Р. А. Идрисов, К.Ғ. Жапарова, С. А. Абдрахманова Оқу құралы Көкшетау



бет1/12
Дата28.07.2018
өлшемі2.17 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12



Р.А.Идрисов, К.Ғ.Жапарова, С.А.Абдрахманова



Оқу құралы



Көкшетау



Құрастырғандар: Жалпы тарих, мемлекет және құқық теориясы кафедрасының аға оқытушылары Идрисов Р.А., Жапарова К.Г., Абдрахманова С.А.

Пікір жазғандар: А.Б. Кушпаева, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент,

М.З. Утегенов тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, С.Т. Садықов тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

Оқу құралы ерте заманнан бастап осы күнге дейінгі Ресей тарихы бойынша базалық білім берумен қатар, фактілер, оқиғалар, тұлғалар және ұғымдар арқылы тарихи үрдістің қалай жүргенін жете түсінуге мүмкіндік береді. Студенттерге емтиханға дайындалуда оқу құралына енгізілген тарихи терминдер мен ұғымдардың анықтамалық сөздігі, маңызды оқиғалардың хронологиялық кестесі үлкен көмек көрсетеді. Сөздік пен хронологиялық кесте тарихи фактілерді және оқиғаларды есте сақтауға көмектеседі.

Ресей тарихы көне заманнан бүгінге дейін

Сіздердің алдарыңыздағы дүние жүзі тарихы курстарындағы Ресей және Кеңес мемлекетінің тарихынан емтиханға дайындалуда көмек көрсететін оқу құралы.

Құрастырушылар материалдарды Ресей тарихы бойынша жоғарғы оқу орындарында тапсырылатын емтихандарды ескере отырып жинақтады.

Сонымен қатар, соңғы жылдары жоғарғы оқу орындарында осы пән бойынша емтихан қабылдау тәжірибесі де ескерілді:

Оқу құралындағы тарихи материал қысқаша баяндалады. Оқу құралы Ресей тарихы бойынша базалық білім берумен қатар, фактілер, оқиғалар, тұлғалар және ұғымдар арқылы тарихи үрдістің қалай жүргенін жете түсінуге мүмкіндік береді.

Студенттерге емтиханға дайындалуда оқу құралына енгізілген тарихи терминдер мен ұғымдардың анықтамалық сөздігі, маңызды оқиғалардың хронологиялық кестесі үлкен көмек көрсетеді. Сөздік пен хронологиялық кесте тарихи фактілерді және оқиғаларды есте сақтауға көмектеседі.

Оқу құралында басқа оқулықтарда толық берілмеген тақырыптар ашып көрсетіледі. Сонымен бірге, дискуссиялық мәселелер келтіріліп, ол өз кезегінде студенттің тарихи оқиғаға байланысты көзқарасы қалыптасуына септігін тигізеді.

Сондай-ақ, оқу құралының барлық бөлімдеріне байланысты тест тапсырмалары берілген. Олар студенттердің білімдерін тексеруде және оны бекіте түсуде көмек береді.

Емтиханда студент осы пән бойынша келесі нәтижелерді көрсетуі қажет:


  • Материалды жетік білуі;

  • Тарихи түсініктер мен терминдерді білуі;

  • Тарихи оқиғардың арасына байланыс орната білуі;

  • Фактілерге сараптама жасап, өз қорытындысын шығаруы;

  • Тарихи картамен жұмыс істей алуы;

  • Маңызды тарихи оқиғалардың хронологиясын білуі;

Құрастырушылар емтиханға дайындалуда бұл оқу құралы сіздерге көмекші болады деп сенеді.

Оқу құралын Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Тарих және заңтану факультетінің оқытушылары : Р.А.Идрисов, К.Ғ.Жапарова, С.А.Абдрахманова бірлесіп жазды.

І бөлім. Ежелгі Русь
Славян әлемі. Ежелдегі шығыс славяндар
Шығыс славяндардың тарихы тереңде жатыр. Олар үндіеуропалық тіл тобына жатады, ал олардың әуелгі отандары Карпат тауларының солтүстік беткейі болып табылады. Шығыс славяндары венедтер, славяндар немесе анд деген атпен византиялық деректерде келтіріледі. Карпаттан славяндар оңтүстікке, солтүстік – батысқа және шығысқа жылжып, славян тайпаларының 3 бұтағын құрды: оңтүстік (балқан славяндары), батыс (чех, морав, поляктар) және шығыс. Шығыс славяндар VI–VII ғасырларда Днепрге келіп, кейін біртіндеп Ильмень көліне және Оканың жоғарысына жетті.

Славяндардың қөші–қоны басқа тайпаларға, ең алдымен, литов және угро–фин тайпаларына тәуелді болды. Славяндардың ертедегі тарихына көшпелі халықтардың көші–қоны да әсер етті (готтар–ІІІ ғ., ғұндар–VI ғ.).

VI ғасырдан бастап дала зонасында түркі тілді тайпалардың белсенділігі арта түсті, олардың қатарына аварлар жатты. VIII ғасырдың ортасында Днепр маңындағы славяндар Каспий маңы мен Қара теңіз маңына бекіп алған хазарларға тәуілділікке түсті. Хазар мемлекетіне (қағанатына) әр түрлі тілде сөйлеп, әр түрлі діндер ұстанатын халықтар кірді, дегенмен Хазар қағанатындағы басқарушы тап иудаизмді ұстанды. Днепр бойы, Дон, Еділде өз биілігін орнатқан хазарлар және т.б. тайпалар белсенді түрде сауда жүргізе бастады. Жаулап алушы хазарлар мен бағынышты славяндар арасындағы қатынастар тұрақты болмады.

Шығыс славяндардың көршілері варягтар болатын, олар да шығыс славян тайпаларының дамуына септігін тигізді.

Славяндар және басқа халықтар «варягтар» деп Скандинавиядан шыққан нормандарды атады. ІХ ғасырдан бастап варягтардың әскери және сауда дружиналары шығыс славяндардың жеріне келді. Оларды Византия қызықтырған еді (гректермен және арабтармен сауда қатынасын орнату, табыс табу жолында әскери шапқыншылықтар жасау үшін ).


Шығыс славяндардың тұрмысы мен айналысқан істері
Славяндарда ұзақ уақыт бойы патриархалды тайпалық тұрмыс сақталды. Әрбір тайпа рулардан тұрды, яғни бір – біріне туыс отбасылар бірге тұрып, жалпығы ортақ меншік иеленген және оларды ақсақалдар басқарған. Ру ақсақалдары үлкен беделге ие болды, ал вече (кеңес) тайпаның барлық мәселерін шешті.

Отбасыларының шаруашылық әрікеттері біртіндеп күрделене бастаған кезде ру қауымдастығының орнына көршілік қауымдастық (вервь) келді. Вечеде барлық отбасы өкілдері жиналды және қауымдастықтың істерін шешу үшін ақсақалдарды сайлады. Көршілік қауымдастыққа туысқан адамдар емес, әртүрлі руларға жататын отбасылар кірді. Сауданың дамуына байланынысты славян қалалары бой көтере бастады. Киев – поляндарға, Чернигов–солтүстіктегілерге, Любич– радимичтерге, Смоленск–кривичтерге, Новгород–ильмен славяндарына тиесілі болды. Қалаларда саудамен айналысатын адамдарды қорғау мақсатында дружиналар құрылды. Мұндай дружиналардың басында, көп жағдайда варягтардан шыққан конунгтер тұрды (князьдер). Олар біртіндеп қалалардағы биілікті басып алып, беделді князьдерге айнала бастады.

Көне “Повести временных лет” жылнамасында мұндай варяг князьдіктері Киевте Аскольд және Дирдің бастамасымен, Новгородта Рюрик, Полоцкіде Рогволдтың ықпалымен құрылғаны жайлы айтылады.

Славяндардың негізгі бөлігі қалашықтарда өмір сүрді. Олар әрдайым суға жақын жерлерде, өзен–көлдердің маңында орналасқан.

Негізгі шаруашылық жер өңдеу болды. Сондай–ақ, славяндар мал шаруашылығымен айналысты, алайда ол қолайсыз климат жағдайына байланысты өте нашар дамыған еді. Орман араларынан бал алу және аңшылық кең таралды.

Славяндар табиғат күштерін мен қайтыс болған ата–бабаларын, көк аспан мен жерді құрмет тұтты, яғни пұтқа табынды.

Көк аспанды сварог, ал, найзағай мен күннің күркіреуін перун деп атады. Перун соғыста жеңіс әкеледі деп сенді. От пен күннің жақсылық әкелетін күші Дажьд құдай, ал жамандық әкелетін күш иесін Хорс деп атады. Дауыл мен жел құдайы Стрибог болды.

Ежелгі славяндар табиғаттың кез келген құбылысын құдайдың әрекеті деп қабылдап, түрлі құрбандықтар шалып отырды. Славяндарда ғибаратхана (храм) болмады. Олар көп уақытқа дейін құдайлардың бейнелерін салған жоқ. Кейінірек олардың ағаштан жасалған тұрпайы бейнелері (идолдары) жасалатын болды.

Құдайлар мен адамдарды «байланыстырушы» абыздар да болмады. Құрбандықты кез–келген адам шала алатын. Солай бола тұрса да, славяндарда «құдайлардың қалауын біле алатын адамдар» – валхва – верундар немесе кудесниктер болған.


Шығыс славяндарда мемлекеттің құрылуы

Мемлекеттің пайда болуы – қоғамның дамуындағы заңды құбылыс. Ол өте ұзақ үрдіс болып табылады, сол себепті өмір сүрудің мемлекеттілік формасына өткенде болатын кез–келген оқиға маңызды.

Алғашқы қауымдық қоғамда адамдар дәстүрге не болмаса кімнің қуаты басым, күштірек болса, соған сүйеніп өмір сүрді. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерге келіспеушілік сирек кездесетін. Алайда, алғашқы қауымдық қоғам біртіндеп өзгере бастады. Жеке отбасы ру қауымдастығының көзқарасымен санаспайтын болды. Жаңа әрі біршама күрделі тәртіптер жүйесін жасау қажет болды. Жеке меншік теңсіздігі пайда болды, адамдар өмір сүру қажеттіліктерін өтеудің басқа жолдарын іздестіре бастады. Мысалы, табыс табудың әскери жорықтар жасау сияқты жолы.

Әрине, мемлекеттің пайда болуында экономикалық фактордың орын алғанын жоққа шығаруға болмайды, алайда барлығын тек шаруашылықтың дамуымен байланыстырған да дұрыс емес. Мемлекет қоғам мүшелерінің көпшілігік бөлігінде ру биілігін шектеу қажеттілігі туғанда пайда болады (дәстүрлер мен өз беделіне сүйенген ақсақалдардың патриархалды билігін шектегенде). Мемлекетттік биліктің алғашқы кездердегі қызмет сот ісі және соғыс әрекеттері болған еді (қауымдастыққа кіретін адамдарды қорғау, қауіпсіз сауда қатынастарын қамтамасыз ету, көршілерге шабуылдар жасау мақсатында жүргізілген).

Киев Русінің құрылуы ІХ–Х ғасырларда Солтүстік, Орталық және Шығыс Еуропа территориясында жүзеге асты. ІХ ғасырдың бірінші жартысында Ұлы Морав князьдігі, ІХ–Х ғ.ғ. ширегінде Чех князьдігі құрылды. ІХ ғасырдың ортасы поляк тайпаларының бірігу кезеңі, Х ғасырдың екінші жартысында Ежелгі поляк мемлекеті құрылды. ІХ ғасырда Хорватия мен Серб жерлерінде мемлекеттілік пайда болды. ІХ ғасыр біріккен Англосаксон корольдігі, Х ғасырда Дат мемлекеті құрылды.

VII–IX ғасырларда шығыс славяндарда рулық құрылым мүлде жойылып, мемлекеттіліктің құрылуына кедергі болған жоқ. Көршілік қауым бұрынғы тайпалық дәстүрлерге сүйеніп билік жүргізе алмады. Өткені, олар өздерінің қауіпсіздігін сақтауға да әлсіз болған еді. ІХ ғасырда князь билігі біртіндеп күшейе түсті. Бұл үрдіс келесі сыртқы факторлардың әсерінен жылдамдады: Шығыс Еуропалық жазықтың солтүстігінде варягтар шабуыл жасап тұрса, оңтүстігінде славян және түрік тайпалары өзара қарым – қайшылықта болған еді.

Тарих ғылымында славяндарда мемлекеттіліктің пайда болғаны туралы пікірталас бұрыннан-ақ қалыптасқан.

Көптеген жылдар бойы нормандық теория беделге ие болып келген еді. Бұл теория бойынша шығыс славяндарда мемлекетті құрған Скандинав әскерлері. Славян қоғамындағы орын алған саяси үрдістерге варягтардың тікелей қатысы болғандығын да теріске шығаруға болмас. Шығыс славяндарда мемлекеттің құрылуы Скандинавтықтардың арқасында емес, олардың қатысуы арқылы жүзеге асты деген дұрыс болады.

“ Повести временных лет ” жылнамашысы 862 жылы новгородтық ақсақал Гостомыслдың өзінен кейінгі ұрпағы болмай, Новгородқа норман князі Рюрикті шақырғаны жайлы айтады. Рюрик қалаға бекініп, билік жүргізе бастайды. Ол қайтыс болғаннан кейін билікті варяг қолбасшысыларының бірі Олег басып алады. 882 жылы Олег Киевке жорық жасайды. Ол кейін Киевті өзінен ертерек басып алған варягтар Аскольд пен Дирді өлтіреді. Киевті басып алу “варягтардан бастап гректердің жеріне” дейінгі территорияны біріктіруге мүмкіндік берді. Киев төңірігіне көптеген шығыс славян тайпаларын біріктіру оңайға соққан жоқ. Киев князінің билігі алым жинау және тайпалар арасындағы қарама – қайшылықтарды шешумен шектелді.

Олегтің өлімінен соң билік Рюриктің баласы Игорьге көшті. Оның тойымсыздықпен салық жинауына наразы болған халық бірінші рет көтеріліске шығып, князьді өлтіреді (945 жылы). Игорьдің әйелі Ольга күйеуінің өлімі үшін кек қайтарғанымен, кейін алым жинауда жеңілдіктер енгізіп, оның жиналатын жері–погостаны бекітеді.

Осылайша, Ежелгі Русь мемлекеті – Киев Русінің қалыптасуы жүзеге асты. Бұл ертефеодалдық мемлекет болды, өйткені мұнда рулық қауымның қалдықтары, әскери демократияның элементтері, “қанға–қан” арқылы кек қайтару тәсілі әлі де болса сақталып қалған болатын.

Мемлекет басында Ұлы Киев князі тұрді, ол біршама беделді князьдер мен боярлардан тұрған кеңеске басшылық етті. Князь дружинниктері алым жинаумен, сот істерімен және т.б. ұсақ істермен айналысты. Князьге оның туыстары, ірі вотчиналарға иелік еткен боярлар вассалдық тәуелдікте болды. ІХ–ХІ ғасырларда халық жиналысы – вече белсенді жұмыс істеді.

Киев мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
Князь Ярослав Мудрый тұсында көне орыс мемлекетінің тұңғыш заңдар жинағы – «Русская правда» дүниеге келді. Бұл заңдарды кейін Ярославтың ұрпақтары толықтыра түсті. «Русская правдадан» Киев мемлекетінің әлеуметтік құрылысы жайлы мағлұмат аламыз. Тарихшылар шығыс славяндардың әлеуметтік құрылысын сипаттауда «Русская правда», «Повесть временных лет» сияқты дереккөздеріне, сондай-ақ, византиялық, еуропалық, араб деректеріне сүйенеді.

«Русская правданың» негізгі бөлігін шаруа қауымдастықтары туралы мәліметтер құрайды. Шаруа қауымдастықтары жан басына салық төлейтін болған. Еркін шаруалардың қауымдастықтарға бірігуі «вервь» деп аталды. Тұрғындардың екінші бір тобы - смердтер еріксіз немесе жартылай ерікті князьге алым төлеушілер болды. Смердтер өз ұрпақтарына тікелей мұра қалдыра алмады, оның мұрасы князь иелігіне өтетін болған. Феодалдық қатынастардың дамуына байланысты тұрғындардың бұл тобы ерікті қауымдастықтар есебінен толыға түсті. Тұрғындардың үшінші тобы – құлдар челядь, холоптар сияқты әр түрлі атаулармен белгілі. Челядь – ертеректегі атау болса, холоп кейінірек пайда болған атау. «Русская правдада» құлдардың ешқандай құқықтары болмағаны жазылған. Құл сотта куә бола алмаған, ал оның өлтірілгені үшін иесі жауап бермеді. Құлдың қашып кеткені үшін тек өзі ғана емес, көмек көрсеткендердің барлығы жазаланатын болған. Құлдықтың 2 түрі болған: толық және жартылай. Толық құлдықта: тұтқынға түскендер, құлдыққа сатылғандар, күңге үйленгендер немесе құлға тұрмысқа шыққандар болды. Жартылай құлдар тобын қарызға кірген құлдар, мал-мүлкінен айырылған қауымдастықтар құрады (ХІІ ғасырда пайда болған). Олар үй шаруашылығында немесе бақшада жұмыс істеген. Еркіндіктен айырылғандарымен, өз шаруашылығын сақтап, қарызынан оны қайтару арқылы құтыла алатын болды. Русь тұрғындарының тағы бір тобы өздері келісім жасау негізінде еркінен айырылған рядовичтер болды. Тұрғындардың аздаған бөлігін әлеуметік статусынан айырылған холоптар, верьвтан қуылған қауымдастықтар және т.б. құрады. Олар қолөнершілердің және князь дружинасының қатарын толықтырды.

Русьте саны жағынан қолөнершілер біршама көп болды. Қалалар қолөнер орталықтары болды. ХІІ ғасырда оларда 60-тан астам қолөнер мамандықтары болған. Қалалардың өсуі, қолөнердің дамуы көпестердің әрекетімен тікелей байланысты жүзеге асты. 944 жылы Византиямен сауда қатынасы орнайды.

Көне орыс қоғамының феодалдануының 3 бағыты белгілі: біріншіден, князь билігінің күшеюі және ерікті қауымдастықтардың кейін феодалдық рентаға айналған алым төлей бастауы. Осылайша, біртіндеп мемлекеттік меншік қалыптаса бастады. Екіншіден, көршілік қауымның бөлінісі жүріп, одан кейіннен феодалға айналған жеригеруші шаруалар және жерсіз шаруалар бөлініп шықты. Үшіншіден, жер иелері –феодалдар құлдарды жерге бекітті, бірақ кейін олар ерікті шаруаларға айналады.

ХІ-ХІІ ғасырдың ортасына дейін феодалдық меншік түрі – мемлекеттік, ал эксплутацияның негізгі түрі – алым жинау болды. Уақыт өте келе шаруашылық өмірдің басқа түрі – феодалдық вотчина, яғни, әкесінен баласына мұраға қалдырылатын имение тарала бастады. Вотчина иесі бояр немесе князь болды. Киев Русінде князьге алым төлеген ерікті шаруа қауымдастықтарының қатары әлі де болса сақталды. «Ярославичтер правдасында» феодалдың өз вотчинасын қорғауға ұмтылғандығы жөнінде мәлімет келтіріледі. Біртіндеп кек қайтарудың «қанға-қан» тәсілі алынып тасталды да, орнына тұрғындардың түрлі тап өкілдерінің өлімі үшін ақша төлеу көбейе түсті.

Русьтің шоқынуы
Шығыс славяндарда мемлекеттің құрылуы экономикалық және саяси өмірде ғана көрініс топқан жоқ, сонымен қатар рухани өмірде, атап айтқанда христиандық құндылықтарға араласудан байқалды.

Князь Владимир Святославич тұсында діни реформалар жүргізілді. Алғашында Владимир Ежелгі Русьтің пұтқа табынушыларын реформалауды ойлады. Бұл әртүрлі орыс жерлерінде табынатын құдайларды біріктіруге жасалған қадам болды. Алайда, пұтқа табынушылықты мемлекеттік дінге айналдыру жүзеге аспады.

988 жылы Владимир Византиядан христиандықты қабылдап, өзі шоқынады, кейін өз боярларын да шоқынуға көндіріп, біртіндеп бүкіл халықтың шоқынуына бұйрық береді. Русьтің шоқынуы адамдар арасында, жалпы мемлекет ішінде және қоршаған әлеммен қатынастардың орнауына ықпал етті. Осы оқиғалардан Орыс православиелік шіркеуінің тарихы бастау алады.

Сыртқы саясат
Феодалдық мемлекетті нығайтудағы тағы бір міндет Киев князьдерінің сыртқы саясаты еді. Олег, Игорь, Святослав, Владимир және т.б князьдер көрші жерлерді қосып алу саясатын жүргізді.

Русь әрдайым печенег, хазар, половец сияқты көшпелі тайпалардың шапқыншылығына ұшырап отырды. Сондықтан, мемлекет шекарасын ұлғайту және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету сыртқы саясаттағы негізгі міндеттер болып табылды.

Олег пен Игорь Византиямен соғыс жүргізгендері, 911 және 914 жылдары онымен келісім жасағандары белгілі. Олар жасаған жорықтың мақсаты әскери табысқа жету ғана емес, тиімді сауда қатынастарын орнату болды.

Святославтың жорықтары біршама әсер қалдырды. Оның тұсында Еділ бұлғарларына соққы беріліп, жиі–жиі Русьтің шеткі аймақтарына шабуыл жасап тұратын Хазар қағанатын құлады.

Владимир I тұсында көшпенділердің жорықтары көрініп тұруы үшін қамалдар тұрғызылды. Орыс дружиналары Солтүстік Кавказ бен Еділ арқылы Каспий теңізіне сәтті жорықтар жасап, шығыспен сауда байланыстарын кеңейтті.

Киев Русін нығайтуды Ярослав Мудрыйдың үлесі зор болды. Дегенмен, қарудың күшімен құрылған мемлекет берік болды. ХІ ғасырда князьдер мен феодалдардың арасындағы өзара қырқысу Русьтің бірлігін бұзды.



Бөлінушілік кезеңіндегі Русь
Русьте бөлінушілік ХІІ ғасырдың ортасында орын алды. Осы кезде ірі вотчиналық жеригерушілік толығымен қалыптасты. Феодалдық вотчиналарда жекелеген шаруа қауымдастықтарында сияқты натуралды шаруашылық үстемдік етті және әскери қуат қана оларды біртұтас мемлекет аясында ұстап тұрды. Феодалдық жеригерушіліктің дамуына байланысты әр жердің бөліну мүмкіндігі пайда болып, жекелеген князьдіктерге айнала алатын еді. Вотчиналарда сол кездің негізгі экономикалық және саяси күші болып табылған жергілікті боярлық құрыла бастады. Боярлар жергілікті жерлерде биліктің күшті болуына мүдделі еді, себебі бұл оларға түрлі мәселелерді тездетіп шешуге, соның ішінде шаруаларды құлдықта ұстауға мүмкіндік берді. Жергілікті феодалдар (боярлар) Киевтен тәуелсіз болуға ұмтылды. Дәл сол себеппен олар өз князьдерінің әскери қуатының артуына қолдау көрсетті. Князьдер болса боярларға арқа сүйеп, билік жүргізді. Уақыт өте келе боярлар мен князьдер арасында билік үшін күрес өрши түсті. Күрестің сипаты әр жерде әркелкі болды. Мысалы: Новгородта, кейін Псковта боярлар князьдерді өздеріне бағындыра алды және боярлардың феодалдық республикасын орнатты. Керісінше, князьдер боярларды бағындыра алған жерлерде олардың билігі басым болған.

Мемлекеттің бөлінушілігіне себеп болған тағы бір жағдай – «Киев тағы үшін күрес» еді. Жиі болып тұратын тартыстардың себебі мұрагерліктің шатастырылған тәртібі, билікке үміткер болудан шеттетілген князьдердің ыза болуы сияқты мәселелерге байланысты. Бұл жағдайдан шығудың жолын іздеген князьдер 1097 жылы Любеч қаласында съезд шақырып, әрқайсысына жерді мұрагерлікке қалдыру ұсынысы жасалды. Биліктегілер дағдарыс жағдайларында (шапқыншылықтар жасалуы, ашаршылықтың орын алуы ) шапшаң әрекет ететін болған. Киевтің жалпы орыс жерінің орталығы ретінде маңызы азайды. Еуропаны Шығыспен байланыстырып тұрған сауда жолдары өзгерді, бұл өз кезегінде «варягтардан гректерге дейінгі» жолдың жойылуына әкелді. Сонымен қатар, көшпенділердің шапқыншылығы күшейе түсіп, жеригерушілер Русьтің біршама тыныш деген аймақтарына кетуге мәжбүр болды. Талас-тартыстардың біраз уақытқа болса да тоқтатылуы князь Владимир Монамахтың тұсында жүзеге асты. Ол Киев тағына 1113 жылы ұлы князь Святополк өлген соң отырды. Святополктің өлімі киевтіктерді көтеріліске шығарды. Көтерілістен қорыққан боярлар сол кезде половецтерге қарсы талай рет қол бастаған Владимир Монамахтан Киев «тағына» отыруды өтінеді. Осы князьдің және оның ұлы Мстиславтың билік еткен тұстарында Көне орыс мемлекетінің бірлігі қалпына келтірілді. Алайда, бұл бірігу ұзаққа созылмады. Бөлінушілік кезеңнің басталуы 1132 жылға сәйкес келеді. Бұл кезде князь Мстислав өліп, Русь қайтадан өзара талас-тартыс алаңына айналды. Феодалдық бөлініске князьдердің ең жақсы жерлер үшін күресі, вотчинник-боярлардың өз жерлерінде жеке дара билік жүргізе бастауы, қалалардың экономикалық және саяси қуатының артуы себеп болды. Жаңа феодалдық мемлекеттер пайда бола бастады. ХІІІ ғасырда мемлекеттің үш орталығы – Ұлы Новгород, Владимир-Суздаль және Галич-Волын князьдіктері пайда болды.




Галич–Волын жері
Ежілгі Русьтің шеткері оңтүстік – батысында Галич жері (Карпат маңында) және Волын жері (Буга жағалауында ) орналасты. Бұл жерлер көбіне Червон Русі деп аталды. Құнарлы топырақ бұл жерде феодалдық жеригерушіліктің ерте пайда болуына жағдай жасады. Русьтің оңтүстік–батысында боярлар біршама қуатты болып келді, олар жиірек князь билігіне қарсы шығып тұрды.

Волын жерінде оқшаулану үрдісі ертерек жүрді. Мұнда 1134 жылы Владимир Мономахтың немересі Изяслав билік басына келгенге дейін көп князьдер ауысты. Кейінірек Галич жері құрылды. Галич 1099 жылы владимир – волын князі болып отырған Роман Мстиславичтің, кейін сол жердің князі болып тағайындалғанына дейін жеке өмір сүрген еді. Осылайша, бірыңғай Галич– Волын князьдігі құрылды. Роман боярлар арасындағы өзара талас– тартысқа шек қойып, кейін тіпті Киевті биледі. Оның өлімінен соң бұрынғы тартыстар қайта өршіп, билікті боярлар басып алды. Бұл тартыстарға половец, поляк және венгр әскерлері жиірек араласып отырды. Романның ұлы Даниил 1238 жылы қарсыластарына тойтарыс беріп, Русьтің қуатты билеушілерінің біріне айналды. Оның тұсында боярлардың жері мемелекет иелігіне айналды. Батыйдың шапқыншылықтары мен ордалық иелік ету бұл князьдіктең өз бетіше саяси дамуын тоқтатты.




Владимир – Суздаль князьдігі
Солтүстік–шығыс Русь көне Русь мемлекетінің шеткері аймағы болды, оны қалың ормандар қоршап жатты. ХІ–ХІІ ғасырларда бұл аймақтарға оңтүстік–батыс Русьтен және Новгород жерінен славяндар қоныс аудара бастады.

Бұл қоныс аудару половец шапқыншылықтарымен және боярлық вотчинаның күшеюімен байланыстырылады. Осы үрдіс тұрғындардың қатарын көбейтіп, жаңа қалалардың бой көтеруіне әкелді.

Солтүстік-шығыс Русьтің әуелдегі астанасы Ростов болды. Ярослав Мудрый Ярославльдің негізін қалады, сол кездегі жылнамаларда алғаш Суздаль аталады. 1108 жылы Владимир Мономах Владимир қаласының негізін қалады.

Князьдікті Всеволод Ярославич басқарды және кейін оның ұрпақтары, алдымен Владимир Мономах, одан соң баласы Юрий Долгорукий билік етті. Юрийдің тұсында Суздаль князьдіктің астанасына айналды. Оның баласы Андрей Боголюбский феодалдық батыраңқылық кезіндегі қарапайым князь болатын. Соғыстарда жеңіске қол жеткізіп Киевті басып алды, Новгородты бағындырды. Оның мақсаты Солтүстік–шығыс Русьті Киев Русінен оқшау ету болды.

1174 жылы Андрей қастандықпен өлтіріліп, билік үшін күресте оның ағайындыларының бірі Большое Гнездо деген атқа ие болған Всеволод жеңіске жетті.

Новгород жері
Русьтің солтүстік–батысында Новгород және Псков жерлері орналасты. Мұндағы климат, сондай-ақ, құнарсыз жерлер егіншіліктің дамуына кері әсерін тигізді. Князьдік династия орнаған жоқ. Князьге дружинаға басшылық ету, сот істерін атқару секілді қызметтер жүктелді. Сонымен берге, оған көптеген шектеулер де қойылды, мысалы: қалалық басқару ісіне араласпады, Новгород жерлеріне иелік етуге құқығы болмады.

Новгородта биліктің жоғарғы органы вече, яғни халық жиналысы болды. Боярлық жоғарғы Новгородтық тап еді.

Новгород әрқашан сауда қаласы болды, сондықтан қаланың саяси өмірінде көпестер маңызды роль атқарды. Төменгі тап өкілдерін “ қара адамдар” құрады. Олар: қалада–қолөнершілер болса, ауылда–шаруа қауымдастығы еді. Новгород Софиялық және саудалық болып екіге бөлінді.

Вечеде негізгі қалалық биліктер: посадник, тысяцкий, владыка (архиепископ) сайланды. Сауда негізінен Батыс Еуропамен жүргізілді (Ганзей одағымен сауда келісімдері). Қала қолөнері өте жоғары деңгейде болды. Новгородтықтардың білімді болғандарына археологтар тапқан берестадан жасалған грамоталар дәлел болады.


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет