ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені «генетика биометриямен»



Дата08.04.2017
өлшемі216.45 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



МСЖ 3 деңгей құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-22.1.44/02 -2015


ПОӘК – «Генетика биометриямен» пәнінің студенттерге арналған оқу жұмыс бағдарламасы

№ 1 басылым

«___»______


5В080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өңдіру технологиясы» мамандығына арналған



ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«ГЕНЕТИКА БИОМЕТРИЯМЕН»
ПӘНІНІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей 2015


Алғы сөз
1.ӘЗІРЛЕГЕН
Құрастырған_______________ «____»___________20____ж. “Мал шаруашылығы және аңшылықтану” кафедрасының а.ш. ғ.к., профессор м.а. Нұржанова К.Х.

2.ТАЛҚЫЛАНҒАН


2.1 “Мал шаруашылығы және аңшылықтану” кафедрасының мәжілісінде.

«__»______________20__ ж. № ___ хаттама.


Кафедра меңгерушісі_____________ Ахметова Б.
2.2 Аграрлық факультеттің оқу - әдістемелік комиссия мәжілісінде.

«___»_____________20___ ж. № ___ хаттама


Төрағасы_____________________ Тлеубаева А.

3 БЕКІТІЛГЕН


Университеттің оқу - әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданып, басылымға ұсынылған.

«___»_______________20___ ж. № ___ хаттама.


ОӘК төрағасы__________________Искакова Г.

4 ТҰҢҒЫШ РЕТ ЕҢГІЗІЛГЕН



Мазмұны

1. Қолдану саласы

2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

3. Пәндерді оқып-меңгеру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар

4. Курс форматы

5. Курс саясаты

6 Баға қоюдың саясаты

7. Әдебиеттер



1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР
1.1 Оқытушы және пән туралы мәліметтер

Нұржанова Кульсара Халимарденовна., а.ш. ғ.к., профессор м.а.

Мал шаруашылығы және аңшылықтану кафедрасы

Байланыс ақпараты – телефоны 53-19-70, № 7 оқу ғимараты

Сабақ өтетін бөлмелер - 203

Несие саны – 3 (үш)

1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы

«Генетика биометриямен» пәні 5В080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өңдіру технологиясы» мамандығының студенттеріне арналған.

Кіріспе. Генетика пәні. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік туралы ұғым. Тірі организмнің даму барысындағы әртүрлі кезендерінде тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің пайда болуы: молекулалық, жасушалық, организмдік және популяциялық. Биологиялық ғылымдар ішіндегі генетиканың алатын орны. Г.Мендель жаңалығының мәні және оның теориялық маңызы. Негізгі генетикалық ұғымдар «ген», «белгі», «генотип», «фенотип», «аллель», «доминанттылық», «рецессивтілік». Гомо-, геми- және гетерозиготалық. Генетиканың әдістері мен салалары. Генетиканың даму тарихының негізгі кезеңдері. Генетиканың міндеттері және перспективалары. Медицина, биотехнология, ауыл шаруашылық және табиғатты қорғау ғылымдарының мәселелерін шешуде генетиканың негізгі маңыздылығық. Қазақстан Республикасында генетиканың дамуына отандық ғалымдардың қосқан үлестері.

1.3 Пәнді оқытудың мақсаты

Мақсаты – курстың әрбір бөліміндегі негізгі белгілердің, заңдылықтардың және ұғымдардың мазмұндарын ашу;

-генетика және оның проблемалары, қазіргі жағдайы, жаңа жетістіктері туралы түсінік қалыптастыру;

-генетиканың әдістерін игеріп және саналы түрде қабылдау үшін генетикалық ойлау әдептерін дамыту.
1.4 Пәннің негізгі міндеттері


  • тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтарының теориялық негізін және қолданбалы генетиканың маңызды сауалдарын меңгеру;

  • биологиялық ғылымдар ішіндегі генетиканың алатын орнын анықтау және оның селекциядағы, биотехнологиядағы, медцинадағы, экологиядағы маңызы;

  • тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздерін меңгеру: гендердің, хромосомалар мен геномдардың құрылымдары және олардың әртүрлі факторлардың әсер етуінен өзгеруі; прокариоттар мен эукариоттардағы гендер экспрессиясын реттейтін генетикалық элементтер; ДНҚ мутагенезі.

  • эксперименттік әдістерді, гибридтік, цитогенетикалық және генеалогиялық анализдерді игеру.

1.5 Пәнді оқып-меңгерудің нәтижелері

Пәнді толық өткен студент:

- тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің материалдық негіздерін, белгілердің тұқым қуалаушылық заңдылықтарын, организмдердің өзгергіштігінің себептері мен түрлерін, генетика проблемаларының қазіргі заманғы жағдайын, организмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігін басқаруға болатын мүмкіншіліктерін білуі қажет.

- генетикалық есептерді шығара білуі керек, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік туралы экспериментті мүлтіксіз орындауы қажет, меңгерген генетиканың тәсілдері мен әдістерін биотехнологияның қажеттіліктері үшін қолдана білуге үйренуі қажет.



  1. - Drosophila melanogaster гибридтік анализ жүргізудің практикалық ілімдерін меңгеру.

1.6 Курстың пререквизиті: «Генетика биометриямен» пәнін оқу үшін студент ботаниканы, зоологияны, математиканы, т.б. білуі қажет.

1.7. Курстың постреквизиті: биотехнология негіздері, қой шаруашылығы, ірі қара шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, құс шаруашылығы, жылқы шаруашылығы.
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
1-кесте


п/п


Тақырып атауы

Сағат саны

Д

ЗС

СОӨЖ

СӨЖ

Әдебиеттер

1

2

3

4

5

6

7

1 Модуль Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік

1 Блок Тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздері

1

Кіріспе. Генетика пәні және әдістері.

1

2

1.5

4.5

1-4, 9,12

2

Тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері

1

2

1.5

4.5

1-6, 9, 13

2 Блок Тұқым қуалаушлықтың гибридтік негіздері

3

Жыныстық көбею барысында белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары

1

2

1.5

4.5

1-5, 14

4

Аллельді емес гендердің өзара әсерлері

1

2

1.5

4.5

2-6, 13

5

Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы

1

2

1.5

4.5

2-6, 8, 12

6

Жыныс генетикасы

1

2

1.5

4.5

1,3,8,11

2 Модуль Тұқым қуалаушылықтың молекулалық және популяциялық негіздері

1 Блок Молекулалық және популяциялық генетика

7

Мутациялық өзгергіштігі

1

2

1.5

4.5

1-4, 9,12

8

Тұқым қуалаушылықтың молекулалық негіздері

1

2

1.5

4.5

2,4,6,7

9

Қан топтары және биохимиялық полиморфизмі

1

2

1.5

4.5

1,3,8,11

10

Популяция генетикасы

1

2

1.5

4.5

1-6, 9, 13

Блок 2 Биометрия

11

Биометрияға кіріспе

1

2

1.5

4.5

1-4, 9,12

12

Вариациялық статистика

1

2

1.5

4.5

1-4, 9,12

13

Корреляциялық анализі

1

2

1.5

4.5

1-6, 9, 13

Блок 3 Ген инженериясы

14

Селекцияның генетикалық негіздері

1

2

1.5

4.5

1-5, 14

15

Генетика және биотехнология

1

2

1.5

4.5

2-6, 13

Жалпы

15

30

22,5

67,5





3 ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-МЕҢГЕРУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Тәжірибелік сабақтарға дайындалу барысында міндетті түрде оқу-әдістемелік нұсқаулықтарды (ПОӘК 3), дәрістерді, пәннің оқыту құралдарын білу қажет. Сабақтың мақсатына, сабаққа дайындалуға қажетті негізгі сауалдарға, сабақтың мазмұнына назар аудару керек.

Практикалық сабақтар мынадай түрде өтеді:



  • сауалдар – тақырыптың негізгі сұрақтарын талқылау

  • ситуациялық тапсырмаларды зертханалық тәжірибе түрінде орындаған студенттердің өздік жұмыстары.

Межелік бақылау әр апта сайын өткізіледі.
Практикалық сабақтардың қысқаша мазмұны.

1-ші практикалық сабақ. Генетика: пәні, әдістері мен міндеттері.

Жұмыстың мақсаты: Генетикалық зерттеулердің негізгі әдістерімен және міндерімен таңысу.

Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар:



  1. Тақырыптың бақылау сұрақтарын теориялық талқылау.

  2. Генетикалық зерттеулердің мәнін ашу.

  3. Генетикалық зерттеу әдістерін сеігеру.

Өзін-өзі тексеруге және практикалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Тұқымқуалаушылыққа анықтама беріндер.

2.өзгергіштікке анықтама беріндер, өзгергіштік түрлері.

3.генетикалық зерттеу әдістеріне сипаттама беріндер.
2-3 практикалық сабақ. Дрозофиланың биологиясы және морфологиясы.

Жұмыстың мақсаты: Дрозофиланың биологиялық және морфологиялық ерекшеліктерімен таңысу.

Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар:

1.Лупамен қарап жабайы дрозофиланың аталығы мен аналығының суретін салу.

2.Шыбындарға арналған қоректік ортаны дайындау және құрамымен таңысу.

3.Шыбындардың мутантты линиясымен және олардың генетикалық номенклатурасымен таңысу, сипаттау.


Өзін-өзі тексеруге және практикалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Шыбындарға тәжірибе жүргізгенде қандай материалдар мен құралдар қажет?

2.Дрозофиланың биологиялық ерекшеліктерін сипатандар.

3.Дрозофиланың морфологиялық ерекшелітерін сипаттандар.

4.Шыбындардың теренірек зерттелген мутациялық линияларын есептендер.

4-5 практикалық сабақ. Тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздері.

Жұмыстың мақсаты: Сомалық және жыныс жасушаларының құрылысы мен бөлінуін және хромосомалардың морфологиясын зерттеу.

Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар:

1.Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылысын зерттеу, суретін салу.

2.Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларына тән митоздың кезеңдерінің суретін салу.

3.Дрозофиланың алып хромосомаларының препаратын дайындау, қарау және суретін салу.

4.Мейоздың редукциялық және эквациялық бөліну ерекшеліктерімен таңысу.


Өзін-өзі тексеруге және практикалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Егер жасушада хромосомалар көрініп, ядро қабықшасы мен ядрошық жоқ болса, онда ол митоздың қай кезеңі?

2.Митоздың қандай екі кезеңдері өту процестеріне байланысты бір-біріне қарама-қарсы болып келеді?

3.Хромосомалардың қандай формалары болуы мүмкін, санандар?

4.Клеткалық цикл дегеніміз не?

5.Митоз бен мейоздың генетикалық маңызы қандай?

6.Редукциялық бөлінудің қай фазасында гомологиялық хромосомалардың бөліктерінің ауысуы жүре алады?
6-шы практикалық сабақ. Жануарлар мен өсімдіктердің кариотиптерін зерттеу.
Жұмыстың мақсаты: Жануарлар мен өсімдіктердің негізгі түрлерінің кариотиптерімен таңысу.

Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар:

1.Хромосомалардың морфологиясын анықтандар. Хромосомалардың морфологиялық құрылысының үш түрін жазыңдар және суретін салыңдар.

Әр түрлі жануарлардың хромосомаларының морфологиясы мен жиынтығын сипаттайтын кестені толтырыңдар.

2.Хромосомалардың санын анықтандар. Микрофотографияны қолданып хромосомалардың диплоидтық жиынтығын анықтандар.

3.Кариограмма құрап, кариограммалық анализге қорытындысын жазу.


Өзін-өзі тексеруге және практикалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Хромосомалардың құрылысы қандай?

2.Кариологиялық анализдің мәнін түсіндіріңдер.

3.Кариотиптің анықтамасын беріңдер.

4.Жануарлардың негізгі түрлерінің кариотиптерін есептендер.
7-8 практикалық сабақ. Моногибридтік будандастыру.

Жұмыстың мақсаты: Моногибридтік будандастыруды қолданудың мақсатын анықтау.

Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар:

1.Г.Мендел жасаған әріптік белгілеуді анықтау қажет, негізгі генетикалық түсініктерді меңгеру.

2.Бірінші ұрпақтың гибридтерінің анализі және Менделдің бірінші заңына сәйкес есептерді шығару.

3.Екінші ұрпақтың гибридтерінің анализі және Менделдің екінші заңына сәйкес есептер шығару.


Өзін-өзі тексеруге және практикалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Мына терминдердің мағынасын түсіндіріндер: а) зигота, б) гетерозигота, в) генотип, г) фенотип, д) доминантты және рецессивті белгілер.

2.Қандай будандастыру моногибридті деп аталады?

3. Моногибридті будандастырудан қандай заңдылықтар шығады?


9 практикалық сабақ. Анализденген будандасу.
Жұмыстың мақсаты: Анализденген будандасуды қолдану мақсатын анықтау.

Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар:

1.Анализденген будандасу бойынша есептер шығару.
Өзін-өзі тексеруге және практикалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Қандай будандасуды анализденген деп атайды?

2.Анализденген будандасу қандай мақсатта қолданылады?
10-11 практикалық сабақ. Дигибридтік будандасу.
Жұмыстың мақсаты: Екі белгінің тұқым қуалауын зерттеу.

Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар:

1.Дигибридті будандасу барысындағы гибридтер анализі және Менделдің үшінші заңына сәйкес есептер шығару.

2.Дигибридті будандасу барысында анализденген будандасудың таратылуы және есептер шығару.

Өзін-өзі тексеруге және практикалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Қандай будандасу дигибридті деп аталады?

2.Менделдің үшінші заңының мәні.

3.Генотиптерін жазыңдар: а) гомозиготалы қара тұқыл бұқа; б) гетерозиготалы қара тұқыл сиыр; в) қызыл мүйізді бұқа және гаметалардың түрлерін түзіндер.


12-13 практикалық сабақ. Полигибридті және қайталану будандасу.

Жұмыстың мақсаты: Үш және одан да көп белгілердің тұқым қуалаушылығын зерттеу.

Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар:

1.Полигибридті будандасу барысындағы гибридтер анализі және есептер шығару.

2. Қайталану будандастыру бойынша есеп шешу.
Өзін-өзі тексеруге және практикалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Қандай будандасу полигибридті деп аталады?

2. Қандай будандасу қайталану деп аталады?
14-15 практикалық сабақ. Аллельді емес гендердің өзара әсері.
Жұмыстың мақсаты: Гендердің әртүрлі өзара әсерлесуі барысында белгілердің тұқым қуалаушылығына генетикалық анализ жүргізуді үйрену.

Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар:

1.Комплементарлық бойынша генетикалық анализ жүргізу және есептер шығару.

2.Эпистаз бойынша генетикалық анализ жүргізу және есептер шығару.

Өзін-өзі тексеруге және практикалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Аллельді емес гендердің өзара әсерлесуінің негізгі формаларын атандар.

2.Эпистаз дегеніміз не?

3Комплементарлық дегеніміз не?


16-17 практикалық сабақ. Аллельді емес гендердің өзара әсерлері.

Жұмыстың мақсаты: Жұмыстың мақсаты: Гендердің әртүрлі өзара әсерлесуі барысында белгілердің тұқым қуалаушылығына генетикалық анализ жүргізуді үйрену.

Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар:

1.Гендер модификациялық әрекеттеріне генетикалық анализ жүргізу және есептер шығару.

2.Гендердің полимерлік тұқым қуалаушылығы бойынша генетикалық анализ жүргізу.
Өзін-өзі тексеруге және практикалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Модификатор гендер, олардың организмдегі әрекеттері.

2.Жаңа түзілімдер дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

3.Полигендік тұқым қуалаушылық дегеніміз не? Мысал келтіріндер.


18-19 практикалық сабақ. Тізбектелген белгілердің тұқым қуалауығы.
Жұмыстың мақсаты: Тізбектелген белгілердің тұқым қуалауын зерттеу.

Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар:

1.Гендердің толық және толымсыз тізбектелуін зерттеу. Нақты мысалдармен қарастыру.

2.Өсімдіктер мен жануарлардың гендерінің тізбектелуі бойынша есептер шығару.


Өзін-өзі тексеруге және практикалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Гендердің тізбектелуі дегеніміз не?

2.Терминдерді түсіндіріндер: а) тәуелсіз тұқым қуалау, б) тізбектеліп тұқым қуалау.

3.Тізбектелген гендер арасындағы қашықтықтың өлшем бірлігін қалай есептейді?

4.Айқасқан және айқаспаған гаметалар дегеніміз не?

20-21 практикалық жұмыс. Жыныспен тізбектелген тұқым қуалау.


Жұмыстың мақсаты: Жыныспен тізбектелген белгілердің тұқым қуалауын зерттеу.

Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар:

1.Жыныспен тізбектелген тұқым қуалауға тән ерекшеліктерді бірінші ұрпақта таралуы мысалында анықтау.

2.Есеп шығару.

Өзін-өзі тексеруге және практикалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Гомогаметалы және гетерогаметалы жынысқа анықтама беріңдер.

2.Қайсысында аталық гетерогаметалы, қайсысында аналық гетерогаметалы?

3.Қандай белгілер жыныспен тізбектелген тұқым қуалаушылық деп аталады?

4.Гемизиготалы дара гомозиготалы мен гетерозиготалыдан несімен ерекшеленеді?

5.Жыныспен тізбектелген тұқым қуалау белгілері тізбектелген аутосомды тұқым қуалаудан несімен ерекшеленеді?

22-23 практикалық сабақ. Тұқым қуалаушылықта нуклеин қышқылдарының рөлі.
Жұмыстың мақсаты: Нуклеин қышқылдарын зерттеу.

Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар:

1.Организм үшін маңызды белоктардың, гормондардың, ферменттердің аминқышқылдарын зерттеу.

2.Жасушада белок синтезінің моделін зерттеу.


Өзін-өзі тексеруге және практикалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Белок синтезі үшін қандай компоненттер қажет.

2.Рибонуклеин қышқылдарының түрлері.

3.ДНҚ мен РНҚ құрылысы мен қызметтерінде қандай айырмашылық бар?

4.Генетикалық кодқа анықтама беріндер.
24 практикалық сабақ. Вариациялық қатардың құрылуы және олардың графикалық маңызы.
Жұмыстың мақсаты: Вариациялық қатардың құрылу әдісімен танысу, олардың графикалық сызбасын меңгеру, белгілердің таралу сипатын анықтауды меңгеру.

Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар:

Алынған нәтиже бойынша вариациялық қатар құрау және вариациялық кисықты құрастыру.
Өзін-өзі тексеруге және практикалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Вариациялық қатарды құрау үшін не қажет?

2.Вариация немесе класс деп не аталады?

3.Вариация жиілігі дегеніміз не?

4.Кластық аралық дегеніміз не?
25-26 практикалық сабақ. Статистикалық көрсеткішке дәлдігі және екі орташа арифметикалық көрсеткіштің араларындағы айырмашылық.

Жұмыстың мақсаты: Статистикалық көрсеткіштің дәлдігін және екі орташа арифметикалық көрсеткіштің араларындағы айырмашылықты есептеп меңгеру.

Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар:

1.Кішкентай іріктеулер үшін орташа арифметикалық, орташа квадраттық ауытқушылықты, вариация коэффициентін, орташа өлшемдердің қателіктерін есептеуді үйрену.

2. Үлкен іріктеулер үшін орташа арифметикалық, орташа квадраттық ауытқушылықты есептеуді үйрену.

27 практикалық сабақ. Сәйкестік критериін есептеу.


Жұмыстың мақсаты: Хи-квадрат әдісін меңгеру.

Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар:

Фактілік мағлұматтар мен теориялық болжамдар араларындағы сәйкестік критериін есептеу.
Өзін-өзі тексеруге және практикалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.ХИ-квадратты қандай формула бойынша есептейді?

2.Сәйкестік критериі қайда қолданылады?
28 практикалық жұмыс. Популяцияның сандық белгілерінің тұқым қуалау өзгергіштігін есептеу.
Жұмыстың мақсаты: Тұқым қуалаушылық коэффициентін пайдаланып сандық белгілері бойынша популяцияның анализін меңгеру.

Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар:

1. Популяцияның количественный белгілері бойынша генетикалық құрылымын бағалай отырып генетикалық анализ жүргізу.

2.Тұқым қуалау коэффициентін есептеуді үйрену және есептер шығару.


Өзін-өзі тексеруге және практикалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Тұқым қуалаушылық дегеніміз не?

2.Тұқым қуалау дегеніміз не?

3.Тұқым қуалау коэффициентін қалай есептейді?

29-30 практикалық сабақ. Популяция құрылымының анализі.
Жұмыстың мақсаты: Популяцияның құрылымының анализін жүргізуді меңгеру. Популяциялық генетиканың параметрлерін негізге ала отырып жаңа генотиптердің пайда болу мүмкіндігін алдын-ала болжауды үйрену.

Жұмыс барысына және эксперименттік мәліметтерді өңдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар:

1.Есеп шығару арқылы фенотиптердің жиілігін анықтандар.

2.Есеп шығару арқылы генотиптердің жиілігін анықтандар.

3.Есеп шығару арқылы жеке аллелдердің жиілігін анықтандыр.
Өзін-өзі тексеруге және практикалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Популяциядағы фенотиптің жиілігі деп не аталады?

2.Популяциядағы генотиптің жиілігі деп не аталады?
3.Аллелді геннің жиілігі қалай анықталады?

4.Харди-Вайнберг формуласы.

5.Харди-Вайнберг формуласы нені есептеуге мүмкіндік береді?
СОӨЖ аудиториялық сабақ тақырыптарын ауқымды оқытудың түрі ретінде орындалады, кеңестер бекітілген уақыттарда өткізіледі, бақылау әрбір апта сайын жүргізіледі.

СӨЖ баяндама, презентация, тақырыптық ғылыми ізденіс жұмысы түрінде орындалады.

СӨЖ әрбір апта сайын тексеріледі.

МБ 7 және 15 аптада тест бойынша алынады.


4 КУРС ФОРМАТЫ

Теориялық (дәріс) мағлұматтарды меңгеру барысында тезаурустық оқыту тәсілінің элементтері қолданылады, әрі білім алушылар мамандықтың жеке (профессионалды) тезаурусын қалыптастыыру қажет.

Аудиториялық сабақтар жеке тапсырмаларды және графикалық жұмыстарды орындау түрінде өткізіледі. Сабаққа дайындалу жүйелі сипатта болғаны жөн, әдістемелік ұсыныстарды міндетті түрде өздерінше оқуы қажет.

СӨЖ баяндама, презентация, тақырыптық ғылыми ізденіс жұмысы түрінде орындалады, әрі міндетті түрде орындалып, белгіленген уақытта өткізілуі тиіс.

Межелік бақылау ауызша өткізіледі. Межелік аттестацияның қорытынды бағалары студенттердің дәріске және тәжірибелік сабақтарға қатысуын, тәжірибелік сабаққа дайындықтарын, СОӨЖ және СӨЖ орындап және белгіленген уақытында тапсырылуын толықтай қамтып қойылады.

Емтихан тест түрде өткізіледі.


5 КУРС САЯСАТЫ

Біздің бірлесіп істеген жұмыстарымыз келесідегідей ережелерге негізделіп жүргізіледі:



  • Оқытушы мен магистрант бір-біріне сыйластықпен қарау керек.

  • Сабақ барысындағы ережені бұзған кез-келген тәртіп қатаң жазаланады, аудиториядан шығарылады, ал сабаққа белсенді қатысу ескеріледі.

  • Сабаққа кешікпей дәл уақытында келу керек және сабаққа міндетті түрде қатысу қажет.

  • Орынсыз босатқан сабақтар және кешіктіріліп тапсырған тапсырмалардың бағасы электрондық журналда автоматты түде төмендейді.

  • Білімді бағалау балдық-рейтингтік жүйе негізінде қойылады.


6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ
«Генетика биометриямен» пәні бойынша балдық бағалау

2-кесте


Апта

Бақылау түрі

Барлық балдар

Ескерту

1

2

3

4




Барлық сабаққа қатысу 1 аптадан 7 аптаға дейін

30




1

Ағымды бағылау 20 балл.

20




2

Ағымды бағылау 20 балл.

20




3

Ағымды бағылау 20 балл.

20




4

Ағымды бағылау 20 балл.

20




5

Ағымды бағылау 20 балл. ӨЖ 57 балл

77




6

Ағымды бағылау 16 балл. ӨЖ 57 балл

73




7

1 межелік бақылау

60




1 аптадан 7 дейін оқыту нәтижесі бойынша жиынтық балл

300







Барлық сабаққа қатысу 8 аптадан 15 аптаға дейін

30




8

Ағымды бағылау 14 балл.

14




9

Ағымды бағылау 14 балл.

14




10

Ағымды бағылау 14 балл.

14




11

Ағымды бағылау 14 балл. МОӨЖ 55 балл, МӨЖ 10 балл

69




12

Ағымды бағылау 14 балл.

14




13

Ағымды бағылау 14 балл. ӨЖ 57 балл

71




14

Ағымды бағылау 14 балл.

14




15

2 межелік бақылау

60




8 аптадан 15 дейін оқыту нәтижесі бойынша жиынтық балл

300




Емтихан үшін жиынтық балл

400




Академиялық кезеңдегі жиынтық балл

1000






  1. НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР

7.1. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Н.: Изд-во Новосибирского университета, 2002 г.

7.2. Сингер М., Берг П. Гены и геномы. В 2 томах. М.: Мир, 1998.

7.3. Алиханян С.И., Акифьев А.П., Чернин Л.С. Общая генетика. М.: Высшая школа, 1995.

7.4. Инче-Вечтомов С.Г. Генетика с основами селекции. М.: Высшая школа, 1989

7.5. Айала Ф., Кайгер Дж. Современная генетика. В 3 томах (пер. с англ.), М.:Мир, 1988.

7.6. Гершензон С.М. Основы современной генетики. 2-е изд., исп. И доп. Киев: Наук. Думка, 1983.

7.7. Лобашев М.Е., Ватти К.В., Тихомирова М.М. Генетика с основами селекции. 2-е изд. Перераб. М.: Просвещение, 1979.

7.8. Дубинин Н.П. Общая генетика, 2-е изд.перераб. и доп. М.:Наука, 1976.

7.9. Russel P. Fundamentals of Genetics. New York, Harper Collins, College Publishers, 1994.

7.10. Weayer R.F., Hedrick P.W. Genetics. McGraw-Hill Publishing Companu, 1997.

7.11. Tamarin R.N. Principles of Genetics. Fifth edition London, Wm. Brown Publishers, 1996.




    1. Қосымша әдебиеттер

1. Фогель Ф., Мотульски А. Генетика человека. В 3 томах (пер. с англ.), М.: Мир, 1990.

2. Бочков Н.П., Захаров А.Д., Иванов В.И. Медицинская генетика. М.: Медицина, 1984.

3. Инге-Вечтомов С.Г. Введение в молекулярную генетику. ЛГУ, 1983

4. Организация генома. Сборник научных трудов /Под ред.Ю.Ф. Богданова и А.А.Прозорова. М.: Наука, 1989.

5. Корочкин Л.И. Взаимодействие генов в развитии. М.: Наука, 1977.



6. Минченко А.Г., Дударева И.А. Митохондриальный геном. Новосибирск. Наука, 1990.

7. Бороевич С. Принципы и методы селекции растений. М., 1984.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет