Реферат тақырыбы: Зақымдану ошақтарындағы құтқару және басқа шұғыл жұмыстар. Қжбшж жүргізу және ұйымдастыру бойынша АҚ құрама командирлерінің жұмыс мазмұны мен жалғасымдылығы



Дата19.01.2017
өлшемі165.15 Kb.
түріРеферат
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және Әлеуметтік

даму министрлігі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика

академиясы


Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ

санитарлық жәрдем кафедрасы


РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Зақымдану ошақтарындағы құтқару және басқа шұғыл жұмыстар. ҚжБШЖ жүргізу және ұйымдастыру бойынша АҚ құрама командирлерінің жұмыс мазмұны мен жалғасымдылығы.

Орындаған: Төрехан А.

Тобы: 101 «А» КДС

Қабылдаған: ЖАқсылықкеліні Ұ.


Шымкент-2015                                     

Жоспар

I Кіріспе  

II Негізгі бөлім 

2.1. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру негіздері .

2.2. ҚжБШЖ  жүргізу тәсілдері мен амалдары.

2.3. Құтқару және өзгеде шұғыл жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру бойынша АҚ құрама  командирлерінің жұмыс мазмұны мен жалғасымдығы.

2.4. Жарақат алғандар мен ауруларды тасымалдау.

2.5. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.

2.6.Төтенше жағдай зардаптарын жою.

III Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер


I Кіріспе

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша, ТЖ-ны оқшаулау сондай-ақ қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.

Азаматтық қорғаныс шаралары мен күштерінің іс-әрекетін қамсыздандыру ТЖ, бейбіт және соғысу уақытында осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу жағдайында Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау үшін қажетті жағдайды жасауға байланысты.

Хайуанаттар мен өсімдіктердің, ауылшаруашылығы өнімдері мен жануар- ларды, су көздерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.

Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың негізгі құралдар: жер үсті көлігі (автомобиль, теміржол), әуе көлігі (ұшақ, тікұшақ, су көлігі (теңіз, өзен), санитарлық мен бейімделген көліктер жатады.

Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың амалдары анықталады,

олар: иықтап, арқалап, қолмен, екі құтқарушымен, зембілмен.

Күрделі зақымдану ошағындағы құтқару жұмыстарды тек өрттер мен қирауларды ғана емес, сондай-ақ радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл жағдайда бактериологиялық зақымдану түрлері анықталғанға дейін барлық шаралар аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады.



II Негізгі бөлім

2.1  Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша, ТЖ-ны оқшаулау сондай-ақ қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі. ТЖ зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байланысты тәуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет-адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді. Адамдар құтқару ТЖ жою әдісін бір бөлігін құрайды, олар өзара байланысқан жұмыс кешенін көрсетеді, сипаттамасы бойынша арнаулы үш топқа жіктеледі:

— құтқару;

— арнаулы (жедел);

— қосалқы.



Құтқару жұмыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

— басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;

— зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);

— зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;

— зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру.

Арнаулы (жедел) жұмыстар мыналарды қамтиды:

— өрт сөндіру ;

— коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;

— тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;

— осал құрылыстарды күшейту.

Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде құтқару жұмыстардың орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жақсы жағдай туындалады.



Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орындарын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады:

— алаңдарды тазалау;

— техника орнату;

— қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;

— жұмыс орындарын жарықтандыру т.е. Адамдарды құтқару жұмыстары күні-түні ауа райының кез келген жағдайында орындалады.

Зақымдану ошағында медициналық күш пен құралды жылдам еңгізудің, сондай-ақ улағыш және қатты әсер ететін улы заттармен зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастау мерзімің барынша жақындатудың ерекше маңызы бар.[3]

Ауыл шаруашылығы өндірісінің нысандары зілзала күштерінің, әр түрлі жұқпалы аурулардың ықпалына тез ұшырайды. Өнеркәсіп орындары мен көліктегі авариялар мен апараттардың зақымдағыш факторлары ауылға жетеді. Оның салдарынан ауа, топырақ, су радиоактивті, қатты әсер ететін улы және зиянды заттармен ластанады.Өрт қауіпі артып, қышқылды жаңбыр 2.1 жауу ықтималдылығы күшейе түседі, осының бәрін хайуанаттар мен адамдар жылдам сезінеді, олар зиян, ал кейде орны толмас залал шегеді.

Хайуанаттар мен өсімдіктердің, ауыл шаруашылығы өнімдері мен жануарларды, су көздерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.

Қызметтердің негізгі міндеттері:

-мал мен өсімдіктерді, ауылшаруашылық өнімдерін және өсімдік шаруашылығын, су көздері мен сумен жабдықтау жүйесін радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және орындау;

- ветеринарлық және фитологиялық барлауды, зақымданған хайуанаттарды емдеуді ұйымдастыру;

- зақымдалған хайуанаттарды амалсыз союды және оларды көмуді ұйымдастыру;

- егістікті, жайылымды және мал мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін залалсыздандыру;

- ауыл шаруашылығы өнімдері мен малды қауіпсіз аймаққа апаруды ұйымдастыру;

- жем-шөп пен астықтың артық қорын жасау;

- қызмет бөлімшелерін мақсат бойынша іс-әрекеттерге даярлыта ұстау және оларды жеке құралмен, техникамен және мүлікпен қамсыздандыру;

- дәрі-дәрмектердің, залалсыздандырғыш заттардың қорын жасау және де дер кезінде жаңарту;

- ТЖ-дағы, зақымдану ошақтарындағы іс-әрекеттерге ауыл халқын оқытып-үйретуді ұйымдастыру және өткізу.

Азаматтық қорғаныс шаралары мен күштерінің іс-әрекетін қамсыздандыру ТЖ, бейбіт және соғысу уақытында осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу жағдайында Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау үшін қажетті жағдайды жасауға байланысты.

АҚ шараларын және күштерінің іс-әрекеттерің қамсыздандырудың негізгі түрлері:

- барлау


- инженерлік қамсыздандыру

- химиялық қамсыздандыру

- медициналық қамсыздандыру

- көлікпен қамсыздандыру

- материалдық-техникалық қамсыздандыру

- гидрометеорологиялық және метеорологиялық қамсыздандыру.[6]  

 Бұзылыстың сипаты мен желдеткіш жүйесінің қалпына қарай адамдар бо- луы мүмкін бөлмелерді газдан желдету, өрттен, су басудан, сақтау амалын қарастырылып, қажет болса жер асты жолдарына көршілес штректер арқылы, ал мүмкіндік болса аман қалған шахталық көлік құралдар (электртасушы, кө- ліктік науа, лебедкалар) және апатты көтергіштер көмегімен адамдар жер үс- тіне көшіріледі. Құтқару жұмыстарын әскериленген тау-кен құтқару бөлім- 2.1дерімен және қосымша шахталық тау-кен-құтқару топтары тау-кен-құтқару жетекшілерінің тікелей басшылығымен өткізеді.Бөлімшелердің жеке құрама- сы құтқару жұмыстарды шахтада, кен-қазбада жүргізу үшін распираторлар- мен,газқағарлармен, өздік құтқару құралдарымен қамсыздандырылады. Шах- таларда құтқару жұмыстарын шахта АҚ басшысы және инженерлік-техника- лық қатардан шыққан адамдар жүргізеді. Негізгі назарды олар (өрт, түтін, газ аумағындағы) адам өміріне қауіп төндірстін өртті өшіру бойынша жұмыста- рына аударады. [4]

2.2 ҚжШБЖ жүргізу тәсілдер мен амалдар жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан; коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық залалдану дәрежесінен;құрама іс-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайла- рынан тәуелді.

Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарга, бұзылған ғимараттарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек.

Кіретін жолдары бір бағытты қозғалысында 3-3,5м енімен және екі бағытты қөзғалысында ені 7м болады. Мүнда бір бағытты қозғалыс кезінде әр 150-200м сайын 15-20м созылымдығымен ажыратқыштар жасалады.

Панахана ашу барысында қирау сипатына қарай әртүрлі тәсілдер мен саймандар пайдаланады: негізгі кіре-берісте бұзынғанды тазалау, одан кейін есікті аршу немесе бұзып ашу; үңгір немесе авариялық шығу люгін қазып алу; көршілес жатқан бөлмеден панаға қарайтын қабырғаны бұзу; бұзылыс үстіндегі бөгетті ашу одан кейін адам шығару үшін жол жасау. Зақымдалған адамдарды жасалған жол арқылы мына амалдарымен: қолмен, плащпен, брезентпен, пленкамен, көрпемен, сүйреу жолымен, зембілмен т.б. заттар арқылы орындалады. Адамдарға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, қауіпсіз аудандарға шоғырландырады.

Тірі адамдарды тапқан бойда құтқарушылар жіңішке құдық қазып, ол арқылы дәрі-дәрмек, су, азық-түлік жіберіп тұрады да кейін бұзылысты ақырындап аршиды.

Электрқуат жүйелеріндегі аварияларын жоюы тек тоқ айырылған соң (ғимарат кірісінде ажыратқышты, сақтағыштарды айырған, сымдарды кесумен) өтеді. Электр жұмыстарында жүйе аумағы екі жақтан жерленеді.

Канализациялық торабында аварияларды жою үшін ағынды суларын бұрып, зиян шеккен жерін ажыратады.

Технологиялық құбыр берілістерінің қирау шамасында шұғыл жұмыстар жарылыс пен өрт болдырмау мақсатында (құбыр тосқауылдарын және қысым ұстайтын насостарын өшіру) орындалады.

Құтқару жұмыстар барысында қираған ғимараттарды бұзу жұмыстары көтергіш, трактор немесе жару амалдарымен жасалады. Қабырғалардың күшейтілуі неше түрлі тіреулер арқылы өтеді.[2]

2.3 АҚ құрамасын дайындыққа келтіру туралы оның командиріне шаруашылық нысанның АҚ штабы хабарлайды. Бұйрық алынған соң АҚ құрамасының командирі мыналарды істеу міндетті:

2.3 - АҚ құраманың жеке құрамаларын құлақтандыру және оның толық жиналуын қамсыздандыру;

- белгіленген жиналу орнына қысқа мерзімде жету;

- жеке құраманы әрі жабдықтау шараларын атқару және құрама ішіне өзгеріс керек болса жасау;

- автокөлікті, және т.б. мүлікті қабылдап оның ақаусыздығын тексеру ;

- жеке құрамаға табелдік мүлікті таратып, оның күтілуін қадағалау;

- жеке құрамның жеке қорғаныс құралдарын өз өлшеміне келтіруін жүргізу;

- жеке құраманы қорғау үшін арналған панаханаларды қабылдау;

- жиналу ауданында (талап етілсе) автокөлікті, техниканы және мүлікті жасыру мен қайта таратуды ұйымдастыру;

- құрама ішіндегі байланыс құралдарын тексеру және байланысқа шығу тәртібін анықтау.

Құрама командирі жұмыс не жұмыстан тыс уақытта жеке құраманы жинау және құлақтандыру тәртібін алдын ала жасайды. Ең әуелі бөлімше, тірек, буындар командирлері мен байланысшылар хабарландырылады.

Құрама адамдары шақыру командасын естіген бетте дереу орнатылған жина- лу пунктеріне жетіп, өз командиріне баяндайды.

Жиналу орындарында жеке құрама табелдік мүлік қабылдайды оның ақау- сыздығын тексеріп, жеке қорғаныс құралдарын өзіне ыңғайлы күйге келтіреді.

Құрамаға тіркелген автокөлік пен техника төтенше жағдай аумағында дереу жылжу үшін толық дайындыққа келтіріледі. АҚ құрамасының дайындыққа келтірілгендігі туралы жоғары бастыққа баяндайды (АҚ штабының бастығына).

Зақымдалған ошақты жою міндетін алған бетте командир жағдайды білу үшін барлаушыларды жібереді. Нұсқалған маршрутпен жүре бере барлау- шылар әр 300—400 м сайын құралдармен ауаның қаншалықты ластанғанын анықтайды. Зақымдалған ошағын тауып, олар аумақты зерттейді, ошақ шека- расын оған кіру жолдарын анықтайды,ҚӘУЗ таралу бағытын, ғимараттардың бұзылу сипатын, зардап шеккендердің хал-ахуалдарын бағалайды. Алған мәліметтерді барлаушылар құрама командиріне дереу баяндайды. құрама ко- мандирі бастықтың ақпары негізінде және барлаушылардың, мәліметтеріне қарай өз шешімімен қол астындағыларға ауызша бұйрық береді. Бұйрықта құрама командирі авария саналатын және орнын,улы заттар түрін әрі бұлар- дың таралу бағытын, ғимараттардың бұзылу дәрежесін, өрт жағдайын көрсе- теді.Сол орында құрама командирі ең басты шешімдерді анықтайды және ма- шиналардың т.б. құралдардың пайдалану ретін нақтылайды.[1]



2.4 Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың негізгі құралдар: жер үсті көлігі (автомобиль, теміржол), әуе көлігі (ұшақ, тікұшақ, су көлігі (теңіз, өзен), санитарлық мен бейімделген көліктер жатады.

Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың амалдары анықталады: иықтап, арқалап, қолмен, екі құтқарушымен, зембілмен.



2.4 Иықтап-көтеруші зардап шегушінің оң иығына басын артына қойып отырғызады. Көтеруші оң қолымен зардап шегушінің екі аяғын құшақтап, бір уақытта оның оң білегі мен алақанынан ұстайды.

Арқалап-көтеруші зардап шеккен адамды көтеріңкі жерге отырғызып, оның екі аяғы арасына иығын беріп тұрады және бір тізесін бөгеді. Зардап шегуші көтерушінің иығынан құшақтайды, ал көтеруші оны екі қолымен аяғынан ұстап көтеріп әкетеді.

Қолмен-көтеруші зардап шеккен адамға бүйірлей бір тізесін бүгіп отырады, оны бір қолымен арқасынан, екінші қолымен санынан алады, зардап шеккен адам көтерушінің мойынын құшақтайды. Көтеруші тұрып зардап шегушіні екі қолымен алдында ұстап келеді.

Екі құтқарушымен-"қол ұстасып", "бірінің артынан бірі" және жатқан жағдайдағы тасымалдауларды ажыратады. «Қол ұстасып тасымалдауда көтерушілер бір-біріне жақын тұрады да, қол ұстасып отырғыш сияқты айқастырады. Оны екі, үш, төрт қолдан жасайды.

Зембіл-арқылы тасымалдауды 2-3-4 адам жасай алады. Зембілде жарақат алушының жату жағдайы оның жарақат дәрежесінен анықталады, сондықтан жастық-көрпе, киім, арқылы, қолайлы жағдай жасау керек. Зембілге жатқызу шарты: зембілді зардап шегушінің жарақат жағынан қояды; 2-3 адам сау жағынан бір тізесін бүге отырады, қолдарын ақырын зардап шегушінің астына жіберіп, оны бір сәтте көтереді.Осы мезгілде үшінші не төртінші адам зембілді зардап шеккеннің астына қояды, ал көтерушілер абайлап жатқызады.

ІІ. Техногенді сипаттың қысаң ахуалдарына келесі жағдайлар жатады:

-өндірістік;

-транспорттық авариялар(темір жол поездар, теңіз және өзен қайықтар аппараты, әуе аппараты, автомобильді авриялар, магистральді еткізу құбырларындағы авариялар);

-өрттер(жарылыстар);

-ҚӘУЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар; РЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;

-СҚЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;

-ғимараттардың кенеттен құлауы;

-электр-энергетикалық жүйелеріндегі авариялар; коммуналдық тіршілікті тазартқыш құрылыстардағы авариялар;

-гидродинамикалық авариялар(плотиналардың, бөгеттердің бұзылуы) жатады.[5]



2.5 Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.

Үйінді астында қалған паналау ғимараттарынан адамдарды құтқаруды жалпы тағайындалған құрылымдар жүргізеді. Жұмыс келесі ретпен атқарылады: паналарды үйінді астынан табу, паналаушылармен байланыс орнату, үйінді астында қалған панаға ауа жіберу, инженерлік көлікке арналған панаға апаратын өткізгіш құрылғы қою, коммуналдық шаруашылық 2.5 тораптарындағы апатты жою, үйінді астында қалған паналау ғимаратын ашу, панадан жинау орнына дейін жол салу зақымданғандарға медициналық көмек көрсетіп, оларды медициналық пунктерге көшіру, сау адмдарды жинау бекетіне жіберу және ашылған панаға белгі қою.

Үйінді астында қалған паналарды іздестіру жұмысы нысанның жоспары және жергілікті белгілер бойынша жүргізеді. Зақымдау ошағына инженерлік барлау тобы жіберіледі, олардың міндеті паналар және паналаушылар қандай жағдайда екнін анықтау. Паналау ғимаратындағы адамдармен байланысқа түсу үшін осындайда радиобайланысты қолдануға болады. Егер радиобайланыс мүмкін болмаса паналаушылармен ауа жинағыш тесіктер, люктар, панаға кіретін жылу немесе су құбырларын тақылдату арқылы сөйлеседі.Сүзгіш желдеткіш арқылы ауа жіберу жүйесі бұзылған жағдайда, панаға ауа жіберу үшін ауа жинағыш өзекті тазалайды, мұны жасау мүмкін болмаған жағдайда, қабырғада тесіктерді бұрғылап, жылжымалы желдеткіш немесе компрессор арқылы ауа жібереді.

Пананы ашу үшін, міндетті түрде авариялық шығу жолын тазарту керек немесе қабырғаға ойық жасау қажет. Мұндай жұмысқа экскаватор, бульдозер, крандар қолданылады.

Жертөлелердегі паналардың авариялық шығу жолы болмайды. Сондықтан ол жерде негізгі кіру жолын тазарту керек. Тазарту үшін автокранды қолданады, оның көмегімен кіру жолын жауап қалған ірі заттардан тазартады, содан кеін есікті жұлып алады.

Кірер жолды тазалау мүмкін болмаған жағдайда, жабынды үстінен тесік жасайды.

Бұл әдіс паналау ғимаратындағы үйінді өте биік болғанда және жабындыны бөліктерден тазалау мүмкін болғанда қолданады.

Тесік жасау үшін соққыш және бұрғылау балғалары қолданылады. Қабырғада ойық жасау, жабынды үстіндегі үййінді өте биік болғанда және паналау ғимаратының сыртқы қабырғасына жетуге мүмкіндік болмағанда жасалынады. Бұл үшін паналау ғимаратының жабын қабырғасын ашып тазалау қажет, ол жерден тесік жасау керек, жер асты галереясының қабырғасынан ойық жасау, паналау ғимаратын ашудағы ең қиын жұмыс. Бұл паналау ғимаратының үстін, кіру жолдарын үлкен үйінді басып қалғанда қолданылады, оны жасау үшін көп уақыт қажет. Пананың қабырғасына жету үшін жер асты галереясын қазады. Бұл галереяның өлшемі 0,8*2 мжәне өлшемі 1,0*1,0 м вертикальды шахтадан қаланады, оны үйінді шекарасынан 2.5 қысқартады. Пана қабырғасына жеткеннен кейін онда лалереядан тесік жасайды. Паналау ғимаратын ашылды деген кестемен белгіленеді.

Үйінді астындағы зардап шегушілерді құтқару үшін үйіндіні тексеруден, оған қалай жақындап, қандай әдістер қолдану керектігінен бастау керек. Зардап шегушілерді іздеу үшін аймақты, нысанды, тұрғындар кварталын тексеруден бастайды. Бір мезгілде қайталап құлаудың алдын-алу шараларын қолданады, газ және электр тораптарын өшіріп, су берілуін тоқтатады.

Үйіндінің жоғарғы бөлігіндегі зардап шегушілерді құтқару үшін, бойлай үйіндіні жоғары жағынан тазалайды. Зардап шегушілерге қосымша жарақат түсірмес үшін алдымен ірі, сосын ұсақ бөлшектерден және қоқысты қолмен тазалайды. Ғимарат ішінде үйінді астында қалған адамдарды құтқару үшін үйіндінің бүйір қабырғаларынан тар жол жасау қажет, жол салу кезінде ғимараттың қираған элементтері арасында пайда болған саңылауларды қолдану қажет. Жолды бағандармен бекітеді, жартылай қираған, жанып жатқанғимараттардан адамдарды құтқару үшін өртке қарсы құрылымдар бір мезгілде өртті сөндіреді. Бұд жағдайда жалпы және медициналық құрылымдар жұмыс атқарады. Баспалдақ торшалары бұзылған жағдайда зардап шегушілерді сақталған немесе азғана бұзылған, көрші баспалдақ торшаларынан көшіреді. Баспалдақ торшаларының шығу жолы бұзылса, оны уақытша тақтайдан жасалған баспалдақпен ауыстырады. Адамдарды түсіру үшін бекімелі баспалдақтар, жіптер, жіп баспалдақтар, механикалық баспалдақтары, көліктік телескоптық бағаналар және көтергіштерді қолданады, олармен коммуналдық-техникалық қызмет құрылымдары жабдықталады. Өрт қауіпі немесе қирау төніп тұрған ғимараттың жоғарғы қабатындағы адамдарды түсіру үшін тік ұшақтар қолданылады.

Түтіндетілген жағдайда адамдарды құтқару ерекше қиындық тудырады, өйткені қорқыныш жағдайындағы адамдар күтпеген орындарға тығылады. Құтқарушылар адамдарды тауып қана қоймай, оларды тез арада жанып жатқан түтінді ғимараттан шығу керек.[2]

2.6 Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды:


  • халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;

  • барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;

  • тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;

  • 2.6 құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;

  • төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;

  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;

  • құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;

  • төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру.

Сондай-ақ, төтенше жағдай зардабын жоюға және құтқару жұмыстарды қамсыздандыру мен даярлауға бағытталган материалдық және басқа шараларды ұйымдастыру кіреді.

Күрделі зақымдану ошағындағы құтқару жұмыстарды тек өрттер мен кирауларды ғана емес, сондай-ақ радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл жағдайда бактериологиялық зақымдану түрлері анықталғанға дейін барлық шаралар аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады. Ауру қоздырғыштар түрі аңықталысымен зақымдану ошағында және оған жапсарлас аудандарда тиісті оқшаулау-шектеу және жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізіледі. Күрделі зақымдану ошағында құтқару жұмыстарын табыста жүргізу үшін мыналарды істеу қажет:



  • барлаудың барлық түрлерін үздіксіз және бір уақытта жүргізу және оның мәліметтерін жылдам пайдалану;

  • мақсаттары әртүрлі күш пен құралды бір уақытта және дұрыс пайдалану;

  • зақымдау, қирау, өрт аймағын тез жою немесе айналып өту;

  • күш-жігерді маңызды нысандарға жұмылдыру, күш пен құралды бағыттау;

  • тұрақты және нақты өзара іс-қимыл қарқының қолдау;

  • күш пен құралды үздіксіз, мығым және ұтымды басқару.

Зақымдану ошағында медициналық күш пен құралды жылдам еңгізудің, соңдай-ақ улағыш және қатты әсер ететін улы заттармен зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастау мерзімін барынша жақындатудың ерекше маңызды бар.

Хайуанаттар мен өсімдіктердың, ауылшаруашылығы өнімдері мен жануарларды, су көздерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс 2.6шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.

Шаруашылықтағы мал мен өсімдіктің зақымдалуын оқшауландыру және жою жұмыстары төтенше жағдай аймағында тікелей іс-әрекет ететін мал мен өсімдікті қорғау командасына (МӨҚК) жіктеледі, олар:


  • хайуанаттарға ветеринарлық көмек көрсетеді;

  • оларды көшіріп, қоныстандырады;

  • зақымданған хайуанаттарды, өсімдіктерді сынақтама тексерінен өткізеді, ескереді және зерттеу үшін зертханаға жеткізеді;

  • хайуанаттар нысандарына залалсыздандыру жүргізеді және зақымдалған хайуанаттарға ветеринарлық ем-дом жасайды;

  • улы химикаттар көмегімен зақымдалған егістіктерді залалсыздандырады.[6]


Қорытынды

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша, ТЖ-ны оқшаулау сондай-ақ қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.

Азаматтық қорғаныс шаралары мен күштерінің іс-әрекетін қамсыздандыру ТЖ, бейбіт және соғысу уақытында осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу жағдайында Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау үшін қажетті жағдайды жасауға байланысты.

Хайуанаттар мен өсімдіктердің, ауылшаруашылығы өнімдері мен жануар- ларды, су көздерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.

Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың негізгі құралдар жер үсті көлігі (автомобиль, теміржол), әуе көлігі (ұшақ, тікұшақ, су көлігі (теңіз, өзен), санитарлық мен бейімделген көліктер жатады.

Пайдаланған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1. «Тіршілік қауіпсіздігі»,М.Немеребаев, Алматы, 2012,................ 162-бет

2. «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» Е.Н.Нәбиев, Астана, 2012 ж....112-бет

3. «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері», С.Белов, А.Ильницкая-М.:Жоғарғы мектеп, 1999ж..........................................................................................175-бет



Қосымша әдебиеттер:

4. «Өмір қауіпсіздігі негіздері», С.Тайжанов, Алматы,2010 ж, .......168-бет



5. Гринин А.С. ,Новиков В.Н. «Тіршілік қауіпсіздігі».-Москва 2002ж, 141-бет

Интернет желісі:

6.http://5fan.info/rnaqaspolotrmermer.html
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет