ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені пән fprk 3304 Қаржы құқығы Мамандығы: 050509 Қаржы. 050301 Құқықтану Көкшетау 2012 поәк мазмұНЫ


ТАҚЫРЫБЫ: Қаржы құқықтық қатынастар



бет5/10
Дата11.04.2018
өлшемі1.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ТАҚЫРЫБЫ: Қаржы құқықтық қатынастар


Жоспары:
1. Бюджеттік компетенция.

2. ҚР бюджет құқығы.


Лекцияның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы бюджет құқығымен толығырақ таныстыру

Лекцияның мәтіні:


1. ҚР бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттер буындарынан тұрады. Бюджет жүйесінің қызметі бюджеттердің қызметі, бюджеттердің бірлігі, нақтылығы, дербестігі және тепе-теңдігі принсптеріне негізделген. Бюджеттердің бірлігі бірыңғай құқықтық негізбен, ҚР қаржы министірлігі бекітетін бірыңғай бюджеттік жіктелімді пайдаланумен, бюджеттің бір деңгейімен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасы нысанының және ақша жүйесінің бірлігімен қамтамасыз етіледі. Ол бюджеттердің түсімдерін қайта бөлу арқылы өзара іс-қимыл жасауға негізделген. Бюджеттердің нақтылық принсптері барлық табыс көздерінің тиянақты есептерімен, ресми қабылдануымен, сондай-ақ, кридиттерді өтеуден түскен түсімдер және қайтармалы негізде бюджеттен бөлінген ақша қаражаттарымен қамтамасыз етіледі. Есептеулер республиканың әлеуметтік эканомикалық дамуы индикативтік жоспарының өлшемдеріне және эканомикалық барлық секторының даму бағдарламалары негізінде жүргізіледі. Бюджеттердің дербестігі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасында кірістерді бөлудің тұрақты нармативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын белгілеу құқығы арқылы сақталады. Барлық деңгейдегі бюджеттердің тепе-теңдігі қаржылық бюджеттік саясаттың қажетті алғашарты бола алады.

Ол бюджеттің барлық түсімдерін, шығыстары мен кредит бөлуді, сондай-ақ, ҚР заңымен бекітілген сырттай алынатын қарыздардың көлемін реттеудің арқасында қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің негізгі құрылымдық элементтеріне басқарудың барлық деңгейінде қаржылық салықық органдар мен бюджет комисиялары, сонымен бірге басқару органдарының заң және басқа да мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер негізінде құрылған жекелеген бөлімшелерінің жиынтығы жатады. Бұлар бюджеттік қарым-қатынастардың пішімін анықтап, бюджеттің әзірленуі мен орындалуын жүзеге асырады. Бюджет жүйесі мемлекеттің қаржы ресурстары мен ұлттық табысы көлемінің өсуін қамтамасыз етуі, елдің әлеуметтік – эканомикалық жағынан дамуына бюджеттік механизм арқылы әсер етуі тиіс. Бюджеттік механизмнің негізгі элементтеріне : бюджетті болжау мен жоспарлау, бюджетті тиісті басқару органдары деңгейінде талқылап бекіту, мемлекет міндеттемелерін мерзімінде қаржыландыру, бюджеттің орындалу барысы жайында есеп жүргізу, бюджет ресурстарын нақты және тікелей басқару, бюджет жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін нормативтік – заңдық және ақпараттық база қалыптастыру, т.б. қажет.

2. Елдің Бюджет жүйесінің құқықтық негізінде Қазақстан Республикасының Конституциясы “Бюджет жүйесі туралы” (1999), “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлнмдер туралы” (24.4.1995) т.б. заңдары жатады.

Мемлекеттік бюджеттен тыс ақша қорлары еліміздің нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты мемлекеттік қаржылардың маңызды құрамдас элементі ретінде көрініс тауып отырғаны белгілі. Осы қорлардың құрылуы еліміздегі әлеуметтік – эканомикалық даму працестерінің талаптарына сәйкес келеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік орталықтырылған қаржы түсінігі.

2. “Бюджет” терминінің мемлекеттік қаржылық қызметінің бюджеттік қызмет әртүрлілігі ретінде.

3. Бюджеттік қызметтің әдістері.


ХІІ ЛЕКЦИЯ


ТАҚЫРЫБЫ: Ақша жүйесінің құқықтық негіздері
Жоспары:
1. ҚР Президентінің, ҚР Парламентінің, ҚР Үкіметінің, митнистрліктерінің (ведомосттер), жергілікті атқарушы және келісті органдарының бюджет құқығы
Лекцияның мақсаты: ҚР Президентінің, ҚР Парламентінің, ҚР Үкіметінің, митнистрліктерінің (ведомосттер), жергілікті атқарушы және келісті органдарының бюджет құқығын саралау
Лекцияның мәтіні:

Орталықтандырылған ақша қорының құралуы және жұмсалуы бюджеттің кіріі мен шығысының ыңғайласа жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады. Мемлкетке қажетті ақша қаражаттарын “кіріс” жинақтаса, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге орталықтандырылған қордан бөлінетін қаржы “шығыс” болады. Мемлекеттік бюджеттің “кіріснің” ең қомақты бөлігі салықтық түсімдерден, ал қалғаны басқа түсімдерден, капиталды айналымға қосудан түсетін табыстардан және гранттар мен өтемдерден құралады. Бюджеттің шығысы кіріс бөлігінің және бюджет тапшылығының деңгейіне, оның орындалуына қарай реттеледі. Бюджет бойынша шығыстың кірістен асып түсуі бюджет тапшылығын туындатады, ал оның көлемі жалпы ішкі өнімге ие ұлттық валютаға шағып көрсетіледі. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көздеріне мемлекеттік құнды қағаздарды сатудан түскен табыстар, ішкі және сыртқы капитал рыногынан алынған қарыздар, Ұлттық Банктің кредиттері жатады. Мемлкеттік бюджетте жалпы ішкі өнім көлемінің 2-3% шамасындағы тапшылыққа ғана жол беріледі. Көрсетілген шамадан асып кеткенде, бюджет тапшылығын ішкі және сыртқы заемдар жаба алмайды. Сондықтан мемлкет айналымға еріксіз қосымша ақша шығаруға мәжбүр болады. Бұл ақшаның құнсыздануына , инфляцияның өршуіне және халықтың тұрмыстық деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін ҚР Президентінің тікелей басшылығымен құрылған бюджеттік коммисия Үкіметтің Парламентке ұсынған заң жобаларын алдын ала қарап, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, срндай-ақ, бюджеттің кірісі мен шығысы арасындағы сәйкестіктің бұзылмауын назарда ұстап, оның орындалу барысын үнемі қадағалап отырады.

Бюджет статистикасы – мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің орындалу есебінің статистикасы. Бюджет статистикасы бюджеттің орындалу жайындағы есептер мен зерттеу материалдары негізінде жасалады. Бұл мәліметтерге сүйеніп республиканың әрбір аймағындағы тұрғындардың өмір сүруінің материалдық деңгейі мен әлеуметтік жағдайын талдауға, олардың жан басына шаққандағы табыстары мен шығыстарын есептеп шығаруға болады. Бюджеттік статистика қаржылық кредиттік органдар үшін де айрықша маңызды. Ол жанама көлемін анықтауға, ақша қаражаттарының қорлануы мен жинақтау жолдарын зерттеп білуге, ақша айналымының жылдамдығын, сондай-ақ тұрғындардың табысы мен шығысының баланстық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бюджеттің кірісін республикалық және жергілікті бюджетке қайтарымсыз негізде түсетін, негізінен салықтар, жинаулар және басқа міндетті төлемдер, салықтық емес және басқа кірістер, капиталдармен өткізген операциялардан түскен кірістер құрайды.

Бюджеттің кірістері ереже бойынша өзіндік және реттеуші болып 2-ге бөлінеді.

Өзіндік кірістеріне әрекеттегі қаржылық заңдылықпен әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге сәйкес келетін толық немесе жартылай бекітілген кірістер жатады. Бюджеттің реттеуші кірістері бұл жергілікті бюджетке белгілі бір мерзімге белгіленген қаржы бөлу нормалары бойынша республикалық бюджеттің өзіндік кірістерінен бөлінетін табыс түрі.

Бақылау сұрақтары:


  1. Каталог: Книги
    Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
    Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
    Книги -> А. Ж. Сейтембетова
    Книги -> Қазақ әдебиетінің
    Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
    Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
    Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
    Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
    Книги -> Педагогика тарихы


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет