Сабақ: Еңбекке баулу Сынып: 4 Табыс критерийі



Дата11.04.2018
өлшемі38.75 Kb.
түріСабақ
Аширбекова Дина Сапарғалиқызы ОҚО, Арыс ауданы, Жиделі жалпыc:\documents and settings\admin\local settings\temporary internet files\content.word\20170503_112201.jpg

орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі



Фольгадан жүзік жасау

Сабақ: Еңбекке баулу




Сынып: 4




Табыс критерийі


Барлық оқушылар: Фольгадан қыз-келіншектерге арналған зергерлік бұйымдар және жүзік жасауға болатынын біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Жұмыстың орындалу ретімен таныса отырып, фольгадан түрлі жүзіктер жасай алады.



Кейбір оқушылар орындай алады:

Фольгадан түрлі формадағы жүзіктерді әртүрлі жолдармен безендіріп жасай алады.



Тілдік мақсат

Оқушылар: (істей алады)

Әшекей бұйымдарын жасау үшін жұқа азық-түлік фольгасы, қатырма қағаз, қарындаш, қайшы арқылы жұмыс жасай алады.



Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Фольга - жұқа азық-түлік қағазы7

Қапсырма - қыз-келіншектердің киімінің екі өңірін қысып тұратын ілгек7





Сыныптағы диалог/ жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

фольга, қапсырма, жүзік, қатырма, қалып.






Талқылауға арналған тармақтар:

1. Жүзік, білезік қандай бұйымдарға жатады? (Зергерлік бұйымдарға жатады.)

2. Фольгадан сәнді етіп жүзік жаса.

3. Түрлі формадағы жүзіктерді түрлі-түсті фольгадан жасап көр.



Алдыңғы оқу:

Фольгадан моншақ, алқа құрастыру.




Жоспар




Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басы

5 минут


«Тамаша екен!» жаттығуы арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Түрлі-түсті гүлдер арқылы төрт топқа бөлінеді.

Түрлі-түсті гүлдер, ноутбук.

Жіп, жұлдызша.



5 минут

«Өрмекші торы» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау (Оқушылар шеңбер болып тұрып, бір-біріне сұрақ қойып, жауап беру арқылы өрмекші торын құрады).

Оқушыларды жұлдызшалар арқылы бағалаймын.



3 минут

Сергіту сәті: «Қара жорға» биі.

Ортасы

20 минут



Миға шабуыл. Түрлі жүзіктер мен білезіктерді көрсете отырып оқушыларға сұрақ қояды. Жасалу жолдарын түсіндіру. Топ мүшелері кластер жасап, қорғайды.

Сарамандық жұмыс.

Оқушылар бірін-бірі «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.


Фольга, жүзік, білезік, плакаттар, маркерлер.

Соңы 10 минут

2 минут


«Кезбе тілші» әдісі арқылы жаңа сабақты қорытындылайды. Мұнда топ мүшелері түгел қатысып үш сұрақтан дайындап, бір тілшіні келесі топқа жібереді. Бағалау. Бағалау парақшасы.

Алманы түрлі-түске бояу арқылы кері байланыс жасайды.

Үйге тапсырма: фольгадан жүзік жасап келу.





Қосымша мәліметтер

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау - оқушылардың білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ құндылықтарымен байланыс.

(Тәрбие элементі)



Фольганың шығу тарихы мен алғаш қолданылуы туралы мәліметтер жазып келу.

Бағалау парақшасы арқылы, жұлдызшалар, мадақтау арқылы.

Музыка, бейнелеу. Сабақта АКТ-ны 5-6 минут пайдалану. Сыныптың тазалығы, көлемі, жарықтығы.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Жоспар бойынша сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Жоспарға түрлі әдіс-тәсілдерді және топпен жұмыс жүргізуді енгіздім. Сабақ өз деңгейінде өтті.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1. «Өрмекші торы» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрауда барлық оқушы сабаққа қамтылды.

2. «Кезбе тілші» әдісі арқылы жаңа сабақты қорытындылауда оқушыларды басқа қырынан тани алдым.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (Оқыту мен оқуға қатысты)


  1. Бағалауда критерийлердің дұрыс қойылуы

  2. Қабілетті оқушылармен жеке жұмыс

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

Кері байланыстан оқушыларға топтық жұмыстың ұнайтынын білдім.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет