Пост релиз «Шаттық шұғыласы»



Дата23.02.2017
өлшемі17.38 Kb.
#4729
Пост - релиз

«Шаттық шұғыласы»

(қайырымдылық акциясы)



2016 жылғы 22 маусым сағат 11.00-де «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» Қоғамдық Бірлестігінде «Шаттық шұғыласы» атты қайырымдылық акциясы өтті.

«Астана» Ұлттық сурет галереясы және «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының «Мәдениет» бірінші партиялық ұйымы ұйымдастырып отырған іс-шараның мақсаты:

  • Балалардың қоршаған ортамен байланысу тәжірибесін дамыту;

  • АРТ-терапия арқылы балардың өмірге қызығушылығы мен талпынысын арттыру;

  • Балаларда назардың жетіспеушілігін түрлі ойындар өткізе отырып толықтыру;

  • Қоғамның назарын қайырымдылыққа бұру, іс-шара арқылы қоғамдағы мүгедектер мәселесін көтеру, сонымен қоса, кәсіпкерлік құрылымдарды әлеуметтік көмек көрсетуге жұмылдыру.

Іс-шараның міндеттері:

Акцияға орталықта емделіп жатқан, Даун синдромы және сал ауруы сияқты ауыр науқасқа шалдыққан балалар қатысқан болатын. Балаларға арнайы арт-терапия бағдарламасы ұйымдастырылды. Бағдарламада аппликация, сурет салу және жемістерден бұйым жасау бойынша шеберлік дәрістері өткізіліп, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен түрлі ойындар ойнатылды.

Ерекше күтімді қажет ететін балалармен жұмыс кезіндегі негізгі мәселелердің бірі – емделуден тыс уақытта олардың бос уақытын тиімді әрі қызықты ұйымдастыру болып табылады. Осы орайда, бейнелеу өнерін балалардың сауығу процесін оңтайландыруға пайдалануға болады. Арт-терапия әдістерінің бұл бағыттағы жетістіктері қазіргі таңда дәлелденген.

Осы жайттарды негізге ала отырып, Галерея ұжымы «Шаттық шұғыласы» атты қайырымдылық акциясына мұрындық болды.

Балалар назарын емделу процесінен бір мезгіл сурет салу мен мүсіндеуге, аппликацияға аудару – олардың көңілін сергіткен еді. Акция соңында Галерея ұжымы балаларға түрлі сыйлықтар мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Өткізілген орны: «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» Қоғамдық Бірлестігі (Ш. Құдайбердіұлы көшесі - 25/3).

Байланыс құралдары:

Astana.nag@gmail.com



+7(7172)57-23-32,

8(707) 808 69 94, 8 (777) 656 39 04
Каталог: storage
storage -> Наименование Реквизиты регистрационного удостоверения
storage -> Директорлар кеңесі 2013 жылдың 10 қаңтарында (№1/2013 хаттама) Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысы өткізілді, онда төмендегі мәселелер қарастырылды: «Автоматты басқару жүйесі «Энергодиспетчерлік тартым»
storage -> Конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандарты
storage -> В россии заболеваемость достигает 14-15 ‰
storage -> Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiн бекiту туралы
storage -> Сценарийлер жинағы Сборник сценариев Көкшетау 2015 Әож 821. 512. 122-93 кбж 84 (5 Қаз) е 74
storage -> Оқу-әдістемелік құрал Қасен Гүлжазира Аманжолқызы Астана 2013 ж Алғы сөз


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет