара суғарып тұрған жөн.

Аула ерте көктемнен күзге дейін тұрақты гүлдеп тұрсын десеңіз, сүмбілшаш, құртқашаш, алтыншар, бақытгүлі, қашқаргүл т.б. гүлдермен бірге араластырып қатар-қатар егуге болады. Нәтижесінде, ауладағы өсімдіктер маусымнан қазанға дейін кезек-кезек гүлдеп адам жанын қуанышқа бөлейді. Мектеп пен балабақшаны көгалдандыруда да аталған гүлдерді егуге болады. Түймедақтың түбін жыл сайын көбейтіп тұрмаса, гүлдеуі нашарлап, гүлінің көлемі кішірейіп кетеді.

Көбейтілуі

Табиғаттағы түрлері өздігінен тұқымы шашылып көбейеді. Ал, көгалдандырудағы сұрыпталған түрлерін көктемде түбін бөлу арқылы көбейткен тиімді, әрі оңай. Көшеттің арақашықтығы биіктігінің жартысындай болу керек. Мысалы: түймедақтың биіктігі 70 см болса, арақашықтығы 35 см болғаны абзал.



Емдік қасиеті

Түймедақпен көптеген ауруды емдеуге болады. Түймедақ гүлі өт жолына тас байлану, тұмау, бас ауруына қарсы ем.

Өсімдіктен алынған эфир майы жүйке жүйесін әлдендіріп, ми тамырларын кеңітеді. Асқазан, ішек жолдарының жұмысын жақсартып, өтті жүргізіп, тәбетті ашуға көмектеседі. Бұлшық еттің жұмыс қабілетін арттырады. Сонымен қатар:

1) Суық тигенде екі шай қасық түймедақ гүлін 300 г суға қайнатып, 4 сағат бұқтырып тұнба жасау арқылы пайдалануға болады. Тұнбаны ертелі-кеш астан бұрын ішу қажет.

2) Асқазан ауруына екі ас қасық гүл үгітіндісін бір стақан қайнап тұрған суға салып, бір сағат жабық ыдыста бұқтырып алып ішу көмектеседі.

3) Бел ауырса, түймедақ гүлін ұнтақтап тұзы жоқ сары майға араластырып белге жағуға болады.

4) Тер шығаратын дәрі ретінде бір стақан гүл үгітіндісін қайнап тұрған суға салып, 40 минут бұқтырып алып қолданады. Тұнбаны сүзіп, ыстықтай ішкен дұрыс.
Қорытынды: Түймедақтың бойынан сізге байқала бермейтін үміт, жылулық, шапағат, махаббат нұры есіп тұрады екен. Сөзіміз нанымды болу үшін түймедақ туралы ел аузындағы аңыз, баяғы өткен заманда бір-бірін қатты жақсы көретін бозабала мен бойжеткен өмір сүріпті. Жігіттің есімі – Роман болған деседі. Күндердің күнінде оның түсіне аса үлкен емес, ақ күлтелері бар, күн кейіптес қарапайым гүл енеді. Махаббат пен нәзіктік нұры гүлдің айналасынан кетпей тұрып алады. Осындай керемет көріністі көріп жатып, Роман оянып кетіп, атып тұрса, жастығының бас жағында түсіне енген гүл жатады. Аң-таң болған Роман гүлді сүйіктісіне сыйға тарту етеді. Оны көрген қызы Романнан да қатты таңырқайды да, гүлге жігіттің есімімен Ромашка деген ат қояды. Ерке қыз жігітке күн сайын осындай гүлді әкеліп беруін қалайтындығын жеткізеді.

Қызды жан-тәнімен сүйетін Роман мұны Түстер патшасына айтып барады. Патша көп ойланып, жас жігітке менің патшалығымда өмір бойы қызмет етуге қалсаң, қызыңа қалаған гүлін беремін дейді. Роман мұны қанша қаламаса да, сүйгені үшін тәуекелге барып, патша бұйрығына бағынады.

Сұлу қыз түстер әлемінен гүл әкелуге уәде берген ханзадасын ұзақ күтеді. Ол келмейді... Сағыныштан сарғайған қыз күн сайын жылаумен болады. Бір күні қыз әдетінше жылап жатып, басын көтереді де, терезеге қарайды. Тамаша! Көз алдында түймедақ гүлдері өсіп тұрған үлкен егістік алқабы тұр екен. Қыз өз сүйіктісінің тірі екендігін, бірақ ешақашан кездесе алмайтындықтарын түсінеді.

Содан бері адамзат баласы, әсіресе қыздар қауымы аталған гүлді қарапайымдылығы үшін, адал және шынайы махаббаттың нышаны болғандығы үшін жақсы көріп кетеді.



Тексерілді:_____________


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет