ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені пән fprk 3304 Қаржы құқығы Мамандығы: 050509 Қаржы. 050301 Құқықтану Көкшетау 2012 поәк мазмұНЫ



бет3/10
Дата11.04.2018
өлшемі1.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5.3. Пәнді оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы





Оқулықтар,

Оқу құралдары



Оқу тілі

Автор, шыққан жылы,

баспахана



Оқулық, оқу құралының саны (данасы)

Электрон-дық түрі

кафедрада

кітапханада

1

2

3

4

5

6

7

1

ҚР-ң 1995 ж. 30 тамызда қабылданған Конституциясы, 1998 ж., 2007ж. енгізілген өзгерістермен толықтарулар

каз







20

Заңгер базасы

2

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы.

каз

Ғ.Сапарғалиев Алматы «Жеті Жарғы» 2004ж




10

Заңгер базасы

3

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы, 1991 ж. 16 желтоқсаң;

каз






2

Заңгер базасы

4

Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы, 1990 ж. 25 қазан;

каз







1

Заңгер базасы

5

«Конституционное право РК»:


рус

Баишев Ж. Учебно-методическое пособие. А-2001




3

Заңгер базасы

6

Конституционное право РК:


каз

Сапаргалиев Г.С. академический курс. А-2002




5

Заңгер базасы

7

О двойном гражданстве

рус

Сапаргалиев Г.С. // Вестник Академии наук РК- 1994г




1

Заңгер базасы

8

Единое гражданство- Конституционная основа равноправия в РК

рус

Котов А. Политика №3, 1995г




1

Заңгер базасы

9

«Қазақстан Республикасының еңбек туралы» Заңы

каз

Алматы 2000ж




6

Заңгер базасы

10

Ғасырлар тоғысында, Алматы, Өнер б-сы, 1996ж

каз

Н. Назарбаев





10

Заңгер базасы

11

Конституциялық Кенестің конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы. // Алматы 1997ж

каз

Ким Ю.А.




7

Заңгер базасы


Әдебиеттер (негізгі және қосымша)
Нормативтік актілер:

  1. ҚР Конституциясы, Алматы, Данекер,2000 жыл

  2. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы және ерекше бөлім)

  3. Азаматтар мен заңды тұлғаларды кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығын қорғау туралы. ҚР Президентінің жарлығы 1998 ж.27 сәуірдегі № 3928.

  4. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ҚР Президентінің жарлығы 1995ж.17 сәуір № 2198.

  5. Акционерлік қоғамдар туралы. ҚР 2003жылғы 13 мамырдағы № 415 заңы.

  6. Өндірістік кооператив туралы. ҚР заңы 1995ж. 5 қазан № 2486.

  7. Шаруашылық серіктестік туралы. ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы 1995ж. 2 мамыр № 2255.

  8. Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы. ҚР 1998 ж. 22 сәуір №220 заңы.

  9. ҚР Кәсіпкерлік. Нормативтік құқық актілер жинағы «Юрист» баспасы, Алматы 2004ж.


Қосымша оқу әдебиеттер:

  1. Худяков А.И. Финансовое право РК, Алматы, 2001г.

  2. Худяков А.И. Финансовое право РК, Алматы, 1995г.

  3. Худяков А.И. Основы теории финансового права. Алматы, 1995г.

  4. Худяков А.И., Найманбаев С.М. Тематический русско-казахский толковый словарь финансового права. Алматы, 1992г.

  5. Худяков А.И. К изучению особенной части советсткого финансового права: Методические указания. Алматы, 1990г.

  6. Худяков А.И Налоговое право РК, Алматы, 1998г.

  7. Худяков А.И Страховое право РК, Алматы, 1997г.

  8. Финансовое право: Учебник/ Отв. Ред. Н.И. Химичева. М., 1995г.

  9. Ли Э.А. Понятие и классификация финансов// Изв. АН РК. Сер. Общественных наук. 1997. №4

  10. ҚР Конституциясы. Алматы, 1995ж.

  11. Бюджет жүйесі туралы: ҚР Заңы 01.04.99 № 357-1

  12. О государственном и гарантированном государством заимствовании и долге: Закон РК от 02.08.99 № 464-1

  13. Валюта айналымы туралы: ҚР Заңы 24.12.96 ж.

  14. ҚР ақша айналымы туралы: ҚР Заңы 13.12.93 ж.

  15. О бухгалтерском учете: Указ Президента РК, имеющий силу закона, от 26.12.95 №2732

  16. ҚР Ұлттық Банк туралы: Заң күші бар ҚР Президент Жарлығы, 30.03.95ж.

  17. О банках и банковской деятельности; Указ Президента РК, имеющий силу закона, от 30.03.95 с последующими изменениями и дополнениями.

  18. Бюджет туралы (ағымдағы жыл бойынша): ҚР Заңы

  19. Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы: ҚР Кодексі 12.06.2001ж.

  20. Лицензиялау туралы: ҚР Заңы 08.10.99ж.

  21. ҚР аудиторлық әрекет туралы: ҚР Заңы 18.10.93ж.

  22. Положение о Министерстве финансов РК и его территориальных органах: Постановление Правительства РК от 26.03.99, № 207

  23. Майлыбаев Б.А. Становление и эволюция института Президентства РК: проблемы, тенденции, перспективы. А-2000

  24. Мухамеджанов Э.Б. Избирательное право РК. А-2001

  25. Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя РК (1990-1996), А-1997

  26. Конституционное право РК: Учебник/ Ащеулов А.Т. Алматы, 2001



  27. 27 желтоқсан 1995 жылғы КР-ң Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі);

  28. 1 шілде 1999 жылғы КР-ң Азаматтық кодексі (ерекші бөлімі);

  29. ҚР-ң Қылмыстық кодексі, 1997ж. 16 шілде;

  30. ҚР-ң Қылмыстық іс жүргізу кодексі,1997ж. 13 шілде;

  31. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы » Заң, 2001ж. 23 қаңтар;

  32. Конституционный закон РК «О Президенте РК» от 26.12.95 г. с изм. и доп. от 6.05.99 г.

  33. Конституционный закон РК «О выборах в РК» от 28.09.95 г. с изм. и доп. от 19.06.97, 8.05.98, 6.11.98, 6.05.99 г.

  34. Конституционный закон РК «О Парламенте и статусе его депутатов» от 16.10.95 г. с изм. и доп. от 11.04.97, 12.03.99, 6.05.99 г.

  35. Конституционный закон РК «О Правительстве РК» от 18.12.95 г. с изм. и доп. от 6.05.99 г.

  36. Конституционный закон РК «О республиканском референдуме» от 2.11.95 г. с изм. и доп. от 6.05.99 г.

  37. Указ Президента РК, имеющий силу конституционного закона «О государственных символах РК» от 24.01.96 г.

  38. Указ Президента РК, имеющий силу конституционного закона «О Конституционном Совете РК» от 28.12.95 г.

  39. Конституционный закон РК «О судебной системе и статусе судей в РК» от 25.12.2000 г.

  40. Закон РК «О гражданстве РК» от 20.12.91 г. с изм. и доп. от 3.10.95 г.

  41. Закон РК «О местных представительствах и исполнительных органах РК» от 10.12.93 г. с изм. и доп. от 2.05.95 г., 20.11.98, 5.04.99, 20.07.99, 16.11.99 г.

  42. Закон РК «О политических партиях» от 2.07.96 г.

  43. Закон РК «Об общественных объединениях» от 31.05.96

  44. Закон РК «О миграции населения» от 13.12.97 г.

  45. Закон РК «О языках в РК» от 11.07.97 г.

  46. Закон РК «О свободе вероисповедания и религиозных объединениях» от 15.01.92

  47. Закон РК «О местном государственном управлении в РК», Казахстанская правда 30 января 2001



7. Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары

№ тапсырма беру аптасы

Сабақ тақырыбы

СӨЖ тапсырма-

лары


Ұсынылатын әдебиеттер

ОБСӨЖ бақылау формасы

№ тапсырманы

тапсыру уақыты



оқу құрал



беті, § және тарау

1

2

3

4

5

6

7


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫ.

СӨЖ тапсырмасы оқытушының қатысуынсыз аудиториядан басқа уақытта орындалады.СӨЖ негізгі тапсырмасы –дәріс және семинар сабақтарына

дайындалу.Семинар сабақтарына тақырыптың негізгі сұрақтары беріледі.Семинар сабақтарының тақырыптың жоспары,негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі,әдістемелік кеңес семинар сабақтарының тақырыптарына қалай және не істеу керек сұрақтарына жауап береді.Семинар сабақтарының әдістемелік кеңесін зейін қойып оқып,семинар сабағының тақырыптық жоспарына өзіндік жауап дайындаңдар.Өзіндік аша алмаған сұрақтарынды жазып алып дәріс сабағында және СОӨЖ оқытушыдан сұраңыздар.СӨЖ тапсырмасы дәріс сабағына дейін орындалуы керек.Өзіндік және дәріс сабағындағы алған білім тереңдетілуі және кеңейтілуі тиіс.

Бірақ семинар сабақтарына берілген сұрақтардың көлемі тақырыптың мазмұнын толық қамтымайды.Сондықтан студенттің ары қарай жұмысы өз білімін тереңдету және кеңейту керек.Бұл СОӨЖ қосымша сұрақтар,тапсырмалар,жаттығулар және т.б беру көмегімен тақырыптың мазмұны толық ашылады.


СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫ.
СОӨЖ тапсырмасы семинар сабақтарының жоспарында жоқ тапсырмаларды қамтиды.Сондықтан СОӨЖ ұсынылған сұрақтар СӨЖ алған білімдерін қосымшалайды,тереңдетеді және нығайтады.СОӨЖ барысында студенттер үшін міндетті.СОӨЖ студенттер өзімен оқулықтар және басқа материалдар әкелуге тиіс.СОӨЖ тапсырмасын орындау,студенттерге дәріс және семинар сабақтарына жақсы дайындалуға көмектеседі.
1 тақырып. Мемлекеттік қаржы қызметі.

Студент үшін тапсырма.

Тақырып бойынша тест құрастыру(сұрақ саны 10кем емес)
2 тақырып. Қаржы құқығының ұғымы,пәні және жүйесі.2.

Студент үшін тапсырма.

Сұрақтарға ауызша жауап беру.

1Қаржының ұғымы.

2Мемлекеттік және дербес қаржылардың арақатынасы.

3Мемлекеттік қаржының ұғымы.

4Мемлекеттік қаржының функциялары.

5Қаржы жүйесінің ұғымы.

6Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістері.
3 тақырып. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері.

Студент үшін тапсырма.

Схема құрастыру:

1Ақшаның ұғымы және функциялары.Тарихи пайда болатын ақша жүйелері.Биметаллизм және оның түрлері.Монометаллизм және оның түрлері.Несие ақшаның негізіндегі ақша жүйелері.

2Нарықтық және жоспарлау экономикасымен мемлекеттердің ақша жүйелерінің өзгешілік белгілері.

3Ақша жүйесінің ұғымы,қағидалары және элементтері.Ақша жүйесінің тұрақтану әдістері.Мемлекеттік ақша-несие саясаты.

4Нақты ақша айналымы.Нақты емес ақша айналымы.
4 тақырып. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері.

Студент үшін тапсырма.

Тақырып бойынша тест құрастыру.
5 тақырып. Бюджет құрылымы.

Студент үшін тапсырма.

Бюджет құрылымына іс-шара ойлап табу.
6 тақырып. Бюджеттік бақылау және бюджет саласында басқару.

Студент үшін тапсырма.

Сұрақтарға жазбаша жауап беру.

1Бюджеттік компетенция.

2Материалдық және процессуалдық бюджет құқығы.

3ҚР бюджет құқығы.

4Әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бюджет құқығы.

5Бюджеттік бақылаудың түрлері.

6Бюджеттік қағидалар.
7 тақырып. Бюджет процесі.

Студент үшін тапсырма.

Сұрақтарға жазбаша жауап беру.

1Бюджет процесінің ұғымы.

2Бюджет процесінің қағидалары.

3Бюджет процесінің сатылары.

4Бюджеттік жылы және бюджеттік жоспары.
8 тақырып. Қаржы-құқықтық категориясы ретіндегі салық.

Студент үшін тапсырма.

Сұрақтарға жауап беру.

1Салықтың ұғымы.

2Салықтың материалдық,экономикалық және заң белгілері.

3Салық элементтері.

4Салық субъектісі және объектісі.

5Салық ақысы.

6Салық кезеңі.

7Салықты реттік есептеу.


9 тақырып. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері.

Студент үшін тапсырма.

Тақырып бойынша тест құрастыру.
10 тақырып. Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқан құқықтық негіздері.

Студент үшін тапсырма.

Сұрақтарға жазбаша жауап беру.

1ҚР банк жүйесі.

2Банк қызметін мемлекеттік реттеу.

3ҚР Ұлттық банкісінің құқықтық ахуалы.

4Сақтандыру қызметінің мемелекеттік реттеу.

5Сақтандыру ұйымдардың құқықтық ахуалы.


7.1. КУРС БОЙЫНША ЖАЗБАША ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

1 Мемлекеттік қаржы қызметінің құқықтық негіздері.

2 ҚР қаржы жүйесінің құқықтық аспектілері.

3 Қаржы қызметін орындаушы мемлекеттік органдарының құқықтық статусы және жүйесі.

4 Мемлекеттік қаржы саясатының құқықтық аспектілері.

5 Қаржы құқығының түсінігі және құқық жүйесінде оның орны.

6 Қаржы құқығының пәні.

7 Дамуының тарихы және қаржы құқығы ғылымның осы замандағы ахуалы.

8 Қаржы құқығының әдістері.

9 Қаржы-құқықтық келісімі.

10 Қаржы құқық жүйесі.

11 Қаржы құқықтық қатынастары.

12 Ақшаның шығу тегі.

13 Ақша жүйесінің құқықтық негіздері.

14 Ақша реформасының құқықтық аспектілері.

15 Ақша айналысының құқықтық тәртіптеу.

16 Мемлекеттік ақша-несие саясатының құқықтық негіздер.

17 ҚР валюта жүйесінің құқықтық негіздер.

18 Әлемдік валюта жүйесінің құқықтық негіздер.

19 Валюталық реттеу және валюталық бақылау құқықтық реттеу.

20 Валюта операциялардың құқықтық реттеу

21 Қаржы бақылаудың құқықтық негіздер.

22 Мемлекеттік қаржы бақылау органдарының жүйесі және олардың компетенция.

23 Мемлекет қаржы ресурстары шығындалу.Парламенттік бақылау.

24 Аудиторлық қызметті құқықтық реттеу.

25 Бюджет құқығының түсінігі,пәні және түрлері.

26 Мемлекет бюджетінің түсінігі және түрлері.

27 ҚР бюджеттік құрылымы.

28 ҚР орталықты және жергілікті мемлекеттік органдарының бюджеттік компетенциялары.

29 ҚР және әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бюджет құқығы.

30 Бюджет процесті құқықтық негіздер.

31 Республикалық бюджетті жоспарлауды және орындауды құқықтық реттеу.

32 Қаржының мәні.
7.2 .Бағалау ақпараты

Бақылау түрлері (ағымдық,аралық,қорытынды)

Бақылау әдістері (сұрақ, жазба жұмыстары, тесттер)
8. Бағаны қою саясаты

Сабаққа келу- 1 балл

Конспект жазу – 2 балл

СЖӨЖ жасау – 2 балл

Реферат, баяндама жазу – 5 балл

Іскерлік жұмыс – 5 балл

Карточкамен жұмыс істеу – 3 балл

Бағаны қою саясаты 100 ұпайлық (100%) жүйеге негізделеді және ұпайлардың төмендегідей бөлінуін қарайды.





Пәнді игеру үдерісіндегі бақылаудың түрлері

Баға ұпайлық жүйеде

Min/max

I

Ағымдық бақылау I



100




Аралық бақылау I

100




Аралық бақылау қорытындысы I

100




II

Ағымдық бақылау II



100




Аралық бақылау II

100




Аралық бақылау қорытындысы II

100







Рұқсат беру рейтингісі



100

III

Қорытынды бақылау (ИК)

Емтихан



100


100




Барлығы

100

100


Он ұпайлық шкалада бағалау эквиваленті

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Сандық эквивалент

Ұпайдық пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе

бойынша бағалау



A

4,00

95-100

Өтежақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,00

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,00

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

F

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз


9. Курстың саясаты (әкімшілік талап):

        • аралық бақылауға дәріс және семинар сабақтарына міндетті түрде қатысып, барлық сұрақтарды қарастырғанда белсенді қатысса ғана жіберіледі. Әрбір сабаққа дайындалу және СӨЖ және СОӨЖ тапсырмаларын орындау барлық студенттер үшін міндетті;

  • әкімшілік талап бұзғаны үшін және оқу тәртібін, себепсіз сабақтан кешіксе және қалса, тапсырманы орындамаса, сабақта тәртіп сақтамаса айыппұл баллмен қойылады;

  • сабаққа кешікпеу; сабақ үстінде кеңеспеу, сағыз шайнамау; ұялы телефонды сөндіріп қою; сабаққа іскер киімде келу; шыдамды болу, коллективтік жұмысқа қатысу;

  • Сіздер кәсіпкерлік құқығын оқуға қызығушылықта болуларыңыз керек. Біз барлық курс бойы тығыз жұмыс істеуіміз үшін сіздер өз оқуларыңыз үшін жауапкершілік алуларыңыз керек.

Н.4.07-14

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті


Құқықтану кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңгерушісі

_________Кулмаханова Л.Ш.

(қолы)

Хаттама № _1____

_27___» __08__ 2012 ж.
Қорытынды бақылау материалдары

(билеттер және тест сұрақтары)
Пән FPRK 3304 Қаржы құқығы

Мамандығы: 050509 Қаржы .050301 Құқықтану

Курс ____, семестр ________

Оқу формасы - ___күндізгі___сыртқы____

Кокшетау 2012

“ҚР Қаржы құқығы ” пәні бойынша

” 050509 Қаржы .050301 Құқықтану мамандығының студенттері үшін
ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ
Дәріс сабақтары

І-ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫП: Мемлекеттік қаржы қызметінің құқықтық негіздері
Жоспар:
1. Қаржының ұғымы.

2. Мемлекеттік қаржының ұғымы.


Лекцияның мақсаты: Қаржылардың жалпы ұғымы мен мемлекеттің қаржылық жүйесінің құрамдарын оқыту.
Лекцияның мәтіні:
1. Қаржы (“қолма қол ақша”, “табыс” ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған, француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сиапты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалй қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қтынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылғн тауар өндірісі болып есептеледі.

Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.

2. Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен бір уақытт пайда болған. Сондықтан, мемлекет және құқық теориясы бойынша қаржылар мемлекеттің атрибуты (ерекше белгісі) болып табылады және мемлекеттің материалдық тірегі (базасы) ретінде көрініс табады. Негізінде “қаржылар” ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық қатынастардың айтарлықтай аумағын қамтиды және ақшалай сипатта болады. Қаржылық қатынастар экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде туындайтындықтан базистік қатынастарға, сондай-ақ экономикалық құндылық категориясына жатады. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде әрқашанда мемлекет меншігінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру процесінде басты рөл атқарады. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның өзіне тән міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістері.

2. Мемлекеттік қаржы қызметін іске асырудың құқықтық формалары.

3. Мемлекеттік қаржы саясаты

ІІ-ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫП: ҚР қаржы жүйесінің құқықтық аспектілері

Жоспар:
1. Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымы, мазмұны және саласы.

2. Мемлекеттік қаржы қызметінің мақсаттары, міндеттері және қағидалары.

3. Қаржы жүйесінің ұғымыжәне оның құрылымы.


Лекцияның мақсаты: Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымы мен салаларын және олардың мақсаттарын үйрету.
Лекцияның мәтіні:

1. Мемлекет аумағындағы азаматтар салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлей отырып қаржыларды қалыптастыру процессіне араласса, ал мемлекеттік қаржылардан зейнетақы және басқа да ақшалай жәрдемақы алу кездерінде оларды бөлу (жұмсау) процесінде қатысады. Қандай да болмасын заңды және жеке тұлғалар қаржылық құқықтың обьектісі болып есептелінетін және мемлекеттің ақша жүйесіне қызмет ететін көптеген ақшалай қатынастардың субьектілері болып табылады.

“Қаржы” термині 2 мағынадан тұрады деп тұжырымдауға болады:


  1. материалдық мағынада

  2. экномикалық категория ретінде

- Материалдық (ақшалай) мағынада “қаржы” деп, мемлекеттің өз қарамағындағы, меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, азаматтар көбінесе қаржыны ақш қаражаттары қорлары ретінде тек мемлекет қолында болады және ешқандай айырбас процесінде араласпайды. Ал азаматтардың жалпыға бірдей құндылық баламасы ақшалар болып табылады.

- Экономикалық категория ретінде қаржы деп, мемлекеттің ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың пайдалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.

2. Мемлекет қаржысының функциялары мынадай болып келеді: 1. бөлу және қайта бөлу функциясы;


  1. бақылау функциясы

Осы аталған функциялар тек мемлекеттік уәкілетті органдардың қаржылық қызметтерінің барысында жүзеге асырылады.

    • Бөлу функциясының көмегімен өндіріс аясында жасалған экономикалық өнімнің құны мен ұлттық табыстың бір бөлігі мемлекеттің қарамағына жіберіледі. Осы ақша қаражаттары мемлекеттің қаржысына айналғаннан кейін ғана еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылыстарының басым бағыттары бойынша қайтадан бөлінеді.

    • Бақылау функциясыныңарқасында ақша қаражаттарының жиыстырлу және бөлу процестерінің заңға сәйкес жүзеге асырылуына, сондай-ақ мемлекеттің ақшалай ресурстарының ұтымды әрі тиімді пайдалануына есептеу, тексеру жүргзіліп қаржылық тәртіптің сақталуы қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік жәнемуниципалдық кәсіпорындар мен ұйымдардың қржыларын кірістіреді.

3. Мемлекеттің қаржылық жүйесі мынадай 3 бөлікті қамтиды:



  1. қаржы қатынастарының жиынтығы;

  2. ақша қорларының жиынтығы;

  3. басқарудың қаржы аппараты

ҚР қаржы жүйесінің :

1. Жалпы мемлекеттік қаржы

2. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы

3. Халықтың қаржысы болып қамтылады



  1. Жалпы мемлекеттік қаржы: мемлекеттік бюджет, арнаулы бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік кредит болып келеді.

Мемлекеттік бюджет экономиканы, әлеуметтік мәдени мұқтаждықтарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждықтарын қаржыландыруға арналғн елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджет орталық және жергілікті бюджеттерді кірістіреді

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.

Мемлекеттік кредит – мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредит қатынастарының жиынтығы.

2.Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының құрамын мыналар кіреді:



  1. Материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігінің қаржысы

  2. Коммерциялық емес сфераның қаржысы. Коммерциялық емес қызмет белігіл бір табыс алуды мақсат етпейді

3. Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысына салық төлейді, өндірістік және өндірістік емес сферлардың мемлекеттік және басқа мекемелермен ұйымдардың қызметін төлейді.
Бақылау сұрақтары:

  1. Нарықтық және жоспарлау экономикасымен мемлекеттердің қаржы жүйелерінің өзгешелік белгілері.

  2. Мемлекетік орталықтандыру және орталықсыздану қаржысы.

  3. Жалпыға бірдей мемлекеттік және жергілікті қаржы.

  4. Мемлекеттік ақша қорларының қалыптасу әдісері.

  5. Мемлекеттік ақша қорларын пайдалану, жұмылдырудың әдістері.

ІІІ-ЛЕКЦИЯ

ТАҚЫРЫБЫ: Қаржы қызметін орындаушы мемлекеттік органдарының құқықтық статусы және жүйесі

Жоспары:


1. Қаржы құқығының пәні.

2. Қаржылық қатынастардың түрлері және белгілері

3. Қаржылық құқықтың ұғымы және пәні
Лекцияның мақсаты: Студенттерді жалпы қаржылық құқық ұғымымен және де жүйесімен таныстырып оқыту.
Лекцияның мәтіні:

1. Қаржылық қызметтің, яғни мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануын ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар қаржылық құқықтың пәні болып есептелінеді.

Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан жаңағы қоғамдық қатынастар экономикалық қатынастарға жатады, ал осы экономикалық қатынастардың жүйесіне кіретін қаржыларға байланысты қатынастар қаржылық қатынастар болып табылады. Қаржылық құқықтың пәнінің, яғни қаржылық қатынастардың өздеріне тән айрықша белгілері болады. Олар мына келесідей болып келеді:


  1. Бұл қатынастар ақшалай немесе ақшаға байланысты қатынастар болып табылады

  2. Бұл қатынастар әрқашанда бөлу сипатында болады;

  3. Бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі болып табылады;

  4. Бұл қатынастар ақша түріндегі құнның бір жақты қозғалысын білдіреді;

  5. Экономикалық қатынастардың бір түрі болғандықтан базистің құрамына жатады

  6. Бұл қатынастар әрдайым қаржылық құқықтық қатынастар түрінде кездеседі

Осы аталған экономикалық және құқықтық белгілердің жиынтығы қаржылық қатынастарды жалпы экономикалық қатынастардың ішінен, ал қаржылық-құқықтық қатынастарды жалпы құқықтық қатынастардың ішінен бөліп шығауға мүмкіндік береді.

Қаржылық құқық дегеніміз – мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

2. Қаржылық құқықта қоғамдық қатынастарды реттеуді 2 әдісі қолданылады:


  1. Мемлекеттік -өктем, императивті әдіс;

  2. Қаржылық шартты, диспозитивтік әдіс;

Мемлекет тарапынан, қаржылық құқықтық нормаларымен реттелген қаржылық қатынастар қаржылық құқықтық қатынастарға айналады. Осы қатынастар маңызы бойынша экономикалық, нысаны бойынша құқықтық бола отырып, мына келесідей өздеріне тән белгілермен сиаптталады.

  1. Қаржылық құқықтық қатынастар тек мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында туындап, құқықтық нормалармен реттелген қатынастар болып табылады;

  2. Қаржылық құқықтық қатынастар мемлекет пен қоғамның мүддесін жүзеге асырудың нысаны болып саналады;

  3. Қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым мемлекеттік-өктем сипатта болады;

  4. Қаржылық құқықтық қатынастардың тұрақты субьектілеріне мемлекет пен оның уәкілетті органдары жатады

  5. Қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым материалдық сипатта болады.

Қаржылық құқықтық нормаларға Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін құрайтын барлық негізгі норма салалры жатады. Сонымен қатар олар қаржы құқығы пәнін құрайтын қатынастардың және қаржылық құқықтық реттеу ерекшеліктерін бірге алып жүреді.

Қаржылық құқықтық нормалар белгілі бір міндетті субьектілер тобына негізделген жалпы ереже болып табылады және көбірек қолдануға есептелген.

Қаржылық құқықтық норманың ерекшелігі, яғни басқа құқық саласы нормаларынан айырмашылығы. Мемлекеттік қаржылық мүмкіншіліктерді жүйелі түрдемақсатты қалыптастыру, пайдалануды ұйымдастыру және бөлу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейді.

Сонымен қаржы құқықтық нормалар жалпы міндетті өзі ұстау ережесі ретінде мемлекетпен тағайындалады және мемлекеттік үкіметтің күшімен қорғалады.

Қаржылық құқықтық норма – бұл мемелкеттің қаржылық қызметі процесінде пайда болатын бұқаралық қаржылық қатынастардағы ережелерді анықтаушы, мемелкет тарапынан қарастырып қойылған ұйғарым.

Сонымен қаржылық құқықтық нормалардың негізгі ерекшеліктері келесі белгілерде білінеді:



    1. олар мемлекеттің өкілетті органдарымен белгіленген және мемлекеттік өктем сипат алады;

    2. олар мемлкеттік қаржылық қатынастардың қатысушыларының тәртібін реттейді. Яғни осы қатысушыларға құқықтық субьект пен заңдық міндетті жүктеуді ұсынады;

    3. мемлекеттік қаржылық қызмет аясында олар көпшілік құқықтық қызығушылықтар тудырады;

    4. олар заңдық форманы анықтау арқылы белгіленеді, яғни қаржылық заңдылықтың актілерін қабылдау арқылы;

    5. олар мемлекеттік қаржылық өатынастар реттелу шеңберінде мықты заңдылық режимімен қаржылық құқықтық тәртіпті белгілейді және қамтамасыз етеді.

Қаржылық құқықтың норма өзінің құрылысы негізінде өзіне қатысты құбылыс ретінде өзінің ішкі құрылысының және негізгі элементтерінің жиынтығынан тұрады.

Басқа құқық нормалары сияқты қаржылық құқықтық норманың құрылысы 3 негізгі элементтерден тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция.



Гипотеза – қаржылық құқықтық норма мен жағдай жолданған адамдар тобы анықталады.

Диспозиция – тәртіптік ереженің мазмұнын құрайды. Яғни қаржылық қатынастардағы қатысушылардың міндеттері мен құқықтарының мазмұнын білдіреді, көпшілік қржылардың аясындағы істелген негізгі әрекеттерді тағайындайды. Қаржылық-құқықтық норманың диспозициясы – қаржылық міндеттер арқылы расталады.

Санкция – қаржылық құқықтық норманың бұзу салдарын қарастырады және осы норманы бұзушылық қаржылық құқықтық қатынасының түрлері мен жазалау шарларын анықтайды. Яғни заңдық жауапкершіліктің шараларын қарастырады және қаржылық құқықтық қатынастың диспозициясын бұзған жағдайда осы жаупекершіліктерді қолданады. Санкция мемлекеттің қабілеттілігін қаржылық құқықтық норманың сақталуына мәжбүрлейді. Сонымен ержелерді қорғау әрекеті болып қаржылық құқықтық нормалармен белгіленген қаржылық құқықтың санкциясы болып табылады.

Қаржылық құқықтық санкцияларды қолданудың ерекшеліктері:



  1. олар барлық уақытта ақшаның өзгешелігін алып жүреді;

  2. өндіріп алынған ақшалар барлық уақытта мемлекет қазынасына құйылады;

  3. олар өзінде штрафтық және ескерту элементтерін алып жүреді

  4. оларға бір тараптама бағыт сәйкес келеді.

Сонымен қаржылық құқықтық орманың құрылымдық элементтері немесе әрекеттестік тәсілдері қоғамдық қаржылық қатынастарды реттеуші ретінде өзінің міндеттемесіне сай келеді.

Сонымен қорыта айтқанда қаржы құқығында қаржы құқықтық нормалар – құқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни мемлекет белгілеген және қаржы қатынастарындағы мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілген құқықтың қатаң белгілі бір ережесі пайдаланылады.

Қаржылық құқықтық қатынастар деп мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында, қаржылық-құқықтық нормалардың негізінде туындайтын қоғамдық қатынастарды, яғни қаржылық құқық нормаларымен реттелінген мемлкеттік қаржылық қатынастарды айтамыз.

Қаржылық құқықтық қатынастар: бюджеттік; қаржылық; банктік; қаржылық-сақтандыру; қаржылық- шаруашылық құқықтық қатынастары; материалдық құқықтық қаржылық қатынастар; ұйымдастырушы қаржылық-құқықтық қатынастар; бір жақты өктем қаржылық құқықтық қатынастар; шартты қаржылық құқықтық қатынастар; реттеуші қаржылық құқықтық қатынастар; қорғаушы қаржылық құқықтық қатынастар болып бөлінеді.

Қаржылық құқықтық қатынастардың субьектілеріне мемлекеттің біртұтас өзі; әкімшілік – аумақтық құрылымдар, мемлкеттің уәкілетті органдары; жергілікті мемлекеттік басқару органдары; заңды тұлғалар (мемлекеттік және мемлекеттік емес, коммерциялық және коммерциялық емес, резидент және резидентемес); жеке тұлғалар (азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар) жатады.

Қаржылық-құқықтық қатынастар: 1. олар тек мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында, мемлекеттің қаржылық қатынастарды құқықтық реттеуінің нәтижесінде туындап, өркендейді. 2. Осы қатынастардың міндетті әрі тұрақты субьектілері қаржылық және басқа да өктем өкілеттіліктері бар мемлекеттік уәкілетті органдар болып табылады. 3. Осы қатынастардың обьектісіне ақшалар немесе ақшалай міндеттемелер жататды. 4. Олар, негізінде ұлттық табысты бөлу барысында туындайтындықтан әрқашанда бөлу сипатында болады. 5. Бұл қатынастар мемлекеттің ақша жүйесін, оның қаржылық құрылымдарын қалыптастыруды мемелкеттің ақшалай қорларын қалыптастыру процестерін жоспарлауды ұйымдастыруды, сол ақшалай қорларды пайдлануды білдіреді. 6. Олар мемлекеттің материалдық базасын қалыптастыру барысында туындайтындықтан экономикалық сипатта болады. 7. Олар мән-мағынасы бойынша экономикалық қаржылық қатынастар, ал нысаны бойынша қаржылық-құқықтық қатынастар ретінде көрініс табатын бірыңғай қоғамдық қатынстарды көрсетеді.

Мемлекеттік орган тек мына келесідей жай-жағдйларды сақтағанда ғана қаржылық құқықтық қатынастың субьектісі болып есептелінеді: бұл субьект жеткілікті көлемде тиісті өктем қаржылық өкілеттілік берілген мемлекеттік орган болып саналады осы органның қызметі мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамына кіретін ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру процестерін көрсетуге тиіс; осф органның қызметтері жалпы мемлекеттік мүдделермен айқындалады; осы қызметтердің барысында мемелкеттің функциялары жүзеге асырылады; осы қызметтердің барысында туындайтын қатынастар өздерінің экономикалық және құқықтық беліглері бойынша қаржылық қатынастар болып табылады.

Қаржылық құқықтық қатынас субьектілері өздерінің құқықтық және басқа да мән-жайларына байланысты өктем билік жүргізуші және бағынышты (тәуелді) болып бөлінеді.

Қаржылық құқықтық қатынастардың пайда болуының, өзхгеруінің және тоқтатылуының негізінде жататын, қаржылық заңдарда көзделген құзыретті мемелкеттік органдардың, лауазымды адамдардың, заңды және жеке тұлғалардың саналы, құқыққа сай іс-қимылдарының нәтижесі, сондай-ақ адамның, қоғамның еркінен тыс құбылыс – оқиғалар ретінде көрініс табатын заңды маңызы бар фактілер қаржылық құқықтағы заңи фактілер болып табылады.

Қаржылық құқықтық қатынастардың обьектісі деп, осы қатынастардың материалдық мәнінен бөлектенбейтін, олардың субьектілерінің қызметтернің нәтижесін айтамыз.

Қаржылық құқықтық қатынастардың субьектілері нақты қаржылық құқықтық қатынастарға қатысатын, өздеріне тән құқақтар мен міндеттерге ие болған тұлғалар болып табылады.

. Осы айтылғандарды қорыта келіп қаржылық құқықтық қатынастарға мынадай түсінік беруге болады: “Қаржылық құқықтық қатынастар деп, мемлекет және қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған, өктем-мүліктік сипатта болатын, қаржылық құқықтық нормаларға негізделген және сол нормалармен реттелетін маңызы бойынша экономикалық болып табылатын, мемлекеттің және оның уәкілетті органдарының қаржылық қызметтерінің барысында туындайтын қоғамдық қатынстарды айтамыз.

Қаржылық құқықтың пәні деп мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз

Бақылау сұрақтары:

1. Қаржы құқықтық жүйесі.

2. Қаржы-құқықтық нормалардың ұғымы, белгілері, түрлері және құрылымы.

3. Қаржылық құқықтық қатынастардың ұғымы, белгілері, түрлері және өзгешілік белгілері.

ІV-ЛЕКЦИЯ.


ТАҚЫРЫП: Мемлекеттік қаржы саясатының құқықтық аспектілер
Жоспар:

1. Қаржы құқығының ұғымы.

2. Қаржы құқығының қайнар көздері.

3. Қаржы құқық саласында құқықтық реттеудің әдістері.


Лекцияның мақсаты: Қаржы құқығының қайнар көздері және де қаржы құқық саласында құқықтық реттеудің негәзгә әдістерін талдау.
Лекцияның мәтіні:

1. Қаржы құқығының құқық саласы ретінде бір біріне сәйкес және байланысты қаржылық-құқықтық нормалар жүйесі болады. Онда қаржы құқығының біркелкі нормалар кешені айқын көрінеді. Олар белгілі бір қоғамдық қарым қатынас топтарын реттейді.

Қаржы құқығының бастапқы элементтері мыналар: қаржылық құқықтық әрекеттерді реттейтін бөлек нормативтік құқықтық жағдайлар; ҚР қаржы жүйесінің құрылуы және жұмыс істеуі; Қаржы құқығының жүйесі іс жүзінде мемлекеттің қаржы жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Қаржы құқығының жүйесі белгілі құқық саласының қаржы құқық институттарынан, бөлімдерден, салалардан тұратынын және олардың бір біріен байланыстарын айқындайды.

Қаржы құқық нормаларының және институттарының орналасу тәртібі олар реттейтін қаржы қатынастарының ерекшелігіне және өзара байланыстарына тәуелді және обьективті сипатталады.

Қаржы құқығының әділетті күн кешіп жатқан қаржылық қатынастардың негізінде құрылуы қаржы-құқық нормаларын тиімді пайдлану мүмкінідігін береді және заңдылықтың нығаюына, қаржы дисциплинасын сақтауға және қаржы құқығының мүмкіншіліктерінің күшеюіне септігін тигізеді.

Сол себептен қаржы құқығының жүйесі - бұл көп қосымша элементтерден және оларды қарым қатынастарынан тұратын ішкі структурасы (жүйесі).

ҚР қаржы құқығының жүйесі 2 ірі бөлішелерден тұрады: Жалпы және ерекше бөлімдер. Жалпы бөлім мына институттардан құралған:



  1. қаржылық құрылымның құқықтық негіздері;

  2. ақша жүйесінің құқықтық негіздері

  3. мемлкеттік қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері

  4. мемлекеттік қаржы саласында басқару

  5. мемлекеттік қаржы бақылауының құқықтық негіздері

  6. қаржылық құқықтық жауапкершілікті құқықтық реттеу

Ерекше бөлім мыналардан тұрады:

  1. Бюджет құқығы (“мемлекеттік бюджет” институтына сәйкес келеді)

  2. Бюджеттік емес қорларды құқықтық реттеу (“мемлекеттік бюджеттік емес мақсаттың ақшалай қорлары” экономикалық институтына сәйкес келеді)

  3. Банктік қызметтің бұқаралық – құқықтық негіздері (“мемлекеттік банктердің қаржылары” экономикалық институына сәйкес келеді)

  4. Сақтандыру қызметінің бұқаралық құқықтық негіздері (“мемлекеттің сақтандыру мүмкіншіліктері” экономикалық институттарға сәйкес келеді)

Мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтық негіздері мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамын және оның ұйымдастырылу құрылымын белгілейтін, қаржылық құрылымды құрайтын және тиісті қаржыларды басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлкеттік органдардың жүйесін айқындап, құзыреттерін белгілейтін, сондай-ақ қаржы жүйесінің институттары мен біртұтас өзін қаржылық реттеудің мақсатын, міндеттерін және әдістерін белгілейтін қаржылық құқықтың институты болып табылады.

2. Қаржы құқығының қайнар көздері мемлекеттің қаржылық атқаратын қызмет кезінде пайда болатын, құқықтық қатынастарды реттейтін қаржы-құқықтық нормалардан тұратын оның сыртқы жүйесінен тұрады.

Қаржы құқығының қайнар көздеріне мыналарды жатқызуға болады:


  1. ҚР Конституциясы

  2. ҚР Конституциялық заңдары

  3. ҚР Салық Кодексі

  4. ҚР Заңдары

  5. ҚР Президентінің жарлықтары, зң күшіне ене алатын, ҚР-ның Президентінің нормативтік жарлықтары

  6. ҚР Үкіметінің нормативті тұғырнамалары

  7. Қаржы министрі, экономика министрі, Халық банк төрағасының нормативтік бұйрықтар, кедендік бақылау агенттілігінің нормативтік тұғырнамалары

  8. Маслихаттардың, әкімшіліктердің қаржылық құқықтық қаулылары, нормативтік қаржы құқықтық шешімдері

  9. Халықаралық қаржы құқығы және халықаралық қаржы құқықтық келісімдер.

Бақылау сұрақтары:

1. Қаржылық - құқықтық шарттар:ұғымы, белгілері.Қаржылық – құқықтық шарттардың түрлері және сипаттамалары.

2. Қаржылық құқықтың құқық саласы ретіндегі ерекшеліктері. Қаржылық құқықтың құқық жүйесіндегі орны.

3. Қаржылық құқықтың жүйесі және дерек көздері.

V-ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ: Қаржы құқығының түсінігі және құқық жүйесіндегі
Жоспары:

1. Ақшаның ұғымы және функциялары.

2. Несие ақшаның негізіндегі ақша жүйелері.

Лекцияның мақсаты: Ақша жүйесінің құқықтық негіздерін олардың ұғымдары мен функцияларын талдау.


Лекцияның мәтіні:
1. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамсыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды.

Ақша жүйесінің құқықтық негіздері еліміздің ақша жүйесін, соның ішінде ұлттық валюта жүйесін белгілейтін, сондай-ақ оның қоғам мен мемелкет мүдделеріне сй тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ететін қаржылық құқықтың институты болып табылады.

Осы институт реттейтін обьект ретіде мына: ақша жүйесінің құрылымы; ақша жүйесін ұйымдастырудың қаржылық құқықтық аспектілері; валюталық реттеу сияқты үш элемент көрініс табады.

Ақша жүйесі деп, тарихи қалыптасқан және тиісті ұлттық заңдармен бекітілген еліміздегі ақшалар айналымын ұйымдастыру нысанын айтамыз. Ақша жүйесінің элементтеріне:ресми ақша бірлігі; ақшалардың түрлері; ақшаларды эммисиялау (шығару) тәртібі; валюта айналымының режимі; ақша айналымын ұйымдастыру жатады.

ҚР ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы “ҚР Ұлттық банк туралы” ҚР Президентінің заң күші бар жрлығына сәйкес ұйымдастырылған.

Ақша бірлігі еліміздегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу жөніндегі қызметті атқаратын және ұлттық валютаның аталымын көрсететін мемелкет тарапынан белгіленген ақша, яғни Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Қазақстан теңгесі болып табылады.

Ақшалардың түрлері дегеніміз заңды төлем құралы болып табылатын ақшалар мен олардың номиналдары.

Ақшалар қағаз ақшалар және металл монеталар түрінде көрініс табады. Мемлекетіміздегі бірден бір негізгі эмиссиялық орталық алтынмен қамтамасыз етілмеген банкноттар және ұсақтаушымонталардың мемлдекет атына шығаруды жүзеге асыратын Қазақстанның Ұлттық Банкі болып табылады.

Ақша айналымы тауарлар, сондай-ақ тауарсыз төлемдер мен есеп айырысу айналысына қызмет көрсететін қолма қол және қолма қол емес нысанындағы ақшалардың қозғалысын білдіреді. Ақша айналымын реттеу әдістеріне ақшалай операцияларды жүргізу тәртібі мен қағидаларын белгілеу, нақты ақшалай операцияларды реттеу және ақшалай операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындау жатады.

2. Мемлекеттік қаржылар аясындағы ақшаларға тән функцтялар қаржылық міндеттемелер бойынша есеп айырысу құралы және мемлекеттің ақша қорларына жұмылдырылуына байланысты қазына жинақтау сипатында болады.

Ақша айналымын тұрақтыландыру ақша реформаларын жүргізу арқылы асырылады.

Ақша реформаларын жүргізу кезінде: нуллификация, денюминация, девальвация және ревальвация сияқты әдістер қолданылады.

Нуллификациялау – айналымнан құны жойылған ақшаларды алып тастап, оның орнына жаңа валюта енгізу, деноминациялау – айнлымдағы ақшаларды белгілі бір арақатынастарын қолдана отырып жаңадан шығарылған ақшаларға айырбастау арқылы ақшалардың құнын өзгерту және массасын азайту, девальвациялау – айналымдағы ұлттық валютаның ресми курсын төмендету, ревальвациялау – ұлттық валютаның курсын, басқа елдердің валюталарымен салыстырғанда ресми түрде жоғарылату сипатында жүргізіледі.

Ақша жүйесінің құрамдас бөлігіне ұлттық валюта жүйесі жатады. Ұлттық валюта жүйесі деп, халықаралық валюталық құқық нормаларын есепке ала отырып ұлттық валюталық заңдармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысанын айтамыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Валюта реттеуінің ұғымы, міндеттері және әдістері.

2. Валюталық бақылау.

3. Валюталық операциялардың ұғымы және түрлері.

VІ-ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ: Қаржы құқығының пәні
Жоспары:
1. Ақша жүйесінің ұғымы, қағидалары және элементтері.

2. Мемлекеттік ақша-несие саясаты


Лекцияның мақсаты: Ақша жүйесін соның ішінде мемлекеттік ақша несие саясатын талдау
Лекцияның мәтіні:

1. Қайта құру кезеңіне дейін “ақша айналымы” мен “ақша айналысы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма қол және қолма қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырады.

Ақша айналысы мен ақшы айналымы арасындағы шек қойылды. Тауар айналысы процесіндегі қолма қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорндар мен қаржы – несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.

Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі – қолма қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.

Бүкіл ақша айналысы: қолма қол және қолма қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:


    • өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

    • тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

    • ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылады.

Қағаз ақшалар әрдайым көмекші сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде ұзақ уақыт бойында айналуы мүмкін емес, сондықтан да олармен қатар несиелік ақшалар жүреді.

2. Несие ақшалар – бұл несие негізінде алтынның орнына келген құнның қағаздай белгісі. Несие ақшалар несие берушімен несие алушы арасындағы қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді және “төлем құралы формасы ретінде өмір сүрудің меншікті формасын алады”.

Несие ақшалардың негізгі түрлеріне: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады.

Вексель – бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан төлеуді талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі қарыз міндеттемесі.

Вексель айналымдық қасиетке ие болғандықтан, яғни қолма қол ақшаның орнына айналысқа түсуге бейім болғандықтан да, ол сауда ақшасы деген атауды иеленеді.

Вексельдер жай және аудармалы болады. Жай вексельді қарыз алушы жазып береді. Бұл вексель берушінің вексель ұсынушыға белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі. Аудармалы векселі кредитор – вексель берушінің үшінші тұлғаға қарыз алушыға вексельде көрсетілген соманы төлем уақыты келгенде төлеу жөніндегі бұйрығы.

Чек – бұл шот иесінің чек ұсынушының шотына чекте көрсетілген ақша сомасын қолма қол төлеу және аудару туралы банкке берген жазбаша бұйрығы. Чектер негізінен ақшалай және сеп айырысу болып бөлінеді. Ақшалй чек бойынша банктен қолма қол ақшалар алынады. Есеп айырысу чегі ордарлі сипатта болады. Шот иесіне чек кітапшалары беріледі. Чек кітапшасынан жыртып алған чектің апрақтары сатып алған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуға қолданылады.

Клиент есеп айырысу чек кітапшасын алу үшін банкке өтініш және тапсырма береді. Төлем тапсырмасы негізінде банк есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарын есептеп шығарады және шотта сақтайды, сатып алынған тауарлар сомасына чек жазып беру арқылы есептеседі.

Несие карточкалары (электронды ақшалар). Чектердің жаппай таралуы банктердің оларды өңдеу қиыншылықтарын тудырады. Сондықтан чектермен қатар пластикалық карточкалар пайда болады. Бұл банк немесе сауда фирмасы шығарған, банктегі шот иесінің жеке басын құжаттандыратын және оған тауарлар мен қызметтерді бөлшек сауда да қолма қол төлемсіз алуға құқық беретін атаулы ақшалай құжат.

Акция акционерлік қоғамның капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын жазбаша куәлікті, меншік нысанын білдіретін бағалы қағаз.

Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айырмашылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капиталына қатынасады, ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алушысы болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісім шарт жасайтын кредитор болып табылады.

Облигациялардың экономикалық жаратылысы келесідей үш ерекшелігімен сипатталады:



    1. облигация – шаруашылық қызметті несиелеу үшін пайдаланылатын капитал шоғырландыру құралы;

    2. облигация – онша қымбат емес және оңай қол жеткізуге болатын борыштық құрал;

    3. облигация – ұзақ мерзімді борыштиық міндеттеме.

Қазақстан қор нарығының қалыптасу жағдайындағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың жоғары тәуекелдігі өз кезегінде оларды төмендету қолайлы құралдарды іздестіруді қажет етеді. Олардың біріне – опциондық сауданың дамуы жатады. Опцион деп контрактіде көрсетілген мерзім ішінде ғана әрекет ететін, тұрақты бағада белгілі бір акциялар санын сатып алу немесе сатуға құқық беретін контрактіні атайды. Контрактіні сатып алушы оны сатуға опциондық сыйақы төлейді, оны опцион бағасы ретінде қарайды.

Опциондық кластағы сауданы жаңарту міндетті түрде алмастырудан басталады.

Фьючерс – тұрақты табысты бағалы қағаздарды тұрақты бағада алдағы уақытта жабдықтау контрактісін айтады.

Еркін нарықта нақты сатушылар мен сатып алушылар арасында контрактілер жасауға ешкім тыйым салмаса да, фьючерстік мәмілелер негізінен биржада жасалады. Ұйымдастыру қатынасындағы жүйе опционға ұқсас: клиент брокерлерлік кеңсе арқылы бұйрығын береді, ол бұйрық залдағы тұрақты жұмыс жасайтын өкілге жетеді, кейінгі оның орындалуы немесе орындалмауы нарықтағы нақты жағдайға байланысты анықталады.


Бақылау сұрақтары:

1. Ақша жүйесі ұғымы және оның элементтері және ақша жүйесінің қағидаттары.

2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.

3. Ақша айналымының құқықтық негіздері.

1. Мемлекеттің ақша-несие саясатының құқықтық негіздері.

2. Бағалы қағаздар айналымын құқықтық реттеу.

3. Мемлекеттік бағалы қағаздар түрлері.

VIІ-ЛЕКЦИЯ.


ТАҚЫРЫБЫ: Дамуының тарихы және қаржы құқығы ғылымның осы замандағы ахуалы

Жоспары:
1. Қаржылық бақылаудың ұғымы.

2. Қаржылық бақылаудың субьектілері, обьектілері, пәні, мақсаттары, міндеттері және әдістері.

Лекцияның мақсаты: Қаржылық бақылаудың сбьектілері мен обьектілері және мақсаттары әдістерін саралап оқыту.

Лекцияның мәтіні:
1. Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет.

Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерініңі бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті юасқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылау деп мемлекеттің ақша қаражаттарын пайдалану процестерінің заңды түрде, сондай-ақ мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеруді айтамыз. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің түрі ретінде

Есептелінеді, сондай-ақ экономикалық категория ретінде де қаржыларға бақылау функциясы тән болады. Осы бақылау функциясы мемлекеттік қаржыларды қалыптастыру, бөлу және пайдаланылуын ұйымдастыру процестерінің заңды негізде және мақсатқа сәйкес жүргізілуіне қадағалауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететді. Сонымен қатар, осы қаржылық органдардың қызметтеріне де бақылау мына келесідей міндеттері болады: қаржылық қызметтің барысында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; мемелкеттің ақша қаражаттарының орынды және тиімді түрде пайдалануын қамтамасыз ету; кәсіпорындар мен міндеттемелерінің орындалуын тексеру; мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық операцияларының тиімді және белгілі мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеру; мемлекеттік емес шаруашылық субьектілерінің ақшалай операцияларының заңды негізде жүзеге асырылуын тексеру; қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қаржылық тәртіп бұзушылықтың алдын алу және жою.

Қаржылық бақылаудың өзгешелігі - оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында.

Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар талабының сақталуы; жалпы қоғамдық өкім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субьектілердің, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңи тұлғалардың еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану. Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да кірістіреді.

Ғылыми негізделген қаржы саясатын тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржының бақылаудың мақсаты болып табылады.

Қаржылық бақыылау әртүрлі негіздер бойыынша мынадай топтарға бөлінеді:

А) тікелей бақылау;

Б) жанама бақылау;

Тікелей бақылау-нақты бақылау объектісінде алғашқы ақша құжаттарын зерделеу және талдау, ақшаларды қайта есептеу, тауаарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу арқылы жүргізіледі.

Жанама бақылау-бақылау бойынша субъектісі мен объектісі аумақ арқылы бөлінетіндіктен олардың есеп беру және жоспарлау құжаттарын тексеру сырттай сипатта жүзеге асырылады.

2. Жүзеге асыру уақыты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

а) алдын-ала қаржылық бақылау;

ә) ағымдағы қаржылық бақылау;

б) кейінгі қаржылық бақылау ;

Алдын-ал қаржылық бақылау қандай да болмасын қаржылық шараларды жүргізгенге дейін жүзеге асырылатын ескертпе бақылау;

Ағымдағы қаржылық бақылау қандайда болмасын қаржылық шараларды жүргізу процесінде жүзеге асырылатын жедел бақылау;

Кейінгі қаржылық бақылау өз қаржылық міндеттерін сапалы орындағандарға және қаржылық құқық бұзушылық жасаған фактілерге айғақтау мақсатында қаржылық шаралар жүргізгеннен кейін жүзеге асырылатын бақылау.

3. Субеъектілері бойынша арнайы және функциялық қаржылық бақылау;

а) арнайы қаржылық бақылау мемлекеттің арнайы уакілетті органдары жүзеге асыратын бақылау(мысалы ҚР қаржы Министрлігі, ҚР Ұлттық Банкі, Қаржы Министрлігінің қаржы бақылау комитеті және т.б.)

ә) функциялық қаржылық бақылау- мемлекеттік органдар жүзеге асыратын және олар үшін қаржының қызмет пен қаржылық бақылау қызметтерінің бір бағыты ретінде көрініс табатын бақылау.

4. Қаржылық бақылау аясына байланысты:

а) бюджеттік бақылау;

б) сақтандыру бақылауы;

в) валюталық бақылау;

г) салықтық бақылау;

д) қаржылық – шаруашылық бақылауы болып бөлінеді.

Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

Бақылаудың реттілігі, жаппайлығы, әмбебаптығы

Бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты: әрекеттілік, нақтылық, жариялылық – бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерджелегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;

Бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);

Бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.

Қаржылық тәртіп – бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің оның шаруашылық жүргізуші субьектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.


Бақылау сұрақтары:

1. Қаржылық бақылау ұғымы және элементтері.

2. Қаржылық тәртіп және оны қамтамасыз етудің құралдары.

3. Қаржылық санкциялар.


VIІІ-ЛЕКЦИЯ.


ТАҚЫРЫБЫ: Қаржы құқығының әдістері
Жоспары:
1. Қаржылық бақылаудың жіктелуі.

2. Қаржылық бақылаудың саласы.


Лекцияның мақсаты: Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздерін олардың жіктелуі мен қаржылық бақылаудың саласын оқыту.
Лекцияның мәтіні:
1. Қаржылық бақылау әр түрлі әдістер мен (тәсілдермен және амалдармен, оны жүзеге асыруды құралдармен ) жүргізіледі. Нақты әдісті қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объектісіне, мақсаты бақылау іс қимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.

Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады: тексеріс (барлық құжаттар бойынша ревизия бөлімдердің қызметін тексеру) инспекция (кәсіпорынның қаржының жәй-күйін орнында дүркіндік тексеру); қадағалау (кәсіпорындарды қаржы –қаражаттың жәй-күйімен жалпы танысу); тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемеші шоттың тексеру); қарап шығу қаржы жоспарларының жобалары, өтініштердің, қаржы шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау, баяндамаларды тыңдау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді.

Аталған жалпы әдістер түрлі объектілерге бақылау жүргізудің әдістемелерінде, ерекшеленеді, нақтыланады.

Осы қаржылық бақылау әдістерінің ішіндегі ең бастысы ревизия болып табылады. Ревизия деп тексерілетін объектілердің қаржылық-шаруашылы қызметтерін мұқият зерделеу арқылы оолардың заңды түрде, мақсатқа сәйкес және ұтымды жүргізілген тексеруді айтамыз.

Ревизия жүргізу кезінде мына келесідей әдістер қолданылады:


  1. Тексеру объектісі бойынша; құжаттың тексеру, факті бойынша яғни жасалған жұмыстың көлемі мен сапасын, тауарының –материалдың құндылықтардың бар жоқтығын тексеру. 2. Тексеру объектісі қайталануы бойынша: толық, жаппай тексеру; ішінара, іріктеп тексеру. 3. Ұйымдастыруы бойынша; жоспарлы тексеру, жоспардан тыс тексеру.

3. Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтау мен қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.

Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билікпен басқарудың мына органдар жүргізеді: Президенттің аппараты, ҚР Парламенті, Үкімет, Жергілікті өкілетті органдар депутаттардың жиналыстары, жергілікті әкімшілік органдар.

Бақылаудың бұл түрін Республиканың бюджеттік атқарылуына бақылау жасау жөніндегі есеп комитеті де жүргізіледі.

2. Құқықтық мемлекет құрылысының тұжырымдамасын негіздей отырып қаржылық бақылауды жүзеге асыруға заңнамалық органдардың рөлі күшейе түседі. Сондықтан бақылаудың субъектісі ретіндегі Қазақстан Республикасы Парламентінің функциясы және бақылаудың тиісті түрі Парламенттік депутаттың бақылау бөлектеніп көрсетеді. Бұл бақылаудың объектісі:



  • мемлекеттік бюджеттің шығыстарын жандандыратын кез келген шараларды бекіткен кездегі;

  • бюджеттегі шығыстардың қаьылданған заңдардың мақсаттарына сәйкестігін тексеру;

  • бюджеттің жасалуына тексеріс кезіндегі мемлекеттік шығыстар болып табылады.

  • ҚР Парламенті мыналарға бақылауды жүзеге асырады:

  • Бюджет ресурстарының түсу көздеріне, оларды үкіметтің де, заңнаманың органның да үнемді пайдаланылуына; ақша қаражаттарының ысырапқорлығын киесін тастауға;

  • Мемлекеттік меншікті пайдаланудың, мемлекеттік кәсіпорындардың тиімділігіне, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алуға және жекешелендіруге;

  • Арнаулы қорлар қаражаттарының пайдалануына;

  • әртүрлі партиялар қоса, қоғамдық ұйымдардың ақшалай табыстарының көздеріне, жарғылық мақсаттарға сәйкес бұл қаражаттарды пайдалануға.

Бақылау сұрақтары:

1. Қаржылық бақылаудың түрлері.

2. Қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың құзыреті.

3. Аудиторлық қызметтің құқықтық реттелуі.
ІX-ЛЕКЦИЯ.


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет