Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты



бет1/11
Дата25.02.2017
өлшемі2.02 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

c:\documents and settings\администратор\рабочий стол\777\logo_fin.jpg


КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«СТОМАТОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН СИЛЛАБУС


I.4. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
1 Сабақ

1 тақырып ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ. ЖАЛПЫ НОЗОЛОГИЯ.



Сабақтың мақсаты:

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру

  • Экспериментті жүргізудің негізгі әдістемелерін игеру, жануарлармен жұмыс істей білу, фукционалдық зерттеу жүргізу

  • Топта жұмыс жүргізуді қалыптастыру

  • Клиникаға дейінгі ғылыми зерттеулердің этикалық тәртібінің нормативтік құжаттарын меңгеру.

  • Жалпы нозологияның негізгі түсініктерін меңгеру.


Оқыту міндеттері:

  • Жалпы нозологияның негізгі түсініктерін, патофизиологияны негізгі оқулық пән ретінде оның құрылымын және міндеттерін меңгеру.

  • Экспериментте қолданылатын жануарларда кариес пен пародон ауыруын алу моделдерін әдістемелерімен танысып үйрену.

  • Тыныс және жүрек-қантамыр жүйелерінің фукционалдық жағдайын тексеруге арналған Мартине, ГенчеШтанте жүктемелік әдістемелерін қолдана білу

  • Ауру алды жағдайды анықтауға бағытталған экспериментті талқылай және бағалай білу

  • Сөзжұмбақты шешу нозологиялық негізгі терминдерін дұрыс қолдана білу

  • Топ ішінде жұмыс істей білу (өз пікірін қорғай білу, алдынғы сапта болуға тырысу).


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Патологиялық физиология пәні. Патофизиологияның жоғары медициналық білім беру саласында алатын орны және маңызы, оның басқа пәндермен байланысы. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері.

  1. Патологиялық физиологияның зерттеу әдістері. Тәжірибелік әдістің маңызы, жануарларда дерттік үрдістердің үлгісін алудың адам ауруларын зерттеудегі жетістіктері мен кемшіліктері. Тіс жегі және пародонтиттің үлгісін алу

  2. Лабораториялық жануарлармен жұмыс жүргізгенде моралдық этикалық ұстанымдарын сақтау. ҚР ДМ 442 «Клиникаға дейінгі зерттеуді медициналық – биологиялық эксперимент пен клиникалық тексеруді Қазақстан Республикасындағы жүргізудің тәртібін бекіту» бұйрығының қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының индустрия мен сауда Министрілігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің № 575 2006 жылдың 29 желтоқсандағы бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартына сай зертханалық тәжірибе туралы.

Негізгі қағидаларының тәртіптерін оқып білу.

4. Жалпы нозология, негізгі түсініктері: денсаулық, ауру, ауру алды, біртектес дерттік үрдістер, патологиялық реакция, патологиялық үртіс, патологиялық жағдай

5. Аурудың нышандары. Ауруларды жіктеудің негізгі ұстанымдары.

6. Аурудың өту кезеңдері, олардың сипаттамасы.

7. Өлім - аурудың ақырғы сатысы. Өлімнің түрлері. Өлімнің сатылары, сипаттамасы. Реанимацияның негізгі ұстанымдары. "Тірілтілген организмнің ауруы" туралы түсінік, негізгі даму механизмдері.

Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:

Студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс, «Клиникаға дейінгі зерттеулер этикасы» мультимедиялық көрсетілімін көрсету, аз топтарда жұмыс жасау – жедел ойын, тәжірибелер орындау, тәжірибе нәтижелерін талқылау, сөзжұмбақ шешу.


Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, тәжірибе нәтижелерін және есептерді, жедел-ойынды, сөзжұмбақтың толтырылуын тексеру, тестілеу



МАШЫҚТЫҚ жұмыс


1 тапсырма.

«Патофизиологиялық тәжірибенің негізгі сатыларын дұрыс бірізділікпен орналастыруға» арналған жедел ойын.




Әдісі: Әрбір студент патофизиологиялық тәжірибе сатыларының дұрыс бірізділігін өзі анықтайды және мұны «жеке бағалау» бағанасында цифрмен белгілейді. Осы тапсырманы орындағаннан соң студенттер үш адамнан топқа бірігеді және бірлесе отырып нәтижелерді талдайды, бірдей пікірге келеді және «топтасып бағалау» бағанасында тәжірибе сатыларының дұрыс бірізділігін белгілейді. Сонан соң оқытушы дұрыс жауапты айтады. Қателермен жұмыс істеу басталады, жеке және топтасып бағалауда кеткен қателер саналады.


Тәжірибе сатылары

Жеке (өз бетінше) бағалау

Жеке бағалауда кеткен қате

Дұрыс жауап

Топтасып,өзара келісіп бағалау

Топтасып бағалауда кеткен қате

Тәжірибе мақсаты мен міндеттерін анықтау
















Тәжірибе жоспарын құру
















Зерттеу әдістері мен сайма-сай үлгіні қалау
















Алынған деректерді статистикалық өңдеуден өткізу
















Зерттеудің нәтижелерін талдау және тұжырым жасау
















Дерттік үрдісті зерттеу
















Дерттік үрдістің үлгісін алу
















Тәжірибелік емдеу
















Тәжірибенің тың ойын анықтау
















Зерттеушінің теориялық дайындықтан өтуі















2 тапсырма. Тәжірибелік жануарларда тіс жегінің және пародонт ауруларының үлгісін



алу әдістерін зерттеу.

Әдісі: Тіс жегінің тәжірибелік үлгісін егеуқұйрықтарда, тышқандарда, теңіз шошқаларында алуға болады. Адамдікіне ұқсас бұл жануарларда тіс жегінің негізгі сатыларын алуға болады; бастапқы, орта, терең (тесікті кариес).

Тіс жегінің үлгісін алу үшін негізінде алиментарлық үлгі алынады. Ол үшін жануарды көмірсуларға бай диетаға отырғызады. Ең жиі кездесетін диета -54% сахароза қарастырылған.Тіс жегінің дамуы диетада сахарозаның деңгейіне байланысты. Сахарозаның тіс жегісіне әкеліп соғатын қасиеті тек жас жануарларда ғана көрінеді; 20-30 күндік 20-40 г, салмағы бар. Егер де сахарозаны зонд арқылы тікелей асқазанға жіберсе, тіс жегі дамымайды.

Тіс жегінің үлгісін алу үшін ҚазҰМУ –нің терапиялық стоматология кафедрасының тәжірибелерінде кәдімгі қант ұнтағы пайдаланылады. Тіс жегі дамуында ауыз қуысы микрофлорасының маңызы тәжірибе арқылы дәлелденді. Жас стерильді жануарларда тіс жегіне әкелетін диета тіс тіндерінің минерализациясын шақырмайды. Тәжірибелік үлгілеу тектік жайттардың маңызын анықтады. Сонымен, тіс жегісіне сезімтал және тұрақты егеуқұйрықтар шығарылды.

Тіс жегінің дамуына эндокрин жүйе қызметінің өзгеруі де әкеледі. Қалқанша, қалқанша маңы, жыныс бездері тежелгенде немесе алып тастағанда тісжегілік диетаны ынталандырады.

Тәжірибелік тіс жегісі дамуында сілекей бездері қызметінің бұзылуы маңызды рөл атқарады. Олардың қызметтері тежелгенде, сілекей жолдарын байлап тастағанда немесе экстирпация жасаған кезде тісжегілік диета одан сайын ынталанады.

Сонымен, тәжірибенің нәтижесінде тіс жегі дамуында тамақтанудың, тұқым қуалаушылықтың, эндокрин және сілекей бездерінің жағдайларының маңызы дәлелденді.



Пародонт ауруларының үлгісін алу.

Пародонт кезінде өтетін патологиялық үрдістердің көптеген тәжірибелік үлгілері бар. ҚазҰМУ терапиялық стоматология және патофизиология кафедраларында жануарларға жасалынған тәжірибелік пародонтоздың алиментарлық үлгісі белгілі. Оның негізінде нәруыздың организмге түсуінің жеткіліксіздігі – 13,5% (қалыптыда 24% шамасында). Жануарларда қызыл иек және пародонт тіндерінде дистрофиялық өзгерістер, сүйектерде остеопороз дамиды.

Қояндарда, егеуқұйрықтарда тәжірибелік пародонтит тістің мойынына таман тығыз байлаған темір лигатура немесе пластмассадан жасалған сақина салу арқылы жасалынады. Пародонт тіндері жарақаттану нәтижесінде қабыну – жергілікті пародонтит – пайда болады.


3 тапсырма.

Тексерілетін адамның ауруалды жағдайды анықтау мақсатымен дене жүктемесіне (Мартине сынауы), жүрек-тамыр жүйесінің әсерленісін зерттеу.


Әдісі: Тәжірибені жүргізу үшін студенттер бірнеше жұмыс тобына бөлінеді. Әрбір топта 4 адамнан кем болмауы керек:

1-тексерілетін адам (өз еркімен келіскен студент)

2-артериялық қысымның деңгейін анықтаушы студент

3-тексерілетін адамда тамыр соғуының жиілігін анықтаушы студент

4-алынған деректерді дәптерге тіркеуші.

Тексерілетін адамда отырған жағдайда артериялық қысым (АҚ) өлшенеді, екінші қолының тамырын ұстау арқылы жүрек соғуының жиілігі анықталады. Ол үшін тамыр соғуының жиілігін 10 сек. ішінде 6 мәрте анықтайды, алынған нәтижелерді қосады да 6-ға бөледі, орта арифметикалық шаманы есептейді. Ары карай, тексерілетін адам қарынан байламаны (менжетка) алмай, 30 сек. ішінде 20 мәрте отырып-тұрады. Осындай жүктемеден соң дереу АҚ және жүрек соғуының 10 сек. жиілігі анықталады. Содан соң, тамыр соғуының жиілігі (пульс) және АҚ жүктемеден кейін әрбір 1 минут сайын (бірнеше мәрте) көрсеткіштердің бастапқы шаманың қалпыпа келгенінше анықталады. Алынған деректер кестеге енгізіледі:




Зерттелетін көрсеткіштер

Жүктемеге дейін


Жүктемеден соң дереу

Жүктемеден соң әр минут сайын

1

2

3

4

5

АҚ






















систолалық






















диастолалық






















пульстік






















Сынауды бағалаудың нышандары: Жүрек соғуы жиілігін талдау.

1. Жүктемеден соң тамыр соғуының жиілігі 3-4 мин. соң қалпына келуге тиіс.

2. Жүктемеден соң тамыр соғуының жиілігі 50-70%-ға артуы тиіс. Ол мынадай өрнекпен есептеледі.

(Жүктемеден соңғы - бастапқы тамыр тамыр соғуының жиілігі соғуының жиілігі



бастапқы тамыр соғуының жиілігі) х 100
АҚ өзгеруін талдау.

1. Дене жүктемеснен соң систолалық қысым әдетте 10-20 мм. с.б. артады, диастолалық қысым 10-20 мм с.б. төмендейді, пульстік қысым 20-40 мм с.б. артады.

2. АҚ жүктемеден кейін 4-5 минуттан соң қалпына келеді. Көрсетілген қалыптылық жүрек-тамыр жүйесінің дене жүктемесіне жауабының нормотониялық әсерленісі кезінде байкалады және ол жүрек және қан тамырлары жағдайы қалыпты дені сау шынықпаған адамдарға тән, бейімделу мүмкіншіліктері жеткілікті.

Жауаптың дерттік түрлері де кездеседі:



1. Гипертониялық әсерленіс.

Бұл кезде систолалық қысым қатты жоғарылайды - 180-200 мм с.б. дейін, диастолалық кысым - өзгермейді немесе жоғарылайды. Тамыр соғуы жиілігінің артуы жоғары, оның және АҚ бастапқы қалпына келуі, нормамен салыстырғанда, жүктемеден соң ұзаққа созылады. Бұл әсерленіс (серпіліс) АҚ жоғары, қан тамырларының атеросклероздық өзгерістері бар кісілерде, спортшыларда - шынығу жүктемесі жоғары кезеңінде байкалады.



2. Дистониялық әсерленіс

Систолалық қысым жүктемеден соң өте қатты көтеріледі, кейде 225 мм с.б. және одан да жоғары, ал диастолалық қысым польге дейін төмендейді - "шексіз" дыбыс феномені.



3. Астениялық әсерленіс.

ЖүректІң қызметтік жағдайы нашарлағанда байқалады. Бұл кезде систолалық қысым жүктемеден соң төмендейді. Тамыр соғуы жиілігінің артуы пайыз бойынша жоғары. Жүрек соғуының жиілігі және АҚ деңгейінің қалыпты жағдайға келуі кешігеді.

Алынған деректер бойынша қорытынды жасалады.


4 тапсырма.

Дене .жүктемесіне тексерілетін адамның тыныс алу жүйесінің әсерленісін және организмнің бейімделу мүмкіншілігін зерттеу.


Әдісі: "Тексерілетін адам түрегеліп тұрып демді ішке тартады, сыртқа шығарады, қайтадан демді ішке терең тартады, ол шынына жеткенде тыныс алуды тоқтатады (саусақпсн мүрыпды қысу арқылы). Секундомермен тынысты тоқтау мерзімі анықталады (Штанге сынауы).

Минуттық үзілістен соң отырған жағдайда тексерілетін адам терең тыныс алып, барынша тыныс шағарады да тынысты тоқтатады. Тыныс шығарғанан соң тынысты тоқтату мерзімі секөндомермен анықталады (Генче сынауы).

Ары қарай осындай сынаулар дене жүктемесінен соң 30 секунд ішінде 20 мәрте отырып-тұрудан соң дереу жүргізіледі. Алынған деректер кестеге енгізіледі.

Зерттелетін

көрсеткіштер



Жүктемеге дейін

Жүктемеден соң дереу

Штанге сынауы







Генче сынауы







Жүргізілген сынауларды бағалау алынған деректерді қалыптылықпен салыстыру арқылы жасалады.

Дені сау шынықпаған адамдарда:

Штанге сынауы -30- 40 сек.

Генче сынауы - 20-30 сек.

Дене жүктемесінен соң бұл көрсеткіштер 10-15 сек. қысқарады. Алынған деректер бойынша қорытынды жасалады.
5 тапсырма. Сөзжұмбақ (кроссворд) шешу

Тігінен:

1. «аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық

және әлеуметтік толық сәттілік жағдай»

2. өлім сатысы

3. аурудың нышаны

4. гипоксияға ең сезімтал ми бөлігі

5. өлген организмді тірілтуге үлес қосқан ғалым

6. сауығудың тұрақты механизмдерінің бірі

6. клиникалық көріністердің қайталануы

7. сутегі ионы мөлшерінің артуы

8. пневмониядан өлген баланың оқшауланған жүрегін 19 сағат 30 минөттен соң тірілткен (1902) ғалым, Верный қаласында тұрған.

9. «әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы»

10. Ф.А. Андреев (1913) ұсынған организмді тірілту мақсатында жүрекке қарай артерия арқылы сұйықтықты енгізу әдісі

11. денсаулықтың өлшемі

12. денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай

Көлденеңінен:

1. ауру туралы жалпы ілім

2. өлімнің түрі

3. өлген организмді тірілту туралы ғылым

4. өлімнің түрі

5. аурудың аяқталуы

6. патофизиологтардың Қазақстандық мектебінің негізін қалаушы

7. өлім кезінде дамитын негізгі дерттік үрдіс

8. аурудың аяқталуы

9. жұқпалы аурулардың бірінші кезеңі

10. патологияның жасушалық теориясын құрған неміс паталоганатомы

11. аурудың клиникалық белгілерінің уақытша жойылуы

12. оттегі тапшылығына ең сезімтал жасуша

13. қанағымының қалпына келуі






Сөзжұмбақ


кроссворд
Сынамалық тапсырмалар – 1.7 бөлімді, патофизиология пәнінен сынамалық тапсырмаларды қараңыз
ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 6-8

  2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 5-23.

  3. Патофизиология, Под ред Новицкого В.В.,Гольдберга Е.Д схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н., Уразовой О.Н.- Москва: изд-во ГЭОТАР, 2010, том 1, с 63-89

  4. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нұрмұхамбетова.-Алматы: РПО «Кітап», 2004 С. 3-10, 12-17.

  5. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 4-30.

  6. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 1-34.

  7. ҚР Денсаулық сақтау Министірлігінің (ДМ) №442 бұйрығы «Қазақстан Республикасында№ медициналық – биологиялық эксперименттер мен клиникалық тексерулер бойынша клиника алды зерттеулер жүргізудің тәртіптерін бекіту« және ҚР Индустрия және Сауда (ИС) министірлігінің техникалық метрологиялық реттеу Комитетінің №575 бұйрығы. «ҚР мемлекеттік стандарт заңды тәртіптегі лабораториялық тәжірибе. Негізгі қағидалары».

  8. Есембаева С.С., Касенов Б.Ж. и совет Механизм развития патологии в полости рта. Моделирование воспалительных прцессов в слюнных железах. Алматы, 2010, с 14-16

  9. Патофизиология . Учебник под ред. А.Н. Валожина, Порядина Т-1-М., «Академия», 2006, с 23-30

  10. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 24 -57

  11. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 10-31

  12. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М: ГЭОТАР-МЕД, 2003. Т. 1. С. 9-37.

  13. Крыжановский Г.Н. Патофизиология как современная интегративная биомедицинская наука //Вестник АМН МСССР. - 1991, № 3. - С.9 - 11.

  14. Крыжановкий Г.Н. Патофизиология на рубеже нового столетия // Второй Российский конгресс по патофизиологии. Патофизиология органов и систем. Типовые патологические процессы. Тезисы докладов. М.: 2000, с.6 – 10.

  15. Адо А.Д. Вопросы общей нозологии. - М.: Медицина, 1982 . - 240 с.

  16. Ударцева Т.П. Гипокинезия как предболезнь //Вестник КагГМУ, 2001. - № 12, с. 56-6


Құқықтық білім деңгейін (компетенциясын) бағалауға арналған сынамалар

1. Қазақстан Республикасы (ҚР) Денсаулық сақтау министірлігінің (ДМ) №442 бұйрығы «Қазақстан Республикасында медициналық – биологиялық тәжірибелер мен клиникалық тексерулер бойынша клиника алды зерттеулер жүргізудің тәртіптерін бекіту« және ҚР Индустрия және Сауда (ИС) министірлігінің техникалық метрологиялық реттеу Комитетінің №575 бұйрығы. ҚР мемлекеттік стандарт заңды тәртіптегі зертханалық тәжірибе. Негізгі қағидалары.



1.Клиникаға дейінгі зерттеу

  1. Клиникалық тәжірибеге ұсынылудың алдында тәжірибе жүзінде биологиялық, уыттық, химиялық, физикалық және басқада кешенді ғылыми жұмыс жүргізу

  2. Пациенттің клиникалық тексерілуге өз еркімен қатысқаны туралы күні, айы көрсетілген қолы қойылған дәлелдемелік құжаттың болуы.

  3. Дәріден басқа жаңа құралдар мен алдын-алудың диагностикалық және ауруды емдейтін әдістемелер, жаңа медициналық технологиялар.

  4. Тексеруге келіскен адамдармен зерттеулер жүргізу.

2. Медициналық – биологиялық тәжірибе – бұл

  1. әртүрлі аурулардың даму тетігінің заңдылықтарын анықтау, алдын-алу және жаңа емдеу әдістерінің пайдасын тексеру

  2. Келісім шарт бойынша тапсырыс беруші мен зерттеу жүргізушінің шартқа сәйкес нақты ғылыми жұмыстар жүргізуі.

  3. Тексеруге келіскен адаммен зерттеулер жүргізу

  4. Пациенттің клиникалық тексерілуге өз еркімен қатысқаны туралы күні, айы көрсетілген қолы қойылған дәлелдемелік құжаттың болуы.

3. Медициналық –биологиялық тәжірибе келесі негізгі қызметтерді атқарады (4)

  1. Жаңа ғылыми деректерді алуға арналған:

  2. ұқсас мәліметтердің ішінен жалпы ерекшелігі бар деректі бөліп алу заңдылықтарын айқындау үшін гипотеза құрастыруға мүмкіндік береді.

  3. Гипотеза мен теорияларды тексеруге, айқындығын анықтауға болады және жаңа гипотезаларға жол ашады.

  4. Кликалық тәжірибеде ауруларды анықтау үшін диагностикалық және емдік жаңа әдістемелерді қолдануға шартты кепілдік береді;

  5. Клиникалық тәжірибеде ауруларға диагностикалық және емдік жаңа әдістемелер қолдануға толық кейілдік бере алады.

4. Үлгіге қойылатын талаптар: (4)

  1. Адам ауруларының үлгісін қолдану. Осы ауруды туындататын себеп пен септік жағдайларының ұқсас болуы;

  2. Аурулармен салыстырғанда функционалдық, құрылымдық деңгейдегі өзгерістерінің ұқсас болуы;

  3. Аурудың асқынулық ұқсастығы;

  4. Қолданылған ортақ емнің әсерлікте болуы;

  5. Жануарлардың тек бір түрін қолдану;

5. Клиникаға дейінгі сапалы жүргізілген зерттеулер мен медициналық – биологиялық тәжірибелерді қамтамасыз етеді:

  1. Қаражаттар ;

  2. Лайықты басқару жұмыстың мақсаты мен міндеттері, материалы мен әдістемелері зерттеудің мақсатын орындауа бағытталған хаттамалар толтыру, және т.б.);

  3. Зерттеудің жоспарлық көрсеткіштерге сәйкес болуы;

  4. Құжаттардың тіркеулік жүйеге сай болуы біріншілік мәліметтерді тіркейтін жұмыс, ең соңғы ақпараты, архивтік мәліметтер);

  5. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері мен тәжірибелердің айқынды қорытындылары сапалылығымен кепілдік жүйені қамтамасыз ету үшін.

6. Қазақстан Республикасының медициналық-биологиялық тәжірибе мен клиникаға дейінгі жануарларға жүргізілетін зерттеулердің бұйрығы

ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің (ДСМ) № 442 бұйрығы «Қазақстан Республикасында№ медициналық – биологиялық эксперименттер мен клиникалық тексерулер бойынша клиника алды зерттеулер жүргізудің тәртіптерін бекіту« және ҚР Индустрия және Сауда (ИС) министірлігінің техникалық метрологиялық реттеу Комитетінің № 575 бұйрығы. ҚР мемлекеттік стандарт заңды тәртіптегі зерханалық тәжірибе. Негізгі қағидалары.



7. Зерттханалық жануарлармен қол жұмысын жүргізу үшін оларды бағып-қағып қарайтын мынадай бөлмелері болуы керек:

A)… E)…


B)… F)…

C)… G)…



D)…. H)…

8. Жоспарлау мен қаражаттарды бөлу жүйесін негізгі жоспар деп атайды. Оларға мыналар жатады (дұрыс жауабын таңдаңыз):

  1. зерттеудің барлық (түгел) хаттамалары:

  2. Жұмыс жүргізуші адамдардың күнделік жұмыс кестесі:

  3. Зерттеудің аяқтау мезгілі . Оған хаттамаларды тексеру мен қорытынды ақпараты кіреді:

  4. Қолданылған жабдық құралдар туралы мәлімет:

  5. Жұмыс жүргізушілердің жеке жауапкершілігі туралы мәлімет:

  6. Негізгі жоспардың көлемінде орындалған зерттеулік құжаттарды жетекшінің бекітуі:

9. Валидациясы (мәліметтің шындығы) –бұл:

  1. Алынған мәліметтердің үрдісін түгелдей нәтижелі қайталап шығуға толық мүмкіндік болуы;

  2. Өз еркімен жұмысқа мойынсынып қатысқан пациент туралы құжаттың түгел болуы (жұмыспен танысқандығы жөнінде: қолы, күні, айы )

  3. алдын-алулық, диагностикалық және ауруларды емдеу туралы жаңа ұсыныстардың болуы (дәріден басқа):

  4. Зерттеулік жұмыстың тексеруші адамның қатысуымен жүргізілуі.

  5. Әртүрлі аурулардың дамуының заңдылықтарын анықтау.

10. Ақпараттық келісім-бұл:

  1. Алынған мәліметтердің үрдісін түгелдей нәтижелі қайталап шығуға толық мүмкіндік болуы;

  2. Өз еркімен жұмысқа мойынсынып қатысқан пациент туралы құжаттың түгел болуы (жұмыспен танысқандығы жөнінде: қолы, күні, айы )

  3. алдын-алулық , диагностикалық және ауруларды емдеу туралы жаңа ұсыныстардың болуы (дәріден басқа):

  4. Зерттеулік жұмыстың тексеруші адамның қатысуымен жүргізілуі.

  5. Әртүрлі аурулардың дамуының заңдылықтарын анықтау.

11. Калибрлеу (өлшемдік көрсеткіштер)-бұл:Құралдарды қолдану арқылы

  1. Алынған мәліметтердің тұтас деректерінің эталондық көрсеткіштердің көлемінен алшақ болмауы:

  2. Алынған мәліметтерді кейінірек толық сынап қайталап шығуға мүмкіндіктің болуы;

  3. алдын-алулық, диагностикалық және ауруларды емдеу туралы жаңа ұсыныстардың болуы (дәріден басқа):

  4. Зерттеулік жұмыстың тексеруші адамның қатысуымен жүргізілуі.

  5. Әртүрлі аурулардың дамуының заңдылықтарын анықтау.

12. Зертханалық (лабораториялық) тәжірибенің дәйектілігі бұл:

  1. Стандарты жоспарлау, жүргізу, маниторингі, аудит, құжатнамалар, талдау және клиникаға кейінгі (клиникалық емес) зерттеулер, алынған мәліметтерді растайтын және кепілдікте бола алатындығы;

  2. Алынған мәліметтерді кейінірек толық сынап қайталап шығуға мүмкіндіктің болуы;

  3. алдын-алулық, диагностикалық және ауруларды емдеу туралы жаңа ұсыныстардың болуы (дәріден басқа):

  4. Зерттеулік жұмыстың тексеруші адамның қатысуымен жүргізілуі.

13. Рандомизациясы (көз жұмып тәуекелдік таңдау)-бұл:

  1. Сынама жүйесінің алу, бұл қателік жүйесінің ықпалын азайтуға бағытталған;

  2. Тексерілуге қатысты ағзаларға сынамалы қолданылушы материалдық уыттың әсері;

  3. Жұмыс біркелкі жүргізілуі үшін дәйекті түрде жазылған нұсқаулардың болуы;

  4. Сыналушы материалдың құрсақ ішіндегі балаға ақаулықтардың дамуы мен қалыптыдан бөгде ауытқулар туғызу мүмкіндігі;

  5. Сыналушы материалдың құрсақ ішіндегі баланы өлімге душар ету мүмкіндігі,

14.Стандартты операциялық істер (процедуралар)-бұл:

  1. Сынама жүйесінің алу, бұл қателік жүйесінің ықпалын азайтуға бағытталған;

  2. Тексерілуге қатысты ағзаларға сынамалы қолданылушы материалдық уыттың әсері;

  3. Жұмыс біркелкі жүргізілуі үшін дәйекті түрде жазылған нұсқаулардың болуы;

  4. Сыналушы материалдың құрсақ ішіндегі балаға ақаулықтардың дамуы мен қалыптыдан бөгде ауытқулар туғызу мүмкіндігі;

  5. Сыналушы материалдың құрсақ ішіндегі баланы өлімге душар ету мүмкіндігі,

15. Дерттігі – бұл:

  1. Сыналушы материалдың құрсақ ішіндегі балаға ақаулықтардың дамуы мен қалыптыдан бөгде ауытқулар туғызу мүмкіндігі;

  2. Сынамалық материалдың тері қабатына зақымдық әсері;

  3. Тәжірибелік жануардың организіміне сынамалы материалды жиі (6 айға дейін) дозалық шеңберде қолданылғанда зиандық әсерінің өлшемі:

  4. Сынамалық материалды бір немесе бірнеше рет енгізгенде құрсақ ішіндегі нәрестеге немесе жаңа туған балаға зианды ықпалы;

  5. Сыналушы материалдың құрсақ ішіндегі баланы өлімге душар ету мүмкіндігі,

16. Жедел уыттылығы-бұл:

  1. Тәжірибелік жануардың организіміне сынамалы материалды жиі (6 айға дейін) дозалық шеңберде қолданылғанда зиандық әсерінің өлшемі:

  2. Тәжірибелік жануардың организміне сынамалы материалды жиі (12 айға дейін ) көбірет дозалық шеңберде қолданылғанда зиандық әсерінің өлшемі;

  3. Тәжірибелік жануардың организміне сынамалы материалды жиі (10 айға дейін ) көбірет дозалық шеңберде қолданылғанда зиандық әсерінің өлшемі;

17. Созылмалы уыттығы – бұл:

  1. Тәжірибелік жануардың организіміне сынамалы материалды жиі (6 айға дейін) дозалық шеңберде қолданылғанда зиандық әсерінің өлшемі:

  2. Тәжіриблік жануардың организміне сынамалы материалды жиі (12 айға дейін ) көбірет дозалық шеңберде қолданылғанда зиандық әсерінің өлшемі;

  3. Тәжіриблік жануардың организміне сынамалы материалды жиі (10 айға дейін ) көбірет дозалық шеңберде қолданылғанда зиандық әсерінің өлшемі;

18. Фетоуыттығы – бұл:

  1. Сынамалық материалдың тері қабатына зақымдық әсері;

  2. Тәжірибелік жануардың организіміне сынамалы материалды жиі (6 айға дейін) дозалық шеңберде қолданылғанда зиандық әсерінің өлшемі:

  3. Сыналушы материалдың құрсақ ішіндегі баланы өләмге душар ету мүмкіндігі,

  4. Қолданылушы сынамалық материалдың нәресте денесінің қалыптасуына және функцияларының дамуы мен оның қоршаған ортаның ықпалына жүктіліктің соңғы кезеңдеріне бейімделуіне нұқсан келтіру мүмкіндігі.

2 тақырып «ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ МЕН ПАТОГЕНЕЗ»



Сабақ мақсаты:

    • Жалпы этиология мен патогенездің негізгі түсініктерін меңгеру

    • Теориялық материалдарды, алған мәліметтерді игеріп, оны патогенездің сызба нұсқасын құрастырғанда, есеп шығаруда қолдана білу.

    • Этиология және патогенез сұрақтары бойынша пікірталас қабілетін қалыптастыру.

    • ҚР ДСМ және ҚР И және С министрліктердің №442, № 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын эксперимент жүргізгенде сақтай білу.


Оқыту міндеттері:

  • биіктік ауруын үлгілеу тәсілін меңгеру

  • тәжірибе нәтижелерін сараптап, төмен барометрлік қысымның әсерін мысалға ала отырып жалпы патогенездің негізгі түсініктерін түсіндіру


Сабақтың негізгі сұрақтары:

  1. Этиология туралы түсінік. Ауру туындауындағы себеп пен жағдайдың маңызы. Ауруларды алдын алудың және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.

  2. Этиологиялық жайттардың жіктелуі және олардың сипаттамасы. Ауру туындауында сыртқы орта жайттары мен организмнің ерекшеліктерінің маңызы. Ауыз қуысы ауруларының туындауындағы биологиялық факторлардың ролі.

  3. Психогенді патогенді факторлар. Ядрогенді ауру туралы түсінік. Әлеуметтік факторлардың маңызы.

  4. Патогенез, анықтамасы. Бүлініс патогнездің бастапқы тізбегі ретінде. Бүлініс деңгейлері. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар. Патогенездің негізгі тізбегі, «кері айналып соғу шеңбері» туралы түсініктер, мысалдар келтіру.

  5. ҚР ДСМ және ҚР И және С министірліктердің №442, № 575 бұйрықтарының негізгі тәртіптерін эксперимент жүргізгенде сақтай білу.

  6. Теориялық игерген білімді есеп шығарғанда қолдана білу.


Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:

Студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс, тәжірибелер орындау, тәжірибе нәтижелерін талқылау.


Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, тәжірибе нәтижелерін және есептерді тексеру, тестілеу


МАШЫҚТЫҚ жұмыс

№ 1 тапсырманы орындау немесе «Биіктік ауруын үлгілеу» бейнефильмін көру.

1 тапсырма. Биіктік ауруының үлгісін алу және негізгі көріністерін зерттеу.

Әдісі. Ақ тышқанды Комовский аспабының астына отырғызады. Жануардың бастапқы жағдайын: тәртібі, тыныс алу сипаты, терісінің түсін байқап белгілеп алады. Комовский аапабының насосы арқылы ауаны барометрлік қысымның көрсеткішін манометр арқылы байқай отырып, біртіндеп сорады. Барометрлік қысымның 0,2 атм., 0,4 атм., 0,6 атм., 0,8 атм-ға төмендегенде тышқандағы өзгерістердің сипаты мен бірізділігін белгілейді. Тышқанның өліп қалмауын қадағалап отыру керек, сол себепті құрысу-тырыспа басталғанда тез арада қалпақтың астына ауа жіберіледі. Алынған нәтижелер хаттамаға толтырылады, қорытынды жасалады.

Тәжірибе хаттамасы.

Барометрлік қысымның деңгейі

Негізгі көріністері

Бастапқы жағдайы




0,8 атм.




0,6 атм.




0,4 атм.




0,2 атм.




Сұрақтар.1.Бұл экспериментте жануарлар қандай патогендік фактордың ықпалына душар болды?


    1. Патологияның дауына қандай ықпал әсер етті (гипобариялық гипоксия?)

    2. Қалай тексеруге болады?

2 тапсырма. Пол Бер тәжірибесін сараптау

Тәжірибеге екі топ тышқан алынады. Біріншісі ауа толтырылған барокамераға отырғызылып, барометрлік қысым біртіндеп 210 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл кезде жануарда биіктік ауруының белгілері көрініп, тырысу дамиды.

Екінші топ тышқандарын оттегіге толтырылған барокамераға отырғызылады. Бұл камерада барометрлік қысым 200 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл тышқандарда биіктік ауруының белгілері байқалмайды.

3 тапсырма. Биіктік ауруының құрылымдық кестесін зерттеу

№ 1. БИІКТІК АУРУЫ

Себептері

Патогенездің негізгі тізбегі

ОЖЖ

Жүрек- қан тамыр жүйесі

Тыныс алу жүйесі
Қан жүйесі


Барометрлік қысымның төмендеуі,

дем алатын ауада рО2 төмендеуі



гипоксемия

зат алмасудың бұзылуы



гликолиздің белсенділенуі

зат алмасудың шала тотыққан өнімдерінің жиналуы



негізгі көріністері

Тоқмейілсу, психикалық үрдістердің баяулауы, нәзік қимылдық нақтыланудың бұзылуы, қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы, селкілдек.
Тахикардия, жүректің соғулық көлемінің, жүректің минөттік көлемінің ұлғаюы, қанайналымының орталықтануы.
Гиперпноэ, кейін брадипноэ немесе үзілісті тынысқа ауысады
Эритроцитоз


Газдар және сұй-ықтардың физикалық қасиеттерінің өзгеруі

Декомпрессиялық синдром, іш кебуі, құлақ және маңдай қуыстары ішіндегі шаншу, майда қантамырларының жыртылуы, тері астында ауа жиналуы, газдық эмболия


№ 2.


БИІКТІК АУРУЫНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІНДЕГІ КЕРІ АЙНАЛЫП СОҒУ ШЕҢБЕРІ
Дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымының (рО2) төмендеуі

гипоксемия



Тыныс алу орталығының қозуы

гиперпноэ



Гипокапния, тыныстық алкалоз

Тыныс алу орталығының әлсіреуі



брадипноэ


Ситуациялық есептер (1,2,3,4) сабақта таратылатын материялдар бар.
ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 8-27

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 73-82

  3. Патофизиология / /Под ред. Новицкого В.В – М.Гэотар,2010 том 1.С. 73-87.

  4. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22.

  5. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30 -38.

  6. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14.

  7. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 24-50

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 33-37.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 37-45.

  3. Давыдовский И.В. Проблемы причинности в медицине (этиология). М.: Медгиз. - 1962. -176 с.

  4. Царегородцев Г.И., Ерохин В.Г. Диалектический материализм и теоретические основы медицины. М.: Медицина, 1986, С.226 - 233.

  5. Нурмухамбетов А.Н. Спорные вопросы этиологии (лекция) // Вестник КазГМУ, 1999. - № 5,.с.114 - 117.

БАҚЫЛАУ

Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Беттің туа пайда болған және ауыз қуысы ағзаларының ақауларының көріністерін таңып білу; Беттің туа пайда болған және ауыз қуысы ағзаларының ақауларының көріністерін таңып білу
2012 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2012 -> Министерство здравоохранения рк
2012 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2012 -> Тесты для вступительного экзамена 6 курс воп каз
2012 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2012 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2012 -> Патофизиология кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет