Сабақ жоспары Тақырыбы: Баланың әлеуметтік тәжірибесіндегі қажетті білім, білік, дағды



Дата24.10.2018
өлшемі96.78 Kb.
түріСабақ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК


Сабақ жоспары

Тақырыбы: Баланың әлеуметтік тәжірибесіндегі қажетті білім, білік, дағды

Пәні: Жаңа педагогикалық технологиялар

Оқытушы: Сарсекова Г.К.

Семей-2017



Технологиялық карта №____

Пән: Жаңа педагогикалық технологиялар

Топ: 302ә Мерзімі: ______ Сағат саны: 2

Сабақтың тақырыбы: Баланың әлеуметтік тәжірибесіндегі қажетті білім, білік, дағды

Сабақ мақсаттары: білім, білік, дағды ұғымдарының мәнін ашу, негізгі ұғымдарды меңгеру жұмыстарын ұйымдастыру

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушының әлеуметтік тәжірибесіндегі қажетті білім, білік, дағды жайлы ақпарат беру.

Дамытушылық: оқу-зияткерлік дағдыларын дамыту: ақпаратты қабылдау, есте сақтау, проблемалық танымдық тапсырмаларды шешу, өз бетімен орындау, өз-өзіне бақылау жасау

Тəрбиелік: сабақ барысында білім алушыларды тапсырманы ұқыптылықпен орындау, тұрақтылық пен табандылық, ұстамдылық ерік-жігерді тәрбиелеуге жағдай жасау

Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың түрі: проблемалық

Сабақтың əдіс-тəсілдері: «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі , «Төрт сөйлем» тәсілі, RAFT стратегиясы 

Оқыту тенологиясы: проблемалық оқыту

Пəн аралық байланыс: педагогика, психология, тәрбие жұмысының әдістемесі

Сабаққа қажетті əдебиеттер тізімі:

1. Жоламанова Т.М. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Көкшетау, 2015.

2. Кішібаева Д.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Түркістан, 2010

3. Абсатова М.А. Қазіргі педагогикалық технологиялар. – Алматы, 2006

4. Курманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., Ғалымова Ә.У., Ильясова Г.К. Педагогика. – Астана: «Фолиант», 2007

Сабақтың құрылымдық жоспары:

Ұйымдастыру

• Сабақ мақсатын қою

• Білімді өзектілендіру

• Жаңа білімді хабарлау

• Жаңа білімді бекіту

• Қорытындылау

• Бағалау

• Үйге тапсырма беру

• Рефлексия



Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Топ білім алушыларына жағымды ахуал туғызу,назарын сабаққа аудару

- Сабақтың мақсатын хабарлау,

- Білімді өзектілендіру

ІІІ. Жаңа білімді хабарлау

«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі

Білім, іскерлік, дағды

1. Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

2. Қалай? Өз тәжірибеңізден осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

Сергіту сәті: «Оның есесіне мен...» жаттығуы
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
 
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... . 
- Мен шаршадым, оның есесіне ...... . 
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... . 
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... . 
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... . 
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... . 
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... . 
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... . 
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... . 
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... . 
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне ...
- Мен тым толықпын, оның есесіне.... . 
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... . 
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... . 
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне .....

IV. Жаңа білімді бекіту

«Төрт сөйлем» тәсілі

1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңізді бір сөйлеммен жазыңыздар.

2. Дәлел. Өз пікірлеріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер.

3. Мысал. Пікірлеріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыздар.

V. Қорытындылау

RAFT стратегиясы –Қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с

VI. Бағалау

Білім алушыларды түстерге байланысты бағалау.

Сары түс-қанағаттанарлық

Көк түс-жақсы

Қызыл түс-өте жақсы

VII. Үйге тапсырма беру

Білім, іскерлік дағдының өзара айырмашылығы.



Рефлексия «333»

Сабақ барысы туралы

3- жетістік

3- кемшілік

3- ұсыныс

Тақырыбы: Баланың әлеуметтік тәжірибесіндегі қажетті білім, білік, дағды

Жоспары:

1. Оқушылардың білім, білік, дағдысының теориялық негізі

2. Оқыту процесінде білімі, білік, дағдысын бақылаудың маңызы

«Білім», «Білік», «Дағды» деген ұғымдарды мағынасын анықтап алатын болсақ, педагогикалық әдебиеттерде бұл түсініктердің біркелкі анықтамаларын былай береді:

Білім - оқыту мазмұнының негізгі элементі. Ол заттар мен құбылыстарды табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын танудың нәтижесі. Білім - фактілер, ережелер қортындылар, заңдылықтар, идеялар, теориялар түрінде кездесетін шындықтың түрлі салалары бойынша адамзат жинақтаған тәжірибе. Бұл адам санасында түсініктер ұғымдар түрінде бейнеленеді.

Білік -іске асқан, қолданысын тапқан білім. Ал біліктіліктің психологтар анықтаған анықтамасы бойынша білік, ақыл-ой мен практикалық әдебиеттің саналы мақсатты меңгеруге бағытталған ерекше қызметі деп көрсетілген. Ю.Н.Бабанский қандайда болсын қызмет тәсілін саналы меңгеруді - білік деп атаған. Бұл анықтама мына жүйеге негізделеді. Оқу қызметі белгілі бір әрекеттің жинтығы арқылы іске асу әдісін меңгеру - білік.

Дағды - оқушылардың белгілі бір міндеттер мен жағдайларға сәйкес меңгерген білім негізінде орындалатын әрекеттер комплексі.

Сондай-ақ дағды бірнеше рет қайталанған жаттығулар негізінде қалыптасады. А.В.Петровскийдің еңбектерінде дағды біліктен бұрын қалыптасады деген пікір айтылады. Оқушының күрделі іс-әрекетті әр түрлі жағдайда орындау үшін бойындағы бар білім мен дағдысын саналы түрде пайдалануын білік деп анықтайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білігін, дағдысын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын меңгеруін жетілдіру, ой-өрісін тұрақты кеңейту. қабілетін дамыту, даралап, саралап оқыту сияқты қағидаларды жетекші орынға шығарады.Ендеше қазіргі кезеңде оқушыға тек жаңа білім жүйесін берумен шектелмей, оның оқуды және оған керек біліктілікті үнемі қажетсініп отыруын тәрбиелеу керек.

Мұғалімнің ең алғашқы міндеті - оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке ала отырып, оларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

Дағдыланудың педагогикалық процесте алатын орны ерекше. Егер оқушы оқу процесінде оқуға, жазуға, есеп шығаруға, тағы басқаларға машықтана алмаса, олар жақсылап оқи да, ғылым негізін меңгере де алмас еді.

Дағдылану - соқыр сезімдермен және басқа нәсіл арқылы пайда болған биологиялық әрекетпен салыстырғанда адамның жеке басының

тіршілігінде пайда болатын қылықтар.

Дағдылану зейіні, ерік-жігері, күші жұмсалмаса да өздігінен автоматизм арқылы жүзеге асып отырады. Бірақ барлық дағдылану автоматизм тәрізді деуге болмайды. Кейбір өте күрделі дағдыланулар, мәселен, ақыл-оймен байланысты, автоматизм түрде әрекет етпеуі де мүмкін.

Дағдылануды сипаттарына қарай екі түрге ажыратуға болады:

Автоматизмге айналған дағдыланулар.

Автоматизмге айналмаған дағдыланулар.

Автоматизм дағдыланулар- оқыту, үйрету арқылы пайда болатынын бірақ әрекет қатар адамның зейінін жұмсауды керек ететінін айтамыз. Мысалы: жүру, жүгіру т.б.

Автоматизмге айналған дағдыланулар -өздігінен әрекет етіп, адамның сапасына бағынбайды, оның ықпалында болмайды. Көбінесе мұндай жағдай психикасы ауруға шалдыққан адамдарда болады. Мұндай әрекетер адамның кейде өте шаршағандығынан, зорыққандығынан, я болмаса бір жері ауырғандықтан өздігінен пайда болатын қимылдар жатады.

Білім, білік, дағды беріктігі - дидактика принциптерінің бірі. Білімнің саналы және берік меңгерулері арасында принципті үйлесімділік бар. Бастауыш сынып оқушыларының білімді берік әрі саналы меңгеруі үшін үйретілетін білімнің мазмұны, тілдің құрылысы ғылыми тұрғыдан дұрыс қалыптасуы тиіс. Сонда ғана білім әрі саналы, әрі берік меңгеріледі. «Білім негізі - бастауышта» деп бекер айтылмаған. Мысалы, дыбыс туралы ұғым беру әліппе кезеңінін өзінде-ақ басталады Бұл кезеңде дыбыс белгілі заттың атауында, белгілі бір ұғымды танытуда сөздің басында, сөздің аяғында және ішінде келтіріліп, оның айтылуы, естілуі түсіндіріледі. Осы мағлұмат бірінші класта қазақ тілін оқытқанда «дыбысты айтамыз, естиміз» деген ықшам ережеге айналады. Бұл ереже төртінші класта дыбыс туралы білім берілгенде де негізге алынады. т.с.с.


2. Оқыту процесінде білімі,білік,дағдысын бақылаудың маңызы

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік дағдыларын есепке алу, бақылау оның аса құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайларда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау мен бағалаудың орны ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі, сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыдан білім, білік, дағдыдыны есепке алу және бақылау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.

Бақылаудың тақырыптық түсін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, У.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.Қ.Исаков, Е.И.Теповский, С.Ф.Сухорский, Чергинский, ғылыми педагогикалық еңбектерінде талдаған. Бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л.Доган теориялық талдау жасаған. Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қортынды шығаруға болады. Себебі «есепке алу» «бақылау» ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.

Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің «5» балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту процесінде сапасын арттыруда мұғалім әркезде бағалау жүйесін қолдана алмайды. Жоғарыда айтылған тұжырымдамаларға сүйене отырып, білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы мен практикада қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама-қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.

20-жылдары үй тапсырмасын беру білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды. Соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасау түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауапкершіліксіздікке әкелсе, екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері әсерін тигізді.

30-жылдары білім, білік, дағды нәтежесін есепке алуды, бақылау (Е.В.Гурьянов) және тәрбиелік қызметіне көптеп көңіл аударыла бастады.

40-60 жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық білім мен практика тәжірибесін жинақтау жұмыстары қолға алынды.

Онда білімді бақылау (Е.И.Перовоский) оқушыларды бақылау ретінде қарастырылды. Оқушыларды бақылау: әрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе, кейіннен оны дамыту қызметін ойластырды. (Н.Т.Даири).

Осы мәселені дұрыс шешудегі оң қадам 70-жылдары Педагогика ғылым академиясының оқыту мазмұны мен әдістері ғылыми зерттеу институты қызметкерлерінің зерттеулері негізінде бастама алды. Мұнда оқу-тәрбие процесінің барлық буындарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі айқындалды.

80-жылдардан бастап оқыту нәтижесін есепке алу, бақылау мазмұны, амал тәсілдері мен қызметінің дидактикалық әдістемелік негіздерін талдап, жасау қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижелерін есепке алуды қатаң және тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады.


Әдебиеттер тізімі:

1. Жоламанова Т.М. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Көкшетау, 2015.

2. Кішібаева Д.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Түркістан, 2010

3. Абсатова М.А. Қазіргі педагогикалық технологиялар. – Алматы, 2006



4. Курманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., Ғалымова Ә.У., Ильясова Г.К. Педагогика. – Астана: «Фолиант», 2007
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет