ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «микробиология» мамандық үшін 5В080100 «Агрономия» ОҚУ-Әдістемелік кешені



Дата05.07.2017
өлшемі124.85 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі

құжаты


ПОӘҚ


ПОӘҚ 042-Х.1.ХХ/01-20__

ПОӘҚ

Оқытушыға арналған пән

«Микробиология» бойынша бағдарламасы


Баспа №__күні___


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«МИКРОБИОЛОГИЯ»


мамандық үшін 5В080100 - «Агрономия»
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Семей


20___
Алғы сөз



  1. ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Құрастырушы__________«___»_______, 20__ж., А.Н.Байғазанов ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент, кафедра «Ветеринариялық санитария»




  1. ТАЛҚЫЛАНДЫ




    1. Кафедра мәжілісінде «Ветеринариялық санитария»

Хаттама №___«___» __________ 201__ ж.


Кафедра меңгерушісі _____________C.Дүйсембаев
2.2 Факультетінің Аграрлық оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды
Хаттама №___ «___» __________ 20___ ж.
Төраға _________________________Г.Джаманова
3 БЕКІТІЛГЕН
Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды
Хаттама №___ «___» __________ 20___ж.
Төраға ________________________ Г.Искакова
4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (немесе №___ баспа «___» _____20__ж. ОРНЫНА)

ТАҚЫРЫП №1-2: Микробиологиялық зертхана және оның міндеттері. Иммерсиялық жүйе. Бактериялардың морфологиясы

Материалмен жабдықтау: әр студентке микроскоп; бактериялардың әр түрлі формасының боялған препараттары; иммерсионды май.

Оқу құралы:

Кестелер: микроскоптағы сәулелердің өтуі; основные бактериялардың негізгі формалары; микроб клеткасының тұрақсыз элементтері.

Әдебиет: Костенко Т.С. және т.б. Практикум по ветеринарной микробиологии и иммунологии. – М.,1989.- Б.21-28.

Қойылған мақсат: студенттерді бактериялардың морфологиясымен таныстыру

Тақырып бойынша зертханалық сабақтың негізгі сұрақтары:


  1. Бактерия клеткасының құрылысы

  2. Микроорганизмдердің формалары

  3. Иммерсиялық жүйедегі сәулелердің өтуі

  4. Микроскоптың құрылысы

  5. Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу тәртібі

Сабақтың қысқаша мазмұны: топ студенттерімен танысу, жұмыс жасайтын орнын бекіту, кезекші студентті тағайындау. Бактериологиялық зертханада жұмыс істеу тәртібімен танысу. Пәннің «Микробиология және вирусология» оқу-әдістемелік кешенімен танысу. Микроскоптың негізгі бөлімдерін көрсету. Плакат бойынша микроскоптан сәулелердің иммерсиялық және құрғақ жүйе бойынша өтуін ажырату. Демонстрация работы с иммерсионной системой Микроскоптың иммерсиялық жүйемен жұмыс істеуін көрсету. Бактериялардың морфологиясымен таныстыру.

Өздік жұмыс: ДБЖ орындау барысында.

1.Оқытушы көрсеткен соң, кезекші студент әр студентке дайын (боялған) бактериалды препаратты таратады. Бактериалды препаратқа иммерсиялық майды жағады. Содан кейін препаратқа микроскоптың иммерсионды объективін (қара сызығы бар, ұлғайтқышы 90) қоямыз, револьверді шырт еткенше бұраймыз да, макрометриялық винттің көмегімен иммерсиялық майға батырамыз. Винтті иммерсиялық майдан шығармай препарат көрінгенге дейін жоғарлатады немесе төмендетеді. Көрген бактерия формасын жұмыс дәптеріне салып, орысша және латынша атауларын жазу.

2. Кезекші студент әр студентке реттік саны белгіленген дайын (боялған) бактериалды препаратты таратады. Студенттің міндеті бактерия формасын анықтау. Әр бір бактериалды препаратқа иммерсиялық майды тамызу керек (кезек бойынша). Содан кейін препаратқа микроскоптың иммерсионды объективін (қара сызығы бар, ұлғайтқышы 90) қоямыз, револьверді шырт еткенше бұраймыз да, макрометриялық винттің көмегімен иммерсиялық майға батырамыз. Винтті иммерсиялық майдан шығармай, препараттың көрінуін макрометриялық винттің көмегімен реттейді. Көрген бактерия формасын жұмыс дәптеріне салып, формасын (морфологиясын) анықтап, орысша және латынша атауларын жазу. Студент міндетті түрде төрт препарат бойынша оқытушыға түсіндіріп айтуы тиіс.

«Бактериялардың негізгі формалары» плакатын қолдану арқылы дәптерлеріне бактериялардың негізгі формаларын орысша және латынша атауларын жазу керек.



ТАҚЫРЫП № 3: Бояулар мен бояғыш ерітінділер. Бактериялық препараттарды дайындау. Қарапайым бояу әдісі.

Материалмен жабдықтау: әр студентке микроскоп; иммерсионды май, микробиологиялық ілмектер, заттық шынылар, спирт шамдары, сіріңке, фильтр қағазы, шыныға жазатын карандаштар, ерітіндідегі бояулар, өсіндісі бар ЕПА пробиркалары, пішен тұнбасы мен орамжапырақ (қияр) тұздығы. Көрсету: құрғақ бояулар, химиялық фиксацияға арналған реактивтер, фиксациялаушы сумен.

Оқу құралы:

Кестелер: бактериялардың негізгі формалары; микроб клеткасының анатомиясы.

Әдебиет: Костенко Т.С. және т.б. Практикум по ветеринарной микробиологии и иммунологии. – М.,1989.- Б.21-28.

Қойылған мақсат: Бояулармен және ерітінділерді дайындау әдістерімен танысу. Бактерия препараттарын дайындау және әзірлеуді үйрену. Микроорганизмдердің кез келген жерде кездесетіндігіне көз жеткізу.

Тақырып бойынша зертханалық сабақтың негізгі сұрақтары:


  1. Бактерия клеткасының құрылысы

  2. Микроорганизмдердің формалары

  3. Бактерияны бояуға арналған бояулар. Дайындау техникасы.

  4. Тығыз қоректік ортада өсірілген өсіндіден жұғынды дайындау техникасы.

  5. Бактерия препараттарын қарапайын әдіспен бояудың маңыздылығы. 3,4,5 сұрақтар бойынша конспект жазу.

Сабақтың қысқаша мазмұны: кезекшіні тағайындау, өткен сабақтың теориялық материалын бекіту. Микроорганизмдердің кез келген жерде кездесетіндігіне әңгіме өткізу. Бактерия препараттарын дайындау техникасымен, фиксациялау және бояу әдістерімен таныстыру. Препараттарды дайындау техникасын көрсету, химиялық және физикалық әдістерімен фиксациялау, қарапайым әдіспен бояу техникасы. Көрсету барысында фиксациялаудың мақсаты мен әдістері, бояу ерітінділерін дайындау мен қарапайын бояу әдістері жайында айтылады. Дәрісханалық бақылау жұмысын жүргізу.

Өздік жұмыс: ДБЖ орындау барысында.

1-сағ. Фуксиннің қаныққан спирттік ерітіндісін дайындау. Бояуға 1:10 қатынасында 96%-дық спирт ерітіндісін құю. Спирттік ерітінді қанығу үшін термостатқа толық ерігенше қою керек. Қаныққан ерітіндідіден карбол фуксинін дайындау (Циль). 10 мл қаныққан негізгі фуксиннің спирттік ерітіндісін және 100 мл 5%-дық фенол ерітіндісін алу. Екінші ерітіндіні араластыру арқылы бірінші ерітіндіге (керісінше емес) құю керек. Дайын ерітіндіні қағаз фильтрінен сүзіп, шынысы қара түсті ыдысқа құю керек. Өздері дайындаған бактерия препараттарын бояу үшін қолдану керек.

2-сағ. ДБЖ. Бактерия препараттарын дайындау техникасы мен бояу әдістерін көрсеткен соң, әр бір студентке тығыз қоректік ортада (ЕПА) өсірілген өсінді беріліп, бактерия препаратын дайындап, кептіріп, жалында ұстап фиксациялайды және бояулермен бояйды. Дайындалған препараттарды микроскоппен қарау керек. Бактериялардың морфологиясын анықтап, дәптерге салып, формаларын анықтау. Дәптерге сызбанұсқаны жазу: жұғынды – кептіру – фиксациялау – бояу.

4ТАҚЫРЫП: Күрделі бояу әдісі.



Грамм және Циль-Нильсен әдісі бойынша бояу
Материалмен жабдықтау: әр студентке микроскоп; иммерсионды май, микробиологиялық ілмектер, заттық шынылар, спирт шамдары, сіріңке, фильтр қағазы, шыныға жазатын карандаштар, ішек таяқшасы мен стафилококк қоспалары бар пробирка (шайынды), тістің қабыршағынан дайындау үшін арналған стерилденген тампондар (сіріңке). Грам әдісіне арналған бояулар. Циль-Нильсен әдісімен боялған препратты көрсету.

Оқу құралы:

Кестелер: Грам бойынша бояу әдісі; окраска по методу Циль-Нильсен бойынша бояу әдісі; бактериялардың химиялық құрылысы; клетканың анатомиясы.



Әдебиет: Костенко Т.С. және т.б. Практикум по ветеринарной микробиологии и иммунологии. – М.,1989.- Б.29-34.

Қойылған мақсат: бояудың дифференциалды әдістерін түсіндіру.

Тақырып бойынша зертханалық сабақтың негізгі сұрақтары:

1. Бактерия клеткасының құрылысы.

2. Микроб клеткасының химиялық құрылысы .

3. Бактерия препараттарын бояудың күрделі әдістері.

4. Грам теріс және грамм оң бактериялардың клетка қабырғасының құрылысы

5. Грам әдісі бойынша бояудың техникасы.

6. Циль-Нильсен әдісі бойынша бояу.

3,4,5,6 сұрақтар бойынша конспектыны зертханалық дәптерге жазу.1 және 2 сұрақтарды қайталау.



Сабақтың қысқаша мазмұны: кезекшіні тағайындау, өткен сабақтың теориялық материалын бекіту, тақырып бойынша сұрау, конспектыны тексеру; Грам әдісі бойынша бояу техникасын көрсету, микроорганизмдердің түрлерін анықтауда, індетті ауруларды диагностикалауда маңыздылығын анықтау, Циль-Нильсен әдісі бойынша бояудың техникасын көрсету; Грам әдісін меңгеру бойынша дәрісханалық бақылау жұмысын жүргізу.

Өздік жұмыс: ДБЖ орындау барысында.

1. Өсіндіден, тіс қабыршағынан бактерия прератын дайындау және Грам әдісі бойынша бояу. Боялған прератты микроскоппен қарау, суретін дәптерге салу (түрлі-түсті сурет болуы қажет) және атауларын жазу. Бұл бояу әдісінің маңыздылығын айқындап, микроорганизмдердің түрлерін анықтау.

2. Циль-Нильсен әдісі бойынша боялған препаратты көру. Микроскоппен көру. Суретін салу және атауын жазу. Бұл бояу әдісінің маңыздылығын айқындау.
ТАҚЫРЫП №5: Спора және капсуланы анықтау әдістері
Материалмен жабдықтау: әр студентке микроскоп; иммерсионды май, микробиологиялық ілмектер, заттық шынылар, спирт шамдары, сіріңке, фильтр қағазы, шыныға жазатын карандаштар, шұңқыршасы бар заттық шынылар. Боялып көрсетуге арналған спора жұғындысы. Виртц әдісіне арналған бояулар (малахит жасылы мен сафранинге сіңіріліп алынған қағаз). Сібір жарасынан өлген тышқанның мүшелерінен дайындалып және Ольт әдісі бойынша боялған препараттар. Микроскопта «қараңғылық» арқылы бактерия қозғалысын көрсету.

Оқу құралы:

Кестелер: микроб клеткасының тұрақсыз элементтері; спора мен капсуланы бояу; микроб клеткасының анатомиясы.



Әдебиет: Костенко Т.С. и др. Практикум по ветеринарной микробиологии и иммунологии. – М.,1989.- С.29-34 .

Қойылған мақсат: спора, капсуланы бояудың маңыздылығын түсіндіру.

Тақырып бойынша зертханалық сабақтың негізгі сұрақтары:

  1. Бактерия клеткасының құрылысы.

  2. Спораны бояу әдісінің маңызы

  3. Капсуланы бояу әдісінің маңызы

  4. Зертханалық сабақтағы тұрақсыз элементтер мәні

Сабақтың қысқаша мазмұны: кезекшіні тағайындау, өткен сабақтың теориялық материалын бекіту, тақырып бойынша сұрау, конспектыны тексеру; спора мен капсуланы бояу техникасын көрсету, спора мен капсуланың маңызы және , микроорганизмдердің түрлерін анықтауда, індетті ауруларды диагностикалауда маңыздылығын анықтау. Спора мен капсуланы анықтау әдісін меңгеру бойынша дәрісханалық бақылау жұмысын жүргізу.

Өздік жұмыс: ДБЖ орындау барысында.

1.Капсуланы анықтау мақсатында Ольт әдісі бойынша боялған препараты көру. Микроскоппен қарап, суретін салу.

2. Виртц әдісі бойынша боялған дайын препараттарды спораны анықтау үшін қарау. Микроскоппен қарап, суретін салу. Белгілеп жазу (көрсету).

Виртц әдісі бойынша бояу. Малахит жасылы сіңірлген қағазды жұғындыға қою. Дистилденген сумен ылғалдандыру. Жалында 3-4 рет бу бөлінгенше 7 минут ұстаймыз. Бояуды жуып, сафранин ерітіндісі сіңірілген қағазды қоямыз. Дистилденген сумен ылғалдандырып 45 секунд бояймыз. Сумен жуамыз. Фильтр қағазымен кептіреміз.
ТАҚЫРЫП №6: Бактериялардың қозғалғыштығын анықтау.
Материалмен жабдықтау: әр студентке микроскоп; иммерсионды май, микробиологиялық ілмектер, заттық шынылар, спирт шамдары, сіріңке, фильтр қағазы, шыныға жазатын карандаштар, шұңқыршасы бар заттық шынылар. Боялып көрсетуге арналған спора жұғындысы. Виртц әдісіне арналған бояулар (малахит жасылы мен сафранинге сіңіріліп алынған қағаз). Сібір жарасынан өлген тышқанның мүшелерінен дайындалып және Ольт әдісі бойынша боялған препараттар. Микроскопта «қараңғылық» арқылы бактерия қозғалысын көрсету.

Оқу құралы:

Кестелер: микроб клеткасының тұрақсыз элементтері; спора мен капсуланы бояу; микроб клеткасының анатомиясы.



Әдебиет: Костенко Т.С. и др. Практикум по ветеринарной микробиологии и иммунологии. – М.,1989.- С.29-34 .

Қойылған мақсат: спора, капсуланы бояудың маңыздылығын түсіндіру.

Тақырып бойынша зертханалық сабақтың негізгі сұрақтары:

  1. Бактерия клеткасының құрылысы.

  2. Жіпшелерінің орналасу және саны бойынша микроорганизмдер қандай топтарға жіктелінеді? Суретін салу.

  3. Микроб қозғалысын анықтау әдістері: «аспа тамшы» әдісі; «қысылған тамшы» әдісі; жіпшелерді анықтауға арналған әдістер (Морозов бойынша бояу).

  4. Зертханалық сабақтағы тұрақсыз элементтер мәні

Сабақтың қысқаша мазмұны: кезекшіні тағайындау, өткен сабақтың теориялық материалын бекіту, тақырып бойынша сұрау, конспектыны тексеру.

Өздік жұмыс: ДБЖ орындау барысында.

  1. Микроорганизмдердің қозғалғыштығын микроскопта қараңғылықта «қысылған тамшы» әдісі арқылы анықтау және «аспа тамшы» әдісін препараттан көру.

  2. Морозов әдісі бойынша боялған дайын препаратты микроскоппен қарау (бактериялардағы жіпшелерді анықтаудың тура әдісі).


ТАҚЫРЫП № 7-8: Зең саңырауқұлақтары, ашытқылар және актиномицеттер
Материалмен жабдықтау: КӨРСЕТУ ҮШІН – зең саңырауқұлақтары, ашытқылар, актиномицеттері бар дайын препараттар мен микроскоптар , зең саңырауқұлақтарының үш түрі бар (пеницилл, аспергилл, мукор) нан. Микроскоп, заттық шынылар, жамылғы шынылар, инелер, микробиологиялық ілмектер, спирт шамдары, сіріңке, физиологиялық ерітінді, иммерсионды май.

Оқу құралы:

Кестелер: зең саңырауқұлақтарының, актиномицет және ашытқылардың морфологиясы; ашытқылардың құрылысы, ірі қараның актиномикозы .

Әдебиет: Костенко Т.С. и др. Практикум по ветеринарной микробиологии и иммунологии. – М.,1989.-С.34-43.

Қойылған мақсат: Саңырауқұлақтардың морфологиясымен және микроскоппен қараудың техникасымен таныстыру.

Тақырып бойынша зертханалық сабақтың негізгі сұрақтары:


  1. Зең саңырауқұлақтарының негізгі түрлері (аскомицеттер, мукор саңырауқұлағы), құрылысы және морфологиясы, көбею жолдары.

  2. Жетілмеген саңырауқұлақтар (кладоспориум, сүт зең саңырауқұлағы, альтернария, катенулярия, фома), құрылысы және морфологиясы, көбею жолдары.

  3. Ашытқы құрылысы және морфологиясы, көбею жолдары.

  4. Актиномицет құрылысы және морфологиясы, көбею жолдары.

  5. Зең саңырауқұлақтарының, жетілмеген саңырауқұлақтарының, ашытқы, актиномицеттердің биотехнологиядағы маңызы. Тіршілікте қолану өнімі.

Қойылған сұрақтарға дәптерге жазбаша жауап беру және зең саңырауқұлақтарының (пеницилл, аспергилл, мукор), жетілмеген саңырауқұлақтардың ( кладоспориум, сүт зең саңырауқұлағы, альтернария, катенулярия, фома), актиномицет және ашытқылардың – бір және көп клеткалы организмдердің морфологиясының сызбанұсқасын салу.

Сабақтың қысқаша мазмұны: кезекшіні тағайындау, өткен сабақтың теориялық материалын бекіту, тақырып бойынша сұрау, конспектыны тексеру, зең саңырауқұлақтарының дайын препараттардан морфологиясын көру, актиномицет және ашытқылардың дайын препараттарын көру, зең саңырауқұлақтардан препартты дайындау техникасын оқытушының көрсетуі, зең саңырауқұлақтан өздігінен препартты дайындау, дәрісханалық бақылау жұмысын жүргізу.

Өздік жұмыс: ДБЖ орындау барысында.

1 сағ. Зең саңырауқұлақтарының рет бойынша жатқан (№1, №2, №3) дайын препараттарын көру, кестеге сәйкестендіру. Дискуссия кезінде саңырауқұлақтың қандай туысқа жататындыған анықтау.

Кезекші студент әр бір студентке екі дайын бактерия препаратын таратады, актиномицет және ашытқылардың морфологиясын көреді. Көрген суреттерін салады. Препараттарды 40 объективімен көреді.



2 сағ. Нанда өсірілген зең саңырауқұлағының үш түрін көреді. Саңырауқұлақтардың өсінділік қасиеті анықтайды. Содан кейін әр бір саңырауқұлақтан бактериалды ілмектер арқылы заттық шыныға препарат дайындап, жамылғы шынымен жауып, 40 объективімен көреді Суретін салады.

Саңырауқұлақтың қандай туысқа жататындығын анықтау үшін ұрығы бар бөлігін кестемен сәйкестендіру қажет.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет