Презентация «Көпжылдық шөптер»



Pdf көрінісі
Дата15.10.2018
өлшемі32.42 Kb.
түріПрезентация

Презентация

«Көпжылдық 

шөптер»

Орындаған: _______________________________

Тобы: _________

Қабылдаған: ______________________________

Кіріспе

» Көпжылдық  өсімдіктер  -  2  жылдан  астам  тіршілік  ететін 

ағаштар  мен  бұталар  және  тұқымды  өсімдіктер  мен  жартыл 

бұталар. Белгілі бір даму жасыл жеткеннен кейін қайта бірнеше 

рет жеміс береді.

» Өсімдіктерді  топтарға  біріктіргенде  олардың  біріне-бірінің 

ұқсастықтары  немесе  айырмашылықтарын  көрсететін  белгілер 

пайдаланылады.  Солар  арқылы  өсімдіктердің  біріне-бірінің 

туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.

» Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне 

ұқсас,  жеміс  беретін,  ұрпақ  түзе  алатын  дарақтар  бір  түрге 

жатқызылады.

» Құрылысы  жағынан  ұқсас  түрлер  туысқа  біріктіріледі.  Жақын 

туыстар  бір  тұқымдасқа  олардың  әрқайсысын  қандай  да  бір 

класқа жатқызады.


Қалампыр – көпжылдық 

шөп түрі

»

Қалампыр (Dianthus) — қалампырлықтар тұқымдастарына жататын біржылдық және 

көпжылдық өсімдіктерінің бір туысы. Қалампырдың Азияда, Африкада, Еуропада шөп 

және бұта болып есетін 300-дей түрі бар. Солардан бұрынғы КСРО жерінде өсетіндері 

— 80. Қалампыр топтанып өседі. Гүлінен эфир майы алынады. Қалампырдың бірнеше 

түрі декорация ретінде теплицаларда, құмыраларда өсіріледі. Кейде шала бұта түрінде 

де  кездеседі.  Қазақстанның  далалық  аймақтарында,  су  алабындағы  шалғындарда, 

тасты  төбе  баурайында,  шалғынды  тау  бөктерінде  өсетін  29  түрі  бар.  Еуразия  мен 

Африкада,  негізінен,  Жерорта  теғізі  жағалауларында  кездесетін  300-ге  жуық  түрі 

белгілі. Кейде шала бұта түрінде де кездеседі. Қазақстанның далалық аймақтарында, 

су алабындағы шалғындарда, тасты төбе баурайында, шалғынды тау бөктерінде өсетін 

29  түрі  бар.  Бұлардың  биіктігі  15  –  50  см-дей,  жапырағы  таспа  немесе  қандауыр 

тәрізді болады. Қалампыр туысының өзіне тән ерекшелігі – бірігіп кеткен тостағанша 

жапырақшаларының  түбі  қабыршақтанып  келіп,  гүл  жапыраққа  жабысып  тұрады. 

Көбінесе қызыл, қызғылт, ақ, ала түсті, хош иісті, дара гүлдері сабағы мен бұтағының 

басында  жетіледі.  Гүл  жапырақшаларының  шеті  тілімденген  не  ара  тісті  ирек. 

Көбелектермен  тозаңданады.  Маусым  –  тамыз  айларында  гүлдеп,  жеміс  салады. 

Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Қытай, түрік, бақша, гренадин, Шабо қалампырлары 

Қазақстанның  гүл  өсіретін  шаруашылықтарында  әсемдік  үшін  өсіріледі.  Ала 

қалампыр  мен  қытай  қалампыры  халықтық  медицинада  және  парфюмерияда 

пайдаланылады. Емдік мақсатта өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлдеп тұрған кезінде 

жинайды.


Арамжоңышқа, борбас 

қалампыр

» Арамжоңышқа,  борбас  қалампыр  (Dianthus  Borbasii)  — 

көпжылдық шөп өсімдігі. Сабағының ұзындығы 40 см-дей, тік өседі. 

Арамжоңышқа 

бұрынғы 

КСРО-ның 

еуропалық 

белігіндегі, 

Кавказдағы,  Батыс  Сібірдегі  және  Орта  Азиядағы  қарағай 

ормандарының,  шабындық  жерлердің,  құмдауыт  аңғарлардың 

өсімдіктерімен  бірге  өседі.  Мұны  мал  жемейді.  Тамырынын 

құрамында сапонин көп болады.



Шоқпарбас 

қалампыр 

» Шоқпарбас қалампыр (Dianthus capitalus) — көпжылдық шөп өсімдігі. 

Мұның  сабағының  ұзындығы  30—70  см.  Шоқпарбас  қалампыр 

Донның,  Қырымның,  Кавказдың  орманды  алқаптарынын  тастақ 

беткейлері  мен  қырат  аймақтарында  өседі.  Мұны  мал  аздап  болмаса, 

көп  жемейді.  Шоқпарбас  қалампырдың  тамыры  мен  гүлінде  аздаған 

сапонин  болады.  Бұл  қалампырды  ел  арасында  тіс  ауруына,  безгекке 

қарсы қолданады.



Кекіре, немесе гүл 

кекіре 

» Кекіре,  немесе  гүл  кекіре  (Centaurea)  —  бұл 

күрделігүлділер  тұқымдасына  жататын  өсімдіктердің 

бір  туысы,  бұлар  көпжылдық  та  болып  өседі. 

Кекіренің негізгі түрлері: көк кекіре, қауырсын кекіре, 

шабындық  кекіре,  күлтелі  кекіре  июль-августа 

гүлдейді.  Кекіренің  кейбір  түрлері  әсемдік  үшін 

өсіріледі.  Әсемдікке  өсірілетін  кекіренің  негізгі 

түрлері:  көгілдір  кекіре,  ащы  кекіре  (немесе  кермек 

кекіре), шабындық кекіресі — ұзындығы 1 м-ге дейін 

баратын  көпжылдық  шөптесін  өсімдік.  Егінжайдың 

арасында  бос  қалған  жерлерге,  аңыздарға,  бұта 

арасына өседі. Көктемнің басынан күзге дейін гүлдеп 

тұрады.  Балды  көп  беретін  өсімдік.  Қауырсын  кекіре 

мен егістік кекіре де көпжылдық шөп өсімдігі. Бұлар 

жаздан  бастап,  күздің  аяғына  дейін  гүлдеп  тұрады. 

Күлтелі  кекіре  —  екіжылдық  шөп  өсімдігі,  көбінесе 

шабындықта  өседі.  Мүйізді  кекіре  мен  көк  кекіре  — 

біржылдық  шөп  өсімдігі.  Бұлардың  күздік  және 

жаздық  түрі  болады.  Астықтың  және  зығырдың 

ішінде арамшөп ретінде өседі


Кекіре, 

немесе гүл 

кекіре 

Құлпырған 

қалампыр 

» Құлпырған қалампыр (Dianthus supbus) — көпжылдық шөп өсімдігі. Мұның жіп 

тәрізденген  тамырсабағы  жерде  төселіп  жатады.  Құлпырған  қалампыр  бұрынғы 

КСРО-нің  Еуропалық  белігінің,  Сібірдің,  Орта  Азияның  және  Қиыр  Шығыстың 

орманды аймақтарында, шабындық жерлерінде, сирек өскен қайыңның арасында, 

топтанып  өскен  ағаштардың  айналасындағы  ашықтарда  кездеседі.  Таулы 

жерлердің  альпі  аймақтарында  өсе  береді.  Хакас  автономиялы  облысы  мен 

Шығыс Сібірдің жерінде мұны қой өте сүйсініп жейді де, жылкы жөнді жемейді.



Қорытынды

» Елбасының  Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдауында  ауыл  шаруашылық 

саласына  баса  назар  аударылған.  Оның  ішінде  мал  азығын  дайындау 

мәселесі  ауыл  шаруашылық  саласының  негізгі  бағыты  ретінде  жүзеге 

асыру қажеттілігі де айтылған. 

» Елбасы 

бастамасына 

қолдау 


көрсету 

мақсатында 

елімізде 

егін 


шауашылығына  қоса көпжылдық  шөп егу  мәселесі  жаппай қолға  алынды. 

Биылғы жылы аудан бойынша жалпы егістік көлемі 47 415 га болса, оның 

ішінде  бидай  38  922  га,  арпа  8  093  га,  сұлы  400  га  жерге  егілген.  Мал 

азығын  сырттан  тасымалдамай,  жергілікті  жерлерде  егіп,  оны  жемшөп 

ретінде  пайдаға  жаратудың  тиімділігіне  көз  жеткізген  республика  Үкіметі 

шаруашылықтарға жеңілдіктер жа сауда. Мәселен, биылғы жылы облыстан 

көпжылдық  шөптің  (житняк)  34  тонна  тұқымы  берілді.  Құны  –  450  мың 

теңге. Ал, оның 80 пайызына Үкімет субсидия бөлген.  Осындай жеңілдіктің 

нәтижесінде  бізге  бұл  күнде  екпе  шөптің  осынша  көлемі  не  бары  90  мың 

теңгеге түсіп отыр. 

» Науқан  аяқталысымен  3500  га  жерге  житняк  егіледі.  Мал  азығын 

дайындауда  түбегейлі  қолға  алған  Қоянды  селолық  округіне  қарасты 

«Жайма» шаруа қожалығы 1600 га жемдік дақылдар еккен. Оның 1200 га 

арпа,  400  га  сұлы.  Бүгінгі  күнде  «Жайма»  шаруа  қожалығы  арпа  егісітігін 

оруды  аяқтады.  1200  га  орташа  түсімі  12,5  центнерден  1500  тонна  астық 

алынды.      Қайнарбұлақ  селолық  окру гіне  қарасты  «Құрмет»  шаруа  қожа 



лығы 100 га эспарцет екпек.

Document Outline

  • Slide 1
  • Кіріспе
  • Қалампыр – көпжылдық шөп түрі
  • Арамжоңышқа, борбас қалампыр
  • Шоқпарбас қалампыр
  • Кекіре, немесе гүл кекіре
  • Slide 7
  • Құлпырған қалампыр
  • Қорытынды

Каталог: rector.kz -> pdf -> prezent


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет