Презентация Тақырыбы: Жүннің стандарты. Жүннің классификациясы. Жүн талшықтары, түрлеріне мінездемелер. Қойдың, ешкі



Pdf көрінісі
Дата16.07.2018
өлшемі79.48 Kb.
#79279
түріПрезентация

Презентация

Тақырыбы: 

«Жүннің 

стандарты. Жүннің 

классификациясы. Жүн 

талшықтары, түрлеріне 

мінездемелер. Қойдың, ешкі 

жүндерінің түрлері»

Орындаған: Басымбекова Т. Әзтаева А. 

Жабашхан Г.

Тобы: АП-12-7к2

Қабылдаған: Джамалова З.И.

Жоспар

• 1. Кіріспе

• 2. Жалпы талаптары

• 3. Жүннің құрылымы 

• 4. Жүн талшығының қайызғақты қабатының түрлері

• 5. Жүн түгінің өзгермелілігі

• 6. Нарыққа орналастыру және оның айналымы кезінде өнім қауіпсіздігіне қойылатын 

талаптар


• 7. Өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар

• 8. Мех және тон өндірісінің қалдықтарын пайдалану 

• 9. Қорытынды

• Қолданылған әдебиеттер тізімі



Кіріспе

• Жануарлардың  жүн  түгі  сыртқы  көрініс  және  құрылымы  бойынша  әркелкі.  Бір 

терінің  өзінде  жүннің  әртүрлі  ұзындығын,  жуандығын,  реңін,  иректігін  кездестіруге 

болады. Негізінен екі түрге бөледі, ірі, ұзын қылтықты және қысқа, жұмсақ, биязы – 

түбіті.

• Қылшықты  жүн  талшықтарының  ірілері  бағытаушы  қызмет  етеді.  Серпімді  жүн 



бағытаушы  жүн  талшықтары  жүн  тобының  негізгі  бағытын  анықтайды,  түбітті  жүн 

талшықтары да сол бағытта орналасады. Түбітті жүн талшықтары топтардан тұрады, 

кей  жағдайларда  ұылшыұты  бағытаушы  талшықты  негізі  де  болады.  Топтардағы 

талшықтар саны жыл мезгілдеріне байланысты. Ақ тиында қыс айларында 12 болса, 

жаз айларында 4 – 9. Сол сияқты әртүрлі аңдардың өзгешеліктері бар.

• Қылшықты  жүн  талшығының  түрлері  келтірілген.  Қылшықты  талшық  әдетте  тік 

конус  бір  немесе  цилиндр  екі  түрінде,  кейде  жоғарғы  бөлігі  жуандай  үш  немесе 

қалақша  төрт  бұралып  немесе  бүгіліп  кездеседі.  Түбітті  жүн  талшықтары  реңінен 

біркелкі  болатын  болса,  қылшықты  талшықтар  керісінше  боялған  мен  боялмаған 

бөліктермен сипатталады. Қылшықты талшық көлденең қимасында дөңгелек эллипс 

немесе ноқат секілді. Түбітті талшықтар цилиндр формамен әдетте иректелген. 


Жалпы талаптары

                Аң  терілері  мен  мехтың  шикізат  жұмсақ  алтын  деп  бекер  айтылмайды.Осы  аттың  өзі-ақ  көптеген  міндетті 

жүктейді.Терілерді өңдеу барысында шикізатты және қажетті материалдарды өте ұқвыпты жұмсап,технологиялық процесстерді 

мұқият жүргізіп,еңбек тәртібі мен техника қауіпсіздігін  бұлжытпай орындауы талап етеді.

         Мех өнеркәсібінде өңделетін шикізаттарды негізінен мына топтарға бөлуге болады:мехтық шикізат( мехтық және тондық 

қой  терілер,қаракөл  елтірілілері,қозы  ,лақтар  ,қоян,мысық,ит,құлын  және  т.б  );бағалы  аң  терілері  (қара  күзен 

,тиін,сусар,түлкі,саз құндызы,қама,оңдатра және т.б )теңіз жануарлары терілері (теңіз мысығы,тюлень,ит балық ).

        Мех шикізатының ішінде ең көп өңделіп өндірілген мехтық және тондық қой терілері.Бұл шикізаттардан,адам игілігіне 

жарайтын  көптеген  өнімдер  (бас  киім,сыртқы  киім,жағалар,балалар  және  әйелдер  пальтосы,ерлердің  күртелері,аяқ 

киімдер,спорттық бұйымдар және т.б) өндіріледі.

                Осыған  байланысты  мех  өнеркәсібін  илеу-бояу  және  пішу-тігу  өндірістерінде  бөледі.Мех  фабрикаларында  шикізат 

заттардың,көптеген  түрлерін  ауданына  ,қалыңдығына  ,жүнінің  ұзындығына,реңіне,жұмсақтығына,бұйрасына  қарап 

өңдейді.Жануардың  бір түрінің өзінде өскен  өлкесіне,жасына,жынысына,сою мезгіліне,ақауларына,алғашқы  өңдеу  тәсілдеріне 

байланысты ерекшеліктері болады.

 Мехөндірісінің технологиясы,дайындық,илеу және әрлеу процесстеріне бөлінеді.Табиғи реңі жақсы терілерді боямастан өңдеп 

кептіріп,әрлеу  операцияларына  жібереді.Боялатын  шикізат  кептіріліп,әрлеу  операцияларынан  кейін  бояуға  жіберіледі.Боялған 

жартылай фабрикат жартылай кептіріліп,әрлеу операцияларынан өтеді.Бұл тәсіл үзілісті деп аталады.

        Кейбір жағдайларда мехтік жартылай фабрикаттан өңдеуден /илеуден/ соң кептірмей бояйды. Боялған соң кептіріліп әрлеу 

операцияларынан өтеді.Бұл тәсіл үздіксіз деп аталады.Үзілісті және үздіксіз тәсілдердің процесстерінің орындалу реті мынадай.

              Үзілісті  тәсіл-жібіту,шелдеу,пикелдеу,илеу,майлау,кептіру,әрлеу  операциялары,бояуға  дайындау,бояу,шаю,кептіру,әрлеу 

операциялары.

        Үздіксіз тәсіл-жібіту,шелдеу,пикелдеу,илеу,бояуға дайындау,бояу,майлау,кептіру,жұмсарту,әрлеу операциялары.

        Мех өңдеудің үздіксіз тәсілінің бірқатар артықшылықтары бар.Біріншіден  өндіріс айналымы қысқарады,еңбек өнімділігі 

артады,жұмысшылар 

саны 

азаяды.Екіншіден 



бұл 

тәсіл 


өндірісті 

дұрыс 


та,тиімді 

ұйымдастыруға 

,механизациялауға,автоматтандыруға мүмкіндік береді.


Жүннің құрылымы  

• Жүн талшығының ұзындығы бойынша екіге бөледі. Қылтық – теріден 

сыртқы бөлік, түбіт – қылтықтың түп қалташасында жалғасы. Ал жүн 

талшығын  көлденең  қимасында  үш  қабатқа  бөлуге  болады.  Сыртқы 

қабат немесе кутикула, қабыршықты қабат және орталық – жүрекше. 

1 – кутикула; 2 – қабыршықты қабат; 3 – 

жүрекше. 


Жүн талшығының 

қайызғақты қабатының 

түрлері

• Қабыршықты  қабаттың  әртүрлі  құрылымды  клеткаларында  меланин  деп 

аталатын  бояғыш  белоктардың  түйірлері  болады.  Бояғыш  түйіршіктер  қара, 

қызыл және сары болып кездеседі.Сондықтан да аң терілері түрлі түсті болып 

кездеседі.  Талшық  жүрекшесі,  арасында  ауа  тола  қуыстары  бар,  мүйізді 

клеткалардан  тұрады.  Жүрекшенің  дамуы  жануарлар  түрлеріне  байланысты. 

Биязы,  жібек  жүнді  қой  жүндерінде  жүрекше  болмайды.  Жүрекше 

дамығанталшықтардың беріктігі мен серпімділігі кемиді. 

• Түк қалташасында түк тамырлары орналасқан.

1 – түк қалташасы; 

2 – негізгі қабыршық; 

3 – түк қуысы; 

4 – қабыршықты қабат; 

5 – түк жүрекшесі; 

6 – түк емізікшесі. 


Жүн түгінің 

өзгермелілігі

• Жануарлардың  күтіміне  байланысты  жүн  түгінің  өзгеруі  әртүрлі  болады.  ашық  ауаду 

болатын  қоян,  мысық,  ит  жүндері  жабық  бөлмеде  болатын  аң  жүндеріне  қарағанда  тез 

алмасады.  Селекциялық  (тұқым  тазарту)  нәтижесінде  елеулі  өзгерістер  болады.  Биязды 

жүнді  қойда  түлеу  екі  рет,  қылшықты  жүндіде  көктемде  ғана  болса,  жабайы  қойлар 

жылына екі рет көктемде және күзде түлейді.Аң өсіретін шаруашылықтардағы бағалы аң 

терілерінің жүн түгін тор ішінде ұстап, жақсы күтіммен дұрыс тамақтандыру нәтижесінде 

таза  тұқымды  жүн  түгінің  реңін,  биіктігін  және  қалыңдығын  жақсартуға  болады.  бұны 

көптеген  шаруашылықтар  тәжірбиелері  дәлелдеп  көрсетті.  Түлкі,  күзен  өсірілетін 

бөлмелерді  жаз  айларында  қараңғылап  қою  нәтижесінде  күзгі  тиүлеуді  тездетіп  қысқы 

жүнннің  дамуын  үш  аптаға  қысқартуға,  соның  нәтижесінде  шығынды  азайтуға  болады 

екен.  Бұл  аңдардың  жүн  түгінің  аққа  ауысуы  қыста  қарлы  кезеңде  қорғану  қызметін 

атқарады. 

• Қысқы  ұйқыға  кетпейтін  аңдарда  жүн  түгінің  алмасуы  жылына  екі  рет  –  көктемде  және 

күзде болады, бұл түлеу деп аталады. 

• Көктемгі түлеу. Қыстың соңына қарай май бездерінің тіршілігінің тоқтауына байланысты, 

жүн  түгі  өңін  жоғалтып,  түбіт  әлсірейді.  Көктемнің  кірісіне  жүннің  терімен  байланысы 

әлсіреп,  түсе  бастайды,  қысқы  жүн  жабыны  сирейді.  Теріде  жүнсіз  тақыр  дақтар 

(бөліктер) пайда болады. тері қалыңдап қоңырқай тартады. Бірте – бірте жүннің қылшығы 

тазарып  жаздық  түк  жабыны  пайда  болады.  Әдетте,  жүн  түгінің  алмасуы  жануарлардың 

басынан құйрығына қарап жүреді.


Өңдеудің типтік схемалары

Өңделетін аң терілері мен мех шикізатының әрбір түрінің өзінің 



біріңғай  технологиясы  болады,  дегенмен  кейбіреулерін  негізгі 

типтік  схемаларға  топтастыруға  болады.  Мех  қой  терісі, 

майлылығымен және жүннің ластығымен сипатталады. Сондықтан 

мехтық  қой  терісін  майсыздандыру  мен  жүннін  жууда 

ұқыптылықты, тері тканінің беріктігін арттыруды талап етеді.

Мехтық  қой  терісінің  өндіріс  технологиясы  мынадай  негізгі 



процесстерден  тұрады:  жібіту,  жүұн  жабынын  майсыздандыру, 

шелдеу, жүнін қырқу,  пикельдеу және илеу. Жүні әрленбейтін қой 

терілері  үздіксіз  тәсілмен  ,  ал  әрленетін,  терілер  үзілісті  тәсілмен 

өндіріледі. 

Тондық  қой  терісі.  Тондық  қой  терілері  үздіксіз  тәсілмен 



өндіріледі.  Тондық  қой  терілерінің  тері  ткані  тығыз  және  майлы 

болып  келеді.  Тері  тані  киімнің  сыртына  қаратылатын 

болғандықтан  шелдеу,  майсыздандыру,  илеу,  түрпілеу  және 

тегістеуді жүргізуге жоғары талап қойылады. 

Тондық  қой  терісін  өңдеу  схемасы:  жібіту,  майсыздандыру, 



пикельдеу,  илеу,  майлау,  түрпілеу,  тегістеу,  бейтерептау,  бояу,  тері 

тканін майсыздандыру, әрлеу процесстері.

Қоян,  мысық,  ондатра,  ит  терілері.  Қоян  терісінің  қалыңдығы 



әртүрлі,  жалпы  тығыз  болып  келеді.  Жүн  жабыны  –  қылшықпен, 

түбітпен аралас болғандықтан бояу қиындау болады.

Қоян  терісін  өңдеп,  қараға  бояу  схемасы:  жібіту,  шелдеу, 



пикельдеу,  илеу-майлау,  кептіру,  әрлеу  операциялары,  бояу 

протраврлау



Нарыққа орналастыру және оның айналымы 

кезінде өнім қауіпсіздігіне қойылатын 

талаптар

Өнім, егер: 

      1) оны қолдану ережелері сақталған жағдайда осы Техникалық 

регламенттің талаптарына сәйкес келсе; 

      2) қатерлердің рұқсат етілетін деңгейін қамтамасыз ететін оның мақсаты және қолдану ережелеріне 

қатысты тұтынушыларды адастыруға әкелмесе; 

            3)  өнім  қауіпсіздігін  растайтын  қажетті  құжаттары,  соның  ішінде  сәйкестік  сертификаты  немесе 

сәйкестік туралы декларациясы, егер оның болуы өнімнің нақты түріне арналған нормативтік құжаттарда 

көзделсе,  пайдалану  жөніндегі  нұсқаулығы  болса  Қазақстан  Республикасының  нарығында  айналымға 

енгізіліп, орналастырылады. 

Нарықта  өнімді  орналастыру  және  айналымында  болу  кезінде  өнім  қауіпсіздігіне  қатысты  сатып 

алушыны  және  (немесе)  тұтынушыны  адастыратын  іс-қимылдардың  алдын  алу  мақсатында,  таңбалау 

арқылы өнім туралы толық және шынайы ақпарат берілуі тиіс. 

Өнімді  таңбалау  «Буып-түюге,  таңбалауға,  затбелгі  жапсыруға  және  оларды  дұрыс  түсіруге  қойылатын 

талаптар» техникалық регламентіне сәйкес келуі тиіс, анық, тексерілетін, жеңіл оқылатын, сондай-ақ осы 

Техникалық  регламенттің  2-қосымшасында  көзделген  оның  түріне  қарай  өнімнің  таңбалануына  (затбелгі 

қойылуына) қойылатын қосымша талаптарды қамтуы тиіс.

Экологиялық  таза  материалдардан  дайындалған  өнімге  экологиялық  таза  өнімге  арналған  нормативтік 

құжаттамаға сәйкес белгі қойылуы тиіс.


Өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын 

жалпы талаптар

Өнім түрі, мақсаты және конструкциясы бойынша "Техникалық 

реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 

тәртіппен бекітілген стандарттау жөніндегі қолданыстағы 

нормативтік құжаттарға, өнім өндіруші бекіткен үлгі-эталондарға 

және техникалық сипаттамаларға сәйкес болуға тиіс. 

Өнімді өндіру үшін қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес 

болатын және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық 

салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат еткен 

шикізат пен материалдар қолданылуға тиіс. 

Өнімді рұқсат етілген деңгейге дейін тұтану қатерін болдырмау 

немесе оны төмендету үшін материалдар мен дайын өнімнің отқа 

төзімді қабаттары болуы тиіс. 

Осы Техникалық регламенттің әрекеті қолданылатын өнімнің 

бояуының орнықтылық нормалары "төзімді" тобынан төмен 

болмауға тиіс. Өнім өндіруде қолданылатын бояғыш заттарды 

қолдануға "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан 

Республикасының Заңына сәйкес белгіленген тәртіппен рұқсат етілуі 

тиіс. 


Өнімің бояуының төзімділік нормалары оларға қатысты 

нормативтік құжаттарға және осы Техникалық регламент 

талаптарына сәйкес болуы тиіс. 

 Өнімнің физикалық-гигиеналық қасиеттерінің көрсеткіштері осы 

Техникалық регламентте белгіленген нормаларға сәйкес болуы тиіс. 

Экологиялық таза тоқыма және трикотаж материалдарға, тігін және 

трикотаж бұйымдарға, былғарыға және иіретін талшықтарға 

қойылатын талаптар белгіленген экологиялық тазалық 

стандарттарына сәйкес болуы тиіс.


Жүні түскіш қой терісін өңдеу

Мех бұйымдарына сұраныс арта бастағандықтан, табиға бұйымдардың  бағасының өсуіне  бпйланысты әлсіз жүнді 

қой терілерінің тондық және мехтық бұйымдарды өндірудің тиімділігі арта бастады.Соңғы кездерге дейін жүні әлсіз, 

қаракөл саулықтарының  терілерін тек былғары  өндірісінде ғана қолданылуы уақытылы консірвілемеуден, сақтау мен 

тасымалдау жағдайлары дұрыс жүргізілмегендіктен болған. 

Жүннің былғары  тканімен байланысының беріктік көрсеткіші 5х10мм2 аудандағы жүннің жұлынуына кететін күш 

12Н кем болмауы қажет. Одан төмен болған жағдайда  жүні сыпырылу үшін былғары өндірісінде жіберілетін.

Соңғы  жылдарда  жүннің  беріктігін  арттыру  немесе  түсуін  азайту  мақсатында  күкірт  қшқылын,  формалин  және 

натрий  хлоридін  қолдану  арқылы  жүргізілетін  өндіріс  тәсілдері    жасалуында.  Жүн  жарамсыздары  майсыздалынып 

тазартылып  натрий  сульфиті  мен  натрий  карбонатының  ерітіндісінде  баркастарды  40  0С  темпеарутарада  өңделеді. 

Сонан  соң ММ-2м шелдеу машиналарында жүні сыпырылып, 15-17%-тік ылғалдылыққа дейін кептіріледі.

Жүні  сыпырылған  ткані  пикелдеу,  илеу,  майлау,  сығу,  кептіру,  вофаланды    бояғыштармен  бояланып  әрлеу 

операцияллары   жүргізіледі.  Бұндай өндіріс тәсіліме  өңделген былғары  жұмсақ біркелкі боядынып қалған тіккенге  

жақсы болып шығады. 30% ауданында жүні жақсы сақталынатын терілерді мех пен тон өндірісінде  қолдануға болады.



Мех және тон өндірісінің 

қалдықтарын пайдалану 

Бағалы мех және тон өндірісінң қалдықтары құнды шикізат болып табылады, сондықтан 



да  оларды  тиімді  пайдалану  өнімнің  өзіндік  құнын  төмендетуге  белгілі  дәрежеде  әсері 

бар.


Төменде қалдықтары мен қолданылу мүмкіндіктері келтірілген

Қалдықтар

Қолданылуы

Шел

Желім, техникалық май, мал азығы қоспалары алынады



Жүн

Баспа-киіз бұйымдарын өндіру

Қоян терісінің шелі

Музыка аспаптарын қолдану

Тері шикізат бөліктері

Желім, желатин,май жиналу

Дайын өнім кесінділері

Басқа өнім өндіру

Құйпық, қылшықтар

Сурет салатын аспаптар жасау

Шайынды су мен тұнбалар

Белокты, майлы заттар алу

Шелді өңдеу. Теріні шелдеу кезінде теріс асты майлы шел деп аталатын, қабаты бөлінеді. Шелді негізінен желі алуда 

қолданады. Шел желімі экстра, жоғарғы І, ІІ және ІІІ сортқа бөлінеді. Желім, ұнтақ, қабыршық және жалпақ плиткалар 

түрінда алынуы мүмкін. Шел желіміндемшірік иісті болмауы қажет. Төменде шел желімнің көрсеткіштері келтірілген:

Салыстырмалы жабысқақтығы,%                         17,7

Ерігіштік,400С температурада,%                                       2-6

Мөлшері,%                                                                            17

Күл,жоғары көп емес болмау қажет,%                               2-3,5

Желімдеу қабілеті,н/см2, кем емес                                     600-1000



Қалдықтарды 

пайдалану

• Жүн  (әсіресе  қойдың)  мех  өндірісінің  құнды  қалдығы  Жүн  мех  өңдеудің  әртүрлі 

операциялары  мен процестерінде алынады:қырқу, кесу, тарау. Ең құндысы алғашқы қырқуда 

 ұзындығы 35мм жоғары, кесуде 25-35мм

• Қалдық жүндерді сұрыптап, кептіріп,түйіп дайындайды.

• Қоян  шелін  өңдеу. Қоян шелі жұқа  өте берік  болады.Шелді  барабандарда  күкірт  қышқылы 

мен натрий хлоридінің ерітіндісінде пикельдеп майлап, кептіріп, жұмсартады.

• Алынған жұқа қабыршақ жұмсақ созылмалы ауданы 2-4дм2 кем болмауы қажет.

• Қиындылар мен кесінділер өңдеу.

• Өнімдерді пішу кезінде көптеген бөліктер (құйрық, бас аяқ терілері), ұсақ кесінділер қалады. 

Бөліктер  ауданына  және  тері  алынған  жануарлар  түріне  қарай  төрт  топқа  бөлінеді:  ауданы 

10-50см2 болатын қой, құлын ит терілері, ауданы 10-20см2 қозы, қоян, түлкі терілері, ауданы 

4-10см2 болатын қаракөл елтірілері

• Қалдықтардан  құрастырылып  әртүрлі  өнімдер  алынады.  Ал  өте  ұсақ  жарамсыз  бөліктерді 

қышқылмен  өңдеп жүні алынады.

• Ланолин  алу.  Жуу  мен  майсыздандыру  кезінде  қой  терілерінен  көп  мөлшерде  май  тектес 

заттар  бөлінеді.Бұлардан  тазартқан    соң  фармацевт  өнеркәсібіне  қажетті  бағалы  өнім, 

ланолин алынады.

• Тазартылмаған  ланолин  қара-қоңыр  жағымсыз  иісті  қоймалжың  зат.  Ланолин  құрамы   

қойдың  тұқымына  оның  алыну  тәсіліне  байланысты.  Ланолиннің  негізгі  құрамдас  бөлігі 

біратомды циклді спирттер (холостерин және изохолестерин) 


Қорытынды

• Қазіргі  кезде  өндіріс  қуатының  артуына  байланысты,  қоршаған  ортаны  қорғау  адамзат 

өміріне  қауіп  төндіретіндей  жағдайға  жетіп,  бүкіл  әлімдік  деңгейде  зор  мағынасы  бар 

мәселеге айналып отыр. Оның ішінде үздіксіз тыныс алу мен күнделікті тіршілікке қажжетті 

суды тазалаудың алар орны ерекше.

• Мех  өнеркәсібінде  өңдеу  процестері  жоғары  сұйықтық  коэффициенттер  дәрежесінде 

жүргізілетін болғандықтан тазартуға қажетті шайынды суларда көп мөлшерде болады. 1000 

қой  терісін    өңдеуге  қажетті  су  шығыны  жобамен  300м3  болады.  Сондықтан  да  өнеркәсіп 

саласынаң  ғылыми  зерттеу  мекемелері  және  мамандары  пайдаланылатын  су  мөлшерін 

жолдарын іздестіруде.

• Мех өнеркәсібі процестерінде көптеген химиялық, материалдар қолданылады: беттік-активті 

заттар,бояғыштар,  илегіштер,  әрлеуге  қажетті  заттар  және  т.б.  Бұл  заттар    шайынды  сумен 

бірге  өзең,  көлдерге  қосылып  ластау  әсерінде  жағымсыз  иістердің,  судың  реңі  мен  дәмнің 

өзгеру  нәтижесінде  суда  тіршілік  жасайтын  организмдерге  кері  әсер  етеді.  Сонымен  қатар 

шайынды  суда  көптеген  қиынды  түрінде  кездесетін  ластағыш  қоспалар  болады.  Шайынды 

сулар өзінің құрамы мен қасиеттерін, технологиялық жүйесінің бөліктері бойынша әртүрле 

болады.Жібіту  мен  шелдеуден  соң  сілтілік  суларда  құрамында  көп  мөлшерде  натрий 

хлориді,  еріген  және  ерімеген  органикалық  және  минералды  заттар  болады.Пикелдеу  мен 

илеу  процестерінен  соң  шайынды  сулар  қышқыл  көрсеткішті,  құрамында  натрий  хлориді, 

хром  мен  алюминий  тұздары  болады.Мехтык  жартылай  фабрикатты  бояудан  соң  шайынды 

су құрамында бояғыш заттар,натрий карбонаты, аммиак және т.б заттар болады.


Қолданылған әдебиеттер 

тізімі

1. Мәдиев Ө.Қ., Айтөленова Қ.Т Былғары және мех химиясы мен технологиясы.-

Алматы: Білім баспасы 1995,320 бет

2. Бейсеуов К. Досхожаев Д.Т Дилдабек Д.С тері мен мех шикізатының және оның 

өнімдерінің қасиеттерін сараптау.-Алматы: тауар,1997,136 бет

3. Бейсеуов К Бейсеуов К. Досхожаев Д.Т. Дилдабек Д.С Былғары мен мех өндірісінің 

процестерін бақылау және қолданатын заттардың құрамын сараптау. – 

Алматы:Тауар,1997,128 бет.

4. Мәдиев Ө.Қ,. Айтөленова Қ.Т. Былғары және мех технологиясы. Орысша – қазақша 

сөздік. – Алматы: Білім,1990,104 бет

5. Стефанович И.П. технология меха.- М.:Легкая индустрия,1967,295с

6. Страхов И.П и др Химия и технология кожи и меха.-М.:Легпромбытздат,1985,485с

7. Григорьева Г.С., Васильева М.А. Влияние жировых веществ волоса на его 

свойства.-Научно-исследовательские труды ВНИИМП.1972,сб 19, С.53-57



Document Outline

  • Slide 1
  • Жоспар
  • Кіріспе
  • Жалпы талаптары
  • Жүннің құрылымы
  • Жүн талшығының қайызғақты қабатының түрлері
  • Жүн түгінің өзгермелілігі
  • Өңдеудің типтік схемалары
  • Slide 9
  • Өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
  • Жүні түскіш қой терісін өңдеу
  • Мех және тон өндірісінің қалдықтарын пайдалану
  • Қалдықтарды пайдалану
  • Қорытынды
  • Қолданылған әдебиеттер тізімі

Каталог: rector.kz -> pdf -> prezent


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет