Пән Биология Мұғалім



Дата25.11.2018
өлшемі106.21 Kb.
#97096




Пән

Биология

../../../../logo/itest_logo_3.png

Мұғалім

Дәлдембаева Гүлнаш

Мектеп, сынып

Қостанай облысы, Рудный қаласы, Рудный қаласы әкімдігінің №7 мектеп-гимназиясы



Бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар

1. Ағзаға әсер ететін барлық орта факторларын ... деп атайды

А) абиотикалық

В) қоршаған орта

С) экологиялық

Д) биотикалық

Е) антропогендік
2. Нағыз күрделігүлді өсімдіктердің гүлшоғыры –

А) себетгүл

В) шоғырбас

С) жай шатыр

Д) күрделі шатыр

Е) собық
3. Бұл өсімдіктердің көпшілігінің қабығында, сүрегінде шайырлы жолдары болады.

А) қырықжапырақ тәріздестер

В) қырықбуындар

С) плаундар

Д) қылқан жапырақтылар

Е) мүктер
4. Тасымалданатын аурулардың табиғи қордасы туралы теорияны жасаған:

А) Е.Павловский

В) К.Скрябин

С) И.Мечников

Д) А.Ковалевский

Е) Н.Вавилов


5. Тұтытектестер отрядына жатады:

А) ақмарқа

В) түлкібалық

С) кета

Д) көзауық

Е) нерка
6. Қосжарғақшалы органоид:

А) лизосома

В) митохондрия

С) вакуоль

Д) Гольджи жиынтығы

Е) ЭПТ
7. Энергетикалық алмасудың даярлық кезеңі өтетін орны:

А) жасушалар

В) митохондриялар

С) асқорыту жүйесі

Д) бүйректе

Е) ядрода


8. «Кідіртпе-кодондар» немесе «тыныс белгілері»:

А) УУУ УУЦ ГАУ

В) АТТ АТЦ АЦТ

С) ГУУ ГУГ ГУЦ

Д) ААУ ЦАУ ЦАЦ

Е) АГУ АГЦ АГА


9. Транслокация –

А) хромосоманың қандай болса да бір үлескісінің жоғалуы

В) үлескінің еселенуі

С) үлескінің 180°-қа төңкеруі

Д) бір немесе бірнеше хромосомаларды жоғалу немесе қосып алу

Е) сәйкес емес екі хромосомалар арасындағы үлескілердің алмасуы


10. Жыныссыз көбею әдісімен бір индивидуумның көптеген генетикалық көшірмелерін алу:

А) партаногенез

В) редупликация

С) клондау

Д) будандастыру

Е) телу
11. Организмдердің жемтіктерін бірлесіп аулау кезіндегі бірігуі:

А) конституционалдық кооперация

В) трофикалық кооперация

С) репродуктивті кооперация

Д) комменсализм

Е) симбиоз
12. Ми мен жұлын жалғасатын орын:

А) самай мен төбенің ортасы

В) шүйде сүйегінің үлкен тесігі

С) самай

Д) шүйде

Е) маңдай


13. Қанның түссіз жасушалардың ішіндегі ең ірісі, өте қозғалтқыш, бактерияларды тез қармап асайтыны:

А) лейкоциттер

В) лимфоциттер

С) моноциттер

Д) тромбоциттер

Е) эритроциттер


14. Тоқ ішектің аш ішектен басталатын жері:

А) бүйен

В) соқырішек

С) ұлтабар

Д) ұйқы безі

Е) өт қабы


15. Адам өміріндегі ақыл-ой, санасы, ойлау қабілеті жетіліп, шығармашылық іс-әрекеттері табыстарға жетелейтін кезең:

А) балғын жастық (бозбала)

В) мосқалдық

С) кемелденген

Д) жасөспірімдік

Е) мектеп жасындағы ересек кезең


16. Вазопресин гормонды бөлетін без:

А) гипофиз

В) эпифиз

С) қалқанша

Д) бүйрек үсті

Е) тимус
17. Сүйектің шеміршекті қабаты арқылы ...

А) сүйек ұзарып өседі.

В) сүйек жуандап өседі.

С) сүйекке серпімді қасиет береді.

Д) мықтылық береді.

Е) иілгіштік қасиет береді.
18. Бірінші болып құтырған ит қапқан балаға емдік қан сарысуын пайдаланып өлімнен құтқарып қалған кім:

А) Э.Дженнер

В) У.Гарвей

С) И.Мечников

Д) Л.Пастер

Е) И.Павлов


19. Триаста сүтқоректілердің ең алғашқы жылы қанда тобы шықты. Олар:

А) археоптерикстер

В) батбат

С) трикондонттар

Д) брахиозаврлар

Е) гиппариондар


20. Экожүйенің негізгі қасиеті:

А) популяция тығыздығы

В) биомасса

С) көп түрлілігі

Д) дамуы

Е) өздігінен реттелуі


Бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар.
21. Сүтқоректілердің шығуына себеп болған ароморфоздар:

A) түкті жамылғы пайда болды

B) кеуде қуысы пайда болды

C) төрт қуысты жүрек

D) іштей ұрықтану

E) жылықандылық пайда болды

F) өкпемен тыныс алу

G) көпіршікті өкпе дамыды

H) 5 бөлікті ми
22. Ежелгі адамдарға жатады:

A) питекантроп

B) палеонтроп

C) неоантроп

D) синантроп

E) гейдельберг адамы

F) кроманьон

G) дриопитек

H) рамопитек
23. Бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабаты жарақаттанса немесе гормондары аз бөлінсе, ...

A) қанда қанттың мөлшері азаяды.

B) ағзаның иммундық қасиеті төмендейді.

C) қан мен ұлпа сұйықтығындағы фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттейді.

D) ағзаның өсуіне әсер етеді.

E) қанда натрий мен хлордың мөлшері азаяды.

F) калий мөлшері артады.

G) су мөлшері азаяды.

H) қан қысымы төмендейді .
24. Арқа бұлшықеттеріне жатады:

A) шайнау

B) мойын

C) трапеция пішінді

D) ымдау

E) көкірек

F) ромбы тәрізді

G) көкет


H) балтырдың үшбасты
25. Алқа тұқымдас өсімдіктеріне жатады:

A) күнбағыс

B) баклажан

C) жоңышқа

D) раушан

E) итмұрын

F) шырайгүл

G) қауын


H) бөрігүл
26. Шаянтәрізділердің белгілері:

A) зәр шығару жүйесі-жасыл бездер

B) асты ішектен тыс қорытады

C) зәр шығару жүйесі-жасыл бездер

D) баскөкірек және құрсақ бөліктерінен тұрады

E) жабынында улы безі болады

F) қозғалу мүшесі – параподия

G) омыртқа жотасы бар

H) қан тарту жүйесі – ашық
27. Қыстап шығатын құстарға жатады:

A) қарғалар

B) торғайлар

C) сауысқандар

D) дуадақтар

E) безгелдектер

F) шағалалар

G) қаздар

H) шымшықтар
28. Зең саңырауқұлақтарға жатады:

A) ашытқы

B) қастауыш

C) пеницилл

D) аспергилл

E) діңқұлақ

F) қаракүйе

G) тат саңырауқұлағы

H) ақұнтақ
29. Ароморфозға жатады:

A) фотосинтездің пайда болуы

B) өсімдіктердің тозаңдану жолдары

C) тұқымдардың жел, су, жануарлар арқылы таралуы

D) паразиттік тіршілікке көшуі

E) арамтозғанақтың мүшелердің жойылуы

F) паразит құрттардың тыныс алу, асқорыту, қан тарту жүйесінің болмауы

G) көз ауықтардың дене пішіні

H) көп жасушалық
30. Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге ұқсастығы:

A) гетеротрофтылық

B) гликогенді қорға жинайды

C)жасуша қабырғасы айқын байқалады

D) жасуша қабырғасы құрамында хитин болады

E) зат алмасу өнімі – несеп нәр түзуі және бөліп шығаруы

F) сору арқылы(адсорбция) қоректенеді

G) спора арқылы көбейеді

H) хлоропластары жоқ

Жауаптары:

1. С 11. В 21. А, Е, G

2. А 12. В 22. А, Д, Е

3. Д 13. С 23. А, Е, F, G, Н

4. А 14. А 24. С, F

5. А 15. С 25. В, F

6. В 16. А 26. С, Д, Н

7. С 17. А 27. А, В, С, Н

8. В 18. Д 28. С, Д

9. Е 19. С 29. А, Н

10. С 20. Е 30. С, F, G

Пайдаланған әдебиеттер.

Биология 6 сынып

Әлімқұлова Р, Әметов Ә, Қожантаева Ж, Қайым Қ, Жұмағұлова Қ, 2015 Атамұра



Биология 7 сынып

Қ.Қайым, Р.Сәтімбекова, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева, 2012

Атамұра

Биология 8 сынып

Е.Очкур, Л.Аманжолова, Р.Жұмабаева «Мектеп» 2016



Биология 9 сынып

Гильманов М.К., Әбшенова Л.У, Соловьева А Атамұра 2013

Жалпы биология 10 сынып

Т.Қасымбаева, К.Мұхамбетжанов «Мектеп» 2014



Биология 11 сынып

Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлова, Ж.Шілдебаев «Мектеп» 2015



Тестің тақырыптық құрамы:

Саңырауқұлақтар – 2

Өсімдіктер әлемі – 4

Жануарлар әлемі – 5

Анатомия – 10

Жалпы биология – 9



Сұрақтар №

Қолданған материал

Оқулық

№1

18 бет

6 сынып

№2

150 бет

№3

132 бет

№4

216 бет

7 сынып

№5

254 бет

№6

92 бет

10 сынып

№7

72 бет

9 сынып

№8

151 бет

10 сынып

№9

201 бет

9 сынып

№10

368 бет

10 сынып

№11

321 бет

11 сынып

№12

84 бет

8 сынып

№13

119 бет

8 сынып

№14

176 бет

8 сынып

№15

239 бет

8 сынып

№16

36 бет

8 сынып

№17

95 бет

8 сынып

№18

129 бет

8 сынып

№19

187 бет

11 сынып

№20

251 бет

9 сынып

№21

135 бет

11 сынып

№22

218 бет

11 сынып

№23

40 бет

8 сынып

№24

105 бет

8 сынып

№25

144 бет

6 сынып

№26

211 бет

7 сынып

№27

278 бет

7 сынып

№28

29 бет

7 сынып

№29

135 бет

11 сынып

№30

25 бет

7 сынып



Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет