ҚАН САРЫСУЫНДАҒЫ ҚАРАПАЙЫМДЫЛАРДЫҢ АНТИГЕНДЕРІН АНТИДЕНЕНІ БЕЙТАРАПТАУ
РЕАКЦИЯСЫМЕН ЗЕРТТЕУ
Халила Ә.Н. б.ғ.д., профессор,
Қазақстанда мал шаруашылығын өркендету басты мәселе болып табылады. Малдардың бабезиоз анықтау әдісі негізінен сыртқы белгілері арқылы және ішкі өзгерістеріне байланысты жүреді. Бұл әдістердің кемшілігі көп, сыртқы ауру белгілері көмескі, анық емес, әсіресе бабезиоздың алғашқы айларында анықтауға мүмкіндік бермейді (1,2).
Кейінгі кезде микробиология, вирусология т.б. инфекциялық және инвазиялық ауруларды анықтауға кеңінен қолданылатын иммунологиялық реакциялар биологияның басқа салаларында да енгізіле бастады (1,2,3). Иммунологиялық әдістердің ішінде сезімталдығы жоғары, қойылуы жеңіл реакцияға эритроцитті диагностикум пайдаланылатын: тікелей емес гемагглютинация реакциясы, антиденені бейтараптау мен антигенді бейтараптау реакциялары т.б. жатады. Эритроцитті диагостикумдарды алу әдісінің көптеген жолдары зерттеліп, өндіріске ұсынылған (3,4,5).
Бабезиозбен ауырған малдардың қан сарысуында паразит антигендері болатыны белгілі. Осы антигендерге қарсы иммунды қан сарысуын алу әдістері мен иммуноглобулинді эритроцитті диагностикумдар алу әдістерін зерттеу бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып саналады.
Осыған байланысты біз ғылыми зерттеу жұмыстарымызда бабезиозды анықтау үшін иммунологиялық әдістерді колдану жолдарын зерттедік.
Токсоплазма антигеніне қарсы иммунды қан сарысуының титрін тікелей емес гемагглютинация реакциясы арқылы анықтау, алдында иммунды қан сарысуын тазартып алу қажет. Қан сарысуындағы гемагглютинация реакциясына кедергі келтіретін заттар жай формалинденген эритроцитпен тазартылады. Ол үшін 20% эритроциттің 2 көлеміне 1 көлем қан сарысуын араластырып, қоспаны тоңазытқышқа (4-8 °С) 12-16 сағатқа қояды. Тұнбаға шөгіп түскен эритроциттен қан сарысуын шприцпен сорып немесе жайлап құйып бөліп алады.
Тікелей емес гемагглютинация реакциясы микротәсілмен қою үшін арнаулы пластинкаға қойылады. Пластинканың бір қатарының 1-шіден 8-ші шұңқырына дейін 0,25 мл еріткіш құяды.
Еріткіш ретінде 0,007% желатиннен тұратын физиологиялық ерітінді (РН-7,2% пайдаланылады). Сонан соң 1-ші шұңқырға 0,25 мл 1:25 физиологиялық ерітіндідегі тексерілетін қан сарысуын құяды. Шприцпен 1-ші шұңқырдан 0,25 мл алып екінші шұңқырға ауыстырады. Осылай 7-ші шұңқырға дейін қан сарысуын титрлеп шығады.
7-ші шұңқырдан алынған 0,25 мл ерітінді төгіліп тасталынады. Барлық шұңқырларға 0,25 мл 0,5% эритроцит диагностикумын құяды. Пластинка жайлап шайқатылған соң бөлме температурасында (16-25 С) ұсталынады.
Реакция нәтижесі 2-3 сағат өткен соң есепке алынып, 4 балдық жүйемен бағаланады.
Ауру малдардың қан сарысуындағы антигендерді, антиденені бейтараптау реакциясы арқылы анықтау үшін олардың сәйкес иммунды қан сарысуларының жоғарғы титрін анықтап алу керек. Ол үшін иммунды қан сарысуының титрін эритроцитті антигенді диагностикумдармен тікелей емес гемагглютинация реакциясын қою арқылы анықтайды.
Бабезия антигеніне қарсы иммунды қан сарысуының жұмыс титрін анықтау үшін оның ең жоғарғы титрін табу қажет. Табылған ең жоғарғы титрін 4 еселеп азайтып алу арқылы иммунды қан сарысуының жұмыс титрі анықталады. Мысалы: иммунды қан сарысуының тікелей емес гемагглютинация реакциясы арқылы анықталған ең жоғарғы титрі 1:3200 болса, оны 4 есе азайтқанда жұмыс титрі 1:800 болып саналады.
Жұмыс титрінің дұрыс дайындалғанын тексеру, антиденені бейтараптау реакциясы қою алдында жүргізіледі.
Егер алдыңғы үш ойықта оң реакция алынған болса, онда жұмыс титрін екі есе азайту керек.
Егер 5-ші ойықта оң реакция жүрсе, онда жұмыс титрін 4 есе азайтады. Егер реакция 1-ші, 2-ші ойықта ғана оң болса, онда жұмыс титрін қайтадан ТЕГАР қойып анықтау қажет.
Малдардың қан сарысуындағы бабезия антигенін АдБР арқылы анықтау
№
|
Малдардың түрлері
|
Малдың номері
|
Реакция нәтижелері
|
1:40
|
1:80
|
1:160
|
1:320
|
1:640
|
1:1280
|
1
|
Қой
|
3301
|
4+
|
4+
|
4+
|
3+
|
2+
|
-
|
2
|
Қой
|
3302
|
4+
|
4+
|
4+
|
4+
|
4+
|
-
|
3
|
Қой
|
3303
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
4
|
Қой
|
3304
|
4+
|
4+
|
4+
|
3+
|
2+
|
-
|
5
|
Қой
|
3305
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
6
|
Қой
|
3306
|
4+
|
4+
|
4+
|
4+
|
3+
|
-
|
7
|
Қой
|
3307
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
8
|
Қой
|
3308
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
9
|
Қой
|
3309
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
10
|
Қой
|
3310
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
11
|
Қой
|
3311
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
12
|
Қой
|
3312
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
13
|
Ешкі
|
1
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
14
|
Ешкі
|
2
|
4+
|
4+
|
3+
|
2+
|
2+
|
|
15
|
Ешкі
|
3
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
16
|
Ешкі
|
4
|
4+
|
4+
|
4+
|
3+
|
2+
|
-
|
17
|
Ешкі
|
5
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
18
|
Ешкі
|
6
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
19
|
Ешкі
|
7
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
Барлығы
|
23
|
7
|
7
|
7
|
6
|
2
|
-
|
Антиденені бейтараптау реакциясын қою үшін тексерілетін қан сарысуынан бір қатарға екі еселенген ерітінділер дайындалады.
Ол үшін 2-шіден 8-ші ойықтарға 0,25 мл физиологиялық ерітінді құяды. 1-ші 2-ші және 7-ші ойықтарға тексерілетін заттың 1:50 қатынасындай физиологиялық ерітіндісін құяды.
Арнаулы пипеткамен 2-ші ойықтан 6-шы ойыққа дейін 0,25 мл ерітінді ауыстырылу арқасында 1:5 тен 1:1600 қатынасына дейін екі еселенген ерітінді дайындалады. 6-шы ойықтан 0,25 мл алынып, төгіліп, тасталынады. 1-қатардың 1-ші және 6-шы және 8-ші ойықтарына антигенге қарсы иммунды қан сарысуының жұмысшы ерітіндісі құйылады.
Планшет 37 °С термостатта 30 минут ұсталған соң, 1-ші қатардың барлық ойықтарына 0,25 мл 0,5% бабезияның эритроцитті антигенді диагностикумы құйылады. Планшет жайлап, шайқатылған соң бөлме температурасында стол үстіне қойылады.
Реакция 2-3 сағаттан соң тікелей емес гемагглютинация реакциясы нәтижесіне керісінше оқылады, яғни гемагглютинация жүрмеген ойықтар оң реакция болып саналады.
Макротәсілді қою мен оқылуы микротәсілге сәйкес келеді. Айырмашылығы ингредиенттер мөлшері 10 есе көп алыну және эритроцитті диагностикумдар қанықпасы 1,0% болу қажет.
Антиденені бейтараптау реакциясы тексеру мақсатында малдардың қан сарысуларынан бабезия антигендерін анықтадық. Реакция нәтижесінің сапалылығын бағалау үшін емес жануарлардың қан сарысулары тексерілді. Антиденені бейтараптау реакциясы нәтижесі кестеде келтірілген.
Жүргізілген зерттеу нәтижелерінде бабезия антигені 4 қойлардың (№ 3301,3302,3304,3306) қан сарысуларынан және 3 ешкілердің қан сарысуларынан (№2,4,9) антиденені бейтараптау реакциясының нәтижесі бойынша табылды.
Бабезия антигені антиденені бейтараптау реакциясының нәтижелері мен зертханалық көрсеткіштері бір-біріне сәйкес келіп, толықтырғаны байқалды.
Қорыта айтқанда малдардың қан сарысуындағы бабезия антигендерін антиденені бейтараптау реакциясы және зертханалық әдістермен салыстырмалы анықтау тиімді екендігін көрсетті.
РЕЗЮМЕ
Приводятся сведения по серологической диагностике и меры борьбы с бабезиозам животных.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Халилаев А.Н. Токсоплазма экологиясын иммунолоиялық әдістермен зерттеу, Шымкент, 2000.17 бет.
-
Леви М.И. Общие закономерности и классифакация серологических реакций. Микробиология,1967, №7,с.104.
-
Халилаев А.Н. Малдың паразит ауруларын иммунологиялық әдістермен анықтаудың биологиялық негізі. Автореф. докт. дисс. А., 1997, 32 бет.
-
Сайдуллин Т. Основы серологии. А.,1992, 327 бет.
-
Кузьмин Ю.А.,Шамардин В.А., Каральник Б.В., Волкош Л.П. Способ получения антительного диагностиума AC. СССР №889002 БИ, 1981 №46 стр. 29.
-
Торғаева А., Сүлейменов М.Ж., Аманжол Р. Токосплазмозды балау, алдын алу және оған қарсы күрес шаралары туралы ұсыныстар,Алматы, 2010,20 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |