Сабақ: №28 Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар, микроорганизмдер, олардың маңызы және көп түрлілігі



Дата05.07.2017
өлшемі50.93 Kb.
түріСабақ
Пән: Жаратылыстану

Пән мұғалімі: Еликбаева Н.М.

Сыныбы: 5 «А»

Күні: 3.04.2017 ж.

Сабақ: 28

Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар, микроорганизмдер, олардың маңызы және көп түрлілігі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Табиғаттың сырларын аша отырып, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер, олардың маңызы мен түрлерi туралы бiлiмдерін кеңейтiп, ұштастыру.

Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: оқу, әңгімелеу, сұрақ жауап, іздену.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, карта, кескін карта, жұмыс дәптер, презентация, қосымша деректер, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушыларды түгелдеу, оқу-құралын тексеру;

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

Сабаққа назарын аудару барысында, психологиялық даярлық:
Қуанамын мен де, 
Қуанасың сен де. 
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтар:

1.Қоректенуіне қарай, жануарлар қандай топқа бөлінеді?

2.Адамға жануарлардың қандай пайдасы бар?

3.Адамдар жануарларды қалай қорғайды?


Жұмыс дәптерін тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.

«Ой шақыру»

Саңырауқұлақ дегеніміз не? Кім біледі?



Оқушылар бүгінгі сабағымызды «Табиғат» туралы өлеңмен бастағым келiп отыр:
Табиғаттың арайлансын ажары
Болмаса екен тартар оның азабы
Табиғатқа тазалықты тарту ет
Тарқамасын аң мен құстың базары – дей отырып, Табиғат – Ананы қолымыздан келгенше аялап, сақтасақ болашағымыздың үлкен келешегi деп түсiнiп, бүгiнгi сабағымызды бастаймыз.

Кесте арқылы түсіндіру

Саңырауқұлақтың маңызы.

Табиғатта

Адам өмірінде

1.Топырақтың құнарлылығын арттыруда қатынасады.

2.Өсіп тұрған және қураған ағаштарды шірітеді.

3.Тамақтану шеңберінің бір құрамдас бөлігі.


1.Адамдардағы ауруды қоздырушы.

2.Биологиялық активті заттарды қалыптастырады.

3.Тағам.

4. Дәрі-дәрмек.



Саңырауқұлақтардың түрлері:
● Жеуге жарамды саңырауқұлақтар
● Улы саңырауқұлақтар
Паразит саңырауқұлақтар

Жеуге жарамды саңырауқұлақтар – қозықұйрық( шампиньон) құрамында қарашiрiгi мол, ылғалды топырақта өседi, орманда, шалғындықта, бақша өсiмдiктерiнiң арасында кездеседi. Сондықтан оның кәдiмгi қозықұйрық, шалғындық қозықұйрық, орман қозықұйрығы деген түрлерi бар. Қалпағының үстiңгi бетi ақ, астыңғы жағы қатпарлы, қызғылт түстi. Қалпағының диаметрi 15 см, дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, енi 2 - 2, 5 см - ге жетедi. Құрамында 20 - 30% нәруыз, май, минералды заттар, дәрумендер, микроэлементтерден – темiр, кальций, мырыш, йод, калий, фосфор бар, сондықтан жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 300 - ге жуық түрлерi белгiлi.
Ақ саңырауқұлақ қайың, емен, шырша, қарағай, шамшат, қарағаш, шаған ағаштарының астында өседi. Қайың маңында өскен саңырауқұлақ қалпағының үстiңгi бетiақшыл - сұрғылт, астыңғы жағы – ақ, хош иiстi. өсiп тұрған жерiне қарай түстерiде құбылмалы. Дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, қалпағының диаметрi 20 см.
Қайың саңырауқұлағы – қайыңды орманда топырақтың жылылығы 10 – 16 0 С - да, ылғалдылығы 53 – 98 % - ға жеткенде дами бастайды. Дiңгегiнiң биiктiгi 4 - 15 см, жуандығы 1 - 3 см, қалпағының диаметрi 5 - 15 см, 10 күн iшiнде терiп алмаса жеуге жарамсыз болып қалады. Қайынның тамырымен селбесiп микроза түзедi, ағашқа пайда келтiредi. Кептiрiлген саңырауқұлақтың қуаттылығы баклажан мен қарабидай нанының қуаттылығымен тең түседi. Қайың саңырауқұлағын кептiргенде қараяды.
Күзгi түбiртек ( осенний опенок) - өте тез өседi, құрамында су – 91, 4 %,
нәруыз - 2, 6 %, крахмал, қант - 3, 8 %, май - 0, 4%, тұз – 0, 8%, жасунық - 0, 9%. Түбiртегiнде ақтүстi жарғақты белдеушесi бар. Қуаттылығы сәбiз, орамжапырақ, қияр, қызаннан әлдеқайда жоғары саналады, ол айранның қуаттылығымен парапар келедi.
Жеуге жарамсыз улы саңырауқұлақтар – Улы саңырауқұлақтарға шыбынжұт (мухомор), боз арамқұлақ ( поганка), жалған түбiртек ( ложный опенок), жалған түкiжем ) ложная лисичка) және т. б.

Шыбынжұттың түрлерi: қызыл шыбынжұт, сұрғылт - қоңыр шыбынжұт, порфир шыбынжұты, ақ қалпақшалы сасық шыбынжұт, бозғылт – сары шыбынжұт және т. б.
Шыбынжұт саңырауқұлағының құрамында шыбынды өлтiретiн улы зат « мускарин» алкалоиды болатынын анықталды. Көбiнесе шырша, қарағай, балқарағай ормандары мен қайың ағаштарының жарық көп түсетiн ашық алаңдарда өседi. Қызыл шыбынжұттың диаметрi 20 см - дей, қалпағы күңгiрт – қызыл түстi, әр жерiнде сүйел тәрiздi ақ дақтары жуылып кетедi.

Уы тез әсер етедi, адам тұншығып, тыныс алуы нашарлайды, сiңiрi тартылып, талып қалады. Ертеде шыбынжұттан жасалған препараттарды бездiң iсуi, өкпе ауруы, жүйке жүйесi ауруларына қарсы пайдаланған және шыбын, қандала, бүрге сияқты зиянды жәндiктердi өлтiру үшiн қолданған. Қазiргi кезде медицинада түрлi препараттар әзiрлеу үшiн шикiзат көзi болып табылады.

Боз арамқұлақ ( бледная поганка) – ақ, сарғыш, жасылдау, сұрғылт – ақшыл түстi қалпағының үстiнде мақта тәрiздi қабыршақты ақ жарғақтары бар. Дiңгегiнде жарғақты белдеушесi болады. Түп жағын қалта тәрiздi жамылғы қаптайды. Көбiнесе жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты орман шетiнде өседi.. Құрамында « фаллоидин» алкалоиды болғандықтан өте улы саңырауқұлақтардың қатарына жатқызады.
Паразит саңырауқұлақтар - тірі ағзалардың денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенеді. Жазда әр түрлі өсімдіктердің жапырақтарына аппақ ұн сеуіп тастаған сияқты болады. Оның күздік бидай, қара бидай сабақтарынан емен жапырақтарына мақта тәрізді болып тұрғанын байқауға болады. Бұл ақұнтақсаңырауқұлақтарының жіпшумақтары. Олар өсімдіктің жапырақ, сабағына жіпшелерін жіберіп, жасушаның ағзалық заттарымен қоректенеді. Саңырауқұлақтардың көптеген түрі адамға және шаруашылыққа зиян келтіреді. Тірі ағзаның денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенетін саңырауқұлақтар паразит саңырауқұлақтар деп аталады.

Презентация көрсетіледі.

Оқулықпен жұмыс

«Анықтамасын немесе жауабын жаз»

120-беттегі тапсырма

Жұмыс дәптерімен жұмыс.

IV. Сергіту сәті.

V. Жаңа сабақты бекіту.

Сұрақ-жауап:

  1. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым?

  2. Саңырауқұлақтардың пайдасы

  3. Микроорганизмдер дегеніміз не?

  4. Саңырауқұлақтар қайда өседі? Өзіңе таныс саңырауқұлақтарды ата.

БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді










VІ. Қорытындылау, бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: §27.Мазмұндау, жұмыс дәптерін толтырып келу.
Каталог: uploads -> doc -> 0ad8
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0ad8 -> «мәжбүрленген сәуле шашудың көмегiмен жарықты күшейту» дегендi бiлдiредi
0ad8 -> Тип простейшие


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет