Сабақ -1 картасы мерзімі: Сынып: 6 Пән: География



Дата15.08.2018
өлшемі72.1 Kb.
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

Ә.Жангелдин атындағы жалпы

орта білім беретін мектебі кмм-нің

география пәні мұғалімі Г.К.Альмуратова




«АУЫЗША САБАҚ -1 » КАРТАСЫ

Мерзімі:

Сынып: 6

Пән: География

Тақырып: §56.Халықтар

Мұғалім: Альмуратова Г.К

Өткізу түрі: «Ауызша сабақ -1» картасы,БжС технологиясы.Мұғалімдерге арналған әдістемелік басшылық «Стандарттық мазмұн» 6 сынып.

Мақсаты: Халықтар туралы толық білім беру.Сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын,ақпараттық құзіреттілігін дамыту.Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде,пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.

Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.

Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.



Сабақтың құрылымы

Технологиялық картаның жұмыс тәртібі

Түсініктеме

1

Ұйымдастыру кезеңі

Мотивация



Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады және өмірде мектептен кейін де табысты болуы.Картамен жұмыс тәртібі түсіндіріледі.Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.

Тақтаның жоғарғы оң жағына 63% нормасының саны қойылады.

ООМ


А

Б

В

С

Д

Е

























































2

Қабылдауды ұйымдастыру

Тірек сөздермен жұмыс

Мұғалім тақтаға тірек сөздерді жазады.



  1. 1.Адам

  2. 2.Демография

3-4. Демографиялық жарылыс

5-6.Халықтар географиясы

7. 2/3 бөлігі

8-9.Демографиялық саясат

10-11. Халық санағы

12-13-14. Жердегі халық саны

15.Тығыздығы

16.Болжам



Берілген уақыттан соң блок жабылады.Оқушылар есте қалған сөздерді дәптерге жазады.Блок ашылады.Оқушылар естерінде қалмаған сөздерді толықтырып жазып,жазбаларын толықтырып алады.

3

Ұғынуды ұйымдастыру

Берілген уақытта оқушылар оқулықтағы мәтінді өз бетінше оып,тірек сөздердің мағынасын ашады.

Мәтінді оқу жылдамдығы 1 параққа 4 мин

4

Түсінудің бірінші тексерілуі

Қиылыс сұрақтар

Осы аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.

1.Халықтар географиясы нені зерттейді? Адамның Жер бетінде таралуын,оның себептерін,өткендегісін,қазіргісін және болашағын зерттейді.

2.Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары туралы ғылым қалай аталады? Демография

3.«Демография» сөзі қандай мағынаны білдіреді? Грек тілінен аударғанда «демос»-халық, «графо» - сипат деген сөз.

4.Ғалымдар жаңа тас дәуірінің басында ,жер бетінде қанша адам өмір сүрген деп есептейді?5-10 млн адам

5.Біздің заманымыздың басында Жердегі адам саны қанша болған? 230 млн

6.Біздің заманымыздың басында Жердегі адамның 2/3 бөлігі қайда тұрған? Азияда

7.XVIII ғасырда халықтың өсуінің себептері неге байланысты? Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуына,тамақ өнімдерінің көбеюіне,медицинаның жетістіктеріне байланысты

8.Жер бетіндегі халық саны 1820 жылдары қанша болған? Шамамен 1 млрд болған

9.107 жылдан кейін,яғни 1927 жылы қанша млрд-қа жеткен? 2 млрд-қа

10.1960 жылы Жер бетіндегі халық саны қаншаға жетті? 3 млрд-қа

11.27 жылдан кейін 1987 жылы Жер бетіндегі халық саны қанша млрд-қа жеткен?5 млрд-қа

12.1999 жылы Жер бетіндегі халық саны қанша млрд-қа жеткен? 6 млрд

13.2012 жылы Жер бетіндегі халық саны қанша млрд-қа жеткен? 7 млрд-қа

14.Жердегі халықтың ХХ ғасырдың 2-жартысында күрт өсуін ғалымдар қалай атайды? Демографиялық жарылыс

15.Қазақстанда алғашқы халық санағы қай жылы өткен? 1897жылы

16. Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде халық санағы неше рет және қай жылдары ұйымдастырылды? 2 рет,1999 жылы,2009 жылы

17.Ғылыми болжам бойынша ХХІ ғасырдың аяғында халық саны қанша болады?10-11 млрд адам

18.Жердегі халықтың орташа тығыздығы қалай анықталады? Халықтың жалпы санын құрлықтың көлеміне бөлу арқылы

19.Жер шарындағы халықтың орташа тығыздығының өзгеріп отыру себебі неде?Халық санының өсуіне сәйкес

20.Адам мекендейтін құрлықтың 1 км²-іне 1920 жылы қанша адамнан болды? 13 адамнан

21.Адам мекендейтін құрлықтың 1 км²-іне 1950 жылы қанша адамнан болды? 18 адамнан

22.Адам мекендейтін құрлықтың 1 км²-іне 1987 жылы қанша адамнан болды? 34 адамнан

23.Қазіргі кезде1 км²-іне қанша адамнан келеді? 40 адамнан

24.Халықтар қай аймақтарда сирек орналасқан?Полярлық аймақтарда,ірі шөлдерде,биік таулы жерлерде және ылғалдық экваторлық ормандарда

25.Көптеген елдер халық санының өсуін реттеу мақсатымен қандай саясат жүргізеді? Демографиялық саясат

26.Туу санын шектеу туралы демографиялық саясатты қай елдер жүргізеді? Қытай,Үндістан

27.Қытай Халық Республикасындағы халық саны қанша? 1млрд 300 млн

28.Үндістанда

29.Қытайда туу санын шектеу туралы қандай саясат жүргізіледі? «1 отбасына 1 бала»

30.Қай мемлекеттер тууды көбейтуге бағытталған демографиялық саясатты ұстанады? Ресей,Франция,Германия,Болгария,Венгрия,Румыния



Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады.Оқушыларға жауабына қарай «+»,

«-» таңбасы қойылады.



5

Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру

Сыни тұрғыдан сұрақтар

1.Халықтар географиясы адамның Жер бетінде таралуын,оның себептерін,өткендегісін,қазіргісін және болашағын зерттейді+

2.Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары туралы ғылым демографиялық жарылыс деп аталады –

3.«Демография» сөзі грек тілінен аударғанда демос-жарылыс, графо- сипат деген мағынаны білдіреді –

4.Ғалымдар жаңа тас дәуірінің басында ,жер бетінде 15-20 млн адам өмір сүрген деп есептейді –

5.Біздің заманымыздың басында Жердегі адам саны 130 млн болған –

6.Біздің заманымыздың басында Жердегі адам санының 2/3 бөлігі Азияда тұрған +

7.XVIII ғасырда халықтың өсуі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуына,тамақ өнімдерінің азаюына,медицинаның жетістіктеріне байланысты болды –

8.Жер бетіндегі халық саны 1820 жылдары шамамен 1 млрд болған +

9.107 жылдан кейін,яғни 1927 жылы 2 млрд-қа жеткен +

10.1960 жылы Жер бетіндегі халық саны 3 млрд-қа жеткен +

11.27 жылдан кейін 1987 жылы Жер бетіндегі халық саны 5 млрд-қа жеткен +

12.Халық саны 1999 жылы 7 млрд-қа жетті -

13.Жердегі халықтың ХХ ғасырдың 2-жартысында күрт өсуін ғалымдар «Демографиялық көтеріліс» деп атаған –

14.Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде халық санағы 2 рет,1999 жылы және 2015 жылы ұйымдастырылды -

15.Халық санағы әр 5 жыл сайын жүргізіледі –

16.Алдағы уақытқа арналған ғылыми болжам бойынша Жердегі халық саны 2025 жылы 18 млрд адамға дейін өседі -

17.Ғылыми болжам бойынша ХХІ ғасырдың аяғында халық саны 10-11 млрд болған +

18.Жердегі халықтың орташа тығыздығы халықтың жалпы санын 1/2 бөлігін құрлықтың көлеміне бөлу арқылы анықталады -

19.Жер шарындағы халықтың орташа тығыздығының өзгеріп отыруы құрлықтың көлемінің артуына сәйкес келеді -

20.Адам мекендейтін құрлықтың 1 км²-іне 1987 жылы 43 адамнан болды –

21.Еуропа мен Солтүстік Американың өнеркәсіпті аудандарында,Оңтүстік-Шығыс Азияның ірі өзен алқаптарында халық сирек қоныстанған -

22.Қытайда 1км² жерде тұратын халық саны 2000-нан асады -

23.Халықтар полярлық аймақтарда ,ірі шөлдерде,биік таулы жерлерде және ылғалдық экваторлық ормандарда сирек орналасқан +

24.Антарктидада тұрақты тұратын халық бар –

25.Жердегі халықтың ХХ ғасырдың 2-жартысында баяу өскенін байқадық -

26.Көптеген елдер халық санының өсуін реттеу мақсатымен демографиялық саясат жүргізеді +

27.Туу санын шектеу туралы демографиялық саясатты Қытай,Үндістан,Ресей жүргізеді-

28.Қытай Халық Республикасындағы халық саны 2 млрд 300 млн

29.Қытайда туу санын шектеу туралы «1 отбасына 1 бала» саясаты жүргізіледі +

30.Тууды көбейтуге бағытталған демографиялық саясатты Франция,Германия,Болгария,Үндістан,Венгрия,Румыния мемлекеттері ұстанады -


Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады.Оқушыларға жауабына қарай «+»,

«-» таңбасы қойылады.



6

Талдау

Тақырыптық сөздік қор- ТСҚ

Сабақта меңгерілген тақырып бойынша ТСҚ жазылады.Ең көп сөз қорын жазған оқушы дауыстап,жылдам оқиды.



5 минут уақыт өткен соң,оқушылар бір-бірінің қанша сөз жазғандарын санап,есебін шығарады.

7

Рефлексия

Мұғалім әр кезеңдегі нормаларды орындау бойынша қысқа сабаққа талдау жасайды.Мұғалім әр кезең бойынша оқушыларға ойлау қабілетіне байланысты проблемаларды көрсетеді және алға ұмтылуға ынталандырады.

ООМ-да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы 5 балдық шкаламен бағаланады.

8

Үйге тапсырма

§57. «Нәсілдер» тақырыбымен танысып келу.

4 бағадан кем алған оқушыларға үйге тапсырма беріледі





Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет