ҚОЗОҚ ТИЛИ
Курсатма: «Сизга берилган беш жавоб нусхасидаги битта туғри жавобни танлашга берилган мос топшириқлар берилади.Танлаган жавобни жавоб вароғидаги берилган фанга мос уринга, доирачани тулиқ буяш орқали белгиланг».
1. Тура мағыналы тіркес
A) Терең адам
B) Терең құдық
C) Терең сөз
D) Терең білім
E) Терең мағына
|
2. «Сөздің майын тамызу» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы
A) Баяу
B) Ашулану
C) Әдемі сөйлеу
D) Өкіну
E) Өте тату
|
3. Антоним сөздер.
A) Ақылды-ақымақ.
B) Әйгілі-атақты.
C) Ықпалды-арнайы.
D) Беделді-көңілді.
E) Көрнекті-белгілі.
|
4. Түбірлес сөздер қатары
A) Көр, көрік
B) Қимыл, қиындық
C) Ас, асыл
D) Бай, байқау
E) Аз, азық
|
5. Мезгіл үстеулер.
A) Бірталай, соншама.
B) Жоғары, төмен, алға.
C) Әрең, жедел, тез.
D) Кеше, биыл, бүгін.
E) Әдейі, қасақана.
|
6. Сын есімнен болған туынды зат есім
A) Балалық
B) Жақсылық
C) Күтім
D) Тарсыл
E) Бөлім
|
7. Не, немесе, я, яки жалғаулықтары арқылы жасалатын салалас түрі
A) Кезектес
B) Ыңғайлас
C) Талғаулы
D) Себеп-салдар
E) Қарсылықты
|
8. Кезектес құрмалас сөйлемнің жалғаулықтары.
A) да, де, та,та, және, әрі.
B) бірақ, алайда.
C) біресе, бірде, кейде.
D) сондықтан, себебі.
E) не, немесе, яки.
|
9. Синонимдер қатары
A) Дидар, бет, жүз.
B) Оң – теріс, кең – тар.
C) Адамның басы, таудың басы, судың басы.
D) Шеберхана, сынып, бөлме.
E) Жүз оқушы, жүз кітап, жүз сұрақ.
|
10. Үнді, қатаң дыбыстар қатар келген сөздер
A) Шәкірт, ұстаз
B) Татулық, бірлік
C) Достық, қастық
D) Алтын, күміс
E) Таршылық, кеңшілік
|
11. Сөз тудырушы жұрнағы бар қатар.
A) Бөлді, салды.
B) Бөл, сал.
C) Бөледі, салады.
D) Бөлгіш, салу.
E) Тұзда, көмектес.
|
12. Көсемшенің -ып, -іп, -п, есімшенің -ған,ген,-қан,-кен жұрнағы арқылы жасалатын шақ түрі
A) Ауыспалы келер шақ
B) Бұрынғы өткен шақ
C) Болжалды келер шақ
D) Ауыспалы өткен шақ
E) Жедел өткен шақ
|
13. Лепті сөйлем.
A) Мұрағатта күйтабақтары сақталған
B) Әміренің әнінде ақындық тазалықтың шамшырағы жанғандай
C) Не деген өнегелі, жақсы бала едің
D) Әміре әншіліктің ақыны еді
E) Оның аты аңызға айналған әнші
|
14. Фразеологиялық тіркестің мағынасы.
Иман жүзді.
A) Данышпан.
B) Қорқақ.
C) Қатыгез.
D) Мейірімді.
E) Ақылды.
|
15. Сөйлемдердегі ашық райлы, жедел өткен шақтағы етістік.
A) Салт аттылар айқайды елейтін емес.
B) Оғаш әрекеттің қауіпті екенін сезген.
C) Ол еш уақытта қарсыласпады.
D) Кейбіреудің бар өнері, мақсаты киім түземек.
E) Сейіттің өлі-тірісін білмек емес.
|
|
Инструкция: «Внимательно прочитайте текст и правильно выполните задания к тексту».
Ақыл, қайрат, жүрек және ғылым
Қайрат, ақыл, жүрек – үшеуі таласып келіп, ғылымға жүгініпті.
Қайрат айтыпты: – Ей, ғылым, өзің білесің, дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейді, әуелі өзіңді білуге ерінбей үйрену керек, ол – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал, абырой, мақсатты еңбексіз табуға болмайды. Болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтын, көрсеқызар жеңілдіктен құтқаратын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?
Ақыл айтыпты: – Дүниеге не пайдалы болса, не залалды болса, білетін – мен, сенің сөзіңді ұғатын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, ғылымды игере алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, осы екеуі маған қайтіп таласады? Менсіз өздері неге жарайды екен?
Жүрек айтыпты: – Мен – адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде, тамағы тоқ жатқан кісінің де, аш кедейдің жайын да ойлайтын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын, жақсылыққа елжіреп еритін – мен, жаманшылыққа жиреніп, тулап кететін – мен, әділет, ынсап, ұят, рақым, мейірбандық менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?
Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: – Ей, қайрат, сенің айтқандарыңның бәрі рас-ақ. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман.
– Ей, ақыл, сенің айтқандарыңның бәрі рас-ақ. Сенсіз еш нәрсе табылмайтыны рас. Тәңіріні де сен танытасың, екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен бірге, амал да, айла да – бәрі сенен шығады.
Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды ғой. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет.
Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, қасиетті адам сол.
Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым.
|
16. Мәтіннің тақырыбына сай келетін мақал-мәтел
A) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
B) Адаспаймын деген ер тал түсте жолдан адасады.
C) Досы көпті жау алмас, ақылы көпті дау алмас.
D) Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан.
E) Жақсы аттың тісін ашпа.
|
17. Шығармадағы негізгі ой қай кейіпкердің пікірінде екендігін анықтаңыз.
A) Қайраттың сөзінде.
B) Ақылдың сөзінде.
C) Ғылымның сөзінде.
D) Жүректің сөзінде.
E) Ақыл мен жүректің.
|
18. Қайраттың өзі туралы айтқан пікірі
A) «Болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтын, көрсеқызар жеңілдіктен құтқаратын мен емес пе?»
B) «Әділет, ынсап, ұят, рақым, мейірбандық менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не?»
C) «Менсіз пайданы іздей алмайды екен, ғылымды игере алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен».
D) «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет».
E) «Дүниеге не пайдалы болса, не залалды болса, білетін – мен, сенің сөзіңді ұғатын – мен».
|
19. Автордың ойынша қасиетті адам деген қандай адам екенін анықтаңыз
A) Пайданы іздеп, залалдан қаша алмайтын, ғылымды игере алмайтын адам.
B) Өзгеге пайдасы мол, залалы жоқ, күшін орынды іске жұмсайтын, орынсыз істен бойын аулақ ұстайтын адам.
C) Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой, мақсатты еңбексіз табуға болатындығын түсінетін адам.
D) Жақсылыққа елжіреп ерімейтін, жаманшылықтан жиренбейтін адам
E) Аш кедейдің жайын ойламай, арын таза ұстайтын адам.
|
20. Ғылымның айтқан ойын анықтаңыз
A) «Жақсылыққа елжіреп еритін – мен, жаманшылыққа жиреніп, тулап кететін – мен».
B) «Тәңіріні де сен танытасың, екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен бірге, амал да, айла да – бәрі сенен шығады».
C) «Дүниеге не пайдалы болса, не залалды болса, білетін – мен».
D) «Мен – адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ».
E) «Менсіз пайданы іздей алмайды екен, ғылымды игере алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен».
|
ҚОЗОҚ ТИЛИ
ФАНИДАН СИНОВ ТУГАДИ
Достарыңызбен бөлісу: |