ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені пән fprk 3304 Қаржы құқығы Мамандығы: 050509 Қаржы. 050301 Құқықтану Көкшетау 2012 поәк мазмұНЫ


ТАҚЫРЫБЫ: Қаржы-құқықтық келісімі



бет4/10
Дата11.04.2018
өлшемі1.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ТАҚЫРЫБЫ: Қаржы-құқықтық келісімі


Жоспары:

1. Бюджет ұғымы.

2. Қаржылық –ұйымдық, экономикалық және материалдық бюджет ретіндегі құқықтық категориясы.
Лекцияның мақсаты: Бюджет құрылымы соның ішінде мемлекеттікң кіріс пен шығысты құқықтық реттеу әдістерін саралау.
Лекцияның мәтіні:
1. Бюджет – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория; ақшалай кіріс пен шығыстың балансы. Бюджеттің пайда болуы мемлекеттің дамуы мен оның қаржы ресурстарына деген сұранысының артуымен тікелей байланысты. Бюджеттік құқық қаржылық құқықтың маңызды бөлімі болып табылады. Бюджеттік құқық қаржылық-құқықтың маңызды бөлімі болып табылады. Бюджеттік құқық қаржылық-құқықтық институт ретінде мемлекетімізде қалыптастырылатын бюджеттерге байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Мемлекетіміздегі бюджет жүйесі республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер болып бөлінеді, сондай-ақ осы бюджеттер мемлекеттік қазынаның құрамдас бөліг болып есептелінеді және әрқайсысы өте мол ақша қоры түрінде көрініс табады. Бюджеттік құқықтың құқықтық реттеу аясына пәніне мыналар жатады:



  1. бюджеттің кірістерінің құрамын анықтау;

  2. бюджеттің шығыстарнының бағытын анықтау;

  3. мемлкеттік бюдежттің құрылысын анықтау;

  4. республикалық және жергілікті өкілді органдардың бюджет саласындағы құзыретін анықтау;

  5. бюджеттік процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілеу.

Бюджеттік құқықтың өзіне тән құқықтық нормалары яғни бюджеттік құқықтың нормалары бар.

Бюджеттік құқықтық нормалар мына келесідей белгілермен ерекшеленеді:



  1. бұл нормалар мемлекет тарапынан белгілененді және олардың атқарылуы мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі;

  2. бұл нормалар қатынастарға қатысушыларға заңи міндеттер жүктейді және өктем билік береді;

  3. бұл нормалар әрқашанда мемлекеттік құзыретті органдардың қандай да болмасын құқықтық нормативтік актілерінде заңдарда, жарлықтарда, өкімде, қаулыда көрініс табады;

  4. бұл нормалар қоғамдық және мемелкеттік мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған.

  5. Бұл нормалардың құрамында өте сирек кездесетін норма түрлері есептеу нормалары (кірісітер мен шығыстардың сандық көрсеткіштері, т.б.) ұшырасады;

  6. Бұл нормалар көбінесе өктем-әмірлі сипатта болады;

  7. Бұл нормалардың біршама бөлігі құзырет белгілеу нормаларын құрайды;

  8. Бұл нормалардың көбі бастапқы кездерінен тиісті заңдарға байланысты, бір жылдың көлемінде ғана заңи күшінде болады. Міне осы құқықтық нормалардың жиынтығы бюджеттік құқықты құрайды.

Сонымен бюджеттік құқық деп – мемлекет аумағындағы бюджеттерді қалыптастыру және бөлу, сондай-ақ осы бюджеттердің бөлінген ақша қаражаттарын пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз.

Бақылау сұрақтары:


1. Бюджеттік құқық пәні және жүйесі.

2. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі


3. ҚР заңы “Бюджеттің жүйесі туралы” мазмұны мен негізгі түсінігі.


4.Мемлекеттік бюджеттің кірісін құқықтық реттеу.

5. Мемлекеттік бюджеттің шығыстарын құқықтық реттеу.


Х ЛЕКЦИЯ

ТАҚЫРЫБЫ: Қаржы құқық жүйесі


Жоспары:
1. Бюджеттердің түрлері.

2. Бюджет құрылымының ұғымы


Лекцияның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы бюджеттердің түрлерін олардың құрлымының ұғымымен таныстыру.

Лекцияның мәтіні:

Мемлекеттегі бюджеттерді қалыптастыру және бөлу процесіндегі қатынастар екі құқықтық реттеу әдісінің көмегімен реттеледі: 1) біржақты - өктем әмірлі императивті әдіс және 2) қаржылық - шартты диспозитивті әдіс.

Мемлекетіміздің бюджет жүйесінен әртүрлі, әр деңгейдегі бюджеттер өз орындарын алады. Олар республикалық бюджет, облыстық бюджет, аудандық бюджет, қаладағы аудандық бюджет және т.б.

Негізінде бюджет жүйесі күрделі құрылым болып табылады және көптеген құрамдас элементтердің жиынтығынан тұрады.

Сондықтан бюджет жүйесі деп, мемлекетіміздегі бюджеттердің, оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру әдістерінің, бюджеттерді әзірлеу, қарау, бектіу және атқару тәсілдері мен жолдарының, бюджеттік қатынастардың тиісті қаржылық құқықтық актілердің, бюджеттік қызмет аясындағы қаржылық және басқа да мемлекеттік уәкілетті органдардың, сондай-ақ бюджеттік бақылаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығын айтамыз.

2. Бюджетті қаржылық жоспар түрінде әзірлеу, қарау , бекіту және атқару процесі бюджеттік жоспарлау деп аталады. Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлардың құрамдас бөлігі болып табылады және күрделі, айрықша біліктілікті қажет ететін қызмет түрі ретінде ерекшеленеді. Құқықтық ғылым аясында бюджеттік жоспарлаудың орнынан көбінесе бюджеттің қаржылық жоспар түрінде белгілі бір сатылардан өтуі келеді. Бюджеттік процестің басты сатылары мыналар:


  1. бюджеттің жобасын әзірлеу

  2. бюджеттің жобасын қарау

  3. бюджетті бекіту

  4. бюджетті атқару және атқарылуына бақылау жүргізу

  5. бюджетті жабу және атқарушы жөнінде есеп беру.

Бюджеттік процесті жүзеге асыру барысында алға қойылған мақсат тек жоспарлау, яғни бюджеттің жобасын әзірлеу ғана емес, сонымен қатар оны орындаудан тұрады. Осы аяда қолданылатын ең басты әдістің бірі баланстық әдіс, яғни бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін теңдестіру болып табылады.

Мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың, бюджетте қаралған шығындарын толық немеес жартылай жабу үшін бюджеттік қордан бөлінетін қайтарымсыз қаржы. өзіне бекітілген жеке қаржысы не басқадай табысы жоқ мемелкеттік мекемелердің шығыдарының бюджет есебінен өтеледі. Өндірістік және кәсіптік қызметі арқылы табыс тауып, өзіндік жеке ұйымдар мемлекеттің нақты бағдарламаларын орындағанда немесе мемлекетке белгілі бір қызмет көрсеткенде бюджеттен жарым жартылай қаржыландырылады. Бюджеттік қаржыландыру белгілі бір нақты мақсатқа арналады. Ұйымдар қаржыны тек бюджетте белгіленген мақсатқа жұмсалмаса, ҚР Қаржы министрлігі және жергілікті қаржы органдары Бюджеттік қаржыландыруды тоқтатып тастауға құқылы.

Елдің, әкімшілік-аумақтық бөліктердің және бюджеті дербес мекемелердің бюджеттерінің және бюджеттік қарым-қатынастарының жиынтығы. Соңғысы, яғни бюджеттік қарым қатынастар мемлекеттің өз қарамағындағы ұйымдармен, мекемелермен , тұрғындармен және шет елдермен, қаржы институттарымен, ұйымдармен қарым қатынасы құрылыдарынан тұрады. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық мемелкеттік құрылымымен анықталады. Мемлекет құрылысына қарай федеративтік не унитарлық болуы мүмкін. Мұның алғашқысында үш буынды: орталық бюджет (одақтық, федеративтік, республикалық), федерация мүшелерінің бюджеті (республикалық, штаттық, аймақтық т.б.) және жергілікті бюджет жүйесі қолданылса, екіншісінде екі буынды: орталық және жергілікті бюджет жүйесі қолданылса, екіншісінде екі буынды: орталық және жергілікті бюджет жүйесі қолданылады. Бұлардың қайсысында болмасын, орталық бюджеттің төменгі бюджеттерді реттеп отыру құқы сақталады.

Бақылау сұрақтары:


1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің шығыстарын құқықтық реттеу.

2. Бюджеттік реттеу және оның әдістері.

3. Мемлекеттің қарыз алуының құқықтық реттелуі.

4. Республикалық бюджетті және жергілікті бюджеттерді жоспарлау.

ХІ ЛЕКЦИЯ


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет