Рецензент: Ш. Ш. Уәлиханов атындағы кму м.ғ. к,Турлубеков К. К. Кайникенова Г. К


Қарттардың психикалық қартаю туралы түсінік



бет7/15
Дата30.03.2017
өлшемі2.39 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Қарттардың психикалық қартаю туралы түсінік

  • Тұлға туралы түсінік- темперамент пен мінез

  • Адамның кәрілікке қарым-қатынасы кәріліктің индивидуалдық типі

  • Өлімге деген көзқарас. Эвтазия туралы түсінік

  • Аномальды реакция түсінігі. Геронтопсихиатрияның кризистік жағдайы

    1. Кәрілік-бұл адам дамуындағы процесс. Адам өмірінде қартаю келесі признактарды көрсетеді: адамның түрі өзгереді, әжімдер пайда болады, өмірге көзқарас жоғалады, физикалық күші әлсірейді. Қартаю кезінде басты нәрсе, адамның есі, күші жоғалады. Орыстың ұлы жазушысы В.В. Вересаев өз портретінде мазмұндама беріп жатқанда Рембранттың ақырғы суретін: «кәрі, шашы ағарған, арықтап қалған 61 жастағы ақсақалды суреттейді»: сонымен қатар адамға екі жолмен келе алады: физикалық әлсіреу жолымен және психикалық күштің төмендеуі мен организімнің әлсіреуі. Белгілі геронтолог Н.Ф.Шахматовтың айтуынша, кәрілік әр кезде ауыр тиеді және жалғыз басты адамға. Кәріліктің екі тағдыры бар: төсекке байланған немесе күйеуінен жесір қалған бай әйел. Шынымен де кәрілікті мойындау керек. Н.Ф.Шахматов өзінің монографиялық «Психикалық қартаю» шығармасында адамның мінезін, сезімін суреттейді.

    Психологиялық әлсіздік, қозғалу күшінің әлсіреуі физикалық денсаулықпен тығыз байланысты. Моматикалық тұрғыдан адамның есі, көздің көруі, құлақтың естімеуі төмендейді.

    Бақытты кәрілік- бұл қартаюдың жақсы формасы. Кәрілік адам өмірінің бақытты шағы да баса алады. Шахматовтың айтуы бойынша, кәрі адамдардың көбі кәрілік шақтарында өздерінің жас кездерінде әлі сезіліп көрмеген сезімі мен бақытты, қызықты басынан кешіргенін айтады. Л.Н. Толстой былай айтқан « Мен кәрілік соншалықты көркінді екенін ешқашан білмеппін».

    Кәрәләктәң ақылдылығы- бұл жаңа өмірлік позиция. Сонымен зерттеудің үшінші групасы кәрілік шақта жағымды және жағымсыз жақтарын көрсетеді. Адамның кәрілік шағын зерттейтін ғылым геронтология деп аталады. Зерттеу бойынша 60-93 жастағы адамдардың өмірге көзқарасы, ойлары сәл басқаша болады.

    2. психоәлеуметтік статустағы басты рөл жеке тұлғаға арналағн. Жеке тұлғаның проблемасы тек философ, психологтарды ғана емес, жазушылар мен саясатшыларды да қызықтырады. Бұл ең қиын проблемаларға жатады. Темперамент (латын тілінен temperamentum – мінез-құлық) дегенді білдіреді. Екі бірдей адам және екі бір типті индивид болмайды.

    Гиппакрат сияқты атақты медиктер 4 түрлі темперамент жайлы айтады. Олар: сангвиник, холерик, флегматик және меланхолик. Осы темпераменттер арқылы адамның мінез-құлқына сай қай топқа жататынын білуге болады. Адамның жоғарғы деңгейінің бірі мінез-құлық болып табылады. Ежелден зерттеушілер адам және оның мінез-құлқының арасындағы байланысты белгілеген. 1921 жылы неміс психологы Э.Кречмердің «Дене бітімі және мінез-құлық» деген зерттемесі шыққан. Медициналық мінез-құлықтың бойынша өте бағалы жұмыстар С.А.Суханов сияқты психопатологтарға арналған.

    Өмірлік жас деген- бұл индивидтің, жеке тұлғаның әлеуметтік- тарихтық шығармашылық. Сондықтан өмірдің әр кезеңі, әсіресе кәрілік шақты өмірлік жолдың басты концепциясына жатқызуға болады.

    3. Қартаю кезі қалай басталатыны әр адамды толғандырады. Әрқайсысы бұған әртүрлі қарайды, біреулері жағымды жақпен кейбіреулері жағымсыз. Қиын физикалық денсаулық, орташа материалдық деңгей, жалғыздықта отырған кәрі адам мұнын бәріне келісе береді. Бүкіл дамыған елдерде қарт адамдарға жағымсыз қарайды, ал бүкіл дамушы дәстүрлі елдерде оларға өте жағымды қарайтынын Б.Ф.Малаевич көңіл бөлген. Жастар мен қарт адамдар арасында байланыс жақсы болуы тиіс. Бірақ қазіргі кезде ересектердің қарт адамдарға дөрекі сөз айтуы, жағымсыз қарауы көп кездеседі. Әрқашанда қарттарға сыпайылық көрсету керек. Өйткені жылдар өте келе сол жаста боласын.

    Өмір жолы ашық әрі белсенді болған адамдар кәрілікке деген көзқарасы бірқалыпты, яғни денсаулықтың нашарлауы және түрлі аурулардың пайда болады. Ер адамдардың мінезі ұстамды, шыдамды болса, қартайған шағы жайлы өтеді. Қарт адамдар тұрақты және өмірге деген құлшынысы болмаса, бұл процесс бейімделуге қарсы болып келеді. Бұл жағдайда олар өзін жалғыз, әлсіз сезініп әлеуметтік қартаюдың негативті жағын бойына сіңіреді. Атақты психоаналитик К.Юнг «Стадии развития» деген эссесінде қартаю кезеңіндегі жүйке жүйенің жұқару сабептерін, яғни адам екінші өмірге аяқ басуға дайын еместігін көрсеткен.

    Американдық психологтар қартаюдың түрлерін көрсетеді:


      • репрессия, өмірінің бұрынғы кезеңінде қайтіп оралу, «балалық шағын еске түсіру, бұл денсаулық жағдайына қараласқан, күнделікті көмекті қажет етеді;

      • қашу бұл тұрғылықты үйін, өзгерту, қиын жағдайдан шығу түрі;

      • ерікті түрде өзін қоршаған ортадан, қоғамдық өмірден алшақ ұстау;

      • қоршаған адамдардың көңілін өзіне аудартуға тырысу;

      • өз жасына, денсаулығына, қарамастан қоғамдық өмірге араласу.

    4. Өлімге денег көзқарас- адам өмірінде кездесетін үлкен проблеманың бірі. Адам өлімнен әрқашан қорқады. Ежелгі Римде «ажал» сөзінің өзі қорқынышты естіледі. Қартайған кезде өлім адам бойына терең еніп, жақын құбылысқа айналысады. Қарт адам белгілі бір жағдайға байланысты өлім туралы ойлайды: денсаулық жағдайы, әлеуметтік шарттар және т.б.70 –жастан асқан кезде өлімге деген қызығушылық күшейе түседі. Көбінесе қарт адамдар өлім туралы әңгімеден қашпайды. Мысалы, жүз жасаған адамдар құрмет тұтуға лайық. 200 адамнан тест алғанда 43-і оң нәтиже көрсеткен. Олар егер де физикалық және психологиялық сана сезімін толық сақтаса 100 жасауға болады деген, ал 17 адам өмірдің ұзақтығы өмір сүруге деген құлшынысына байланысты, яғни «барлығы алланың қолында». Ал бес адам теріс нәтиже көрсетті. Олар тез алудың жолын аңсады.

    Эфталазия- бұл ыдымның өлімді таңдау құқығы, ұзақ ауруды жеңе алмай, шыдамағандар. Бұл бұрынғы тайпалардың дәстүрінде жиі кездесіп ауру және әлсіз адамнан құтылудың жолы болып есептеледі.

    Франция мен АҚШ-та соңғы 10 жылда биологиялық мұра деп аталатын ерекше теория таралды. Оның мазмұны келесідей: «менің азабымнан құтылу үшін барлық жағдайды қолдануларыңызды сұраймын, егер қатты әсер ететін препораттар өмірімді қысқартса, соңғы тәсілге эфталазияны қолдануды сұраймын». Өз қолымен жазған есі бар адамның мұндай мұрасы 21 американдық штатта заңды күші бар, бірақ бұл Еуропада әлі де жоқ.

    5. Атақты орыс психиаторы П.Б. Ганнушкин денсаулықпен аурудың арасын бөлуге болмайды. Жас кезеңде және егде жаста шекаралық жағдай толық зерттелген және анық клиникалық критерийлері бар. Қартаю кезеңінде ауру мен саудың арасында шекара орнату басқа өмір этаптарына қарағанда күрделі болып келеді деп көрсеткен. Зерттеу бойынша 60 жастан асқандар кездеседі екен. Әрбір оныншы адам шекаралық симптомы бар. Ал С.И.Гаврилованың мәліметі бойынша психикалық ауытқушылығы бар 20 пайызын құрайды. Жүйке психикасы ауытқушылығының жай формасы «аномольды реакция» деп аталған жағдайдың ертерек пайда болуының себебі ашушандыққа байланысты. Оның негізінде ерекшелігі өз-өзіне есеп бермеушілік. Соңғы уақытта клиникалық практика аумағында «кризистік геротопсиатрия» бөлініп шықты. Бұл кризистік жағдай психологиялық, әлеуметтік және суматикалық факторларының әсерінен пайда болатын қарт адамдардағы аномальды реакция. Бұл қарт адамдар өзгергег өмірдің шартына бейімделе алмайтындығын байқаған. Көп жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан адамдар, уақыт өте келе зейнетке шыққанда мұндай режимге тез орнай қоймайды. Сонымен қатар депресивті реакцияның дамуына себеп болатын дағдай жақын туысын жоғалту. Н.М.Милованың байқауы бойынша бұл реакциялар үш түрге бөлінген:



    1. жақын адамнан айырылғандағы соматикалық функцияның бұзылуы, (күні-түні жылау, ұйқысыздық, өлген адамды еске ала беру

    2. көңіл-күйінің күрт бұзылуы, тәбеттің жоғалуы, белсенділіктің төмендеуі, т.б.

    3. күрделі психикалық ауруға шалдығуы, яғни депрессивті жағдайға түсіп, одан шыға алмау. Адам өзінің қартаю шағын қабылдамау, бұл оның тез қартаюына, физикалық және психикалық әлсіздігіне әкеп соғады.



    Тақырып № 8. Жалғыздық кәріліктен ерекше әлеуметтік проблемасы ретінде. Әлеуметтік әрекеттің рөлі


    1. Кәріліктегі жалғыздықтың экономикалық аспектілері

    2. Жалғыздықтың әлеуметтік аспектілері

    3. Кәрі және қарт адамдардың отбасылық қарым-қатынасы

    4. Көмексіз қалған қарт адамдарға үйде көмек көрсетудің рөлі

    5. Әкелер мен балалар мәселесі. Қоғамдағы кәрілік стеротипі

    1. Жалғыздық- бұл қоршаған ортадан алшақтауды безінудің ауырлығы, жалғыз өмір сүрудің нәтижелерінен қорқу, өмірдің белгілі бір құндылықтарын жоғалтуына немесе жақын адамдарынан айырылуына ауыр қайғыру, үнемі жалғыз болуы, жарамсыздықты, қажеткіліксізді сезіну. Жалғыздық сезімі жас ерекшелігінің әрекет периодтарында байқалады, бірақ кәрілік жағдайларда тұлға үшін ерекше актуальдық және мағыналық болып табылады.

    Жалғыздық және жалғыздық кейпінде өмір сүру бір-біріне туыс мағына, бірақ оларды синоним деп қарауға, оларды араластыруға болмайды.

    Жалғыздықта өмір сүру кейпі- ол физикалық жағдай, тұлғаның өзінің мінез-құлқының ерекшеліктеріне және психикалық денсаулығына байланысты белсенді түрде таңдалып алуына болып саналады. Ең бастысы бұл қоршаған ортадан алшақтауға, өзінің ішкі жан дүниесін, өмір сүру қалпын сақтап қалу.

    Жалғыздық –бұл әлеуметтік жағдай, ол адамдардың психофизикалық деңгейін көрсетеді, оған жаңа адамдармен танысуға және ескілермен жаңа қатынастар орнатуға қиындық тудырады.

    Кәрілік шақтағы жалғыздық- бұл бір мағынадығы түсінік емес, негізінде ол әлеуметтік негізге ие. Ең бастысы ол туыстардың, балалардың, немерелердің, жұбайлардың жоқтығы. Көп емес жағдайларда кәрі адамдар толығымен адамдармен жақын қарым-қатынастан орналастырудан айырылған: геронтопсихиатрияда ерекше псхикалық бұзушылық қарым-қатынастарын жетіспеушілігінің паранойды (сандырақ), күмәндану, сенімсіздік, қорқыныш, отбасында өмір сүретін көптеген кәрі адамдар үшін жалғыздық сезімі өте ауыр болып келеді. Изоляция және өзіндік изоляция кәріліктің атрибуты болып табылады. Шопенгауэрдың ойынша, жасқа қарай жалғыздық ауытқу заңды және инстинтивті. Бірақ көптеген кәрі адамдар отбасымен өмір сүріп жатады. Изоляция дегеніміз- қарым-қатынас контактілердің объективті жоқ болуы, жалғыздық субъективті психологиялық жағдай болып табылады. Ол қарым-қатынас контактілердің мөлшеріне байланысты емес.

    Қарт адамдар көп жағдайда жабырқау жалғыздыққа жалынады, қоғамнан алшақтауы осы барлық шағымдарды материалдық қиындықтармен байланысады. Үлкен қаржылық қиындықтар әр дайым қарт және кәрі адамның белсенді өмірден ауытқуын тездетеді. Үйреншікті өмір сүру мүмкін емес. Керекті дастархан мен қонақтарды күтудің қиындығы, жаңа киім-кешек алуға ақшаның жеткіліксіздігі болып табылады. Осының барлығы қарт адамның ескі достары мен қатынастарды үзуге әкеліп соғады. Осы жағдай олардың өмірін қызықсыз, қараңғы қылады. Көп қарт адамдар өздеріне жаңа киім сатып ала алмайды, ескілерін киіп жүре береді. Кейбір адамдар оларға аяушылықпен, ал кейбіреуі желкенішпен қарайды. Осы кешенсіз жағдайларды байланысты кейбір қарт адамдар үйлерінен шықпай, сыртқы дүниеден алшақтайды. А.Г.Смакованың ойлауынша, қарт адамның 3-ші бөлігі зейнетақысына әзер өмір сүреді. Әрбір 12-шісі аш болған. «Өз бетінше материалдық жағдай бұл- адамдар жақсарта алмайды. Бұрынғы жұмыс істеген жерлерде оларды мүлде ұмытқан, 2,9% ғана ескі әріптестерімен немесе достарымен араласады. Үй ішіне қарау, гигиенаны жүргізу, коммуналдық төлемдер олар үшін өте қиын, негізінде олардың өмірі қайыршылық». А.Г.Смакованың қарт адамдарға анықтамасы- «жалғыз басты кемпірлер», өйткені қарт адамның көбін әйел адамдар құрайды ( 80%). Олардың жартысы 70 жастан асқан, ал 18,1% -80 жастан жоғарылар көбі балаларынан да көп өмір сүріп, өздері жалғыздықта өмір кешуде.

    Әсіресе коммуналдық квартиралрда өмір сүретін қарт адамдардың жағдайы аянышты. Көршілері олардың қашан өлетінін күтуде екендігі құпия емес. Жалғыздық тың субъективті сезімі көп жағдайда қарт адамдардың өз-өздерін өлтіруге әкеліп соғады. Туыстарымен қарт адамдарға қарағанда жалғыз тұратын қарт адамдар өмірге ренжулі, қоршаған ортаға жек көрушілікпен қарап кейде қызғанады да. Жалғыз тұратын қарт адамның көбінің денсаулығы өте мықты болады, бірақ оларды жан жалғыздығы күзелтеді. Көбінесе әйел адамдар материалдық жеке мүмкіншілігінің кемістігінен өздерінің жалғыздығын қанағатты сезінеді. Оны басты себептерінің бірі деп ойлайды.

    2. Зерттеулер көрсеткендей, жалғыз тұратын кәрі және қарт адамдардың саны салыстырмалы түрде көп емес. Солардың ішінде екркектерден қарағанда әйелдер 3 есе көп. Мұндай жағдай барлық мемлекеттер үшін үйреншікті болып саналады, бұл екркектердің көп өліп кетуіне байланысты. Қолда бар деректер бойынша, жолғыз тұратын қарт адамдардың санының жартысы қоғамнан толық изоляцияда: олады ешкім күтпейді, 8%-ы ешкімге бармайды. Оларға да ешкім келмейді. Барлық жағдайларда оның себебі туыстарының болмады, олардың өздерінің олардан алшақтанады. К. Колло Франциядағы қарт адамдардың мәселерін әдейі зерттеген. Ол әр түрлі аймақтардағы 8000 адамдардың әңгімелері:


    • жалғыз;

    • туыстарымен бірге;

    • қарттар үйінде.

    Сұралғандардың 78%-ның балалары болған, соншасы олардан жақын жерде тұрған, бірақ олар 2/3 ғана бір рет көрілген, 80% туыстары болған кейбіреулері тіпті көршілес болған.

    К.Виктор мүлде басқа деректер берген. Зерттеуге ағылшындықтардың 95% ер адамдар және 75% әйел адамдардың айтуынша өздерін ешқашан жалғыз сезінбеген, тек 5% ғана кейде жалғыздықты сезінген Л.Торстон, Швециядағы әлеуметтік геронтология бағдарлама академиясының жетекшісінің ойлауынша, шведтердің көбінің тұжырымынша, қажетті мөлшерде қоғамда интеградцияланған, өздерінің немерелер, балалар бөлек тұрса да жақын қарым-қатынаста. Зерттеудің 70-80% қарт ағылшындықтар, мүлде жалғыздыққа бөленбеген, 50% кәрі поляктар және не бары 30% сербер, поляктар мен сербер көп жағдайда балалармен тұрады, дегенмен ол жалғыздық сезімінен босатпайды.

    Ресейде соңғы жылы өткен әлеуметтік зерттеулер бойынша қарт адамның жалғыздыққа шашданудан 1-ші орынға ие. 70-жастан асқандардың бұл көрсеткіші  99- 100%-ға дейін жетті. Жалғыз басты қарт адамдардың 85,4%-да туыстары бар, 40,5%-да жақын туыстары бар, олардың көбі Мәскеуде тұрады, ал 18,5%-да алыс туыстары бар. 40% қарт адамдар ғана туыстарымен қарым-қатынаста, 30% тек телефон арқылы ғана байланысады. Жалғыздықтың себептерінің бірі қарт адамдардың 4-3-ші бөлігі қарапайым гигиеналық және тұрмыстық сұрақтар бойынша қиналуы, тіпті жуынуға да қиналу. Нақты осы қарт адамдардың категориясы әлеуметтік жұмыстың объектісі болып табылады. Дегенмен оларға көрсетілген көмек жеткіліксіз. Өкінішке орай авторлармен келісуге тура келеді, Ресейде жалғыздық белгілі бір себептерге байланысты туыстарынан айырылған қарт адамдар. Осы категорияның мәселерін шешу әлеуметтік көмектің барлық жүйесіне бағытталған, тек материалдық мәселелер ғана шешіледі, әлбетте тек критикалық периодтарда ғана.

    3. Көптеген кәрі және қарт адамдардың отбасы бар. Геронтология оларды «жас» және «терең» шалдарға бөледі. Францияда үшінші және төртінші жастағы түсінікпен операциялайды. Үшінші жастан төртіншіге шегіну шегі 75 тен 80 жас. Зерттеушілік мақсатта кәрі және қарт жастағы адамдардың он жылдық тіпті бесжылдық топтарға бөледі. Ең бастысы ол отбасылық жағжайларға және отбасылық қарым-қатынасқа байланысты. Қарт адамдардың отбасылық жағдайы екі мінездемемен анықталады.



    • Макросоциалдық, өзіне жынысын, жасын, мекен-жайын мінездейді;

    • Микросоциалдық, отбасының және балалар санын мінездейді.

    ХХ ғасырда отбасы структурасында қоғамдық әлеуметтік конгламерата сияқты кордина екендігі бәріне белгілі. Кәрілік жас жұбайлық өмірдің соңғы фазасы. Зерттеудің көрсеткендей, жұбайлық бұл пермодта маңызды рөлді атқарады. Жұбайлардың біреуінің дүниеден өтуі екіншісіне ауыр тиеді, оның мінез-құлқы мен қарым-қатынастары тоқталып, қартттар үйіне көшеді.

    Зерттеулердің нақты және сенімді көрсеткіштері бойынша қарт адамдар олардың туыстары арасында жақсы қарым-қатынас орналасады. Бірге немесе бір-біріне алыс емес тұратын қарт адамдар және олардың барлығы арасында бір-біріне жақсы көмек көрсетеді. Ата-аналар үшін ол махаббатты, сыйластықты білдіру. Бұл көмек ата-аналар үшін үлкен құндылық, ал көбі үшін балаларымен қарым-қатынас әлеуметтік қарым-қатынас жалғыз түрі болып табылады. Кәрілік шақта ақырын ақырын әлеуметтік байланыс нашарлайды. Басқа қоғамда сияқты қарт адамдардың мінез-құлық құндылықтарымен анықталады, үнемі бірінші болуға деген құштарлығын сақтауға тырысуы, еңбек еткен уақыттағы жиып-тергеніне қатынасы және басқа да субъективтік, объективтік достарлар. Егер де бас кезінде ата-ана мен балалары арасында қарым-қатынас жақын болмас, кәрілік кезде ол жақсармайды. Зерттеулер көрсеткендей, балаларымен өмір сүретін ата-ананың жартысы күйеу балаларымен қарым-қатынасы жақсы еместігін көрсетеді. Көп жағдайда өз еркі бойынша емес экономикалық, құқықтық немесе салт дәстүрге байланысты балалрмен тұратын ата-ана бар. Қазіргі уақытта өте қарт 80 жастағы адамдармен 60 жастағы балалардың өмір сүретіні үйреншікті жағдай. Европада 1981 ж.жүргізілген зерттеулер бойынша 60-64 жастағы адамдарға 100 адамнан, 80 жастағы адамдарға 85адамнан келеді. Бұндай отбасыларында жүргізілген сараптамалар көптеген қиын мәселелер бар екенін көрсетті, біріншіден ол кәрі балалардың өз кәрі ата-анасын күткендегі физикалық қиындықтар, эмоционалдық қысымға ұшырауы ауыр келгенін көрсетеді. Екіншіден сондай шешімге голландиялық геронтолог Тер-Хаар келген. Оның айтуынша өте кәрі ата-аналары бар отбасында көп қиын мәселелер бар.

    Әдеттегідей қарт адамдарға күтімді қыздар, келіндер көрсетеді. Алайда жаңа кезеңде әйел адамдардың отбасы мүддесіне күні-түні қызмет етуіне байланысты көп әйелдер, бұл міндеттен бас тартады. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей 45-55 жастағы әйелдердің 80%-ы, 55-64 жастағы әйелдің 42% осы күнге еңбек етуде. Кәрі ата-аналарына олар тек өздерінің еңбек етуге күшінің таусылған кезде ғана көмек көрсетіле алады. Кейбір көп өмір сүретін 90-106 жас аралығы ата-аналардың денсаулығы үлкен балаларынан да күшті болады. Сонымен қоса зерттеу периодында 27% балалар ата-ананың тірі кезінде қайтыс болған.

    Эмоционалдық қысым- бұл ситуацияның таралған ең ауыр нәтижелері. Уақыттың жеткіліксіздігі, іс-әрекет еркінсіздігі, достарынан изоляциялану, бір мезетте бірнеше жұмыс істеу депрессияға ұшырауға, ұйқысыздыққа, әлсіреушілікке алып келеді.



    4.оңғы 20 жыл ішінде көмексіэ,қатты ауыратын ауруы үнемі асқынып отыратын қарт адамдарға үйде көрсететін көмек зерттеулерінің нәтижелері анықталды. Қартаюдың бірінші кезеңінде қарт адамның үлкен боп өскен балалардың және басқа жақын туысқандарынан қаншалықты керектігінің формасы анықталды. Қартаю уақытында балаларға тәуелдік ұлғая түседі. Соңында балаларға толық тәуелділік периоды келеді. Психоаналитиктердің ұсыныстары бұл таңда қызық болып келеді. Белгілі бір Шепістің ұсынысы бойынша балалр өз кәрі ата-аналарына ерекше күтіммен, сыйластықпен қарап, айтқандарына кейде көңіл білдіріп, бірақ шешімді өздері қабылдау керек. Көмекті қажет етпейтін қарт адамдардың саны, көмекті қажет ететіндерден едәуір көп. Көптеген геронтологтар үнемі күтімді қажет етудің 15-20% меңзейді. Отбасы бірінші болып көмек көрсетеді, дәрігер шақырады, кәрі адамдарға қарайды. Күту функциясы әдетте жақын туыстар орындайды. Отбасы кәрі адамдарға күтім көрсету өте бағалы, С.Г.Киселеваның мәліметтерінде соңғы жылдары Ресейде өте жылдам қарқынмен жалғыз басты қарт адамдардың саны көбеюде. Болжамдар бойынша 37млн.зейнеткерлермен мүгедектердің 1,5-2 мыңд. Бұл категорияға жатады және үнемі көмекті қажет етеді.

    Туыстар тарапынан көмек алу европада бұрыннан бері дәстүрге айналған. Жағымдысы қарт адамдардың өздерінің отбасылық қарым-қатынасын өздері бағалайды. Дегенмен туыстар тарапынан көмек алу көмексіз қалған қарт адам үшін өте бағалы. Себебі ол өзіне деген сыйластықты сезініп, отбасындағы алатын орнына сенімді болып, қоршағандардың махаббатымен, сыйластығымен пайдаланады. Бұндай отбасылар мемлекеттік қазынаны үнемдейді, бұл қаражатты қарттар үйіне гериатриялық ауруханаларға және әлеуметтік көмектерді ұлғайтуға жұмсау қажет. Егер отбасылық күтім болмаса барлық қоғамның жағдайын шектету қиын. Бірақта көптеген жағдайда бұндай нәрсе әбден мүмкін, егер отбасылық әлеуметтік мекемеден көмек аурухана және т.б.тарапынан алмаса олар өз күтушілік функцияларын орындай алмайды. Әлеуметтік органдар мен отбасы арасында жақын қатынас болуы керек.

    5.Егер адамдар өмірінің туғаннан бастап өлгенге дейін доға ретінде алып қарайтын болсақ, онда өмірлік доғаның басында балалар, ал соңында қарттар. Доға бойынша өмір кешу, бұл ер жету, кейін кәрілік шақ, соңында өмірдің аяқталуы о дүниеге кету.

    Жастар көз қарасы бойынша өмірлік доға оптимистік зардапқа ие: халықтың бұл тобында өмірлік әлі алда немесе олар доғаның нағыз ортасында орналасқан, дәлірек айтқанда өмірдің ортасы. Қарт адам үшін өмірлік доғаның перспективасы мүлдем басқа: доғаның шеті, соңы анық, жақындатады. Оған дейін аз ғана жол қалды, біраздан кейін өлім келді. Перспектива болып өткен өмір артқа, болып кеткендегі еске алу, барысы өткенді бағалау саналады . Болашақ жоқ тек соңы. Барлық өткен өмір бояумен боялған, бүгінгі күн тек өткенмен анықталады, ал ертеңгі күн мүмкін мүлде болмайды. Өз өміріне деген пессимизмдік көзқарас қарт адамдарға мән. Бүгінгі қарттар бұл кещегі жастар, ал ертеңгі қарттар- ол бүгінгі жастар екендігі ешкімнің ойына келмейді. Неміс поэты Курт Пухльский ұрпақтар арасындағы қарым қатынасты дұрыс анықтаған: «...әр жаста адамдар өздерінің әр түрліміз деп ойлайды. Жастар бір күнгі кәрі шал- кемпірлер боламыз деп ойламайды, ал шал- кемпірлер өздерін ешқашан жастық шақтарын естеріне түсірмейді». Жастар мен кәрілік әр уақытта үнемі бір-біріне қарсы тұрады, сол себепті үнемі шешілмейтін ұрыс-керісінің бөлігі болып табылады. Соңында әрбір ұрпақ өз өмірлік тәжірбиесіне ие болады. Кәрілік стереотипі, бұл немесе басқа қоғамда қалыптасқан, кәрі адамдардың деңгнйінің көрсеткіші болып табылады, олар бұл қоғамда өмір сүреді.

    Позитивті стереотип. Бұның түп негізінде қарт адамның біліктілігінің құндылығы жатыр.

    Негативті стереотип. Қарт адамға керексіз, артық, пайдасыз деп қарайды, ал оның біліктілігін ескірген қазіргі уақытта керексіз деп санайды.

    Кәрілікке деген қоғамдық қатынас позитивтік және негативтік- бүгінгі күндердің шығарғаны емес. Бұл бұрыннан бері келе жатқан нәрсе. Кәрілік туралы елестетушілік және оған деген қатынас көптеген факторларға байланысты. Олардың ішіндегі бастылардың бірі- адамның жасы.

    «Геронтология» және «геронтофобия» түсінігі бар. Геронтология (gerontos- кәрі, phio –сүю) немесе кәрі адамдарға деген махаббат. Қайырымдылық, күтушілік, сүйіспеншілік бұнын барлығы геронтофимияның көрсеткіш формасы. Геронтофобия- кәріліктен қорқу.

    Геронтология бірнеше геронтологиялық әлеуметтік стеротиптерді суреттейді: 1) геронтофимия- қарттарды ерекше сыйлау. 2) Геронтофобия- кәрілікті мойындамау және өз кәрілігінде. 3) мінез-құлық агтютинативтік моделі қарапайым, әлеуметтік статусы жоқ қарт адамға өз еркімен немесе мәжбүрлеу, қатаң қарау, жек көрушілік. 4) кәрілік редолесиясы- әлеуметтік мәдени құндылық сияқты қарт адамның жоғарғы статустық мінез-құлқын мойындау (ақылдылығы, тәжірбиесі). Өкінішке орай біздің инвелизацияны көптеген ғылымдардың ойынша геронтофобиялық деп санауға болады. А.Сова геронтофобияны аса қауіпті емес деңгейлі құбылыс деп көреді. Оның ойынша белгілі бір шарттар бойынша алдын ала білуге мүмкін емес екендіктен, жастар кәрі адамдарды ауыртпалық деп санап, олардың физикалық түрде көздерін құртуға талап етулері мүмкін. Оның ойынша екінші соғыс тарихы үйреткендей, моральдық құлау шартында әрекет қылмыстар болуы мүмкін.

    Е.Ф. Малаевич бүкіл дамыған елдерде кәрі адамға жаман қарайтынына, ал бүкіл ұлттық аграрлық индустрияландыруға дейінгі қоғамдарда оларға жақсы қарайтындығына назар аудартады. Оның қортындысы бойынша индустрияға дейінгі қоғамда қарттар өз мүмкіншіліктерін өз қолдарына концентрациялайды, ал жастар оларға экономикалық тұрғыдан тәуелді болып шығады. Автордың айтуынша біз кіші ұрпақтың үлкендерге деген ревалюциядан өтудеміз. Бүны өкінішке орай жастар да кәрілер де түсінбейді: үлкендер бұрынғыдай жастармен иерархия бастауымен қарым қатынас орнату уақыты келе жатқанын байқауға болады. Мың жыл өмір сүрген қарым-қатынас системасы бүгінгі күнде құлдырауда.



    Каталог: Книги
    Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
    Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
    Книги -> А. Ж. Сейтембетова
    Книги -> Қазақ әдебиетінің
    Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
    Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
    Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
    Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
    Книги -> Педагогика тарихы


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15


    ©stom.tilimen.org 2019
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет