Психологиясы



бет1/12
Дата23.05.2017
өлшемі2.46 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
КАЗАКСТАН РЕСПУБИКАСЫНЫҢ БІЛІМ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫК САКТАУ МИНИСТРЛІГІ

л.с.выготский

БАЛАНЫҢ ЖАС

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ПСИХОЛОГИЯСЫ

ЖӘНЕ КЕМТАР БАЛА

ПСИХОЛОГИЯСЫ

ТУРАЛЫ ТАҢДАМАЛЫ

ЕҢБЕКТЕР

АЛМАТЫ-1999



Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАСПА КАБИНЕТІ

Л.С.Выготский

Баланын жас ерекшеліктері психологиясы және кемтар

бала психологиясы туралы таңдамалы еңбектер. /Оқу құралы/.

Алматы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазактың білім академиясы-

ның Республикалык баспа кабинеті. 1999 ж. 170 бет.

Көрнекті психолог Выготский Лев Семенович өзінің қыска өмірінде артына мол мұра қалдырған ғалым. "Таңдамалы еңбектері" жинағында күрделі психикалық процестер: қабылдау ес, ойлау, эмоция, қиял, еріктің балалық шақта қалыптасуы мен даму сипаттары, олардың қасиеттері баяндалады.

Еңбектегі баса мән берілген такырыптардьщ бірі-кемтар балалардың психикалык дамуы мен оларга тәлім-тәрбие берудің гуманистік және әлеуметтік өмірмен ұштаса жүзеге асырылуы оларды қоғамға пайдалы азамат етіп тәрбиелеу жолдары. Адам бойындағы кемшіліктердің себептерін анықтап, оларды болдыр-маудың тәсілдерін ғылыми тұрғыдан ашып береді.

Бұл еңбек ұстаздар мен тәрбиешілердің психолог мамандар мен студенттердің кәсіптік білімін жетілдіруде пайдалы құрал болмақ.

Пікір жазғаңдар: Ж.Ы.Намазбаева-Абай атындағы Алматы

мемлекетгік университетінін

олигофренопедагогика кафед-

расының меңгерушісі, психо-

логия ғылымының докторы

профессор.

Б.ҚДабылова-Қазақ мемлекеттік қыздар педа-

гогика институтының психоло-

гия кафедрасының доценті,

психология ғылымының канди-

даты


Баспаға Қазакстан Республикасы Білім министрлігінің Республикалык оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынған.

Құрастырған Ә.Алдамұратов

• Аудармашылар: АдцамүратовӘ.Ж,Ракымбеков Қ, Бапаева М., һығметова Қ., Сүлейменова Р., Елеусізова С., Шериязданова X. І5ВК

Ы. Алтынсарин атындағы Қазактың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999



МАЗМҰНЫ

Алғы сөз.

Выгогский Л.С. (1896-1934).

Қабылдау және оның балалық кездегі дамуы.

Ес және оның балалык кезеңде дамуы.

Ойлау және оның балалык шақта дамуы.

Эмоция және оның балалык шақта дамуы.

Қиял және оның балалық шақтағы дамуы.

Ерік және оның балалық шақта дамуы

Сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс

Үш жастағы дағдарыс

Жеті жастағы дағдарыс

Кемістік және толықтыру

Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы.

 

АЛҒЫ СӨЗ



Адамтану ғылымдарының ішінде психологиянық жетекші роль атқаратыны айкын ақиқат. Психология ғылымының аса көрнекті өкілдерінің бірі болған Лев Семенович Выготский тек біздің елімізде ғана емес, ол өзінің сан-салалы зерттеулері мен ғылыми екбектерінің жемісі арқылы көптеген шетелдерге де аты белгілі болған оқымысты. Оның бірсыпыра еңбектерін ана тілімізге аударып, қазақ оқырмандарына таныстырудың өзіндік мақсаты және ерекше маңызы бар. Осындай игі істерді жүзеге асыруда Выготскийдің. балалар психологиясы мен жасына сәйкес дамуы, педагогикалық психология мен дефектологияның өзекті мәселелерін қамтитын енбектерінің бір шамасын қазақ тіліне тәржімала оқырмандарға ұсынып отырмыз. Бұл жинақка Қазакстанның бір топ психолог мамандары аударған Выготский енбектері енді, Олар: балалардын жекелеген психологиялық процестерін дамытуға арналған алты лекциясы, сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс, үш жастағы дағдарыс, жеті жастағы дағдарыс, дефектология саласынан кемістік және толықтыру, бала кемтарлығының педагогикалық және психологиялық мәселелеріне арналған еңбектер. Аталған енбектердің әрқайсысына жеке-жеке түсініктемелер берілген.

Жинақта Л.С.Выготскийдің өмірі мен психология ғылымына ендірген жаңа теориялары мен жеке көзқарасы жайында қысқаша мәлімет бар.

Ғалым көзінің тірісінде-ақ өзі ұсынған теориялық тұжырымдарды жан-жақты талдауға мұршасы келмегендігін, ал өз идеяларын көбінесе жорамал түрде айтып, оларды тәжірибе жүзінде нақтылы түрде дәлелдеуді келер ұрпақтың еншісіне қалдырғандығын айтқан-ды. Оның ғылыми тұжырымдарында қазіргі заман талабына сәйкес келе бермейтін әсіресе Батыс психологтарының еңбектеріне оңды-солды талғаусыз сілтеме жасап отыратын жерлері де аз емес. Оқырман қауьш мұңдай жерлерін өзі екшеп, таразылап, талдап алар деген ойдамыз.

Выготскийдің бала псикасының даму кезеңдері туралы теориялық тұжырымдарын әрмен қарай зерттеуді оның шәкірттері жалғастырады. Ғалымның енбектері бұдан алпыс жылдай бұрын жарық көрсе де қазіргі психология салалары больш саналатын жас дамуы мен педагогикалық балалар психологиясы мен дефектологияра т.б. пайдалы ықпалын тигізіп келеді.

Аударма жинаққа енген еңбектерді қазақ тіліне аударушылар: Алдамұратов- Әбілхан Жүмаділлаулы (1,2,3,4,6 лекциялар); Ракымбеков Кани (5 лекция); Бапаева Мәриям,

3

Нығметова Қайшыкен (сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс, үш жас пен жеті жас кезіндегі дағдарыстар); Сүлейменова Роза (кемістік және толықтыру, бала кемістігінің психологиялық және педагогикалық мәселелері туралы); Елеусізова Сәуле (жеке тақырыптарға берілген түсініктемелер). Шернияэданова Хорлан (Л.В.Выготский. Психологиялық теориясы жайындағы мәлі-

меттер).


Қазақстанда соңғы жылдары жоғары оқу орындары жанынан психология саласынан ұлт кадрларыи даярлайтын бөлімдер ашылып, бұлардың көпшілігі қолданбалы психологиядан мамандар даярлап шығару мақсаттарын көздеп отыр. Оеындай мақсаттарды жүзеге асыру жолында бұл еңбек психология мамандығын игеріп жатқан студеиттерғе жас дамуы, педагогикалық психология және дефектология пәндерін оқып-үйренуде нақты көмегін тигізетін құрал болар деп санаймыз.

К..Б.Жарыкбаев

4

Выготский Лев Семенович



(1896-1934)

Көрнекғі психолог ғалым Л.С.Выготский 1896 жылы 5 қарашада қазіргі Витебскі облысы Орша қаласында (бұрынғы Могилев губерниясы) туған. Ата-анасы білімді, шетел тілдерін жақсы меңгерген адамдар болған. Отбасы мен әулетінің тағылымы мен өнегесіне жастайынан қаныққан Выготский өзінін қысқа өмірінде зеректігі мен ынталығына орай ғалым мен өнердің сан-саласынан әр тарапты терең білім алып, өз дәуірінің озық ғалымы және ардақты азаматы болып жетілді.

Л.С.Выготскийдің мамандығы әдебиетші болса да психология ғылымына ерекше зер салып осы саладағы еңбектерін материалистік ілімінің методологиялық принциптері тұрғысынан іздестіреді. XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында қарқынды дамыған бүкіләлемдік психология ғылымының сан-салаларынан жарық көрген шетелдік ғалымдардың зерттеулерін сын көзімен қарап, оларға талдау жасап, XX ғасыр психологаясының дамуына орасан зор үлес қосты. Выготскийдің жан-жақты білімі мен жеке басының дарындылығы психология саласында материалистік көзқарастарна тіректелген жаңа теориялық тұжырымдар жасауға даңғыл жол ашты.

Адамның жан дүниесінің сыр-сипатын терең зертт'еген Л.С.Выготский адам психикасының мәдени-тарихи дамуы және "бала психикасының жақын арадағы даму аймағы" дел аталатын тұжырымдарын айрықша атап көрсетуді қажет етеді. Мәдени-тарихи теория туралы Выготский іліміндегі жүйе, ең алдымен, адамның әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне, екіншіден, ондай даму деңгейі сол әлеуметтік өрістің заттарды ұстап-тұтыну деңгейіне тәуелді, үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуінен өмірінің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірибесіне, іс-әрекеті мен мінсз-құлық бейнесіне, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жан дүниесінің өзгеріп өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіл отыратым тарихи фактор ретінде қарастырьшады. Сондай-ақ баланың дамуы мен өсіп жетілуі, кәмелетке толып, азаматтық қасиетке ие болуы, кісілік сипаттарының жетілуі де өрістеп отыратын тарихи жағдайларға, әлеуметтік ортаға байланысты.

Л.С.Выготскийдің психология ғылымында. ерскше орын алатын теориясы - бала дамуының жақын арадағы аймағы деп аталады. Бұл теорияның түпкі мәні - баланы тәрбиелел оқыту, оған білім беріл, дүниетанымын қалыптастыру үнемі онын та-

5

биғи даму деңгейінен оздырып отыруды талап етеді. Мұндай талап біріншіден, баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде шама-шарқы жетерлік оқу-білім алуға, оны ездігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады. Бала оқу-тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар мен құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды зерделсп танитын міндеттерге машықтанулары



керек.

Егср баланың табиғи дамуында оның психикасы күрделеніп, сана-сезімі жетілетін болса, ал оқу-тәрбие жұмыстары арқылы оның дүниетанымы мен білімінің шеңбері кеңейеді. Оның дамып жетілуі, сыртқы ортадан түйсініп, қабылдаған, көріп білгендерін ой елегінен өткізіп санасының өрістеуіне әсер етуін сыртқы факторлардың (экстериоризация) ішкі факторларга (интерноризация) айналуымен белгіленеді. Осы жайт Выготскийдің адамның мәдени-тармхи дамуы жайындағы теориясының мәнісінен туындайды.

Л.С.Выготский теориясының енді бір ерекшелігі баланың айналасындары адамдармен қарым-қатынас жасауда тарихи тәжі-рибелерді, тыныс-тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тербие өнегесінен жанамалай үйренуі. Осылайша бала өзінін. дер-бестігін, жеке басының психикалық қасиеттерін өрістетеді, әлеу-меттік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуындағы ең жоғары қызмст, яғни, болмыстың бала санасындағы бейнелеуі деп аталады.

Бала басынан кешірген әр қилы оқиғалар мен болмысты белгі, таңбалар ретінде танып-біліп, олардың мән-жайын түсінуі оның жан дүниесін байытады, яғни мұндай процесс баланың әрбір нәрсенің мазмұнын өз ойымен, ақылымен пайымдап білуін қалылтастырады. Дамудың осы жолы Выготскийдің айтуынша материалдық (заттық) дүние жоғары психикалық қызмет арқылы мәдени факторға (оның бейнесіне) айналады. Сондай-ақ жаттаудың сөздік-мағыналық еске айналуы, нәрселердің бейнесін көз алдына келтіріп елестету - сол зат жайындағы ойлау әрекетіне алып келеді, немесе бұлар творчестволық қиялға айналады, қарапайым қимыл-қозғалыстар ерікті қимыл-әрекеттерге ауысады. Жоғарыда айтқанымыздай іші процестердің бәрі сыртқы әсерлер нәтижесінде пайда болып, қайтадан ішкі процесстерге (интериоризгцияға) айналады. Психикалық құбылыстардың пайда болуы туралы осы пікір баланың мәдени дамуыңдағы кез келген қызметтің сыртқы көрінісінін сахнаға шығуы екі түрлі бағытта анық байқалады екен. Оның бірі - әлеуметтік сипатта болса,

6

екіншісі - психолоптялық сипатта көрініп отырады. Даму про-цесіндегі мұндай психикалық заңдылық алдымен адамдардың өз-ара қарым-қатынасы арқылы өріс алса, кейіннен оның нәтижелері адамның ішкі көңіл-күйінен жақсы байқалады. "Жоғары психикалық қызметтің даму тарихы" дейтін еңбегінде (1931) Выготскмй осы пікірін одан әрі жалғастыра түсіп, баланың жоғары психикалық қызметі әлеуметтік ортада ересектермен қарым-қатынас жасау арқылы туындан отырады осы жардайда ғана оның сана-сезімі өсіп жетіледі. Выготскийдің бұл тұжырымы баланың "жақын арадағы даму аймағы" жайындағы қағидасын негідеуге тірек болды.



Выготскийдің психология саласындары зерттеулерінде "пси-хологиялық жүйелер" деген маңызды бір ұғым кездеседі. Бұл ұғымның мәні түрлі психикалық қызмеітердің арақатынасын біл-діретін тұтас құрылымдар. Ол ойлау мен ес процестерінін, өзара ұштасып, олардың арасында әр қилы байланыстар жасалып оты-ратындығын анықтап, осындай жүйелердің құрылымында басты рольді атқаратын бастапқы белгі (таңба) делінсе, ал одан кейімгі психикалық кызметті "жасаушалар", яғни адам исихикасының ұ лпаларын жасайды. Бұл жалт адам психикасының хайуанаттар психикасынан ерекше күрделі сипатта болатындырын көрсетеді.

Л.С.Выготский тарихи даму кезендерінде адам психикасының өзгеріске түсіп отыратындығын, әсіресе оның ойлауы мен сөйлеуінің өрістеу сатыларын жан-жақты іздестіреді. Осы тұжы-рымның мәні 1934 жылы жариялнған "Ойлау мен сөйлеу'' деген енбегінде жан-жақты қамтылған.

Выготский идеялары тек исихология ғылымын ғана емес, адам тануға қатысты басқа да ғылым салалаларының (дефектология, тіл білімі, психиатрия, өнертану, этнография, семантика, т.б.) дамуына ыпал жасады. Лев Семеиович Выготский қаламынан 190-нан астам ғылыми енбек кейінгілерге мұра болып қалды. Ұсынылып отырған осы жинақта Л.С.Выготскийдің еңбектерінің жекелеген жақтары ғана қамтылып отыр.

Л.С.Выготскийдін исихология ғылымы саласынан жазған енбектерін Қазакстан оқырмандарына 30 жылдары алғаш таныс-тырып түсініктер берген Т.Т.Тажібаев. Ал Виготскийдің психо-логиялык идеяларынын бірсыпыра жәйттерін арнайы зсрттеп қазақ оқырмандарына жеткізген М.М.Мұқанов. Ол ғылымның этнопсихологиялық ой-пікірлсрін өзінің докторлық диссертациясы мен ғылыми жинақтарда жариялаи талдау жасады.

Ә.Алдамұратов.

7

ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАЛАЛЫҚ



КЕЗДБГІ ДАМУЫ

Бүгінгі біздің лекциямыздың тақырыбы - балалар психо-логиясындағы қабылдау мәселесі. Содғы 15-20 жыл ішінде казіргі психологияда қабылдау мәселесінің түбегейлі өзгерістерге ұшырағанын сіздер жақсы білесіздер. Осы тақырып төңірегінде бұрынғы бағыт пен қазіргі тәжірибелік зерттеу арасында қызу талас-тартыстың болғанынан да хабардарсыздар. Психологиядағы эксперименттік зерттеулер қабылдау туралы ілімді құрылым (гештальт) психологиясы тұрғысынан іздеетіріп, бұрынғы ассо-циация психологиясында ірге тепкен дәстүрлі әдістерге қарсы қойылды. Қабылдауға қатысты тәжірибелік зерттеулер арқылы жинақталған материалдардың молдығы соншалық психояогияның өзге тақырыптарымен салыстырғанда, қабыдау толық іздестірілген мәселелер қатарына жатады.

Зертгеу нәтижелерінің мәнін сіздер жақсы түсінесіздер. Дегенмен мәселенің мазмұнын бір-екі сөзбен еетеріңізге түсірейін.

Психикалық тіршілікте ассоциация заңына негізделген басты түсініктердің бәрі ес процесіне қатысты және естің кызметіне тіректелген. Осындай түсініктерге тірекгелген қабылдауды да ассоциация психологиясындағы түйсікгердің жиынтығы деп санайды. Ес процесі де ассоциация байланыстарына сүйене отырып жекелеген елестер мен еске түсірулер белгілі жүйелі ізбен жасалып отырады дейтін пайымдау жасалады. Міне осындай жәйттердің байланысты болуына қабылдау да жатады деген түсінік қалыптасты.

Жекелеген бытыраңқы нүктелер мен бөлшектер тұтас дене, не көрнекті тұлға қалай пайда болады? - деген қисынды сұрақ туьш, сол нәрселер мен тұлғалар бейнесін біз қалайша танып білеміз, әлде қалай қабылдай аламыз? деген мәселенің мәнін түсіну керек болады. Мұнлай сұрақтар психолотиядағы ассоциация бағытына тән болатын. Осындай сұрақтарға сәйкее қабылдау процесі де жекелеген нәрселердің бөлшектерінен өзара мөлшерлес шашыраңқы бөлшектерінің жинақталып көз кабы-

* Л.С Выготский. Сбор. соч.в шести томах. М., Педагогика, 1982, том второй, С.362-466

8

ғының торына әсер етуі арқылы көзбен көріп қабылдау процесін тудырады. Қабылдаудың бұл сипаты бойынша көз алдымызда тұрған нәрсенің бөлшектері көзге әсер етіп, олар мидың алаптарында қозу тудырады, өзара байланысып тұтасады да, орталық жүйке жүйесі арқылы бірігіп қабылдау процесін жасайды.



Қабылдау туралы ассоциация теориясының дәрменсіздігі бекерленіп, ол құрылым психологиясы тарапынан сыналады. Бұл бағыт - психикалық процестердің мәнін тәжірибе арқылы зерттеп, адам тіршілігіндегі психикалық кұбылыстардың бәрі де құрылымдық сипатта болады, нәрселерді көріп қабылдау тұтас түрде бейнеленеді. Сөйтіп дәстүрлі ассоциация психологиясының басты принциптеріне қарсы шықты. Құрылым психологиясын жақтаушылар қабылдаудың түйсіктен, елестен сапалы айыр-машылығы бар екенін және олардың жиынтығы емес екендігін көрсетті. Құрылым психологиясындағы мұңдай принцип пси-хикалық тіршшіктің өзге де процестеріне қатысы бар деген пікірді қолдап, бұл көзкарастың шындығын тәжірибеде зерттеу нәтижелерімен анықтады.

Осы орайда В.Келердің қолда өсірген тауыққа жасаған тәжірибесімен танысып көрейік. Тауық екі түрлі түсті нәрселердің қарапайым ассоциациялы қосындысы ретінде емес, олардың арасындағы айырмашылықты көрсететін жиекті тұтас түсірілген жарыққа лайықты қабылдаған. Түстердің шегі жарык беру арқылы өзгертілгенімен қабылдау жиегі бұрынғыша қалпын сақтап өзгермеген. Тәжірибенің бұл тәсілдері алдымен төменгі сатыдағы хайуанаттарға, одан кейін адам тектес маймылдарға, ақырында бұл тәжірибенің тәсілін өзгертіп балалардын қабылдау процесін анықтауға қолданған. Тәжірибе қорытындылары қабылдаудағы тұтастық сипаты оның бөліктерін өзгерткенмен бұрынғы қалпын сақтап қалған. Осы тәжірибе керісінше тұтастық құрылымды өзгертіп жүргізгенде де қабылдаудың пайда болуындағы тұтастық сақталатыны белгілі болған.

Енді осы бағытта Г.Фолькельттің өрмекшіге жасаған тәжірибесімен танысайық. Өрмекші ұясына шыбынды өзі ұшып келғендей етіп тастайды. Осы мезетте өрмекші шыбынды ұстап жеуге әрекеттеніп, оған ұмтылады. Ал сондай шыбынды бөлшектеп өрмекші ұясының шегіне қойғанда өрмекші оған реакция да жасамаған. Бұл өрмекшінің өз жемісін тұтас түріңде қабылдайтындығын көрсетеді де, ал бөлшектенген шыбын оған қажетсіз нәрсе болып қалған.

К.Готгшальд тәжірибелеріне назар салайық. Зерттеуші сыналушыға күрделі заттың бөлшектеріи жекелеп алып, оларды

9

сыналушыға жүздеген рет көрсетеді де, осы көргендеріңді ұмытпау үшін жаттап ал дейді. Басқа бір жағдайда сыналушыға сол күрделі заттың бөлшектерін өзгеше түрінде жинап әкеп көрсеткенде, бұрыңғы жаттап алған бөлшектерді және затты танымай қалады. Демек, бұл орайда бұрыңғы тұтас түрінде қабылданған затгың құрылымы өзгерген сон оны сыналушы тани алмаған.



Мұндай тәжірибелердін, мән-жайы белгілі болғандықтан,

оларды тәптіштеп талдап жатудың қажеті бола қоймас деймін.

Балалар психикасының даму ерекшеліктерін түсіну үшін қабылдау процесін жаңа құрылым теориясы тұрғысынан қарастырудың қаншалықты маңызы бар?

Қабылдау жайындағы ассоциация теориясының мәні ба-

ланың жалпы психикалык даму ерекшеліктеріне ұксас деуге

болады. Мұндай түсінік баланың туған күнінен басталып, оның

бүкіл өміріндегі психикалық дамуымен тығыз ұштастырылып,

оның бойында сол ассоциация байланыстары негізінде жаңа

қасиеттер қалыптасады. Дәстүрлі ассоциация психологиясының

принциптеріне сәйкес бөбектің қабылдауы бастапқы кезінде

нәрселердің бытыраңқы бейнесі (түйсік) сипатында болып, ол

К.Бюлердін айтуынша шашыраңқы түсініктердің тағылык бей-

несіне ұксайды дейді.

Мен университетте оқып жүрген кезімде бөбектің қабылдауына қатысты ерекшеліктерді былайша түсіндіруші еді бөбек нәрселердің ащы, қышқыл дәмін ажыратуға қабілетті және ол жылылық пен суықтықты қабылдай алады, дүниеге келген соң біраз уақыттан кейін дыбыстарды, заттардың түр түстерін де қабылдай алады. Бірақ мұның бәрі де бытыраңқы түйсіктер дейтін. Осы бағытта түйсіктердін бірсыпыра түрлері белгілі бір нәрсенің қасиеттері, сол белгілерді бала бір мезгілді комплексті түрде түсініп, соның нәтижесінде қабылдауы пайді болады дейтін-ді. Бөбектің комплексті сипаттағы қабылдауға жекелеген түйсіктерден ерекшеленіп тұруын кейбір зерттеушілер бір жастағы бала дамуын айлық мезгілдерге бөліп қарастыруы мен салыстырып көрген. Олар 4 айлық баланың қабьшдауы нәрселердің өзара байланысы түрінде тұтас сипатта болады деп, санайды. Ал сол зерттеушілердің кейбіреуінің айтуынша қабылдау бөбектің 7 не 8 айлығында пайда болады.

Құрылым психологиясыныңщ көзкарасы бойынша баланың қабылдауы жайындағы түсініктерге сын көзбен карап, жалпы қабылдау өзара байланысыз бытыраңқы бөлшектер жиынтығынан құралады дейтін идеяға қарсы шығып, қабылдаудың дамуы төменгі сатысынан бастап нәрселердін тұтас түріндегі бейне;

10

сі деген пікірді қостайды.



Кёлер "Адамның қабылдауы" деп аталатын еңбегінде адамның қабылдауы да нігізінен хайуанатгардың қабыллау заңдылығына ұқсас, бірақ адамның қабылдау қасиеті хайуанаттармен салыстырғанда әлдекайда нәзік, нақты әрі айқын сипатта болады дейді. Сонымен бірге, Келер адамның қабылдауы жануарларға қарағанда жоғары дәрежеде тұратындығын айтады.

Құрылым психологиясының өкілдері, даралап айтқанда, Фолькельттің балалардың қабылдау процесіне қатысты зерттеу-лерінде қабылдаудың тұтастық қасиеті нәрестелік кезеңнен басталады және сол сипатта қалыптасады деген пікірі бұл ағымды тығырыққа әкеп тірегендей болды. Өйткені құрылым психологиясы өкілдерінің қабылдауды баланың нәрестелік кезеңнен басталып, оның мәні тұтас сипатта болады деп санауы сынар жақты қорытынды еді. Осы жағдайда мынадай мәселенің мән-жайын анықтау кажет болды.

Егер қабылдау нәрестелік кезеңнен бастап нәрселердің тұтас бейнесі ретінде қальштасатын болса, онда балалар мен ересек адамдардың қабылдауы арасында кандай айырмашылык бар?

Бұл мәселені шешуде құылым психологиясының өкілдері өздерінің осалдығын байқатты және өздері іздестірген фактілер мен теориялық тұжырымдарын дәйектей алмады. Құрылым психологиясының қабылдау процесі жайындағы дәрменсіздігі бір жағынан, бұл ағымның зерттеу жүргізудегі методологиялық саяздығын көрсетсе, екінші жағынан,тұтастық деген ұғымның мәнісін түсіндіруде метафизикалық көзқарасқа ұрынғанын байқатты. Нәтижеде біздер құрылым исихологиясы ағымындағы бірімен-бірі сабақтас екі пікірмен ұштастық. Оның бірі - Қ.Готтшальд пен К.Коффка зерттеулері. Бұл екеуі де қабылдаудың адамның даму кезеңдеріне орай қалайша даму сипаттарын ажыратыи көрсете алмады. Ал екіншісі - Фолькельт зерттеуі. Бұл зерттеуде қабылдау адамның барлық даму сатыларында нәрестелік кезеңінде қалыптасқан біртұтас құрылымды сипатта болады деп анықталады. Ол барлық нәрсе өзгеріссіз өз күйін сақтайды деген пікірге сүйенді.

Мен құрылым психологиясының қабылдау процесіне қатысты тығырыққа тірелген жағдайынан шығу үшін, балалар қабылдауы-ның дамуын дұрыс жолға салып іздестіру ниетімен, олардың табиғи даму кезеңдерін қарастырған тиімді болар деп санаймын. Бұл мәселе бұрыннан келе жатқан біздерге мәлім жағдай. Бұл мәселенің шешімін табуды алғ;аш рет ойластырған психофизиолог мамандар, атап айтқанда Г.Гельмгольц қолға алып зерттеген еді. Алайда бұл мәселе одан әрі іздестірілмеді. Ал

11

соңғы екі он жылдың ішінде бұл мәселені іздестіру қайтадан су бетіне қалқып шықты. Мәселенің түпкі мәні мынада: қазіргі ересек адамдардың қабылдауын түсіндірудің өзіндік қиындығы бар және өзге психикалық процестерден айырмашылығы бар

екендігі даусыз.

Олай болса, біздің қабылдау ерекшелігіміздің миы зақымдальш, ауруға душар болған адамдардан айырмашылығы неде? Біз маңымыздары кез-келген нәрсеге зер салып қарайтын болсақ, өзара байланысты, ретті бейнелерін тұтас күйінде қабылдаймыз.

Бұл мәселенін. аржақ-бержағын ой жүгіртіп, оны тәжірибе арқылы іздестіретін болсақ мынадай қаситеттерді аңғарып

білеміз.


Бірінші - заттың шамасын қабылдаудың тұрақтылығы. Егер мен ұзындығы бірдей екі затты (екі қаламды) ұстап тұрып көз алдыма жақындататын болсам, көз қабының торына сол екі заттың бірдей бейнесі түседі, Егер сол қаламның бірі екіншісінен 5 есе ұзын болса, онда осы екі қаламның әр қайсысының шамасы түрліше болып бейнеленеді. Демек қаламның ұзын-қысқалы болуы екі түрлі тітіркендіргіш тудыратын болғаны. Бұл тәжірибені одан әрі жүргізіп, сол қаламның ұзынын көз алдымнан 5 есе қашықтатсақ онда екі түрлі қаламның көз қабығындағы торға түскен бейнесі шамалас болар еді. Бірақ осы ұзындығы екі түрлі қаламның ұзынын қашықтатып, оның екеуін де қатар қабылдасақ олардың ұзындығы түрліше екендігі айқын байқалады. Мүндай көріністің психологиялық мәні неде? Не себептен мен бұл қаламдардың шамасы түрліше деп қабылдаймын?

Осы қабылданған екі түрлі заттың түрліше қашықтықта тұрғанымен олар өз қалпында қаңдай болса, дәл сондай болып бейнеледі. Бұл - қабылдаудың тұрақтылык қасиеті. Осы ретте заттардың биологиялық қасиетін де ескеру керек. Мынадай мысал келтірейік. Жыртқыш аңдардан қорқатын хайуанаттар өздерінің. жауымен арасы 100 қадам қашықтықта тұрып өзінің табиғи тұрқынан 100 есе кішірейіп көрінсе де, оны хайуандар сол күйінде қабылдап одан қауіптеніп секем алады. Заттар мен жыртқыш аңдар белгілі қашықтықта орналасқанымен олар сол өз қалпында қабылданбаған болса, онда хайуандар жыртқыштардан қауіптеніп сескенбенген болар еді” Мұндай биологиялык заңдылық заттардың өзіндік тұлғасының тұрақты түрде бейнеленіп отыратыңдығын көрсетеді.

Демек, осындай мысалдардан біздер биологиялмк механизмнің заттардың шама-шарқы мен мөлшері, кеңістікте орналасуы түрлі жағдайға сәйкес орнын өзгерткенмен, олардьщ тұ--

12

рақты қасиеттері үнемі сақталып отыратындығына толық көзіміз жетеді.



Енді нәрселердің түс-тірін (реңін) қабылдаудары тұрақтылықты іздестіріп көрейік, Э.Геринг өз тәжірибелерінде бордың сынығы түс кезінде кас қарайған мезгілмен салыстырғанда күн сәулесін 10 есе артық қабылдап жарқырай түсетінін айтады. Ымырт кезінде бор ақ түсті, ал көмір қара түсті больш қала береді. Өзге де нәрселердің түр -түстеріне қатысты зерттеу нәтижелері де әртүрлі жарықтың түсуіне қарамастан өңдерін өзгертпей бір қалыпта қала береді. Дегенмен нәрселердің тұр-түсі әр түсті жарықпен шаталысқаңда сапасын өзгертіп, адамда әр қилы тітіркендіргіштер тудырады.

Нәрселердің шамасы мен түр-түсінің тұрақтылығы сол заттгардың тұлғасының да тұрақты екенін көрсетпей ме? Мысалы, мына менің алдымда жатқан зат портфель ғой. Осы портфельді жоғарыдан да, жанынан да қарасаң сол портфель күйінде өзгерместен жата береді. Осы орайда Гельмгольц сурет пәнінің оқытушысы өз шәкірттеріне сурет салдыру үшін нағыз столдың толық тұлғасын емес, сол столдың кесіндісін көріп отырғанын айрықша етіп түсіңдіру әлдеқайда қиьш болатындығына баса мән берген.

Нәрселердің шама-шарқы мен түр-түсінің тұлғасының тұрақтылығына қатысты өзге де қасиеттерімен толықтыруға болар еді. Бұл мәселенің бәрі тікелей бақыланатын қасиеттер құрылымы деп аталады. Тікелей бақылаудың өзі тағы да заттарды дұрыс қабылдай білу. Соңдықтан біздер тікелей бақылау нәтижесінде нәрселер мен құбылыстардың құлпырып өзгеруі кеңістікте орналасу жағдайына қарамастан, оларды бұрмаламай дәл сол күйінде тұрақты жағдайында қабылдаймыз.

Біздің нәрселерді айқын қабылдап, оларды реттеп отыруға байланысты көптеген өзекті мәселелерді қарастыруда басты мақсатымыз - балалардың қабылдау процесін дамытуға арналған. Бұл мақсатты жүзеге асыру жолында қажетті проблемалардың шыңдығын ашып беретін тиісті зарттеулерді іске асыруда ассоциация психологиясы мен құрылым психологиясының өкілдері кедергі жасап, оларды іздестіруді өрістетуге тосқауыл болды.

Г.Гельмгольц осы мәселенің тоқырап қапуына өкініш білдіріп, қабылдау процесін бақылау негізгі әдіс емес, оның дамуына орай пайда болған көзқарас деген-ді. Қабылдау процесінің өзге де қасиеттері жайында Гельмголыцтік өзіндік пікірлері мен идеялары болды. Алайда оның зерттеулеріңде қабылдауды тікелей бақылау нәтижесі деп санауы шындыққа сай келе бермейтін


Каталог: Книги -> 245
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы
245 -> Учебно-методический комплекс по дисциплине «Экологическая генетика» для студентов специальности 5В060800
245 -> «Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешені жоғары оқу орындарының 5В011600 «География» мамандығы бойынша оқитын студенттер, сонымен қатар магистранттарға және оқытушыларға ұсынылады
245 -> Көкшетау, 2013. 130 бет


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет