Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру. Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Дата21.04.2018
өлшемі66.3 Kb.
түріҚұрамы
\\куантай-пк\users\public\билим айнасы\000000.png


Кадралиева Айнур Амансеитовна,

Ю.Гагарин атындағы негізгі мектебінің

математика пәнінің ІІ санатты мұғалімі,

Тараз қаласы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы




Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.5. Алгебралық өрнектерді ықшамдауда дәрежелердің қасиеттерін қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Дәрежелердің қасиеттерін алгебралық өрнектерді ықшамдауда қолдануды біледі.

Оқушылардың көпшілігі:Алгебралық өрнектерді ықшамдауда дәрежелерінің қасиеттерін ажырата алады,есептерде тиімді қолдана алады.

Кейбірі: Алгебралық өрнектерді ықшамдауда дәрежелерінің қасиеттерін шығармашылық есептерде қолдана отырып,өмірмен байланыстыра алады.

Бағалау критерийі

Алгебралық өрнектерді ықшамдауда дәрежелердің қасиеттерін қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: Рационал өрнек,санның дәрежелері

Диалогтар мен сөз тіркестері:

  • Өрнекті дәреже түріне келтіру, бүтін көрсеткішті дәреже.

Құндылықтарды

дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке, құрмет ынтымақтастық, ашықтыққа баулу.

Пәнаралық байланыстар

Орыс тілі, ағылшын тілі.

Бастапқы білім


Бүтін көрсеткішті дәреженің санды мәнін анықтау және берілген сандарды дәреже түрінде көрсету.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылармен психологиялық ахуал орнатып алып, «Тілек тілеу» әдісі арқылы сыныптастар бір-біріне жақсы лебіз білдіреді. «Санамақ» әдісі арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді.. Ширату жаттығулары арқылы бүтін көрсеткішті дәреже тақырыбы аясында қайталау сұрақтары «Сұрақтар шеңбері» әдісі арқылы жүргізіледі.

Топ кезектесіп, сағат тілімен сұрақтарға жауап береді.

1)Натурал көрсеткішті дәреженің анықтамасы және оның қасиеттері.

2)Нөл және бүтін көрсеткішті дәрежелер анықтамасы мен қасиеттері.

3)Бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттеріне мысал келтір.

Басбармақ арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземін.


Кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы


1) «Тыңдап отырған үштік» әдісі бойынша оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасап, тірек сөздерді тауып, тұжырымдамасын және үдерісті дамытатын ақпарат алуға арналған құрылымдылған жаттығу жасайды..

2)Оқулықпен жұмыс. №156есеп.

1)3а2-2в3,мұндағы а=-17,в=-2;

2)5х2у3+4(х-у),мұндағы х=-1\2,у=-1;

3)а2+2ав+в2,мұндағы а=5,в=4;

4)3рв2-2р2в,мұндағы р=-4,в=3.



Дескриптор

1.Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттерін біледі.

2.Әріпті өрнекпен санды орнына қойып, дәрежені есептей алады.

3.Санды дәрежелей алады.

4.Бүтін көрсеткішті дәрежені есептеп, натурал сандарға көбейте алады.

5.Шыққан сандарды қосып, азайта алады.Смайликтер_әдісі_арқылы_бағалаймын.'> Смайликтер әдісі арқылы бағалаймын.

№158.есеп. (топтық жұмыс)

х

1

2

3

4

5

5х
















()х
















4х
















(-1)х
















(-2)х
















Дескриптор:

1)Натурал көрсеткішті дәреженің анықтамасы және оның қасиеттерін біледі.

2) Натурал санды дәрежеге шығара алады.

3)Бөлшек санды дәрежеге шығара алады.

4)Теріс санның кез-келген дәрежесін есептей алады.

Смайликтер арқылы бағалаймын.

Үлестірме қағаздар арқылы деңгейлік есептер таратамын. (жеке жұмыс).

1)х2 *х;2)х2 * х2 ;3)х37;4)х1420.

Дескриптор

1)Натурал көрсеткішті дәреженің анықтамасы және оның қасиеттерін біледі.

2)Негіздерін біріктіре алады.

3)Дәреже көрсеткіштерін біріктіре алады.

4)Қасиеттер бойынша дәрежелерін қоса алады.

Смайликтер арқылы қалыптастырушы бағалаймын.

Сергіту сәті: жұмбақтар жасырамын. Жұмбақтың жауабын оқушыларға үш тілде айтқызамын.


  1. Жеті рет өлшеп...рет кес.( Бір,одинь,one )

  2. Бір тал кессең...тал ек. (Он,десять,ten )

  3. Жігіт бір сырлы,...қырлы.( Сегіз,восемь,eight )

  4. Ел құлағы нешеу? (елу, пятьдесят, Fivty )

  5. Отыз тістен шыққан сөз – неше рулы елге тарайды? ( отыз, тридцать, soty )

  6. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап, книга, book )

Кеспе қағаздар

Оқулықтағы

№161 есеп

Түрлі-түсті кеспе қағаздар


Сабақтың соңы

«Білемін,білдім,білгім келеді» әдісі арқылы кері байланыс жасаймын.

Кері байланысты «Смайликтер» әдісі арқылы жүргізе отырып, үйге № 53,54 есептерді және тақырыпты оқуды тапсырамын.





Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұмысты жылдам әрі дұрыс орындаған, және жұмысты толық әрі нақты орындаған оқушыларға дербес қолдау көрсетіп отырамын. Үлестірме қағаздар арқылы қабілеті жоғары оқушыларға сараланған тапсырмалар беремін.

«Смайликтер» әдісі смайликтерді санау арқылы тапсырманы қалай орындағанын бағалаймын. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалаймын.

Сызу және жазу құралдарымен қауіпсіз жұмыс жасау техникасын ескертемін



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет