Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары:
|
Барлық оқушылар:
Қиық конусты сала алады, оның бетінің ауданын таба алады
Оқушылардың басым бөлігі:
Конустың қималарын кескіндеп, есептер шеше алады
Кейбір оқушылар:
Конусты кескіндеп, шығармашылық есептерді шеше алады.
|
30-мин.
|
Жаңа тақырып
Конустың табанына параллель және оны қиып өтетін жазықтық одан кіші конус қиып түсіреді. Қалған бөлігі қиық конус деп аталады. Радиустары R1, R2 және жасаушысы болатын қиық конустың бүйір бетінің ауданының формуласы:
S= ( R1+ R2)
Есептер шығару:
-
Қиық конустың бүйір бетінің ауданы 208p, жасаушысы 13, биіктігі 5 см болса, табанының радиустарын анықтаңыз. ( 2 және 14)
-
Қиық конустың жасаушысы 8 см және табан жазықтығымен 600 жасайды. Осьтік қимасының диагоналі осы бұрышты қақ бөлетін болса, толық бетінің ауданын табыңыз. (176p)
-
Қиық конустың осьтік қимасында бүйір қабырғасы 13см-ге, ал табандары 12см және 22см-ге тең бүйірлі трапеция болады. Осы конустың бүйір бетінің ауданын т.к.(221πсм2)
-
Қиық конустың табан радиустары 3 және 6, жасаушысы табанына 450 бұрышпен көлбеген.Биіктігін табыңыз. (3)
-
Қиық конустың табан радиустары 3 дм және 7 дм,ал жасаушысы 5 дм. Осьтiк қимасының ауданын тап.( 30 см2)
-
Қиық конустың табан радиустары 7м және 4м, жасаушысы табанына 600 бұрышпен көлбеген.Жасаушысын табыңыз. (6м)
-
Қиық конустың табан радиусы 10 см және 4 см, ал биіктігі 8 см.Қиық конустың жасаушысын тап (10 см)
-
Қиық конустың табандарының аудандары 25p және 64p, осьтік қимасының ауданы 52 болса, толық бетінің ауданын табыңыз. (154p)
-
Қиық конустың табанының диаметрі 3 м , 6 м , ал биіктігі 4 м . Жасаушысын табыңыз. ( )
-
Қиық конустың табандарының радиустары 1 см және 5 см, ал жасаушысы 5 см. Биіктігі осы конустың биіктігіне, бүйір бетінің ауданы осы конустың бүйір бетінің ауданына тең болатын цилиндрдің табан радиусын тап.(5 см)
-
Қиық конустың табан радиустары 9 ж/е 6, биіктігі 4. Жасаушысын тап (5)
-
Қиық конустың табандарының радиустары 10 см және 4 см, ал жасаушысы табан жазықтығына 45о бұрыш жасай көлбеген. Конустың осьтік қимасының ауданын табыңыз. (84 см2)
-
Қиық конустың табандарының радиусы 12 см және 9 см, ал жасаушысы табан жазықтығымен 45о бұрыш жасайды. Биіктігін табыңыз.(3см)
Қорытынды
Қиық конус деп қандай конусты атайды?
Қиық конустың бүйір бетінің ауданының формуласы?
Кейбір айналу денелерінің бүйір бетінің ауданын есептеудің жалпы формуласы ?
|