ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені пән fprk 3304 Қаржы құқығы Мамандығы: 050509 Қаржы. 050301 Құқықтану Көкшетау 2012 поәк мазмұНЫ


Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқару



бет6/10
Дата11.04.2018
өлшемі1.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқару

  • Әкімшілік-аумақтық бөлісінің бюджет құқығы.

  • Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқару


  • Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуына ішкі және сыртқы бақылаудың негіздері.

    ТАҚЫРЫБЫ: БЮДЖЕТ ПРОЦЕСІ

    Жоспары:


    1. Бюджет процесінің ұғымы.

    2. Бюджет процесінің қағидалары.


    Лекцияның мақсаты: Бюджет процессінің қағидаларын жіктеп қарау.
    Лекцияның мәтіні:

    Бюджеттік тапшылықтардың орын алуына байланысты мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстардың бір бөлігіне бюджеттен тыс қорлар ретінде қалыптастыру біржағынан бюджеттен жұмслатын шығыстарды азайтса, екінші жағынан айтарлықтай мөлшерде бюджет тапшылығын жоюға ат салысытын болады. Бюджеттен тыс мақсатты қорлардың басты сипаттамасы өтпелі кезеңде мемлекеттің қорларынан тиімді және мақсатқа сай пайдалану болып табылады. Бюджеттен тыс қорлар тікелей пайдалануға қолайлы қаржылар болғандықтан, мемлекеттегі әлеуметтік – эканомикалық инфрақұлылымға тигізер ықпалына қарай бірінші кезекте қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған.

    Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі болып бөлінеді. Ал құқықтық тұрғыдан қарастырсақ ҚР-ның Заңдарына жарлықтарына сәйкес құрылатын және ҚР Үкіметінің қаулыларының талаптьары негізінде құрылатын бюджеттен тыс қорлар бар. Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерде осы қорларды қалыптастыру көздері де бірден белгіленеді. Сонымен, бюджеттен тыс қорлар деп ҚР қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын, ҚР Үкіметінің немесе жергілікті құзыретті органдардың бюджет қарамағына жатпайтын ақша қорлары нысанында қалыптасып, қатаң мақсатқа бағытталған ақшалай қаражаттарды айтамыз. Қазіргі кезеңде ҚР-да бюджеттен тыс қорлардың мына келесі түрлері көрініс тапқан: жол қоры, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры.
    Бақылау сұрақтары:

    1. Республикалық және жергілікті бюджеттік талқылау және мақұлдау реттігі.



    1. Бюджет процесінің қағидалары.

    ТАҚЫРЫБЫ: БЮДЖЕТ ПРОЦЕСІ


    Жоспары:
    1. Республикалық және жергілікті бюджеттік жобаларды құрастыру реті.

    2. Республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау реттігі.


    Лекцияның мақсаты: Республикалық және жергілікті бюджеттік жобаларды құрастыру ретімен таныстыру.
    Лекцияның мәтіні:
    Республикалық және жергілікті бюджеттерді және Ұлттық қорға жіберілетін бюджеттік түсімдерді жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджеттік түсімдердің көлемін және стратегиялақ міндеттерді, басымдықты ескере отырып әрі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процессі болып табылады.

    Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің болжамы жасалады.

    Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін ҚР Президенті айқындайды, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Үкімет айқындайды.

    ҚР Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуыныңы орта мерзімді жоспары, үкіметтің алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фисмкалдық саясаты, мемлекеттік, салалық (сеторалдық) бағдарламалар, Президенттің Қазақстан халқына ахуал және республиканың ішкі және сыртқы сясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауы, өткен және ағымдағы қаржы жылдарындағы республикалық бюджеттің атқарылуы нәтижелері, республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

    Республикалық бюджет жобасын әзірлеу үдерісі мынадай кезеңдерді кірістіреді:


      1. алдағы қаржы жылына арналған түсімдердің болжамды көрсеткіштерін айқындау;

      2. ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына арнлған шығыстардың лимиттерін айқындау;

      3. республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшелерінің бюджеттік өтінімдерді жасауы;

      4. республикалық бюджеттік бғдарламалар әкімишелерінің бюджеттік өтінімдерін қарау;

      5. алдағы қаржы жылоына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу;

    Бюджет процессіне маңызды рөл бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға беріледі, ол тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлейді және оларды қарауға Үкіметке табыс етеді, бюджеттік өтінім жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды.

    Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік комиссия қабылдаған шешімдердің негізінде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы негізінде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын жасайды және ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешіктірмей оны Үкіметке қарауға табыс етеді.

    . ҚР-ның “Бюджет жүйесі туралы” заңының 7-ші бабына сәйкес Республикалық бюджетке түсетін кірістер төмендегілер жатады:

    А) салықтар, басқа түсімдерден және басқа да міндетті төлемдер:



    • заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығы;

    • ҚР- да өндіріілген тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге қосымша құнына салық. Бұл кіріске Астана қаласында салық төлеушілер ретінде есепте тұратын тұлғалардың өндірген тауарларына орындалған жұмыстарына, көрсетілген қызметтерге, қосымша құн салығы және ҚР-ның территориясына шетелден әкелінген товарларға қосымша құн салығы жатпайды.

    • Астана қаласында салық төлеуші ретінде тіркелген тұлғалардың өндірген товарларына, орындаған жұмыстарына және көрсетілген қызметтеріне қосымша құн салығының 50 пайызы.

    • Шетелден әкелінген товарларға, өңделмеген мұнайға, газ конденсаттарына төленетін акциздер.

    • Артық пайдаға салық, шетел әкелінетін және сыртқа шығарылатын тауарларға баж салықтары, рояльти, отандық товар өндірушілерді қорғау мақсатында алынатын салықтар;

    • Түзілген контрактардағы өнімдерді бөлуден ҚР-ның алатын үлесін республикалық бюджетке түсетін бөлігі;

    • ҚР-ның территориясында автотранспорттық құралдарының жүргені үшін төлем бонустар

    Кедендік бақылау жүргізуден және кедендік процедура жүргізуден түсетін түсім.

    • жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін төлем;

    • су жолдарын пайдаланғаны үшін төлем;

    • азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу үшін түсім

    • радиоэлектронды құралдарды, жоғарғы жиіліктері қондырғыларды мемлекеттік тіркеуден түсімдер;

    • теңіздік, өзендік және кіші кемелерді мемелкеттік тіркеуден түсетін түсімдер;

    • телевизиялық және радиохабарларын тарату мекемелеріне радиожиілік спектрлерін пайдалануға рұқсат беру үшін түсетін түсім;

    • дәрі дәрмектерді мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін түсетін түсім;

    • мемлекеттік дәрежедегі ерекше қорғалатын табиғи территорияларды пайдалану үшін төлем;

    • мемлекеттік дәрежедегі жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бойында жарнама орналдастыру үшін төлем;

    б) салықтық емес түсімдер:

    • республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының пайдаларынан түсетін түсім ҚР Үкіметінің депозиті бойынша алынған сыйақы.

    • Мемлекеттік меншікке жататын акция пакеттерінен түсетін девиденттер

    • Жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша өткізілетін лоторей ойындарынан басқа, мемлекеттік лоторея ойындарынан түсетін кіріс;

    Мемлекеттің меншігіндегі мүліктерді жалға беруден түсетін табыс.
    Бақылау сұрақтары:

    1. Қазіргі кездегі бюджеттік қызметтің мәселелері және бюджеттік құқық мәселелері

    2. Бюджеттің қорытындысы.

    ХІІІ ЛЕКЦИЯ


    ТАҚЫРЫБЫ: Ақша реформасының құқықтық аспектілері
    Жоспары:

    1. Салықтың ұғымы

    2. Салықтың материалдық, экономикалық және заң белгілері.

    Лекцияның мақсаты: Қаржы құқықтық категориясы ретіндегі салықтың ұғымымен танысу.

    Лекцияның мәтіні:

    1. Салықтар - өте көп қырлы, мемлекттің даму кезеңдері өзгерген сайын нақтыландырылатын ұдайы жүзеге асырылатын міндетті ақшалай төлем болып табылады.

    Салықтар экономикалық және әлеуметтік – саяси қатынастардың өзінің бойында жинақтаулы күрделі әрі қоғам өмірінің көп аспектілі қаржылық құқықтық құбылысы болып табылады.

    Салық:


    • түсім көзі жалпы ұлттық табыстың белгіленген бөлігі болып табылатын төлем;

    • міндетті төлем;

    • жекелей - эквивалентсіз төлем;

    • қайтарылмайтын төлем;

    • мемлекет кірісін қалыптастыратын төлем;

    • ұдайы төлем;

    • мәжбірлі төлем;

    • заң жүзінде белгіленген төлем;

    • құқыққа сай төлем;

    • жүзеге асырылуы кезінде төленетін салық сомасының меншік нысанына ауысуымен көрініс табатын төлем;

    • мөлшері алдын ала айқындалған төлем;

    • қатаң белігіленген мерзімде жүзеге асырылатын төлем;

    • өте тұрақты салықтық міндеттемелер туындататын төлем;

    • белгіленіп, бекітілуі кезінде нақты салық төлеушілердің төлем қабілеттілігі есепке алынатын төлем;

    • ақшаның төлем құралы ретіндегі функциясын көрсететін төлем;

    • жүзеге асырылуы заңи жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілетін төлем;

    • тек құқықтық нысанда болатын төлем;

    • біржақты өктем тәртіппен мемлекет белгілеген төлем;

    Салық мемлекет тарапынан біржақты шығарылған заңдардың негізінде, сол заңдарда айқындалған нақтылы мөлшерде және және қатаң белгіленген мерзімдерде, Республикалық немесе жергілікті бюджет кірісін қалыптастыру мақсатында салықтық міндеттемелерін орындауға тиісті заңды және жеке тұлғалардан жүйеленген әрі тұрақты, түрде уәкілетті мемлекеттік органдар алатын баламасыз, қайтарымсыз, ақшалай міндетті төлем болып табылады.

    Салық салу процесінде нақтылы салық төлеуші орындауға тиіс салықтық міндеттемелер салықтық заң актілерінде белгіленген әрбір салықтық құрамдас бөліктерінің жиынтығы салық элементтері арқылы айқындалады.

    Салық элементтеріне:


    1. салық субъектісі;

    2. салық объектісі;

    3. салық базасы;

    4. салық базасын есепке алу тәртібі;

    5. салық ставкасы;

    6. салық салу бірлігі;

    7) салық заңы;

    8) салықтық кезең,

    9) салықты есепеу тәртібі;


    1. салықты төлеу мерзімі;

    2. салықты төлеу тәсілімен тәртібі,

    3. есеп беру кезеңі;

    4. салық жеңілдіктерімен преференциялары

    5. салықтық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік жатады.

    2. Өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыруына орай Салық комитеті:

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды қамтамасыз етуге уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізуге;

    -салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді әкімшілендіру әдістемесін әзірлеуге, сондай-ақ ақпараттық технологиялардың көмегімен функционалды рәсімдерді жүзеге асыруды басқару және бақылау әдістерін жетілдіруге қатысуға;

    салықтармен бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша мемлекеттік есептілікті жинаудың нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;



    • салық салу саласындағы заңнаманы коддану тәжірибесін талдау және қорытындылау, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

    • ынтымақтастықтын экономикалық аспектілері бар халықаралық шарттар мен келісімдердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізуге;

    • Комитеттің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

    • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сактай отырып, салықтық міндеттемелерді орындауға байланысты салық, төлеушінін ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарын, есептерін, сметаларын, ақшасының баржоғын, бағалы қағаздарын, есептемелерін, декларацияларын және өзге де құжаттарын тексеруге;

    • салық төлеушіден белгілеген нысандар бойынша салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және телеу (ұстап калу, аудару) жөніндегі құжаттарды, оларды толтыру бойынша түсіндірмелерді, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, жинақтаушы зейнетақы корларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің (ұстап қалу және аудару) дұрыстығы мен төлеудің уақтылығын растайтын құжаттарды беруін талап етуге;

    • салықтық тексеру жүргізу барысында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен салық төлеушіден салықтық құқық бұзушылықтардың жасалғанын куәландыратын құжаттарды алуға;

    • орналасқан жеріне қарамастан, кірістер алу үшін пайдаланылатын кез келген салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді тексеруге әрі салық төлеушінің мүлкін (тұрғын үйжайлардан басқа) түгендеуге;

    • өз құзыреті шегінде бақыланатын объектілерде дайын этил спиртін және алкоголь өнімдерін шығару көлемінің осы салада қолданылатын нормативтерге сәйкестігін тексеруге, сондай-ақ осы мақсаттарда тиісті объектілердің есепке алуды бақылау аспаптарымен жарақталуын, технологиялық. процесс нормалары мен ережелерінің сақталуын және этил спирті мен алкоголь өнімдерінің айналымын бақылауға; ,

    • этил спирті мен алкоголь өнімдерін және темекі өнімдерін өндіретін, сақтауды және сатуды, импорттауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруге;

    • өз құзыреті шегінде мемлекеттік медициналық кәсіпорындардың, сондай-ақ дәрілік құралдар мен фармацевтикалық препараттарды өндірушілердің этил спиртін пайдалануын бақылауға;

    • темекі өнімдерінің калдықтары мен айналымы туралы декларацияларды қабылдауға, олардың есебін жүргізуге және талдау жасауға;

    • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес темекі өнімдерін өндірудің паспорттарын қабылдауға және олардың есебін жүргізуге;

    • акцизделетін өнімнің өндірісі мен айналымынан акциздер түсімінің толықтығы мен уақтылығы бөлігінде акцизделетін өнімді сақтауды және сатуды, импорттауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды тексеруге;

    • Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша салық төлеушіден заңнамада белгіленген тәртіппен электрондық құжаттар түрінде ақпарат алуға;

    • тексерілетін салық төлеуші — заңды тұлға немесе жеке кәсіпкерге салық салуға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны күрайтын мәліметтерді жария ету талаптарын сактай отырып, банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан оның банктік есеп шотының бар екендігі және нөмірі, осы шоттардағы акшалардың калдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер алуға;

    • «Салық және бюджетке теленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларда салық төлеушінің салықтық міндеттемелерін жанама тәсілмен анықтауға;

    • өз құзыреті шегінде уәкілетті органдарды бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептеудіңдұрыстығы, алудың толықтығы және аударудың уақтылығы мәселелері бойынша тексеруге;

    • Комитеттің аумақтық органдарына орындауға міндетті нұсқаулар беруге және ез құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер шығаруға;

    • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды төлеу бойынша салықлық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту жөніндегі мәселелерді қарауға;

    • «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексінде) белгіленген тәртіппен салық декларациясын табысету мерзімін үзарту туралы шешім қабылдауға;

    • Қазақстан Республикасының заңнамалықактілеріне сәйкес әкімшілік жаза қолдануға, оның ішінде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар тұлғаны банкрот деп тану туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттің жарғылық капиталына қатысуымен салық төлеуші — акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару туралы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 49бабы 2тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы талаппен сотқа жүгінуге;

    -кадрлардың біліктілігін көтеру бойынша ісшаралар өткізуге құқылы.

    Сонымен бірге Қазақстан Республикасы заңнамасымен Комитетке берілген басқа да құқықтардың болуы мумкін.

    Бұл орайда мемлекетті қоғамның саяси жүйесінің субъектісі екенін ескерсек, оның қызметі тек өз қаржылық мәселелерін шешіп қана коймай, сонымен қатар қоғамның да ақшалай инфрақұрылымын құруға бағытталғанын байқаймыз.

    Мемлекетіміздін қазіргі нарықтық даму жағдайындағы салық салу саласындағы басқаруы оның салықтық құқығынын, маңызды элементі болып табылады.

    Мемлекеттің бюджет жүйесінің аса маңызды құраушы негізі мемлекеттің салықтық құқығының көмегімен мәжбірлеу арқылы алынатын міндетті төлемдер – салықтар, алымдар, баждар, төлемақылар және т.б. яғни жинақтап айтқанда салықтың түідер болып есептелінеді.

    Мемлекеттің салықтық қызметі ҚР салық жүйесі ауқымындағы салық салу процесін ұйымдастыруға және салық салуға байланысты барлық мән-жайларды қамтаасыз етуге бағытталған, салықтық заң актілеріне негізделген мемлекеттің объективті экономикалық қызметі болып табылады.


    Бақылау сұрақтары:

    1. Салық құқығының түсінігі және оның үйрету пәні.

    2. Салық құқығында қолданылатын құқықтық реттеу әдістері.

    3. Салық құқығының жүйесі.

    4. Салық құқығының шығу көздері.

    5. Салық заңының заман аралық, уақыт аралық және тұлғалар арасындағы қызметі.

    ТАҚЫРЫБЫ: ҚАРЖЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ РЕТІНДЕГІ САЛЫҚ


    Жоспары:

    1. Мемлекеттік алымдардың, мемлекеттік баж салығының және басқа бюджетке арналған төлемдердің ұғымы.

    2. Салық элементтері.

    3.Салық субьектісі және обьектісі


    Лекцияның мақсаты: Мемлекеттік алымдарының, мемлекеттік баж салығының және басқа бюджетке арналған төлемдерді талдау.
    Лекцияның мәтіні:

    Алымдар дегеніміз мемлекеттік уәкілетті органдар тарапынан өтінуші-келуші белгілі бір тұлғаларға қатысты нақтылы көрсетілген тиісті қызметтермен берілген құқықтар немесе арнайы рұқсаттар үшін сол заңды немесе жеке тұлғаларын алынатын мақсатты – бағдарлы, біршама – эквивалентті әрі міндетті ақшалай төлемдер

    Алым өзіне тән мынадай.


    1. біржолғы төлем;

    2. біршама эквиваленттік төлем;

    3. міндетті төлем;

    4. нақты тұлға үшін ерікті сипаттағы төлем;

    5. ақшалай төлем;

    6. өтемдік сипатта болатын төлем;

    7. көрсетілген қызметтің құны есепке алына отырып жүзеге асрылатын төлем;

    8. кейде мемлекеттің материалдық мүддесі басым болып кететін төлем сияқты белгілерімен ерекшеленеді.

    ҚР алым өзіне тән мынадай:

    1)біржолғы төлем;

    2) біршама эквивалентті төлем;

    3) міндетті төлем;

    4) нақты тұлға үшін ерікті сипаттағы төлем;

    5) ақшалай төлем;



    1. өтемдік сипатта болатын төлем;

    2. кейде мемлекеттің материалдық мүддесі басым болып кететін төлем сияқты белгілермен ерекшеленеді;

    ҚР алымдардың мынадай түрлері:

    1. заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін;

    2. жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін;

    3. жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін;

    4. радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін;

    5. механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін;

    6. Теңеу, өзен кемелері мен ағын көлемді кемелерде мемлекеттік тіркегені үшін;

    7. Адамзаттық әуе кемелерін мемлекеттік іркегені үшін;

    8. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін;

    9. Автокөлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүріп өткені үшін;

    Бақылау сұрақтары:


    1. Салық салудың пайда болу этапы мен дамуы.

    2. Салықтың жалпы және жекеше теориялары.

    3. Салық салудың классикалық принциптері.

    4. Салық салудың міндеттілік, анықталған және әділеттілік принципттері.

    5. Салық жүйесінің бірлік принципі және салық заңының орындалуы.

    6. Салық салудың пропорционалдық, прогресивтік және регрессивтік жүйесі.

    XIV ЛЕКЦИЯ

    ТАҚЫРЫБЫ: Ақша айналысын құқықтық тәртіптеу
    Жоспары:


    1. Мемлекетік несиенің, мемлекеттік шеттен алып пайдаланудың, мемлекеттік борыштың мемлекеттік несиеленуінің ұғымы.

    Лекцияның мақсаты: Мемлекетік несиенің, мемлекеттік шеттен алып пайдаланудың, мемлекеттік борыштың мемлекеттік несиеленуінің ұғымына талдау жасау


    Лекцияның мәтіні:

    Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданады. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен несие беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.

    Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.

    Несиелеу стандарты – бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.

    Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады.:


    • қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;

    • несиенің кепіл- хаттар және кепілдемелерін қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;

    • әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;

    • қарыз алушның несиелік қабілетін талдау тәртібі;

    • құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;

    • несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық немес тұтыну несиелері бойынша).

    Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы обьективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.

    Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелерлің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелігі және т.б. анықталады.

    Қазіргі несилік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:

    I топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі прициптер:



    • несиенің мақсаттылығы;

    • несиенің дифференциалдығы.

    II топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:

    • несиенің мерзіміділігі;

    • несиенің қайтарымдылығы;

    • несиенің төлемділігі;

    • несиенің қамтамасыз етілуі;

    Қазіргі несиенің дифференциалдық принципінің мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып – үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жеткшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.

    Мерзімділік - белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белігісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражат белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық прицинпі туындайды.

    Несиенің қайтарымдлығы оның экономикалық катергория ретінде басқа да тауарлы – ақшала қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылып ерекшелегімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық- несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.

    Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл принципіне ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты ұдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтмасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл принципті сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтмасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру принциптері тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол бермейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді. ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты - айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.

    Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгілетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттраы бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшермесінің өзгеруіне байланысты төмендегі отырған.

    Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуеттік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.



    Бақылау сұрақтары:

    1.Мемлекет саясатындағы ақшалай несиелік құқықтың негізі.



    1. Мемлекет саясатындағы ақшалай несиеліктің құралы.

    2. Рефинансирование саясаты.

    3. Есептеу саясат міндеті резерь саясаты.

    ТАҚЫРЫБЫ: МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ


    Жоспары:

    1. Мемлекеттік шеттен алып пайдаланудың түрлері және формалары


    Лекцияның мақсаты: Мемлекеттік шеттен алып пайдаланудың түрлері және формаларын саралау
    Лекцияның мәтіні:

    1. Несиелік жүйе мемлекет тарапынан болатын ықпалға ұшырайды. Мемлекеттік органдар және орталық банктер ұдай қолданылатын несиелік шектеулер, активтік операциялардың жасанды түрде қысқарылуын тудырады. Осылайша, несиенің экономикалық ғана емес, оның әкімшіліктік те шектері бар.

    Банктер өз саясатын қайта қарастыра отырып және несиенің берілуімен қызметтің басқа түрлері арасындағы қолайлы арақатнас табуға тырысады. Мысалы, қаржылық инженеринг жүйесі - әр түрлі экономикалық кеңес беруді қоса алғандағы, қаржылай қызмет көрсетулердің толық комплектісін ұсыну дамытылады.

    Кредитор ретінде банктердің ролі біршама төмендегеніне қарамастан, ол едәуір шамада қысқаруы мүмкін деп есептеуге негіз жоқ. Өйткені көптеген кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктері, бірінші кезекте, банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік компаниялар үшін, жеке түлғалар үшін де қарыз қаражаттарынн алудың анағұрлым ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізін ірі банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады.

    Несие жүйесінің институционалдық құрылымының оңтайлы формалары, капитал нарығында тиімді жұмыс істейтін тетіктер, коммерциялық құрылымдардың жаңаша қызмет көрсету әдістері ұдайы іздестіріледі. Тұрақты әрі тиімді банк жүйесін құру – Қазақстан экономикасын реформалауда маңызды міндеттердің бірі. Ішкі банк секторының барлық қатынас жүйесін, Ұлттық банк тарапынан басқарудың және қадағалаудың сипатын, банктердің өзара қарым-қатынасын және олардың клиенттерімен арадағы қатынасын, мемлекеттік бюджетпен есеп айырысуды және т.б. түбегейлі өзгерту қажет. Банкирдің психологиясын өзгерту, жан-жақты білімі бар, жаңашылдыққа бейім, тәуекелшіл банк қызметкерін тәрбиелеу – алда тұрған көп міндеттің бірі.

    Несиені беретін негізгі бағыттар - экономикалық жэне элеуметтік инфрақүрылымдар, агроөнеркэсіп объектілері, ауыл шаруашылығын өндіретін және қайта өндейтін өнеркәсіп. Банктің несиесі ең алдымен барлық жеке секторға, жекешелендірілген мемлекеттік бірлескен кәсіпорындарға, әсіресе дамып келе жатқан елдердің үкіметтеріне -сенімді қарыз алушы ретінде бағытталады. Несие ісі ақшалар саудасына бағытталған кәсіпкерлік қызметтің айрықша саласы болып табылады. Соның негізінде, несиелік операциялар жүргізіледі. Оларды әр алуан несие институттары жүзеге асырады. Операциялар ауқымы және шаруашылық айналымына қызмет көрсетудің маңыздылығы бойынша банктер негізгі болып табылады.

    Несие мекемелерінің соның ішінде, банктік мекемелердің түрлерін қарастырмас бұрын, біз банк және банк қызметі түсініктерін анықтауымыз керек. Әлемдік тәжірибеде банк қызметі- депозиттерді қабылдау және ссудалар беру болып табылады. Көптеген елдерде банк немесе несиелік мекеме болып өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы қағаздар сату, лизингтік және т.б операциялар сияқты қызметтерді көрсетумен айналысатын кез келген мекеме. Ал банктік емес институттарға заң негізінде депозиттерді қабылдауға, есеп айырысуларды жүргізуге, сақтандыру кепілдемелерін беруге тыйым салынады.

    Қазақстан Республикасының Президентінің банк және банктік қызмет туралы заңының 1-бабында көрсетілген, яғни банктің ресми мәртебесі оны ашуға Ұлттық банктің рұқсатымен, Әділет Министрлігінде банк ретіндегі заңды тұлғаны мемлекеттік реттеумен, және банктік операцияларды жүргізуге, Ұлттық банк тарапынан берілген лицензияның болуымен анықталады.

    Кез келген заңды тұлға, егер де оның банктік ресми мәртебесі болмаса «банк» деп аталуға тиіс емес.

    Банк арнайы өндіріс ретінде өнім өндіреді, бірақ, оның өнімі материалдық өндірісте өндірілетін өнімнен мүлде өзгеше. Ол тек тауар ғана өндірмейді, яғни тауардың ерекше ақша түріндей, төлем құралдарын өндіреді.

    Банктер немесе сондай институттар өте ертеректе пайда болған. Египетте банктік операциялар біздің эрамыздан бұрын 2700ж. жүзеге асырылған.

    Банктердің бастапқы қызметі төлемдегі делдалдық болған. Осындай делдалдың нәтижесінде банктер бос ақша капиталын пайыз әкелетін қызмет етуші капиталдарға айналдырады.

    Қазіргі банк ісінің қайнар көзін ең алдымен Италиядағы орта ғасырлық айырбаспен айналысушылар қызметінен іздестірген жөн.

    «Банк» ұғымы Италияның «banco» («айырбас орын», «ақша үстелі») деген сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407ж. Генуеде пайда болған. ХІІғ. Италияда алғашқы вексель пайда болды.

    Ең ірі танымал болған банк Флоренциядағы Медичи банкі болды. Флоренцияда орналасқан бас банк мекемесінің Еуропада 16 филиалы бар. Кейбір елдерде банктің біраз қызметтері заңмен шектеледі. Банк қызметінің қаншалықты қатаң регменттелуіне және лицензиялануына байланысты несие ісін ұйымдастырудың екі типін бөліп қарастырады. Нәтижесінде тарихта сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар пайда болады.

    Сегменттелген құрылым кейбір несиелік мекемелер түрлерінің операциялық қызмет сферасы мен қызметтерін қатаң заңды түрде бөлуді дұрыс санайды. Мұндай құрылымдар АҚШ-та, Жапонияда қалыптасты. Онда депозиттерді қабылдауға және қысқа мерзімді несиелер беруге байланысты банктік операциялар, заңды түрде компаниялардың бағалы қағаздарды шығаружәне оларды орналастыруға байланысты операцияларынан басқа да арнайы қызмет түрлері ажыратылған.

    Әмбебаптық құрылымда жекелеген операциялар түрлері қаржылық қызмет көрсету сферасына қатысты заңмен шектеулер болмайды. Барлық несиелік мекемелер барлық операциялар мен қызмет түрлерін орындай алады. Мұндай әмбебап «қаржылық универмагтар», супермаркеттер типтері Францияда, Швейцарияда, Ұлыбританияда және т.б. қалыптасты. Бұл елдерде несие жүйесінің кейбір буындарының операциялары менмамандануы арасында шекара болмайды. Біздің елімізде коммерциялық банктер әмбебап бола отырып, көптеген банктік операциялармен айналысады.
    Бақылау сұрақтары:


    1. Ашық рыногында өткізілетін операция саясаты.

    2. Депозитті саясат.

    3. Валюттік саясат құнды қағаздардың құқықтық реттеудегі қолданысы.

    4. Мемлекеттік құнды қағаздардың түрлері

    XV ЛЕКЦИЯ

    ТАҚЫРЫБЫ: Мемлекеттік ақша-несие саясатының құқықтық негіздер

    Жоспары:


    1. ҚР Банк жүйесі.

    1. Банк қызметін мемлекеттік басқару.

    Лекцияның мақсаты: Банк қызметтерін мемлекеттік басқару аясымен танысу


    Лекцияның мәтіні:

    Банк – ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.

    Банктің пайда болуы мен дамуы тауар ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді.

    Бүгінде мемлекетімізде жүргізіліп жатқан жан-жақты реформалар банктік қызметаясында да айтарлықтай ықпалын тигізуде. Осы орайда банктік қызметтің мақсатты бағыт-бағдарларының жаңаша рыноктық сипат алуы еліміздегі әлеуметтік – экономиклық және саяси жүйедегі процестермен айқындалуда.

    Қазіргі уақытта банктік қызмет қоғам мүддесі мен мемлекет қажеттілігіне байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетін, қаржы жүйесін және қаржылық рынокты нарықтық жағдайларға сай келтіруге, кредиттік жүйені және инвестициялық белсенділікті дамытуға, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты тиісінше қамтамасыз етуге ат салысатын, тиісті заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын экономикалық сипатты мемлекеттік қызмет, сондай-ақ жекеше, корпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, лицензияланатын банктік операциялар мен мәмілелер ретінде көрініс тауып отыр.

    Бүгінде қоғам мен мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүдделерін қаматамысз етуді көздей отырып Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму банкі, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ банкі жұмыс істеуде. Мысалы, Қазақстан Ұлттық Банкі ақша айналысы, валюталық реттеу, кредиттеу және есеп айырысу саласындағы мемлекеттің бірыңғай саясатын жүргізу, сондай-ақ республикалық бюджет мүдделерін және өз шығынын ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі банктік операцияларды жүзеге асырады.

    Коммерциялық банктер қолма қол ақшасыз айналымды және қолма қол ақша айналысын ұйымдастыру; кредиттеуге қажетті қаражаттарды тарту-жұмылдыру; негізгі құралдарға байланысты күрделі салымдарды қаржыландыру; тұрғылықты халықтың ақша қаражаттарын жинақтауды ұйымдастыру, бағалы қағаздар, вексельдер және чектер шығару, уәкілетті банктер ретінде түрлі валюталық операциялар жүргізу сияқты және т.б. қызметтерін тиісті заңнамалық актілер, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер мен лицензиялар негізінде жүзеге асырады.

    Банктер өз қызметтері барысында барынша пайда табуға ат салысады. Банктік қызметтің затына ақшалар, валюталық құндылықтар және өзге де қаржылық инструменттер жатады.

    Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретінде дамуы, оның экономикалық қауіпсіздігі, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының мемлекетік кәсіпорындар мен мекемелердің үзбей жән тиімді жұмыс істеуі елдің стратегиялық маңызы бар банк жүйесін жай-күйі мен тұрақтылығына әрі орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей байланысты болады.

    Қазақстан республикасының банк жүйесі екі деңгейден жоғарғы және төменгі деңгейден тұрады.

    Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі егемен Қазақстанның орталық банкі болып табылатын Қазақстан Ұлттық Банкінен тұрады.

    Мемлекетің монетарлық билігінің және мемлекеттік банктік менеджменттің басты органы Қазақстан Республикасының экономикалық қаржылық мүддесін тиісінше қамтамасыз етуге ат салысады.

    Қоғам мен мемлекеттің мүддесіне сай инвестициялық-қаржылық және кредиттік құзыреті бар Қазақстанның Даму Банкі өзінің ерекше құқықтық мәртебесіне орай деңгей аралық мемлекеттік банк ретінде көрініс тапқан.

    Қазақстан Республикасы банк жүйесінің төменгі деңгейін:



    1. мемлекетаралық банктер;

    2. Қазақстан Республикасының резидент банктері (заңды тұлғалары – коммерциялық ұйымдары);

    3. Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер;

    4. шетелік қатысуы бар Қазақстан Республикасының резидент банкі – аралас капиталы бар банктер құрайды.

    Қазақстан Республикасының осындай нарықтық үлгідегі банк жүйесінің құрылуы және оның нормативтік құқықтық негіздерінің айтарлықтай қалыптасуы елімізде үзбей жүргізіліп жатқан экономикалық және құқықтық реформаның жемісті нәтижесінде жатады.

    Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі коммерциялық банктер акционерлік қоғам нысанында құрылған, Қазақстан Республикасының банктер, банктік қызмет туралы заңнамалық актілері, өздеріне қатысты өзге де заңнамалық актілермен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер,сондай-ақ арнаулы лицензиялар-рұқсаттар негізіінде банктік операциялармен мәмілелердің барлық түрлерін және тиісті қаржылық қызметті кең ауқымда жүзеге асыратын коммерциялық заңды тұлғалар кредиттік ұйымдар болып табылады.

    Банк жүйесінің төменгі(екінші)деңгейіндегі коммерциялық банктер кәсіпкерлік қызметтің айырықша түрін банктік операцияларды тиісті заңдарға және лицензияларға сәйкес жүзеге асыруы арқылы (нәтижесінде)белгілі бір көлемде мол райда табуды көздейтін, таза нарықтық сипаттағы коммерциялық институттар ретінде ерекшеленеді.

    Коммерциялық банктер Қазақстан тРеспубликасының тиісті заңдарында заңды тұлғалар үшін белгіленген тәртіппен және банктер туралы заңдарда белгіленген мән-жайлар мен ерекшеліетер негізінде акционерлік қоғам нысанында құрылады.

    Жаңадан құрылған коммерциялық банктің акционерлік банктің жарғылық капиталына Әділет министрлігінде не оның жергілікті бөлімдерінде банкті тіркейтін мерзімге қарай елу процент мөлшерінде және тіркелген күннен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде толығымен төлем жасайды.
    Бақылау сұрақтары:


      1. Қаржылық қызметтің банктік қызмет секілді дамуы.

    2.Банктік қызметтің орындалуын құқықтық реттеу.

    1. Банктік қызметті мемлекеттік реттеу және оның әдістері.

    2. Банктік қызметке мемлекеттік реттеу және оның әдістері.

    3. Банктік қызметке ұсынылатын пруденциялық нормативтер және өзгеде міндетті нормалар.

    ТАҚЫРЫБЫ: БАНК ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУДЫҢ ҰЙЫМДАСҚАН ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ


    Жоспары:

    1.ҚР Банк жүйесі.

    2. Банк қызметін мемлекеттік басқару.
    Лекцияның мақсаты: Қазақстан Ресчпубликасының Банк жүйесінмен ондағы басқару әдістерін саралау
    Лекцияның мәтіні:

    1989 жылдан бастап, елімізде алғашқы коммерциялық банктер, кооперативтік және жеке банктер қатары жұмыс істеді.Сол жылы алғаш құрылған коммерциялық банктерге – Интеринвестбанк, Крамдсбанк, қазіргі Казкоммерсбанк және т.б. жатады.

    1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.

    1990 жылы желтоқсан айында қабылданған ҚазКРО –ғы банктер және банктік қызмет туралы алғашқы заң Қазақстандағы банктіәк реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды.

    Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалау бағдарламасына сай жүзеге асырылды.

    Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қлл жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды рөль атқарды.

    Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда , олардың көрсетіп отырғандай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады.

    Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:



    I кезең. 1988-1991.(КСРО-ның тұсында )- мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикадағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер құру ; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекеленген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.

    II кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары –рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.

    III кезең.1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі , яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша- несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджетжәне банктермен қарым –қатынас орнатудың классикалық қағидаларыыын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.

    1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

    а) Ұлттық (орталық) банк қызметіне байланысты:


    • Мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық банк пен Қаржы министірлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;

    • Коммерциялық банктердің өтімділігін толық қолдау механизімінің жеткіліксіздігі;

    • Екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау және реттеу жүйесінің баяу құрылуы;

    • Валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта қалушылық;

    • Макроэкономикалық процестерді жедел түрде талдау, оларды болжау және шешім қабылдауда пайдалану денгейінің төмендігі;

    • Осы уақытқа дейін пайдаланып келегн Ұлттық банк пен екінші денгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандартқа және нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі ;

    • Ұлттық банк жүйесіндегі еңбек ақының төмендігінен кадрлардың кету денгейінің жоғарылығы;

    ә)Екінші денгейдегі банктерге байланысты:

    • Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;

    • Қаржы ресурстарын жинақтаудың іс жүзіндегі механизмдерінің әлсіздігі;

    • Шаруашылық субъектілерінің несиелеу барысында жобаларды бағалау денгейінің және банк үшін несие беруден туындайтын тәуекелді бағалау дәрежесінің, сондай-ақ несиенің қайтарылуына жасалатын бақылаудың қанағаттанарлықсыз денгейде болуы;

    • Орта және ұзақ мерзімде ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды іске асыруға мүмкіндік беретін, банктердің капиталдану денгейінің жеткіліксіздігі;

    • Прогрессивті қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып, игерудің баяулығы;

    • Банк қызметкерлерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен денгейде болуы.

    Сонымен бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта түрлендіруге байланысты бірқатар шаралыр 1994 ж. Орта кезеңінен басталып, 1995 жылға дейін жалғасты.

    Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша Кабинет Министірдің Қаулысына сай арнайы құрылған комиссия Қазагроөнеркәсіп банкіне санация процесін жүргізіп, ондағы орталықтандырылған несиелерге байланысты мерзімі өтен қарыздарды Қазагроөнеркәсіп банктің балансынан Қаржы Министірлігінің қармағында құрылған ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мемлекеттік қорының балансына беру шараларын іске асырды.

    Екінші кезекте, Қазақстан Әлем Банкін 1994 жылдың орта кезеңінде Мемлекеттік Экспорттық –импорттық банкке және әмбебап акционерлік ӘлемБанкке бөлу шаралары жүзеге асты.Сөйтіп, ол уақыттағы ӘлемБанктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі –35 құрады. Бұл бір жағынан , ӘлемБанктегі мемлекеттің қаржысы мен мемлекеттік емес акционерлер қаржыларын өзара бөлуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан Әлем банктегі монополияны жоюға мүмкіндік жасады.

    Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандандырылған Халық банкін әмбебап банкке түрлендіру шаралары жүргізілді.Түрлендіру мынадай үш кезеңді қамти:



    Бірінші кезеңде мемлекеттік емес акционерлерден акцияларын сатып алу жолымен 100мемлекеттік меншікті қалпына келтіру және оның жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында мемлекеттен жалға алған ғимаратын Халық банкінің меншігіне беру, сондай-ақ 01.01.1992ж жағдайға байланысты халық салымдарын индексациялау жүйесін анықтау міндеті белгіленді.

    Екінші кезеңде Халық банкіне пластикалықдебеттік және кредиттік карточкаларды енгізу және олардың қолданылу ауқымын кеңейту міндеті жүктелді.

    Үшінші кезеңде Халық банкісінің алдында Ұлттық банк белгілеген пруденциалдық нормативтерге сай 01.01.1998ж. бастап салымдарды мемлекеттің толық сақтандыру жүйесіне өтуге дайындық жасап және жекешелендірудің бірінші кезеңін бастау міндеті тұрды.

    Төртінші кезеңде әмбебап банк –Тұран банктегі мемлекеттің үлесі анықталып, ондағы негізгі боышқор-кәсіпорындардың бір бөлігі 1995 жылы жаңадан құрылатын Медетші банкке берілетін болды.

    Бесінші кезеңде әмбебап банк- Кредсоцбанктегі мемлекеттің үлесі -40,3мөлшерінде анықталды. 1995 жылдың қаңтар айының аяғына таман оның жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін сату бағдарламасын Ұлттық банк даярлауға тиіс болды. Коммерциялық банктер үшін нақты секторды қысқа мерзімді несиелеу тиімсіз болып табылғандықтан , орта және ұзақ мерзімді несиелеу қызметін өз міндетіне алатын мамандандырылған мемлекеттік банктерді құру қажеттігі туды.

    Сонымен, Қазақстанда банк секторын реформалау бағдарламасын іске асыру шегінде Экспортты – импорттық банк, Мемлекеттік даму банкі және Тұрғын үй құрылыс банкі құрылды. Мамандандырылған Банктер қатарына халыққа қызмет көрсетуге маманданған Халық Жинақ банкі де болды.

    Мемлекеттік даму банкі-бұл Қазақстан үшін дәстүрлі емес, даму және ғылыми ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін,экспорттық несиелер мен инвестицияларға сақтандыру және кепілдеме беру үшін Әлем банктен бөлініп шыққан банк.

    Тұрғын үй құрылыс банкі –бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық құрылысшылары арқылы несиелеуге, халық үшін тұрғын үй жинақ шоттарын қалыптастыру, ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банк.

    Медетші банк –бұл Дүниежүзілік банктің ықпалымен Проблемалық кәсіпорындар үшін госпиталь ретінде құрылған банк. Бұл банкті құру туралы жарғыға сай, ол небәрі 4 жыл мерзімге қызмет етуге уақытша құрылды.

    Ұлттық банктің 1995 жылғы реформалау нәтижесінде қолданған шаралары қаржылық және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді. Ең бастысы, ақша- несие реттеу әдістері мен құралдары әрі қарай дами түсуде.

    Банктерді қайта қаржыландыру механизімі түбірімен өзгерді. 1995 ж. ақпан айынан бастап, директивті несиелерді беру тоқтатылды.Орталықтандырылған көздер есебінен берілетін несиелер көлемі мен мерзімі қысқарып, экономиканы несиелеу қызметі Ұлттық банктен екінші денгейдегі банктерге ауысты. Ұлттық банк орталық банктерге тән қызметк: қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында екінші денгейдегі банктерге несие беру, Үкіметке несие беру және ақша-несие және валюталық реттеумен айналысуға көшті.

    1995 жылдың бірінші жартысында Ұлттық банктің екінші денгейдегі банктерге берілетін несиелері несиелік ресурстар аукционы арқылы 3 ай мерзімге дейін берілсе, ал екінші жартысында операциялардың ауыртпалығы мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығын өте бастады. 1995 жылы қыркүйек айынан бастап ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсу қарқынына шек қою мақсатында Ұлттық банк айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығару арқылы ақша массасын реттеп отырады.

    1995 жылы Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің нақты мәнін қалпына келтірді. Инфляция төмендеді. Айталық, 1995ж қаңтар айындағы инфляцияның қарқынын 8,9 -дан, қыркүйек айында –2,4-ға дейін төмендету нәтижесінде қайта қаржыландыру мөлшерлемесі. Айта берсек, тағы да басқа көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.

    Ұлттық банктің 1996-1998 жылға арналған Қазақстан Республикасының банк жүйесін реформалау бағдарламасына сай банктік реформалау әрі қарай жалғасты.

    Банк реформасының жүргізу бағдарламасының басты мақсаты- ҚР ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын әрі қарай арттыру және экономиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші денгейдегі банктердің жүйесін нығайту.

    Көздеген мақсатқа жетуде Ұлттық банк мынадай міндеттерді шешуге күш жұмсайды:



    1. Ақша –несиелік реттеу әдістері мен құралдарын жетілдіру;

    2. Елдің қаржы нарығына Ұлттық банктің араласуы арқылы қолма-қол ақша айналымында әкімшілік басқаруды күшейту;

    3. Валюталық реттеудің дамыту және алтын валюта резервін басқару;

    4. Банктік қадағалау жүйесін және банк қызметін реттеу принціптерін түбірімен өзгерту

    5. Бухгалтерлік есепті және банк жүйесін реформалауды аяқтау;

    6. Ұлттық банктің басқа елдердің орталық банктермен және басқа да қаржылық институттармен байланысып, халықаралық қаржы ұйымдарына қатысты;

    7. Ұлттық банктің құрылымын жеңтілдіріп, кадр және техникалық әл-ауқатын нығайту;

    8. Екінші денгейдегі банк жүйесін сауықтандыру;

    9. Төлем жүйесінің дамыту;

    10 Елдің банк жүйесінің қызмет етуінің және реформалауының құқықтық қамтамассыз етілуін жетілдіру.
    Бақылау сұрақтары:

    1. Сақтандырудың және сақтандыру қызметінде қолданылатын негізгі түсініктемелер.

    2. Сақтандыру функциалары.

    3. Әлеуметтік сақтандыру және сақтандырудың кәсіпкерлік қызмет түріне қарай. Сақтандырудың тарихи түрлері.

    4. Қаржы мен сақтандырудың қарым қатынасы.

    5. Сауда рыногы экономикасы шарттарындағы сақттандыру.

    “Қазақстан Республикасының Қаржы құқығы” барлық тақырыптары бойынша оқып үйренуге ұсынылатын нормативті актілер мен негізгі әдебиеттер:


    1. “ҚР Конституциясы” 1995 жыл.

    2. “Республика президенті туралы” конституциялық заң, 6 май 1999 ж.

    3. ҚР мемлекеттік қызметі туралы заң күшіндегі ҚР Президентінің жарлығы 26.12.1996 ж.

    4. ҚР үкіметінің құрылымы туралы ҚР Президентінің жарлығы.

    Худяков А.И Финансовое право РК. Общая часть Алматы: қаржы-

    қаражат 1995 ж.

    2.Худяков А.И Основы теории финансового права. Алматы: Жеті

    жарғы 1995 ж.

    3.Худяков А.И“Налоговая система РК”. “Подоходный налог”. Алматы;

    Баспа 1997 ж.

    4.Найманбаев С.М “ҚР қаржылық құқығы”. Алматы. Жеті жарғы 1994 ж.

    5.Найманбаев С.М. “ҚР салықтық құқық”. Алматы: Жеті жарғы 1996 ж.

    6. Гурбоновой О.М. Финансовое право, учебник под ред. М.”Юрист”, 1996

    7. Химичева Н.И. Финансовое право. М, Бек, 1996

    8. Гуреев В.И. Налоговое право. М, “Экономика” 1997

    9. Худяков А.И, Русско-казахский финансово правовой тольковый

    Найманбаев С.М.словарь. Алматы, 1997

    10.Петрова Г.Ф “Налоговое право”, М. Норма, 1997



    Пайдаланатын нормативтік құқықтық актілер.

    1. ҚР Конституциясы, Алматы “Жеті жарғы” 1995 ж.

    2. ҚР Азаматтық кодекс /Жалпы бөлім /. ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомстісі. 1994ж. № 23-24

    3. Қаз ССР Азаматтық кодексі. Алматы, 1989 ж.

    4. ҚР “Банкілік қызметке байланысты кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 1997 ж. 11 шілдедегі Заңы. ҚР Парламентінің ведомстісі. 1997 № 13-14

    5. ҚР “ҚР Жергілікті өкілді және атқару органдары туралы” 10 желтоқсан 1993 жылғы Заңы. ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомсті. 1993 ж. №23-24

    6. ҚР Президентінің “ҚР банктері және банкілік қызмет туралы” 31 тамыз 1995 ж. заң күші бар жарлығы. ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомстісі 1995 ж. №15-16

    7. ҚР Президентінің “Лицензиялау туралы” 17 сәуір 1995 жылғы заң күші бар жарлығы. ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомстісі. 1995 ж. № 3-4

    8. ҚР Президентінің “Мемлекеттік кәсіпорын туралы” 19 маусым 1995 жылғы Заң күші бар жарлығы. 1995 ж. № 9-10

    9. ҚР Президентінің “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тутралы” 17 сәуір 1995 жылғы заң күші бар Жарлығы. ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомстісі 1995 ж. № 3-4

    10. ҚР Президенттінің “Шаруашылық серіктестіктер туралы” 2 мамыр 1995 жылғы заң күші бар Жарлығы. 1995 ж. № 7, № 15-16

    11. ҚР Президентінің “ҚР Президенті туралы” 26 желтоқсан 1995 жылғы заң күші бар Жарлығы. ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомсті. 1995 ж. № 24

    12. ҚР Президенттінің “ҚР Парламенті және оның депутаттарының статусы туралы” 16 қазан 1995 ж. заң күші бар Жарлығы. ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомстісі, 1995 ж. № 21

    23. Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz

    24. Электронное Правительство Республики Казахстан http://e.gov.kz

    25. Кәсіпкерлік қызметке салық салу, Кенжебеков Ш., ЦДО, 2007

    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
    “Құқықтану” кафедрасы

    Пән FPRK 3304 Қаржы құқығы пәні бойынша

    : 050509 Қаржы .050301 Құқықтану мамандығының студенттері үшін

    Студенттердің өзіндік жұмысының жоспары

    (СӨЖ)

    СӨЖ – ТАҚЫРЫПТАРЫ







    СӨЖ Тақырыбы

    Сағат саны

    Бақылау түрі

    Әдебиеттер

    1

    1-тақырып. Қаржы құрылымының құқықтық негіздері.

    1. Мемлекеттік қаржы құрылымы және оның элементтері.

    2. Жалпы бөлімінің институты түсінігі




    7

    Топтық жаттығулар

    1.Худяков А.И. Финансовое право РК. Общая часть Алматы: қаржы- қаражат 1995 ж.

    2.Худяков А.И. Основы теории финансового права. Алматы:Жеті жарғы 1995 ж.

    3.НайманбаевС.М. “ҚР қаржылық құқығы”. Алматы. Жеті жарғы 1994 ж.


    2

    2 – тақырып. Қаржы құрылымының құқықтық негіздері.

    1. Қаржы құраламын құқықтық реттеу.

    2. Мемлекеттік қаржы құрылымының буындары.


    1. Қаржы реттеуінің міндеттері.

    2. қаржы реттеуінің әдістері.




    7

    Жеке жаттығулар

    1.Худяков А.И. Финансовое право РК. Общая часть Алматы: қаржы- қаражат 1995 ж.

    2.Худяков А.И. Основы теории финансового права. Алматы:Жеті жарғы 1995 ж.

    3.НайманбаевС.М. “ҚР қаржылық құқығы”. Алматы. Жеті жарғы 1994 ж.


    3

    3–тақырып. Мемлекеттік қаржы саласында басқару.

    1. Мемлекеттік қаржы қызметіне қатысты “Басқару” терминінің мағынасы.

    Жалпы бөлімнің институты түсінігі мемлекеттік қаржы саласында басқару ұғымы

    7

    демонстрациялар

    1.Худяков А.И. Финансовое право РК. Общая часть Алматы: қаржы- қаражат 1995 ж.

    2.Худяков А.И. Основы теории финансового права. Алматы:Жеті жарғы 1995 ж.

    3.НайманбаевС.М. “ҚР қаржылық құқығы”. Алматы. Жеті жарғы 1994 ж.


    4

    4- тақырып. Мемлекеттік қаржы саласында басқару.

    1. Мемлекеттік қаржы саласында Қазақстан Республикасының өкілдік органдардың компетенциялары

    Мемлекеттік қаржы саласында Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының компетенциялары

    7

    дискуссиялар

    1.Худяков А.И. Финансовое право РК. Общая часть Алматы: қаржы- қаражат 1995 ж.

    2.Худяков А.И. Основы теории финансового права. Алматы:Жеті жарғы 1995 ж.

    3.НайманбаевС.М. “ҚР қаржылық құқығы”. Алматы. Жеті жарғы 1994 ж.


    5

    5 –тақырып. Қаржы жоспарлаудың құқықтық негіздері.

    1. Мемлекеттік қаржы қызметі ретінде қаржы жоспарлаудың ұғымы.

    2. Қаржы жоспарлаудың обьектісі.

    3. Қаржы жоспарлау органдары

    4. Қаржы жоспарлаудың құқықтық формалары және қағидалары



    6

    Ауызша сұрақтар

    1.Худяков А.И. Финансовое право РК. Общая часть Алматы: қаржы- қаражат 1995 ж.

    2.Худяков А.И. Основы теории финансового права. Алматы:Жеті жарғы 1995 ж.

    3.НайманбаевС.М. “ҚР қаржылық құқығы”. Алматы. Жеті жарғы 1994 ж.


    6

    6- тақырып Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығындарын құқықтық реттеу.

    1. Бюджет құрылымы

    2. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі. Салық және басқа түсімдер. Салықсыз түсімдер.

    3. Мемлекеттік бюджеттің шығын бөлігі

    4. бірыңғай бюджеттік жіктеу.

    5. ҚР Ұлттық қоры




    6

    тренинг

    1.Худяков А.И. Финансовое право РК. Общая часть Алматы: қаржы- қаражат 1995 ж.

    2.Худяков А.И. Основы теории финансового права. Алматы:Жеті жарғы 1995 ж.

    3.НайманбаевС.М. “ҚР қаржылық құқығы”. Алматы. Жеті жарғы 1994 ж.

    5.Найманбаев С.М. “ҚР салықтық құқық”. Алматы: Жеті жарғы 1996 ж.




    7

    7- тақырып Салық құқығының жалпы бөлімі.

    1. Салық құрылымы. ҚР салық жүйесі. ҚР салық жүйесінің ұйымдық қағидалары.

    2. Салық салу саласында басқару. Салық қызметі органдарының құрылымы, құқықтары және міндеттері.

    3. Салық міндеті. Салық міндетінің құрылымы. Салық міндетінің орындау. Салық міндетін орындауға мерзімінің өзгеруі. Салық міндетін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері. Салық қарызының мәжбүрлік жаза белгілеуінің шаралары

    Салықтық бақылау. Салық төлеушілерін мемлекеттік тіркеу және түгендеу. Салықық тексерістер. Салықтық тексерістің нәтижелеріне шағымдану.

    6

    Тест

    1.Худяков А.И. Финансовое право РК. Общая часть Алматы: қаржы- қаражат 1995 ж.

    2.Худяков А.И. Основы теории финансового права. Алматы:Жеті жарғы 1995 ж.

    3.НайманбаевС.М. “ҚР қаржылық құқығы”. Алматы. Жеті жарғы 1994 ж.

    5.Найманбаев С.М. “ҚР салықтық құқық”. Алматы: Жеті жарғы 1996 ж.




    8

    8- тақырып Салық құқығының ерекше бөлімі.

    1. Бірлескен табыс салығы. Дара табыс салығы. Әлеуметтік салығы.

    2. Қосылған құнға салық. Акциздер

    3. Салықтар және жер қойнауын пайдалануға арналған төлемдер.

    4. Жер салығы. Көлік ұралдарына салық. Мүлік салығы.

    5. Арнайы салық тәртіптері.




    6

    Жұмыс ойыны

    Тест


    1.Худяков А.И. Финансовое право РК. Общая часть Алматы: қаржы- қаражат 1995 ж.

    2.Худяков А.И. Основы теории финансового права. Алматы:Жеті жарғы 1995 ж.

    3.НайманбаевС.М. “ҚР қаржылық құқығы”. Алматы. Жеті жарғы 1994 ж.

    5.Найманбаев С.М. “ҚР салықтық құқық”. Алматы: Жеті жарғы 1996 ж.




    9


    9- тақырып Орталықсыздандырылған қаржыларды құқықтық реттеу.

    1. “Орталықсыздандырылған қаржы”, “халық шаруашылық бұтақтарының қаржысы”, “кәсіпорындардың қаржысы” түсініктерінің мағынасы.

    2. Мемлекеттік және мемлекеттік емесұйымдар ақша қорларының құқықтық ахуалындағы ерекшеліктер.




    6

    Тест

    1.Худяков А.И. Финансовое право РК. Общая часть Алматы: қаржы- қаражат 1995 ж.

    2.Худяков А.И. Основы теории финансового права. Алматы:Жеті жарғы 1995 ж.

    3.НайманбаевС.М. “ҚР қаржылық құқығы”. Алматы. Жеті жарғы 1994 ж.


    10

    10- тақырып Орталықсыздандырылған қаржыларды құқықтық реттеу.

    1. Қаржы – шаруашылық құқығының ұғымы.

    2. Мемлекеттік кәсіпорындар ақша қорларының қаржылық-құқықтық тәртібі

    3. Мемлекеттік емес кәсіпорындар ақша қорларының қаржылық құқықтық тәртібі.

    6

    Ауызша сұрақ

    Тест


    1.Худяков А.И. Финансовое право РК. Общая часть Алматы: қаржы- қаражат 1995 ж.

    2.Худяков А.И. Основы теории финансового права. Алматы:Жеті жарғы 1995 ж.

    3.НайманбаевС.М. “ҚР қаржылық құқығы”. Алматы. Жеті жарғы 1994 ж.





    Барлығы:










    Каталог: Книги
    Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
    Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
    Книги -> А. Ж. Сейтембетова
    Книги -> Қазақ әдебиетінің
    Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
    Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
    Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
    Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
    Книги -> Педагогика тарихы


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    ©stom.tilimen.org 2019
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет