Мақал-мәтелдер бізді ата-бабаларымызбен жалғастырып жатқан көпір сияқты. Мақал-мәтелдер арқылы олардың өсиетін тыңдай аламыз. Олардың әрбірінен ата-бабамыздың бізге қалдырған баға жетпес тәрбиесін көре аламыз.

Бір жағынан мақал-мәтелдерді өмір сүру қағидалары десек те болады. Өйткені олардан керекті ақылдың бәрін таба аласыз. Нені істеу керек, нені істемеу керек екенін білесің. Адасқан уақытында саған бағыт беріп отырады. Демек, мақал-мәтелдерді оқып үйренген адам өмірден өз жолын таба алады. Сондықтан “Ғалымның өзі өлсе де, сөзі өлмейді” деген мақал-мәтел осыған байланысты айтылған.