Сабақ: Әдебиет, биология Сынып: 6 «А» Жалпы оқушылар саны : 22 Қатыспағандар саны



Дата01.04.2018
өлшемі55.35 Kb.
түріСабақ
Мухсинова А.М., Қуанышева Ж.А.c:\users\user\appdata\local\temp\rar.460\p71027-101458.jpg
«№23 ЖББОМ» КММ

М. Мақатаевтың «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдері. Жабық тұқымды өсімдіктер, раушангүлділер тұқымдасы


Сабақ: Әдебиет, биология

Сынып: 6 «А»

Жалпы оқушылар саны: 22

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

М.Мақатаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен идеясын түсінеді, керекті ақпараттарды анықтайды.

Раушангүлді, өсімдіктерді таниды, пайдасы мен зиянын түсінеді.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Ақын өлеңдерінің мазмұнын түсінеді. Жабықтұқымды өсімдіктерге қандай өсімдіктер жататының айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Ақын өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын анықтайды.Жабықтұқымды өсімдіктердің алуантүрлілігін анықтайды.

Кейбір оқушылар: Өлеңдерге сатылай кешенді талдау жасай алады, көркемдегіш құралдарды таба алады. Раушангүлділер тұқымдасының мекен ету орнын анықтайды, зерттейді.

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен сөз тіркестер: желідегі құлын, көгендегі қозы, алтын, гауҺар, жақұт,тауларым- таусылмайтын бақыт, ырысым - ұлан-ғайыр кең далам, аспанда бұлт , бақ жадау, дәрігер қыс, ақ дәкемен таңуда, қыз-тазалық, қыс аппақ.

Алма, таңқурай, раушан, итмұрын.



Талқылауға арналған тармақтар:

Автор неліктен «Не сыйлайды, не береді келер күн?» деген ой тастайды?

Ақын Отанына, еліне деген ыстық ықыласын қалай жеткізеді, өз сөзіңмен дәлелдеп көріңдер?

Неліктен қыстың бейнесін дәрігер образында береді?

Неліктен осы өсімдіктерді раушангүлділер тұқымдасына жатқызамыз?

Неліктен біз жабықтұқымды өсімдіктер дейміз. Ашықтұқымдылардан айырмашылығын атаңыздар.


Жазылым бойынша ұсыныстар:

«Сөздік гол» графикалық органайзерімен жұмыс жасайды, «Мағынаны таны» бөліміндегі жазба жұмыстары.

Алдыңғы тақырып:

М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы «Қайырлы түн», «Қара өлең» өлеңдері.

Жабықтұқымды өсімдіктер.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар / Бағалау

Басталуы:

1 мин.




Ұйымдастыру кезеңі ( оқушылар хормен айтады, бүгінгі күнге сәттілік тілейді):

Алақанды ашайық,

Жылулықты шашайық.

Сәттілік тілеп достарға

Біз сабақты бастайық!

Кезекшінің мәліметін тыңдау.



Ауызша мадақтау

Қайталау сұрақтары:

5 мин


«КаҺооt» онлайн режиміндегі сұрақтар (тез жауап алу)

1.М.Мақатаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген;



Ж. М. Мақатаев 1931ж. Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келді.

2. «Қара өлең» өлеңінің басты тақырыбын табыңыздар.

Ж.Тіл өнері, халықтың қарапайым қара өлеңін қастерлеу;

3. Неліктен адамдар бір-біріне қайырлы түн тілейді?

Ж.Түндері тыныш болып, жақсы ұйқы тійлейді.

4. «Қайырлы түн» өлеңінің тақырыбы қандай?

Ж. Ел тілегі-бейбітшілік.

5. Жабықтұқымды өсімдіктердің қанша түрі белгілі?

Ж. 250 мыңдай түрі бар.

6. Қосарланып ұрықтану қандай өсімдіктерге тән?

Ж. Гүлді өсімдіктерге

7. Қарғакөз қандай өсімдік?

Ж.Даражарғақты.

8. Емен ағашы қанша жыл өмір сүреді?

Ж. 100 жылға дейін.


Экрандағы сұрақтар топтамасы

Ең үздік жауап берген оқушыға медаль табыстау.



Сабақтың ортасы:

(25 минут)


5 минут


Мағынаны тану:

5 минут



Мағынаны ашу:

Бағалау:

Ой қозғау:Ақынның «Менің анкетам» өлеңі жатқа оқылады.Әдебиеттен сабақтың тақырыбы айтылады.

Көктемде
Ақ гүлге оранады,
Күзде
Қолға доп боп оралады.


Бұтаға ілген үлпершек,
Іші нәрлі қызыл сөл,
Теріп алып үлгерсек.


Тіл үйірген дәмі бар,

Сары алтын түс — сәні бар.
Шақсаң егер кептіріп,
Сүйегінің дәні бар,
Баққа тұрар сән беріп,
Алқа етіп тізіп ал
. Жауабы не?

Биология сабағының тақырыбы ашылады.

Дәптермен жұмыс (оқушылар сабақтың тақырыбын жазады)
Мұғалім сыйы: «Елім барда» өлеңін жатқа оқиды;

«Анау аспан, мынау бақ» өлеңінің аудионұсқасы тыңдалады;

Жаңа тақырып бойынша (биология)слайд көрсетіледі.

Топтық жұмыс:



1-топ «Елім барда» өлеңі не жайында жазылған? Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау.

2-топ «Анау-аспан, мынау-бақ» өлеңінің мазмұны. А.Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен салыстыру.

Өлеңде қыс көрінісі қалай суреттелген?



3 топ. Мұқағали Мақатаевтың туған жері Алматы облысындағы өсімдіктерді топтастыру, олардың пайдасы, «Анау – аспан, мынау- бақ» өлеңіне байланысты қыс мезгіліндегі раушангүлділер тұқымдасына сипаттама беріңдер.
4 топ. Биологиялық диктант.

Раушангүл тұқымдасы (Rosaceae) — қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тәріздес бір не екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен, Алматы облысында жиі өседі,  Қазақстанда 36 туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына енгізілген.

Раушангүл тұқымдасының әсемдік түрі — раушан гүлінің 16 сорты шығарылған. Ең бастылары: “Қазақстандық мерекелік” (биікт. 130 см-дей, гүлі қызыл түсті); “Алматыдан сәлем” (биікт. 130 см-дей, гүлі қызғылт түсті); “Алматы хош иістісі” (биікт. 190 см-дей, гүлі қызғылт түсті, хош иісті); “Қызжібек” (биікт. 110 см, гүлі қызыл күрең түсті); “Аққу” (биікт. 250 см-дей, гүлі ақ түсті); “Гүлсұлу” (биікт. 190 см-дей, гүлі қызыл күрең түсті, қыста үсімейді).


«Екі жұлдыз, бір тілек»

Бейнесюжет

c:\users\777\desktop\1053638.jpg




Сергіту сәті

2 минут

Поэзия минуты

Оқушылар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқиды.






Кері байланыс және

бағалау

3 мин.




Бағалау парағы бойынша қорытынды баға шығарылады.

Слайд №13

Бағалау парақшалары





Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет