ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені пән fprk 3304 Қаржы құқығы Мамандығы: 050509 Қаржы. 050301 Құқықтану Көкшетау 2012 поәк мазмұНЫ



бет8/10
Дата11.04.2018
өлшемі1.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

“Қазақстан Республикасының Қаржы құқығы” барлық тақырыптары бойынша оқып үйренуге ұсынылатын нормативті актілер мен негізгі әдебиеттер:


  1. “ҚР Конституциясы” 1995 жыл.

  2. “Республика президенті туралы” конституциялық заң, 6 май 1999 ж.

  3. ҚР мемлекеттік қызметі туралы заң күшіндегі ҚР Президентінің жарлығы 26.12.1996 ж.

  4. ҚР үкіметінің құрылымы туралы ҚР Президентінің жарлығы.

Худяков А.И Финансовое право РК. Общая часть Алматы: қаржы-

қаражат 1995 ж.

2.Худяков А.И Основы теории финансового права. Алматы: Жеті

жарғы 1995 ж.

3.Худяков А.И“Налоговая система РК”. “Подоходный налог”. Алматы;

Баспа 1997 ж.

4.Найманбаев С.М “ҚР қаржылық құқығы”. Алматы. Жеті жарғы 1994 ж.

5.Найманбаев С.М. “ҚР салықтық құқық”. Алматы: Жеті жарғы 1996 ж.

6. Гурбоновой О.М. Финансовое право, учебник под ред. М.”Юрист”, 1996

7. Химичева Н.И. Финансовое право. М, Бек, 1996

8. Гуреев В.И. Налоговое право. М, “Экономика” 1997

9. Худяков А.И, Русско-казахский финансово правовой тольковый

Найманбаев С.М.словарь. Алматы, 1997

10.Петрова Г.Ф “Налоговое право”, М. Норма, 1997



Пайдаланатын нормативтік құқықтық актілер.

  1. ҚР Конституциясы, Алматы “Жеті жарғы” 1995 ж.

  2. ҚР Азаматтық кодекс /Жалпы бөлім /. ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомстісі. 1994ж. № 23-24

  3. Қаз ССР Азаматтық кодексі. Алматы, 1989 ж.

  4. ҚР “Банкілік қызметке байланысты кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 1997 ж. 11 шілдедегі Заңы. ҚР Парламентінің ведомстісі. 1997 № 13-14

  5. ҚР “ҚР Жергілікті өкілді және атқару органдары туралы” 10 желтоқсан 1993 жылғы Заңы. ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомсті. 1993 ж. №23-24

  6. ҚР Президентінің “ҚР банктері және банкілік қызмет туралы” 31 тамыз 1995 ж. заң күші бар жарлығы. ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомстісі 1995 ж. №15-16

  7. ҚР Президентінің “Лицензиялау туралы” 17 сәуір 1995 жылғы заң күші бар жарлығы. ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомстісі. 1995 ж. № 3-4

  8. ҚР Президентінің “Мемлекеттік кәсіпорын туралы” 19 маусым 1995 жылғы Заң күші бар жарлығы. 1995 ж. № 9-10

  9. ҚР Президентінің “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тутралы” 17 сәуір 1995 жылғы заң күші бар Жарлығы. ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомстісі 1995 ж. № 3-4

  10. ҚР Президенттінің “Шаруашылық серіктестіктер туралы” 2 мамыр 1995 жылғы заң күші бар Жарлығы. 1995 ж. № 7, № 15-16

  11. ҚР Президентінің “ҚР Президенті туралы” 26 желтоқсан 1995 жылғы заң күші бар Жарлығы. ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомсті. 1995 ж. № 24

  12. ҚР Президенттінің “ҚР Парламенті және оның депутаттарының статусы туралы” 16 қазан 1995 ж. заң күші бар Жарлығы. ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомстісі, 1995 ж. № 21

23. Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz

24. Электронное Правительство Республики Казахстан http://e.gov.kz

25. Кәсіпкерлік қызметке салық салу, Кенжебеков Ш., ЦДО, 2007

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
“Құқықтану” кафедрасы

Пән FPRK 3304 Қаржы құқығы пәні бойынша

: 050509 Қаржы .050301 Құқықтану мамандығының студенттері үшін
Студенттердің білімін бақылау түрлері:

а) Тестілік сауалнамалар

б) Жазбаша бақылау жұмыстары.

в) Коллоквиумдар

г) Сөзжұмбақтар

д) Глоссарий



е) Эссе
ҚР Қаржы құқығы пәні бойынша курсын толық игеру үшін машықтану әдісіне арналған сұрақтар



  1. Мемлекеттің мүлікті және басты сақтандыру-қаржылық қызметтің бір түрі ретінде. Сақтандыру түрлері және сақтандыру қаржылары.

  2. Қаржылық бақылау-қаржылық қызметтің бір түрі ретінде оның маңызы, принциптері және топтастырылуы.

  3. Қаржылық-құқылық нормалар: түсінігі, түрлері және құрылымы. Қаржылық –құқылық нормалардың тек өздеріне тән ерекшеліктері.

  4. Қаржылық-банкілік құқықтың жүйесінің жалпы және ерекше бөлімдері институттарының сипаттамасы.

  5. Қаржылық сақтандыру құқының жүйесі және оның институттарының қысқаша сипаттамасы.

  6. Салық, алым баж және басқа да міндетті төлемдердің түсінігі, арақатынастары және ерекшеліктері. Салық органдарының қызметі қаржылық қызметтің бір түрі ретінде. Салық қызметінің әдістері. Мемлекеттің қаржылық қызметінің экономикалық және құқылық негіздері.

  7. Мемлекеттің қаржылық қызметінің экономикалық және құқылық негіздері

  8. Қаржылық-банкілік құқық пәні, жүйесі және әдістері.

  9. Салықтар: түсінігі және олардың нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі ролі мен маңызы. ҚР салық жүйесі /түсінігі/ және салық міндеттемелері.

  10. Қаржылық сақтандыру құқы: пәні, жүйесі және әдістері.

  11. Қаржылық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік өкімет және мемлекеттік басқару органдарының жүйесі /топтастырылуы/ және олардың құзыреттері.

  12. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылар, олардың түрлері және маңызы.

  13. Сметалық-бюджеттік қаржыландыру, оның түсінігі және обьектілері. Бюджеттік қаржылардың /ассигнования/ түсінігі. Бюджеттік Мекемелердің сметасы, олардың түсінігі, түрлері, маңызы, жасалу және бекітілу тәртібі.

  14. Ұлттық банктің банкілік операциялары және оның құқылық негіздері. Лизинг-банкілік операцияның және оның құқылық негіздері. Лизинг-банкілік операцияның бір түрі ретінде, оның маңызы.

  15. Қаржылық – құқылық шарттар: олардың түсінігі, түрлері және белгілері.

  16. Қаржылық-құқылық актілер, олардың топтастырылуы.

  17. Бюджетті реттеу, оның түсінігі, мақсаты және әдістері. Тұрақты бекітілген және реттеуші кірістер, олардың түсінігі және маңызы.

  18. Салықтар, алымдар, баждар, сондай-ақ басқа да міндетті түрдегі төлемдер. Олардың өздеріне тән ерекшеліктері және айырмашылықтары.

  19. Банкілердің несиелік /кридиттік/ ресурсттарын қалыптасттырудың түсім көздері, сондай-ақ осы ресурстарды түсім көздері бойынша топтастыру.

  20. Бюджеттік қызмет: түсінігі, әдістері және маңызы.

  21. Қазақстан Республикасының салықтық құқы: пәні, құқпен реттеу әдісі және салықтық-құқылық қатынастардың ерекшеліктері және маңызы.

  22. Республикалық бюджеттің және жергілікті бюджеттердің шығыстарының жүйесі, сондай-ақ олардың мемлекет алға қойған саяси, әлеуметтік-экономикалық және т.б. мақсаттарды жүзеге асырудағы рольдері мен маңызы.

  23. Бюджеттік кірістердің жүйесі /топтастырылуы бойынша/.

  24. Қаржылық-құқылық шарттар, олардың түсінігі, түрлері және өздеріне тән белгілері.

  25. Салықтық қызмет-бюджеттік қызметтің бір түрі ретінде. Оның міндетті, басты мақсаты, әдістері және құқылық негіздері.

  26. “Қаржылар”: түсінігі, функциялары және маңызы. Қаржылық экономикалық институттар, олардың топтастырылуы. Мемлекеттің қаржы жүйесі, оның құрамы.

  27. Мемлекеттің мүлікті және жеке басты сақтандыруы-қаржылық қызметтің бір түрі ретінде. Мемлекеттің сақтандырудың түрлері және функциялары. Мемлекеттің мүлікті және жеке басты сақтандыру қаржыларының түсінігі. Қаржылық сақтандыру қызметінің әдістері.

  28. Қаржылық-банкілік құқтың пәні, жүйесі және түсінігі. Қаржылық-банкілік құқта қолданылатын құқпен реттеу әдістері.

  29. Қаржылық шаруашылық құқы оның пәні, жүйесі және түсінігі.

  30. “Қаржылар” түсінігі және маңызы. Мемлекеттің қаржылық қызметті, оның түсінігі, міндеттері, басты мақсаты және принциптері. Қаржылық қызметтің әдістері.

  31. Қаржылар саласындағы басқарудағы Қаржы Министірлігінің қызмет аясы мен өкілеттіктері және оның атқаратын қызметтерінің ролі мен маңызы.

  32. Қаржылық-банкілік құқтың жүйесі және оның институттарының сипаттамалары.

  33. Қаржылық-банкілік құқтың жүйесі және оның институттарының сипаттамалары.

  34. “Бюджет” терминінің мағынасы. Бюджеттің қызмет түсінігі, әдістері және маңызы.

  35. Бюджеттік кридиттеу, оның әдістері және мақсаты. Бюджеттік дотация және субвенция, олардың атқаратын ролі. Маңызы және берілу тәртібі.

  36. Қазақстан Республикасында ақшасыз есеп айырысу: формалары және маңызы. Ақшасыз аударымдарды құқпен реттеу.

  37. Кәсіпорындардың “өзін-өзі өтеулері” және “өзін-өзі қаржыландырулары”. Кәсіпорындардың ақша қаражаттарын түсім көздері бойынша топтастыру, сондай-ақ олардың ақша қорларының түрлері.

  38. Қаржылық бақылау: түсінігі, топтастырылуы, принциптері және әдістері. Ревизия /тексеру/ оның түрлері.

  39. Қаржылық жоспарлар, түсінігі және құқылық формасы.

  40. Қаржылық-экономикалық институттар, олардың түсінігі. Қаржылық-экономикалық институттардың түрлері және олардың меншік формаларына сай топтастырылуы.

  41. Қаржылық-бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің бір түрі ретінде. Оның түсінігі, принциптері, топтастырылуы және әдістері, сондай-ақ қаржылық тәртіпті сақтаудағы маңызы.

  42. Қазақстан Республикасы ұлттық банкісінің бақылау, қадағалау жөніндегі міндеттері.

  43. Қаржылық құқтың деректемелері. Қаржылық құқтың ғылым ретінде пәні мен түсінігі және оның қаржылық /экономикалық/ ғылымдармен байланысы.

  44. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді және атқарушы өкімші органдарының жергілікті бюджет жөніндегі құқылары.

  45. Салықтық-құқылық қатынастар: топтастырылуы және өздеріне тән ерекшеліктері.

  46. ҚР Ұлттық банкісі белгілейтін экономикалық нормативтер және оның мемлекеттік өкімет және басқару органдарымен өзара іс-қимылдары.

  47. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі /түсінігі/ және оның құрамы. ҚР қаржы жүйесі институттарының сипаттамалары.

  48. Қаржылық құқтың жүйесі және оның жалпы, ерекше бөлімдері институттарының сипаттамалары.

  49. Мемлекеттік мүлікті және жеке басты сақтандыру: түсінігі және маңызы. Сақтандыру түрлері және сақттандыру қатынасттарының топтастырылуы.

  50. Қаржылық-құқылық қатынастар: түсінігі, түрлері және өздеріне тән ерекшеліктері. Қаржылық-құқылық қатынас субьектілері, олардың түрлері.

  51. Қазақстан республикасы Ұлттық банкісінің шетелдік валютамен және қымбат металдармен жасалатын операцияларды жүзеге асырудағы өкілеттіктері / ҚР 1995 жылғы наурыздағы ҚР Президенттінің “ҚР Ұлттық Банкі туралы” жарлығы.

  52. Банкілік қызмет: түсінігі, әдістері. Мемлекеттік банкілердің қаржылары және банкілік процент.

  53. Қазақстан Республикасындағы ақша айналымын басқару, айналымға банкноттар, теңгелер шығару, олардың курсын шет мемлекет ақша бөлінісіне теңеу, сондай-ақ шетелдік валюталар мен, қымбат /бағалы/ металдармен операциялар жасау құқықтары кімдерге берілген /ҚР 1995 жылдың 30 наурыздағы “ҚҚ Ұлттық банкісі туралы” “Валюталық реттеу туралы” заңдары бойынша ҚР Президентінің жарлығы бойынша.

  54. Қазақстан Республикасындағы ақшалар және ақша жүйесі. Ақшалардың түрлері, атқаратын функциялары және қаржылармен салыстырғандағы айырмашылықтары.

  55. ҚР бюджеттік процесс: түсінігі, стадиялары, бюджеттік кезең және бюджеттік жыл.

  56. Мемлекеттік кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдарының ақшалай қаражаттарының түрлері және олардың түсім көздері бойынша топтастыру. Кәсіпорындардың пайдаларын бөлу тәртібі.

  57. Қаржыландыру және кридиттеу: түсініктері және айырмашылықтары. Мемлекеттік кридит пен банкілік кридиттеудің түсінігі, мақсаттары және маңызы.

  58. Қаржылық-құқылық қатынастар, олардың түсінігі, түрлері және өздеріне тән белгілері. Қаржылық-құқылық қатынас субьектілерінің түрлері және олардың өз құқыларын қорғау тәсілдері.

  59. Қаржылық құқтың жүйесінің жалпы бөлімі институттарының сипаттамалары.

  60. Азаматтардан алынатын мақсатты алым: төлеушілері, алым мөлшері, алымды белгілейтін органдар мен алымның міндетті.

“Құқықтану” кафедрасына қарасты “ ҚР Қаржы құқығы пәні бойынша дәріс берудің тестік сұрақтары



1. Қаржы ұғымы, financia- латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

а) қолма қол ақша;

б) жанама ақша;

в) ақшаның пайдасы;

г) ақшаның түрлері;

2. Қаржы термині қандай мағыналардан тұрады?

а) материалдық мағынада, экономикалық категория ретінде;

б) материалдық мағынада, экологиялық мағынада;

в) ақшалай мағынада, материалдық мағынада;

г) экономикалық мағынада, қаржылық мағынада;

3. Мемлекет қаржысының функциялары қандай?

а) бөлу және қайта бөлу, бақылау функциялары;

б) бөліну, бақылау функциялары;

в) реттеу, бақылау функциялары;

г) бөлу, қайта жинау, реттеу функциясы;

4. Мемлекеттің қаржылық жүйесі қандай бөліктерді қамтиды:

а) қаржы қатынастарының жиынтығы; ақша қорларының жиынтығы;

басқарудың қаржы аппараты;

б) қаржы қорларының жиынтығы, басқарудың қаржы аппараты;

в) ақша қатынастарының жиынтығы, қаржылық бақылау аппараты;

г) қаржы жиынтығы басқару жиынтығы;



5.Жалпы мемлекеттік қаржы қандай болып келеді?

а) мемлекеттік бюджет, арнаулы бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік кредит;

б) мемлекеттік арнаулы бюджеттер, қорлар;

в) мемлекеттік бюджет, арнаулы бюджет;

г) мемлекеттік кредит және мемлекеттік бюджет;

6. Қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны бұл:

а) мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар;

б) мемлекеттік бюджет;

в) мемлекеттік кредит;

г) мемлекеттік ақша қорлары;

7. Мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредит қатынастарының жиынтығы:

а) мемлекеттік кредит ;

б) мемлекеттік бюджет;

в) мемлекеттік қорлар;

г) мемлекеттік ақша;

8. Қаржылық қызметтің, яғни мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануын ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар:

а) қаржылық құқықтың пәні;

б) қаржылық құқықтың функциясы;

в) қаржылық құқықтың мақсаты;

г) қаржылық құқықтың түрлері;

9. Қаржылық бақылау дегеніміз не?

а) Мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және мемлекеттің ақша қаражаттарын пайдалану процестерінің заңды түрде, сондай-ақ мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеру;

б) Мемлекеттің ақшаларын ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар;

в) Мемлекеттің ақша қаражаттарын еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылыстарының басым бағытттары бойынша қайта бөлінуі;

г) Қаржылық құқықтық қатынастарды реттеу;

10. Қаржылық бақылау жүзеге асыру уақыты бойынша қалай бөлінеді?

а) алдын-ала қаржылық бақылау; ағымдағы қаржылық бақылау; кейінгі қаржылық бақылау;

б) алдын-ала қаржылық бақылау; функциялық қаржылық бақылау;кейінгі қаржылық бақылау;

в) арнайы қаржылық бақылау, функциялық қаржылық бақылау, банктік бақылау;

г) арнайы қаржылық бақылау, ағымдағы қаржылық бақылау;

11.Орталықтандырылған ақша қорларының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория бұл:

а) бюджет;

б) валюта;

в) салық;

г) шығыс;

12. Мемлекет аумағындағы бюджеттерді қалыптастыру және бөлу, сондай-ақ осы бюджеттерден бөлінген ақша қаражаттарын пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы бұл:

а) бюджеттік құқық;

б) қаржылық құқық;

в) салықтық құқық;

г) валюталық құқық;

13. Бюджеттік қаржыландыруды тоқтатып тастауға кім құқылы?

а) ҚР қаржы министрлігі және жергілікті қаржы органдары;

б) Ұлттық банк төрағасы;

в) Қаржылық ұйымдар;

г) Салық комитеті;


14. Бюджеттік процестің басты сатыларын көрсет:

а) бюджеттің жобасын әзірлеу, бюджеттің жобасын қарау, бюджетті бекіту, бюджетті атқару және атқарылуына бақылау жүргізу, бюджетті жабу және атқарушы жөнінде есеп беру;

б) бюджетті талқылау, бюджетті әзірлеу;

в) бюджетті жабу , бюджеттер туралы есеп беру;

г) бюджеттің жобасы туралы мәліметтер беру, бюджетті талқылап реттеу, бюджеттің орындалуын қадағалау және бақылау жүргізу;

15. ҚР бюджет жүйесі қандай болып келеді?

а) республикалық және жергілікті;

б) мемлекеттік;

в) орталықтандырылған;

г) облыстық және аудандық;

16. ҚР бюджет жүйесі туралы заңы қашан қабылданды?

а) 1999ж.

б) 1998ж.

в) 1997ж.

г) 1996ж.

17. Бюджеттен тыс қорлардың түрлері қандай?

а) жол қоры, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры;

б) бөбек қоры;

в) сақтандыру қоры;

г) әлеуметтік қамсыздандыру қоры;

18. ҚР қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын, ҚР Үкіметінің немесе жергілікті құзыретті органдардың бюджет қарамағына жатпайтын ақша қорлары нысанында қалыптасып, қатаң мақсатқа бағытталған ақшалай қаражаттарды не деп атаймыз?

а) бюджеттен тыс қорлар;

б) қаржы қорлары;

в) мемлекеттік қорлар;

г) бюджеттік қорлар;

19. Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарының жинақталуы бұл:

а) кіріс;

б) шығыс;

в) бөлінуі;

г) жинақ;

20 Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге орталықтандырылған қордан бөлінетін қаржы бұл:

а) шығыс;

б) кіріс;

в) бөлінуі;

г) жинақ;

21. Бюджет бойынша шығыстың кірістен асып кетуі нені білдіреді?

а) бюджет тапшылығын;

б) бюджеттің көбеюін;

в) бюджеттің жинақталуын;

г) бюджеттің азаюын;

23. Мемлекеттік бюджетте жалпы ішкі өнім көлемінің неше шамасындағы тапшылыққа ғана жол беріледі?

а) 2-3%


б) 4-5%

в) 3-4%


г) 2-4%

24. Бюджеттің кірісі мен шығысының орындалу барысын кім қадағалап отырады?

а) Бюджеттік комиссия;

б) Бюджеттік орталық;

в) Үкімет;

г) Парламент;

25. Мемлекеттік бюджеттің кірісін нелер құрайды?

а) ) жоғарыдағы көрсетілгеннің барлығы

б) міндетті төлемдер;

в) жинаулар;

г; салықтар;

26. ҚР “Бюджет жүйесі туралы” заңының нешінші бабында Республикалық бюджетке түсетін кірістер көрсетілген?

а) 7-ші бабында;

б) 3-ші бабында;

в) 5-ші бабында;

г) 2-ші бабында;

27. ҚР “Бюджет жүйесі туралы” заңының қай бабында Республикалық бюджеттің шығыстары көрсетілген?

а) 9-шы бабында;

б) 6-шы бабында;

в) 7-ші бабында;

г) 2-ші бабында;

28. Тосын жағдайларға байланысты шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттер құрамында құралатын қор

а) бюджет резерві;

б) бюджеттік бақылау;

в) бюджет жүйесі;

г) бюджет статистикасы;

29. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көздеріне қайсысы жатады?

а) көрсетілгендердің барлығы;

б) сыртқы капитал рыногынан алынған қарыздар;

в) Ұлттық банктің кредиттері;

г) мемлекеттік құнды қағаздарды сатудан түскен табыстар;

30. Валюта итал.тілінен аударғанда қандай мағына береді?

а) құн, баға;

б) ақшалар;

в) ақшаның түрі;

г) ақшаның көлемі;

31. Тауарлардың құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланатын ақша өлшемі бұл:

а) валюта;

б) бюджет;

в) ақша;


г) ақшаның көлемі;

32. Валюталық пайдалану тәртіптері қандай?

а) айырбасталымды, ішінара айырбасталымды, айырбасталмайтын;

б) қолданатын, қолданылмайтын;

в) айырбасталымды, айырбасталмайтын;

г) қолданатын, мүлдем қолданбайтын және ішінара қолданылатын;

33. Айырбасталымды валюта дегеніміз ?

а) бұл топқа валюталық шектеу жойылған елдердің валютасы жатады;

б) валютаға, валюта операцияларын жасауға толықтай валюталық шектеу жойылмаған елдердің валютасы;

в) бұған барлық операциялар бойынша валюталық шектеу сақталған елдердің валютасы жатады;

г) тек Қазақстанда қолданатын ақшалар;

34. Ішінара айырбасталымды валюта дегеніміз?

а) валютаға, валюта операцияларын жасауға толықтай валюталық шектеу жойылмаған елдердің валютасы;

б) бұл топқа валюталық шектеу жойылған елдердің валютасы жатады;

в) бұған барлық операциялар бойынша валюталық шектеу сақталған елдердің валютасы жатады;

г) тек Қазақстанда қолданатын ақшалар;

35. Айырбасталмайтын валюта дегеніміз?

а) бұған барлық операциялар бойынша валюталық шектеу сақталған елдердің валютасы жатады;

б) валютаға, валюта операцияларын жасауға толықтай валюталық шектеу жойылмаған елдердің валютасы;

в) бұл топқа валюталық шектеу жойылған елдердің валютасы жатады;

г) тек Қазақстанда қолданатын ақшалар;

36. Валюта курсы дегеніміз не?

а) валюта бағамы бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігімен белгіленген құны;

б) валюта бағамымен бір елдің ақшасымен басқа елдің ақшасын ауыстыру;

в) валюта бойынша ақшаны ауыстыру;

г) валюта бойынша ақшаны көбейту;

37. Валюталық операциялардың түрлері қандай?

а) ағымдық және капитал қозғалысына байланысты;

б) ағымдық және негізгі;

в) негізгі және жанама;

г) экономикалық және қаржылық;

38. «ҚР Валютаны реттеу туралы» Заңы қашан қабылданды?

а) 24.12.1996ж.

б) 28.02.1997ж.

в) 27.12.1995ж.

г) 29.12.1998ж.

39. Тарихта қандай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан?

а) ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық;

б) ұлттық, дүниежүзілік;

в) аумақтық, республикалық;

г) республикалық, мемлекетаралық;

40. Шет ел валютасын сатып алу және ел валютасын сатып алу және онымен жасалатын операцияларды жүргізу тәртібін мемлекеттік реттеу жүйесін не дейміз?

а) валюталық бақылау

б) қаржылық бақылау;

в) валюталық реттеу;

г) қаржылық реттеу;

41. ҚР – ның жаңа ақшасы қашан шығарылады?

а) 1993ж.

б) 1992ж.

в) 1994ж.

г) 1995ж.

42. Ақша қандай түрлерде шығарылады?

а) қағаз ақша және құнды қағаздар;

б) қағаз ақшалар;

в) мыс ақшалар;

г) қағаз ақша, бағалы қағаздар, тиындар;

43. Валюталық бағам дегеніміз не?

а) Бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнелеген сол елдің ақша бірлігінің бағасы;

б) барлық елдердің валюталық ақша бірліктеріне белгіленген мөлшері;

в) Қолма-қол ақшаны шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру;

г) валютаның түрлері;

44. Металдық айналысқа байланысты аталып өткен ақша жүйесі қандай?

а) биметаллизм және монометаллизм;

б) биметаллизм;

в) монометаллизм;

г) металлизм және биметаллизм;

45. Биметаллизмнің неше түрі бар?

а) 3


б) 4

в) 5


г) 2


46. Биметаллизм бұл:

а) ақша жүйесіндегі жалпы құндық эквивалент рөлін заңды түрде екі металл атқарады;

б) жалпыға эквивалент ролін бір ғана металл атқаратын ақша жүйесі;

в) алтын және күміс монеталар арасындағы қатынас;

г) қосарлы ақша жүйесін мемлекеттік реттеу;

47. Монометаллизм бұл:

а) жалпыға эквивалент ролін бір ғана металл атқаратын ақша жүйесі;

б) ақша жүйесіндегі жалпы құндық эквивалент рөлін заңды түрде екі металл атқарады;

в) алтын және күміс монеталар арасындағы қатынас;

г) қосарлы ақша жүйесін мемлекеттік реттеу;


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет