Рецензент: Ш. Ш. Уәлиханов атындағы кму м.ғ. к,Турлубеков К. К. Кайникенова Г. К


Тақырып № 5. Геронтологиядағы қартаюдың болжаулары



бет6/15
Дата30.03.2017
өлшемі2.39 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Тақырып № 5. Геронтологиядағы қартаюдың болжаулары
1. Республикадағы геронтологиялық болжаулар мен жоспарлар

2 Гериатрикалық мүмкіндіктерді пайдалану
Жоғарыда біз қарастырған проблемалардан геронтологиялық және гериатрикалық мәселелер әлеуметтік қамсыздандыру денсаулық сақтау, заңдық қорғау, білім беру жұйесінде тиісінше дамымағаны көрініп отыр Дегенмен геронтологиялық жоспарды әзірлеудің маңыздылығы туралы мәлімдеме дер кезінде дүрыс болар еді. Геронтологиялық жоспар дегеніміз - бул мәнісі бойынша егде адамдарға қатысты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын. қоғамдық өмірдің барлық салаларында олардың белсене қатысуына ықпал ететін қуқыктары дамыту мен іске асыруға қолайлы жағдай жасауды білдіретін багдарламалық құжат Республиканың стратегиялық жоспарларында геронтологиялық жоспарды әзірлеу көзделмеген. Біздің көзқарасымызша, егде адамдар, ана мен бала, жастар, құқық тық еркін ашық қоғам басымдық болып табылатын әлеуметтік бағдардағы мемлекетті қуру ісінде жіберілген олқылық болып табылады. Дегенмен аға ұрпаққа көмек көрсету және қолдау саласында әлеуметтік қоғамдастық едәуір қужаттар жасады. Біз 2002 жылғы қартаю проблемасы жөніндегі Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспары, Қартаю проблемалары жөніндегі Б¥¥ Декларациясы. Егде адамдарға қатысты Б¥¥ қағидаттары туралы бірнеше мәрте еске салдық. Осы құжаттар ұлттық стратегияны әзірлеуде әдістемелік негіздеме бола алар еді ТМД бойынша көршілерге қарасақ, Ресей Федерациясында 1997 жылдың тамызында «Старшее поколение» федералды мақсатты бағдарлама қабылданды Қырғызстанда 2005 жылдың қыркүйегінде «Қырғыз Республикасында Қартаю проблемалары жөніндегі Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспарын жылжытуда мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам мен халықаралық уйымдардың өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру» тақырыбында халықаралық конференцияда Бішкек декларациясына қол қойылды Молдовада 2006 жылы тамызда «Бельцтің егде жастағы және тұрмысы төмен адамдары үшін екінші тыныс» қоғамдық ұйымы денсаулық сактау және әлеуметтік қолдау минстрліктерімен және бейіндік ұйымдармен бірлесе отырып, Молдовадағы қартаю және егде жастағы адамдарды қорғау мәселесі жөніндеп әрекеттер жоспарын әзірледі Әзірбайжанда еңбек және халыкты әлеуметтік қолдау министрліп Егде жастағы адамдарды әлеуметтік қолдауды күшейту жөніндеп мемлекеттік бағдарламаны қабылдады. Мадридтегі жоспардың ілгерілеуіне, ең алдымен өкімет ықпал жасауы тиіс. Сонымен қатар Мадрид жоспарын орындау жөніндегі іс-шараларды іске асыруды, бағалауды және жүзеге асыруды кушейтудеп өкіметтің ісін қолдауда мемлекетік емес уйымдардың рөлі аса ұлкен маңызға ие [13] қ Сонымен, Мадрид жоспарының ұсынымы, егер кажет болса қартаю мәселелерімен айналысатын агенттіктер мен ұлттық комитеттерді құруды қамтиды. Қартаю мәселелері жөніндегі ұлттық комитеттердің құрамына азаматтық қоғамның тиісті секторларының өкілдері кіретін әсіресе егде жастағы адамдар ұйымдары үлкен үлес қосып, қартаю мәселеле бойынша ұлттық кеңесші және үйлестіру тетіктері ретінде қызмет жасауы мумкін (118 т ).

Басқа іс-шаралар

• егде жастағы адамдарға тиімді ұйымдар құру;

• қартаю мәселелері бойынша ағартушылық оқу және зерттеу қызметі;

• қарттар мәселелері бойынша ұлттық мәліметтерді жинау және талдау болып табылды

Сондай-ақ жоспарды жүзеге асыру барысын тәуелсіз әрі мүлтіксіз бақылау аса үлкен маңызға ие және оны тәуелсіз мекемелер жұзеге асыра алады. Үкімет сондай-ақ азаматтық қоғам егде жастағы адамдарға көмек беретін немесе жеңілдіктер беру арқылы қолдау жасайтын ұйымдардың әлеуетін жұмылдыруға ықпал жасай алады (119 т ) Оған қоса, 2006 жылдың ішінде республиканың азаматтық секторы Мадрид жоспарының өзектілігін арттыру мен ілгерілету бойынша шаралар қабылдады. Қаңтарда «Ардагер» акционерлік қогамы Астана қаласының қоғамдық бірлестіктерін қатыстырумен «Қарттыктың кемел жолымен» атты дөңгелек стол ұйымдастырды. Онда Мадрид жоспарын іске асыру жөніндеп әрекеттердің ұлттық жоспарын әзірлеу қажеттіп мәселесі көтерілді. Осы мақсатта жұмыс тобын құру да ұсынылды. Алайда шешім қорытындысы бойынша ол қабылданбады, Ағымдағы жылдың қазан айында Алматы қаласында «Қазақстанда қартаю мәселелері жөніндеп әрекеттердің мадрид жоспарын ілгерілетудегі мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның және халықарылық ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау тетіктерін жетілдіру» атты халықарылық конференция өткізілді Конференцияның ұйымдарстырушылары Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген «Эйджнет Центральная Азия без границ» геронтологиялық ұйымдар желісі болды. Олардың қызметінің мақсаты Орта Азия елдерінде Мадрид жоспарының іске асырылуына ықпал ету болып табылады. Конференцияның қорытындысы бойынша меморандумға қол қойылып, тараптардың өзара әрекет жасауы жөніндеп Алматы декларациясы қабылданды. Өткізілген іс-шаралардың маңыздылығын ескере отырып, елімізде Мадрид жоспарын іске асыруға жауапты негізгі ұйымдар болып табылатын өкімет құрылымдары тарабынан ілгерілеудің жоқтығын атап өту қажет. Мадрид жоспары қабылданғаннан соңғы өткен төрт жылда бұл мәселе не өкіметте не қоғамдық ортада не егде жастағы адамдар арасында кеңінен талқыланбады. Бұл құжат тек құқық қорғау бағытындағы өкіметтік емес ұйымдәрдың тар шегіне ғана танымал. Мадрид жоспары 159 елдің өкілдерімен қабылданған. Ол әрбір елде іске асыруға егде адамдардың қоғам дамуына қатысуын арттыруға бағытталған, саясаты жүзеге асыруға. Олардың құқыктарын іске асыруға және қартаю кезеңіне қауіпсіз әрі лайықты енуге мүмкіндік беруге бағытталған. Ел өкіметі егде адамдарды қолдау қажеттігін әлі терең тұсінбеген, сондай-ақ республика халықының құрамындағы демографиялық өзгерістері бағаланбайды. Белгілі болып отыргандай батыс еуропа елдері осыдан көп бұрын өздерінде халықтың қартаю проблемасын бастан кешірді және өкімет тарапынан кешеуілдетпей, атап айтқанда, геронтологиялық жоспарларды әзірлеу сынды шешімді қадамды жасады. Мәселен 1992 жылы Испанияда қабылданған геронтологиялық жоспар өзінде қоғамдық мінез-қүлыктың нормасын көрсетті және Испанияның барлық өңіріндегі әлеуметтік қызмет саясатының негізгі бағыты болды. Геронтологиялык жоспарды Испанияның Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің бөлімшесі - ¥лттық әлеуметтік қызмеі институты әзірледі

Жоспар 5 бөлімді қамтиды, олар: экономикалық мәселелер денсаулық және медициналық көмек, әлеуметтік көмек, мәдениет, демалыс және оған қатысу. Испандық сарапшылар сипаттай отырғанындай, жоспар - өңірлер қызметінің негізгі бағытын қамтитын жасы ұлғайған адамдарға қатысты әлеуметтік саясатты дамыту туралы Жоспардың құрылымы туралы қысқаша айта отырып, мәселен «Экономикалық мәселелер» бөлімі қолдағы бар зейнетақыны қайта қарау қажеттіпн жалпы сипатта ашатытын атап өтейік. «Денсаулық және медицинәлық көмек» бөлімі медицина қызметін әлеуметтік қызметпен үйлестірудг сондай-ақ ақысыз медициналық қызмет керсетудің маңыздылығын атап өтеді «Әлеуметтік кемек» денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандырумен салыстырғанда әлеуметтік қызмет көрсету бойынша әлеуметтік заңнын жоқтығын көрсетеді. Қарттайған, егде тартқан науқас адамдарға қамқоршылық, отбасылық қолдау жасауға арналған тұрыгын үй желісін құру, үй-жай беруге техникалық көмек жасау, сондай-ақ үйге әлеуметттік кемек керсету мәселелерін кетереді

Қорытынды бөлімде қызметтер арасындағы үйлесімдіктің жоктығы атап өтіледі. «Әлеуметтік бағдарламәлардың артып отырғандығын айтуға болады. Әлеуметтік және медицина салаларында біруактылы түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыруға талпыныс болған емес Оған қоса адресат- бір адам». Сондай-ақ «Жасы ұлкен толқын» атты Ресей федералдық бағдарламасы да бес бөлімнен түрады» Бірінші бөлім «жасы үлкен азаматтардың әлеуметтік қорғалуын күшейту жөніндегі қызмет негізі», екіншісі - «Жасы үлкен азаматтардың денсаулығын бекіте түсу жөніндегі шаралар», үшінші - тыныс-тіршілік ортасын оңтайландыру шаралары», төртінші - «Жасы үлкен азаматтардың зияткерлік және мәдени қажеттіліктерін іске асыру үшін қолайлы орта құру жөніндегі шаралар», бесінші - «Жасы үлкен азаматтардың әлеуметтік қорғалуын бекіту жөніндегі қызметті қамтамасыз ету».

Геронтологиялық жоспарлар құрылымы бойынша әрбір мемлекеттің ұлттық ерекшеліктеріне қарай бір-бірінен ажыратылады, алайда геронтологиялық жоспарлардың негізгі мәселелерін құрайтын егде жастағы адамдардың ұсынылған құқыктарының мәні бойынша бірдей Гериатрикалық мүмкіндіктер мәселесі геронтологиялық жоспарларға қосуға тұратын заңды нәрсе. Өйткені егде жастагы адамдардың денсаулығына қолдау жасау, олардың ауруларының алдын алу мен емдеу әдістері егде адамдардың құқыктырын іске асыруға жағдай жасаудың жалпы жүйесінде маңызды рөлге ие. Алайда, әзірге республикамызда гериатрикалық емханалар және осы мамандықтағы дәрігерлер жоқ. Егде жастағы адамдарды емдеудің, балаларды емдегендей өзіндік елеулі ерекшелігі болатындығы айқын, ол дәлелдеуді қажет етепейді Гериатр және педиатр - ұқсас мамандықтар, олардың әрбір емделушісі олардың жас мөлшері ерекшеліпн есепке алуды талап етеді. Кәрілік - ауру емес, физиологтар нақты кәріліктің өлімі 100 мың жылда бір реттен артық кездеспейді деп тұжырымдайды. Геронтолог И.В Давыдовский былай деп жазған: «Кәрілік бүгінгі сөз ұғымында сырқат болып табылмайды. Кәріліктің өтуі әдетте ауыр келеді. Бұл ауырлық қарттық науқасқа шартталған қарттыктың табиғи мәнін көрсетеді». Бұл жастағы аурулардың болуы сезімталдықтың төмендеуімен, тәндегі әлеуеттік мүмкіндіктердің азаюымен және жұқпалы ауруларды тез қабылдаушылық мүмкіндігінің артуымен кідірісті және боямаланған сипатқа ие. Егде жастағы адамдардың диагностикасы, емдеу және оңалту процестерінің маңыздылығын түсінбеу осы мәселелерді елемеуге әкеледі, соның салдарынан гериатрия саласындағы отандық ғылыми зерттеулер жасалмай, сондай-ақ мамандар дайындалмай отыр. КСРО құрамында болғанымызда бірқатар нгеронтологиялық қоғамдардың кең желісі және геронтолог және гериатр мамандардың елеулі санына ие болатынбыз. КСРО-да егде жастағы адамдарға медициналық көмек көрсету ұйымдарының қажеттігі 60-80 жылдары ақ бірқатар стационарлар мен емханаларда гериатрикалық бөлімшелердің құрылуына әкелген болатын. 1989 жылы еліміздегі ең алғашқы облыстық Нижегород геронтологиялық орталығы құрылған болатын. Алғашқы гериатирия кафедрасы 1980 жылы терапия кафедрасы жанындағы гериатрия циклы ашылған. 1986 жылы Ленинград ГИДУВ-ында 1986 жылы ұйымдастырылды. Қәзір республикамызда геронтологтар мен гериатрларды дайындау жүргізілмейді, бұл тиісінше егде жастағы адамдарға медициналық көмек көрсету деңгейіне теріс әсер жасап отыр. Осыған байланысты гериатрияны дамыту саласындағы мәселелерді шешу геронтологиялық жоспарға міндетті түрде енуі қажет. Республикамызда жеке геронтологиялық жоспардың болмауы негізінде, сонымен қатар өкімет мемлекеттік саясаттың қандайда бір саласының салалық бағдарламалары әзірленуде және іске асырылуда. Сонымен әлеуметтік қауіпсіздікті қамсыздандыру және егде жастағы адамдардың құқыктарын іске асыруға жалпы қолайлы жағдайлар жасауға қатысты мәселелердің біраз бөлігі елдің мынадай бағдарламалық құжаттарында көрсетілген, атап айтқанда:

2001 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 886 қаулысымен қабылданған Қазақстан Республикасының Халыкты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сактау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы№ 1241 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы,

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1359 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жинактаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 Қаулысымен бекітілген Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдеп № 317 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы № 553 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы.

Осы бағдарламаларды талдау негізінде егде адамдардың құқықтарын толық іске асыруға кедергі келтіретін көптеген негізді проблемалар қамтылмай отырғаны айқын, нақтырақ айтқанда: республика заңнамасындағы геронтологиялық сезімталдықтың жоқтығы, әлеуметтік қызмет керсетудің, егде жастағы адамдарға арналған тұрғын ұй құрылысының болмауы, әлеуметтік қызметкерлермен, геронтология және гериатрия мамандарының қамтамасыз етудің нашар дамуы, қартаю проблемалары жөніндегі ғылыми базаның нашар дамуы, егде жастағы адамдарға демалыс және мәдени қызмет керсету жағдайларының болмауы, әлеуметтендірудің темендігі және т.б.

Осылайша, осы мәселелердің көлемділігі мен ауқымды жоспарлылығын ескере отырып, республикада кешенді түрде жүйелі қадам жасамайынша және геронтологиялық жоспар әзірлемейінше оларды шешу неғұрлым күрделі болып табылады (Қартаю мәселелері жөніндегі әрекеттердің ұлттық жоспары).

Оның үстіне қазіргі кезде ел дамуының стратегиялық жоспарлау бөлігінде салалық бөліну бойынша бұрында болған қағидалардың қолданылуы байқалады. Қазір республикамыз өз кезегінде дамудың жаңа кезеңіне қадам жасауда және жан-жакты стратегиялық багдарламаны әзірлеу (іске асыру) өзін күттірмейтіні анық.

Инновациялық бағдарламалардың қатарына 2006 жылы тамызда Қоршаган ортаны қорғау министрлігіндегі еткен деңгелек столда талқыланған орныкты даму мемлекеттік багдарламасын жатқызуға болады. Орнықты даму бағдарламасы экономикалық, әлеуметтік және экологиялық көрсеткіштерге бағытталған және жақын жылдарда қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған елдерінің қатарына кіруіне мұмкіндік беретін бірқатар кешенді шараларды қамтиды. Тұжырымдаманың бірінші мақсаты табиғат ресурстарын пайдаланудың тиімділігі көрсеткішін арттыру, екінші - 1000 адамға шаққанда шамамен емірге келетін 20 баланың туылу деңгейін ұстаумен халық өмірінің орташа ұзақтығын ұлғайту болып табылады. Үшінші мақсат экологиялық орныктылық индексін әсіруден тұрады. Осы мақсаттарды іске асыру «жолдағы, тұрмыстағы және өндірістегі жарақаттануды азайту жөніндегі халықты қолайлы физиологиялық өлшемдерге сәйкес келетін сапалы ауыз сумен толық қамтамасы етуге, кенеулі тамақтану стандарттарын ынталандыруға, отбасын нығайтуға, бала тууға деген экономикалық ынталандыру жасау» және т.б. шараларды қамтамасыз етуді талап етеді. Қазақстан Республикасының ҚОҚМ департамент директору Орнықты даму жөніндегі кеңес хатшысы Болат Бекниязовтың айтқан мәліметтері бойынша халық өмірінің орташа ұзактығын 2012 жылға қарай 68 жасқа, 2018 жылға қарай 70 жасқа, 2024 жылға қарай 80 жасқа дейін ұлғайту жоспарланып отыр Қәзіргі кезде әлемдегі халыктың өмір суру сапасы индексі бойынша 1,05 [6] коэффициентпен Қазақстан 78-орында тур Өмір суру сапасы индексі бойынша рейтинг көшбасшысы Норвегия 3,83, коэффициентке ие Дамыған 50 мемлекеттің құрамына кіру жөніндегі жоспар Қазақстанның дамуын жаңаша көзқараста қаруды талап етеді. Бұл жөнінде республиканың орнықты дамуға өту тұжырымдамасында жазылған. Бұл Тұжырымдама Премьер-министрдің төрағалық етуімен 2006 жылы маусымда Орныкты даму жөніндеп кеңестің отырысына ұсынылды және оны өкімет басшысы мақұлдады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығымен мақулданды Геронтологиялық жоспарлаудың жұйесін талдау осы саладағы саясатты жүзеге асыру үшін жауапты мемлекеттік органдар тарабынан бұл мәселеге тиісінше көңіл бөлінбей отырғанын. республика халқы құрамынының демографиялық өзгерісі қозғалысы дұрыс бағаланбауын көрсетеді. Осы мәселеге көңіл бөлетін жекелеген іс-шаралар бұл саланың мәселелерін шешуде тиісті нәтиже бермей отыр.

Осылардың барлығы шешілуі қажет бірқатар мәселерді алға қояды.

1 Егде жастағы адамдарға қатысты мемлекеттік негізгі саясаттың геронтологиялық жоспарының жоқтығы;

2 Гериатрия саласындағы ғылыми зерттеулердің мүлдем жоқтығы, сондай-ақ осы саладағы дайындалған мамандардың болмауы.

Тақырып № 6. Кексе және қарт жастағы денсаулық мәселелері


  1. Қартаю кезеңіндегі денсаулықтың маңызы

  2. Қартаю кезеңіндегі әлсіздік. Оны жеңілдету әдісі

  3. Өмір сүру және оның қартаю процесіндегі мағынасы

  4. Өмірден өту

1. Қартаю процесі әр түрлі аурулармен ауыратындар санының өсуімен байланысты. Е. Пиотровский польшалық геронтологтың айтуы бойынша халық арасында 65 жастан жоғары жас 33% құраса олардың көбісі еңбекке қабілеті жоқ; 80 жастан жоғары -64%- ды құрайды. В.В.Егоров 60 жастан бастап ауру деңгейі деген. Демографиялық зерттеу бойынша жүз жыл ішінде 75 жас және одан жоғары жастағы қарт адамдардың психикалық және ұзаққа созылатын соматикалық аурулары 2 есе өседі деп айтылды. Бұл әлеуметтік және медициналық қызметті қажет ете түседі.

Барлық индивидуалды даму- антогенезді 3 түрлі жүйеге бөледі:

1) прогресивті- болалық шақ, жасөспірімдік шақ;

2) тұрақты –орта жас;

3) деградациялы- кәрілік.

Қазіргі уақытта «денсаулық» сөзі 5 аспектіні көрсетеді:


  • Физикалық;

  • Рухани;

  • Әлеуметтік;

  • Дене мүшенің толық функционалды жүйесі;

  • Барлық айтылған аспектілердің субъективті көрсеткіші.

Қарт адамдардың көбісі аурумен ауырады және оның саны өсуде. Күнделікті дұрыс өмір сүру- бұл адам өзінің интелектуалды және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру. Алайда соңында қарт адам өзінің қажеттіліктерің қанағаттандырылмайтың кезені басталады, бұл оның қоршаған ортаға деген тәуелсіздігін тудырады. Зерттеу бойынша 75 жас және одан жоғары жастағы қарт адамдардың 80%-ы өздігінсіз қозғалып өмір сүре алмайды екен. Сондықтан қарттардың негізгі іс-әрекеті:

  • Қозғалыс;

  • Өзіне-зі қызмет ету.

Қарт адамдарды денсаулығы бойынша келесі категорияларға бөледі:

  • Еркін қозғала алатын;

  • Мүмкіндігі шектеулі (үйде, пәтерде, бөлмеде ғана қозғала алатын)

  • Қозғала алмайтын, көмекті қажет ететін.

Осындай белгілері бойынша қарт адамдарға көрсетілетін медициналық және әлеуметтік көмектін көлемі анықталады. 80-ші жылдары эпидемидологиялық зерттеу егде және қарт адамдарға келесі схема бойынша жалпылама баға берді:

1. күнделікті іс-әрекет

2. психологиялық денсаулық

3. физикалық денсаулық

4. әлеуметтік фукционалдау

5. экономикалық функционалдау.

Күнделікті іс-әрекет- өзіне-өзі қызмет ету көлемі мен қозғалысымен анықталады.

Психологиялық денсаулық- психологиялық аурудың бары мен жоғын, қабілеттілігін анықтайды.

Физикалық денсаулық- өзін бағалаумен байланысты, дәрігер көмегін қаншалықты мұқтаж ететінін анықтайды.

Әлеуметтік фукционалдау- қоршаған ортаға қатынасын, жан-ұялық және достық байланысын анықтайды.

Экономикалық функционалдау- қарт адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қаржы жағын анықтайды.

2. Адамның денсаулығы жасына байланысты өзгере бастайды. Польша геронтологтың айтуы бойынша 60 жастан жоғары қарт адамдардың 66%-ті денсаулығын сақтаған, яғни біреудің көмегін қажет етпейді. Ең қызығы қарт адамдардың арасында денсаулығы ең мықтылары ер адамдар екен. Бұл олардың әйел адамдарға қарағанда аз жасайтындығына байланысты.

Дене мүшелерінің ауруы-егде және қарт адамдардың әлсіздігі бойынша І-ші орында тұр, бұл көбінесе әйел адамдар. Тұрақты –қозғалыс аппаратының зақымдануы қарт адамдағы әлсіздіктің негізін құрайды. Бұл процесстер жай дамығаннан кейін жылдан–жылға адамның қозғалу мүмкіндігі төмендейді.

Дене мүшесінің ең ауыр дегенеративті процессі артроз, ол қозғалу мүмкіндігін шектейді.



Коксоартроз- бұл ауруы- артроздың ең ауыр түрі, уақыт өте бұл ауру дененің барлық мүшесін зақымдайды.

Гонартроз- тізе ауруы. Бұл жағдайда қатты аурулар пайда болады, әсіресе сатыдан түскен кезде. Ауру көбінесе шектен тыс семіз әйелдерде тез дамиды.

Остеохондроз- омыртқа ауруы, бұл 50 жастан кейінгі кең таралған патологиялық ауру. 2-ші орында бас ауруы, құлақ ішіндегі шу, есте сақтау қабілетінің нашарлауы. Бұл бас миынын атерозклерозының бұзылуы мен байланысты. Склероздың асқынуымен ұйқысыздың пайда болуы.

Тәбеттің төмендеуі-асқазан бұзылуы, сілекейдің аз бөлінуі. Қарт адамдардың тәбеті жоғары болу үшін жейтін тамағы дәмді болуы керек және оларға аз мөлшерде вино беріледі.

Зәр шығарудың бұзылуы- бұл қартаю белгісінің жағымсыз түрі болып табылады. М.Цицерон айтуынша: «...мен кәрілік жайлы ойлаған кезде, 4 себеп көрем, 1-сі ол бізді белсенді өмір сүру ортасынан бөледі; 2-сі біздің физикалық күшімізді жояды; 3-сі сезім ляззатын жояды; 4-сі өлімге жақындатады».

Қартаюдағы әлсіздік- бұл адамның ұзақ уақыт ауырған кездегі пайда болатын жағдай. Ол күнделікті іс-әрекеттерді істей алмау жағдайына ұшырайды. Ол үшін күнделікті көмек пен күтімді қажет етеді.

Әлсіз қарт адамдарға көрсетудің жалпы принциптері:


Қарт адамдарды пассивті және активті емдеу әдістері бар.

Пассивті емдеу- бұл қозғала алмайтын қарт адамдарға массаж, гимнастика жасау.

Активті емдеу- қарт адамның өмірге деген құштарлығына байланысты жүргізіледі.

Ревитализация- қарт адамның өмірлік күші- қуатының өсуі, жеке мүшелерінің функциясының жақсаруы және миологиялысының жасаруы.



Психотерапия және психогигиена.

Психотерапия- бұл ауру адамның психикасын комплексті емдеу. Бұл әдіс геронтологиямен гериатрияда көп қолданады.

Музыкатеропия- психотерапевтік әдіс, бұл қарт адамның көңіл-күйін көтеру және физикалық әлсіздікті жеңуге көмектеседі.

Библотерапия- кітаптар арқылы емдеу, тісілді. Ескі суреттерді, ойында қалған қызықты оқиғаларды еске түсіріп емдеу әдісі.

3. «Оброз жизни»- бұл кең категория, күнделікті өмірдегі белсенділік және еңбектегі барлық жағдайды жүзеге асыру болып табылады. Адамның күнделікті өмір сүруін зерттегенде өмір сүру кейібінің концепциясы өте пайдалы: ол жеке адамның және қоғамдық топтың күнделікті сыртқы іс-әрекетін көрсетеді, бұл концепция адамның балалық шақтан кәрілік шаққа дейінгі даму процесіне және жастық шақ пен егде жастағы организмдегі күшін дұрыс пайдалануына негізделген. Кейбір адамдар қартайған шаққа дейін өзінің физикалық, рухани белсенділігін жоғалтпай, денсаулығы мықты, әрі оптимизмге толы болып келеді. Ал кейбіреуі өмірге деген құлшынысы өткен, қоршаған ортаға көңілі толмай жүреді, мұндайлар тез тозып, аз уақыт ішінде қозғалу мүмкіндігінен айырылып мүгедек болады. Егер адам көп қозғалса, оның физикалық белсендігі артып, жұмыс істеу барысында шаршамайды. Адам организімі өзгеріске ұшырап, денсаулығы жақсарады. Қарт адамның жеке қажетттіліктерін қанағаттандыру барысында «өмір сүру сапасы» өседі, ол ішкі және сыртқы фактрлармен тығыз байланысты.

4.Егде адам қартайған шақта жан тапсырса, ол еш қиналмайды. көбінесе қарт адамдар белгілі бір аурудан болып өмірден кетіп жатады, ал кейбіреуі өте ұзақ емделмейтің аурудан кетсе, оны қоршап жатқан адамдар қатты қиналады. Өлім аузында жатқан адам өзін жалғыз сезініп, қорқыныш сезімі үйелейді. Сондықтан ол адам жалғыз қалдыруға болмайды. Өлім аузында қарт адамның төсек орны таза, әрі тыныштық сақталуы керек. Егер діңгер адам болса, онда ол намаз оқып, жуынуы керек. Соңғы жвлдары адамды жерлеу қызметі басқа да халыққа қызмет көрсетілуі қымбаттап кетті.



Тақырып №7. Психикалық қартаю және оның бұзылу түрлері


  1. Каталог: Книги
    Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
    Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
    Книги -> А. Ж. Сейтембетова
    Книги -> Қазақ әдебиетінің
    Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
    Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
    Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
    Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
    Книги -> Педагогика тарихы


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет