Пәні бойынша білім алатын студенттер үшін оқү үрдісіне жана тәжірибе түріндегі оқыту әдісі



Дата30.03.2017
өлшемі67.78 Kb.
С.Б. Жаутикова, Ф.С. Абикенова, С.М. Аринова, Б.М. Сулейменова

«Патологиялық физиология 2» пәні бойынша білім алатын студенттер үшін оқү үрдісіне жана тәжірибе түріндегі оқыту әдісі



Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Елдің денсаулығын сақтау, науқастарды емдеу, денсаулық саласына қажетті қазіргі заман талабына сай мамандарды дайындау мемлекеттік маңызы бар мәселелер қатарына жатады. Денсаулық туралы Кодексте денсаулық сақтау саласында медициналық көмек көрсетудің жан-жақты, бірегей болуымен қатар дәрігерлік көмек көрсетуді іске асыратын мамандар даярлау ісі де үзіліссіз ғылым мен техникалық жаңалықтарды қолдана отырып, халықаралық жетістіктерге сүйене атқарылуы керектігіне баса көңіл аударылған.

2007-2008 оқу жылында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде интеграцияланған модульді жүйе 3 курс «Жалпы медицина» мамандығының студенттері үшін енгізілді. Бұл оқыту негізінде 8 модуль немесе организмнің жүйелері бойынша пән аралық принципі салынған: жүрек-қантамыр, тыныс алу, несеп-жыныс, жүйке, эндокриндік, қан түзуші, асқорыту, тірек-қимыл жүйелері.Пән аралық интеграция реквизит алды және реквизиттен кейінгі пәндер арасында іске асады: анатомия 2, гистология 2, физиология 2, патологиялық физиология 2, патологиялық анатомия 2, ішкі аурулар пропедевтикасы, фармакология 2, визуальды диагностика. Мамандарды дайындау сапасын жақсарту үшін, студенттердің шығармашылық белсенділігін қамтамасыз ететін және кәсiби ойлауды қалыптастыруға, кәсiби қызметтiң жаңа әдiстерiн игеру қабiлетiн дамытуға бағытталған, заманауи белсендi білім беру әдiстерiн қолдану қажеттiлiгi туындады.Кафедра оқытушыларының біліктілігін жоғарлату мәселесіне үлкен маңыз берілді. 2008-2009 оқу жылында кафедра қызметкерлері «Медициналық білім жүйесіндегі инновациялық технологиялар» циклы бойынша біліктіліктерін жоғарлатты.

«Патологиялық физиология 2» курсы бойынша дәріс оқуды және тәжірибелік сабақтарды жүргізуді жоғары мамандырылған оқытушылар өткізеді, олар «Патологиялық физиология» және «Клиникалық патофизиология» мамандықтары бойынша 144 көлемінде біліктіліктерін жоғарлатып, «Югра автономды округінің, Ханты-Мансийск қаласының Сургут мемлекеттік университетінің» халықаралық сертификаттарына ие болды.

«Патологиялық физиология 2» пәні бойынша білім беру үш тілде: казақша, орысша және ағылшынша жүргізіледі. Кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаутикова С.Б., медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Абикенова Ф.С. «Нерв жүйесі» модулі бойынша типтік оқу бағдарламасының авторлары болып табылады. Кафедрада әрбір модуль бойынша оқу - әдістемелік кешендер дайындалған, оған силлабустар, дәріс тезистері, тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар, бастапқы білім деңгейін бағалауға, босатқан сабақты өтеуге және аралық бақылауды тапсыруға бағытталған тесттік тапсырмалар, ситуациялық есептер, модульдер бойынша клиникалық жағдайлар, тәжірибелік дағдылар бойынша әдістемелік ұсыныстар кіреді. Сонымен қатар, кафедрада 8 модульдің тәжірибелік сабақ тақырыптары бойынша электрондық білім беру бағдарламалары дайындалған.

«Патологиялық физиология 2» пәнін оқыту барысында білім берудің әртүрлі әдістері қолданылады: дәстүрлік, CBL, TBL, проблемаға бағытталып оқыту. Осылардың ішінде TBL әдісі бойынша жүргізілетін тәжірибелік сабақтарда студенттер үлкен қызығушылық, белсенділік көрсетеді. «Патологиялық физиология 2» пәнін игеруде «Тыныс алу жүйесі» - «Сыртқы тыныс алу кемшіліктерінің формалары. Альвеолалық гипо-, гипервентиляция»; «Жүрек-қантамырлар жүйесі» - «Жүректің жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері»; «Несептік-жыныстық жүйе» - «Зәр шығару жүйесінің қабынулық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы. Обструктивті уропатиялар» тақырыптардан 3 тәжірибелік сабақ немесе 11,1% TBL әдісімен өткізіледі; 3,7% немесе 1 сабақ - PBL «Несеп-жыныс жүйесі» модулі бойынша «Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Балалардағы бүйрек жеткіліксіздігінің даму ерекшеліктері»; және де тағы бір тақырып «Анемиялық синдром кезіндегі физиологиялық қызметтерінің бұзылыстары» «Қан түзуші жүйе» модулі бойынша CBL түрінде өткізілді.

Кафедра меңгерушісі, профессор Жаутикова С.Б. және кафедра доцентіАбикенова Ф.С. қант диабетінің 1 түрі бойынша клиникалық жағдайдың құрастырушылары болып табылады («Эндокриндік жүйе» модулі).Болашақ дәрігер мамандарды дайындауда пәнді дәстүрлі оқыту әдістерін жетілдіру ғана емес, сонымен қатар білім берудің әлемдік стандарттарына бейімделген қазіргі уақытқа сай әдістерді игеру де маңызды болып табылады. Осыған байланысты 2007 - 2008, 2008 - 2009 оқу жылдарында патологиялық физиология кафедрасының оқытушылары проблемаға бағытталып оқыту жүйесі бойынша арнайы дайындықтан өтті, оның ішінде кафедра меңгерушісі, профессор Жаутикова С.Б., доцент Абикенова Ф.С. проблемаға бағытталып оқыту әдісінің негізін қалаушылар профессорлар С. Менин мен Р. Мениннің жүргізуімен дайындықтан өткен. Профессорлар С. Менин мен Р. Менин оқытудың талап етіліп отырылған міндеттеріне жету үшін бастапқы жылжу нүктесі ретінде клиникалық жағдайлар мен проблемаларды қолдануымен жүргізілетін проблемаға бағытталып оқыту (ПБО) әдісі педагогикалық айла болып табылады, сонымен қатар, кіші топтарда білім беру топтың әрбір мүшесінің білім қорын өнімді түрде қолдануға, яғни топтын әрбір мүшесінің оқу деңгейін жақсартуға ықпал мүмкіндік береді деп дәлелдеді [3]. Тәжірибелік сабақ өту барысында студенттер «кіші топтарға» 6-7 адамнан бөлінді, талдау үшін модуль тақырыптарына сай клиникалық жағдайлар мен жағдайлық есептер берілді. Студенттер гипотезалар құрастырып, ауру көріністерінің механизімдерін түсіндіруге тырысты. Клиникалық жағдайды талдау үшін тәжірибелік сабақтың 4 сағаты бөлінді.

Тәжірибелік сабақтарды өткізу барысында TBL әдісінің негізгі принциптеріне сәйкес, біріншіден, сабақ басталмас бұрын кіші топтарда команда болып бірлесіп жұмыс жасаудың негізгі ережелері құрастырылады:



  • әрбір студент командасының барлық мүшелері үшін жауапты болуы және өзі үшін жауапты болуы қажет;

  • талдау барысында студенттер өз ойларын нақты, көрнекті жеткізу үшін тақтаны және басқа да техникалық жабдықтарды белсенді қолдануы қажет;

  • команданың жұмыс жасау үрдісінде топ әрбір мүшесінің рөлін, қатысу дәрежесін, үлесін анықтауы қажет;

  • топтың әрбір мүшесінің ойын ескеру, айтылған ескертпелер мен сындарға оң қарау, бір-бірін аяғына дейін тыңдап, сыйластықпен жұмыс істеу.

Екіншіден, оқытушы біліктілігі мен қабілеті әртүрлі студенттерден 4-5 адамнан тұратын кіші топтар құрайды. Құрылған топтардың білімдері, белсенділіктері мен басқадай көрсеткіштері бір деңгейде болғаны құпталады.

Үшіншіден, тақырып бойынша TBL тесттік тапсырмалар алдымен барлық студенттерге жеке таратылып, жауап алынады, содан соң сол тапсырмалар қайта таратылып, кіші топтар бірігіп жауап қайтарады. Бұл жеке және топтың рейтингісін анықтауға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, тесттік тапсырмалар бойынша командаларда туындаған сұрақтар бойынша оқытушымен қайтымды байланыс жолымен талдау жүргізіліп, кішірек дәріс тындалады.

Бесіншіден, кіші топтарға TBL есептер таратылып, сол есепті кешенді, көп қырлы шешу және шешімдерін баяндау ұсынылады.

Тестілік тапсырмалар мен клиникалық есепті шешу барысында студенттер патологиялық физиологияға дейінгі өткен пәндерінен (анатомия 2, гистология 2, физиология 2, патофизиология 1 т.б.) алған білімдеріне сүйене отырып, байқалған ауытқулар мен зақымдануларды ажыратып, олардың себептік-салдарлық байланыстарын анықтауға қолданады.

Сабақтың соңғы этапы болып қайтымды байланыс саналады, бұл кезде студенттер мен оқытушылар практикалық сабақтың өту барысына баға береді. Студенттер үшін қайтымды байланыс сұрақтары ҚММУ-дың оқытудың интеграциялық сапасын бақылайтын секциясымен өңделіп, бір ыңғайланған.

Сонымен қатар, инновация тек практикалық сабақтарды өткізу әдістерін ғана емес, сабақтарды жабдықтау жағында қамтыды. Оқу үрдісін оптимизациялау, патологиялық үрдістердің даму механизмдерін жақсы түсіну және ситуациялық есептер мен клиникалық жағдайларды интерпретациялау мақсатында практикалық сабақтар ҚММУ-тің оқу-клиникалық орталығында және кафедрада орналасқан, қазіргі уақытқа сай медициналық аспаптармен, мысалы, электрокардиограф, спирограф, электроэнцефалограф, стресс-система, реографтармен жабдықталған кафедрааралық лабораторияда өткізіледі.

Интеграциялық әдістің артықшылықтарына жатқызуға болады:

1.Мамандарды оқытып дайындауда жаңа білімді және информициялық технологияларды ауқымды түрде енгізу;

2.Дәрістің жоғары деңгейдегі сапасы – симпозиум, 1 сағаттық дәрісте нозологияны жаң-жақты қарастыру мүмкіншілігі;

3. Жаңа білім технологияларына сай оқытушылардың біліктілігін үздіксіз жоғарлату;

4. Интеграцияланған пәндер бойынша жинақталған материалдар бойынша студенттердің өз бетінше жұмыс атқару барысында проект әдісін презентация тағайындау барысында үлкен маңызы бар;

5. Клиникалық жағдайлары және есеп шығару кезінде клиникалық есеп шығару мысалында интегарция пәндері арасында өзара байланыстарын байқап, студенттерде нозологияны оқу барысында логикалық кесте құрастыру мүмкіншілігін арттырады;

6. Студенттердің интеграцияланған оқыту жүйесінің барлық түрлері болашақ дәрігер – клиницисттерде ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

Интеграциялық әдісінің артықшылығын түйіндей келе, дәстүрлі оқу әдістерімен қатар қолдану тақырыптарды меңгеру нәтижелігін арттырып, клиникалық көзқарастарды қалыптастырып, тақырыпты тереңдете меңгеруге және студенттердің оқуға деген ықыласын, белсенділігін, жауапкершілігін және ой-өрісінің кеңеюін қамтамасыз ету арқылы, білікті және бәсекеге түсе алатын медицина саласының мамандарын дайындауға мүмкіндік береді.

Әдебиет тізімі:

1. Е.Н. Астафьева. Интеграция предметов на современном этапе обучения, 2010. – С. 3.

2. С.Меннин, Б.Валейт, Д.Рихтер Оценка и обратная связь при обучении в малых группах// Medicine,2002. – С.17.



3.Тажибаева Д.С., Кабдуалиева Н.Б., Ткачев В.А. Проблемы интегративно-модульного обучения студентов III курса специальности «Общая медицина и пути их решения // Интегрированное обучение: состояние и направления развития. Мат. Республиканской научно-практической конф. Караганда, 28-29 апреля 2011г. С. 123-127.

4. Телеуов М.К., Досмагамбетова Р.С., Калиева Ш.С. Опыт внедрения интегрированного обучения: проблемы и перспективы // Интегрированное обучение: состояние и направления развития. Мат. Республиканской научно-практической конф. Караганда, 28-29 апреля 2011г. С. 3-16.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет