Сабақты талдау түрлері І.Толық талдау ІІІ. Қысқаша талдау ІҮ. Дидактикалық талдау ҮІ. Сабаққа жан-жақты талдау
І.Толық талдау сабақтың 3 мақсаты; сабақ бойы орындалуға арналған материалдың көлемі және оқушылардың орындай алу мүмкіндігі; жаңа материалмен танысуға, талдауға, бекітуге, алынған нәтижені анықтауға қанша уақыт берілді; оқушының өздігінен ойлау әрекеті, сабақ барысында өзара білімін тексеру деңгейі қаншалықты қалай ұйымдастырылған; Оқулықпен жұмыс оқушының білімді меңгеру, бекітуіне қаншалықты әсер етті; барлық оқушымен кері қарым- қатынас деңгейі қаншалықты; мұғалімнің оқушымен жұмыс жүйесі қандай және ол дәл осы сабақта қажетті деңгейге жетуге ықпал ете алды ма; сабақты түрлендіру: лекция, семинар, конференция, диспут, сайыс, т.б. блокпен беру, тірек схемаларын қолданудың тиімділігі қаншалықты; Қандай әдіс – тәсілдер қолданылды және олардың қажеттілігі; Пәнаралық байланыс іске асты ма; барлық оқушының үй тапсырмасын орындауын тексеру шығармашылық-пен іске асты ма; жаңа үй тапсырмасы көлемі өзге пәндерді есепке ала отырып берілді ме;
ІІ. Сабақ кезеңі бойынша талдау Сабақтың негізгі кезеңдерін және оқушылармен атқарылған жұмысты анықтау; Негізгі кезеңдердің ретін анықтау және дәл осы ретпен орнаастыру тиімділігін көрсету. Сабақтың алғашқы кезеңінен соңғысына дейін оқушының оқу іс - әрекеті қалай дамыды; Сабақтың жеке құрылымдық бөліктерінің өзара байланысы қандай; Білімді меңгертуде сабақтың жеке құрылымдық бөліктерінің нәтижелілігінің мәні қаншалықты;
ІІІ. Қысқаша талдау Сабаққа 3 мақсаттың қойылуы; Қандай әдіс –тәсілдер арқылы мақсатқа жетті;/талдау/ Мұғалімнің мақсатқа жеткендігін дәлелдейтін мысалдар; Сабақтастықтықтың іске асуы; Оқушылардың оқулық, басқа да әдебиетпен жұмысы, Әр оқушының жеке жұмысы; Оқушының білім, икем, дағдысы қалай бағаланды және соңғы нәтижеге жетуіне көмегі қаншалықты;
ІҮ. Дидактикалық талдау Мұғалім және сынып туралы жалпы мағлұмат; 2. Сабақ тақырыбы, оның осы тарауға арналған сабақ жүйесіндегі орны; 3. Сабақ мақсаты, міндеті ; 4. Қойылған мақсатқа байланысты мазмұнды тиімді толтыру; 5. Мақсат пен мазмұнның сәйкестілігі; 6. Сабақ типі, сабақ кезеңін таңдау тиімділігі, яғни мазмұн мен әдіске сәйкестігі; 7. Оқушы мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекеті; 8. Үй тапсырмасының көлемі мен орындай алу мүмкіндігі; 9. 3 мақсаттың орындалуы;
Ү. Психологиялық талдау а/ стиль Дамыта оқытуға байланысты : есте сақтауға бағытталған ауыртпалықтың ойлау әрекетімен сәйкестілігі; қайтадан айтып беру немесе шығармашылық әрекеттердің көлемін анықтау; білімді дайын күйде алу және өздігінен іздендіруді жоспарлау; өзара сын, оқушыны қызықтыру мен қысым көрсету; Сабаққа деген мұғалімнің дайындығы, педагогикалық тапқырлық, такт; психологиялық климат; ә/ оқушылардың танымдық белсенділігін ұйымдастыру- ойландыру, елестету, зейінді қарату, есте сақтау қабілетін белсенділендіру; жинақтау, жаңалық ашу, жаңа ой тудыру, ойды қорытындылау, шығармашылық тапсырмаларды орындату; б/ оқушыларды ұйымдастыру – оқушының оқуға деген көзқарасы, ақыл – ойының даму деңгейі; оқыту деңгейіне байланысты мүмкін топтарға бөлу; жеке, жұп, топтық жұмыс түрлері; в/ оқушылардың жас ерекшелігін ескеру- сабақты оқушының жеке және жас ерекшелігіне байланысты жоспарлау; әлді және әлсіз оқушының деңгейін есепке алып /диференцирование/ жұмыс жасау;
ҮІ. Сабаққа жан-жақты талдау 1. Мақсатына байланысты 2. Мазмұнына байланысты 3. Әдістемелік жағы 4. Оқушы мен мұғалім 5. Ұйымдастырушылық жағы. 6. Сабақ нәтижелілігі
Достарыңызбен бөлісу: |