Сабақ жоспарларының үлгісі Бұл жоспар бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде ұсынылады



бет1/3
Дата18.12.2017
өлшемі480.76 Kb.
  1   2   3
Математика 1 сынып

ІІ тоқсан тақырыптары бойынша сабақ жоспарларының үлгісі

Бұл жоспар – бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде ұсынылады.

Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Оқушылардың өзіндік сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу – материалын терең ұғына беруге баулу - мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Әр сабақта баланың жас ерекшелектеріне сай түрлі ойын элементтерін пайдалана отырып, сабақты белгілі бір мақсатпен оқушының ойлау қабілетін дамытатындай етіп ұйымдастыру керек.

Жоспар Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Буровованың 2009 жылы «Алматыкітап» баспасынан шыққан оқулық бойынша жасалынды.


ІІ -тоқсан (барлығы 28 сабақ)
37-ші сабақ

Сабақтың тақырыбы: 6 саны және цифры.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың 6 саны және цифры, 6-ның сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру;

2.Дамытушылық: Оқушылардың ақыл -ойын, ой -өрісін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру;

3.Тәрбиелік: Адамгершілікке , үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау , сұрақ -жауап

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, жұлдыздар, санамақ.

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың ұраны:

«Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық».



ІІ.Психологиялық дайындық .

«Күлімде ,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!»

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық .



ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Жаңа материалды қабылдауға дайындық үстінде 1-5 сандарының құрамы қайталанады, сондай -ақ тапсырмаға 1-10 -ға дейінгі ,10-нан -1-ге дейінгі санауды қосқан пайдалы.

«Қар лақтыру » ойыны

Карды лақтыру арқылы оқушылардың ауызша есептеулерін дамыту.




5-1

1+4



3+2

4+1




5-2 22

2+3

Енді қарларды әкеліп,тақтаға кему ретімен қарларды ілу.

1-ден 5-ке дейін ауызша өсу,кему ретінде санау.

Қазір, біз 5-тен кейін тұратын санмен танысамыз. Ол сан алты.

IV.Жаңа сабақты меңгеру. 1(сурет бойынша жұмыс)

изображение 149


-Балалар, гүлдің жанында қанша көбелек ұшып жүр?.......

Тағы бір көбелек ұшып келді. Нешеу болды?.....

5-тен кейін 6 тұрады. өрнек құрастыру. 5+1

V. Оқулықпен жұмыс: Оқулықты ашайық,тапсырманы орындайық.

№ 3 сандардың көршілерін табайық .

? 4 ? ? 3 ? ? 1 ? ? 5 ? ? 2 ?

VI. Дәптермен жұмыс:

Дәптерімізді ашамыз,

Қолға қалам аламыз,

Ауада 6 санды жазамыз,

Енді , 6 санды

Әдемі дәптерге жазамыз.



VII.Санамақ айтайық

Көлшіктегі бір бақа,

Құрғақтағы Құрбақа,

Сұрша құмда Сұр бақа,

Аузын ашып тұр бақа.

Арық емес көк бақа,

Топ -толық бір Тоқ бақа,

Арбандаған Аш бақа ,

Тарбандаған Тасбақа...

Бақылдайды бақ--бақ деп:

«Бақа санын тап, тап!» -деп.

VIII. №1 -62 беттегі тапсырманы талдап дәптерге орындау.

ІХ.Сергіту сәті:

Көк аспанға қараймын,

Келген құсты санаймын,

Үшбұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

Х. Ауызша жұмыс. №4 -63 бет .Фигураларды ата . Кесінділерді өлше және салыстыр:

ХІ. Өзіндік жұмыс . №4 -4бет

ХІІ. Тақырыпты бекіту үшін дәптердегі №3 тапсырма орындалады.

ХІІІ.Сабақты қорытындылау.







 38 сабақ.

Сабақтың тақырыбы: 6 санының құрамы.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға 6 санының құрамы туралы түсінік қалыптастыру, теңдіктер құруға, сандарды салыстыруға үйрету.

2. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, қосу және азайту амалдарының өзара байланысы негізінде логикалық ойларын дамыту.

3. Есепті күнделікті өмірде қолданып, қиындықты жеңе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, логикалық тапсырма.

Көрнекілігі: суреттер, оқулық, сызба.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Психологиялық дайындық:

«1» деген – жаман баға, Алады оны жаман бала. «2» деген – нашар баға, Інішегім нашарлама. «3» деген – орта баға, Сапасы да орта ғана. «4» деген – жақсы баға, Алады оны жақсы бала, 5» деген – үздік баға, Оқитын бол үздік қана!



ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Салыстыру. «Қай топ шапшаң?»

5см. * 4 см. 4см. * 3см. 2см * 4см

4см. * 3см. 6 см * 5см. 1см. * 5см.

6см. * 5см 2см * 1см 3см * 6см.

ІV.Жаңа сабақты меңгеру. №1 -64 бет түсіндіру.

№2 тапсырманың суреті бойынша оқушыларды есеп шығаруға дайындау жұмысы жүргізіледі. «Суретте не салынғанын айтындар. Сөреде неше кітап тұр? Қанша кітапты алды? Суретке сұрақ ойландар. Сұраққа жауап беру үшін карточкалардан өрнек құрастырындар. Оның мәнін табындар. Сұраққа жауап беріндер. Сендер неге «азайту» амалы-мен өрнек құрастырдындар?

№3 дәптерге орындау.

№4 тапсырма 5 пен 6 сандарынын құрамын бекітуге арналған .



IV.Сергіту сәті

Әдемі әтеш,

Танатпай тұрды.

Ойқастанып жүрді.

Жан -жағына қарады,

Айдары тарады.

Бүкіл елді оятты.

V.Дәптермен жұмыс №1,2 -5 бет

VI. «Кім тапқыр?» ойыны. №4-6 бет /тақтаға шығып орындауға болады/

VI VIІ. Логикалық тапсырма. №5-65 бет)   

Қыздардың есімдері кім?

Жауабы: 1-Әлия, 2-Алма, 3- Нұргүл

VIІІ. Сабақты қорытындылау.


39 сабақ

Сабақтың тақырыбы: 7 саны және цифры.



Мақсаты: 1. Оқушыларды 7 санымен, цифрымен таныстыру. 7 санының құрамын анықтау, өрнек құра білуге үйрету.

2.Оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

3.    Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша.

Көрнекілігі: оқулық, үлестірмелі карточкалар, сызба, интерактивті тақта.

Пән байланысы: дүниетану, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық: Кел, балалар, ойнайық, Ойнайық та, ойлайық. Қандай сұрақ болса болса да, Таппай оны қоймайық

ІІІ. Жаңа сабақ.

Слайд бойынша ассоциация жүргізу.

Бала қолында не үстан тұр? / шалғы/

Өткір шалғы ғой. Шалғыңды, ал да, ора ғой. Қай санға ұқсайды?

Қазақта 7 саны киелі сан болып саналады.

изображение 150

7 (топтастыру)

7 қазына 7 қарақшы 7ата

7күн 7шелпек

7 керемет 7 мүшел

  Қазына дегеніміз – мол байлық.

  Қазына сөзін математикада 7 санымен байланыстыра аламыз.

Ендеше, біз бүгін 7 санымен, цифрымен танысамыз.                                    



1 слайд 1 – қазына – «Жүйрік ат»

«Ер қанаты -ат» деген қанатты сөз бар. Халқымыз төрт түлік малдың ішінде жылқыны ерекше бағалаған. Жылқының етін, қазы-қартасын жеп, қымызын ішкен, терісін пайдаланған. Жау шапса, бір-бір атқа мініп, дұшпанына тойтарыс берген.

1)    1-ден 10-ға дейін сандарды тура және кері санау.

1       2 3 4 5 6 7 8 9 10

10 9 8 7 6 5 4 3 2 1

2)    Сандардың ішінен 7 санын көрсету.



3)    7 санының көршілерін атап беру.

2 слайд 2 – қазына – «Алғыр тазы»

Тазы – иттің бір тұқымы. Тазы итпен ата-бабаларымыз аң аулаған. Тазы – артық қырым еті жоқ ит. Онымен қасқыр, түлкі, қарсақ ұстаған. Ит адамға қолқанат болып, мал күзеткен.

1)    Дәптерде жұмыс

7 санын жазу.

2)    №1 теңдіктер құрастыр және жазындар.

6+*=7 5+*=7 +*=7

*+6=7 *+5=7 *+4=*

7-*=* 7-*=* 7-*=*

7-*=* 7-*=* >7-*=*

3слайд 3 – қазына – «Берен мылтық»

Ертеде аталарымыздың үйінде найза, айбалта, қылыш, мылтық болған. Дұшпандарын мылтыкпен жеңген. Батырларымыз жауға осы қару – жарақпен шыққан.

1)    Оқулықпен жұмыс.

№2 сандардың көршілерін ата.

*      4 * * 6 * * 5 * * 1 *

4 слайд 4 – қазына - «Ер жігіт»

«Ер ел қорғаны» дейді дана халқымыз. Кең байтақ жерімізді, өзен, көл, орманымызды, көгілдір тауларымызды жаудан қорғап, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ер бабаларымыздың өте болған, ол Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек батыр, Жәнібек батыр т.б.

 

5 слайд

Сергіту сәті:

Аспанға қарап ай көрдім, Төменге қарап жер көрдім. Оңға, солға бұрылып, Егеменді ел көрдім!



6 слайд 5 – қазына – «Сұлу әйел»

Әйел - ол ана, жар, апа, қарындас. Ажарына ақылы сай, мінезге бай, еріне сүйеу бола білген, үйдегі балаларын мәпелеп, тәрбиелеп өсірген. Жақсы әйел - әрбір отбасының ұйтқысы, ырыс-берекесі.

1)    Бір аптада неше күн бар?

Апта күндерінің атауларын ата.

6 слайд 6 – қазына – «Қыран бүркіт»

Қыран бүркітті ата-бабаларымыз балапан кезінен баулап, аң аулауға үйреткен. Қанаты қатайғанда қасқыр, түлкіге салған. Ал қасқыр, түлкінің терісінен тымақ, ішек, тон жасап киген.

1)    №5 кесінділерді өлшеп, салыстыр.

см * см


 

7 слайд 6 – қазына – «Ілім – білім»

Адам баласы пайда болғалы ілім-білімге ұмтылып келеді. Осының арқасында машина, трактор, радио, теледидар, ұшақтар, компьютер дүниеге келді. Сондықтан ілім-білім, ғылымды игерсең еш қор болмайсыңдар.

1)    Ойын «Орынды тап» Оқушыларға сандар таратылып беріледі, сандарды ретімен қойғанда мақал шығады: « ОҚУ – БІЛІМ БҰЛАҒЫ»

7 санына байланысты мақал – мәтелдер айтып беру.

1.     Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер.

2.     Бала жетіге келгенше, жерден таяқ жейді.

3.     Жеті атасын білмеген жетесіз.

ІV. Қорытынды
40 сабақ. Тақырып: 7 санының құрамы.

Мақсаты: 1.Оқушыларды 7 саны және цифрымен таныстыру.

2.Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.

3. Ұқыптылыққа, сауаттылыққы тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Әдіс –тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: суреттер, кестелер, жұмбақтар, үнтаспа

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Әр адам - туыс, бауыр, жұмағат. Әр адам – өнер, білім, ұлағат.



ІІІ. Жаңа сабақ.

1)    Қызығушылығын ояту. Қанша шеңберлер бар, санаңдар.

2)    Жұмбақ шешу.

Алма бағы жайнаған. Қызыл алма айналам. Алдым үзіп бесеуін, Тағы да алдым екеуін. Алдым сонда нешеуін? / 7 /

- Үнтаспадан ешкі мен лақтардың дауысы естіледі.

Бұл ненін даусы? / жауаптар/

Дұрыс, бұл ешкі мен лақтардың дауыстары. Олай болса «Жеті лақ» ертегісін тыңдандар. Ертегі оқылады.

Балалар, біз ешкіге көмектесуіміз керек. Ол үшін алты тапсырма орындаймыз. Әр тапсырма сайын, әр лақты құтқарамыз. Ендеше, бірінші тапсырмаға көшейік.

1.     Оқулықтағы суреттер бойынша теңдіктер құрастыру.

000000 0 6+1 =7 000 0000 7-3=4

00000 00 5+2=7 00 00000 7-2=5

0000 000 4+3=7 0 000000 7-6 =1

-Жарайсындар, балалар, бірінші лақты құтқардық.

2.     Дәптерде жұмыс

Көркем жазу.

7 7 7


77 77 77

-Жарайсындар, балалар, екінші лақты құтқардық.

3.     Кім тапқыр? Үйлеріне орналастыр.

-Үшінші лақты құтқардық.



4.     Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз, Мойнымызды бұрамыз. Қолымызды көтеріп, Саусақты ашып - жұмамыз, Содан соң төмен түсіріп, Алақанды соғамыз. Иықты ортқа ысырып, Басты төмен саламыз. Жаттығу жасап осылай, Үлкен боп ертең шығамыз.

-Төртінші лақты құтқардық.

5.     №5 дәптерде орындау. Өзіндік жұмыс.

7-7 2+0 4+1 7см -2см

6-0 3+4 6-2 5см + 1см

- Бесінші лақты құтқардық.

 6.     Жоғалған сандарды табындар.

- Алтыншы лақты құтқардық.

Жаңа ертегінің барысында Қасқыр Ешкі үйінің есігін бұзып кіріп еді.

Үйлері ескі екен. Енді ешкіге қасқыр кіре алмайтындай етіп, жаңа, әдемі үй салып берейік. Ол үшін мынадай сұрақтарға жауап беру керек.





-Бесбұрыш деген не? Төртбұрыш деген не? -Үшбұрыш неген не?

-Қосудың компоненттерін ата.

-Азайтудың компоненттерін ата.

-Мінекей, үй де дайын болды. Енді кілтін ешкіге сыйлайық.

IV. Қорытынды.

V. Бағалау.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

41 сабақ

Тақырып: Кесінділерді салу.

Мақсаты: - Оқушыларды кесінділерді салу, оларды өлшеп сызу туралы түсінік беру.

-      Кесінділердің ұзындықтарын, оларды салыстыруды үйрету.

-      Ұйымшылдыққа, ізденгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: ойын, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: суреттер, сызғыш, қарындаш, геометриялық фигуралар үлгісі.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Психологиялық дайындық.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1). Қызығушылықты ояту.

сызғыш



изображение 159

2). Ойын « Шапшаң тап»

Фигураларды атап, кесіндіні табу.

изображение 160
3). Кесінділерді салу

Қолға сызғышты аламыз да кесінділерді өлшейміз, содан соң дәптерге сызамыз.

Өлшенген өлшемді дәптерге салып нүкте арқылы белгілейміз, содан кейін қарындашпен сызып екі нүктені қосамыз. Жарайсындар, кесінді сызуды үрендік.

4). Сергіту сәті: Бір аптада жеті күн, Тап әр күннің тетігін. Жеті ішекті жетіген, Соны тарт деп өтінем. Көкте жеті қарақшы, Жұртты өзіңе қаратшы! Түскен карта бетіне, Жетісу мен Жетікөл. Өзгелерге күлме сен, Жеті атаңды білмесең! 

5). Өзіндік жұмыс: дәптерде орындайды.

Берілген фигураны дәптеріңе сыз.

6). Оқулықпен жұмыс.

Ойын « Қалпақты тап» Сурет бойынша әңгімелеп, балалардың әрқайсысына қалпақтарын тауып беру керек.



ІV. Қорытынды

V. Үйге тапсырма

VІ. Бағалау.

 

 



42 сабақ Тақырып: 8 саны және цифры.

Мақсаты: - Оқушыларды 8 саны және цифрмен таныстыру.

-      Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.

-      Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: суреттер, жұмбақтар, көгершіндердің суреттері

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Қане, біздер ойлайық, Ойымызды жинайық. Қандай есеп болса да, Шешпей оны қоймайық.



ІІІ. Өткенді қайталау.

а) 1 2 3 4 5 6 7 сандарды тура санау, кері санау.

ә) Логикалық ойын-жұмбақ.

Көлден ұшты жеті қаз, Бес асықтың екеуін, Қайтып қонды екі қаз. Досым сұрап алады. Қонбады оның нешеуі? Айтшы сонда нешеуі, Қане, кім тез шешеді? / 5 қаз/ Өз қолымда қалады? /3 асық/



ІV. Жаңа сабақ.

-Балалар, аспанда ұшып келе жатқан нелер? /көгершіндер/

-Нешеуі ұшып келді? /7/

-Қарандар , тағы нешеуі ұшып келді? /1/

-Балалар, көгершін, қандай құс? / бейбітшілік құсы/

-Біздің елімізде тиыштық пен бейбітшілік болсын!

-Қанекей, балалар барлық көгершіндерді санап көрейікші.

-Қанша шықты? / 8 /

Осы суретке қарап , өрнек құрастырайық.

7 санына + 1 санын қоссақ шығады 8 саны.

7+1=8

V. Дәптерімізді ашайық , әдемі 8 санды жазайық.



Сегіз саны құрылған Қос дөңгелек – шеңберден. Үлкен шеңбер үстіне Кіші шеңбер жанасқан.

- 8 санына байланысты қандай мереке бар? / 8 наурыз /

- 8 наурыз қандай мереке?

Дүниеде ең жақын адам, ол кім? / ана /




Аналарымызға гүл сыйлайық. Поэзия минуты.










изображение 162 Ана деген ақылшың,




Анаң барда батырсың.










Қасыңда кім болса да,

Тек анаңа жақынсын.


а) №1 Теңдіктер құрастыру.

* +*=8 * +* =8 * +* =8

* + * =8 * +* =8 *+*=8

8-* = 8-* = 8-*=


ә) №3 Фигураларды атап. Кесінділерді өлшеп, сыз және салыстыр.
см * см см* см см* см

VI.Сергіту сәті

Бір, екі, үш қарлығаш боп ұш,

Төрт ,бес, алты қарлығаш боп қалқы.

Жеті , сегіз, тоғыз, он

Қайта орныңа қон.

VII.«Көршінді тап» ойыны.

 6 ,  5  ,  3  ,  7  ,  2 



VIII. «Қызықты математика»

*Саянда болды 8 алма

Сайданға берді 4 алма.

Ойланып, кәне , көрейік -

Саянда қалды қанша алма? 8 -4 =4
*Бәйгеге шықты жануарлар

Алға шықты бесеуі.

Қосылды оған екеуі

Мәреге келді нешеуі? 5 +2=7


*Айманда бюолды бес алмұрт,

Әселге берді екі алмұрт.

Айманның қалды қолында

Неше алмұрт тез ойла? 5-2=3


*Сегіз қияр базардан

Сатып алды Сәлімжан.

Бес қиярды алғанда

Қанша қалды дорбада? 8-5=3



ІХ. Қорытынды.
43 сабақ. Тақырып: 8 санының құрамы.

Мақсаты: 1.Оқушыларды 8 саны, оның шығуы, құрамы туралы түсінікті қалыптастыру.

-      2. Оқушылардың танымдылық қабілетін, ойлау деңгейін арттыру.

-     3 3.Тапқырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Әдіс –тәсілдері: түсіндіру, ауызша, жазбаша,

Көрнекілігі: Сандар құрамы, теңдіктер, теңсізідктер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: -оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық: Балалар, біздің математика сабағындағы ұранымызды айтайық. Хормен: «Есеп білмейтін адам, Түк сезбейтін надан».

- Ендеше, балалар, өткен сабақтарымыз бойынша қаншалықты ұққанымызды ортаға салайық.

1).Қайталау.
Футболшының доптарын санайық.

изображение 163 не байқадындар?

біз сандарды аттап оқыдық.



ІІІ. Жаңа сабақ:

1). Қызығушулықты ояту. Логикалық ойын « Жоғалған санды тап»





изображение 164



















2). Керекті сандарды тап.

 



3). Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық 8 санды жазайық.

Көркем жазу: 8 8 8



4). Оқулықпен жұмыс.

№1 Сурет бойынша теңдіктер құрастыр.

7+1 3+5

6+2 5+3


4+4 1+7

5). Сергіту сәті: Жаза, жаза есепті, Талып кетті қолымыз. Бір, екі, үш, Бойға жинап күш. Терезені ашайық, Шаң – тозаңды басайық. Жалқаулықты тастайық, Қайта сабақ бастайық.

6). Жұмбақ. Төрт қаз ұшып барады, Биіктен төмен қарады. Аяқ нешеу, бас нешеу? Жауабын кім табады? ( 8 аяқ, 4 бас)

№5 Клоунға көмектесіндер шашылып қалған доптарынан теңдік құрастырып жазындар.

Үлгі: 2+5 8-1

ІV. Қорытынды.

 

 



 

44 сабақ. Тақырып: Пысықтау.

Мақсыты: - Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау

-      Оқушылардың ойындар арқылы білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

-      Ізденіске, ойлауға баулу.

Сабақ түрі: жарыс

Әдіс –тәсілдері: түсіндіру, ойын, топтық жұмыс, талдау.

Көрнекілігі: суреттер, топтың аты, житон, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.


Каталог: files -> blog
blog -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
blog -> Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №814 қаулысы «Ветеринария туралы»
blog -> Тақырыбы: Дені саудың – жаны сау Мақсаты
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blog -> «Өзім тұратын үй» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстардың қашықтан өткізілетін республикалық интернет-байқауының ережелері
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blog -> Терінің құрылысы Терінің түсі
blog -> Мына ақпаратқа назар аударсақ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет