Рецензент: Ш. Ш. Уәлиханов атындағы кму м.ғ. к,Турлубеков К. К. Кайникенова Г. К


Тақырып № 9. Еңбектен кейінгі кездегі өмірге бейімдеуді ұйымдастыру



бет8/15
Дата30.03.2017
өлшемі2.39 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Тақырып № 9. Еңбектен кейінгі кездегі өмірге бейімдеуді ұйымдастыру


  1. Қарт адамдар ұғымына теориялық сипаттама

  2. Қарттардың зейнеткерлік өмір қалпына әлеуметтік психологиялық бейімделу

Адамның ересектік қезеңінен кейін басталатын және психикалық белсенділіктің біртіндеп төмендеуімен сипатталатын өмірлік кезеңі жас деп аталады.Қарт адамдар дегеніміз бұл өзіндік тәжірибесі мен өмір салты бар аға ұрпақ өкілдері.Олар көпті көрген,барлық нәрсені бастарынан өткерген,көп тәжірибе жинақтаған,бірсыпыра мемлекеттік істерге тікелей аралсқан адамдар.Олар өзін қорғау мен қолдауды талап ететін үлкен әлеуметтік топтардың бірін құрайды.Бұл адамдардың проблемаларын жалпыға бірдей проблемалар деп қарастыруға болады,себебі олр тек 60–ғы адамдарды ғана емес,сол адамдардың жақындарын да қамтиді.

Әлеуметтік қызметкерлер үшін қарттарды қорғау оладың кәсіби қызметінің бағыттарының бірі болып табылады.Әлеуметтік қызметкерлер кәрі адамдарға олардың күнделікті тұрмысында көмектесіп қана қоймай,сонымен қатар оларды өмірдің қиын кезеңіндегі ауыртпалықтармен күресуге үйретеді.

Қариялардың өмірі бай және жан-жақты болуы тиіс.Аға ұрпақ проблемаларын шешу тек ғылым мен практиканың ынтамақтыстығы мен өзара түсіністігінің арқасында ғана мүмкін.

ХХ ғасыр күрделі демографиялық өзгерістермен сипатталады:ғасырдың басында дүниежүзінде 1млрд.630 млн.адам өмір сүрсе,ғасырдың соңында бұл көрсеткіш 3,7 есе өсті,яғни 6 млрд-тан астам болды.Алдынғы үш ғасырдың ішінде (1600-1900ж.ж)халықтың саны тек 3 есеге ғана,ал осы ғасырдың өзінде шамамен 4 есе өсті.Халықтың өсу процесі өткен ғасырдың 2-ші жартысында белсенді түрде көтеріле бастады.Соғыстан кейінгі жылдары туу мен өлімнің деңгейімен анықталатын және экономикалық белсенді халықтың бөлігін,елдің еңбек ресурстарымен қамтылу деңгейін негіздейтін халықтың жас құлымы басқа демографиялық көрсеткіштерге қарағанда көп өзгереді.

БҰҰ-ның мағұлматттары бойынша 1950 жылы әлемде 60-тан асқан  214 млн.адам, 2000 жылы 590 млн.адам, ал 2025 жылы болжамдар бойынша 1110млн. адамға жететін болады. Яғни қарт адамдардың саны осы жылдардың ішінде 5 есе өссе, ал жалпы жер шарында халықтың саны осы уақыт ішінде тек 3 еске ғана өзгереді. Осыған байланысты қоғамдық қартаюы туралы көп айтыла бастады.

Қазақстанда демографиялық құрлымның өзгеруі халықтың қартаю процесінде көрініс табады. 1990 жылы 60-тан асқан адамдар тобы Қазақстан халқының 10%-нан аспаған болатын, ал 1995 жылы олар 12% болып, 2000 жылы 17%-дан асқан болса, 2050 жылы олар халқымыздың 26%-ын құруы мүмкін.

Ғылымдардың ішінде қай жас кездерін егде жас және кәрілік деп атау туралы біріңғай келісім жоқ. Адам жасының кезеңдері жөнінде көптеген субъективті пікірлер айтылды. Әр түрлі уақыттағы орташа өмір ұзақтығы мен нақты тарихи жағдайлар да өз ізін қалдырды. Ертедегі философ, әрі дәрігер Ибн Синаның айтуы бойынша кәрілік кезеңі 50-60 жастан басталады. Басқа ойшыл Гиппократ 10 кезеңді атап, оның әрбіреуін 7 жасқа бөледі. Ол адамның өмірін тұлғаның қалыптасу деңгейі бойынша емес, физиологиялық кезеңдермен өлшенеді. Көп уақыттан кейін физиологы М.Рубнер келесі кезеңдерді ұсынды: нәрестелік кезең 9 айға дейін, алғашқы балалық шақ 13-14 жасқа дейін, жасөспірімдік кезең 19-21 жасқа дейін, ересектік кезең 41-50 жасқа дейін, кәрілік 50 жастан бастап, қадірлі кәрілік 70 жастан басталады.

1965 жылы адам организімін зерттейтін түрлі ғалымдар өкілдерінің қатысуымен Мәскеу қаласында болған дүниежүзілік жас кезеңдердің шағын жиналысында адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:


  1. жаңа туған сәби (алғашқы 10 күн өмірі);

  2. емшектегі сәби (10 күннен 1 жасқа дейін);

  3. алғашқы балалық шақ (1-3 жас)

  4. бірінші балалық шақ ( 4-7 жас);

  5. екінші балалық шақ (қыздар 8-11 жас, ұлдар 8-12 жас);

  6. жеткіншек немесе жасөспірімдер (қыздар 12-13 жас, ұлдар 13-16 жас);

  7. кәмелеттік немесе жігіттік, бой жеткендік (қыздар 16-20 жас, ұлдар 17-20 жас);

  8. кәмелетке келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы (әйелдер 21-35, ерлер 22-35 жас);

  9. ересек мерзімнің 2-ші жартысы (әйелдер 36-55, ерлер 36-60 жас);

  10. егде жас (әйелдер 55-74, ерлер 60-74 жас);

  11. қариялар немесе кәрілік 74-90 жас;

  12. ұзақ өмір сүрушілер (90 жастан әрі қарай).

Практика жүзінде қарт адамдар деп зейнетке шыққан адамдарды айтады. Бірақ бұл түсінік тұрақты емес, себебі зейнеткерлік жас әр елде әр түрлі. Зейнеткерлер дегеніміз- бұл қартаюына байланысты, еңбекке қабілетінен немесе асыраушысынан айырылуына байланысты және көп жылдық жұмысы үшін қоғамдық қорларда зейнетақымен қамсыздандырылатын адамдар тобы. Әйелдер әдеттегідей, ерлерге қарағанда зейнетке ертерек шығады. Осылайша олар біздің мемлекетімізде 58 жастан, ал ерлер 63 жастан бастап қартаюына байланысты зейнетақы алуға құқылы. Зейнеткерлік жаста әлеуметтік-кәсіби топтар үшін де өзгешіліктер бар. Әлемнің көптеген елдерінде зейнет жасындағы адамдарға 60 жастағы азаматтар жаттқызады.

Жас аралықтарын анықтаудағы келіспеушіліктерге қарамастан демографтардың да, физиологтары да пікірі бойынша қарттық- бұл өмірдің ұзақ кезеңі және қарт адамдарға қамқорлық жасау мемлекет пен қоғам жағынан тұрақты қолдауды қажет етеді. Бұнымен қатар, тек жас кезеңімен шектеліп қана қоймай, әлеуметтік және функционалдық жағдайларды да ескеру қажет.

Олардың ішінде ауру және физикалық сау адамдар, отбасында және жалғыз тұратындар, зейнетке шыққанына риза және риза еместер, әлі жұмыс істеп жүргендер, оның ішінде жұмысы ұнайтын және жұмысына қанағаттанбайтын адамдар, бақытсыз және бақытты, өмірге риза адамдар, аз қарым-қатынас жасайтындар мен өз бос уақытын жан-жақты белсенді ұйымдастыратын жақсы қарым-қатынас жасайтын адамдар болуы мүмкін.

2.Қарттардың зейнеткерлік өмір қалпына әлеуметтік психологиялық бейімделу.

«Бейімделу» ұғымын кеңірек алғанда адамның өзінің қоршаған ортамен «келісімі» ретінде қабылданады. Ол адамның әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауға дайындығынан, әлеуметтік байланыстарының тұрақтылығынан, оның қатынас дағдыларының адмдармен, табиғатпен, қоғаммен қарым-қатынас құру білімінің қалыптасқандығын көрсетед.

Әлеуметтік бейімделу дегеніміз-бұл өмірдің өзгеріп жатқан немесе қоғамдық жағдайларына, жаңа әлеуметтік ортаға индивидтің, тортың белсенді түрде бейімделуінің нәтидесі болып табылады. Жалпы қабылдаған мәліметтер бойынша зейнетке шығудың алдынғы он жылы қарттыққа бейімделудің нң қолайлы жылдары болып табылады. Дәл сол кезеңде 50 жастан асқан адамдарды жаңа өмірлік жағдайларға дайындауға шақырып, олардың өзін-өзі тәрбиелеу әрекеттеріне жағдай туғызу және оларды қолдау қажет. Психологиялық қартаюдың алдын алу үшін зейнеткерлікке шығу еңбек әрекетінің өзгеруі немесе тоқталуына арнайы дайындықтың маңызы үлкен.

Зейнетке шығуға дайындық психологиялық, физикалық және еңбек әрекетінің тоқталуына дейін кемінде 1 жыл бұрын жүргізілуі тиіс.

Қартаю- бұл адамның өмір бойы жүретін процесі. « адамның күйі жасы және орта кезеңдермен тығыз байланысты және қоршаған ортаның факторына: еңбек, тамақтану, тұрмыс, стресс және т.б.жағдайларына байланысты болады.

Адамның жасына байланысты физикалық мүмкіндіктерінің шектелуі бүкіл өмір барысындағы жинақталған кәсіби нышандар, білім, тәжірбие, шеберліктерімен өтеледі. Қарт адамдар өздерінің жастарына байланысты пайда болған өзгерістеріне қарай келесі топтарға бөлінеді:



    • өз ішінде қартаюдың белгілерін бекітіп, өзінің тілектері мен қызығушылықтарына қарамай, оқшалануға, жалғыз қалуға талпынады.

    • өз белсенділігін көрсетуге талпынып, барлық істерді жастармен тең орындап, жаңа істерге кірісіп, өзіне үлкен жүк артады;

    • жас кезінде атқара алмаған істердің орнын толтыруға талпынады;

    • өмірлік маңызды проблемаларды шешуден бас тартып өзінің сын көзқараспен қабылдап, үнемі ашулы көңіл-күйде болады;

    • өткен өмірі сәтсіз көрініп, олар өмірде барлығына қол жеткізбегендігі және болашаққа оларды ештеме күтпейтіндігі жайлы ойланып қиналады.

Бұндай көзқарастар үйреншікті өмір қалпының өзгеруімен- зейнетке шығумен, отбасындағы жаңа қарым-қатынастардың пайда болуымен байланысты туындайды. Қарттардың бейімделуі- әлеуметтік қызметкер үшін қиын мәселе. «Қартая алу-өмір сүре алудан туындайды». Бұндай қартая алу шеберлігіне адамдар өмір, психолог және тәжірбиелі әлеуметтік қызметкерлер үйретеді.

Зейнеткерлікке бейімделудің негізгі көрсеткіштері –бұл қартаюдың қалыпты құбылысы ретінде, ал зейнеткерлікке шығуды көп жылдық жұмыс нәтижесінде қол жеткен демалыс ретінде қабылдау болып табылады. Зейнеткерлік кезеңіне бейімделудің өлшеміне белсенділік пен өзінің уақытын толтыру шеберлігі жатады. Адамның белсенділігі оның мүмкіндіктеріне сәйкес болуы тиіс: егер ол тым көп болса, онда бұл дұрыс бейімделудің көрінісі және ол адамның әлі жас екендігінің көрсетудің қажеттігі ретінде көрсетеді. Дұрыс бейімделу өз жағдайын нақты түсінуден өір қалпы мен жоспарларының жаңа жағдайға бейімделуден тұрады. Егер зейнетке шығудың алдында адамда кәсібінен тыс қызығушылықтары, ешқашан уақыт жетпеген жақсы көрінетін іс-шаралары болса, онда бұндай адамдар өздерінің жеке бостандықтарын жақсы бейімделеді.

Жалпы зейнеткерлікке ерлерге қарағанда әйелдер жеңіл бейімделеді. Бұл әйелдердің көп бөлігінің кәсіппен тек экономикалық қыжеттіліктерді қанағаттандыру үшін шұғылданатынымен түсіндіріледі. Үйдегі міндеттермен шаруашылық жүргізумен, балаларды тәрбиелеумен айналысқан әйелдерде зейнетке шығу қанағаттану сезімін туғызады. Ал өз жұмысы үшін отбасындағы бақыттан бас тартқан әйелдер зейнетке шыққаннан кейін әртүрлі әсіресе, әлеуметтік және діни қызмет түрлерімен шұғылданады, олар өздерінің дұрыс орындаған міндеттерімен толық қанағаттануын мәлімдейді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін барлық жақындары өлгендіктен, ал тірілері ешқандай көңіл бөлмегендіктен, өздерінің жалғыз екендігін, бос уақытты ешкімге керек емес екендігін сезінген әйелдерге өте ауыр тиеді. Мұндай әйелдер үшін зейнеткерлік жас өмірдің соңғы күндерін күту кезеңіне айналады.

Ерлер жалпы, зейнеткерлікке қиын бейімделеді, өйткені олар көп жағдайда отбасы және әлеуметтік рөлдерді кейінге қалдырып, кәсіби жұмысқа толығымен беріледі. Бұл сонымен қатар табыстың азайуына байланысты отбасындағы беделін жоғалту сезімімен ұштасады. Қартаюға бейімделудің маңызды факторы- бұл әр түрлі қызығушылықтың, кәсіптен тыс достарының болуы болып табылады. Достарының болмауы және бұрын аз көңіл бөлінген отбасына қосыла алмау қарт адамның жалғыз қалуына себеп болады. Жаңа жағдайларға бейімделудің деңгейін толығымен бейнелей алатын басты көрсеткіш ретінде зейнеткерлік өмірдің өзін-өзі бағалауын пайдалануға болады. Дәл осы көрсеткіш зейнеткерлердің өз жетістіктеріне және қазіргі жағдайына болашағына деген қатынасын анықтайды. Зейнеткерлік өмірдің өзін-өзібағалауына маңызды әсер ететін факторларына мыналар жатады:



    • денсаулық жағдайы, оның өзін-өзі бағалауы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым зейнеткерллік өмірдің де өзін-өзі бағалауы да жоғары болады. Бұл зейнеттегі денсаулық жағдайының жақсылығы зейнеткерлік өмірімен қанағаттанудың іргелі шарты екендігін дәлелдейді;

    • зейнетке шыққанан кейінгі кәсіби қызметпен негізделген факторлар. Олардың әсерін былай көрсетуге болады: зейнетке шыққаннан кейін аз жұмыс орнын ауыстырған; жұмысында үлкен үзілістер жоқтар, қазіргі өз жұмысымен қызығатын адамдарда зейнеткерлік өмірдің өзін-өзі бағалауы жақсы болады. Тек жаңа кәсіби тәжірибе мен беделді иелену ғана жақсы манандықты жоғалтудың орның басып, өзгерген әлеуметтік жағдайда бекінуде көмектесе алады;

    • жас мерзімі. Кәрі зейнеткерлік өмірін төмен бағалайды. Бұл бейімделу қорларының азайуымен негізделеді;

    • алдыңғы кәсіби қызметпен негізделген факторлар. Олар мен байланыс келесіден көрінеді: неғұрлым жастық шақтағы мамандық таңдаудың және кәсіби бедел сәттілігінің өзін-өзі бағалауы жоғары болса, соғұлым зейнеткерлік өмірдің де өзін-өзі бағалауы биік болады. Өткен уақыттың бай тәжірбиесі зейнеткерлік өмірдің жаңа жағдайларына бейімделуіне көмектеседі.

Жалпы, өткен өмір кезеңінде сәтті кәсіби жұмыс істегендер мен қазіргі жұмысы және денсаулық жағдайымен қанағаттанған адамдарда зейнеттегі өмірімен қанаттану көрінеді. Көбінесе жүрек қызметінің нашарлығымен негізделген жұмыс істемейтің зейнеткерлердің өзін-өзі бағалау деңгейінің төмендігі көп жағдайда еңбекке қабілеттіліктің шектелуі немесе оны жоғалту туралы шешіммен сәйкес келеді де, осы адамның көп бөлігінің қызыметінен бас тартуының дұрыстығын дәлейдеді.

Зейнетке шығудың және еңбек әрекетін тоқтаудың өзі ағзаның физикалық тозуының алдын алуына бағытталғандығымен байланысты екені белгілі. Бұл зейнеткерлік жасынан кейінгі жұмысты тоқтаудың жағымды жағы зиянды болатыны анықталды. Өздерінің ой және физикалық қабілетіне байланысты жұмыс істей алатын және істегісі келетін зейнеткерлердің кәсіби қызметін жалғастыруы экономикалық тұрғыдан да, әлеуметтік жағынан да оң құбылыс болып табылады. Экономикалық тұрғыдан кәсіби қызметті тоқтаудың жасын белгілеу дұрыс деп есептеледі, әлеуметтік жағынан ауыр және зиянды жұмыс істейтін адамдар үшін оны ертерек тоқтауға мүмкіндік беруі тиіс.

Қартаю адамның мүмкіндіктерін шектеп оның сана-сезімін психологиясын өзгертеді. Қарт адамға мүмкін болатын әлсіздік туралы ойлар келіп, жалғыз қалу қаупі қорқытады. Жалғыз өмір сүретін өзара көмек үшін топтарға бірігу пайдалы.

Бұл адамдардың ақылы мен тәжірибесін пайдалану маңызды. Оларды клубтардың, ардагерлер кеңестерінің, денсаулық топтарының қоғамдық жұмыстарына араластыру пайдалы. Бұл қарттық жастағы адамдарға қызығушылықтары бойынша біреуге мүмкіндік береді.

Қарым-қатынас, әдебиет оқу, поэзиялық өлендер үшін мерекелік істер басндағы шай ішуде кездесіп, олар өздерін жалғыз қоғамнан бөлінген, ұмытылған адамдар ретінде сезінбейді. Бұл олардың қарттығын белсенді ететіні күмәнсіз.

Тақырып №10. Кексе жэне карт адамдарды әлеуметтік қорғаудың спенификасы мен мазмұны
1. Карт адамдарды әлеуметтік қорғау

2. Қарттарға көрсетілетін көмектер
1. Қазақстан халқының қартаю үдерісіне үш фактор әсер етеді. атап айтканда олар: бала туу деңгейінін төмендігі, өлім денгейінің, әсіресе енбекке кабілетті жастағы ер адамдар өлімінің жоғарылығы және халыктың көші-қоны. Өзініз байкағандай, қарттармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс проблемасы жалпы мемлекеттік манызға ие.

- Республикада халықтың қартаю проблемасын шешу қалайша жүзеге асырылмақшы?

- Қазакстан бірқалыпты дамып келе жаткан елдердін қатарына жатады. сондықтан халықтың қартаю проблемасын адам әлеуетін дамыту, қарттыққа лайықты кепілдік беретіндей әлеуметтік камсыздандыру жүйесін жетілдіру аркылы шешу қажет.

Қазіргі кезедеті әлеуметтік көмектін негізгі принциптері келесідей:

• накты мұқтаж тұлғаларға олардың жеке қабілеттерін ескере отырып, әлеуметтік көмекті ұсынуды қарастыратын атаулылық принципі.

• жергілікті органдарға жолыққан қарт адамдарға міндетті турле көмек көрсетуді қарастыратын кепілдік принципі.

• мекен-жайы мен қызметтер спецификасына байланысты көмектің мөлшері мен түрлерін анықтаудағы жеке ыңғайда карау принципі.

• бір уакытта бірнеше көмек түрлерін ұсыну мүмкіндігін қарастыратын кешенділік прннципі (акшалай, натуралды, кызметтер мен жеңілдіктері түріндегі көмек);

• әлеуметтік көмек көрсетуді орталықтаңдырылған шаралармен бірге ұйымдастыру мен өткізу ісінде жергілікті билік органдары мен әлеуметтік қорғаудың өздігінен жұмыс істей алу принципі.

• өмір кұнының өсуі, енбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшері мен күнкөріс минимумынын өсуіне байланысты әлеуметтік нормативтерді қайта қарауды қарастыратын әлеуметгік ықпал ету принципі.

Сондай-ақ зейнеткерлерді әлеуметтік қолдаудың материалдық қолдаумен ғана шектелмейтінің атап өткен жөн. Әлеуметтік кызмет көрсету әлеуметтік қорғаудың маңызды бағыттарының бірі болып табылалы. Қарт аламдардын отбасынан қол үзіп, жалғыз қалатын жағдайлары жиі кездеседі, сондай жағдайларда олар қолдауға, жәрдемге мұктаж. Егер бұрын кәрі адамдар үшін жауапкершілікті негізінен отбасы көтерсе, қазір көп жағдайда бұл міндет мемлекеттік және жергілікті органдарға, әлеуметтік қорға) мекемелеріне жүктеліп отыр. Қарттар мен мүгедектерге үйде. медициналық-әлеуметтік мекемелерде түрлі қызметтер көрсетіледі. Үнемі бөгде адамнын көмегіне мұктаж 15 мыңнан астам адам зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған 76 мемлекеттік стационарлык медициналық-әлеуметтік мекемелерде өмір сүріп жатыр. 33 мыңнан астам жалғызілікті қарттарға әлеуметтік қызметкерлер үйлеріне барып кызмет керсетеді.

Республика Үкіметі мүгедектерді әлеуметтік, медициналык, кәсіптік және еңбекпен оналту мәселелерін шешудің кешенді міндеттерін белгілеп отыр. Олар мүгедектерді оңалту және әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың ауқымды тізбесін қамтиды. Ардагерлер мен мүгедектерге жыл сайын санаторий-курорттық ем көрсетіледі, бұл мақсатқа қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді. Соңғы жылдары көрсетілетін әлеуметтік қызметтер тізімі ұлғая түсті. Әлеуметтік қызмет көрсету саласынын, онын ішінде мемлекеттік емес секторлардың одан әрі дамуы үшін болашақта әлеуметтік қызметтер туралы ірі жобасын әзірлеу көзделіп отыр.

Халықты әлеуметтік қолдаудың мемлекеттік саясатын іске асыру әлеуметтік әріптестік пен бизнестін әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарды кеңінен тартуға және пайдалануға арқа сүйейді. Онын озі елімізде қажетті әлеумсттік тұрақтылыкты сактауға мүмкіндік береді.

Сөзімді аяқтай келе, жұмыс берушілерді, қазақстандық бизнес өкілдерін Қарттар күнін өткізуте тікелей катысуға, еңбек ұжымдарында, интернат-үйлерде ардагерлермен кездесулер ұйымдастыруға қарт адамдарға материалдық колдау көрсету мүмкіндігін қарастыруға, дәстурлі қайырымдылық акцияларын және басқа да іе-шаралар өткізуге шақырамын.

Ал, кадірлі ардагерлерімізге мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілей отырып, әр кез ағайын-туыстарыныздың сүйіепеншілігі мен камқорлығына бөлене беріңіздер демекпін.

Павлодар облысында 17 кыркүйек пен 17 казан аралығы "Қамкорлық" айлығы боп жарияланды. Бұл дәстүрлі игі шара соңғы кезеңде жыл сайын өткізіліп келеді десек. Ақсуда бұл бағытта атқарылатын істер баршылық. Қаламыздың кәсіпкерлері жылда осы шараға белсене катысып жүргенін де айта кеткен жон. Сонымен қатар мекеме-ұйымдарда. оку орындарында карттарды құрметтеу кештері өткізіліп, кейінгі ұрпақ соғыс және еңбек ардагер лерімізді қуанышқа бөлеп келеді.

Шұғыл түрде көрсетілетін әлеуметтік көмек көмекті өткір түрдс қажет ететін карт адамдарға бір жолғы көмек көрсету болып табылады. Оған: ыстық тамақпен немесе азық-түлікпен бір жолғы қамтамасыз ету: киіммен, аяккиіммен қамтамасыз ету; материалдық көмекпен бір жолғы қамтамасыз ету; уақытша тұрғын үйді алуға үлес тигізу; экстрималды психологиядык көмек (сенім телефоны арқылы) пен анықтамалык көмекті (өз құзіреті шегінде) қамтамасыз ету кіреді.

Бірқатар аумақтарда халықты әлеуметтік қорғау органдарының қарамағында жасына байланысты эейнеткерлер үшін өте маңызды әлеуметтік емханалар, әлеуметтік асханалар, мамандандырылған дүкендер, тұрмыс үйлері мен басқа да объектілер бар. Маңызды бөлігін қарт адамдар құратын аз қамтылған азаматтарға қызметтер мен көмекті арзанға ұсынатын шаштараздар, кір жуу орындары, тұрмыс техникасын жөндеуге арналған шебеоханалар, жалға беру пунктері жұмыс істейді.

Атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз- бұл жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарды, Астана мен Алматы қалаларында белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдарға (тобасыларына) мемлекет ақшалай нысанда берілетін төлем («Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17-ші шілдедегі  246-ІІ Заңы).

Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарды Астана мен Алматы қалаларында отбасының әрбір мүшесіне есептеген кедейлік шегінің белгіленген айырмасы түрінде есептейді.

Қатты ауыратын азаматтарға бригадалық көмек түрі- бұл әлеуметтік және медициналық қызметтерді ұсыну арқылы кешенді қызмет көрсету. Әлеуметтік қызметкерлер ауру адамдарға тұрмыстық сипаттағы қызметтер көрсетсе, медбикелер дәрігерлік күтімді жүзеге асырады.

Қарт адамдарда пайда болатын түйінде мәселерге қортынды жасау әлеуметтік, экономикалық және этикалық көзқарас бойынша оларға көп қырлы әлеуметтік көмек ұсынуды қажеттілігін көрсетеді. Басымды қызмет көрсету мүмкіндігінен айырылған, жалғыз басты және аз қамтылғандығымен сипатталатын қиын өмір жағдайларындағы қарт адамдарға көрсетілуі тиіс.

Ең алддымен қарт адамдардың мемлекетке, қоғамға және отбасына әлеуметтік-экономикалық тәуелділігінің дәрежесін төмендетуге үлесін тигізу алдыңғы жоспарға шығады. Қарт адамдардың әлеуметтік көмек пен қызметтерді пассивті тұтынушы рөліне түспеуіне көмек көрсету керек.

2.Қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетудің формалар



Әлеуметтік қызмет көрсету- дегеніміз бұл үй жайларында немесе мамандандырылған мемлекеттік несесе муниципалды (жеке меншік) мекемелері жағдайында ұсынылатын әлеуметтік қызметтердің жиынтығы. Оған әлеуметтік-тұрмыстық көмек пен моральды-психологиялық қолдау кіредіг.

Мемлекет қарт және егде азаматтарға әлеуметтік әділеттілік принципі негізінде жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, шығу тегі, мүліктік немесе лауазымдық жағдайы, тұрғылықты мекен-жайы, дініне қарым-қатынасына тәуелсіз әлеуметтік қызметтерді алу мүмкіндігіне кепілдік береді.

Қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызметтің негізгі принциптері келесідей:


  • адам мен азаматтың құқығын сақтау;

  • мемлекеттік кепілдіктерді ұсыну;

  • әлеуметтік қызметтерді ұсынудағы тепе-тең мүмкіндіктер мен қарт адамдардың оларға қол жеткізе алуын қамтамасыз ету;

  • әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық түрлерінің сабақтастығы;

  • қарт жастағы азаматтардың әлеуметтік бейімделуі бойынша шаралардың басымдығы.

Осы принциптерге сәйкес әр түрлі әлеуметтік көмек ұсынылады.

Материалдық: мұқтаждығына байланысты жәрдемақылар, мақсатты төлемдер (көмір, киім, дәрі-дәрмек алуға), экстримальді өмірлік жағдайларға азаматтарға жәрдемақылар, протездік-ортопедиялық бұйымдарды алуға арналағн жәрдемақылар.

Натуралды: алғашқы қажетті заттарды, киім, азық-түлік, тегін тамақтануды әзірлеу, қонатын жайды қамтамасыз ету.

Әлеуметтік көмекті алу барысында қарт адамдар: әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің әлеуметтік қызметкерлер жағынан сыйлы қатынасқа; өздерінің құқықтары туралы ақпарат алуға, әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуға; әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің әлеуметтік қызметкерлеріне әлеуметтік қызметтерді көрсету барысында анық болған ақпараттық құпиялығына, өз құқықтарын қорғауға, соның ішінде соттық тәртіпке қорғауға құқылы.

Қарт адамдар үшін әлеуметтік қызмет көрсетудің келесі формалары анықталады:


  1. әлеуметтік-медициналық көмекті қамтитың үйде көрсетілетін әлеуметтік қызмет көрсету ;

  2. әлеуметтік қызмет көрсету мекемесіндегі күндізгі қабылдау бөлімінде жартылай стационарлы мекемелерінде стационарлы әлеуметтік қызмет көрсету ;

  3. қарттардың қоғамдағы бейімделуіне өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайда бейімделуді жеңілдетуге бағытталған әлеуметтік-консультациялық қызмет көрсету;

  4. экстрималды жағдайлардағы көмек көрсету мақсатында жедел әлеуметтік көмекті қажет ететіндерге дереу әлеуметтік қызмет көрсету;

Әлеуметтік қызмет көрсетудің стационарлы формаларына интернат-үйлер мен пансионаттар кіреді. Стационарлы әлеуметтік қызмет көрсету өз-өзіне қызмет көрсету қабілеттерін толық немесе жартылай жоғалтқан және денсаулық жағдайларына байланысты тұрақты бақылау мен күтімді қажет ететін қарт және егде жастағы азаматтарға жан-жақты әлеуметтік тұрмыстық қызмет көрсетуге бағытталған.

Қарт адамдарға арналған интернат-үйлер. Қазіргі уақытта Қазақстанда жалғыз басты қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға арналған 58 интернат-үйлері жұмыс істейді. Олардың ішінде 16 мыңнан астам адам өмір сүреді. Сол интернат-үйлерінің ішінде Қарағанды облысы бойынша 18 интернат-үйі жұмыс істейді.

Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі- бұл күтімді тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді, әлеуметтік еңбек реаблитациясын қажет ететін қарттар мен мүгедектердің күнделікті өмір сүруіне арналған әлеуметтік –медициналық мекеме. Интернат-үйіне зейнеткерлік жасқа жеткен жалғызілекті адамдар және жалғызілекті адамдардың ішінен 18 жастан асқан, І, ІІ топ мүгедектері қабылданады.

Әлеуметтік қызмет көрсетудің жартылай стационарлы формаларына күндізгі және түнгі қабылдау б, бейімдеу орталықтары жатады. Бұл қызметке қарт және егде жастағы азаматтарға әлеуметті-тұрмыстық, медициналық және мәдени қызмет көрсету, олардың тамақтануын, демалысын ұйымдастыру, еңбек қызметіне араластыру және белсенді өмір салтын қолдау кіреді.

Күндізгі қабылдау бөлімі зейнеткерлер мен мүгедектерге тұрмыстық, медициналық, мәдени қызмет көрсету, олардың демалысын ұйымдастыруға, еңбек қызметіне тартуға арналған. Мұндай бөлімдердің мақсаты- қарттардың жалғыздықты, тұйықтықты жеңуіе көмектесу болып табылады. Бұл бөлімдерде қызметкерлер қарттарға бұрынғы жолдастарымен қарым-қатынас жасауға және жаңа адамдармен танысуға болатын үйдегідей жағдай құруға талпынады.

БҰҰ Бас Ассамблеясының қаулысы бойынша «азаматтық демографиялыық жағынан қарттық кезеңге өтуі мен оның қоғамдық экономикалық, мәдени және рухани өмірдегі мүмкіндіктері мен срабдал шешімдердің даму үшін ашатын перспективаларды мойындау» ретінде 1999 жылы Халықаралық қарттар жылы ретінде өткізілді.

Жыл мақсаты БҰҰ-ның қарттарға байланысты принциптерінің жүзеге асырылуына жағдай жасау ретінде анықталған. Бұл принциптер бес топқа біріктірілген:


  1. тәуелсіздік;

  2. қатысу;

  3. күтім;

  4. ішкі потенциалды жүзеге асыру;

  5. абырой.



Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет