Психолог- ұжымның ұйытқысы



Дата30.12.2016
өлшемі34.69 Kb.
Психолог- ұжымның ұйытқысы
Қай ұжымда болсың, психолог-мамаңға жүктелер міндет жауапкершілігімен маңызды. Ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасы мен ерекшілігіне, құқығына, абыройы мен намысына нұқсан келтірместен, көздеген мақсатқа бағыттай білу шеберлікті қажет етеді. Ал, шеберлік тәжірибелер арқылы қалыптасады.

Психолог-маман сыныптағы оқушылармен ғана емес, ересектермен немесе педагогикалық ұжым әр мүшесімен мәдени қарым-қатынаста болып, олардың пікірін бағалауға, іс-әрекеттерге қатыстыруға, сенімін нығайтуға, талдап-талқылауға, саралауға тікелей ұйытқы болып, тұлғалық мүмкіндіктерін ашады.

Топпен жұмыс жүргізгенде көбінесе орындауға жеңіл, ерекіндікті талап ететін ойындар, жаттығулар қарастырылады. Әрине, топпен тест, сауалнама жүргізу, суреттер салғызуға да болады. Мен мейлінше, көп уақыт алмайды, жеңіл жаттығу-ойындарды, күрделі ойды қажет етпейтін тапсырмаларды қарастырмақпын. Мұны психолог емес, әр мұғалім де өз сабағында мақсатына орай пайдалана алады.

Жаттығулар


Төмендегі жаттығулар адамның ішкі дүниесінің «Менін» сезінуге, өз бейнесін сомдауға бағыттайды. Өз «Мені» арқылы өзін қалыптастыруға, өзіндік ерекшелікке, өзін-өзі тәрбиелеуге қол жеткізе алады.

«МЕН» жаттығуы: Ұжым мүшелері тақтада берілген үлгі бойынша өзі туралы өз ойын жазады және оны топ алдына дауыстап айтады. Бұл көбінесе, жаңа қалыптасқан ұжым үшін жақсы жаттығу болмақ.

Менің атым ---------------------------.

Мен ------------------(оқушыммын) ---------------------.

Менің жасым -----------------------------------------------.

Менің әкем--------------------------------------------------.

Менің шешем ----------------------------------------------.

Менің ұлтым ----------------------------------------------.

Менің түрім -------------------------------------------------.

Менің бойым -----------------------------------------------.

Менің көзім -------------------------------------------------.

Менің досым -----------------------------------------------.

Менің мекен-жайым -------------------------------------.

Жаттығулар: «Менің басқа есімім?» немесе «Маған аяулы есімдер».

Өзіне-өзі талдау. «Мен кіммен?». Параққа немесе қойын кітапшаларыңа осы сұраққа жауап жазыңдар. Өздеріңе жақын, туыс адамдарың сендерді атайтын аяулы аттарды жазып, өз суреттеріңді салуға болады.

Өздеріңді отбасында және достарыңның арасында қалай еркелетіп қасқартып айтатындарын жазыңдар.

Талдауға арналған сұрақтар:


  1. Ата-анаңның сенің есіміңді қалай таңдағанын білесің бе?.

  2. Сенің атың нені білдіреді?

  3. Сенің фамилияңның тарихы бар ма?.

Жаттығу «Менің өз таңбам немесе төл белгім».

Мұғалім сөзі: Ертеректе қамалдың қақпаларына әулеттің таңбасы мен ұранын, қысқаша нақыл сөзін, билеушінің басшылық мақсаты мен іскерлігін көрсететін әдет-ғұрып болған екен. Алдарыңдағы параққа өз таңбаларыңның сүретін салып және оған өмірлік ұстанымыңды бейнелейтін ұран тауып, өзіңе және бүкіл әлемге тұтастай қатынасыңды суретте. Өз төл белгіңді немесе таңбаңның суретін салуға және ұраныңды жазуға 5 минут беріледі.Егерде сен сурет сала білмесең қысылма, сурет салуды баста, сенің қолыңнан келеді.

Суреттерден көрме жасалады. Суреттерде реттік нөмірлер беріледі, суретшілердің аты-жөндері жазылмайды.

Жаттығу: Психологиялық дайындық.

Көзінді жұмып, деңелеріңді бос ұстап былай деп іштеріңнен қайталаңдар: «Мен өзіне сенімді, ақылды, батыл адаммы. Менің қолымнан бәрі келеді және еш нәрседен қорықпаймын. Менің денсаулығым мықты және күштімін».



Талдауға арналған сұрақтар.

  • Сен өзің жайлы не айта аласың?

  • Сен өзіңінің жан-дүниең туралы не айта аласың?

  • Өз жан-дүниең болашақта саған қалай қызмет етеді деп ойлайсың?

  • Өз-өзіңмен келісімге келе алдың ба?

Жаттығу-ойын: «Ол қандай?».

Ойынға қатысушылардың біреуі бір неше секунқа есіктіің сыртына шыға тұрады. Бұл уақытта қалғандары өз араларынан біреуінің есімін жасырады. Есіктің сыртындағы ойынға қатысушы сыныпқа кіріп, «ол қандай?» деген сұрақ қояды. Оқушылар оның қандай екндігін бір сипатымен білдіріп отырады. Кім туралы айтылып жатқынын осы сипаттарға қарап табуға болады.


Жаттығу: «Сиқырлы таяқша»


Елестетіп көріңдерші, сендердің әр қайсыңның қолдарыңда ғажайып туғызатын сиқырлы таяқша бар. Сендер онымен өз үйлеріндегі заттарға, адамдарға тигізіп және жатырсыңдар, егер де ештеңе өзгерткілерің келмесе, мүмкін бір нәрсені әсемдегілерің келетін шығар. Өзгертулеріңді дәптерлеріне жазып немесе суретін салып отырыңдар. Осылайша, әрқайсысы өз үйлеріне кіреді.

Талдауға арналған сұрақтар:

Біздің ойлы сиқырымыз аяқталды. Сендердің кейбіреулерің, өз үйлерінде сиқырлы таяқша көмегімен нені өзгеріп немесе әсемдеу үшін пайдаланғандарың туралы айтып берілерің келе ме?



Балалар өздерінің жазғандарын оқиды немесе салған суреттеріне түсінік береді.

Жаттығу: «Шырақ»


Сендер өз үйлеріңде болғанда-өз бойларыңдағы бір нәрсені өзгерткілерің келе ме? Әдемі үйде дұрыс мәдениетті және таза жанды әдемі адамдар өмір сүруі керек. Отбасындағылардың біреуі бұл түралы айтқан болар? Егер сендер сиқыршы болсаңдар, бұл мүмкіндіктеріңді пайдалана отырып, өздеріңнің бойындағы әдепсіз, зиян әдеттерден арылыңдар. Оларды бір параққа жазыңдар, бұдан былай сендердің бойларыңда жаманәдеттер қалмау үшін, біз оларды қазір өртеп жібереміз.

Балалар қағазға өздерінің жаман, зиянды әдеттерін жазып, дауыстап оқып, шырақтың жалынына өртеп жібереді.

Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет