"Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы



бет1/5
Дата27.04.2017
өлшемі0.91 Mb.
  1   2   3   4   5


"Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 283 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10933 тіркелді

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                               Е.Досаев

    


 «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      ___________ А. Мамытбеков
      2015 жылғы 1 cәуір

      «КЕЛІСІЛГЕН»


      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      ___________ А. Сәрінжіпов
      2015 жылғы 2 сәуір

      «КЕЛІСІЛГЕН»


      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      _____________ Т. Дүйсенова
      2015 жылғы 3 сәуір

Қазақстан Республикасы   


Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы № 283
бұйрығымен бекітілген   

«Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы «Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді айқындайды, оларды cақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына, сондай-ақ паразиттік аурулардың пайда болу және таралу қаупін туғызады.

2. Осы Санитариялық қағидалардың сақталуын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

1) аскаридоз – өкпе эозинофильдік инфильтраттар және басқа да аллергиялық реакциялар дамуымен, ал кейіннен – ауыр асқынулары болуы мүмкін дипептикалық белгілері дамуымен сипатталатын ерте фазадағы ішек геогельминтоз. Қоздырғышы – дөңгелек гельминт-нематод;

2) безгек – безгек масаларының шағуы арқылы табиғи жағдайларда берілетін Plasmodium тектес қарапайым қан-паразиттерінен болатын инфекциялық аурулардың тобы;

3) безгектің жергілікті жағдайы – сол аумақ немесе ел үшін жергілікті жағдай;

4) безгектің сырттан әкеліну жағдайы – жұқтыру/ауру анықталған аймақтан тыс орын алған және оның туындауы безгек бойынша белгілі аймақта болумен байланысты жағдай;

5) білім беру ұйымдары – мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;

6) гельминтоздар – жануардың және адамның организмінде гельминттердің паразиттенуінен пайда болатын аурулар;

7) дегельминтизация – науқас адамда (жануарда) және сыртқы ортада гельминттерді, гельминт жұмыртқаларын немесе дернәсілдерін жою бойынша профилактикалық іс-шаралар жүйесі;

8) дезинсекциялау іс-шаралары – буынаяқтыларды жою бойынша (профилактикалық және жою) іс-шаралар;

9) деларвация – күресудің әртүрлі әдістерін (химиялық, биологиялық) пайдалана отырып, қоршаған ортада буынаяқтылар дамуының дернәсіл фазасында жою;

10) дифиллоботриоздар – диспепсиялық бұзылулары болатын және темір тапшылығы анемиясының дамуы мүмкін зооантропоноздық табиғи гельминтоздар тобы. Қоздырғыштары – ленталық гельминттер;

11) иммуноферменттік талдау – науқас қанының сарысуындағы ерекше антигендерді немесе антиденелерді жоғары тиімділікпен анықтауға мүмкіндік беретін сероиммунологиялық әдіс;

12) инвазия – адамның паразиттік ауру қоздырғышымен зақымдалуы;

13) инсектицидтер – қансорғыш жәндіктерді және кенелерді жою үшін пайдаланылатын тегі химиялық құралдар (препараттар);

14) контагиозды гельминтоздар – қатынастық-тұрмыстық жолмен берілетін паразиттік аурулар (энтеробиоз, гименолепидоз);

15) копроовоскопиялық зерттеу – нәжістегі гельминт жұмыртқаларын анықтау үшін жүргізілетін зертханалық зерттеулер кешені;

16) лямблиоз – көбіне симптомсыз паразит таратушылық ретінде өтетін антропоноздық паразиттік инвазия, ауыр жағдайларда ішектің дисфункциясы дамиды. Талшықтылар сыныбының қоздырғышы;

17) описторхоз – көбіне гепатобиллиарлық жүйені және ұйқыбезін зақымдайтын зооантропоноздық биогельминтоз. Қоздырғыштары – жалпақ гельминттер-трематодтар;

18) паразиттер – басқа организмдердің арқасында тұрақты немесе уақытша тіршілік ететін, оларды тіршілік ету орны және қорек көзі ретінде пайдаланатын организмдер;

19) паразиттік аурулар – паразиттер, гельминттер және буынаяқтылар тудыратын адамның аурулар тобы;

20) паразитологиялық зерттеу – биологиялық материалда (нәжіс, қан, несеп және басқалары) және сыртқы орта объектілерінде паразиттік аурулардың қоздырғыштарын анықтау бойынша зерттеу;

21) педикулез немесе битшеңдік – адам денесінде қанмен қоректенетін биттердің ерекше паразиттік тіршілік етуі;

22) репелленттер–жәндіктер мен кенелерді үркітуші әсерге ие заттар;

23) ретроспективті эпидемиологиялық талдау – эпидемияға қарсы іс-шараларды перспективалық жоспарлауды негіздеу мақсатында алдыңғы ұзақ уақыт аралығындағы инфекциялық сырқаттанушылықтың деңгейін, құрылымын және динамикасын талдау;

24) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар – мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе азайтуға, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, жаппай уланудың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шаралар;

25) санитариялық-паразитологиялық зерттеу – сыртқы орта объектілерінде паразиттік аурулар қоздырғыштарын анықтау және айқындау;

26) скабиозорий – қышымамен ауыратын науқастарды тексеру және емдеу жүргізілетін стационар/кабинеттер;

27) тасымалдаушылар – әртүрлі паразиттік (инфекциялық) ауруларды тасымалдауға бейім қансорғыш жәндіктер мен кенелер;

28) тасымалдаушылар мониторингі – қансорғыш жәндіктер мен кенелер санын, фенологиясын, көбею орындарын үнемі энтомологиялық бақылау жүйесі, олардың түрлік құрамын зерделеу;

29) тениаринхоз – токсикологиялық-аллергиялық реакциялармен диспепсиялық бұзылулар мен байқалатын биогельминтоз. Қоздырғышы – ленталық гельминт немесе бұқа таспа құрты;

30) тениоз – диспепсиялық бұзылулармен және бас миының, көздің және басқа да ағзалардың ауыр органикалық зақымдалуы мүмкін орталық нерв жүйесінің функционалдық бұзылуларымен байқалатын биогельминтоз. Қоздырғышы – шошқа таспа құрты;

31) токсокароз – қоздырғышты нәжістік-ауыз арқылы беру тетігі бар нематодоздар сыныбының зооантропоноздық тіндік (дернәсілдік) геогельминтоз, бауырды, өкпені, көзді зақымдауымен сипатталады; қайталанатын қызбамен және аллергиялық реакциямен байқалады;

32) токсоплазмоз – латентті немесе созылмалы түрде өтетін паразиттік инвазия. Споралылар сыныбының қоздырғышы;

33) трихинеллез – қызба, бұлшықеттің ауыруы, диспепсиялық белгілер мен асқынулар болатын зооноздық биогельминтоз;

34) трихоцефаллез – диспепсиялық синдромы болатын антропоноздық геогельминтоз. Қоздырғышы – адамның тоқішегінде, көбіне аш ішегінің төменгі бөлігінде паразиттік өмір сүретін дөңгелек гельминт-нематод.

35) химиялық профилактика – химиялық-терапиялық құралдардың көмегімен аурудан қорғау немесе оны болдырмау;

36) шыбын-шіркей – адамның денсаулығына зиян келтіретін қансорғыш ұшатын жәндіктердің (масалар, шіркейлер, құмытылар, үнсіз масалар және соналар) жалпы атауы;

37) эндемиялық аумақ – паразиттік сырқаттанушылық тіркелген ел, жер;

38) эхинококкоздар – адамда гидатидоздық (бір камералы) эхинококкоз және альвеолярлық (көп камералы) эхинококкоз деген екі клиникалық түрде пайда болатын зооноздық гельминтоздар. Бауырдың, өкпенің, бас миының, жүректің және сүйектің көлемді процестері типі бойынша болады. Қоздырғыштары – ленталы гельминттер.

2. Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау

4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасында паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін қадағалауды жүзеге асырады.

5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің мамандары паразиттік аурулардың алдын алу бойынша қадағалау барысында мыналарды:

1) халықтың паразиттік сырқаттанушылығын жедел және ретроспективті эпидемиологиялық талдауды;

2) аумақты эпидемиялық қолайсыздық дәрежесі бойынша аудандастыруды, паразиттік аурулардың ошақтарының типін айқындауды;

3) паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жұқтыру қаупі бар тәуекел контингенттерін анықтауды;

4) паразиттік аурулардың факторларын және берілу жолдарын анықтауды;

5) профилактикалық іс-шаралар кешенін айқындауды, оларды іске асыру мерзімін жоспарлауды, тиімділігін бағалауды;

6) паразиттік сырқаттанушылық бойынша эпидемиялық жағдайды болжауды;

7) паразиттік аурулар тасымалдаушыларының санына мониторинг жүргізуді, олардың түрлік құрамы мен фенологиясын зерделеуді, қансорғыш жәндіктермен және кенелермен күресуді;

8) халықты гигиеналық оқытуды жүргізеді.

3. Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар

6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері паразиттік аурулардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізеді, ол мыналарды қамтиды:

1) науқастар мен паразит таратушыларын аны қтауды және есепке алуды бақылау;

2) паразиттік аурулар қоздырғыштарына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу;

3) Қазақстан Республикасының аумағына паразиттік аурулардың сырттан әкелінуінің алдын алу;

4) халықты гигиеналық оқытуды жүргізеді.

7. Ведомстволық тиесілілігіне және меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері анықталған жері бойынша тіркеп және есепке ала отырып науқастарды және паразит таратушыларды анықтауды:

1) адамдардың медициналық ұйымдарға жүгінуі, медициналық көмекті үйде көрсету, байланыста болғандарды ошақтарға медициналық бақылау;

2) профилактикалық жоспарлы, алдын ала, мерзімдік медициналық қарап тексеру жүргізу;

3) адамдарды кез келген меншік нысанындағы клиникалық-диагностикалық зертханаларда тексеру кезінде жүргізеді.

8. Паразиттік ауруларды зерттеу үшін материал жинауды медицина қызметкерлері жүргізеді.

9. Халықтың декреттелген топтары ішінен анықталған паразиттік аурулармен ауыратын науқастарды жұмыстан шеттету емдеу кезеңінде және алғашқы теріс нәтижеге дейін, контагиозды гельминтоз, қышыма, дерматомикоздарда – емдеу кезеңінде және емдеуден кейін зертханалық тексерулер кезінде жүргізіледі немесе инвазияланған жұмыскерлер эпидемиологиялық қауіп төндірмейтін жұмысқа ауыстырылады.

10. Паразиттік ауруларды зертханалық диагностикалауды мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық ұйымдардың клиникалық-диагностикалық зертханалары, санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік ұйымдары жүргізеді.

11. Клиникалық диагностикалау ауру анамнезі, эпидемиологиялық анамнез, шағым, симптомдар, аурудың жойылған, қалыптан тыс нысандары ескеріліп тексеру деректері негізінде жүргізіледі.

12. Эпидемиологиялық анамнез жинау кезінде науқаспен немесе таратушымен байланыстың болуы, қайнатылмаған суды, күдікті тамақ өнімдерін пайдалануы, ауру жануармен байланыста болуы немесе жануарлардан алынған шикізатты пайдалануы (орны және уақыты көрсетіле отырып) анықталады.

13. Сирек кездесетін гельминтоздар мен ішек протозойлық аурулардың диагнозын растау үшін медициналық ұйым зерттелетін материалды және зерттеу нәтижелерін санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік ұйымдарына жібереді.

14. Медициналық ұйымдар науқастар мен паразит таратушыларын анықтау нәтижелері бойынша мәліметтерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жібереді.

15. Паразиттік ауру ошағында инвазия көзін, факторларын және берілу жолдарын анықтау үшін зертханалық әдістерді қолдану арқылы эпидемиологиялық зерттеу жүргізіледі.

16. Сыртқы орта жағдайын зертханалық бақылау және паразиттік аурулардың берілу факторлары мен жолдарын анықтау мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің мамандары санитариялық-паразитологиялық зерттеулерге сыртқы орта (топырақ, құм, көкөніс және жеміс, аскөк, су, шайындылар, шаң және басқалар) сынамаларын алуды осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сыртқы ортада сынамалар алуға және паразитологиялық зерттеу жүргізуі жиілігіне қойылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі.

17. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша (ошақтарда) халықты гельминтоздарға тексеруді санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік ұйымдарының мамандары жүргізеді.

18. Ошақта жүргізілген эпидемиологиялық тексеруден кейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 902 бұйрығымен бекітілген «Жұқпалы ауру ошағын эпидемиологиялық тексеру картасы» 174/е нысаны толтырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 7424 болып тіркелген).

19. Барлық анықталған науқастар мен паразиттік ауру қоздырғыштарын таратушылар медициналық ұйымдарда емделуге және диспансерлік бақылауға жатады.

20. Гельминтоздарға және ішек протозооздарына зертханалық тексерілуге мыналар жатады:

1) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына баратын балалар – қабылдау алдында және басқа топқа ауысу кезінде, одан әрі жылына бір рет;

2) білім беру ұйымдарының персоналы;

3) білім беру ұйымдарының бастаушы сыныптарының оқушылары – жыл сайын жазғы демалыстан кейін, сыныптардың құрылуы кезінде;

4) диспансерлеу және медициналық тексеру кезінде халықтың декреттелген топтары;

5) мектепке дейінгі және басқа да білім беру ұйымдарына, жетімдер үйіне, сәбилер үйіне, балалар үйіне, мектеп-интернаттарға, санаторий-курорттық емделуге, сауықтыру лагеріне, ауруханалардың балалар бөліміне ресімделетін балалар мен жасөспірімдер;

6) емделуге келіп түсу кезінде балалар ауруханаларының стационарлық науқас балалары;

7) ересек адамдар емханаларындағы және ауруханалардағы амбулаториялық және стационарлық науқастар клиникалық айғақтар болғанда;

8) стационарлық емделіп жатқан балаларға күтім жасайтын адамдар;

9) патогенді ішек қарапайымдыларына этиологиясы анықталмаған жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастар;

10) науқаспен (паразит таратушымен) байланыста болған адамдар;

11) судағы спорт түрі бойынша спорт топтарына баратын адамдар – спорттық секцияларға баруы кезінде және одан әрі жылына бір рет.

21. Жұқпалы-тері (қышыма, дерматомикоздар) ауруларына тексерілуге мыналар жатады:

1) балалар үйлеріндегі және сәбилер үйлеріндегі балалар, мектеп-интернаттардың оқушылары – апта сайын;

2) білім беру ұйымдарына жаңадан келетін және әртүрлі себептермен ұзақ уақыттан кейін (бір аптадан аса) оларға қайта келетін балалар, білім беру ұйымдарының персоналы – жылына бір рет міндетті медициналық тексеруден өткен кезде;

3) сауықтыру ұйымдарына баратын балалар;

4) білім беру ұйымдарының оқушылары – демалыстан кейін тоқсан сайын;

5) диспансерлеу және профилактикалық тексеру кезінде халықтың декреттелген топтары;

6) стационарлық науқастар;

7) судағы спорт түрі, шығыс жекпе-жегі және күрестің басқа да түрлері бойынша спорт топтарына баратын адамдар – спорттық секцияларға баруы кезінде және одан әрі жылына бір рет.

22. Амбулаториялық және стационарлық емделуге келіп түсетін пациенттерді жұқпалы-тері ауруларына тексеру нәтижелерін пациенттің амбулаториялық және стационарлық карталарында тіркейді. Ұзақ уақыт бойы стационарлық емделу жағдайында пациенттерді тексеруді медицина персоналы кемінде 10 күнде 1 рет жүргізеді.

4. Безгектің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар

23. Клиникалық-эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша безгекке тексерілуге мыналар жатады:

1) соңғы үш жыл ішінде безгек бойынша эндемиялық елдерден келген адамдар (осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес) есепке қойған кезде және клиникалық көрсетілімдер бойынша мынадай симптомдардың кез-келгені пайда болған кезде: дене қызуының көтерілуі, қалшылдау, әлсіздік, бастың ауыруы, бауырдың, көкбауырдың үлкеюі, ақ қабық пен тері жабындысының сарғаюы, ұшық, қан аздық;

2) безгек бойынша эпидемиялық маусымда үш күн ішінде және жылдың басқа уақытында бес күн ішінде қызба пайда болған науқастар;

3) қойылған диагнозға сәйкес жасалған емге қарамастан, дене қызуының мезгіл-мезгіл жоғарылуы жалғасқан науқастар;

4) қанды, оның құрамдауыштары мен препараттарын құйғаннан кейін соңғы үш айда дене қызуы жоғарылаған реципиенттер;

5) безгек ошағында тұратын дене қызуының кез келген жоғарылауы байқалған адамдар;

6) безгекпен ауырып сауыққан адамдар, дене қызуының жоғарылауымен бірге жүретін кез-келген ауру кезінде.

24. Безгектің алдын алу бойынша іс-шараларды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүргізеді, олар мыналарды қамтиды:

1) науқастарды ерте анықтауды, безгек жағдайларын диагностикалауды бақылау;

2) безгектің әр жағдайын эпидемиологиялық тексеру;

3) безгек ошақтарын эпидемиологиялық тексеру және жіктеу;

4) безгек-генді әлеуетке байланысты аумақты және елді мекендерді безгек-генді аудандарға бөлу;

5) тасымалдаушыларды және көбею орындарын энтомологиялық бақылау және түрлік құрамды зерделеу;

6) тасымалдаушылармен күресу шаралары;

7) су қоймаларының тоғандануының және қансорғыш жәндіктердің, оның ішінде безгек масасының көбеюінің алдын алу мақсатында гидротехникалық құрылыстардың, күріш алқаптарының және басқа да су қоймаларының құрылысын және пайдаланылуын алдын ала және ағымдық қадағалау;

8) халықты гигиеналық оқыту.

25. Елді мекендерді (аумақты) безгек-генді аудандарға бөлу – елді мекендердің (аумақтың) безгек-генді дәрежесін айқындау және профилактикалық іс-шараларды будан әрі жоспарлау үшін пайдаланылатын әртүрлі факторларды (тасымалдаушының түрлік құрамы мен саны, температуралық режим, тұрғындардың көші-қоны, медициналық желінің жағдайы, басқа) жыл сайын жинау, қорытындылау және талдау негізінде  жүзеге асырылады.

26. Безгекпен ауыратын науқастарды және паразит таратушыларды анықтауды медицина қызметкерлері сұрау жүргізу және қанды зерттеу арқылы клиникалық-эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша:

1) адамдардың медициналық ұйымдарға жүгінуі;

2) медициналық тексеру кезінде жүргізеді.

27. Есепке алуға және тіркеуге безгектің зертханалық расталған жағдайлары жатқызылады. Безгекпен ауыратын науқастарды емдеу стационар жағдайында жүргізіледі, науқастың қан препараттарын зерттеу емдеудің бірінші, төртінші күндері және ауруханадан шығару алдында жүргізіледі.

28. Безгекке күдікті адамдардың қан препараттары зерттеу нәтижесі санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік ұйымдарында растау арқылы медицина ұйымдарының клиникалық-диагностикалық зертханаларында тексеріледі.

29. Барлық оң нәтижелі препараттары және тексерілген препараттардың жалпы санының 10 пайызы (бұдан әрі – %) бақылау зерттеуі үшін санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік ұйымдарына жіберіледі, ал ол оларды одан әрі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорына жібереді.

30. Безгек жағдайларын және ошақтарын эпидемиологиялық тексеру нәтижелері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі.

31. Безгектің белсенді ошағында профилактикалық іс-шаралар ауру анықталған сәттен бастап үш жыл ішінде жүзеге асырылады.

32. Масалардың белсенді ауру жұқтыратын маусымында безгекпен ауырған науқасты немесе паразит таратушыны анықтаған кезде мыналар жүргізіледі:

1) эпидемиологиялық және энтомологиялық көрсетілімдер бойынша үй-жайларды (науқас тұратын үйде және кемінде үш көрші үйлерде) дезинсекциялық өңдеу жүргізу;

2) елді мекендердегі барлық су қоймаларын және олардан кемінде үш километр (бұдан әрі – км) аралықтағы аймақты және науқастың уақытша болған орындарын энтомологиялық тексеру;

3) анофелогенді су қоймаларына жататын аумақтарда безгек масаларын жаппай аулау және олардың түрлік құрамын анықтау;

4) елді мекенде және одан үш – бес км аралықтағы аймақта орналасқан анофелогенді су қоймаларын деларвациялау.

33. Персоналды және пациенттерді қансорғыш жәндіктерден қорғау мақсатында медициналық ұйымдарда (стационарларда) барлық терезелерге тор орнатылады.

34. Безгектің жергілікті немесе сырттан әкеліну жағдайлары туралы деректерді жинауды және талдауды медициналық ұйымдар және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

35. Мемлекеттік денсаулық сақтау басқармаларының жергілікті органдарының басшылары безгекке қарсы препараттардың азаймайтын қорын қамтамасыз етеді.

36. Безгекпен ауырыған адамдарды диспансерлік бақылау қан препараттарын сауыққан сәттен бастап жыл сайын зерттей отырып, үш жыл бойы жүргізіледі.

37. Аурудың мерзіміне қарамастан безгекпен ауырып сауыққан адамдардың және паразит таратушылардың донор болуына жол берілмейді.

38. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік ұйымдары мыналарды:

1) маса фаунасын, әр түрдің экологиясын және фенологиясын зерттеу, көбею орындары мен тасымалдаушылар санының мониторингін, масалардың ауру жұқтыру мерзімінің басталу, аяқталу және безгектің берілу мерзімін есептеуді;

2) белгілі жылдағы масалар санының деңгейін анықтау үшін елді мекенді экстенсивті зерттеуді (жаппай аулау);

3) елді мекендегі және олардан кемінде үш километр қашықтықта орналасқан су қоймаларын паспорттауды;

4) безгекке қарсы эпидемиологиялық және энтомологиялық көрсеткіштер бойынша тазалауды ұйымдастыруды, іс-шаралар тиімділігін бақылауды;

5) елді мекендерді және аумақтарды безгектің жергілікті берілуінің қайта пайда болу қаупі деңгейі бойынша безгектік бөлуді жүзеге асырады.

39. Халықты маса шағудан қорғау үшін механикалық қорғаныш құралдары (шыт жапқыштар, торлар) және репелленттер пайдаланылады.

40. Эндемиялық аумақтарға баратын адамдарды туристік фирмалар, ведомстволар мен ұйымдар безгекті жұқтыру қаупі, әсіресе оның хлорохинге төзімді тропикалық түрі туралы ескертеді және барған жағдайда тропикалық безгекке қарсы химиялық профилактика курсынан өткізіледі.

41. Безгек бойынша эндемиялық аумаққа кеме, ұшақ және теміржол көлігі экипаждарын жіберетін ұйымдардың басшылары мыналарды:

1) персоналды жеке профилактика (химиялық профилактиканы қоса алғанда) шараларына оқытуды;

2) сапарлар бойынша шығатын елдердегі (айлақтардағы) эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат (жадынама) беруді;

3) безгекке қарсы препараттармен және масаның шағуынан қорғайтын құралдармен (шыт жапқыштар, репелленттер, аэрозоль баллондары) қамтамасыз етеді.

42. Вокзалдардың, айлақтардың, әуежайлардың медициналық пункттерінің қызметкерлері жолаушылар, поезд бригадаларының, айлақтардың, әуежайлардың экипаждарының ішінде оларға безгекпен сырқаттануға күдікті адамдар жүгінген кезде оларды емдеуге жатқызуды ұйымдастырады.

43. Безгек бойынша эндемиялық аумақтардан келген әуе және теміржол көлігі, шетелге жүзетін кемелерде масалар болған жағдайда, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен көлікті дезинсекциялау жүргізіледі.

44. Ведомстволық тиесілілігіне қарамастан ұйымдар, оның ішінде безгек бойынша қолайсыз аумақтан келген әскери қызметшілер, әскерден оралғандар, босқындар, өз еркінен тыс қоныс аударушылар, мигранттар туралы мәліметі бар шетелдік ұйымдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің сұрауы бойынша аталған топтардағы адамдардың келу мерзімдері мен тұратын орны туралы ақпарат береді.


Каталог: assets -> docs
docs -> "Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы
docs -> Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
docs -> "Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет