Пәннің атауы
|
Әдебиеттік оқу
|
Тақырыбы:
|
Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай.
|
Мақсаты:
|
Адам бойындағы жағымды-жағымсыз қылықтарды ажыратып, оған өз көзқарасын, ойын айтуға үйрету. Теңеу туралы түсінік қалыптастыру.
|
Жетістік критерийі
| -
Адам бойындағы жағымды-жағымсыз қылықтарды ажыратады.
-
Өз көзқарастарын, ой-пікірін айтады.
-
Теңеу туралы біледі.
|
Сілтеме:
|
Әдебиеттік оқу, 4 сынып. Әдебиеттік оқу әдістемесі, 2015 жыл.
|
Күтілетін нәтиже:
| -
Аңызды оқи отырып, өз көзқарасын, ойын жеткізуді;
-
Проблемалық сұрақтарды шеше білуді;
-
Сөздікпен жұмыс жасай алуды;
|
Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:
|
А3 форматтағы қағаздар, маркер, стикер, бағалау парақшалары.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Модульдердің ықпалдасуы:
|
Оқыту әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, бірлескен оқу.
-
«Сен – маған, мен -саған» әдісі
-
«Әткеншек» әдісі
-
ДЖИГСО әдісі
-
«Ыстық орындық»
-
БАП әдісі
-
«Соңғы 1 минут»
Қалай оқу керектігін үйрену, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ,Жас ерекшелік,
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, Диалогтік оқыту.
|
Негізгі дереккөздері:
|
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2011 жыл, математика оқулығы, әдістемелік жұмыс..
|
Сабақтың барысы:
|
Мұғалім әрекеті:
Тапсырмалар береді.
|
Оқушы әрекеті:
Тапсырмалар орындайды, талдайды.
|
Ұйымдастыру.
2 минут
|
Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
Шаттық шеңберін құру. «Ыстық алақан» арқылы бір-біріне сәттілік тілеу.
|
Қызығушылығын ояту
3 минут
|
Топтарға бөлу:
Қима қағаздар арқылы топқа бөлу.
|
Білу.
«Сен – маған, мен -саған» әдісі
3 минут
|
1-топқа: Аңыз дегеніміз не? Оның басқа шығармалардан қандай ерекшелігі бар?
2- топқа: Аңызда кімдер жайында айтылады? Басты кейіпкерлері кімдер?
3-топқа: Аңыздың басқа шығармалардан (мысалдан, ертегіден) қандай айырмашылығы бар?
|
Әр топ өздеріне берілген сұрақтарға жауап айтып, бір-бірімен пікір алмасады.
|
Түсіну.
«Әткеншек» әдісі
3 минут
|
Аңыз туралы және «Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай» аңызындағы кейіпкерлерді жаздыру.
|
Оқушылардың бірі бастап аңыз туралы және «Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай» аңызындағы кейіпкерлерді жазып шығады.
|
Қолдану.
Оқулықпен жұмыс
ДЖИГСО әдісі
7 минут
|
Мәтінді бөлікке бөліп оқып, бір-біріне айту
|
Мәтінді бөлікке бөліп оқи отырып, өз түсініктерін, өз көзқарастарын айтады.
|
Талдау.
«Ыстық орындық»
12 минут
|
Сұрақ-жауап:
-
Аңыздың басында Шықбермес Шығайбай туралы оқығаныңда, көз алдыңа қандай адам елестеді?
-
Шықбермес Шығайбайды алдау үшін Алдар қандай қулыққа барды?
-
Шығайбайдың үй іші түгелімен сараң адамдар екенін олардың қандай әрекеттерінен, қандай сөздерінен байқауға болады?
-
Бүгінгі күні Шығайбай секілді адамдар бар ма?
|
Оқушылар өз сұрақтарын қояды.
|
Жинақтау.
БАП әдісі(басқа адамдардың пікірі)
7 минут
|
1-топқа: Алдар Шығайбайдың үйіне кіріп келгенде, жасырып қойған дүниелерін неге теңегенін табу.
-
Жыланның жуандығы қандай?
-
Жыланды ұрған тастың үлкендігі қандай?
-
Былш етіп иленіп түскенін неге теңейді?
-
Сақалының жұлынғанын неге теңейді?
2-топқа: Шығайбай отбасының әрекетінен нені байқадың, өзіңе қандай ой түйдің?
АлдардыңШығайбайды неше рет және қалай алдағанын табу.
3-топқа: Алдаркөсе Шығайбайды бірнеше алдаған кезде алдына қандай мақсат қойды? Мақсатына жетті ме?
«Егер мен Шығайбай болсам, не істер едім?» деп өзін кейіпкердің орнына қойып, эссе жаздыру.
|
1-топ:
Оқушылар бірігіп жауап жазады.
-
Байдың тығып қойған қазысындай.
-
Бәйбіше астындағы қойдың басындай.
-
Тоқал астындағы қамырдай.
-
Қызы тығып қойған тырнаның жүніндей.
2- топ:
-
Жабықтан сығалауы.
-
Ет орнына тулақ турап қоюы.
-
Ыстық нанды алдап алуы.
-
Торсықты алдап алуы.
-
Атқа бор жағып қоюы.
Бағалау.'>3-топ:
Өздерін Шығайбайдың орнына қойып, эссе жазады.
|
Бағалау.
«Соңғы 1 минут»
З минут
|
Алдаркөсе мен Шығайбай әрекетіне баға беріп, «Егер мен оның орнында болсам...» деген ойды әрбір оқушы өз ойымен толықтырады.
|
Сабақты қорытындылау.
Рефлексия бөлімі.
2 минут
|
Жазбаша кері байланыс орнату.
Бүгінгі алған білімдеріңіз толықты ма? Өздеріңізге не алдыңыздар?
Теңеу дегеніміз екі нәрсенің ортақ сипатын, белгіерін табу, ұқсату.
|
Жазбаша кері байланыс жаза отырып, көңілді немесе көңілсіз смайликтерді жоғары көтереді.
|
Үйге тапсырма:
|
Алдаркөсе туралы мәлімет жинақтау.
|
Оқушылар ізденеді.Ақпарат көздерін пайдаланады.
|
Бағалау.
2 минут
|
Қалыптастырушы бағалаулар:
Жиынтық бағалау
|
Оқушылар түгел бағаланады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |