Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру



Дата15.11.2017
өлшемі30.53 Kb.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан негізгі мақсат- оқушылардың интелектін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады.

Оқушылардың тиянақты білім алуын мақсат ете отырып, оларда өз бетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерін алу тәсілдерімен құралдандыру, алған білімдерін теориялық және практикалық мәселерді шешуге саналы түрде қолдана білу ақыл-ой белсенділігін дамытуы қажет.

Математиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арттыруға негізделінген. Оқу-танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлауы да дамытылады.

Танымдық қабілет пен шығармашылық ойлау процестері қысқа мерзімде қалыптаспайтындығы белгілі. Оқушылардың танымдық қажеттілігін қанағаттандыруға шығармашылық жұмыстар мен тапсырмалар игі әсерін тигізетіндіктен бұл мәселе оқытудың алғашқы күнінен-ақ педагогикалық ұжымның назарында болуы тиіс. Шығармашылық таным қабілетінің артуы үшін мұғалім мен оқушының шығармашылық ізденулері өз-ара ұштасуы қажет.

Пәнді оқып-үйрену үрдісінде оқушы алдарыңда оқытудың тәрбиелеу және жетілдіру мақсаттары қойылса, онда ол оқу-танымдық деп аталады. Мұндай жағдайда оқушылар қажетті білімі игеріп қана қоймай, сонымен бірге өзінің танымдық қызметін, ғылыми ойлау санасын, шығармашылық қабілетін жетілдіреді.

Математиканы оқып үйрену кезіндегі оқушының оқу-танымдық белсенділігі мына төмендегідей нақты белгілерге ие болуы тиіс:

1)шығармашылық бағыт(математикалық ғылым аумағындағы танымдық қызметінің мінез-құлық қасиеттілігі);

2)абстрактілі ойлау мен практиканы байланыстыратын ғылыми танымның жалпы заңдылық көрінісі;

3)оқушылардың оқып-үйренуде жас және психологиялық ерекшеліктерінің сәйкестігі.

Танымдымдық қиындықтарды өз бетінше жену кейбір оқушыларға оңай соқпайтыны белгілі. Өйткені мұғалім ондай қиындықтарды жеңуге үлгірімі жақсы оқушыларды кеңірек тарта отырып ұжымдық талқылау жолы арқылы бүкіл сыныпқа көмектесуге әрекет жасайды.Оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне мұндай бірлескен іс-әрекет тиімді әрі қонымды.

Егер оқу-танымдық жұмысы құрылымы математиканы оқытудың индуктивтік және дедуктивтік әдістерін пайдалану тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда оны үш кезеңге бөлуге болады.

1.Оқушы тапсырманы орындаған соң қандай да бір жаңа ереженің енгізілу қажеттілігін айқындай алады.

2.Жаңадан табылған теориялық негіздің, ереженің, формуланың, теореманыңшынайлығы мен бағалылығын нақтылайды.

3.Алынған білім белгілі математикалық есептерін шешуде, практикалық жұмыстар орындауда қолданады, ол оқушыларға математика тәсілін терең тануға көмектеседі және қоғам мен табиғат заңдылығын танып-білуде оның ролін атқарады.

Осы кезеңдерді рет-ретімен жүзеге асыру оқу үрдісінде тұрақты танымдық бағытқа бастайды. Бұл өз кезегінде оқушылардың іс-әрекетінде әрқашан дайын тұруын қалыптастырады.

Оқушылардың танымдық жұмыстарын жандандыру ісінде педагогиканың рөлі үлкен және мұндай көптеген психологиялық-педагогикалық талаптар бар:



  • оқушыларда оқуға деген жауапкершілігін, өзара көмек пен жолдастық талап-қатынастарын қалыптастыру;

  • пәнге қызығушылығын өз еркімен тәрбиелеу;

  • ұжымдық жұмыс дағдысымен оқу үрдісінде мұғалім мен оқушылар арасындағы қатынас білігін қалыптастырады;

  • қиындықтарды жеңе білуге дағдыландыруға, математиканы оқып-үйренуге тиянықты қызығуына тәрбиелеу.

Мектеп міндетіне оқушыларды оқытып қана қою жатпайды, өндіріске баулуы, сондай-ақ кейбір алған білімдерін практикада қолдана білуге тиіс. Өйткені оқушыларда өмірде есеп-қисап пен смета жасауға тура келеді.Өз бетінше есеп-қисап, смета жасау үшін деректер жинақтау қажет сондықтан математика сабағы өту барысында өмірмен байланыстыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыруға болады.

Математиканы оқыту үрдісінде оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін көтеру оқу уақытын көп жұмсауды қажет етеді. Осыған байланысты математика сабағында құрал-жабдықтардың оқуда интенсивтілігін көтеру үлкен мәнге ие, яғни математикалық есептерді пайдаланудың көмегімен дайын сызбалармен мен жазулардың, қолдан жасалған дидактикалық материалдардың тиімділігі зор.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет