Программасы аясында «Ұйғыр аудандық ауылшаруашылығы бөлімі»



Дата23.01.2018
өлшемі48.21 Kb.
#55221
түріПрограмма
Ауданда агроөнеркәсіп кешенін орнықты дамыту жөніндегі ауылшаруашылығы саласында 2016 жылы атқарылған

жұмыстары туралы А Н Ы Қ Т А М А

Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу туралы» заңы және «Агробизнес 2020» программасы аясында «Ұйғыр аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауылдық аумақтарды дамытудың аудандық кешенді жоспарын бағытқа ұстай отырып, оның ішінде ауылшаруашылығы өнімдерін арттырудың жолдарын жан-жақты талқылау негізінде 2020 жылға дейінгі кешенді болжам жоспарын қабылдады. Ол бағдарламада өсімдік шаруашылығының барлық дақылдарын себу және одан алынатын өнімнің көлемін көбейту көзделген.


Өсімдік шаруашылығы бойынша
Аудан көлемінде 2016 жылы 13140 га дәнді дақылдардан 74914 тн өнім алынды о.і 490 га күздік бидайдан 1022 тн, 1730 га арпадан 3353 тонна, 10900 га жүгеріден 70545 тн.1522 га жерге көкөніс, бақша картоп егіліп 35432 тн өнім жиналды,

Малды қыстан аман алып шығу мақсатында 112000 тонна шөп, 2500 тн сабан, 150 тн сүрлем, 69800 тн жемдік азық, 2500 тн пшендеме дайындалды.

2016 жылы аудан бойынша 318,5 га жерге бақ отырғызылды о.і Шарын а\о 2 шаруашылық 3 га абрикос, Тасқарасу а\о 2 шаруашылық 6,5 абрикос 0,5 шабдалы, Бахар а\о 16 шаруашылық 66,5га абрикос, 6 га алма, 0,5 га шабдалы, Шонжы а\о 6 шаруашылық 55,1га абрикос, 3 га алма, 5,4 га шабдалы, 2 га қара өрік, Сумбе а\о 1 шаруашылық 5 га абрикос, Үлкен Ақсу а\о 2 шаруашылық 9,5 га абрикос, 0,5 га алма, 0,5 га шабдалы, 0,5 га қара өрік, Ават а\о 8 шаруашылық 135 га абрикос, Тиірмен а\о 2 шаруашылық 7 га абрикос, Ақтам а\о 1 шаруашылық 3 га абрикос, Дардамты а\о 2 шаруашылық 3 га абрикос, Кетпен а\о 1 шаруашылық 2 га алма, Кіші Диқан а\о 1 шаруашылық 2 га абрикос.

Аудан бойынша 2017 жылдың өніміне себілетін ауылшаруашылық дақылдарына болжамдық егістік көлемі жасалынып барлық егіс көлемі 23450 га құрады, атап айтқанда дәнді дақылдар барлығы 13670 га, оның ішінде жүгері 11420 га, күздік бидай 490 га, жаздық арпа 1760 га, майлы дақылдар 500 га, картоп 338 га, көкөніс 1090 га, бақша 150 га, азықтық дақылдар барлығы 7703 га оның ішінде көп жылдық шөп 7152 га, таза себіндік 500 га, сүрлем 50 га болып себілуге жоспарлануда.

2016 жылы 7 шаруашылық 61,0 га абрикосты тамшылатып суғару әдісін қолданып отырғызғаны үшін 34 604 957тенге, ауылшаруашылығы дақылдарына сепкен 588 шаруа құрлымдар 175 128 285 тенге субсидия алды.
Тұқым шаруашылығы.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы дақылдарының элита тұқымын шығару жұмысымен «Тасқарасу» ӨК жұмыс істейді. Биылғы жылы «Тасқарасу» тұқым шаруашылығы 50 тонна бидай, 100 тонна жүгері 3 тонна жоңышқа тұқымын өндірді.

Тыңайтқыш.
Егістік шаруашылығынан мол өнім алудың басты себептерінің бірі тыңайтқыш және гербицидтерді қолдану, 2016 жылы арзандатылған минеральды тыңайтқыштан 1500 тонна, 1200 литр гербицид, 45000 тонна органикалық тыңайтқыш пайдаланылды.
Су шаруашылығы
2016 жылы аудан көлемінде барлық иесіз суғару каналдарына 538,6 км, 4 су қоймаларына мемлекеттік акт және төл құжаттар жасалынып, «Казводхоз» су мекемесіне өткізіліп берілді. 2016 жылы осы каналдарды ағымдағы жөндеу жұмыстарына 88,2 млн тенге қаржы бөлініп Сумбе ауылдық округінен 4,85 км, Тиірмен ауылдық округінен 4,28 км, Ават ауылдық округінен 1,314 км, Бахар ауылдық округінен 1,6 км суғару каналрын тазалау жұмыстары жүргізілді.

«Казводхоз» мекемесі арқылы Шарын ауылдық округіндегі 6,3 км, Төменгі Шонжы каналын 9,0 км суғару каналдарына тазалау жұмыстары жүргізілді.

Бұдан басқа Кіші Дихан ауылдық округінде 47,7 млн тенге қаржы бөлініп су қоймасына техникалық экономикалық негіздеме жасалынып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

2017 жылда Сүмбе ауылынан 3,0 км, Шошонай ауылынан 4,0 км, Ақтам ауылынан 8,1 км, Ардолайты ауылынан 2,6 км, Дартамты ауылынан 1,9 км жалпы 19,6 км суғару каналдарын жөндеу жұмыстарына 91,9 млн тг қаржы бөлінді.




Техника.
Ауылшаруашылығы өнімдерін себу, күтіп баптау, оларды дайындау, ұқсату, сату жолында ауданда бүгінгі күнде 502 трактор, 398 жүк автомашинасы, 34 астық комбайны, 39 туқым себетін техникалар, 219 тіркемелер, 160 басқада ірілі-ұсақты топырақ өндеу техникалары бар. Аудан көлемінде ауылшаруашылық техникаларын қосалқы бөлшектермен Үлкен Ақсу селосында бір дүкен, Шарын селосында «С.Абылай» ШҚ, Шонжы селосында 1 жеке кәсіпкер қамтамасыз етіп келеді. Кетпен ауылдық округінде «Юлтуз», Үлкен Ақсу селолық округінде «Ялқунжан», Тасқарасу селолық округінде «Ташқарасу» шаруа қожалығы, Шарын ауылдық округінде «Тұлпар» барлығы 4 МТС қызмет жасауда. Бұдан сырт «Бірлік», «Ташқарасу» өндірістік кооперативтерінде МТМ-дар жұмыс істейді.

Ауылшаруашылығы техникалары бойынша 2016 жылдың 12 айында 60 ауыл шаруашылығы техникалары тіркеліп және қайта тіркеліп 61-дана техпаспорт,60-дана мемелекеттік номер берілді.Оның ішінде 7-дана Беларусь тракторы,1-дана тұқым сеялкасы,4-дана басқалай ауылшаруашылығы техникалары жалпы құны 41млн 945 мың теңгеге жаңадан сатып алынды. 414-техника техникалық байқауға қамтылып,122-сі техникалық байқаудан өтті.66-дана тракторист-машинист куәлігі берілді.


Мал шаруашылығы.
Ауылшаруашылығындағы жүргізілген реформаға байланысты аудандағы барлық малдар түрлері жекеменшікке өтіп, мал саны 2020 жылға дейін жасалған бағдарламаға сәйкес көбеюде. 1- қаңтар 2017 жылға ірі-қара -63 543 бас, қой-ешкі – 206 211 бас, жылқы – 14 015 бас, түйе – 6 бас, құстар- 21 662 бас нақты қалды.Сол сияқты мал өнімдері- 14 735 тонна ет,21 721 тонна сүт, 563 тонна жүн, 9 млн 795 мың дана жұмыртқа өндірілді. Ағымдағы жылда-35 787 бас бұзау,116 446 бас қозы- лақ, 5 116 бас құлын алынып, әр жүз ана басқа шаққанда бұзау-85 - тен, құлын- 90- нан, қозы-лақ- 102-ден кіріс етілді.

«Сыбаға»бағдарламасы негізінде 566 бас сиыр,33 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды. «Алтын асық» бағдарламасы негізінде 911 бас қой, 96 бас асыл тұқымды қошқар сатып алынды. «Құлан»бағдарламасы бойынша 116 бас бие,7 бас асыл тұқымды айғыр сатып алынды.Ал нақты қаражатқа аудан бойынша 148 бас асыл тұқымды бұқа,453 бас асыл тұқымды құнажын,52 бас асыл тұқымды қашар барлығы 653 асыл тұқымды ірі қара малы сатып алынды. Бұлар негізінен Шонжы ауылдық округінен «Фарм Агро» ЖШС-гі 25 бас асыл тұқымды бұқа,373 бас асыл тұқымды құнажын,52 бас асыл тұқымды қашар сатып алса,Дардамты ауылдық округінен «ҚазМалы»ЖШС-гі 12 бас асыл тұқымды бұқа,80 бас асыл тұқымды құнажын сатып алды.Ал қалған 111 бас асыл тұқымды бұқаларды шаруа қожалықтар сатып алған.

«Ырыс» бағдарламасы бойынша бүгінгі күнге Шарын ауылдық округіне қарасты «С.Абылай» шаруа қожалығы 50 ана бас сиырға ұйымдастырып жоспарға сай жұмыстар жалғасуда, Тасқарасу ауылдық округі бойынша «Тасқарасу» ӨК-нің негізінде 30 ана бас сиырға ұйымдастырылып, қалған сиырларға сұрыптау жұмыстары жүргізілуде.

Мал ұрықтандыру жұмыстары көптеген қиыншылықтарға қарамастан 5998 ана бас сиыр қолдан ұрықтандырылды, яғни бұл сүтті бағыттағы сиырдың 52,3 %-ын құрап отыр.Бүгінгі күнге төрт-түлік малдың барлығы өздерінің қыстау қора-жайларына орналасқан,мал қоңды. 2016-2017 жылдары мал қыстату науқанына шөп-112000 тонна,пішендеме-2500 тонна,сабан-2500тонна,сүрлем-150 тонна,жем-69800 тонна дайындалған. Мал азығының қоры жетеді.



Ауылшаруашылығы_кооперациясын_құру.'>Ауылшаруашылығы кооперациясын құру.
Ауылшаруашылығы кооперациясын құру туралы Шарын ауылдық округіне қарасты 12 шаруа қожалығы бірігіп «Албекова», ал 9 шаруа қожалығы бірігіп «Чарын» ауылшаруашылығы кооперативтері құрылды.

Ауылшаруашылығы

бөлімінің басшысы Л.Хавайдуллаев

Орын:Р. Амаров



Тел: 2-28-23
Каталог: uploads -> files
files -> Реферат на тему: Околоушная железа: повреждения, слюнные свищи, актиномикоз, туберкулез, сифилис и кисты
files -> Методические рекомендации для студентов III курса стоматологического факультета к практическим занятиям по патологической анатомии головы и шеи
files -> Методические рекомендации практических занятий для студентов стоматологического факультета
files -> Методические рекомендации для студентов к практическим занятиям по патологической анатомии головы и шеи
files -> Методические рекомендации практических занятий для студентов лечебного факультета 4 курса 8 семестр
files -> Законом от 12. 04. 2010 №61-фз «Об обращении лекарственных средств»
files -> Лекарства для жизни
files -> Инструкция по охране труда
files -> Собрать общие сведения о лекарственных препаратах
files -> Методическая разработка самостоятельной работы студентов по дисциплине «стоматология» раздел «геронтостоматология и заболевания сопр»


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет