«Ресей және Орта Азия елдерінің әлеуметтік демографиялық қауіпсіздігі» атты халықаралық интернет-конференциясының өтуі туралы есеп



Дата15.07.2017
өлшемі21.28 Kb.
#36658
«Ресей және Орта Азия елдерінің әлеуметтік демографиялық қауіпсіздігі» атты халықаралық интернет-конференциясының өтуі туралы есеп.
2010 жылдың 10-23 желтоқсан аралығында Ставрополь мемлекеттік университетінің экономикалық-әлеуметтік және саяси кафедрасы, Орынбор қаласының және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетімен бірігіп «Ресей және Орта Азия елдерінің әлеуметтік демографиялық қауіпсіздігі» атты халықаралық интернет-конференция өткізілді.

Конференцияға жас ғалымдар, солардың ішінде (оқытушылар, аспиранттар, магистранттар, студенттер), әлеуметтік-демографиялық қауіпсіздік, қазіргі жағдайдағы отбасы саясатымен, географиялық білімнің мәселелері туралы мәліметтермен жұмыстанатын жас ғалымдар, заңгерлер қатынасты.

Конференция қорытындысы 2010 жылдың 23 желтоқсанда телекөпір режимінде Ставрополь, Орынбор, Батыс Қазақстан мемлекеттік Университетінің біріктірілген жас ғалымдардың қатысуымен болды. Он-Лайн желісінде студенттер, магистранттар, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың, география кафедрасының жас ғалымдары қатынасты. Телекөпір 2 сағаттан астам уақытқа созылды.

Алғы сөзді оқу жұмыстарының проректоры, экономикалық-әлеуметтік, саяси география кафедрасының меңгерушісі, профессор Белозеров В.С., Орынбор мемлекеттік университетінің геология-география факультетінің деканы: профессор Герасименко Т.И., М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар проректоры, профессор Ә.Х.Мұқтар, БҚМУ география кафедрасының меңгерушісі: В.И.Амельченко алды.

Конференцияға 80 нен астам жас ғалымдар қатынасты, олар: Ресей Федерациясының қалаларынан (Ставрополь, Орынбор, Смоленск, Москва, Владикавказ, Нальчик) , сонымен бірге Орал қаласының жас ғалымдары, соның ішінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың студенттері мен магистранттары қатысты.

Конференцияға әрбір университеттен үш баяндамашы шықты.

Олар осы баяндамаларда өздерінің зерттеген тақырыптарының ең негізгілерін атап өтті.

Ставрополь қаласының баяндамашылары Ресей Федерациясының территориясы терроризм мәселелеріне аса көңіл аударып, негізгілерін талқылады. Орынбор қаласының жас ғалымдары өздерінің ғылыми жұмыстарында ұлтаралық неке, халықтарының арасындағы мәселесін талқылады.

Біздің университеттен қатынасқандар:

-География кафедрасының оқытушысы: Д.Ж. Искалиев «Применение геоинформационных технологий при построении карт плотности населения»

-География кафедрасының 2 курс магистранты О.А. Джубанова «Изменения в системе сельского расселения приграничных районов Западно-Казахстанской области в конце 20-начале 2 века»

-География кафедрасының 3 курс студенті К.С. Жирнова «Региональные особенности структуры занятости населения РК» атты баяндамаларымен шықты.



Телекөпір жұмысының өтуі барысында конференцияға қатысушыларға бірнеше сұрақтар қойылды, конференцияға қатысқан, профессор-оқытушылар құрамымен студенттер арасында сұрақтар қою нәтижесіндепікір алмасытырылды. Талқыға салынған сұрақтар барлық конференцияға қатысушылардың бірдей қызығушылықтарын туғызды. Телекөпірдің соңында конференцияға қатынасушылар осындай интернет-конференциялар алдағы уақытта да өз жалғасын тапса екен деп, өз ойларын білдірді.


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет