ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Жалпы психология» 5В050300 – Психология мамандығына арналған студентке арналған пәннің бағдарламасы



Дата07.11.2017
өлшемі241.83 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-16.1.91/02-2015



ПОӘК

«Жалпы психология» студентке арналған пәннің бағдарламасы



Басылым №1



ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Жалпы психология»

5В050300 – Психология мамандығына арналған



СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей

2015


Алғы сөз


1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырған: 2015ж.

«Психология» кафедрасының доценті м.а. А.Ж. Едігенова
2 ҚАРАЛДЫ

2.1 «Психология» кафедрасының отырысында қаралды

2015ж. Хаттама № 1
Кафедра меңгерушісі ____________ Ш.Сатиева
2.2 ЭҚГҒФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды

2015ж. Хаттама № 1


ОӘБ төрағасы_________ С.Тойкин

3 БЕКІТІЛДІ

3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

2015ж. Хаттама №1


ОӘК төрайымы_________ Г. Искакова
4 Алғаш енгізілді басылым №1


Мазмұны
1 Жалпы талаптар

2 Пән мазмұны мен сабақ түрлеріне қарай сағат санының бөлінуі

3 Пәнді оқудың әдістемелік нұсқаулары

4 Курс форматы

5 Курс саясаты

6 Баға қою саясаты

7 Әдебиеттер


  1. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер

Едігенова Алма Жүнісбекқызы доцент м.а., п.ғ.к.

«Психология» кафедрасы

Байланыс телефондары- тел.: 35-93-89, №1 оқу корпусы, кабинет № 1212

Сабақтың өткізілу орны- аудитория №1210

Берілген пән бойынша кредиттер саны-3

1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Жалпы психология: «Танымдық процестер психологиясы» курсы психология ғылымының фундаменталды негізін құрайтын теориялар мен зерттеу әдістердің мазмұны мен психологиялық құрылымына байланысты қазіргі әдіснамалық жағдайларға сүйенеді, соңғы жетістіктері мен тұжырымдамаларын негізге алады, сондай-ақ әлемдік психология жетістіктерін танымдық процестерді талдау негізінде түсіндіреді, психологиялық теорияларды зерттеу және меңгеру процестерін талдайды. Жалпы психологияның негізгі өзегін құрайтын танымдық психикалық процестердің әртүрлі заңдылықтары мен критерийлерін талдайды және соның негіәзінде білімдерді жүйелейді.

Ғылыми психологиялық танымдық процестер аясында танымдық іс-әрекеттік негізін қалыптастырады, психология ғылымындағы танымдық психикалық процестердің алғашқы сезімдік логикалық сатылары түйсіну, қабылдау, зейін, елестер жайлы ғылыми телориялар жайлы білімдерін қарастырылады, психологиялық заңдылықтардың негізінде психикалық процестердің тәсілдерін, даму жолдарын анықтайтын жаңа, инновациялық психологиялық теорияларды мен зерттеулер беріледі.

Жалпы психологиядағы танымдық психикалық процестердің адам іс-әрекетіндегі дамуы мен қызмет етуі, түрлері қазіргі жаңа қазіргі психологиялық бағыттарға байланысты жалпы психологиядағы танымдық процестер психология негіздері туралы фундаменталды білімдер дамытылады.

1.3 Пәннің мақсаты:

«Жалпы психология» пәнін оқу студенттердің жеке адамды таным субъектісі ретінде түсіне отырып, ойлаудың диалектикалық логикасын қалыптастырып, танымдық психикалық процестердің табиғатын түсініп, ғылыми психологиялық ойлау жүйесін негіздеу. Танымдық психикалық процестердің адам іс-әрекетіндегі дамуы мен қызмет етуі, түрлері қазіргі жаңа қазіргі психологиялық бағыттарға байланысты жалпы психологиядағы танымдық процестер психология негіздері туралы фундаменталды білімдерін дамыту.

1.4 Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері:

1) жалпы психологиядағы танымдық психикалық процестердің негізгі заңдылықтары мен даму механизмдерін қолданудың тәсілдерін теориялық–методологиялық аспектіде танысып, оқып үйрену, псикикалық процестердің негізгі заңдылықтары мен критерийлерін фундаменттік теориялық және қолданбалы психологиялық зерттеулерде қолдануға студенттерде оң әсерлі мотивация мен жүйелік негіздерді қалыптастыру;

2) оқытылған танымдық психикалық процестер-сенсорлық, перцептивті. Ес және ойлау, зейін процестерінің заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру;

3) танымдық психикалық процестердің даму заңдылықтары мен механизмдерін талдау критерийлерін психологияның барлық саласында қолдануды оқып үйрену, оның жаңа инновациялық технологияларын меңгеру, машықтану, психикалық процестердің базалық категориялары мен түсініктері жайлы білімдер беру;

4) әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту;

5) әлемдік және отандық психологиялық ықпалдар мен идеялардың негізгі принциптерімен таныстыру және психологиялық эксперименттерде оларды қолдану алу білімдеріне үйрету.

1.5 Оқып-зерттеу нәтижесінде студент:

-танымдық психикалық процестер жайлы әлемдік және отандық психологиядағы зерттеулерді және олардың тарихын;

-танымдық психикалық процестердің психологиялық табиғаты жайлы негізгі теориялар мен зерттеу мәселелерін;

-жалпы психологиядағы танымдық психикалық процестердің жалпы психологиялық табиғатын;

- эксперименттік және қолданбалы психологиядағы танымдық психикалық процестерді зерттеу әдістері мен негізгі заңдылықтарын;

-танымдық психикалық процестерді зерттеуші –психолог пен экспериментатордың зерттеу жұмысына қойылатын талаптары мен кәсіби және тұлғалық сапаларын;

--жалпы психологиядағы танымдық процестерді зерттеу саласы бойынша эксперименттік зерттеулерді өткізу мен жоспарлау негіздерін.

Студент мыналарды меңгеруі қажет:

-жалпы психологиядағы танымдық психикалық процестер туралы теориялық және эксперименттік зерттеулерді талдау, жүйелеу, салыстыру, жалпылау мен қорытындылауды;

-танымдық психикалық процестер туралы алған теориялық және практикалық білімдерін шынайы кәсіби іс-әрекет пен тәжірибеде қолдану іс-әрекетін;

-жалпы психологиядағы ғылыми-ұғымдар неізі жайлы психологиялық білімдерді;

-танымдық психикалық процестерді эксперименттік психологияда зерттеу әдістері адекватты таңдау мен оларды өткізу процедураларын;

-танымдық психикалық процестер курсының негізгі жағдайларын кәсіби зерттеулерде, кәсіби іс-әрекеттің практикалық-қолданбалы салаларында оның тиімділігін арттыру мәселесі бойынша материалдарды өзбетінше логикалық түрде таңдау және таба алуды және оларды психологиялық интерпретациялауды.

Дағдыларды меңгереді:

-танымдық психикалық процестер туралы адекватты ғылыми теориялық білімдерді кәсіби сала мен практикада қолдана алу ептілігін және ғылыми әдебиеттер мен білімінің қайнар көздерін оқу үшін қажетті ізденістерді;

-жалпы психологиядағы танымдық психикалық процестерді зерттеу аясына байланысты эксперименттік және психодиагностикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарымен өткізу процедураларын;

- жалпы психология ғылымының негізгі бір саласы танымдық психикалық процестер туралы теориялар мен эксперименттік зерттеулерді және зерттеу әдістерін алған психологиялық білімдерін жүйелеу негізінде талдау, практикалық аспектіде бекіту;

-танымдық психикалық процестердің теориялары мен заңдылықтарын, эксперименттік зерттеулерін талдауларын;

-танымдық психикалық процестердің қазіргі жаңа, инновациялық теориялық, практикалық негіздегі әдістерін тиімді қолдана білу;

-танымдық психикалық процестерді жаңа қазіргі психологияда зерттеудің жаңа теорияларын қабылдау мен қолдана алу;

- танымдық психикалық процестердің ерекшеліктері мен мазмұнын кәсіби іс-әрекет пен кәсіби практикада қолдану;

- танымдық психикалық құбылыстар мен процестердің негізгі заңдылықтары жайлы білімдерді меңгере отырып, өзінің және қоршаға ортадағы тұлғалардың мінез-құлықтарын өзіндік реттеу мен психологиялық талдау жасау.

1.6 Курс пререквизиттері:

1.6.1 жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе;

1.6.2 экология және тұрақты даму;

1.6.2 тіршілік қауіпсіздігінің негіздері;

1.7 Курстың постреквизиті:

1.7.1 жалпы психология бойынша практикум-1;

1.7.2 мамандыққа кіріспе;

1.7.3 жалпы психология бойынша практикум-2;

1.7.4 психофизиология;

1.7.5 танымдық процестер және тұлға психологиясы;

1.7.6 психогенетика;

1.7.7 этнопсихология;

1.7.8 заң психологиясы;

1.7.9 педагогикалық психология;

1.7.10 басқару психологиясы;

1.7.11 саяси психология;

1.7.12 арнайы педагогика және түзету психологиясы.
2 ПӘН МАЗМҰНЫ МЕН САБАҚ ТҮРЛЕРІНЕ ҚАРАЙ САҒАТ САНЫНЫҢ БӨЛІНУ
Таблица 1



Тақырыптар

Сағаттар

Әдебиеттер

ДС

ТС

ЗС

БОӨ

Ж


БӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Түйсіну психологиясының жалпы сұрақтары. Сенсорлық-перцептивті процестердің түрлері, қасиеттері және ерекшеліктері.

Сенсорлық процестердің психологиялық ерекшеліктері.



2

1







10

7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.4.

2

Сенсорлық процестердің психофизикасы мен психофизиологиялық заңдылықтары мен ерекшеліктері

Стимул мәселесі.. Түйсіну табалдырықтары.



2

1




4

8

7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.4.

3

Қабылдау психологиясының жалпы сұрақтары. Қабылдау психикалық іс-әрекет ретінде.

Түстерді қабылдау. Түстерді көру теориясы.



2

1




3

8

7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.4.

4

Қабылдау теориялары мен негізгі ықпалдар

Перцептивті іс-әрекет және перцептивті феномендер.



2

1




3

8

7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.4.

5

Зейін психологиясының жалпы сұрақтары. Зейін және сана

Зейіннің психологиялық статусы. Зейін және сана.



2

1




3

8

7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.4.

6

Зейін және іс-әрекет. Зейіннің классикалық және қазіргі теориялары.

Зейін және қабылдау.Зейін және ес. Зейінді когнитивті психологияда зерттеу.



2

1










7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.4.

7

Елестердің жалпы сипаттамалары және бейнелі сфера, ассоциациялары, қабылдау және елестер.

Психологиядағы елестер мәселесі. Елестер екінші бейнелер ретінде.



2

1










7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.4.

8

Ес психологиясына кіріспе. Естiң эволюциялық даму сипаты.

Ес туралы жалпы түсiнiк . Ес қызметiнiң эволюциялық және әлеуметтiк сипаты.



2

1










7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.4.

9

Адамның мнемикалық әрекетiнің психологиялық сипаты.

Естi зерттеудегi түрлi теориялары. Естiң заңдылықтары.



2

1










7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.4.

10

Ес түрлерiн ажырату мәселесi және ес классификацияның тiректерi.

Психологиядагы ойлау теориялары.



3

1




3

8

7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.4.

11

Ойлаудын эволюциялык калыптасуы. Танымдағы және әрекеттi реттеудегi ойлаудын рөлі.

Ойлау дамуының коғамдық-тарихи және әлеуметтік-мәдени сипаты, негізгі формалары мен операциялары.



2

1













12

Ойлау дамуының тарихи-мәдени және онтогенетикалық сипаты.

Ойлау түрлерiнiң классификациясы. Ойлауды зерттеу және қалыптастыру әдiстерi.



2

1




3

8

7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.4.

13

Ойлау турлерiнiн типологиялык және генетикалык классификациясы.

Ойлау мен қиялдың айырмашылығы мен арақатынасы. Ойлаудың креативті табиғаты. Қиялдың формалары мен психологиялық механизмдері.



2

1










7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.4.

14

Сөйлеу психологиялық зерттеудiң пәнi ретiнде. Ойды тiл аркылы калыптастыру және тұжырымдау.

Тiл, сойлеу және ойлаудың диалектикалық бірлігі. Сөйлеу- психологиялық зерттеудiң пәнi ретiнде.



2

1




2,5

9,5

7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.4.

15

Сөйлеу әрекетінің заттық сипаты, психологиялық мазмұны және құрылымы.

Сөйлеудiң негiзгi формалары мен сөйлеу әрекетінің түрлерi. Сөйлеудi зерттеудегi психологиялық әдiстер мен амалдары.



2

1










7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.4.




Барлығы

30

15




22,5

67,5





3 ПӘНДІ ОҚЫП-ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

«Жалпы психология» пәні бойынша 30 сағат дәріс және 15 сағат тәжірибелік сабақтар жоспарланған. Дәріс, тәжірибелік сабақтарында студенттер конспектілеу жұмысымен айналысып, негізгі ойлар мен термин сөздерді жазып отырады. Соңынан оны талдау жұмысымен айналысады.



Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар

Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.

Міндеттері:

- әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;

- әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;

- пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;

- курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.

Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.

Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір–бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.

Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.

Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады.

Тәжірибелік сабақтарына даярлануға әдістемелік нұсқаулар

Тәжірибелік сабақтар студенттердің оқу жұмыстарының маңызды формаларының бірі. Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – білімді бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Бұл сабақтардың рөлі студенттерде оқыған пәндерінен алған білімдерін практикада қолдана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруда өте жоғары.

Тәжірибелік сабақтардың міндеттері:

1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды кеңейту және нақтылау.

2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім, дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін дамыту.

3. Теориялық білімді практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.

4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.

5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.

6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.

7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.

8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті және ұқыптылықты тәрбиелеу.

9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.



Оқытушы жетекшілігімен және студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.

Міндеттері:

- дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;

- теорияны практикамен байланыстыру;

- библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;

- алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;

- психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру;

- зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;

- өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;

- ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.

Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.

Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер:


  1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

  2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану.

  3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

  4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі оқытушылардан, кітапхана қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

  5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

  6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

  7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

  Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі

Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады:

1.Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне;

2. Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғанымен танысу;

3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу;

4. Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу;

5. Безендірілу сипатына;

6. Қайталауға берілген сұрақтарға;

7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б.

Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс.



Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.

Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар:



  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Реферат – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылымдық түрде берілетін жұмыс.

Реферат жазуға әдістемелік нұсқау

Реферат – ғылыми-ақпараттық бағытта болады, тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар, онда ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалынып, сын айтылады.



Реферат жазуда не ескеріледі?

1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты кішігірім зерттеулер жасау. Ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасау.

2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

3. Реферат жазуда негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдылану.

4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасау.

5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін қайдан алынғанын (сілтеме), қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсету қажет.



4 КУРС ФОРМАТЫ

Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, БӨЖ, БОӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған студент емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтілген материалды меңгеруде тақырып бойынша негізгі түсініктерді меңгеруге мән беру қажет және әр студентте сөздік жұмысы болуы керек.

Өздік жұмыстарын орындауда берілген әдістемелік нұсқаулықтарды ескеру қажет, нұсқаулықтарда әрбір тапсырманың орындалу тәртібі көрсетілген.
5 КУРС САЯСАТЫ

Курсты меңгеруде студенттерге қойылатын талаптар

Әрбір студенттің міндетіне - сабақтан қалмау, берілген тапсырмаларды мерзімінде, дұрыс тиянақты орындау жатады. Сабақты босату сол тәрізді өтілген сабақты талдауға қатыспау студенттердің жауапкершілігі жоқ екенін көрсетеді, сол себепті студенттердің сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімі оның оқуға деген қатынасын , ниетін білдіреді және осының барлығы курс бойынша қорытынды баға қоярда ескеріледі. Берілген тапсырмалар уақытында орындалмаған жағдайда, әрбір тапсырма үшін бағаңыз кеміп отырады. Сабаққа келмей қалсаңызда баллыңыз кемиді. Сондықтан сабаққа кешікпей, уақытында қажетті дайындықпен келуге талпыныңыз. Аса себепті жағдайлар (науқастанып қалу, отбасының жағдайлары) болғанда оқытушыны хабардар етуге және берілген тапсырмалардың бәрін де өткізуге міндетті екеніңізді ұмытпаңыздар. Әрбір студент өз жұмыс орнында болып қоймай, өзінің жұмыстағы міндеттерін орындауға тиіс. Оны орындамаған студентке білімін бағалауда кедергілер болатынын ескерген дұрыс. Осы пән бойынша берілген барлық тапсырмалар семестрдегі сабақ кестесінде бекітілген мерзімде орындалуы тиіс. Курсты оқып білу студент тарапынан белсенді болуды талап етеді.

Қажет уақытында оқытушыдан кеңес алу құқыңыз бар. Пән бойынша ұсынылған негізі және қосымша әдебиеттерді үнемі, әрі үзіліссіз оқып отыруыңыз қажет. Өйткені тапсырманы орындау негізінде немесе емтиханға даярлық кезінде оқулықты қолға алу сізге қажетті білімді толық бере алмайды.

Сол себепті толық әрі жан-жақты білім алғыңыз келсе, семестр бойында бірді-екілі ғана әдебиетпен шектелмей, пән бойынша бар барлық деректерді пайдалануыңыз қажет. Әрбір сабаққа пайдалануыңыз керек. Курсты меңгеру барысында жоғары жетістікке жетуіңіз сіздің оқу белсенділігіңізге байланысты екендігін еш ұмытпаңыз. Сабаққа қатысу белсенділігіңіз, оқу үлгеріміңіз және оқытушы берген тапсырмалаларды сапалы орындауыңыз сіз үшін межелік бақылау (аттестация) және емтихан кезінде көмектесетін дау тудырмайтын факті болып табылады. Аралық бақылаулар алдын-ала өткен, талқыланған материал бойынша жүргізіледі және оның мақсаты студенттердің теориялық білімді ұғыну деңгейлерін тексеру. Емтихан сіздің теориялық білім деңгейіңізді анықтау емес, керісінше өзіңіздің теориялық білімізді практикада қолдана алу мүмкіндігіңіздің көрсеткіші болады. Емтихандағы сұрақтар аудиторияларда қарастырылған және өзіңіз орындаған тапсырмаларға негізделеді. Қорытында емтихан барлық студент үшін міндетті болып табылады.



Берілген тапсырмаларды орындау барысында тиым салынады:

  • біреудің жұмысын көшіріп өткізуге ;

  • өзінің тапсырмасын басқа адамдарға орындатуға ;

  • жұмысты белгіленген мерзімнен кешіктіруге;

  • топ болып орындаған тапсырмаларды орындауға қатыспай балл талап етуге және т.б. әрбір оқытушы әр студенттен оның оқуға деген қатынасы және мінез-құлқы, тәртібі ЖОО талабына сәйкес болуын үлкен үмітпен күтеді.

6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ

Бір академиялық кезеңге 600 балл берілед: 300 балл 1-7 апталарға; 300 балл 8-15 апталарға.

«Жалпы психология» пәні бойынша баллдың бөлінуі

Таблица 2




Апта

Бақылау түрі

Балл жиыны

Ескерту

1

2

3

4




1-8 апта бойы

дәріске қатысу



30




3

Тәжірибелік

25




4


Тәжірибелік

25




БӨЖ

40




5

Тәжірибелік

25




6

Тәжірибелік

25




БӨЖ

50




7

Рубеждік бақылау

80




1-8 апта бойынша барлық балл саны

300







8-15 апта бойы

дәріске қатысу



30




9

Тәжірибелік

15




10

Тәжірибелік

15



11


Тәжірибелік

15




БӨЖ

40




12

Тәжірибелік

15




13

Тәжірибелік

20




14

Тәжірибелік

20




БӨЖ

50




15

Рубеждік бақылау

80




8-15 апта бойынша барлық балл саны

300




Емтиханға балл

400




Академиялық мерзімге жиынтық балл

1000



Емтихан түрінде өткізілетін қорытынды бақылауға 400 балл беріледі. Академиялық кезеңдегі баллдың жалпы жиыны - 1000 балл. Пән бойынша аудиториялық сабақтарға: (дәріс, тәжірибелік) 30 балл беріледі, оны оқытушы электрондық журналда белгілейді. Дәріс сабақтары бойынша балл берілмейді. Бірінші межелік 7 аптада өткізіледі, екінші бақылау 15 аптада өткізіледі.




7 ӘДЕБИЕТТЕР

7.1 Негізгі әдебиеттер:

7.1.1 Веккер Л.М. Психика и реальность. Единая теория психических процессов.-М.: Смысл.-2007.-688 с.

7.1.2 Гусев А.Н. Общая психология. В 7 томах. Том 2. Ощущение и восприятие. М.: Академия.-2009, 416 с.

7.1.3 Психология внимания \Под ред Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. –М.: Астрель.-2011,704 с.

7.1.4 Психология памяти \Под ред.Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова.-М.: Астрель.-2008, 656 с.

7.1.5 Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Серия: Мастера психологии.- СПб: Питер.-2012, 720 с.

7.1.6 Тихомиров О.К. Психология: Учебник / Под ред. О.В. Гордеевой. – М.: Высшее образование, 2006. – 538 с.

7.2 Қосымша:

7.2.1 Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. Том 1. Проблема развития психики.-Том 3-Вопросы психологии. Цифровая книга. М.: Говорящая книга.-2012.

7.2.2 Зимняя И. А. Лингвопсихология речевой деятельности. — М.: Московский психолого-социальный институт, Воронеж: НПО «МОДЭК», 2001. — 432 с.

7.2.3 Маклаков А.Г. Общая писхология.Учебник нового века. -СПб.: Питер.-2007, 592 с.

7.2.4 Петренко В.Ф. Многомерное сознание: психосемантическая парадигма / Петренко В.Ф. – М.: Новый хронограф, 2009. – 440 с.

7.2.5 Тертель А.Л. Психология. Курс лекций: учеб. пособие. – М.: Проспект, 2009. – 248 с.

7.2.5 Шифман Х. Ощущение и восприятие. Серия: Мастера психологии.- СПб.: Питер.-2003.-928 с.

Дерек көздер:

1.Ананьев Б.Г. Психология чувственного познания.-М.: Наука, 2001. –280 с.

2.Гальперин П.Я. Лекции по психологии.-М., 2011.-400 с.

3.Бердібаева С.Қ. Таным субъектісі: танымдық процестер психологиясы.-А.: Қазақ университеті, 2008.-77 б.

4.Жақыпов С.М. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет психологиясы. (Оқу құралы) – Алматы: "Алла прима" ЖШС, 2008. – 216 б.

5.Когнитивная психология / Р. Солсо – СПБ: Питер, 2006. – 589 с.

6.Островская И.В. Психология.-М.: ГЭОТАР –Медиа.-2011, 480 с.



7.Общая психология. В 7 томах. Том 4. Внимание\Под ред.Б.С. Братуся.-М.: Академия.-2010,480 с.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет