Пәні: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі Пәннің коды: Курс: 4 Кредит: №3



Дата12.07.2017
өлшемі300.81 Kb.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН

Мамандығы : 051101 «Мейірбике ісі»

Пәні: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі

Пәннің коды:

Курс: 4

Кредит: № 3



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Шымкент – 2013.

Кафедра мәжілісінде талқыланды.



хаттама № ____«_____»______ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Әлдешев А.Ә.

3 кредит

1 сабақ

1. Тақырыбы:Реанимация және интенсивті терапиядағы мейірбикелік күтімнің ерекшеліктері.

2. Мақсаты: Студенттерді АРИТБ – дағы мейірбикелік процесстің ұйымдастырылуы мен іске асуымен таныстыру.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

  • АРИТБ-лерін тағайындауды;

  • Реаниматология қызметінің негізгі міндеттерін;

  • АРИТБ бөлмелерінің құрамы, олардың функцияларын;

  • балалардағы ағзалардың және жүйелердің функционалды жағдайының ерекшеліктерін;

  • преэклампсии және эклампсии кезіндегі интенсивті терапия принциптерін;

Студент істей алуы тиіс:

  • Техника қауіпсіздігін сақтай отырып, АРИТБ аппаратурасымен жұмыс істеуді;

  • Жүрек – өкпе реанимациясын жүргізуді;

  • АРИТБ – дағы кез келген емдік – диагностикалық манипуляцияларда дәрігерге көмектесуді;

  • «Амбу» бет – пердесі мен қабы, респиратор және бет перде көмегімен мұрын катетері арқылы оттегі терапиясын жүргізуді;

  • жаңа туылған сәбилерге және кіші жастағы балаларға жүрекке жанама массаж жасауды;

  • шеткі венаға катетеризация жүргізуді;

  • қан кету кезінде инфузиондық терапияны жүргізуді;

  • құрысу синдромы кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді.

4. Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

  • АРИТБ не үшін тағайындалған?

  • Реаниматологиялық көмектің бағалау критерийлері қандай?

  • Реанимациялық қызметтің негізгі міндеттерін атаңыз.

  • АРИТБ – дағы мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері қандай?

  • балалардағы ағзалардың және жүйелердің функционалды жағдайының ерекшеліктері қандай?

  • бронхиалды астма, жалған круп, өкпенің ісінуі және балалардағы анафилактикалық шок кезіндегі емнің ерекшеліктері қандай?

  • «орталық қан айналым» түсінігі нені білдіреді?


5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.):

  • Тур әдісі;

  • Рольдік ойындар түріндегі кіші топтарда(5-6 адам) жұмыс істеу;

  • АРИТБ бөлімшелерінде жұмыс істеу;

  • Сабақты презентациямен ҚЕТҚ (ТСО) (ДК, мультимедиялық проектор) өткізу;

  • Жағдайлық сұрақтарды шешу;

  • Тесттік сұрақтарды шешу;


6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. А.И. Левшанков, А.Г.Климов Сестринское дело в анестезиологии и реаниматологии.Санкт-Петербург. СпецЛит. 2003

  2. А.А. Бунятян Руководство по анестезиологии. М.: Медицина, 1994.

  3. Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии/ Под ред. А.И. Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт»,2000.

  4. Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. Пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.

  5. Е.Д. Лобанова, Реаниматология и интенсивная терапия. М., Медицина, 2000.

  6. Справочник главной (старшей) медицинской сестры. (Изд-е 3-е, дополненное, переработанное).М.:Издательство Грантъ,2001.880 с.

Қосымша:

  1. Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Миннск, 2006г.

  2. Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред.А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г.

  3. Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед. училищ и колледжей.- М., 2008г.

  4. Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.

  5. Справочник медицинской сестры: справ.изд./под ред. Ю.Ю.Елисеева.- М.,2004г.

  6. Ю.Ю. Елисеева. Справочник медицинской сестры. Изд-во Эксмо, 2003г.

  7. Тоблер Рита. Основные медсестринские процедуры: пер.с англ.- М., 2004г

  8. А.К. Белоусова, Л.А. Сербина. Практические навыки и умения медсестры инфекционного профиля. Ростов –на –Дону, 2003г.

  9. СанПиН № 8-01-013-03 «Стерилизация и дезинфекция изделий медицинского назначения. Методы, средства, режимы»;

  10. Рекомендация УМЦ Казахстанской республиканской СЭС от 3.06.2001 «Профилактика внутрибольничных инфекций в лечебно-профилактических учреждениях» (приложение к приказу № 476);

  11. СанПиН № 8-01-011-2001 от 6.03.2001 «Организация и проведение мероприятий по профилактике гнойных послеоперационных осложнений»;

  12. Инструкция ВОЗ, серия СПИД, №2, 1989 г. «Рекомендации по методикам стерилизации и дезинфекции, эффективным в борьбе с вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ)».

  13. Зильбер А.П. Этика и закон в медицине критических состояний.Петрозаводск, 1998.

7. Бақылау (тесттер, есептер және т.б.)

Тесттер:

1. Терминалды күйге жатады:




  1. талу

  2. жанталас күй

  3. коллапс

  4. жылулық (күн) соққысы

  5. шок

2. Реанимациялық іс – шараларды кідіріссіз жүргізуді қажет ететін зардап шеккен күйінің сипатты белгілеріне жатпайды:

    1. сананың жоқтығы

    2. қарашықтардың реакциясының жоқтығы

    3. күре тамырдағы тамырдың соқпауы

    4. тері қабатының бозарып, суық жабысқақ тер басуы

    5. тыныстың алудың жоқтығы

3. Жүрек тоқтауының негізгі белгілері:

  1. есеңгiреу

  2. тамырдың соқпауы

  3. қарашықтың ұлғаюы

  4. диффуздық көгеру

  5. тыныстың жоқтығы

4. Жүрекке тікелей емес массаждың қарсы көрсетулеріне жатпайды:

  1. кеуде қуысының енетiн жарақаттанулары

  2. массивті ауа эмболиясы

  3. пневмоторакс

  4. жүректiң кенет тоқтауы

  5. жүрек тампонадасы

5. Шеткi күре тамыр катетерiнiң қойылуы үшiн көрсетулер:

  1. зәрдің қауіпті тоқтауы

  2. науқастың санасыз күйi

  3. ұзақ инфузиялардың қажеттiлiгi

  4. күйi белгiсiз көрнектi үлкен емес, бiрақ қолмен басып каралмайтын күре тамырлар

  5. қауіпті жүрек – тамырлық жеткiлiксiздiк

  6. қауіпті қан жоғалуы

Жауаптардың дұрыс комбинациясын таңдаңыздар:

  1. 3,5; 2) 1,4; 3) 2,5; 4) 1,5; 5) 3,4.

6. Шеткі тамырлық катетердің күтімі үшін қажетті жабдық:



    1. стерильді тартпа, залалсыздандырылған материалға арналған тартпа, стерильді қолғаптар;

    2. троакар, жгут, қайшы;

    3. 10 мл гепаринизирленген ерітіндісі 1:100, 70% спирт антисептик;

    4. ені 7-10 см дәке, 3% сутегі асқын тотығы,корцанг;

    5. шеткi күре тамыр катетерлерi үшiн ораушыдағы стерильді бұқтырмалар

    6. бірнеше өлшемдегі шеткі көк тамыр катетерлері, мақта, стерильді қолғаптар;

    7. 5 мл стерильді физиологиялық ерітіндісі бар шприц;

Жауаптардың дұрыс комбинациясын таңдаңыздар:

      1. 2,3,4,5; 2) 3,4,6,7; 3) 1,2,5,7; 4) 1,3,4,6; 5) 1,3,5,7.

7. АРИТБ мейірбикесіне 1 тәуліктік бекетіне ....... қарастырылған.

  1. 1 науқас

  2. 3 науқас

  3. 4 науқас

  4. 6 науқас

  5. 10 науқас

8. Хирургиялық бөлімнен науқасты АРИТБ бөліміне ауыстыратын (ілескен) мейірбике .......... болып табылады.

  1. хирургиялық бөлімшесінің мейірбикесі

  2. реанимация бөлімшесінің мейірбикесі

  3. мейірбике - анестезистка

  4. операция мейірбикесі

  5. таңатын мейірбике

9. Реанимацияның базалық кешені ...... болып табылады.

  1. науқастың дұрыс күтімі

  2. жүрекке тікелей массаж

  3. ауыздан ауызға әдісімен ӨЖЖ

  4. жүрекке жанама массаж

  5. дефибрилляция

Жауаптардың дұрыс комбинациясын таңдаңыздар:

  1. 1,3,5; 2) 1,3,4; 3) 2,4,5; 4) 1,2,5; 5) 1,3,4.

10. ЖӨР базалық кешенінің тізбегін анықтаңыз:

  1. науқасты дұрыс жайғастыру, тыныс жолдарының өтілуін қамтамасыз ету, ауыздан ауызға әдісімен ӨЖЖ, жүрекке жанама массаж.

  2. науқасты дұрыс жайғастыру,жүрекке жанама массаж, тыныс жолдарының өтілуін қамтамасыз ету, ӨЖЖ.

  3. тыныс жолдарының өтілуін қамтамасыз ету, ӨЖЖ, науқасты дұрыс жайғастыру,жүрекке жанама массаж.

  4. жүрекке жанама массаж, тыныс жолдарының өтілуін қамтамасыз ету, науқасты дұрыс жайғастыру,ауыздан ауызға әдісімен ӨЖЖ.

  5. айқын тізбек жоқ

11. Науқас күйінің ең ауыр жағдайы:

  1. тыныстың тоқтауы;

  2. қан айналымның тоқтауы

  3. сананың жоқтығы

  4. құрысулар

  5. 410С – танжоғары температура

12. ӨЖЖ аппаратсыз келесідей әдіспен жүргізіледі:

  1. ауыздан ауызға

  2. ауыздан мұрынға

  3. қап көмегімен

  4. ауыздан мұрынға және ауызға

  5. тері көмегімен

Жауаптардың дұрыс комбинациясын таңдаңыздар:

  1. 1,3,5; 2) 1,2,4; 3) 2,4,5; 4) 1,2,5; 5) 1,3,4.

Ситуациялық есептер:

    1. Дефибрилляция жүргізу кезінде АРИТБ мейірбикесі келесідей жолмен электродтарды орнатты: біреуін орта қолтық асты сызық бойынша оң жақтан 8 қабырға деңгейінде, ал екіншісін алдыңғы стерналды сызық бойынша сол жақтан 8 қабырға деңгейінде қойып және 100кДж разряд берді. Мейірбикенің іс - әрекетін бағалаңыз.

    2. АРИТБ – да науқас препараттарды енгізу кезіндегі шеткі күре тамыр катетерін кіргізу орнындағы ауыратын сезiнулерге наразылық білдірді. Мейірбикенің іс - әрекеті қандай?

    3. АРИТБ мейірбикесі шеткі катетер процедуралары кезінде науқастың төсегіне бұқтырманы түсіріп алды, содан соң оны көтеріп, осы бұқтырмамен катетердің кіру жерін жапты. Мейірбикенің әркетін бағалаңыз.

    4. Аурухананың қабылдау бөліміне автожолы апатынан толық есін жоғалтқан зардап шеккенді жеткізді. Мейірбике әрекеті.

5. Реанимация бөлімінде дәрігер науқастың өлгенін анықтады. Мейірбикенің іс – әрекеті 2 сағаттан кейін жүргізілді.

а) Ауру балада өкпе ісігі. Осы науқасқа оттегін қолданудың ерекшелігі қандай? Манипуляция техникасын айтып беріңіз.

б) Бөлімшеде оттегі берудің орталығы жоқ, ал науқасқа тез арада оксигенотерапия жүргізу қажет. Оттегімен әлі толтырылмаған оттегі жастығы ғана бар. Мейірбике жастықты қалай толтырады және оны науқасқа қалай дұрыс беруі қажет? Жастықтан оттегіні берудің жылдамдығы қандай?

в) Жаңа туылған сәбиде пульс жиілігі минутына 54. Жүрекке жанама массаж жасауға бол ма? Жауабын түсіндіріңіз.



2 сабақ

1.Тақырыбы: Жедел тыныс жетіспеушілігі кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері. Оксигенотерапия. ГБО.

2.Мақсаты:Жедел тыныс жетіспеушілігі кезіндегі жедел көмекті ұйымдастыру және іске асыру бойынша білімі мен іскерлігін қалыптастыру.

3.Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

  • жедел тыныс жетіспеушілігінің даму механизмін (ЖТЖ);

  • ЖТЖ классификациясын;

  • ЖТЖ стадияларын;

  • ЖТЖтүрлерін;

  • ЖТЖ кезіндегі интенсивті терапия схемаларын;

  • ЖТЖкезінде қолданылатын медикаментоздық препараттарды;

  • кеңірдектің және бронхтардың өткізгіштігінің радикалды әдістерін қамтамасыз етуді;

  • оксигенотерапия және гипербарикалық оксигенация көрсеткіштерін (ГБО);

  • оксигенотерапияны жүргізудің жабдықтары және әдістерін (барокамера, оттектік палатка, жастық, оттегі баллоны, орталықтық берілім);

  • бет – перде арқылы оттегіні беру техникасын, мұрын катетерін;

  • оксигенотерапияны жүргізу барысындағы техника қауіпсіздігін;

  • оксигенотерапияның асқынулары.

Студент істей алуы тиіс:

  • пайда болған себептеріне байланысты ЖТЖ кезіндегі жедел медициналық көмек көрсетуді жәнге ұйымдастыруды;

  • ГБО – ға және оттегітерапиясы көрсеткіштерін анықтауды;

  • оттектік жастық арқылы оттегін беруді;

  • бет – перде арқылы оттегін беруді;

  • мұрын катетері арқылы оттегін беруді;

  • Бобров аппараты арқылы оттегін ылғалдандыруды;

  • оттегін жібері жылдамдығын басқаруды;

  • оттегімен жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін сақтауды;

  • процедурадан кейін аспаптарды тазалауды.

4. Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

  • Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының анатомия – физиологиялық ерекшеліктері қандай?

  • ЖТЖ көрінуінің негізі не болып табылады?

  • ЖТЖ дамуының қандай механизмдері бар?

  • ЖТЖ кезінде қандай үш стадияларын анықтайды?

  • ЖТЖ кезіндегі интенсивті терапия схемасы қандай?

  • Гипоксия, гипоксемия, гиперкапния дегеніміз не?

  • Оксигенотерапиядегеніміз не?

  • Оксигенотерапиякөрсеткіштері қандай?

  • Оксигенотерапияны жүргізудің жабдықтарын және әдістерін атаңыз (барокамера, оттектік палатка, жастық, оттегі баллоны, орталықтық берілім).

  • Оксигенотерапия ның асқынулары қандай?


5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.):

  • Тур әдісі;

  • Рольдік ойындар түріндегі кіші топтарда(5-6 адам) жұмыс істеу;

  • АРИТБ бөлімшелерінде жұмыс істеу;

  • Сабақты презентациямен ҚЕТҚ (ТСО) (ДК, мультимедиялық проектор) өткізу;

  • Жағдайлық сұрақтарды шешу;

  • Тесттік сұрақтарды шешу;


6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. А.И. Левшанков, А.Г.Климов Сестринское дело в анестезиологии и реаниматологии.Санкт-Петербург. СпецЛит. 2003

  2. А.А. Бунятян Руководство по анестезиологии. М.: Медицина, 1994.

  3. Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии/ Под ред. А.И. Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт»,2000.

  4. Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. Пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.

  5. Е.Д. Лобанова, Реаниматология и интенсивная терапия. М., Медицина, 2000.

  6. Справочник главной (старшей) медицинской сестры. (Изд-е 3-е, дополненное, переработанное).М.:Издательство Грантъ,2001.880 с.

Қосымша:

  1. Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Миннск, 2006г.

  2. Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред.А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г.

  3. Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед. училищ и колледжей.- М., 2008г.

  4. Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.

  5. Справочник медицинской сестры: справ.изд./под ред. Ю.Ю.Елисеева.- М.,2004г.

  6. Ю.Ю. Елисеева. Справочник медицинской сестры. Изд-во Эксмо, 2003г.

  7. Тоблер Рита. Основные медсестринские процедуры: пер.с англ.- М., 2004г

  8. А.К. Белоусова, Л.А. Сербина. Практические навыки и умения медсестры инфекционного профиля. Ростов –на –Дону, 2003г.

  9. СанПиН № 8-01-013-03 «Стерилизация и дезинфекция изделий медицинского назначения. Методы, средства, режимы»;

  10. Рекомендация УМЦ Казахстанской республиканской СЭС от 3.06.2001 «Профилактика внутрибольничных инфекций в лечебно-профилактических учреждениях» (приложение к приказу № 476);

  11. СанПиН № 8-01-011-2001 от 6.03.2001 «Организация и проведение мероприятий по профилактике гнойных послеоперационных осложнений»;

  12. Инструкция ВОЗ, серия СПИД, №2, 1989 г. «Рекомендации по методикам стерилизации и дезинфекции, эффективным в борьбе с вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ)».

  13. Зильбер А.П. Этика и закон в медицине критических состояний.Петрозаводск, 1998.

7. Бақылау (тесттер, есептер және т.б.)

Тесттер:

1. Оксигенотерапияға сай емес асқыну:



  1. тыныстың тоқтауы;

  2. жүрек жұмысының тоқтауы;

  3. гипертермия;

  4. сілемейлі қабаттың тітіркенуі;

  5. жөтел.

2. Ұзақ оксигенотерапиякезінде қоспадағы оттегі концентрация болуы қажет:

  1. 80 - 90%

  2. 20 - 40%

  3. 10 - 30%

  4. 40 - 50%

  5. 90 - 100%

3. Оксигенотерапия бұл…

  1. оттегін буындарға жіберу.

  2. асқазан сөлін алу.

  3. оттегімен емдеу.

  4. жүрек – қантамырлық жетіспецшілік кезіндегі алғашқы көмек.

  5. плевралы сұйықтықты алу.

4. Оксигенотерапия кезінде оттегін келесідей мақсатта ылғалдандырады:

  1. жөтелді тудыратын сілемейлі қабаттың құрғақтығы мен тітіркенуін болдырмау;

  2. оттегінің артық шығынының алдын алу;

  3. техника қауіпсіздігін сақтау;

  4. ағзаға токсикалық әсердің алдын алу;

  5. дезинфекция.

5. Тыныс кезінде ағзада болады:

  1. энергетикалық айырбас;

  2. көмірсітекті айырбас;

  3. ақуыздық айырбас;

  4. оттекті айырбас;

  5. су-электролитті айырбас.

6. Оттекті баллондар сақталады:

  1. күнде;

  2. операция бөлімінде немесе бөлімшеде;

  3. науқас жатқан палатады;

  4. көлденең жағдайда интенсивті терапия палатасында;

  5. тік жағдайда арнайы дайындалған орында.

7. Оттегі жастығы қалай толтырылады?

  1. Вентиль тез ашылып, жастық тез толтырылады

  2. Баллонның вентилі жай ашылып, толтырылып, баллонның редукторын бақылайды

  3. Оттегі бет – пердесі арқылы

  4. Редуктор арқылы

  5. Резеңке түтік арқылы

8. Жедел оксигенотерапия көрсеткіштері

  1. пульстің жиілеуі;

  2. жөтел;

  3. оттегінің жедел жетіспеушілігі;

  4. температураның көтерілуі;

  5. қан кету.

9. Өкпенің ісінуі кезінде оттегін қалай береді?

  1. оттегі жастығы көмегімен

  2. 50% оттегі, 50% этилспирті Бобров аппарты арқылы

  3. ылғалдандырылған оттегі

  4. 50% оттегі, 50% көмірқышқыл газы

  5. 70% этилспирті, 30% оттегі

10. Жеке ингалятор арқылы оттегіні келесідей жылдамдықпен беру керек:

  1. 2-3 лминутына

  2. 4-5 лминутына

  3. 6-7 лминутына

  4. 8-9 лминутына

  5. 9-10 лминутына

11. Ингаляция кезінде оған көмірқышқыл газ келесідей мақсатта қосылады:

  1. Тыныс орталығын қоздыру үшін;

  2. Оттегінің жақсы сіңірілуі үшін;

  3. Тотығу реакцияларындағы оттегі айырбасын жылдамдату үшін;

  4. Ауыздағы құрғақтық сезімін төмендету үшін;

  5. Оттегінің жарылыс қауіптілігін төмендету.

12. Өкпесурфактанты:

    1. Вентиляция – перфузиялық қатынасты жақсартады;

    2. Альвеолярлы – капилярлы мембрана арқылы газдардың диффузиясын жоғарлатады;

    3. Ателектаздардың түзілуіне кедергі келтіреді;

    4. Барлық жауаптар дұрыс;

    5. Дұрыс жауабы жоқ.

13. Тыныс жолдарының өткізгіштігінің қайта қалпына келтіру әдісі болып табылмайды:

  1. басын шалқайту;

  2. аузын ашу және төменгі жақты қозғату;

  3. тыныс жолдаының құрамын постуральды дренаж әдісімен механикалық жою және кеуде қуысын қолмен соғу;

  4. тілін тарту;

  5. басын төмен қарату.

14. Тыныстың тиімділігінің ең сенімді критерийі .... болып табылады.

    1. РаCO2 және РCO2

    2. минуттық тыныс көлемі

    3. тыныс жиілігі

    4. өлі кеңістікті анықтау

    5. тыныстық көлем

15. Пневмоторакс ............. кезінде байқалмайды

  1. альвеола және медиастиналды плевраның жыртылуы;

  2. мойынның фасциалды қабаттарының зақымдануы;

  3. бас бронхтың тығындалуы;

  4. диафрагманың үзілуі;

  5. париеталды плевраның жыртылуы.

16. Өкпенің ісінуі кезіндегі жедел интенсивті терапияға жатпайтыны:

  1. тыныс аналептиктерін тамыр ішіне салу

  2. жұтқыншақтан көпіршікті қақырықты сорын тастау

  3. көбік сөндіргіштерді қолдану

  4. оттегітерапию

  5. кеңірдек интубациюсы

17. Ауыр тыныс жетіспеушілігі бар науқасқа 100% оттегі ингаляциясы болуының ең мүмкін салдарын көрсетіңіз:

  1. гипертензия және брадикардия

  2. гипотензия және брадикардия

  3. гипотензия және апноэ

  4. гипертоникалық криз

  5. гипотензия және гипертензия


СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:

  1. Пульмонология бөлімшесінде жатқан науқаста кенеттен жөтел кезінде бөлінетін алқызыл көпіршіктенген қан пайда болды. Сіздің мейірбикелік диагнозыңыз қандай? Сіздің тактикаңыз.

  2. Науқастың өкпесі қабынған. Осы науқасқа оттегін қолданудың ерекшелігі қандай? Манипуляция техникасын айтып беріңіз.

  3. Бөлімшеде оттегі берудің орталығы жоқ, ал науқасқа тез арада оксигенотерапия жүргізу қажет. Оттегімен әлі толтырылмаған оттегі жастығы ғана бар. Мейірбике жастықты қалай толтырады және оны науқасқа қалай дұрыс беруі қажет? Жастықтан оттегіні берудің жылдамдығы қандай?

  4. Науқас автомобиль апатынан кейін реанимация бөлімшесіне келіп түсті. Беткейлік тыныс алу кезінде кеуде қуысының пародоксальды қозғалысы, цианоз, гипотония байқалды. Берілген жағдайға ЖТЖ – ның қай түрі сәйкес келеді? Жауабын түсіндіріңіз.

  5. Жедел пневмония диагнозмен науқас стационарлық емге жіберілген. Түскен кезде тыныс алу жиілігі 32 минутына, беткейлік. Тыныс алуда қабырға аралық бұлшықеттер қатысуда. Аускультация кезінде майда, ылғал және құррғақ сырылдар естіледі. Сыртқы Тыныс алудың тиімділігін зерттеген кезде қанның оттегімен толтырылғандылығының төмендеуі – артериалдық қанда оттегінің құрамы 86% болғаны анықталды. Берілген жағдайда қандағы оксигенацияның төмендеуі сәйкесінше сыртқы тыныстың қандай процестеріне негізделген? Жауабын түсіндіріңіз.


3 сабақ

1.Тақырыбы: Шок, кома тағы басқа критикалық жағдайындағы реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері

2. Мақсаты: Шок және кома критикалық жағдайлар кезіндегі мейірбикелік процесті ұйымдастыру және іске асыру бойынша білімі мен дағдыларын қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

  • Шок түсінігін анықтауды, шоктың түрлері, олардың пайда болу себептерін;

  • Шок фазаларын;

  • Травмалық және геморрагиялық шоктың клиникалық көрінісін және диагностикасын;

  • Госпитальға дейінгі және гоститальдық этаптардағы реанимация және интенсивті терапияның қағидаларын;

  • Күйік және бактериалдық шоктың реанимация және интенсивті терапиясының қағидаларын;

  • Анафилактикалық шоктың формаларын, реанимация және интенсивті терапия қағидаларын;

  • Коматоздық жағдайлар сипаттамасын;

  • Комадағы науқастардың күтімі кезінде мейірбике жұмысының ерекшеліктерін;

  • Бас миының ісігі кезіндегі реанимация және интенсивті терапияны;

  • Диабетикалық комалар ағымының ерекшеліктері, интенсивті терапия қағидаларын;

  • Уремиялық және бауырлық комалардың ағымының ерекшеліктері, интенсивті терапияның қағидаларын;

  • Комадағы науқастардың күтімі кезіндегі мейірбикелік процестің ерекшеліктерін.

Студент істей алуы тиіс:

  • Шоктың әр түрлігігі кезінде мейірбикелік процессті ұйымдастыруды;

  • Комада жатқан науқастардың күтімі кезіндегі мейірбикелік процессті ұйымдастыруды;

  • Реаниматологиялық көмектің бағалануының анализін жүргізуді;

  • АРИТБ мейірбикесінің функционалдық міндеттерін орындауды;

  • Техника қауіпсіздігін сақтай отырып, АРИТБ аппаратурасымен жұмыс істеуді;

  • Жүрек – өкпе реанимациясын жүргізуді;

  • АРИТБ – дағы кез келген емдік – диагностикалық манипуляцияларда дәрігерге көмектесуді;

  • АҚ, тамыр соғысы, ТАЖ, температура мониторингін, қанның оттегімен толықтырылуы, ЭКГ жүргізу және осы көрсеткіштерді бағалауды;

  • Оттегілік және ингаляциялық терапияны жүргізуді;

  • ӨЖЖ – дағы науқастарға күтімді жүзеге асыруды;

  • Тұрақты тамырлық катетерге күтімді іске асыруды;

  • Инъекция және инфузияның барлық түрлерін жүргізуді.

4. Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

  • Геморрагиялық және травмалық шок кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның қағидалары қандай?

  • Бактериялық шоктың өту ерекшелігі қандай?

  • Анафилактикалық шоктың қандай формалары кездеседі?

  • Анафилактикалық шок кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның ерекшелігі неде?

  • Шок кезіндегі реаниматологиялық көмектің бағалау критерийлері қандай?

  • Коматоздық жағдай немен сипатталады?

  • Уремиялық және бауырлық комалардың өтуінің ерекшеліктері қандай?

  • Диабеталық комалар кезіндегі интенсивті терапия ерекшеліктері қандай?

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.):

  • Тур әдісі;

  • Рольдік ойындар түріндегі кіші топтарда(5-6 адам) жұмыс істеу;

  • АРИТБ бөлімшелерінде жұмыс істеу;

  • Сабақты презентациямен ҚЕТҚ (ТСО) (ДК, мультимедиялық проектор) өткізу;

  • Жағдайлық сұрақтарды шешу;

  • Тесттік сұрақтарды шешу;

6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. А.И. Левшанков, А.Г.Климов Сестринское дело в анестезиологии и реаниматологии.Санкт-Петербург. СпецЛит. 2003

  2. А.А. Бунятян Руководство по анестезиологии. М.: Медицина, 1994.

  3. Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии/ Под ред. А.И. Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт»,2000.

  4. Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. Пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.

  5. Е.Д. Лобанова, Реаниматология и интенсивная терапия. М., Медицина, 2000.

  6. Справочник главной (старшей) медицинской сестры. (Изд-е 3-е, дополненное, переработанное).М.:Издательство Грантъ,2001.880 с.

Қосымша:

  1. Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Миннск, 2006г.

  2. Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред.А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г.

  3. Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед. училищ и колледжей.- М., 2008г.

  4. Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.

  5. Справочник медицинской сестры: справ.изд./под ред. Ю.Ю.Елисеева.- М.,2004г.

  6. Ю.Ю. Елисеева. Справочник медицинской сестры. Изд-во Эксмо, 2003г.

  7. Тоблер Рита. Основные медсестринские процедуры: пер.с англ.- М., 2004г

  8. А.К. Белоусова, Л.А. Сербина. Практические навыки и умения медсестры инфекционного профиля. Ростов –на –Дону, 2003г.

  9. СанПиН № 8-01-013-03 «Стерилизация и дезинфекция изделий медицинского назначения. Методы, средства, режимы»;

  10. Рекомендация УМЦ Казахстанской республиканской СЭС от 3.06.2001 «Профилактика внутрибольничных инфекций в лечебно-профилактических учреждениях» (приложение к приказу № 476);

  11. СанПиН № 8-01-011-2001 от 6.03.2001 «Организация и проведение мероприятий по профилактике гнойных послеоперационных осложнений»;

  12. Инструкция ВОЗ, серия СПИД, №2, 1989 г. «Рекомендации по методикам стерилизации и дезинфекции, эффективным в борьбе с вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ)».

  13. Зильбер А.П. Этика и закон в медицине критических состояний.Петрозаводск, 1998.

7. Бақылау (тесттер, есептер және т.б.)

Тесттер:

1. Шок – бұл



    1. өткір жүрек жетіспеушілігі

    2. өткір тамыр жетіспеушілігі

    3. өткір тыныс жетіспеушілігі

    4. өткір бауыр жетіспеушілігі

    5. өткір бүйрек жетіспеушілігі

2. Шок түрлеріне жатпайтыны:

  1. кардиогендік

  2. геморрагиялық

  3. механикалық

  4. инфекциялы-токсикалық

  5. анафилактикалық

3. Шок белгілеріне жатпайтыны:

  1. тынышсыздық, қорқыныш

  2. бас айналу, әлсіздік

  3. тез және жұмсақ, жiп тәрiздi пульс

  4. диурездің жоғарлауы

  5. систоликалық АҚ 90 мм.сын.бағ. кем төмендеуі

4. Травмалық шоктың себептері:

    1. жарақаттар, қысым, күйiктер

    2. ағзаға бөгде заттардың енуі

    3. сыртқы немесе iшкi қан кету

    4. тобы және қанның резус-факторы бойынша сәйкес емес қанның құюлуы

    5. сепсис, өт және несеп жолдарының хирургиялық инфекциясы

5. Геморрагиялық шоктың себептері:

  1. жарақаттар, қысым, күйiктер

  2. ағзаға бөгде заттардың енуі

  3. сыртқы немесе iшкi қан кету

  4. тобы және қанның резус-факторы бойынша сәйкес емес қанның құюлуы

  5. сепсис, өт және несеп жолдарының хирургиялық инфекциясы

6. Гемотрансфузиондық шоктың себептері:

  1. жарақаттар, қысым, күйiктер

  2. ағзаға бөгде заттардың енуі

  3. сыртқы немесе iшкi қан кету

  4. тобы және қанның резус-факторы бойынша сәйкес емес қанның құюлуы

  5. сепсис, өт және несеп жолдарының хирургиялық инфекциясы

7. Анафилактикалық шоктың себептері:

  1. жарақаттар, қысым, күйiктер

  2. ағзаға бөгде заттардың енуі

  3. сыртқы немесе iшкi қан кету

  4. тобы және қанның резус-факторы бойынша сәйкес емес қанның құюлуы

  5. сепсис, өт және несеп жолдарының хирургиялық инфекциясы

8. Инфекциялық – токсикалық шоктың себептері:

  1. жарақаттар, қысым, күйiктер

  2. ағзаға бөгде заттардың енуі

  3. сыртқы немесе iшкi қан кету

  4. тобы және қанның резус-факторы бойынша сәйкес емес қанның құюлуы

  5. сепсис, өт және несеп жолдарының хирургиялық инфекциясы

9. Травмалық шокпен зардап шеккенді тасымалдау

  1. жартылай отырып

  2. басы көтерілген, аяқтары түсірілген

  3. басы көтерілген күйінде арқа жатысында

  4. аяқтары көтерілген күйінде арқа жатысында

  5. бүйіріне жатып

10. Науқаста анафилактикалық шок болуы мүмкін:

    1. егер дәрілердің пайдалану мерзімі өтіп кеткен болса

    2. егер дәрілер күшті әсер ететін болса

    3. егер дәрі қатты ащы болса

    4. егер алдын ала сынақ жасалмаған болса

    5. егер дәрілердің көп мөлшері қабылданса

11. Анафилактикалық шоктың симптомдары:

  1. жалпы терінің қызаруы, тынышсыздық, тыныс ритмінің бұзылысы, АҚ қатты төмендеуі, ырғақсыздық;

  2. жалпы әлсіздіік, қатты бас айналу, құлақтардағы шу, тыныс ритмінің бұзылысы;

  3. АҚ көтерілуі, бастың ауруы, терінің қызаруы, жүрек соғысының бұзылысы;

  4. бүкіл дененің бөртуі, қышу, тынышсыздық, есеңгіреу, құрғақ жөтел;

  5. ентікпе, өзгеріссіз АҚ, қызба.

12. Шок алған науқасқа көмек көрсету кезінде госпитальға дейінгі жағдайда қажет:

  1. қарау, киімді кесе отырып, денені қысатын киімнен босату

  2. отыруға арналған жағдайды беру

  3. науқасқа ыстық шай беру

  4. ыстық тамақ беру

  5. ыстық жылытқыштармен орау

13. Анафилактикалық шок кезіндегі бірінші дәрігерге дейінгі көмек:

    1. дәрілік препаратты енгізуді тоқтату

    2. 100% оттегі ингаляциясын бастау

    3. атропин енгізу

    4. адреналин енгізу

    5. гормондарды енгізу

Жауаптардың дұрыс комбинациясын таңдаңыздар:

  1. 1,3,4,5; 2)1,2,4,5; 3) 1,2; 4) 3,4,5; 5) 1,2,3,4.

14. Терминалды күйге жатады:

  1. талу

  2. жанталс күй

  3. коллапс

  4. жылулық (күн) соққысы

  5. шок

15. Реанимациялық іс – шараларды кідіріссіз жүргізуді қажет ететін зардап шегушінің күйінің сипатты белгілеріне жатпайтыны:

  1. сананың жоқтығы

  2. қарашықтардың реакцияның жоқтығы

  3. күре тамырдағы тамырдың соқпауы

  4. түкшелердi бозарыңқылық, суық жабысқақ тер

  5. тыныстың жоқтығы


Ситуациялық есептер:

  1. ЖТА кезінде жүргізушінің екі жамбасы және кеуде клеткасының жабық жарақатын алды. Жанынан өтіп бара жатқан мейірбике зардап шеккенді қарады. Қарау кезінде: жағдайы орташа ауырлықты, психиканың езушілігі, тежеулік, тері қабатының бозғылттығы, есі сақталған, қарашықтары жарыққа әлсіз әсер етеді, артериялық қысым төмендеген (95/65 мм. сын. бағ.), тамыр соғысы жиілеген, тыныс та жиілеген, дене температурасы төмендеген, рефлекстер азайған. Зардап шеккенде қандай жағдай қалыптасты? Оған бірінші көмекті қалай көрсету керек? Оны стационарға қалай тасымалдаған дұрыс?

  2. Дәрігер науқасқа абактал антибиотик ерітіндісін тамырға тамшылатып егуді ұсынды. Науқас бұл антибиотикті бұрын қабылдамаған.Мейірбике науқасқа антибиотикті еге бастады. 3 минуттан соң науқаста жалпы терісінің қызаруы, тынышсыздық, тыныс ритмінің бұзылысы, АҚ бірдегеннен төмендеуі, ырғақсыздық белгілері көріне бастады. Науқасқа не болды? Мейірбике нің қателігі неде? Науқасқа шұғыл көмекті қалай көрсетеді?

  3. Қабылдау бөліміне ауыр жағдайда науқас түсті. Тері қабаты бозғылт, мұздай тері, тамыр соғысы – 1 минутта 130 соққы әлсіз толтырылған, ЖҚ 80/50 мм. сын. бағ. Науқаста кофе тұнбасы тәрізді құсық және қара нәжіс болды. Науқасқа не болған? Оған дәрігерге дейінгі шұғыл көмекті қалай көрсетеміз?

  4. Мейірбике науқасқа тері астына иықтың үшінші бөлігінің сыртына тырысқақтық анатоксинді енгізді. 5 минуттан соң науқастың демі тарыға бастап, АҚ бірден нен төмендеді. Науқасқа не болды? Оған көрсетілетін шұғыл көмектің алгоритмі қандай?

4 сабақ

1.Тақырып: Қан айналымды рационалды инфузиялық – трасфузиялық терапияға кардиопротекторларын тамыр қарқындылығын арттыратын заттардың көмегімен қалпына келтіру.

2.Мақсаты: Студенттерді жүрек – қан тамыр жеткіліксіздігі кезінде кардиопротекторларды және тамыр белсендіретін дәрілерді қолданып рационалды инфузионды – трансфузионды терапиямен қан айналымды сақтауды оқытып таныстыру.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

  • Микроциркуляция және орталық гемодинамика көрсеткіштерін, қан айналым физиологиясын;

  • Факторға әсер ететін циркуляцияланатын қанның көлемін;

  • Шок, жіктелінуі,патогенезі,клиникасын;

  • Геморрагиялық шоктың патофизиологиясы, клиникасы,диагностикасын;

  • Макро- жәнемикроциркуляцияжәне олардың организмдегі мәнін;

  • Метаболизм және су электролитті балансы, олардың естен тану жағдайындағы өзгерістерін;

  • Инфузионды – трансфузионды терапияның заманауи жолдарын;

  • Қан алмастырғыштар, жіктелуі, әрекет механизмін;

  • Вазопрессорлер және инотропты дәрілерді.

Студент істей алуы тиіс:

  • Қан тамыр жетіспеушілігінің диагностикасын жүргізуді (естен тану, коллапс, талма);

  • Жүрек жетіспеушілігінің диагностикасын жүргізуді;

  • Естен танудың кезеңдерін анықтауды;

  • Естен тану индексін анықтауды;

  • Естен тану жағдайларында жедел жәрдем көрсетуді;

  • Естен тану жағдайларында инфузионды – трафузионды терапияның көлемі, есебі;

  • Вазопрессорлерді және инотропты препараттады енгізу әдістерін және есептеуді.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жүрек жетіспеушілігі, патофизиологиясы, клиникасы, емдеу

2. Шок, түрлері, патогенезі, клиникасы және жедел жәрдем

3. Геморрагиялық шок, патогенезі, клиникасы жедел жәрдем

4. Қан алмастырғыштар, жіктелуі, әрекет механизмі, қолданылуы

5. Су - электролитті балансы және олардың шок кезіндегі өзгерістері

6. Инфузионды-трансфузионды терапияның заманауи жолдары

7. Вазопрессорлер және инотропты препараттар, әсерету механизмі, оларды енгізу әдістері.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.):

  • Тақырып бойынша сұрақтарды колдана отырып отырып, тур әдісі арқылы тақырыпты талдау

  • Ситуациялық есептерді шешу

  • Кіші топтармен жұмыс істеу (2-3 адамнан құралған топ аудиторияда жүрек – қан тамыр жеткіліксіздігін, оның клиникалық ағымынталқылайды және диагностикалайды, манекенде шұғыл көмекті көрсетеді, интенсивті терапия палатасында жұмыс істейді)

  • ОТҚ-дан қолдану ( ПК, мултимедиалық проектор) сабақ тақырыбын презентациялау

  • Тақырып бойынша тестерді шешу

6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Дж.Эдвард Морган-мл., МэгидС.Михаил. Клиническая анестезиология. Т.1, 2, 3. Москва «Бином», С.-Петербург «Невский диалект», 1998,2001, 2003.

  2. Ф.МайклФерранте, Тимоти Р.ВейдБонкора (ред.), пер. с англ. Послеоперационная боль. М., Медицина, 1998.

  3. К.М. Лебединский. Анестезия и системная гемодинамика. Оценка и коррекция системной гемодинамики во время операции и анестезии. Санкт-Петербург, «Человек», 2000.

  4. Интенсивная терапия угрожающих состояний. Ред. В.А.Корячкин, В.И.Страшнов. С.-Петербург, 2002.

  5. Зильбер А.П. Клиническая физиология в анестезиологии и реаниматологии. М.Мед.,1984г.

Қосымша:

  1. Сафар П. Сердечно-легочная и церебральная реанимация / Пер.сангл.М.: Медицина,1981.240с.

  2. Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.

  3. А.И. Левшанков, А.Г.Климов Сестринское дело в анестезиологии и реаниматологии.Санкт-Петербург. СпецЛит. 2003

  4. А.А. Бунятян Руководство по анестезиологии. М.: Медицина, 1994.

  5. Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии / Под ред. А.И. Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт»,2000

7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):

Тесттер:

1.Қан жоғалтудың көлемі 3 литрге тең, бұл қан кетудің ... деңгейіне сәйкес.

А) ауыр

Б) аз мөлшерде



В) массивті

Г) жеңіл


Д) минимальды

2.Геморрагиялық шокта:

А) тамыр соғысы жиілейді, артериальды қан қысымы төмендейді.

Б) тамыр соғысы қалыпты, артериальды қан қысымы жоғары;

В) тамыр соғысы жиілейді, артериальды қан қысымы жоғары;

Г) тамыр соғысы және артериальды қан қысымы қалыпты;

Д) тамыр соғысы және артериальды қан қысымы жоғарылайды;

3.Гемотрансфузиялық шок кезінде тамыр соғысы мен артериальды қан қысымы өзгерісі:

А) тахикардия, артериальды қан қысымы төмендейді ;

Б) тахикардия, артериальды қан қысымы жоғарылайды;

В) брадикардия, артериальды қан қысымы төмендейді;

Г) брадикардия, артериальды қан қысымы жоғарылайды;

Д) тахикардия, артериальды қан қысымы жоғарылайды;

4.Кардиогенді шок кезінде қолданылатын таңдаулы препарат:

А) допамин;

Б) мезатон;

В) нитроглицерин;

Г) лазикс;

Д) преднизолон.

5.Шокты дәлелдейтін белгілер:

А) артериальды қан қысымы төмендейді ;

Б) естің жойылуы;

В)қан кету;

Г) тері қабатының бозаруы.

Д) артериальды қан қысымы жоғарылауы;

6.нормоволемия кезінде Альговершок индексы ...тең болады.

А) 0,1;

Б) 1,0;


В) 1,5.

Г) 0,5;


Д) 2,5

7. Үлкен кісілердегі жалпы су көлемі дене салмағының.... пайызын құрайды:



  1. 40;

  2. 50;

  3. 60;

  4. 80;

Жауап:

А) 1;


Б) 2;

В) 3;


Г) 4

8.Үлкен кісілердегі айналымдағы қан көлемі қалыпты жағдайда ... құрайды (мл/кг дене салмағына).



1. 50-60

2. 60-70

3. 70-80

4. 80-100

Жауап:

А) 1;


Б) 2;

В) 3;


Г) 4:

9. Инфузиялық – трансфузиялық терапияны (ИТТ) ... мақсатпен жүргізеді.

1) айналмалы қан көлемін қалыпқа келтіру

2) қанның реологиялық қасиетін коррекциялау

3) дезинтоксикациялау

4) парентеральды қоректендіру

5) қанның биохимиялық қасиетін коррекциялау

6) ұлпаларға оттегі тасымалдау



Жауап:

А) 1,2,3


Б) 2,3,4

В) 3,4,5


Г) барлық жауабы дұрыс.
10. Б.В. Петровскийдің жіктеуі бойынша , инфузиялық-трансфузиялық терапияға арналған препараттар ... топқа бөлінеді.

1) гемодинамикалық

2) дезинтоксикациялық

3) қышқыл сілті жағдайын коррекциялайтын

4) қоректенуге арналған препараттар

5) синтетикалық қан алмастырғыштар



Жауап:

А) 1


Б) 2

В) 3


Г) 4

Д) 5


Е) барлық жауабы дұрыс.

11. Инфузиялық-трансфузиялық терапияның көлемін есептейді:

1) 1 мл дене беткейіне

2) 1 мл дене салмағына

3) гематокритқа сүйенеді

4) патологиялық жоғалтулардың көлеміне байланысты



Жауап:

А) 1


Б) 2

В) 3


Г) 4

Д) барлық жауабы дұрыс.

12. Малышев В.Д-ның деректеріне байланысты, келесі инфузиялық заттарды бөледі:

1) коллоидтар

2) кристаллоидтар

3) дезинтоксикациялық сұйықтықтар

4) газды тасымалдайтын сұйықтықтар

Жауап:

А) 1


Б) 2

В) 3


Г) 4

Д) барлық жауабы дұрыс.

13. Полиглюкинды қанға құюдың негізгі көрсеткіші:

1) геморрагиялық шок

2) өкпе ісінуі

3) жіті бүйрек жетіспеушілігі

4) гипокоагуляция

Жауап:

А) 1


Б) 2

В) 3


Г) 4


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет