ПНЕВМОЦИСТІ ӨКПЕ ҚАБЫНУЫ
(ПЦӨ)
ПНЕВМОЦИСТІ ӨКПЕ ҚАБЫНУЫ – бұл АИТВ жұқтырылғандарда болатын ең көп таралған оппортунистік инфекция. Әдеттегідей, өкпе қабынуының бұл түрі- қатерлі ісігі, АИТВ/ЖИТС не иммунды депрессантты қабылдау аясы бар пациенттерде байқалады. Диагнозы рентгенография деректерінің және, көбінесе «шынылы төсем» тұрпатымен өкпе ұлпасының кебуін төмендететін диффузды не диффузды- кестелі тұстарының бейнесін көрсететін, компьютерлік томографиямен қойылады. Осының аясында күре тамырдың қабаттануы, бақыланатын күтілетін клиникалық көрініс бейнесінен едәуір төмен болады. Диагнозы, ылғалында немесе бронхоальвеолярлы шайылуын зерттеу кезінде, жорамалданған патогеннің анықталуымен расталады. Пневмоцисті өкпе қабынуының қоздырушысы - Pneumocystis carinii ашытқытектес зең. Бұл паразит адамға ерекше тән болып табылады, аурудың осы түрімен басқа жануарларға жұғу жағдайы байқалмаған. Клиникалық тән көрінісі жөтелу, демігу және қалтырап-дірілдеу болады. Зертханалық зерттеу гипоксемияны анықтайды. Кей кезде пневмоцисті өкпе қабынуы, өкпеден көрініс берместен өтеді. Тыныс алуының жеткіліксіздігі, атап айтқанда демігу, цианоз белгілері жиі байқалады. Пневмоцисті өкпе қабынуы, АИТВ- инфекциясымен ауыратындардың 60-80% пайда болады, АИТВ – инфекциясы кезінде өкпе шалдығуында 90% инфекция табиғаты болады. CD4 лимфоциттер саны 200 мкл -1 төмен түскен кезде, пневмоцисті өкпе қабыну қаупі өте жоғары болады. Аурудың өтуі өте ауыр болуы мүмкін және егер пневмоцисті өкпе қабынуды тиімді емдеу уақытылы тағайындалмаса, оның өліміне әкелуі мүмкін.
Пневмоцисті өкпе қабынуын емдеу, пациенттің жасына және клиникалық жағдайына қарай, стационарда жүргізіледі, ко-тримаксазол, изотионат пентамидин, клиндамицины бар примахин , триметропримы бар дапсон, атоваквон және басқа да емдеу схемалары қолданылуы мүмкін.
Алдын алу
Иммуны сыр берген пациенттердің пневмоцисті өкпе қабынуының алдын алу үшін, ко-тримоксазол немесе пентамидин, бактрим, бисептол, дапсон және басқа да препараттарды жүйелі түрде инголяция жасау қолданылады.
01.04.2014 жылға Маңғыстау облысы бойынша ЖИТС орталығы жанындағы - диспансерлік есепте 72 АИТВ-жұқтырылғандар тұрады, оның ішінде:
Пенитенциарлы мекемеде - 13 АИТВ жұқтырылғандар;
Орталық жанында – 59 АИТВ жұқтырылғандар.
2014 жылдың 1 тоқсанында пневмоцисті өкпе қабынудың алдын алу – 4 АИТВ жұқтырылғандарға жүргізілді.
ЖИТС МОО диспансерлік бөлімінің мейірбикесі: Т.Б.Өрбісінова
Достарыңызбен бөлісу: |