Панфилов ауданының туристік-рекреациялық МҮмкіншіліктері



Дата06.07.2017
өлшемі53.92 Kb.
ПАНФИЛОВ АУДАНЫНЫҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ

Бейкитова А.Н. – Абай атындағы ҚазҰПУ, Елтану және туризм кафедрасының аға оқытушысы

Мурзинова А.С. - Абай атындағы ҚазҰПУ-ң түлегі, 5В060900-Жаратылыстану бакалавры
Аңдатпа

Мақалада Панфилов ауданының туристік-рекреациялық ресурстарына шолу жасалынған. Туризм салаласының болашақта Панфилов ауданы экономикасын дамытудағы маңызы қарастырылған.
Туризмнің дамуы мемлекеттің ішкі және сыртқы, әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайының тұрақтануына, табыстың ұлғаюына, шетелдік валютаның енгізілуіне әсерін тигізетіні белгілі болды. Осыған орай елімізде оның ішіндегі Алматы облысы, Панфилов ауданының туризм саласын дамытуға, көрікті табиғи-рекреациялық аудандары мен тарихи-мәдени мұраларын қайта қалпына келтіруге экономикалық тұрғыдан басты назар аударылды.

Жаркент қаласыІле өзені аңғарында, Жетісу Алатауынан бастау алатын Өсек өзенінің сол жағалауындағы бұта, шіліктал аралас бетеге, сұлыбас, сарсазан, т.б. әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен қоңыр, шалғын топырақты жазықта орналасқан. Тұрғыны 43,1 мың адам. Ш. Уәлиханов 1856 жылы «Шығыс Түркістанға саяхат күнделігі» атты еңбегінде, қазіргі Жаркент өңірінде болған кезін суреттей келе, «Үсек өзенінің жағасында аялдауға лаж болмады. Шынында да айналасында құм мен тас, тым болмаса бір шөп болсашы, үй тіккендей таза орынның өзін төңіректі барлап, қанша іздесек те таба алмадық», — деп жазған. Шоқан өткен осы жерде 1882 жылы Жаркенттің іргесі қаланып, 1891 жылы қала деген статусқа ие болды. Бастапқыда ұсақ қолөнершілер мен сауда-саттық қаласы болған.



Әулиеағаш Жаркент қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан. Діңінің жуандығы соншалық он адам қол ұстап құшақтаса ғана құшағына сыйғыза алады. Тереңде жатқан тамырынан тараған ұрпағы 62 жас шыбығы әулиеағашты айнала қоршап, бір гектарға жуық жерді алып жатыр. Бүкіл әлемде дәл осындай алып ағаш үш-ақ жерде ғана бар: Қытайда, Түркияда, Қазақстанда. Бұл жердің Әулиеағаш деп аталуының себебі, ерте заманда Шамашұрып деген байдың қызметшісі мал бағып жүріп, осы өңірге табан тіреп,түнесе керек. Күн шығысымен оянып қараса, асатаяқ қадалған жерге Алланың құдіретімен жас шыбық көктеп шығыпты. Жоғарыдан түскен бір белгі екенін түсініп, жас шыбыққа тиіспей жүре берген. Сондықтан да бұл жер Әулиеағаш немесе Алла Тағаланың таяғы тиген жер деп аталады. Әулиеағаштың бұтағын сындырып, отқа жағуға, ағаштың төңірегінде дәрет сындыруға болмайды. Әулиеағаштың емдік қасиеті де бар. Бір тамырынан тараған жеті баласының ортасынан шығатын емдік суы асқазан, жүрек, тері ауруларына ем.

Жаркент мешіті Қазақстандағы сәулет ескерткіштің бірі. Бұл мешіттің іргетасы Көпес Уәли Юлдашовтың басшылығымен қытай сәулетшісі Хон-Пиктің жобасы бойынша 1892-1895 жылдары тұрғызылған. Оның биіктігі – 14,5 метр, мұнарасының биіктігі – 19 метр. Мешіт 52 бағана тізбегімен айналдыра қоршалған. Бағаналары әсем ою-өрнектермен әшекейленген, құрастыру кезінде шеге қолданылмаған, ағаштарды қиып, қашап қиюластырған. Мешіттің солтүстік-шығыс бұрышында шағын үй, оңтүстігінде медресе орналасқан. Кешен биіктігі 2,3 метрлік тас қамалмен қоршалған. Оңтүстігі мен солтүстігінде үлкен қақпалары бар. Мешіт салудағы негізгі пайдаланған құрылыс материалы ағаш. Ақсу мен Кетпен тауынан әкелінген Тянь-Шань шыршасы кептіріліп, біркелкі мөлшерде өңделіп,ою-өрнектер мен әшекейленіп дайындалды. Мешіттің кіре берісі үлкен аркамен екі жақ бұрышына орнатқан мұнара іспеттес колонналармен, күмбезді шатырлармен жасандырылып, ғаныш бетіне түсірілген әдемі нақышты араб жазуларымен, оюларымен өрнектеліп салынуымен ерекшеленеді. Мешіт шеберлікпен қиюластырылған 122 бағанадан тұрады. Бағана кендірмен оралып, қызыл бояумен сырланып, үстіне лак жағылып, колонналарға бөлінген.

Жаркент-Арасан шипажайыреспубликалық маңызы бар бальнеологиялық шипажай. Алматы облысы Панфилов аудында Жетісу Алатауының табиғаты әсем шатқалында, теңіз деңгейінен 1100 м биіктікте, Бурақожыр өзенің аңғарында орналасқан. 1967 ж ашылған, 160 орны бар. Жыл бойы жұмыс істейді. Климаты: қысы жұмсақ, жазы қоңыржай, таулы жерге тән. Ауаның орташа температурасы қаңтарда –5°С, шілдеде +26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 700 мм. Шипажайдың негізгі емі – құрамында радоны бар хлор-сульфат натрийлі минералды суы. Қан айналу, жүйке жүйесі, аяқ-қол, буын, тері ауруларын емдейді. Климаттық факторлар (таудың шипалы таза ауасы, өсімдігі, табиғат ландшафтысы) кеңінен пайдаланылады, физиотерапия, массаж, инемен емдеу, емдік дене шынықтыру қолданылады.

Керімағаш шипажайы – Іле өзенінің аңғарында, Жаркент қаласынан 40 шақырым жерде, 1990 жылы ақпан айының 25 жұлдызында ашылған шипажай. Климаты: континенттік, жазы-қоңыржай, қысы-жылы, күз айы көктемге қарағанда жылы. 3000-3500 метр тереңдіктен атқылаған судың құбыр түбіндегі ыстықтығы + 500С. «Керімағаш» шипажайы жанындағы бұта аралас құм төбелерді мекендейтін қоян, қырғауыл, доңыз, т.б. жануарлар шипажайға ерекше көрік беріп тұрады. Мұнда қан айналу жүйесі, тыныс алу органдары, ас қорыту жүйесі, қозғалыс-қимыл мүшелері, тері, урологиялық,тіс ауруларын, ауыр металлмен уланған адамдарды емдейді. Ем ретінде сілтілігі аз, сульфат-хлоридті, натрий-кремнийлі, құрамы фторға өте бай гипертермальды суы пайдаланылады. Мұндай құрамы минералды суларға бай шипажай тек қана Жаркенттен басқа, әлемдегі мемлекеттердің ішіндегі Болгария Республикасында ғана бар. Демалушыларға минералды суы бар ванна, физиотерапиялық ем, ішек шаю, массаж, т.б. қызмет көрсетіледі.

Көктал-Қу-Арасан минералды суы Көктал аулынан солтүстікке қарай 23 км жердегі бұлақтар. Тоқсанбай жотасының оңтүстік баурайындағы Долантау тауында, Бурақожыр өзенінің аңғарында 1280 м биіктікте орналасқан. Бұлақтарды Қу-Арасан немесе Жаркент-Арасан минералды сулары кені деп те атайды. Қайнар сулары палеозойда қалыптасқан фальзит-профирлерді тіліп өтетін тектоникалық белдемге шоғырланған. Қайнар суларының дебиті 1,7-104 м3/тәуліктей, температурасы 30,4°-35,2°С, минералдығы 1-1,1 г/л. Бұлар сульфатты-натрийлі суға жатады, құрамында 80-96 мг/л кремний қышқылы, 7 – 8 мг/л фтор, аз мөлшерде радон бар. Осы минералды қайнарлар негізінде Жаркент-Арасан емдеу орталығы жұмыс істейді.

Киелі бұлаққысы-жазы жер астынан бұрқырап шығып жатқан осы бұлақты жергілікті халық Киелі бұлақ деп атаған. Бұлақтың суын ішкен адам тағы да ішкісі келіп аңсап тұрады. Тек суын ғана емес, айналасындағы ерекше қасиеті бар батпағында денедегі әр түрлі жараларға, әсіресе, қышыма ауруларына пайдаланады. Жаз бен күзде шөліңді қандыратын тап-тастай суды баспамен ауырғандар ішсе өте пайдалы.

Белжайлау - табиғаты өте тамаша, хош иісті өсімдіктер түрлері (еңлікгүл, еркекшөп, қозыгүл, күреңот, қорғасын, т.б.) көп кездеседі. Әр қапталдан тау беткейлерінен гүрілдеп қырық бұлақ ағады.

Жайлаудың ең басы үш үлкен өзеннен басталады. Ол жер «Үш судың құйғаны» деп аталады. 2006 жылы 25 шілдеде Орбұлақ шайқасының 350 жылдығы Белжайлаудың Итшоқты деп аталатын тау етегінде аталып өтті. Белжайлауда Орбұлақ шайқасына арнап қойылған ескерткіш тас орнатылған. Ол таста: «Бұл жерде 1643 жылы Салқам Жәңгір бастаған қазақтың 600 жауынгері ор қазу тәсілімен қалмақтың 50 мың қолын тоқтатып, оның 10 мыңын жойып жіберген. Осы кезде бұларға Самарқаннан Алшын Жалаңтөс Баһадүр 20 мың қолмен көмекке келеді. Ұлы Жеңіске Қарасай, Арғын, Төртқара, Найман, Суан, Елтінді сынды хас батырлар үлес қосқан» – деген жазу бар.



Қорыта келгенде, болашақта Панфилов ауданында туризм саласының дамытуға зор мүмкіншілік бар.

Пайдаланылған әдебиеттер

1 Жетісу энциклопедия. – Алматы: Арыс, - 2004. – 529 б.

2 Жақып, Б. Ө. Қазақстан табиғаты. /Б.Ө. Жақып; Алматы, 2013. ІІІ-том, V-том – 368 б.

3 Национальный атлас Республики Казахстан: Том 1. Природные условия и ресурсы. – Алматы, 2012. – 125 с.



4 Республика Казахстан. Том 1: Природные условия и ресурсы /под ред. Н.А. Искакова, А.Р. Медеу. – Алматы, 2006. – 506 с.

5 Қазақстан. ұлттық энциклопедия. /Бас ред. Ә. Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы,1998. – 720 б.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет