Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламентін бекіту туралы



бет1/12
Дата03.07.2017
өлшемі2.54 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 159 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.



2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 6 ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 19 ақпандағы

159 қаулысымен



Бекітілген

 

«Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігіне

қойылатын талаптар» техникалық регламенті

 

1. Қолданылу саласы

 

1. Осы техникалық регламент:

1) қауіпсіздікті және тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соғатын әрекеттердің алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында парфюмерлік-косметикалық өнімдерге (бұдан әрі - ПК өнімдер) қойылатын міндетті талаптарды;

2) тұтынушы орауына және парфюмерлік-косметикалық өнімдерді таңбалауға қойылатын талаптарды;

3) ПК өнімдерді өндіру, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптарды;

4) ПК өнімдерінің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалауға қойылатын талаптарды.

Осы техникалық регламенттің талаптары таралатын ПК өнімдері тазарту, жағымсыз иістерді жою, эстетикалық әсер беру және оларды қоршаған ортаның зиянды факторларынан қорғау мақсатында адамның денесіне қолдануға арналған, құралдарға теңестірілген:

1) тері, тырнақ және шаш күтіміне арналған сірне негізіндегі, эмульсиялық және майлы құралдар (кремдер, сүт, кілегейлер, маскалар, скрабтар, пилингтер, крем-гельдер);

2) шаш пен терінің гигиеналық күтіміне арналған жуу құралдары (шампундер, сұйық сабындар, душқа, ванна мен интим гигиенасына арналған жуу гельдері, ваннаға арналған көбік және тазарту құралдары: көбіктер, гельдер, мусстар);

3) бет, ерін, дене және шаш макияжына арналған эмульсия негізіндегі сәндік косметика құралдары (тоналды құралдар, бет далабы, қабаққа арналған бояу, шашқа арналған тушь, кірпікке арналған сұйық тушь және көзге арналған бояу, ерінге арналған жылтыр);

4) тері, көз және ерін макияжы мен күтіміне арналған май-балауыз негізіндегі сәндік косметика құралдары (ерін, далаптары) ерінге арналған жылтыр мен бальзам; театр гримі; қас, қабақ және ерінге арналған контур қарындаштары, маскалағыш қарындаштар; кірпікке арналған қатты тушь);

5) бет, дене және шаш макияжына арналған ұнтақ тәрізді және шағын сәндік құралдар (опа, бет далабы, қабаққа арналған бояулар, бетке, денеге және шашқа арналған жылтыр);

6) дененің гигиеналық күтіміне арналған ұнтақ тәрізді және шағын құралдар (тальк, ұнтақ, балаларға арналған, парфюмерлік, хош иістендірілген опа);

7) тіс және ауыз қуысының күтіміне арналған құралдар (гигиеналық және емдік-профилактикалық тіс пасталары; эликсирлер, шайғыштар, сергіткіштер, бальзамдар);

8) гигиеналық, сергіткіш және хош иістендіргіш құралдар ретінде пайдаланылатын парфюмерлік сұйық құралдар (иіс майлар, әтірлер, парфюмерлік, иіс және хош иісті сулар);

9) тері, шаш және тырнақтың гигиеналық және/немесе сергіту күтіміне арналған косметикалық сұйық құралдар (лосьондар, лосьон-тониктер, тониктер);

10) шаш күтіміне арналған косметикалық сұйық құралдар (шашты бұйралауға және түзеуге арналған құралдар, шашты сәндеуге арналған құралдар);

11) тазарту, хош иістендіру және сергіту әсеріне арналған косметикалық сұйық құралдар (дезодаранттар мен дезодарант-антиперспиранттар);

12) қырынуға дейін, қырыну кезінде және қырынудан кейін қолданылатын құралдар (қырынуға арналған кремдер, гельдер және көбіктер);

13) тырнақ күтіміне арналған құралдар (маникюрлік лактар, тырнақ көбесін алуға арналған құралдар, лакты кетіруге арналған сұйықтық, тырнақты өсіруге арналған құралдар);

14) шашты түссіздендіруге (немесе түсін кетіруге) және бояуға арналған құралдар;

15) татуажға арналған құралдар;

16) иіссабын.

ПК өнімдері Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарына сәйкес жіктеледі.

 

 

2. Терминдер мен анықтамалар



 

2. Осы техникалық регламентте «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында пайдаланылған терминдер, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) ампулды косметика - герметикалық дәнекерленген шыны ыдысқа салынған, консерванттары жоқ, бір рет пайдалануға арналған ПК өнімдер;

2) ПК өнімдерінің түсініктемесі - ПК өнімдерінің тұтынушылық қасиеттері, тағайындалуы, қолдану жөніндегі нұсқауларының сипаттамалары, сондай-ақ қолдану тәсілдері бар сөзбен сипатталуы және (немесе) графикалық белгілеуі;

3) антиперспиранттар - тер бөлінуін төмендететін құралдар;

4) ерінге арналған жылтыр - ерінде жылтыр қабыршақ жасайтын косметикалық сәндік құрал;

5) ПК өнімдердің қауіпсіздігі - қауіпті факторлардың ықтималдығы мен оның салдарының ауырлығының деңгейін ескере отыра, өмірге, адам денсаулығына, қоршаған ортаға, өсімдік және жануарлар дүниесіне зиян келтіруге байланысты жол берілмейтін қатердің болмауы;

6) ПК өнімдердің сыртқы орауы (сыртқы орауы) - ПК өнімдердің ішкі орауы сиятын материал немесе бұйым;

7) ПК өнімдердің ішкі орауы (ішкі орауы) - ПК өнімдерді тікелей салуға арналған ыдыс;

8) көмекші құралдар - ПК өнімдерді тікелей жағуға (кетіруге) арналған және оларды пайдаланудан күтілетін жоғарғы әсерді қамтамасыз етуге арналған құралдар;



9) косметикалық гель - құрамында су, май эмульсиялар, арнайы қоспалар және гель пайда болатын компоненттері бар коллоидті жүйелерді білдіретін парфюмерлік-косметикалық құрал;

10) косметикалық саз - косметикалық процедураларға пайдаланылатын, айтарлықтай созылғыштыққа ие табиғи минералды заттар;

11) косметикалық балшықтар - косметикалық процедураларға пайдаланылатын табиғи минералды және (немесе) органикалық заттар;

12) дайындалған күні - дайындаушы қоятын және ПК өнімдерді дайындаудың технологиялық процесінің аяқталғаны жөнінде ақпарат беретін күні;

13) дезодорант - хош иістендіретін және сергітетін қасиетке ие парфюмерлік-косметикалық құрал;

14) өтініш беруші - өнімнің сәйкестігін растау үшін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

15) өнімді сәйкестендіру - өнімді біртекті өнім тобына жатқызу мақсатында оның маңызды белгілері бойынша сипаттамасының ұқсастығын белгілеу;

16) ПК өнімді дайындаушы - ПК өнімдерді келесі иелігінен шығарғанға дейін өндіретін жеке немесе заңды тұлға;

17) косметикалық қарындаш - қарындаш түрінде шығарылатын, сырты ағаш немесе пластик парфюмерлік-косметикалық құрал;

18) клиникалық қауіпсіздік - арналуы бойынша ПК өнімдерді пайдаланған кезде азаматтардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргенін куәландыратын теріні тітіркендіретін және сенсибилизациялайтын әсерінің болмауы;

19) консерванттар - ПК өнімдердің жарамдылық мерзімін ұзартуды қамтамасыз ететін заттар;

20) бояулар - ПК өнімдерін бояу үшін қолданылатын табиғи және (немесе) синтетикалық текті химиялық зат;

21) лосьон - тері және (немесе) шаш және (немесе) тырнақ күтіміне арналған парфюмерлік-косметикалық сұйық құрал;

22) косметикалық май - сұйық майлы түрдегі парфюмерлік-косметикалық құрал;

23) маска - теріні, шашты, тырнақты тиімді күтуді қамтамасыз ету үшін арналған парфюмерлік-косметикалық құрал;

24) иіс сабын - денені күтуге арналған парфюмерлік-косметикалық құрал;

25) ПК өнімнің атауы - ПК өнімдерді даралайтын дайындаушы берген белгі;

26) ПК өнімнің аты - ПК өнімдерді біртекті топқа жатқызуға мүмкіндік беретін өнім түрінің белгісі;

27) парфюмерлік-косметикалық өнімнің арналуы (арналуы) - ПК өнімнің функционалдық қасиеті;

28) ашық хат - тұтынушыға арналған ақпараты бар кез келген форматты парақ өнімі;

29) бетті тазарту - терінің артық секретін, кірді, сәндік косметиканың құралдарын жою;

30) өнім партиясы - сапасы мен қауіпсіздігі туралы бір құжатпен берілетін белгіленген сапа және қауіпсіздік көрсеткіштері бар бір атау мен аттың өнім мөлшері;

31) парфюмерлік-косметикалық ингредиент (ингредиент) - ПК өнімдерді өндіруде пайдаланылатын химиялық зат немесе синтетикалық немесе табиғи текті препарат. Ингредиенттегі қоспалар парфюмерлік-косметикалық ингредиенттерге жатпайды;

32) парфюмерлік (хош иісті) композиция - ПК өнімдеріне иіс беруге және (немесе) ингредиенттердің иісін жасыруға арналған заттардың қоспасы;

33) ПК өнім - тазарту, жағымды иіс беру, сыртқы түрін өзгерту, оларды қорғау немесе қалыпты жағдайда сақтау мақсатымен адам денесінің түрлі бөліктеріне (теріге, түк басқан жерлерге, тырнаққа, ерінге, тіске, ауыз қуысының кілегей қабықшасына және сыртқы жыныс мүшелеріне) жағуға (көмекші құралдардың көмегімен немесе оларды пайдаланбай) арналған құралдар;

34) парфюмерлік-косметикалық өндіріс - ПК өнімдерді дайындау мақсаты бар технологиялық операциялар мен басқару әрекеттерінің жиынтығы;

35) тіс пастасы - тіс және ауыз қуысының күтіміне арналған паста тәрізді немесе гель тәрізді консистенцияның парфюмерлік-косметикалық құралы;

36) косметикалық пластырь - косметикалық рәсімдерді жүргізуге арналған жабысу әрекетіне ие, материалдан жасалған парфюмерлік- косметикалық құрал;

37) ерін далабы - ерінге жағуға арналған сәндік косметикалық құрал;

38) ПК өнімін жеткізуші - ПК өнімді жеткізетін кез келген меншік түріндегі жеке немесе заңды тұлға;

39) тұтынушы - ПК өнімді тікелей пайдалану үшін сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;

40) ПК өнімінің тұтынушы орауы - ПК өнімдерінің сыртқы және ішкі орауларының жиынтығы, сыртқы орауы болмаған жағдайда ішкі орау тұтынушы орауы болып есептеледі;

41) рецептура - ингредиенттердің салмақтық үлесін көрсете отыра, ПК өнімнің құрамына кіретін ингредиенттердің дайындаушы белгілеген толық тізімі;

42) скраб - тері қабатының беткі өлі клеткаларын түлетіп түсіруге арналған парфюмерлік-косметикалық құрал;

43) целлюлитке қарсы құрал - дененің проблемалы учаскелерінде целлюлит пайда болудың алдын алуға және целлюлит белгілері бар дене учаскелерін күтуге арналған ПК құрал;

44) депиляцияға арналған құрал - түктерді жоюға арналған парфюмерлік-косметикалық құрал;

45) интим гигиенасына арналған құрал - жыныс мүшелерінің күтіміне арналған парфюмерлік-косметикалық құрал;

46) татуажға арналған құрал - терінің бетіне сурет салуға арналған парфюмерлік-косметикалық құрал;

47) жарамдылық мерзімі - дайындаушы айқындаған тасымалдау және сақтау талаптарын сақтаған кезде ПК өнімін осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін және оның арналуы бойынша қолданылатын мерзім;

48) тальк - дененің гигиеналық күтіміне арналған ұнтақ тәрізді парфюмерлік-косметикалық құрал;

49) тауарлық белгі (тауарлық маркасы) - бір жеке тұлғаның тауарларын басқа жеке немесе заңды тұлғалардың біртекті тауарларынан айыру үшін қызмет ететін, белгіленген тәртіпте тіркелген (қабылданған) немесе халықаралық шарттар күшімен тіркеусіз қорғалатын белгі;

50) ПК өнімнің токсикологиялық қауіпсіздігі - азаматтардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіретін жалпы токсикологиялық әсерінің болмауы;

51) зат белгі - тұтынушылар үшін өнімдерге жапсырылатын ақпараттар;

52) көліктік орауы - ПК өнімді тасымалдауға арналған орау;

53) шашқа арналған тушь - шаш өргенде жағуға арналған сәндік косметикалық құрал;

54) ультракүлгін сүзгілер - ультракүлгін сәулелерді жұтуға және (немесе) қайтаруға қабілетті ингредиенттер;

55) фотоқорғаныш құралы (күн сәулесінен қорғайтын құрал) - ультракүлгін сәулелерді жұтуға және (немесе) қайтаруға қабілетті парфюмерлік-косметикалық құрал.

 

 

3. Өнімдердің нарықта айналу жағдайы



 

3. ПК өнімдер осы техникалық регламенттерде белгіленген тараптарға сәйкес болуы тиіс.

4. ПК өнімдер, егер оларды мақсаты бойынша тиісінше қолдану кезінде тек адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндірмеген жағдайда, нарыққа жеткізілуі және сатылуы мүмкін.



ПК өнімдері сатуға енгізгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпке сәйкестігін міндетті растау рәсімдеріне ілігуі тиіс. Сәйкес сертификаттың бар болуы туралы мәлімет ілеспе құжаттамада көрсетіледі.

 

 

4. ПК өнімдердің қауіпсіздік талаптары



 

Жалпы қауіпсіздік талаптары

 5. Қазақстан Республикасында айналымға шығарылатын ПК өнімдерді арналуы бойынша пайдаланғанда және (немесе) жарамдылық мерзімі ішінде алдын ала болжамды пайдаланған кезде адам өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеуге тиіс; бұл ретте өнімнің жарнамасы, оның таңбалануы, оны пайдалану және орналастыру жөніндегі нұсқаулық, сондай-ақ өндіруші, оның агенті немесе Қазақстан Республикасының нарығында өнімді таратуға жауапты кез келген тұлға берген қандай да бір түсінік немесе басқа да ақпараттар ескеріледі.

6. ПК өнімдердің қауіпсіздігі:



1) құрамына;

2) микробиологиялық көрсеткіштеріне;

3) улы элементтер мөлшерінің деңгейіне;

4) токсикологиялық көрсеткіштеріне;

5) клиникалық-зертханалық көрсеткіштеріне;

6) ПК өнімдердің өндірісіне;

7) тұтыну орауына;

8) тұтынушыға арналған ақпаратқа қойылатын талаптардың жиынтығын қамтамасыз етеді.

 

 

ПК өнімдерінің құрамына қойылатын талаптар



 

7. ПК ингредиенттері ретінде осы техникалық регламенттің 1-қосымшасында санамаланған заттарды пайдалануға тыйым салынады.

8. ПК ингредиенттері ретінде 2-қосымшада көрсетілген шектеулер мен талаптардан тыс осы техникалық регламенттің 2-қосымшасында санамаланған заттарды пайдалануға тыйым салынады, бұл ретте осы техникалық регламентте белгіленген тұтынушылар мен мемлекеттік бақылау органдарына арналған ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды ескерген жөн.

9. ПК ингредиенттері ретінде 3-қосымшада аталған шектеулерден тыс осы техникалық регламенттің 3-қосымшасында аталған бояуларды ғана пайдалануға рұқсат етіледі, бұл ретте осы техникалық регламентте белгіленген тұтынушылар мен мемлекеттік бақылау органдарына арналған ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды ескерген жөн.

10. ПК ингредиенттері ретінде 4-қосымшада аталған шектеулерден тыс осы техникалық регламенттің 4-қосымшасында аталған консерванттарды ғана пайдалануға рұқсат етіледі, бұл ретте осы техникалық регламентте белгіленген тұтынушылар мен мемлекеттік бақылау органдарына арналған ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды ескерген жөн.

11. ПК ингредиенттері ретінде осы техникалық регламенттің 5-қосымшасында санамаланған ультракүлгін сүзгілерін ғана пайдалануға рұқсат етіледі, бұл ретте осы техникалық регламентте белгіленген тұтынушылар мен мемлекеттік бақылау органдарына арналған ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды ескерген жөн.



 

 

ПК өнімдерінің микробиологиялық көрсеткіштеріне



қойылатын талаптар

 

12. ПК өнімінің микробиологиялық көрсеткіштері осы техникалық регламенттің 6-қосымшасында берілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

13. Мына ПК өнімдерінің атауларына:

1) араластырусыз пайдаланылатын 25 % астам конңентрациядағы органикалық еріткіштері бар ПК өніміне;

2) су негізіндегі тырнаққа арналған лактардан басқа, тырнаққа арналған лактарға;

3) дезодорант-антиперспиранттарға;

4) шашқа арналған тотықтырғыш бояулар, түссіздендіруге және мелирлеуге арналған құралдарға;

5) химиялық бұйралау құралдары және шашты түзеуге арналған тиол қосылыстары негізіндегі құралдарға;

6) тиогликол қышқылдары негізіндегі депиляцияға арналған құралдарға;

7) май негізіндегі қатты иіс сабынға;

8) ерін, қас, көзге арналған құрғақ қарындаштарға;

9) ваннаға арналған тұздарға;

10) 100% пайыздық эфир майларына микробиологиялық көрсеткіштерді анықтауға талаптар қойылмайды.

 

 

ПК өнімнің құрамында улы элементтердің мөлшеріне



қойылатын талаптар

 

14. ПК өнімінің құрамындағы улы заттардың рұқсат етілген деңгейі:

1) күшән - жол берілмейді;

2) қорғасын - жол берілмейді;

3) сынап - жол берілмейді.

15. Балаларға арналған ПК өнімдерін қоспағанда, иіс майларға, парфюмерлік суларға, иіс суларға, әтірлерге қатысты улы элементтердің мөлшерінің деңгейіне талаптар қойылмайды.



 

ПК өнімнің токсикологиялық көрсеткіштері



 

16. ПК өнімдерінің токсикологиялық көрсеткіштері осы техникалық регламенттің 7-қосымшасында айтылған талаптарға сәйкес келуге тиіс.



 

 

Клиникалық-зертханалық көрсеткіштер



 

17. ПК өнімдерінің клиникалық-зертханалық көрсеткіштері осы техникалық регламенттің


Каталог: files -> uved -> teh2 -> kaz
files -> Тема: Детский травматизм. Травма мягких тканей лица и органов рта у детей. Особенности первичной хирургической обработки ран лица. Показания к госпитализации ребенка
files -> Тематичний план практичних занять
kaz -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы №230 Қаулысы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы»
kaz -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №263 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
kaz -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы №551 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
kaz -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы №515 Қаулысы Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы»
kaz -> «Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
kaz -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі №675 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
kaz -> Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламентін бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет