«Өзім тұратын үй» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстардың қашықтан өткізілетін республикалық интернет-байқауының ережелері



Дата31.12.2016
өлшемі76.08 Kb.
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігінің

«Республикалық қосымша білім

беру оқу-әдістемелік орталығы»

РМҚК директордың м.а. 2016 жылғы

«___» _________ № ____

бұйрығына 2-қосымша

«Өзім тұратын үй» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстардың қашықтан өткізілетін республикалық интернет-байқауының ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында қашықтан өткізілетін шығармашылық жұмыстардың «Өзім тұратын үй» тақырыбындағы республикалық интернет-байқаудың ережелері (бұдан әрі - Байқау) байқауды өткізудің мақсатын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.

2. Байқаудың мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің қоғамдағы өмірінде қызығушылықтарын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Міндеттері:

1) білім алушылардың ақпараттық және компьютерлік технологиялар саласында шығармашылық белсенділігін ынталандыру;

2) қатысушылардың компьютерлік графикада жұмыс жасау дағдыларын дамыту;

3) «туған үй», «жанұя» түсініктерінің мағынасын ашу;

4) туған және жақын адамдарға деген қамқорлық көрсетуге ұмтылуын дамыту.

4. Байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК өткізеді.

5. Байқауды ұйымдастырушылар әділ қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.
2. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
6. Байқау жұмыстары 2016 жылғы 10 қазаннан 1 желтоқсанға дейін info.do@list.ru электронды поштасына қабылданады. Байқауға 2016 жылғы 1 желтоқсаннан кейін түскен және Ережеге сәйкес келмеген байқау материалдары қарастырылмайды.

Байқау қорытындысы, жеңімпаздар дипломдары мен қатысушылар сертификаттары 2016 жылғы 20 желтоқсанда www.ziyatker.org сайтына орналастырылады.



7. Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды. Ұйымдастырушылар авторды көрсете отырып, жұмысты БАҚ-та жариялауға құқылы.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 24-93-12 «Өзім тұратын үй» байқауы).

8. Байқауға қатысу үшін 1500 (бір мың бес жүз) теңге төлемақы төленеді.

Төлемақы барлық банк немесе Қазпошта бөлімшелерінде келесі реквизиттер арқылы жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК (резидент).

БИН 990140004733

ИИК KZ918560000005068448

БИК KCJBKZКX

КНП 859

Кбе 16


АО Банк Центр Кредит, Астана қ.

Төлемақы аталуы: «Өзім тұратын үй» байқауы.

9. Байқауға қатысу үшін info.do@list.ru электронды поштаcына келесі құжаттарды жіберу қажет:

1) 1-қосымшаға сәйкес өтінімді;

2) сканерден өткізілген төлемақы құжатын (түбіртек немесе төлем тапсырмасы);

3) байқауға қатысатын жұмысты.


3. Қатысушылар және байқауға қойылатын талаптар
10. Ұсынылған жұмыстар байқаудың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес болуы керек.

11. Байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 18 жасқа дейінгі білім алушылары қатыса алады:

1) кіші жас санаты: 7-10 жас;

2) орта жас санаты: 11-14 жас;

3) жоғары жас санаты:15-17 жас.

12. Байқау жұмыстары келесі номинациялар бойынша қабылданады:



«Сурет» номинациясы

Конкурсқа суреттердің фотолары қабылданады (фото немесе сканерлеу). Суреттер графикалық редакторларда орындалады. (Adobe PhotoShop, Paint және т.б.) Конкурсқа тек JPEG форматындағы электрондық нұсқадағы суреттер жіберіледі.



«Плакат» номинациясы

Плакаттар кез-келген материалда, кез-келген техникада орындалады (май, акварель, тушь, түрлі-түсті қарындаш, борлар және т.б.). Плакаттардың фотосын электрондық нұсқада жіберу керек.



«Презентация» номинациясы  

10 слайдтан көп емес презентация. Жұмыс орындалған файлдың көлемі 15 Мб аспау керек. Бірінші парақ – титулдық парақ, мұнда міндетті түрде болу керек: номинация атауы, автордың А.Ә.Т.



Номинацияларға келесі тақырыптар ұсынылады:

1) «Менің қалам – менің үйім»;

2) «Менің үйім – менің қамқорлығым»;

3) «Менің сүйікті үйім және ондағы біздің бақытымыз»;

4) «Біздің жылы үйіміз»;

5) «Менің армандаған үйім»;

6) «Болашақ үйі».

13. Бағалау өлшемдері:

13.1 «Сурет» номинациясында:

компьютерлік графика тәсілдерімен жұмыстың тақырыбын ашу деңгейі; (компьютерлік технологиялар);

айқындығы - көркемдік-эстетикалық қабылдау, композиция, дизайны, бейнелік шешімі, жалпы әсері;

технологиялығы – компьютерлік графикалық ортаның, құралдарының, эффектілерінің мүмкіндігін қолдану, нысандарды бейнелеу үшін құралдарды қалыпсыз қолдану және бірегейлігі.

13.2 «Плакат» номинациясында:

- байқау жұмыстарының тақырыпқа сай орындалуы;

- жұмыстарды ресімдеуге шығармашылық тәсілдемесі;

- ақпараттылық;

- жұмысты орындау кезінде берілген тақырыпқа байланысты өзіндік көзқарасы;

- орындау сапасы.

13.3 «Презентация» номинациясында:

- шығармашылық тәсілі (тақырып таңдау, тақырып бойынша қызықты табыстар, ерекшелігі, жаңа көзқарас);

- техника (ашықтығы, контраст, түсі, және т.б.);

- презентацияның ресімделуі (дизайн, арнайы эффектілер, дыбыс, анимация және т.б.).

14. Байқауға қатысу үшін бір қатысушыдан бір номинация бойынша бір жұмыс қабылданады. Топпен жасалынған жұмыстар қабылданбайды.

15. Басқа адамдардың және интернеттен алынған материалдарды пайдалануға қатаң тыйым салынады. Байқау жұмысы бұған дейін интернетте жарияланбауы тиіс.


4. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
16. Байқау қорытындысы бойынша әділ қазы мүшелері жеңімпаздарды анықтайды.

17. Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежедегі дипломдармен, байқау жеңімпаздарының жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады, орынға ілікпеген қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Байқау жеңімпаздарына дипломдардың, олардың жетекшілеріне алғыс хаттардың және қатысушыларға сертификаттардың электронды нұсқалары www.ziyatker.org сайтында мына сілтеме http://www.ziyatker.org/#!-/c10hg бойынша автоматты түрде жүктеу мүмкіндігімен орналастырылады.

Анықтама телефондары: 8(7172) 24-93-12 «Өзім тұратын үй» байқауы).

Диплом, сертификаттардың онлайн нұсқасын жүктеу үлгісі www.ziyatker.org → Республикалық шаралар → «Өзім тұратын үй» байқауы → әрі қарай.
1- қосымша
Байқауға қатысушы туралы мәлімет


Қатысушының аты-жөні

Жасы

Мекенжайы

Білім беру ұйымының аталуы, сыныбы, курсы

Байқаудың аталуы, номинациясы тақырыбы

Байланыс мәліметтері (ұялы телефоны, эл. поштасы)

Жетекшісінің толық аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы

Жетекшісінің байланыс мәліметтері (ұялы телефоны, эл. поштасы)

1

2

3

4

5

6

7

8

2-қосымша



Титул парағын толтыру үлгісі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК
«Өзім тұратын үй» республикалық интернет-байқауы
«----------» номинациясы
Тақырыбы:
Жұмыстың авторы: Муслимова Жадыра Өмірзаққызы

Білім беру ұйымының мекенжайы: Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы



№ 1 мектеп, 9-сынып
Жетекшісі: Петрова Нина Ивановна

2016 жыл

Каталог: files -> blog
blog -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
blog -> Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №814 қаулысы «Ветеринария туралы»
blog -> Тақырыбы: Дені саудың – жаны сау Мақсаты
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blog -> Терінің құрылысы Терінің түсі
blog -> Мына ақпаратқа назар аударсақ
blog -> Ресми сттистика бойынша жыл сайын өз-өзіне қол жұмсап 1 000 000 адам қайтыс болады екен


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет