Сабақ: Бейнелеу Мектеп: №171 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектеп Күні: 31. 01. 2018жыл



Дата11.04.2018
өлшемі104.43 Kb.
түріСабақ
Балпанова Жанат Машраповна,c:\users\дарик\desktop\20171225_134846.jpg

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы

№ 171 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің

бейнелеу өнері және сызу пән мұғалімі

І санатты мұғалім
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері


Ұзақ мерзімді жоспар тарауы

Сәндік қолданбалы өнер

Сабақ: Бейнелеу

Мектеп: №171 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп

Күні: 31.01.2018жыл

Мұғалімнің аты-жөн:Балпанова Жанат Машраповна

Сынып: 3 а

Қатысқандар:19

Қатыспағандар: 0

Сабақтың

тақырыбы:

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері



Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу.



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

  • Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнерінің ерекшеліктерін анықтау,

  • Ұқыптылық пен зерделілікті дамыту.

  • Топтық талқылау арқылы сыни ойлау дағдысы қалыптасады..

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • .өнер туындыларының ерекшеліктерін дұрыс анықтайды;

  • түстерді дұрыс үйлестіре алады;

Бағалау критерийлері

1.Сурет салу барысында ережелерін сақтайды.

2. Сәндік-қолданбалы өнер түрлерін түсінеді.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Сәндік-қолданбалы өнер ( лат. deco — сәндеймін) — бейнелеу өнерінің бір бөлімі, тұрмыска кажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылық түрі.  Негізінен, түрлі үй жиһаздарын (жиһаз, зергерлік ою-өрнекпен әшекейленген заттар, тіршілікке қажетті сәндік құрал-жабдықтар, сувенирлер, құмыра, сый кеселер, т.б.) жасайды. Сән және қолданбалы өнерінің материалдары - металл, керамика, ағаш, қыш, шыны, асыл тастар, сүйек, былғары, т.б. Негізгі техникалық әдістері көркем оймыш, шекіме, көркем жазба, кесте, құйма, т.б. Ол сүйек, ағаш, тері өңдеу, бедерлеу, зергерлік, инкрустация, фарфор, фаянс, кілем тоқу, көркем мата жасау секілді салаларға бөлінеді. Сән және қолданбалы өнер келелі өндірістік, технологиялық міндеттерді атқарғанымен, өз дәуіріндегі өнер мен мүліктік мөдениеттің даму дөрежесіне тәуелді болып, дәстүрлі, жергілікті этникалық ұлттық ерекшеліктің негізінде дамидыДиза́йн (от англ. design — проектировать, чертить, задумать, а также проект, план, рисунок) — көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы.

Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.

Ою-өрнек, орнамент (лат. ornamentum – әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды (үй-іші мүліктері, тоқыма бұйымдар, еңбек құралдары, қару-жарақ), архитектуралықғимараттарды әшекейлеуге арналған, жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар.

Сәндік-қолданбалы өнер - Декоративно – прикладное искусство –

Decoratively – applied art

Бұйым – изделие – product Пішін – форма - a form

Нобай – эскиз - the sketch Ырғақ – ритм – a rhythm

Сызық – линия - the line Қозғалыс – динамика – dynamics



Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

  • Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылығына негізделе отырып, мен ….

  • Сәндік-қолданбалы өнер туындыларын атайтын болсам ....

  • Ою-өрнектердің ... мағынасы бар деп ойлаймын.

  • Қазақ ұлттық мәдениетінің ерекшелігі.... тұрады.

  • Мен ою-өрнек композициясын ..... жасау үшін қолдандым.




Талқылауға арналған сұрақтар:

Сәндік қолданбалы өнер түрлерін салу жолдарын талқылау?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Сәндік қолданбалы өнер әзірлеу үшін қандай материалдарды қолданылады?

Алдыңғы оқу

Иллюстрация дегеніміз не?

Пәнаралық байланыс

Еңбек,Математика, Қазақстан тарихы

Құндылықтарға баулу

«Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын сақтау,

туған жеріміздің тарихындағы ата-бабаларымыздың ұлы істеріне құрметпен қарау.Сын тұрғысынан ойлау. Топтық жұмыс барысында өзара сыйластықты, жауапкершілікті сезіну. Өмір бойы оқуға дайын болу.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут



І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесемін.

2.Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалаймын.

3.Оқушылардың бүгінгі көңіл-күйін білу және топта жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында өз ұстанымдарын айтады.



Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

І топ- Сандық

ІІ топ – Аяққап

ІІІ топ – Торсық



ІІ. Үй тапсырмасы: Жеке жұмыс. Өтілген тақырып бойынша алған білімдерін «5 сұрақ» әдісімен сұрақтар қойып, оқушы білімін тиянақтаймын.

1.Түстер нешеге бөлінеді?

2.Палитра дегеніміз не?

3.Акварель қандай бояу?

4.Портрет дегеніміз не?

5.Пейзаж дегеніміз не?



Кері байланыс: Өткен сабақта қиындық туғызған сұрақтар бар ма?

Қалыптастырушы бағалау: Өзін-өзі бағалау. «Саған қандай зат тиесілі?»

Киіз үй – «5»

Сандық – «4»

Аққап – «3»






Сабақтың ортасы

Түсіну

Қолдану


ІІІ. Жаңа тақырып:

Сәндік-қолданбалы өнер туралы білімдерін анықтау мақсатында оқушыларға жұмбақтар қою арқылы киіз үйдің ішіне орналастыру сабақтың тақырыбын ашу.



Әшекейлі күбіні

Үюлі тұрған шөмеле

Кигіздім биік төбеге (сәукеле)

Торы тай

Табанында 4 ай. (таға)

Көліксіз өмір сүрмейді,

Ғұмыры жаяу жүрмейді .(ер-тоқым)

Иесі оның-сәби,

Әрі төсек, әрі үй. (бесік)

Бет аузы толған өнер,

Отқа салсада,

Суға салсада көнер. (тұскиіз)

Алты сирақ серейген,

Тұтасқан бел омыртқа.

Зор үзеңгі тербелген,

Жетеді екен тобыққа. (алтыбақан)

Кіруге адам батпайды,

Суға салса жатпайды.

Ішіне кірген заттарды,

Аман есен сақтайды. (сандық)

Тоғыз белбеу, қос жібек,

Екі мұрын бір шұмек. (домбыра)

20180209_115614

Оқушыларға қоршаған ортадағы ою-өрнектермен безендірілген бұйымдар мен заттарды атауды ұсыну /қоржын, түкті және түксіз кілем, сырмақ, сырдақ, қазақтың ұлттық киім үлгілері – шапан, тақия, кимешек т.б./.

Сәндік-қолданбалы өнер ұғымын ашу, қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы білімдерін анықтау мақсатында оқушыларға сұрақтар қою:


  • Қандай ұлттық ою-өрнек атауларын білесіздер?

  • Мына заттарды сәндік-қолданбалы өнер туындылары деп атауға болады ма? Неліктен?

  • Кілем тоқымашылығында және киім үлгілерінде ою-өрнектердің қандай түрлері қолданылады?

  • Ою-өрнектерді жасаудың қандай тәсілдерін білесіздер?

  • Ою-өрнек өнері саласында жұмыс істейтін Қазақстан суретшілері мен қолөнершілерін атаңыздар.

1-тапсырма.Топтық жұмыс.Сарамандық жұмыс

3 топ сандық, торсық, аяққап суреттерін салып, бояп, анықтама беру

Кері байланыс: Сурет салу барысында нені түсіндік?

Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ» әдісі (топтар өзара бірін-бірі бағалайды

«Ойлан тап» әдісі

3 топқа суретте қанша зат бейнеленген?



рисунок (7) рисунок (8) рисунок (9)
2-тапсырма. «Адасқан сөздер»Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар.Қанша сөз құрай алдыңыз:

Аашпгопқамшыиувнроторсықвнашршнапалтыбақаншыопккраксандықаяжыертоқымывенабесіклвашгдомбыраолнгүшсәукелеьбжзқамзолячйфтағалшщьолшлаяққапбющдшапаноюөрнекьбшщлблезікиолшотұмаржщзжтақияь

Кері байланыс: ?

Қалыптастырушы бағалау: « Шапалақ» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.

«Сәйкестік табу» әдісі

Бейнелеу өнері түрлерін суреттермен атауларын табу.



20180209_115516

Кері байланыс: Бүгінгі өтілген сабағымызды өмірде қалай қолданамыз?

Қалыптастырушы бағалау: Смайлик арқылы бағалау.



Сабақтың соңы
Бағалау


Кері байланыс: «рефлекция»

1.Бүгінгі сабақ маған ұнады.

Рамканың бетіне смайликтер жабыстырады.

2.Бүгінгі сабақтан онша ұнаған жоқ.

Палитраның бетіне смайлктер жабыстырады.

Үйге тапсырма беру.

Сәндік қолданбалы өнер түрлерінің суреттерін салу.

Ою өрнектермен безендіру.


Кері байланыс парағы

Бағалау парағы





Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет