Рәсімдерді жүргізу тәртiбтерi мен ерекшелiктері Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі



Дата11.04.2018
өлшемі304.11 Kb.
#67412


06.06.2016 ЕСЭДО ГО (версия 7.13.2) Копия электронного документа.



Рәсімдерді жүргізу тәртiбтерi мен ерекшелiктері
Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі
Сұрақ: Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі деген не?

Жауап: Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсім - оңалту рәсімін қолдану және (немесе) борышкерді банкрот деп тану туралы танылғанға дейін борышкерге төлем қабілетсіздігін реттеу мүмкіндік береді.
Сұрақ: Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешімі қашан күшіне енеді?

Жауап: Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешімі дереу орындауға жатады.
Сұрақ: Борышкерге қатысты төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолданған күннен бастап қандай салдарлар туындайды?

Жауап: Борышкерге қатысты төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мынадай салдарлар туындайды:

1) борышкердің барлық берешек түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептеу тоқтатылады;

2) кредиторға (кредиторларға) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасасу кезеңінде борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа өтініш беруге тыйым салынады;

3) борышкерге мүлікті (активтерді) иеліктен шығару бойынша қандай да бір мәмілелер жасасуға тыйым салынады.


Сұрақ: Сот борышкердің төлем қабілетсіздігін реттеу туралы өтінішін қандай мерзімде қарауга тиісті?

Жауап: Сот борышкердің төлем қабілетсіздігін реттеу туралы өтінішін қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарауга тиісті№
Сұрақ: Борышкер төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді қандай мерзімде жасасуға міндетті?

Жауап: Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде борышкер барлық кредиторлармен төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасасуға міндетті.



Сұрақ: Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімге кім қол қойылады?

Жауап: Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім борышкердің, борышкер мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшысының (қатысушысының) не ол уәкілеттігін берген тұлғаның және әрбір кредитордың қолдары қойылады.        
Сұрақ: Кредитор (кредиторлар) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жүзеге асыру кезінде борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы ма?

Жауап: Кредитор (кредиторлар) борышкер мұндай келісімнің шарттарын бұзған жағдайда және сот төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайларда борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.


Сұрақ: Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап қандай салдарлар басталады?

Жауап:        Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап мынадай салдарлар басталады: 


      1) борышкер берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептеу және сыйақы (мүдде) тоқтатылады;

2) борышкердің шоттары бойынша мемлекеттік органдар қойған барлық шектеулер оларды қойған тиісті органдардың шешім қабылдауынсыз алып тасталады;

3) төлеу мерзімі төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасасқаннан кейін басталған, моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есепке алмай, өмiріне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауаптылықта болатын азаматтарға төленетін төлемдердi қоспағанда, соттардың бұрын қабылданған шешімдерін, төрелік шешімдерін орындау тоқтатылады;

4) борышкердің мүлкіне жаңадан тыйым салуға және оның мүлкіне билік етуге өзге де шектеулер қоюға мәмілені жарамсыз деп тану және мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен алуды талап ету туралы борышкерге қойылған талап қоюлар бойынша ғана жол беріледі.


Бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап.

          



Сұрақ: Сот төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекітуден қандай жағдайда бас тартады?

Жауап: Борышкердің төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекітуден соттың бас тартуы үшін:

1) кредиторлардың және (немесе) үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы;

2) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімнің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келуі негіз болып табылады.
Соттың бітімгершілік келісімді бекітуден бас тартуы үшін:
Сұрақ: Үшінші тұлғалардың төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімге қатысуына рұқсат берілеме?

Жауап: Иә, жол беріледі.

Жеделдетiлген оңалту рәсiмi
Сұрақ: Жеделдетiлген оңалту рәсiмi қандай кезде қолданылады?

Жауап: Жеделдетiлген оңалту рәсiмi борышкер мынадай шарттарға сәйкес болған:

1) борышкерге қатысты оңалту туралы немесе банкроттық туралы iс қозғалмаған;


      2) борышкер коммерциялық ұйым болып табылған;

3) борышкер төлемге қабiлетсiз болып табылған не таяу он екi айда ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған кезде оларды орындауға қабiлетсiз болатын кезде қолданылады.

Өмiрге немесе денсаулыққа зиян келтiргенi үшiн борышкер жауаптылықта болатын азаматтардың талаптарын қоспағанда, борышкерге қатысты жеделдетiлген оңалту рәсiмi бiртектi кредиторлар тобы (топтары) алдындағы мiндеттемелер бойынша, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбекақы төлеу және өтемақылар, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша, міндетті зейнетақы жарналар және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналар бойынша берешектердi төлеу бойынша, авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша, сондай-ақ салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша қолданылады.
Сұрақ: Жеделдетілген оңалту рәсімінің басымдылықтары неде?

Жауап: Жеделдетiлген оңалту рәсiмi – сотқа дейiнгi тәртiппен кредиторлармен келiсiлген оңалту жоспары негiзiнде борышкерге қатысты сот тәртібімен қолданылатын рәсiм. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiнің ерекшелітері – белгілі бір кердиторлар тобымен келісілімге келу, оңалту рәсімінің жоспарын жасау және келісуді тек қана солармен жүргізу. Осы рәсімнің бастамашысы болып борышкердің өзі болып табылады және борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығы өзіне жүктеледі. Өкілетті органның ешбір қатысы болмайды. Жеделдетiлген оңалту рәсiмi оның сәтсіз өтуіне байланысты тоқтатылса, банкроттыққа әкелмейді.

Сұрақ: Жеделдетiлген оңалту рәсiмiнiң мерзіме?

Жауап:       Жеделдетiлген оңалту рәсiмiнiң жүзеге асырылу ұзақтығы екi жылдан аспауға тиiс. Сот борышкердiң өтiнiшi бойынша рәсiмнiң жүзеге асырылу мерзiмiн кредиторлар жиналысының келiсiмiмен ұзартуға, бірақ алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
      Борышкерге мемлекеттiк қолдау шаралары қолданылған жағдайда, сот бекiтiлген оңалту жоспарына сәйкес рәсiмнің мерзiмiн белгiлейдi.

Оңалту рәсiмi

Сұрақ: Оңалту рәсiмi деген не?

Жауап: оңалту рәсiмi – сот тәртібімен енгізілетін рәсiм, оның шеңберiнде төлемге қабiлетсiз борышкерге оның таратылуын болғызбау мақсатында борышкердің төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шаралар қолданылады.

Сұрақ: Қандай мерзімде оңалту жоспары әзірлену тиіс?

Жауап: Оңалту жоспарын борышкер оңалту рәсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде кредиторлармен бірлесіп әзірлеуге тиіс.


Сұрақ: Кім оңалту жоспарын бекітеді?

Жауап: Сот, борышкер кредиторлармен бірлесіп әзірленген, оңалту жоспарын бекітеді.
Сұрақ: Оңалту рәсiмi қандай жағдайда тоқтатылады?

Жауап: Борышкердiң мемлекеттiк қолдау шараларына қатысушы мәртебесiн алуы және кредиторлар комитетiнiң шешiмi оңалту рәсiмiн тоқтата тұру үшiн негiздер болып табылады.
Сұрақ: Оңалту рәсiмiн тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарған кезден бастап кредиторлардың талаптары қалай жүргiзiледi?

Жауап: Сот оңалту рәсiмiн тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарған кезден бастап ұйымды оңалту жоспарының орындалуы тоқтатыла тұрады, кредиторлардың талаптарын өтеу мемлекеттiк қолдау шараларының шеңберiнде қабылданған оңалту жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
Сұрақ: Оңалтуды басқарушының қосымша сыйақы мөлшері кандай?

Жауап: Оңалтуды басқарушыға қосымша сыйақы борышкердің мүлкінен кредиторлар жиналысының шешімі негізінде осы тармақта белгіленген шектерде мынадай:

1) заңсыз шығарылған мүлік қайтарылған және осындай мүлікті немесе мәмілелерді анықтау бойынша оңалтуды және банкроттықты басқарушы жүргізген жұмыс нәтижелері бойынша мәмілелер жарамсыз деп танылған жағдайларда - қайтарылған мүліктің бағалау құнының үш пайызына дейін;


      2) дебиторлық берешек өндіріп алынған жағдайда – осындай берешектің өндіріп алынған сомасының үш пайызына дейін төленеді.

Сұрақ: Оңалту жоспарын кім әзірлейді?

Жауап: Оңалту жоспарын борышкер кредиторлармен бірлесіп әзірлеуге тиіс.
Сұрақ: Оңалту рәсiмi қандай түлғаларға қолданылады?

Жауап:       Оңалту рәсiмi сот тәртiбiмен коммерциялық ұйымдарға ғана қатысты қолданылады.

Реабилитационная процедура применяется только в отношении коммерческих организаций в судебном порядке.


Сұрақ: Оңалту рәсімін қолданған кезден бастап өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығарылады ма?

Жауап: Борышкер берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды), сондай-ақ алынған кредиттер бойынша сыйақыларды есепке жазу тоқтатылады
Сұрақ:       Оңалту рәсiмiн жүргiзу мерзiмi?

Жауап:       Оңалту рәсiмiн жүргiзу мерзiмiн оңалту жоспарына сәйкес сот белгiлейдi. Сот оңалтуды басқарушының өтінішхаты бойынша кредиторлар жиналысының келiсiмiмен осы мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол алты айдан аспауға тиiс.

Табиғи монополиялар субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерi болып табылатын не республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар үшiн оңалту рәсiмiнiң мерзiмiн сот екi жылға дейiн ұзартуға құқылы.



Сұрақ: Қандай мерзімді оңалтуды басқарушы кредиторлар комитетімен шарт жасауга міндетті?

Жауап: Тағайындалған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде кредиторлар комитетімен шарт жасасуға міндетті.

Сұрақ: Оңалту рәсіміндегі кәсіпорындар мемлекеттік сатып алуларға қатыса алады ма?

Жауап: Иә, қатыса алады.
Сұрақ: Кәдімгі коммерциялық операциялар деген не?

Жауап:  Кәдімгі коммерциялық операциялар – борышкердiң күнделiктi жұмыс iстеуiн қолдау мақсатында өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң айналымымен байланысты, тұрақты сипаты бар iс-әрекеттер;

Сұрақ: Уақытша әкімші оңалту жоспарының әзірлеу кезде не істейді?

Жауап:  Уақытша әкімші, борышкер кредиторлармен бірлесіп әзірлеген оңалту жоспарын, тиімділігі (тиімсіздігі) туралы сотқа қорытынды  ұсынуға міндетті.
Сұрақ: Кімнің өкілеттіктеріне борышкердің өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешегiнiң сомасын бекiту кіреді?

Жауап: Кредиторлар жиналысының өкілеттіктеріне.
Сұрақ: Оңалтуды басқарушының ай сайынғы төленетін негізгі сыйақының өлшерлері қандай?

Жауап: Оңалтуды басқарушының ай сайынғы төленетін негізгі сыйақының ең төмен мөлшерлері 25 пен 35 АЕК аралығында:

Борышкер шағын кәсіпкерлік субъектісі – 25 АЕК;

Борышкер орта кәсіпкерлік субъектісі – 30 АЕК;

Борышкер ірі кәсіпкерлік субъектісі – 35 АЕК.

Негізгі сыйақының мөлшері кредиторлар жиналысында қайта қаралуы мүмкін.
Сұрақ: Егер оңалту рәсімі екінші жыл өтіп жатқан болса жалақы бойынша қарыздарды төлеу туралы талаптарды беруге болады ма?

Жауап: Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңына сәйкес талаптарды оңалту рәсімінің кез келген кезеңінде беруге болады.

Бірақ, осы Заңмен белгіленген уақытынан кеш берген талапкер кредиторлар жиналысында дауысынан айырылады.

Реабилитациялық басқарушы талапты қабылдауға және тиісті құжаттар болған жағдайда оны талаптар тізіміне енгізуге міндетті, келесі кезектегі талаптарды төлеу жүргізіліп жатқан болса да.

Келесі кезектегі талаптарды төлеу тоқтатылады және оңалтуды басқарушы алдымен бірінші кезектегі талаптарды орындауға міндетті.


Сұрақ: Оңалту рәсімі қолданылып жатқан кәсіпорынның, жұмысшыларымен еңбек қатынастары сақталып қалады ма?

Жауап: Оңалту рәсімі қолданғаннан кейін кәсіпорынның жұмысшыларымен еңбек қатынастары сақталып қалады.

Бірақ, егер кредиторлар жиналысымен келісілген оңалту жоспарында жұмыс орындарын қысқартуды қарастыратын тарату немесе ұйымдастыру – шаруашылық шаралары көзделсе оңалтуды басқарушы Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңын ескере отырып кәсіпорын жұмысшыларының штаттық санын қысқартуға құқылы.


Сұрақ: Оңалту рәсiмi кандай жағдайда тоқтатылады?

Жауап: Оңалтуды басқарушы, егер:

- борышкерге қатысты оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жеткізілген;


      - ол бұл мақсатқа қол жеткізу мүмкін еместігіне көз жеткізген жағдайларда, кредиторлар жиналысының шешімі бойынша борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнедi.

2) борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтуды басқарушының әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өз мүдделерiне нұқсан келтiредi деп есептейтiн борышкер мүлкiнiң меншік иесi (ол уәкiлеттік берген орган) оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа жүгіне алады.

3) кредиторлар жиналысының өткізілетіні туралы тиісінше хабардар етілмеген жағдайда, талап қою сомасы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптардың жалпы сомасының кемінде он пайызын құрайтын кредитордың оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа жүгінуге құқығы бар.

4) кредитор (кредиторлар):

- борышкердің оңалту жоспарын құру жөніндегі әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өзінің мүліктік мүдделеріне нұқсан келтіретінін растайтын негіздер болған;
- кредиторлық берешекті өтеу кестесі үш айдан астам орындалмаған;
- оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішке қоса берілген құжаттарда анық емес мәліметтердің ұсынылу фактілері анықталған;
- борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтуды басқарушының әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өзінің мүліктік мүдделерiне нұқсан келтiретінін растайтын негіздер болған кезде оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгіне алады.

     5) уақытша әкімші кредиторлар жиналысымен ұсынылған оңалту жоспары мақұлданмаған жағдайда.



Сұрақ: Қандай мерзімде банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өту жөнінде банкроттықты басқарушы оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытынды жасауға міндетті?

Жауап: Банкроттықты басқарушы оңалту жоспарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысанда оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытынды жасауға және борышкер мүлкінің меншік иесіне немесе құрылтайшыларға (қатысушыларға) жіберуге міндетті. 
Сұрақ: Қандай мерзімде банкроттықты басқарушы кредиторларды кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабардар етуге міндетті?

Жауап:       Банкроттықты басқарушы мүліктің меншік иесінен немесе құрылтайшыдан (қатысушыдан) не ол уәкілеттік берген адамнан өтiнiшхат түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кредиторлар жиналысын өткізу туралы кредиторларды хабардар етуге міндетті.

Банкроттық рәсімі
Сұрақ: Өзге кредиторлар қандай берешек сомасы бар борышкердi сотқа банкрот деп тану туралы өтінішті жіберуге құқылы?

Жауап: Өзге кредиторлар алдындағы міндеттемелері оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш ай ішінде орындалмаған және жиынтығында дара кәсіпкерлер үшін – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген үш жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы, заңды тұлғалар үшін – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір мың айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрайды.

Сұрақ: Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына банкроттық рәсімін қолдануға болады ма?

Жауап: Жоқ. Банкроттық рәсімі соттың шешімі бойынша жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға қолданылады.

Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғалар болып табылмайды.

Соған байланысты банкроттық рәсімі заңды тұлғалардың филиалдарына, шетелдік заңды тұлғаларды қоса, қолданбайды.
Сұрақ: Борышкердің өзі банкроттық рісіміне бастамашы болған жағдайда сот банкрот деп танудан бас тартса уақытша басқарушының әкімшілік шығындарын кім өтеге тиісті?

Жауап: Оңалту және банкроттық заңнамаларында борышкердің өзі банкроттық рісіміне бастамашы болған жағдайда сот банкрот деп танудан бас тартса уақытша басқарушының әкімшілік шығындарын нақты кім өтейтіні туралы көрсетілмеген.

Сонымен қатар, істі сотта қарастыру кезіндегі ақпаратты жинау және қаржылық ақуалын анықтау бойынша шығындарын ескере отырып, уақытша басқарушы өзінің әкімшілік шығындарын борышкерден талап ету үшін сотқа жүгінуге құқылы.


Сұрақ: Қандай жағдайда салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөніндегі кредитор әкімшілік шығыстарды өтеу тиісті?

Жауап: Кредитордың өтінішхаты негізінде салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілік шығыстарды оның өтеуі туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс. Кредитордың салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөніндегі өтінішіне, егер мынадай:
      1) борышкерде активтердің болмауы;

2) борышкерде жарамсыз деп танылуға жататын мәмілелердің болмауы;

3) борышкердің осы Заңның 11-бабы 2-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындау міндетіне кіретін лауазымды адамдарында активтердің болмауы сияқты мән-жайлардың жиынтығы болса, банкроттық туралы іс қозғалуына және банкроттық рәсімінің өткізілуіне байланысты әкімшілік шығыстарды оның өтеуі туралы өтінішхат қоса беріледі.
Сұрақ: Кредитордың талабың мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандыру мүмкін бе?

Жауап: Кредитордың талабы оның келісуімен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін. Әрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектегі талаптар толық қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады

Сұрақ: Жалған банкроттық деген не?

Жауап: Жалған банкроттық – кредиторларға тиесілі төлемдердің мерзімін кейінге қалдыру немесе ұзарту немесе борыштардан жеңілдіктер алу үшін, сол сияқты борыштарды төлемеу үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатымен заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты дара кәсіпкердің әрекеттері және (немесе) қабылдаған шешімдері нәтижесінде өзiнiң төлем қабілетсіздігі туралы көрінеу жалған хабарлау;
Сұрақ: Қай мерзімде кредиторлар банкротқа қоятын талаптарын мәлімдеуге тиіс?

Жауап: Кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей олар банкротқа қоятын талаптарын мәлімдеуге тиіс.
Сұрақ: Банкроттық туралы iс қозғалған жағдайда кім қатысалады?

Жауап: Банкроттық туралы iске қатысушы тұлғалар – борышкер, кредиторлар, кредиторлардың еңбекақы төлеу жөнiндегi өкiлi, прокурор, борышкер мүлкiнiң меншік иесi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға, уәкiлеттi орган, уақытша басқарушы.

      Сұрақ: Жаңадан анықталған не мүліктік массаға қайтарылған мүлікке (активтерге) бағалау жүргізу туралы шешімді кім қабылдайды?



Жауап: Жаңадан анықталған не мүліктік массаға қайтарылған мүлікке (активтерге) бағалау жүргізу туралы шешімді банкроттықты басқарушының түгендеу туралы есебін қарау кезінде кредиторлар комитеті қабылдайды.
Сұрақ: Банкроттың кандай іс әрекет жағдайында мүлкін сату жоспарына негізгі қызмет түрін міндетті түрде сақтау қосымша шарт енгізіледі?

Жауап: Ауылшаруашылық өнімін өндіруші болып табылатын борышкердің мүлкін сатканда.

Сұрақ: Борышкердің мүлкін басқару бойынша банкрттық басқарушының өкілеттігі заңнама бойынша қалай бекітіледі?

Жауап: Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңымен көрсетілгенінше, борышкердің мүлкін басқару құқығын банкроттық басқарушыға ауыстыру құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Сұрақ: Банкроттық баскарушы салық міндеттерін төлеуге міндетті ме?

Жауап: Иә, міндетті, борышкердiң қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинауды немесе банкроттық рәсімін жүзеге асыру мақсаттарына қол жеткiзу үшін оларды өткізу кезеңiнде борышкердің барлық органдары басқарудан шеттетiледi және борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер әкімшіге берiледi. Әкімші борышкердiң жалғыз басқарушы органы ретiнде әрекет етедi және өз өкiлеттiктерiн борышкердiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асыруға мiндеттi.

Сұрақ: Банкроттық рәсімінде талап ету құқығын қайта табыстау мүмкін бе?

Жауап: Иә, мүмкін. Ондай жағдайда кредитордың құқықтарының басқа тұлғаға өткені туралы борышкерді жазбаша түрде хабарландыру қажет.
Сұрақ: Банкроттық рәсімін өткізу барысында сотқа арыз беру үшін банкроттық басқарушы қандай көлемде мемлекеттік баж төлеуі қажет?

Жауап: Банкроттық басқарушылар банкроттық рәсімінің мүддесінде, оңалту және банкроттық заңнамасымен көрсетілген, өзінің өкілетігінің шегінде арыз беру кезінде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
Сұрақ: Банкроттың мүліктік массасындағы стратегиялық объектіні Қазақстан Республикасына сайкес кім басым құқыққа ие болады?

Жауап: Стратегиялық объектіні сату кезінде Қазақстан Республикасы осындай мүлікті иемденуге басым құқыққа ие болады.  Банкроттықты басқарушы стратегиялық объектіні сатуды «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін алғаннан кейін жүзеге асырады.
Сұрақ: Банкроттың (борышкердің) мүлкін Сату жоспары құрастыру жөнінде міндетті шартары бар ма?

Жауап: Банкроттың (борышкердің) мүлкін Сату жоспары мүліктік массаны аукционға бірыңғай лотпен бастапқы қою бойынша міндетті шартты қамтуы тиіс.
Сұрақ: Электрондық аукцион арқылы мүлікті сату ретінді лоттың төмен сатылуы мүмкін емес бағасын көздеуі міндеттіме?

Жауап: Сату жоспары лоттың одан төмен сатылуы мүмкін емес бағасын көздеуі мүмкін. Банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейінгі мерзім ішінде құны айтарлықтай төмендейтін мүлікті (тез бұзылатын тауарлар, мал және жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарлар) сатуды уақытша басқарушы уәкілетті органмен келісілген осы Сату жоспарының негізінде жүзеге асырады және олар электрондық аукционға теңгерімдік құны бойынша шығарылады.
Сұрақ: Электрондық аукционда қатысушы үшін бір неше лотка кепiлдi жарналарды беруге жол берілеме?

Жауап: Жоқ. Электрондық аукционға қатысушыларға кепiлдi жарналардың кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін аталған кепілді жарнаны енгізген объектіні сатып алуға құқық береді.
Сұрақ: Мүлікті электрондық сату кезінде құқықты куәландыратын құжат болып не табылады?

Жауап: Құқықты куәландыратын құжат болып жылжымайтын мүлікке құқықтарын өзгертуге және (немесе) тоқтатуға (құққа ауыртпалықтар) негіз болатын құжаттар болып табылады.
Сұрақ: Жабық электрондық аукционда кімнің қатысуға құқығы бар?

Жауап: Жабық электрондық аукцион – айналымы шектелген мүлікті сату бойынша электрондық аукцион. Жабық электрондық аукционға осы мүлікті сатып алуға құқығы бар адамдардың қатысуына жол беріледі.
Сұрақ: Қай мерзімде ұйымдастырушының шотына кепілді жарна түсу керек?

Жауап: Ұйымдастырушының шотына кепілді жарна түседі:

  1. кепілді жарнаны ЭҮТШ арқылы төлеу кезінде – электрондық аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын;

  2. кепілді жарнаны қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлеудің басқа әдістерін пайдаланған кезде – электрондық аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын түспеуі негіз болып табылады.


Сұрақ: Қандай жағдайда банкрот борыштардан босатылмайды?

Жауап: Егер банкрот оңалту және банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі үш жыл ішінде өз мүлкінің бір бөлігін жасырса немесе жасыру мақсатында басқа адамға берсе, бухгалтерлік кітаптарды, шоттарды, құжаттарды қоса алғанда, қажетті есептік ақпаратты бүгіп қалса немесе бұрмаласа, ол борыштардан босатылмайды.
Сұрақ: Банкроттықты басқарушы аукцион өткiзбей банкроттың мүлігiн кезекті кредиторларына бералама?

Жауап: Талап қою құқығын қоса алғанда, банкроттың мүлкiн сатуды банкроттықты басқарушы сату жоспарына сәйкес не тікелей сату әдісімен электрондық аукцион өткiзу арқылы жүзеге асырады.
Банкроттың мүлікті сату жоспарына сәйкес сатуға ұсынылған, бірақ өткізілмей қалған мүлкі өздерінің талаптары толық көлемде қанағаттандырылмаған тиісті кезектің кредиторларына, олардың келісімімен сату жоспарында көрсетілген бастапқы бағасы бойынша жалпы үлестік меншікке беруге жатады.
Сұрақ: Банкрот деп жарияланған дара кәсіпкер банкротты таратуды аяқтау кезінде бүкіл талаптардан босатылама?

Жауап: Жоқ, кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін банкрот деп танылған дара кәсіпкер банкрот деп жарияланған тұлға өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін олардың алдында жауаптылықта болатын азаматтардың талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеке сипаттағы өзге де талаптарды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметке байланысты қалған міндеттемелерді орындаудан босатылады.

Сұрақ: Банкроттықты басқарушыға қосымша сыйақы Қазақстан Республикасы Заңымен көзделген бе?

Жауап:       Банкроттықты басқарушыға қосымша сыйақы борышкердің мүлкінен кредиторлар жиналысының шешімі негізінде осы тармақта белгіленген шектерде мынадай:

1) заңсыз шығарылған мүлік қайтарылған және осындай мүлікті немесе мәмілелерді анықтау бойынша оңалтуды және банкроттықты басқарушы жүргізген жұмыс нәтижелері бойынша мәмілелер жарамсыз деп танылған жағдайларда – қайтарылған мүлікті өткізуден түскен және кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған соманың екі пайызына дейін;

2) дебиторлық берешек өндіріп алынған жағдайда – өндіріп алынған және кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған соманың екі пайызына дейін;
Сұрақ: Кредиторлардың банкроттық рәсiміне қатысуға байланысты шығыстары қалай толтырылады?

Жауап: Кредиторлардың банкроттық рәсiміне қатысуға байланысты шығыстарының орны толтыруға жатпайды.

 

Сұрақ: Әкімшілік шығыстар деген не?



Жауап:       Әкімшілік шығыстар – банкроттық рәсіміне бастамашылық жасауға және оларды жүргізуге байланысты шығыстар,
Банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкiмшiлiк шығыстар олар бойынша төлеу міндеті банкроттық туралы іс қозғалған кезден бастап және одан кейінгі кезең ішінде туындаған, тартылатын мамандардың қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындарды, уақытша және банкроттықты басқарушыларға ағымдағы төлемдер сомасын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға еңбекақы төлеуді қамтиды. Әкімшілік шығыстарға банкроттық рәсімі қолданылған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін салықтық есептілікке сәйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органы есепке жазған салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жатады.
Сұрақ: Банкроттық рәсімі қай мерзімде жүргізіледі?

Жауап: Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі сот шешімімен айқындалады және ол тоғыз айдан аспауға тиіс. Бұл мерзімді кредиторлар жиналысының келісуімен банкроттықты басқарушының өтінішхаты бойынша сот үш айдан аспайтын мерзімге, ауылшаруашылық өнімін өндіруші болып табылатын банкроттарға бір жылдан аспайтын мерзімге
ұзарта алады.

Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.


Сұрақ: Қандай жағдайда сот банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін ұзартады?

Жауап: Мыналар:
      - соттың іс жүргізуінде борышкер мен оның кредиторларының мүліктік мүдделерін қозғайтын істің болуы;
      - өткізілмеген мүліктің болуы;
      - банкроттықты басқарушының борышкер мен оның кредиторларының мүдделеріне қарсы әдейі немесе жалған банкроттық белгілері, өзге де құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар бойынша қылмыстық қудалау органдарына жүгінуі;
      - қорытынды есепті бекітуден бас тарту туралы сот ұйғарымында көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою қажеттілігі;
     банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін ұзарту үшін негіз болып табылады.
Сұрақ: Мәлімделген кредиторлардың талаптары кай мерзімде қаралу тиіс?

Жауап: Мәлімделген кредиторлардың талаптарын уақытша басқарушы оларды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Сұрақ: Дебиторлық берешек электрондық аукционға қандай бағамен шығарылады?

Жауап: Дебиторлық берешек электрондық аукционға оның номиналды мәні мөлшерінде шығарылады.

Сұрақ: Банкроттың мүлкін тікелей сату әдісімен қалай жүзеге асырылады?

Жауап: Банкроттың мүлкін (активтерін) тікелей сату кезінде сатудың бағасы және басқа да шарттары, сондай-ақ сатып алушы және онымен сатып алу-сату шартын жасасу мерзімі кредиторлар жиналысының бірауыздан қабылданған шешімімен және борышкер мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшыларының (қатысушыларының) келісімімен айқындалады.
Сұрақ: Банкроттың мүліктік массасын сату бойынша айналымдар салықтық есептілікте көрсетілуі тиіс пе?

Жауап: Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес банкроттың активтерін сату кезінде сату бойынша айналымдар қай кезеңде сатылса, сол кезеңде қосылған құн салығы бойынша салық есептілігінде (300.00 нысан) көрсетілуге жатады.

Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша есептілікте сатудан түскен табыстарды көрсету барысында көрсетілген Кодекстің 81 бабымен басшылық ету қажет, оған сәйкес КТС төлеушілері болып Қазақстан республикасының заңды тұлғалары-резиденттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызмет көрсететін немесе Қазақстан Республикасындағы табыс көздері арқылы табыс табатын заңды тұлғалар-резидент еместер табылады.



Әкімшілік шығыстарға банкроттық рәсімі қолданылған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін салықтық есептілікке сәйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органы есепке жазған салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жатады. Кредиторлар комитетінің банкроттықты басқарушымен жасасқан келісімі шегіндегі әкімшілік шығыстар сомаларын басқарушы олардың пайда болуына қарай төлеуі мүмкін.
Сұрақ: Электрондық аукционға қоюға мүлікке бағалау жүргізу міндеттіме?

Жауап:       Жоқ, мүлікке бағалау жүргізу туралы шешімді кредиторлар жиналысы қабылдайды, банкроттықты басқарушы кредиторлар жиналысы шешімінің негізінде мүлікті оның теңгерімдік құны бойынша электрондық аукционға қоюға құқылы.
Сұрақ: Борышкерді банкрот деп тану туралы және таратылып жатқан банкроттың мүлкін сату туралы ақпаратпен қайда танысуға болады?

Жауап: Банкроттық саласындағы уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында оларға қатысты банкрот деп тану туралы сот шешімдері күшіне енген банкроттардың (дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың) тізімін «Оңалту және банкроттық» бөлімінде (www.kgd.gov.kz), ал таратылудағы банкроттардың мүлкін сату туралы ақпаратты мемлекеттік мүлік Реестры сайтында «Мүлікті сату бойынша электронды сауда» бөлімінде орналастырады.
Сұрақ: Соттың банкроттық рәсіміндегі кандай өкiлеттiктерi бар?

Жауап: Банкроттық рәсімінде сот банкроттық рәсімін қозғайды, ұзартады және тоқтатады, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын органға, уәкілетті органға, жеке сот орындаушыларының палатасына және борышкердің орналасқан жері бойынша аумақтық әділет органына заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм шығарылғанын хабарлайды, банкрот жауапкер ретiнде әрекет ететін мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iстердi өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды, уақытша басқарушыны тағайындайды және шеттетеді, банкроттық рәсіміне қатысушылар арасындағы дауларды шешеді.
Сұрақ: Банкроттық рәсімін жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары жоспарын жасау мiндеттi ме?

Жауап: Иә, кредиторлар комитеті банкроттықты басқарушымен бекітілген шарттың ажырамас бөлігі банкроттық рәсімін жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары болып табылады.
Сұрақ: Қашан борышкердің таратуы аяқталады?

Жауап: Заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлердiң мемлекеттiк тiркелiмдерiне бұл туралы жазба енгiзiлгеннен кейін банкротты тарату аяқталды, ал банкрот жұмыс iстеуiн тоқтатты деп саналады.

Сұрақ: Борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қашан заңды күшіне енгеді?

Жауап: Борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі дереу орындауға жатады.

Бітімгершілік келісім
Сұрақ: Бітімгершілік келісім деген не?

Жауап: Бітімгершілік келісім – банкроттық рәсімнің кез келген сатысында оны тоқтату мақсатында, борышкер (банкрот) мен кредиторлар арасында сот бекітетін келісім жасасу жолымен қолданылатын рәсім.
Сұрақ: Жекелеген кредиторлар мен борышкер арасындағы бекіткен бітімгершілік келісімді бұзуға жол берілеме?

Жауап: Жоқ, жол берілмейді.
Сұрақ: Бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішке қандай құжаттар қосылады?

Жауап:      Бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішке:

1) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 112-2-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар қол қойған бітімгершілік келісім;

2) бітімгершілік келісім жасасу туралы шешімді қабылдаған кредиторлар жиналысының хаттамасы;

3) кредиторлардың тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, сондай-ақ берешек сомасы көрсетілген кредиторлар тізімі, бірінші кезектегі кредиторлардың талаптары бойынша берешектің өтелуін растайтын құжаттар;



4) бітімгершілік келісімді жасасуға қарсы дауыс берген кредиторлардың жазбаша қарсылықтары қоса беріледі.
Сұрақ: Егер бітімгершілік келісім жасау кезінде кредиторлардың бірі болып мемлекеттік орган қатысқан жағдайда кандай шартымен бітімгершілік келісім жасалуы мүмкін?

Жауап: Егер бітімгершілік келісім жасасу кезінде кредиторлардың бірі болып мемлекеттік орган қатысқан жағдайда бітімгершілік келісім бекітілген күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімге мұндай мемлекеттік орган алдында берешекті өтеуді кейінге қалдыру шартымен бітімгершілік келісім жасалуы мүмкін.
Сұрақ: Бітімгершілік келісімде үшінші тұлғалар қатысуға жол берілеме?

Жауап: Иә, жол беріледі.
Сұрақ: Банкроттықты басқарушы кандай мерзімде бітімгершілік келісімді бекіту туралы сотқа өтініш беруге міндетті?

Жауап: Бітімгершілік келісім жасасу туралы кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде.

Сұрақ: Бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымының күшін жою немесе бітімгершілік келісімді бұзу бірінші кезектегі кредиторлардың берешекті өтеу есебінен өздерінің алғанын банкротқа қайтару міндеттіме?

Жауап: Жок, міндетті емес.
Сұрақ: Кредиторлар атынан бітімгершілік келісімге кім қол қояды?

Жауап: Бітімгершілік келісімге кредиторлар атынан кредиторлар жиналысының төрағасы қол қояды.
Каталог: sites -> default -> files -> u1366
u1366 -> «Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың артық (қате) төленген сомалары бар екендігі туралы растау»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
u1366 -> Борышкердің мүлкін (активтерін) бағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстың өткізілетіні туралы ақпараттық хабарлама
u1366 -> Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері және балық өнімін өндірушілер және шаруа немесе фермерлік қожалық үшін арнаулы салық режимі бойынша
u1366 -> 15. Темекі өнімдеріне акциздік таңбалар беру; 16. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет