«Первомайский щебеночный завод» жшс 2015 жылдың тамызында Таранов ауданы Валерьяновка ауылы маңында жұмыс істей бастады



Дата18.06.2018
өлшемі20.12 Kb.
«Первомайский щебеночный завод» ЖШС 2015 жылдың тамызында Таранов ауданы Валерьяновка ауылы маңында жұмыс істей бастады.

Таранов ауданында өзінің шағыл өндірісін реттеу идеясы кәсіпкер Рустам Абдуллаев ойына 2010 жылы келген. Бірақ жобаны жүзеге асыруға бес жылдай уақыт керек болды. Зауыт өткен жүзжылдықтың ортасында ашылған, шикізатқа бай кен орнынан бірнеше километр жерде орналасса да, өндірісті ұйымдастыру аз емес қор қажет етті, соның ішінде ақшалай балама түрінде.

Жобаның жалпы құны 485 млн.теңге құрды, оның ішінде меншікті қаражат – 59%, қарыз қаражаты - 41%. 285 млн. теңге шағыл зауытының қымбат мамандандырылған ұнтақтағыш-реттегіш кешенінің құрылысына бағытталған. 14% жылдық мөлшерді құрайтын,оның ішінде мемлекет 10% субсидиялайтын, ал қалған айырманы компания өзі өтейтін «Бизнестің жол картасы 2020»бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы бойынша «Банк Центр Кредит» АҚ-да қалған 200 млн.теңгеге несие алды. Несие қаражатына жабдықтар, экскаватор, төрт өзі аударғыш машина, бульдозер, үш жаппай тиегіш, таразы, автомобильді қосалқы бөлшектер сатып алынды және құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді.

Жабдықты таңдау үшін кәсіпкер ресейлік, корейлік,қытайлық және неміс жабдықтары көрсетілген, заманауи ұнтақтағыш кешендерге арналған, Германияда өткен арнайы көрмеге барды. Баға/сапа қатынасы бойынша таңдау Кореялық жабдыққа түсті.

Шағыл зауытын эксплуатацияға қосқалы 38 жұмыс орны пайда болды. Қазір 8 валерьяндық және 6 тоболдық тұрғындары жұмыс жасайды. Қалған қызметкерлер – Лисаковск қаласының тұрғындары. Облыс бюджеті 6.4 млн.теңгеге толықты – компания осынша мөлшерде 2015жылы салық төледі.

Зауыт қуаты – сағатына түрлі фракциялы шағылдың 200 тоннасына дейін, тәулігіне шағылдың 1 мың тонна кубына дейін.

Кәсіпорында шағылдың бес түрлі фракциясы шығарылады. 0-5 мм,5-10 мм және 10-20 мм, ұсақ фракциялы шағыл ТББ зауытына апарылады. Оны ғимараттар мен бөлмелердің декоративті әрлеу үшін арналған материал ретінде қолдануға болады, тақта мен жабын жасауға жарайды. Ірілеуі – бетон өндіруге, сәйкесінше, темірбетон бұйымдарынөндіру үшін, оған қоса жол құрылысында. Ірі фракциялар, 20-40 мм және 40-70 мм, жол құрылысына және темір жол қатынас жолы негіздемесі құрылысына жөнеледі.

Осы фракциялардың барлығы Қостанай облысы кәсіпорындарымен қолданылады. Өткізу нарығы бірнеше фирмалармен берілген: «БК-строй»ЖШС, «ДК «Кардинал» ЖШС, «Ван» ЖШС және Лисаковский СЖБИ.

«Первомайский щебеночный завод» ЖШС 2015 жылы компания үшін жаңа мүмкіншілік ашқан, Тобол ауылында теміржол тұйығын сатып алды.

Зауыт директоры –Рустам Абдуллаев атап өткендей, жақын орналасқан Ресей облыстарына логистика сұрақтарын зерттеп жатырмыз. Кеден одағы елдерінде біздің шағылды сатуға мүмкіндік беретін қажетті куәліктер мен декларациялар бар. Сондай-ақ біздің зауыт жеке тұлғалармен ынтымақтастыққа ашық және қалағанның бәрінде өз өнімін ұсынуға дайын.


c:\documents and settings\user\рабочий стол\новая папка (2)\img_4356.jpgc:\documents and settings\user\рабочий стол\новая папка (2)\img_4355.jpgc:\documents and settings\user\рабочий стол\новая папка (2)\img_4378.jpg
Каталог: gosuslugi
gosuslugi -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
gosuslugi -> «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
gosuslugi -> Көрсетілетін қызмет стандартына
gosuslugi -> Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
gosuslugi -> «Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті әдістемелік ақпарат
gosuslugi -> Регламенті Жалпы ережелер > «Темекі өнімдеріне акциздік таңбалар беру»


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет