С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина Универсистеті жтд кафедрасы Кафедраның ассистенті Капарова К. М. Балалар арасында тұмауғА Қарсы екпенің тиімділігі



Дата09.06.2017
өлшемі46.16 Kb.
#12358
С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина Универсистеті

ЖТД - кафедрасы

Кафедраның ассистенті Капарова К.М.

БАЛАЛАР АРАСЫНДА ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕНІҢ ТИІМДІЛІГІ.

Түйін: Балалар арасындағы тұмауға қарсы екпе тұмаумен ауруды айтарлықтай төмендетеді, жәнеде аурудың асқынулары дамуын болдырмайды. Зерттеу 1 жастан 15 жасқа дейінгі балалар арасында тымауға қарсы «ВАКСИГРИП» екпесінің жоғары тиімділігін анықтады.

Түйінді сөз: балалар, тұмау, «ВАКСИГРИП», екпе.

Өзектілігі: ДДҰ мәліметтері бойынша әлемде 40 млн.адам жұқпалы аурулармен, соның ішінде 90%-і тұмау және басқа да жедел вирусты аурулармен ауырады .

Тұмау адамдардың денсаулығы үшін ұзақ уақыт өтседе, барлық әлем тұрғындарының арасында жыл сайынғы індет кезінде 10%-і ауыратын, жәнеде мезгіл-мезгілімен пайда болатын тұмау пандемиясы кезінде бұл көрсеткіштердің 4-6 есеге жоғарылауын шақыратын, маңызды мәселе болып қалады. Сонымен қатар дерлік, тұмау індеттері өлім көрсеткіштерінің жоғарылауымен қатар жүреді. Алайда, тұмау екпелердің көмегімен алдын алуға болатын ауру.

Көптеген мәліметтерде көрсетілген дәлелдемелер бойынша, дер кезінде қолданылған, тұмау вирусының белсенді вакцина штаммдарынан жасалған, тұмауға қарсы екпенің 80 %- ке дейінгі дені сау ересектер және балаларды тұмау ауруынан қорғауға қабілетті екені келтірілген.

Қазіргі уақытта тұмаудың алдын алу үшін көптеген елдерде белсенсіздірілген тұмауға қарсы екпелерді қолданады. Ғалымдардың түсіндіруі бойынша екпе егілмеген балалардың иммунитеті әлсіз болады. Ол бала қоршаған ортадағы түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдайды. Кейін жұқтырып алған ауруы эпидемиологиялық асқынуға әкеп соғады. Аурудың алдын алу шарасы қолданылмағандықтан (яғни екпе алмағандықтан) бойына дендеп кеткен дерті асқынып, оны емдеу сол сәтте мүмкін болмай қалады. Ал, екпе ағзада кез-келген ауруға қарсы тұрар иммунитетті қалыптастарады. Екпе түрлі жұқпалы ауруларға қарсы егу күнтізбесі бойынша 16 жасқа дейін беріледі. Одан соң вакцина беріледі. Екпенің барлығы ақысыз.  Мұның барлығы мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Яғни, біз бен сіздің ақшаңызға алынады. Және бір айта кететін жағдай, әрбір екпе балаға берілмес бұрын тексеріледі. Тіпті оны егудің өз тәртібі бар.


Екпе алмаған бала жоғарыда айтқанымыздай, жұқпалы ауруға тез шалдығады. Жалпы инфекциялық аурулар адамдардан түшкіру, жөтелу, сөйлеу және тағы да басқа жолдармен жұғады. Сондықтан да екпе алмаған баланың жұқпалы ауруымен ауруы біріншіден өзіне қауіпті,  екіншіден төңірегіндегілер үшін де қауіпті болмақ. Ал екпе алған бала дертке шалдыққан күннің өзінде (вакцина баланың денсаулығына ешқандай кепілдік бермейді) емдеу жеңілге соғады дейді.

Мәлімет болуынша, ең жоғары тұмаумен аурушаңдық мектепке дейінгі және ерте мектеп жасындағы балаларда байқалады, сонымен қатар, тұмау жұқтырудың ең негізгі таратушылары да балалар болып есептеледі.

Сондықтан, 6-айлық жасынан бастап балалардағы тұмаудың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Әсіресе, 6 айдан 9 айға дейінгі балаларды егу өте маңызды. Себебі, осы уақытта баланың қанындағы аналық тұмауға қарсы антиденелер жойыла бастайды, және біріншілік тұмау вирусы инфекциясы осы балаларда (иммундық емес)ауыр ағыммен жүретін, және асқынулармен өтетін ауруларды шақыруы мүмкін.
Зерттеу мақсаты: Алматы қаласы. Ауэзов ауданындағы 1 жастан 15 жасқа дейінгі балалар арасында тұмауға қарсы екпенің тиімділігін анықтау.

Материал және әдістері : 01.01.2014ж. мен 30.12.2015 жыл аралығында Алматы қаласы. Ауэзов ауданындағы 520 балаға тұмауға қарсы екпе жүргізілді.

Егілгендер ішінен 75 бала іріктеліп алынды. Іріктелген топтың ішінде 40 қыз, 35 ұл бала болды.

-Ұйымдастырылған топтағы балалар 40 адам (80%),

– Ұйымдастырылмаған 20 (20%).

Егу «ВАКСИГРИП» : код АТС J07BB02:

32 екпесімен жүргізілді.

- 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға 0,25 мл дозада, дельта тәрізді бұлшық еттің ортасына, екіреттік.

- 3 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға 0,5 мл дозада, дельта тәрізді бұлшықеттің ортасына, бірреттік.



Зерттеу нәтижелері: Іріктелген топтың балалары арасында егуге дейінгі тұмаумен аурушаңдық көрсеткіші жоғары болды. Балалар жылына 3 реттен кем емес тұмаумен ауырған. Солардың ішінде 8 балада (10%) ауру асқынулармен өтті. Егу жүргізілгеннен кейін тұмаумен аурушаңдық төмендеді, егу жүргізілген топтың балаларынан 4 бала (90%) 2014 жылдың соңғы 9 айында тұмаумен ауырмады.Тұмаумен ауырған 8 (10%) балада ауру жеңіл түрде, асқынуларсыз өтті.

Тұмаумен аурушаңдық көрсеткіштері 1000 біріктірілген тұрғыннан 100 бала, өлім - жітім-0%. Осылайша, 1 жастан 15 жасқа дейінгі балалар арасындағы тұмауға қарсы екпе тұмаумен ауруды айтарлықтай төмендетеді, жәнеде аурудың асқынулары дамуын болдырмайды.

Әдебиеттердің тізімі:

1. Алексеев А.Вакцинопрофилактика гриппа.М.1998.С№60-70.

2. Алексина С., Дорохова Н., Извольская З.,Опыт применения вакцины «Ваксигрипп» у детей и взрослого населения г.Мосвкы.2004. .№ 5. 10.

3. Гендон Ю.З. Инактивированная расщепленная вакцина» Васгрипп»//Вакцинация.2000.

4. Шарипова И., Фельдблюм И., Ромашова Л. и др. Эффективность применения вакцины Ваксигрип в период эпидемии // Вакцинация. – 2004. – №5. – С. 8-9 2 Грипп: Рук-во для врачей / Под. ред. г. И. Карпухина. – СПб., 2001. – 360 с.

5. Киселев О.И., Дриневский Д.П., Осидак Л.В. и др. Новые средства лечения и профилактики гриппа и других ОРВИ // Лечащий врач. – 2004. – №10. – С. 70-74

6. Учайкин В.Ф. Диагностика, лечение и профилактика гриппа и острых респираторных заболеваний у детей. Пособие для врачей. – Москва, 2001. – 14 с.
Ассистент кафедры К.М.Капарова

Казахский Национальный медицинский Университет имени С.Д.Асфендиярова

Кафедра ПМСП
ЭФФЕКТИВНОСТЬ ВАКЦИНАЦИИ ПРОТИВ ГРИППА СРЕДИ ДЕТЕЙ
Резюме: Вакцинация против гриппа среди детей от 1 года до 15 лет значительно

снизить заболеваемость гриппом и предотвратить развитие осложнений заболевания. , Исследования свидетельствуют о высокой клинической эффективности вакцины «ВАКСИГРИП» среди детей.



Ключевые слова: дети, грипп, «ВАКСИГРИП», вакцинация
Kaparova K.M.

Asfendijarov Kazakh National medical University

Department of primary health care

The effectiveress on influerza vaccination in children
Rezume: Thus vaccination  against flu among children from one to 15 years considerably lowered a case rate flu and prevented development of complications of a disease. The effectiveness of vaccination against influenza among children.

Key words: children, flu, “VAXIGRIP”, vaccination.

.


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет