Science
Review
42
7(7), Vol.3,
December 2017 https://ws-conference.com/
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ КӚРСЕТКІШІ
РЕТІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ СТРЕСКЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
бойынша философия докторы (PhD) Қуанжанова Қ. Т.,
1
Қазбергенова Р. А.
Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ.,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті;
1
Психология мамандығының 2 курс магистранты
Abstract. The given article deals with stress, stress resistance of students. There are also
features of stressful situations arising in the life of students (for example, lifestyle changes,
classification system, academic difficulties, friendship, love, sexual relations, shyness, jealousy,
breaks, work and study, language problems, its types are analyzed. physiological, emotional, cognitive
(intellectual) and behavioral.) Psychological characteristics of people of types "A" and "B", which
determine the stability of stress as the stability of the body and the functions of the mentality is
characterized by the stress factors. Given the results of a study conducted to determine the stability of
stress in students.
Keywords: stress, stress resistance, physiological, emotional, cognitive and intellectual
symptoms.
Кез-келген ӛмірдің ӛзгерісі әр адамда мазасыздық, ҥрей сезімдерін туғызатыны белгілі. Сол
секілді енді жоғары оқу орнының табалдырығын аттаған кешегі оқушылар, бҥгінгі студент бозбала
мен бойжеткендер де осындай сезімдерді бастан кешірмейтіндеріне ешкім кепіл бере алмайды.
Ҥздіксіз стресс – студент ӛмірінің серігі деген қағиданы растайтын кӛптеген зерттеулер
бар. Студенттерді зерттей келе, Таубес және Коэн олардың стреске шалдығуы ӛтпелі кезеңдегі
жасаралық проблемаларды шешумен байланысты дейді. Нәтижесінде студенттердің
мазасыздануы академиялық жетістігіне әсер ететін оқуына кедергі келтіруі мҥмкін. Оқудағы
сәтсіздіктер ӛз кезегінде дискомфорт туғызып, стресс одан сайын ӛрши тҥседі. Ӛзге
зерттеушілер студенттердің қаржылық, тҧрғын ҥй, қорғаныс және дене бітімі, салмағына
байланысты болатын стрестік кҥйлерді атауда.
Студент – мектептен кейін бірден немесе араға бірнеше жыл салып келген бозбала мен
бойжеткендер. Студенттік ӛмір - ӛмір ағымының тез ӛзгерісі, бағалау жҥйесі, пәндердің кӛбеюі,
сессиялық кезеңдер, қаражат мәселесі, достық қарым-қатынас, махаббат және сексуалдық ӛмір,
қызғаншақтық, ҧялшақтық және қарым-қатынастың ҥзілуі секілді стрессорлардан тҧратыны
анықталған. Таубес және Коэннің анықтаған студенттің ӛмірінде кездесетін тӛмендегідей
стрессорларға қысқаша тоқталайық:
1. Ӛмір ағымының ӛзгеруі. Ӛмір ағымы неғҧрлым тез ӛзгерген сайын, адамның ауруға
ҧшырап стреске шалдығу мҥмкіндігі соғҧрлым жоғарылайтыны белгілі. Жоғары оқу орнына
тҥскен студенттің бастапқы кездердегі ӛмірінің қалай ӛзгеретінін елестетіп кӛрейік.
Ҥйде тҧрған кезде барлығымыз ата-ананың қамқорында, не ішем, не кием деген
сҧрақтар тіптіде мазаламайды. Достармен кездесуге, ҥй жинауға немесе демалуға арналған
уақыт та жеткілікті. Бірақ, жоғары мектептегі ӛмір мҥлдем басқа. Дҥкенге бару, ас дайындау,
ҥйді жинау, кір жуу т.б ҧсақ шаруаларға арналған уақыт табу керек. Кӛптеген студенттер бҧрын
соңды істеп кӛрмеген жағдайларға да тап болып жатады. Сонымен қатар, енді олардан ҥй
тапсырмасын орындады ма, әлде жоқ па екенін ешкім сҧрамайды. Олар басқа шаруалармен
қатар, тапсырмаларды да орындау қажет.
Бірақ, осыларға қоса, студенттік ӛмірде жатталып қалған басқа да ӛзгерістерге толы.
Пәтер немесе жатақханаға орналасу. Ӛзімен қатар және қарсы жыныстағы достармен қарым-
қатынасқа тҥсу. Олардың ойынша тапсырмалар да уақыт жетпейтіндей кӛп беріледі.
Осы кезде бҧдан басқа, ӛте ауқымды қиыншылықтармен және осы кездегі міндеттерге
кезігеді.
1.
Жанҧядан эмоционалды тәуелсіздікке қол жеткізу.
2.
Кәсіби әрекетті таңдау және дайындалу.
3.
Этикалық жҥйенің дамуы.
Science
Review
https://ws-conference.com/ 7(7), Vol.3,
December 2017
43
Осындай ӛтпелі кезеңнің қиыншылықтарын жеңу ҥшін, студентке ӛткенді ҧмытып,
жаңа ролдерді меңгеріп, игеруі қажет, нәтижесінде олар тағы да стреске шалдығуы мҥмкін.
Студенттерді және олардың стрессорларын бақылаған зерттеушілер мынандай жағдайды
байқады: осы шақта стрессіз еркін ӛмірден рақат алып жатқан студенттер ӛте аз.
Сонымен қатар, ӛз-ӛзіне қол жҧмсау - студенттер арасындағы ӛлімнің ішінде екінші
орында тҧрғанын ҧмытпауымыз керек.
2. Бағалау жүйесі. Кез-келген студенттер баға алулары қажет ал, оқытушылар бағаны
қоюы керек. Ӛкінішке орай, екеуі де осы жағдайға ӛте қатаң қарайды. Студенттердің мақсаты -
білім алу емес, жақсы баға алу болып табылады. Оқытушылардың мақсаты – оқыту емес, ҥздік
студенттер мен білімі орта студенттерді айыру болып табылады. Әрине, бҧл сӛз барлығына
қолданылмайды.
Студенттердің ӛзін-ӛзі бағалауы да бағалау жҥйесіне тәуелді болуы мҥмкін. Мысалы:
«Бҧл сабақтан тӛмен баға алсам, мҥмкін мен ештеңе білмейтін шығармын». Осы жағдайдың
орнына ол: «Мҥмкін мен дайындалсам, жақсы баға алар едім, келесіде міндетті тҥрде оқимын»
деген сӛздерді қолданса, студент стреске шалдықпас па еді? Кейбір студенттер жоғары оқу
орнының қоғамдық жҧмыстарына араласамыз деп оқуға ҥлгермей жатса, басқалары ҥнемі оқу
арқылы қоғамдық жҧмыстарға араласа алмай жатады.
3. Академиялық ауыртпаушылық. Бағалау жҥйесіне жақын академиялық
ауыртпаушылық мәселесі тҧр. Академиялық ауыртпаушылық - ӛте кӛп пәндерден немесе
олардың аса тым кҥрделенуінен туған кҥй.
Қазіргі қоғам мақсатқа бағытталып және ҥнемі қарқынды ӛтуде. Неғҧрлым аз уақыт
ішінде кӛп тапсырма орындасан, соғҧрлым саған ӛмір ағымына да ҥлгеру оңайға тиеді.
Университетті аз уақыт ішінде тез бітіруге асыққан студенттер ӛздеріне тым ауырлық
салып, денсаулықтарымен, психикасымен, әлеуметтік байланыстардың ҥзілуімен және
ҥлгерімінің тӛмендеуімен жауап қайтаруда.
4. Достық қарым-қатынас. Сыныптас достармен қоштасып жаңа достармен
байланысқа тҥсу барысы да кӛбіне стрестің кӛзі болып табылады. Мен басқа адамдарға ҧнадым
ба? Қарсы жыныстағы адаммен байланыс қҧра аламын ба? Мені кездесуге шақырады ма?
Барлық осы сҧрақтар студенттерді мазаламай қоймайды.
5. Махаббат. Енді жоғары мектепке тҥскен студенттер жанҧядан, балалық достардан
алшақтап, ӛздеріне махаббаттық қарым-қатынастарды іздейді. Жаңа қарым-қатынас жаңа
ережелер мен қарым-қатынастардың формаларын қажет етеді. Бҧл табиғи заңдылық. Ӛздерінің
жҧптарын тапқан студенттерді «Мҥмкіндігінше қалай біздер кӛбірек кездесеміз?», «Қай жаққа
барамыз? Ақысын кім тӛлейді? Қандай ортаға біз кіреміз?» деген сҧрақтар, жҧптары жоқ
жалғыз студенттерді «Неге маған ешкім қарамайды? (қыз балаларда), Мен қашан ӛз сҥйіктімді
табамын?, қалай оған сӛз айтамын?» секілді сҧрақтар мазалайды.
6. Жыныстық қарым-қатынас. Бҧл стрессор тҥрін ҥлкендер кӛбіне студенттерді
жауапкершілігі жоқ жаман қылыққа ҥйір деп қарайды және олар әлі жас оларды келешек ӛмірі
ҥйретеді деп ӛздерін ҧстайды.
Сонымен қатар, студенттердің арасында жыныстық қарым-қатынас кезінде берілетін
кӛбіне СПИД ауруына тоқталмай ӛтуге болмайды. Шамамен СПИД-ті жҧқтырған адамдардың
16 %-ы 20 - 29 жас аралығында екен. Эксперттер 20 жаста жҧқтырған адамдар кӛбіне
жеткіншек кезенде немесе студенттік кезенде жҧқтыратынын сеніммен айтып отыр.
7. Ұялшақтық. Жоғары оқу орнына тҥсу жаңа мазасыздану, жаңа қоршаған орта әрине,
кӛптеген адамдар ӛздерін сенімсіз ҧстайды. Ҧялшақтық ӛте кҥшті стрессор болуы мҥмкін, бірақ
онымен кҥресуге болады.
Ҧялу – адамдардан әсіресе, эмоционалды қысым келтіретін, дәлірек айтсақ: таныс
емес объект пен субъекттерден себебі олар туралы әлі ешқандай ақпарат жоқ; беделді
студенттерден, себебі олар басшылық етеді, жақын қарым-қатынасқа тҥсе алатын қарсы
жыныстағы адамдардан қорқу.
Ҧялшақтық кез-келген физикалық секілді кҥрделі салдары болуы мҥмкін.
Ҧялшақтықтан жаңа адамдармен танысу, достық қарым-қатынасты қҧру немесе
ӛмірден ләззат алу қиындайды.
Ол ӛзінің жеке пікірін айтуға, ойын ортаға салып бӛлісуге кедергі келтіреді.
Ҧялшақтық басқаларға ӛзіңіздің потенциалыңызды бағалауға кедергі келтіреді.
Ол ӛзіндік сананың белсендірілуін тежейді
Ҧялшақтық объективті ойлау және тиімді қарым-қатынас процесінің жҥруін бҧзады.
Science
Review
44
7(7), Vol.3,
December 2017 https://ws-conference.com/
Депрессия, мазасыздану және жалзыздық сезіну секілді жағымсыз сезімдер –
ҧялшақтықтың серігі болып табылады.
Жоғары мектеп студенттері оқытушылар, лидерлер немесе ӛздері қарым-қатынасқа
тҥскісі келетін адамдардың алдында ҧялшақтықтың кесірінен стрессті сезінуі мҥмкін.
Жоғарыда кӛріп отырғанымыздай ҧялшақтықтың кӛптеген салдары бар.
8. Қызғаншақтық. Студенттер ӛзінің жынысындағы достар секілді қарсы жыныстағы
достармен де байланысқа тҥседі. Бҧл процесс эгоға қауіп келтіреді (Ол менімен танысқысы
келмесе мен қайтемін?), жігерді қажет етеді, уақытты және кӛп кҥшті талап етеді. Достықты
бағалау керек және оны тҥрлі қауіптерден сақтау керек. Қызғаншақтық – жақсы кӛретін
адамды, досты, билікті немесе дәрежені жоғалтып аламын деген қорқыныштан туындайтын
сезім. Ол екі компоненттен тҧрады: 1) тәкаппарлық сезімі және 2) ӛзінің қҧқығына шабуыл
жасағандай кҥйдегі сезім.
Қызғаншақтық – кӛптеген студенттерде орын алып жатқан стрессор болып табылады.
Ол біз қызғанғанда және бізді қызғанғандағы стрестік кҥй.
9. Қарым-қатынастың үзілуі. Әдетте қызғаншақтықтың кесірінен қарым-қатынас
ҥзілуі мҥмкін. Кейде қарым-қатынас екі жақтың тҥсініспеушілігінен немесе мінездердің сәйкес
келмеуі нәтижесінен ҥзіліп жатады. Енді жоо-на тҥскен студенттер қарым-қатынастың тҥрлі
типтерін таңдау сатысында болған соң да олардың қарым-қатынасы тҧрақты болмауы мҥмкін.
Жоғары курстағы студент ӛмірінде кездесетін стрестік жағдайлар. Әрине, жоғары
курс студенттерінде бірінші курсқа тҥскен студенттерде кездесетін стрестік жағдайларға тап
болып жатады: бағалау жҥйесі, қызғаншақтық, қарым-қатынастың ҥзілуі т.б. Бҧдан басқа
жҧмыс пен оқуды қатар алып жҥрген студенттердің кҥйлері, жанҧя қҧру мен оқу, жоғары оқу
орнында жақсы оқу қабілетіне кҥмәнмен қарау секілді стрессорларды атамай кету мҥмкін емес.
10. Жұмыс пен оқу. Қазіргі таңда жоғарғы курс студенттері оқу ақысын немесе
тҧратын жерін тӛлеу, ӛздеріне қажетті заттарды алу т.б шаруаларға байланысты жҧмыс іздеуге
тура келетін жағдайларға орын алып жатады. Атқарып жҥрген жҧмысты қажетті деңгейде
орындау, сол секілді жақсы оқуға байланысты ынта кезінде де стресс туындауы мҥмкін. Бірақ,
егер де осы стрессорлармен жеке кҥресіп жататын болсақ, нәтижесінде олар шамадан тыс
ауыртаушылықты тҥсіріп, соңында аурудың пайда болмайтынына ешкім кепіл бере алмайды.
11. Жанұя және оқу. Жоғарғы курс студенттері тек жҧмыс істеп қана қоймай, кейбір
студенттердің жанҧя қҧрып, балалы болып жатады. Жанҧя қҧрудың ӛзі стресс. Енді тек ӛзіңе
емес, сонымен бірге қасындағы жолдасыңа уақыт, қаражат табу қажет.
12. Тіл мәселесі де кейбір студенттерге стресті тудыруы мҥмкін. Біздің жағдайымызда
ауылдан келген кебір студенттер орыс тілін білмей, қатарға қосыла алмай жатса, қаладағы
студенттер қазақша тілді білмей жатады.
13. Сабақ ӛткізу формасы. Мысалы, кейбір сабақтар дискуссия және ойын тҥрінде ӛтуі
мҥмкін. Кейбір студенттер сабақ формаларын жеткілікті білмегендіктен, осындай сабақ
барысында «Қалай жауап беремін? Не айтамын?» деген сҧрақтар мазалайды [1].
Сонымен, жоғарыдан кӛріп отырғанымыздай жоғары оқу орнындағы студенттердің
ӛмірі жоғары стрессогендігімен ерекшелененді, себебі кҥрт ӛзгерген ӛмір ағымына бейімделу
қажет. Студенттік ӛмір ӛзінің ӛміріне жауапкершілікпен қараумен, жаңа достық қарым-
қатынастың қҧрылуымен, жаңа қоршаған ортаға бейімделумен, жақсы баға ҥшін кҥрес, кӛлемді
ҥй тапсырмасын орындау, ҧялшақты жеңу секілді стрессорларға тап болып жатады. Ал, жоғары
курс студенттері ӛздеріне тән стрессорларға, яғни, жҧмыс істеу, оқу ақысын тӛлеу, жанҧялары
болып жатса, жанҧяға кӛңіл бӛлу және с.с.
Студенттердің стреске ҧшырауы оның тек оқыту әрекетіне не жаңа ӛзгерістерге ғана
байланысты емес, сонымен қатар әр тҥрлі ӛмір жағдайларына, басқа қызмет тҥрлеріне, қарым-
қатынасқа, қоршаған ортасына да байланысты болады. Сондықтан стрестің пайда болу
себептерін анықтағанда, стрестің пайда болуының кӛзі болуы мҥмкін әр тҥрлі ӛмірлік
жағдайларының ықпал ету ерекшеліктерін ескере отырып қарастыру керек.
Стрессорлардың негізі ретінде олар квалификациялануы мҥмкін. У. Вейтен мен
М. Лойд стрессорлардың сыртқы және жеке тҧлға аралық деп квалификациялады. К. Голлахан
(1986) бойынша, сыртқы стресс «қауіп-қатер тӛндірмесе де жағымсыз деп және бейімделуді
қажет ететін ҥнемі қайталанатын қоршаған ортаның талабы» болып табылады. Сыртқы
стрессорларға даңғыр, ауаның ластануы, ыстық және басқа да жағымсыз экологиялық
факторлар жатады. Жеке тҧлға аралық стрессорлар кӛбінесе ӛзіне жоғары адекватсыз талап
қоюымен байланысты.
Science
Review
https://ws-conference.com/ 7(7), Vol.3,
December 2017
45
М. Фридман және Р. Розенмен жеке тҧлға аралық стрессорларға бейім келетін жеке
тҧлғалық белгілерінің кешенін ҧсынды: мотивацияның жоғарылауы; адамның ӛзі қалайтын
нәтижелерге ҧмтылуды жатқызады. Яғни, адамның бір кезде нақты бір белгіленген уақытқа
сәйкес тым кӛп тапсырма алып, уақытында тапсырманы орындай алмауына байланысты
мазасыздануы. Берілге жеке тҧлға аралық белгілер кешеніне сай келетін агрессивтілік,
бәсекелестік, тынымсыз мінез-қҧлықтар «А типті жеке тҧлға» деген атқа ие болды [2].
Дж. Рейстер зерттей келе мынандай мәліметтер алды, яғни адамның стреске
индивидуалды реакциясы балалық шақтағы әлеуметтенуімен, оның оған маңызды қандай да
болмасын оқиға және оқиғаға жауап беру стереотиптерінің қалыптасу ерекшеліктерімен
байланысты [3].
Кейбір авторлар психикалық стресті тудыратын екі ҥлкен топты бӛлуде. Сол себепті
олар психикалық стресті екі тҥрге бӛлді: ақпараттық және эмоционалды. Ақпараттық стресс
ақпараттық жаңалықтарды аса тым кӛп келуінен, егер де адам келіп жатқан ақпараттарды ӛз
уақытында игеріп жатпаса, қажетті уақытында дҧрыс шешім қабылдамаса туындайды.
Эмоционалды стрестің пайда болуын кӛптеген авторлар қауіп-қатермен, ӛкпе-ренішпен
тҥсіндіреді. Осы тҧрғыдан, эмоционалды стрестің ҥш формасын бӛлуге болады: импульсивті,
тежеуші, генерализацияланған. Эмоционалды стресс кезінде психикалық аймақта, атап ӛтсек,
психикалық процестерде, іс-әрекет қҧрылымының мотивациясында, мінез-қҧлықтың қозғалыс
және сӛйлеуінде ӛзгерістер орын алады [4].
Психикалық стресті ақпараттық және эмоционалды деп бӛлу шартталған. Берілген
классификация стресті тудыратын негізгі факторларға байланысты қалыптасқан. Тәжірибие
жҥзінде ақпараттық және эмоционалды стрессорларды бӛлу және қайсысы жетекші орын
алатынын бӛліп айту қиынға соғады. Кӛбіне ақпараттық және эмоционалды стрессорлар
стрестік жағдай кезінде бӛлінбейді, себебі, сезімдердің қалыптасуы ҥнемі ақпаратты ӛңдеумен
байланысты. Қандай да бір жағдайды дҧрыс бағаламаған уақытта адамда ренжу немесе ашу-ыза
сезімі пайда болады. Ӛз кезегінде ақпараттық стресс әдетте жоғары эмоционалды
қозғыштықпен және нақты сезімдермен ӛтеді. Бірақ, пайда болған сезімдер ақпаратты
ӛңдеумен байланысты емес жағдайларда кездесуі мҥмкін. Кӛптеген жҧмыстарда психикалық
және эмоционады стресс тҥсініктері бірге қолданылады.
Эмоционалды стресс физиологиялық стресс секілді организмде ӛзгерістерді тудырады [4].
Ойлаған әрекеттерін орындауда қиыншылықтар туындайды: Стресс әдетте бақылай
алмау, таңдау шешімінің болмауы секілді кҥйлермен анықталады. Мҧндай жағдайларда
қарапайым істерге шешім қабылдаудың ӛзі ауырлық тҥсіреді, негізгісі – оны орындау тіпті қол
жетпейтіндей кӛрінеді.
Осылайша, стресс адамның физикалық және психикалық денсаулығына әсер ететінін
кӛруге болады [4].
Жоғарыда аталып ӛтілген стрессорлардан басқа барлық студент ӛмірінің негізгі
кезеңдерінде орын алып жататын экзамендік сессия кезіндегі емтихандық стресті атамай кету
мҥмкін емес.
Емтихандық процесс – әрекетті орындау барысында студенттің психиканың ішкі
мобилизациялық белсенділігін қажет ететін, тек интеллектуалды жағынан қамтамассыз
етілмей, сонымен қатар, жеке тҧлғалық-мотивациялық, эмоционалды-еріктік және
индивидуалды-типологиялық деңгейінде қолдауды қажет ететін жағдай. Емтихан кезінде
студентке ҥрей, қорқыныш, эмоционалды мазасыздану, психосоматикалық ӛзгерістер тән [5].
Шынымен де, тӛрт ай барлық студенттер ҥшін ешқандай уайымдаусыз, әурешіліксіз
ӛтеді. Себебі, кҥнделікті алған бағалары қойылғанымен де, олар ҥшін жағдайды дҧрыстау әлі
болады деген ойлармен ӛздерін жҧбатады. Ал, қысқы және жазғы сессия кезі олар ҥшін ең
жауапкершілікті кезең. Сонымен, осы кездегі студент ӛмірі қалай ӛзгереді? Бҧл сҧрақтың бір
ғана жауабы бар. Ол әрине осы кезде барлық студенттер стреске шалдығады деген пікірге
барлығы келіседі.
Ғалымдар стрестің кӛрінуін тӛмендегідей тӛрт топқа бӛлуде:
Физиологиялық симптомдары:
тері бӛртелерінің кӛбеюі
бас аурулары
жҥректің айнуы
диарея
бҧлшықеттердің қысымы
Science
Review
46
7(7), Vol.3,
December 2017 https://ws-conference.com/
терең және тыныс алудың жиілігі
пульстің тез соғуы
артериалды қысымның жоғарылауы
Эмоционалды симптомдары:
ауырлықты сезіну
шашыраңқылығы
дҥрбелең салу
қорқыныш
сенімсіздік
ҥрей
депрессия
кӛңіл-кҥйдің болмауы
қозғыштық
Танымдық (интеллектуалды) симптомдары:
басқалармен ӛзін салыстыру, ӛзін тӛмен бағалау
ӛзінің немесе басқалардың ӛткен сессияда ӛтпей қалған сәттерін еске тҥсіру
экзамендегі жағымсыз мҥмкін болатын салдарларды еске тҥсіру
қорқынышты тҥстер
ойлаудың нашарлауы
зейіннің концентрациялық қабілетінің тӛмеңдеуі
Мінез - құлықтық симптомдары:
тек экзаменге дайындалмас ҥшін, басқа істермен шҧғылдануға ҧмтылу
экзаменді еске салатын нәрселерден қашу
экзамендік кезеңде оқу тиімділігінің тӛмендеуі
алдын-ала болатын экзамен туралы мазасыздандыратын әңгімелерге басқаларды тарту
кофейн және алкоголдік ішімдіктерді қолдану
ҧйқының нашарлауы
тәбеттің нашарлауы [6].
Адамның стресс кҥйін кешіп жатқанын білдіретін психологиялық белгілері:
Эмоционалды белгілері: мазасыздану, кӛңіл-кҥйдің тҥсуі, ҥнемі жылауға дайын болу,
бәріне салғырт қарау, тез шаршау, ӛзін қамқорсыз сезіну.
Депрессия: Әдетте депрессия кезінде адамдар ашушаң, агрессивті, ҧсақ-тҥйек нәрсеге
мазасызданыады. Стрестік жағдай уақытында кейбір ӛмір аспектілерін бақылай алмай жатады.
Организмнің физиологиялық кҥйі және мінез-қҧлықтың ӛзгеруі бірнеше есеге ӛседі.
Тәртіпсіздік: Стресс адам зейінін минимумге дейін апарып, жағдайды бақылай
алмайтын кҥйге апаратыны анық. Нәтижесінде қате шешімдер қабылдау, шашыранқылық
пайда болады.
Қорғаныстық: Осындай сигналдың пайда болуы адамға «кҥшті болу» адекватсыз
талаптарды бейнелендіреді.
Ӛзі шешім қабылдай алмау: Кейбір адамдар стресс кҥйінде ӛздерінің қызметтерін
орындауға кӛп кҥш жҧмсап жатады [6].
Стресс пайдалы және пайдасыз болуы мҥмкін: пайдалы кезінде ол адамға энергия беріп,
біздің жағдайымызда студенттерді оқуға ниеттендіреді немесе пайдасыз жағы бас ауру,
асқазанның қабынуы, ҧйқысыздық т.б, яғни студенттерде мазасыздану сезімін тудырады.
Кез-келген студенттің стрестік кҥйлерге кӛзқарасы кӛптеген факторлар кешенімен
анықталады, солардың ішінде маңыздысы студент тҧлғасының индивидуалды ерекшеліктері
жатады. Жеке тҧлға қасиеттрінің физиологиялық сапасына адамның жоғары жҥйке жҥйесінің
әрекет типінің (темперамент) орны ерекше. А.С.Батуевтің пікірі бойынша, ол жҥйке жҥйенің жалпы
қасиеттер жҥйесінен қҧрылады: 1) экстра, интроверсия, 2) эмоционалды тҧрақтылық, нейротизм,
3) қозғалғыштығы, нервтік процестерінің инерттілігі. Зерттеушілер алғаш стрестің субъективті
факторларын субъекттің индивидуалдық сипаттарынан іздей бастады. Кӛптеп тараған
кӛзқарастардың пайымдауынша, ер адамдар экстремалды стрессорларға кӛбірек әсерленсе, ал әйел
адамдар біртекті стрессорларға әсер етеді деп тҧжырымдайды. Кӛптеген жҧмыстар жҥйке
жҥйесіндегі әлсіздік-кҥштілік, инерттілік-қозғалғыштық сияқты ерекшеліктерді талдауға арналды.
Осы мәселені анықтаудағы зерттеулер стреске тҧрақтылықты қалыптастыру ҥшін біріншіден
байсалды кҥш пен жҥйке жҥйесінің инерттілігі маңызды деп кӛрсетті. Соңғы кезде стреске жеке
Science
Review
https://ws-conference.com/ 7(7), Vol.3,
December 2017
47
тҧлға типі мен вегетативтік реакция арасында байланыс бар деген фактілер жинақталуда. Осыған
сәйкес, белгілі болжамдар бойынша, адамның стреске тҧрақтылығын анықтайтын екі тип бар «А»
және «Б». Кейінірек стресті зерттеушілердің зейіні индивидтік сипаттаулардан адамның
индивидуалды-психологиялық ерекшеліктеріне ауыса тҥсті. Бҧл жеке тҧлға ерекшеліктерінің
стрессорларды бағалауы және қабылдауына, сонымен қатар адамдардың экстремалдық әсерлерге
реакциясының тууына себепті болуымен байланысты. Стреске тҧрақтылыққа әсер ететін
индивидуалдық ерекшеліктердің ішінен эмоционалдық сфераға байланысты бірнеше сапаларды
бӛліп кӛрсетеді, соның ішінен ерекше кӛңілді ашуланшақтық және ҥрейлену сияқты қасиеттерге
бӛледі. Бҧл екеуі де тӛмен стреске тҧрақтылықты анықтайды. Мҧндағы жеке тҧлғалық
ҥрейленушілік стрестік жағдайларды жоғары деңгейлі адекватсыз бағалаумен ҧштасса
(экстремалды, қауіпті болуы), ал жеке тҧлғалық ашуланшақтық – қолайсыз қҧлықтық реакциялар
және стратегиялық қҧралдармен байланысты.
Стреске тҧрақтылыққа когнитивті сипаттағы индивидуалдық ерекшеліктен біріншіден
интеллект деңгейі және танымдық стильдер, сонымен қатар кәсіби тәжірибесі әсер етеді. Олар
стрессорды когнитивті бағалаумен және стрестік жағдайға бейімделу тәсілін таңдаумен
байланысты [3,7].
Стреске бейімделуге бақылау локусы мен ӛзіндік бағалаудың да әсері маңызды. Ішкі
бақылау локусына және жоғары ӛзіндік бағаға ие қызметкерлер ӛздерінің жағымсыз
жағдайларға бейімделу мҥмкіндіктерін тиімді бағалайды. Студенттердің стрестік жағдайға
бейімделу қабілетінің маңыздылығын ескере отырып, зерттеушілер жеке тҧлғаның ерекше
интегративті сипаттамасы – стреске тҧрақтылық қабілетін кӛрсетті. Стреске тҧрақтылық бҧл –
стресс-факторлардың әсеріне ағза мен психика функциясының тҧрақтылығы, олардың
экстремалдық әсерлерге резистенттілігі (қарсы тҧра білушілік) және толеранттығы (тӛзімділігі),
адамның нақты экстремалдық жағдайдағы ӛмір және еңбекке функционалдық бейімделуі,
стрессорлардың әсер етуімен болған шамадан тыс функционалдық бҧзылыстардың орнын баса
білу қабілеттілігі.
Стреске тҧрақтылық - ӛзіне және қоршаған ортасына жағымсыз әсер етпей, кәсіби
әрекет ерекшеліктерімен шартталған маңызды интеллектуалды, ерік-жігерлі, эмоционалды
қиыншылықтарды жеңуге мҥмкіндік беретін жеке тҧлға саларының жиынтығы.
Стреске тҧрақтылық – адамның тҧрақты сапасы емес, оны арнайы жаттығулар арқылы
дамытуға болады.
Стреске тҧрақтылық қысымды, стрессогенді әрекет кезінде қалыптасады және кӛрінеді.
Стреске тҧрақтылыққа эмоционалдық тҧрақтылықты, функционалдық жағдайды реттеу
қабілеттілігін, стрессогендік жағдайға бейімделу стратегиясының тиімділігін, т.б. қасиеттерді
жатқызуға болады.
Тҥрлі формалы стрестік реакцияға пайда болатын адамның тҧрақтылығы ең алдымен
оның индивудуалды – психологиялық ерекшеліктерімен және жеке тҧлғаның мотивациялық
бағдарына тәуелді. Эктремалды әсерлер орындалып жатқан әрекеттің тиімділігіне ҥнемі
жағымсыз әсер етеді деп ойлауға болмайды. Қарама-қарсы жағдайда кҥрделенген сәттерде
қиыншылықтарды сәтті тҥрде жеңу мҥмкін емес еді. Бірақ, стрестік кҥйіндегі жҧмыс барысы
ішкі қорлардың қосымша мобилизациялануына әкеледі, ал оның кейде жағымсыз кейінге
қалдырылған салдары болуы ықтимал. «Стрестік этиология» - жҥрек, қан-тамырлар
патологиясы, асқазанның шаншуы, психисоматикалық аурулар, невроздар, депрессиялық
кҥйлер – қазіргі таңдағы барлық іс-әрекет тҥрлеріне тән. Осы таңда патологиялық кҥйлердің
дамуының нәтижесі ретінде қарастырылатын, адамның стреске индивидуалды тҧрақтылығын
зерттейтін қолданбалы зерттеулер маңызды.
М. Фридман және Р. Ройзенманның зерттеулерінде басқару әрекетінде және ақыл-ой
әрекетін қажетсінетін адамдардың мінез-қҧлықтарына, тәртіптеріне кең кӛлемді талдаулар
жасалды.Олар екі негізгі типті кӛрсетті: А – стреске кӛп шалдығады, В – стреске тҧрақты
адамдар. А типтегі адамдарға олардың ӛмірлік стилдерін анықтайтын тым эмоционалды
қылықтық синдромдар тән. Оларда кӛбіне бәсекелестікке қҧмарлық, мақсатқа жетуге ҧмтылу,
агрессивтілік, шыдамсыздық, қобалжу, гиперделсенділік, ҥнемі уақыттың жетіспеушілігін
сезіну қасиеттері басым. Осы қасиеттердің әсерінен жастық шағынан бастап адамдар ӛздерінің
денсаулықтарын қҧрбан етуде.
Студенттердің стрестік жағдайға бейімделу қабілетінің маңыздылығын ескере отырып,
зерттеушілер жеке тҧлғаның ерекше интегративті сипаттамасы – стреске тҧрақтылық қабілетін
кӛрсетті. Стреске тҧрақтылық бҧл – стресс-факторлардың әсеріне ағза мен психика
функциясының тҧрақтылығы, олардың экстремалдық әсерлерге резистенттілігі (қарсы тҧра
Science
Review
48
7(7), Vol.3,
December 2017 https://ws-conference.com/
білушілік) және толеранттылығы (тӛзімділігі), адамның нақты экстремалдық жағдайдағы ӛмір
және еңбекке функционалдық бейімделуі, стрессорлардың әсер етуімен болған шамадан тыс
функционалдық бҧзылыстардың орнын баса білу қабілеттілігі. Стреске тҧрақтылық – адамның
тҧрақты сапасы емес, оны арнайы жаттығулар арқылы дамытуға болады.
Жҧмыстың тәжірибелік бӛлімі Ақтӛбе қаласының Қ.Жҧбанов атындағы Ақтӛбе ӛңірлік
мемлекеттік университетінде 2016-2017 ж.ж. аралығында ӛткізілді. Зерттеуге психология және
педагогика кафедрасының 5В050300-Психология (эксперименталды топ) және 5В010300-
Педагогика және психология (бақылау тобы) мамандығының студенттері қатысты.
Жҥргізілген тәжірибелік зерттеулердің мақсаты студенттердің стреске тҧрақтылық
қасиеттерін анықтау болып табылады.
Осы зерттеу нысандарын жҥзеге асыру ҥшін «Стреске тҧрақтылық типін бағалау»
әдістемесі қолданылды.
Ӛткізілген әдістеменің нәтижесін тӛмендегі кестеден кӛруге болады:
Кесте 1. Студенттердің стреске тҧрақтылық қабілеттерінің кӛрсеткіштері
Топтар
Студенттердің типтері
А типті студент Б типті студент АБ типтегі студент Студенттердің саны
Эксперименталды топ
7
1
17
25
Бақылаушы топ
5
2
16
23
Барлығы
12
3
33
48
Кесте 2. Студенттердің стреске тҧрақтылық қабілеттерінің пайыздық кӛрсеткіштері
Топтар
Студенттердің типтері
А типті студент Б типті студент АБ типтегі студент
Студенттердің пайызы
Эксперименталды топ
28 %
4 %
68 %
100 %
Бақылаушы топ
22 %
9 %
69 %
100 %
Кестеден кӛріп тҧрғанымыздай, эксперименталды және бақылаушы топтың
студенттерінде стреске тҧрақтылық деңгейлері шамамен бірдей, яғни екі топта да АБ типті
студенттер (68 %, 69 %) кӛп, Б типті студенттер (4 %, 9 %) аз.
Стреске тҧрақтылық – адамның тҧрақты сапасы емес, оны арнайы әдістер, шаралар
арқылы ӛзгертуге болады. Осы жағдайды ескере отырып, біз алдағы стрестік кҥйлерді
тӛмендететін жаттығулар мен бейімделу тренингтердің нәтижесінде шаралардың тиімділігін
анықтау ҥшін студенттерге екінші рет «Студенттердің стреске тҧрақтылық типін бағалау» атты
әдістемені ӛткіздік.
Ӛткізілген әдістеменің нәтижесін тӛмендегі 3-ші кестеден кӛруге болады:
Кесте 3.
Студенттердің типтері
Экспериментке дейін Эксперименттен кейін
Эксперименталды топ
А тип
7
1
Б тип
1
13
АБ тип
17
11
Бақылаушы топ
А тип
5
4
Б тип
2
3
АБ тип
16
13
Егер, тәжірибиелік топта экспериментке дейін А тип (7), Б тип (1), АБ тип (17) болса,
эксперименттен кейін А тип (1), Б тип (13), АБ тип (11) студентті қҧраған. Яғни, тәжірибиелік
топта студеттердің стреске тҧрақтылық қабілеттерінің ӛзгергенін t-Стьюдент критериясы
(р>0,05) арқылы дәлелденді.
Жоғарыда аталғандай, неғҧрлым стреске тҧрақтылық қабілет жоғары болған сайын,
студенттердің де стреске ҧшырау қабілеті тӛмен болады. Осыған сәйкес, 2-ші кезеңнен кейін
ӛткізілген «Студенттердің стреске тҧрақтылық типін бағалау» әдістемесінің нәтижелерінен
кӛріп тҧрғанымыздай, яғни, эксперименталды топта А типті (28 % 25 %-ға), Б типті (25 %
Science
Review
https://ws-conference.com/ 7(7), Vol.3,
December 2017
49
52 %-ға), АБ типті (68 %
44 %-ға) студенттердің жоғарыдай кӛрсеткіштерге қол
жеткізгендерін кӛруге болады.
Сурет 1. Студенттердің стреске тұрақтылық қабілеттерінің динамикалық көрсеткіші
Жоғарыда аталған анықтамаларды, тҥсініктерді ескере отырып, келесідей қорытынды
шығаруға болады. Сонымен, ҥздіксіз стресс – студент ӛмірінің серігі деген қағиданы растайтын
кӛптеген зерттеулер бар. Таубэс және Коэн студенттерді зерттей келе, олардың келесідей
жағдайларға байланысты стреске ҧшырайтындарын анықтағын: ӛмір ағымының ӛзгеруі,
бағалау жҥйесі, академиялық ауыртпаушылық, достық қарым-қатынас, махаббат, жыныстық
қарым-қатынас, ҧялшақтық, қызғаншақтық, қарым-қатынастың ҥзілуі, жҧмыс пен оқу, жанҧя
және оқу, тіл мәселесі, сабақ ӛткізу формасы.
Ғалымдар стрестің кӛрінуін тӛмендегідей тӛрт топқа бӛлуде: физиологиялық
симптомдары, эмоционалды симптомдары, танымдық (интеллектуалды) симптомдары, және
мінез - қҧлықтық симптомдары. Стреске тҧрақтылық – адамның тҧрақты сапасы емес, оны
арнайы әдістер, шаралар арқылы ӛзгертуге болатыны дәлелденді. Осы жағдайды ескере
отырып, біз стрестік кҥйлерді тӛмендететін жаттығулар мен бейімделу тренингтері мақсатты
тҥрде 1-ші курс студенттеріне жҥргізілуі керек деген шешімге келдік.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Майерс Д / Психология.пер.с англ. И. А. Карпиков, В. А.Старовойтова Минск 2001-848б
2.
Изотова Е. М., Никифорова Е. В. Эмоциональная сфера ребенка: теория и практика:
Учеб. Пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М, 2004
3.
Калинин Е. А. Влияние личностных факторов на особенности стрессовых состояний
студентов в ситуации экзамена // Психоневропагия, психотерапия, психология. Алма-Ата. -
1972. - С. 247-250.
4.
Бодров В. А. Психологический стресс: развитие и преодоление. - М.: ПЕР СЭ. - 2006. - б.528
5.
Агаджанян H. A., Пономарева В. В., Ермакова Н. В. Проблема здоровья студентов и
перспективы развития // Образ жизни и здоровье студентов: Материалы 1 всероссийской
научной конференции. М.: Изд-во РУДН, 1995. -С. 5-9.
6.
Холмогорова А. В., Гаранян Н. Г., Евдокимова Я. Г., Москова М. В. Психологические
факторы эмоциональной дезадаптации у студентов //Вопросы психологии №3., 2003
7.
Ханбабян М.
В., Чтян Г. Г. О необходимости антистрессорного обучения для
сохранения здоровья студентов // Здоровье студентов: Сборник тезисов международной
Достарыңызбен бөлісу: |